Жалпы педагогикалық технологияларды оқу- тәрбие үрдесінде ендіру арқылы оқушыларға ұлттық тәрбие беру

 
 
 
 

 

Тақырыбы: «Жалпы педагогикалық технологияларды оқу- тәрбие үрдесінде ендіру арқылы оқушыларға ұлттық тәрбие беру» 
 
 

Орындаған:

Қабылдаған: 
 
 

ЖОСПАР 

Кіріспе

  1. Жалпы педагогикалық технологиялар
  2. Білім беру үрдесін жетілдірудің қазіргі таңдағы бағыттары
  3. Педагогикалық технологиялар классификациясы
 
  1. Педагогикалық технологиялар және ұлттық тәрбие
  2. Ұлттық  тәрбие беру мазмұны
  3. Педагогикалық технологиялар арқылы ұлттық тәрбие беру

Қорытынды

Пайдаланан  әдебиеттер 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Кіріспе

      Әлемдік білім беру кеңістігіне ену мақсатында Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде реформалар жүріп жатыр. Осы реформаларға сәйкес жоғары мектептің оқу үрдісіне педагогикалық технологияларды енгізу белсенді түрде қолға алынып отыр. Ол бүгінгі заман талаптарынан туындап, болашақ мамандардың даярлығын жетілдіруді көздейді.

      «Технология»  латынның «техне»- өнер, шеберлік, қолөнер  және «логос»- ғылым деген сөзінен  шыққан. 1960-1970 жылдардан бастап педагогика ғылымында педагогикалық технология деп аталатын жаңа ұғым пайда болды. Оның мағынасын ғалымдар түрліше анықтайды:

  • педагогикалық технология- мақсаттар қою, оқу жоспары мен оқу бағдарламасын үнемі жақсартып отырудың, педагогикалық жүйелерді бүтіндей бағалаудың және ол жүйелердін тиімділігі жөніндегі жаңа ақпарат туындауына байланысты жаңа мақсаттар қоюдың тұтас үрдісі.
  • Педагогикалық технология- тәжірибеде жүзеге асырылатын белгілі бір педагогикалық  жүйенің жобасы, ал педагогикалық жағдайларға сай қолданылатын әдіс- тәсілдер оның құрамды бөлігі ғана.
  • Педагогикалық  технология- оқу үрдісіне белгілі бір мақсатты көздей әсер ететін педагогикалық ықпал.

     Педагогикалық технологиялар мен тәрбие мазмұны  терең ғылыми негізде бола отырып, көп қырлы дәстүрлер мен халықтың ұлттық психологиясын бейнелеуі  қажет. Өйткені кез- келген халықтың мұрат тұтар тұлғалары болады. Олардың бойында ұлтқа тән өзіндік санасы, кемеңгер ой- пікірі, елдің тарихи даму барысында қалыптасқан жақсылық пен жамандыққа қатысты көзқарасы, т.б. сомдалады.

     Ұлттық  тәрбие қалыптастыруды жүзеге асырудың шарттары төмендегідей деп білеміз:

  • оқыту және тәрбие мазмұнына енген оқу материалдары мег іс- әрекеттерінің тәрбиелік, ұлттық дүниетанымдық элементтері;
  • ұлттық тәрбиені қамтамасыз ету ұстанымдары;
  • ұлттық тәрбиені тәжірибеде қолдануды қамтамасыз ететін оқытудың әдістері.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    1.Жалпы  педагогикалық технологиялар

    1.1.Білім  беру үрдесін жетілдірудің  қазіргі таңдағы  бағыттары

      Қазіргі заман талабына сәйкес білім беру жүйесін жаңарту мен жетілдірудің аса маңызды кезеңінде білім  беру стандартында біздің алдымызға қойылатын мақсаттар мен міндеттер аймағы нені қамтиды?

  • оқыту нәтижесіне сәйкес білім мазмұнын жете сипаттауға мүмкіндік тууы- мемлекеттің жалпыға міндетті білім беру стандартын жасаудағы теориялық ой- тұжырымдардың бірінші нәтижесі.
  • Білім берудің мазмұны мен құрылымына және оқушылардың дайындық деңгейлеріне қойылатын иынтығы анықтайтын негізгі тірек ұғымдарының нақтыдануы және олардың анықтамаларының берілуі- екінші нәтиже.

     Педагогикалық технология- бала мен мұғалімнің үнемі  түрленіп отыратын өзара қарым- қатынасының өзегі, мазмұнды ұйымдастырушы құрылым.

     Педагогикалық технология- бұл педагогикалық мақсатқа қол жеткізу жолындағы қисынды  ілім амалдары мен әдістердің жүйелі жиынтығы, жұмыс реті.

     Алынып  отырған технологияның мектептің  мүмкіндігі мен наты жағдайға сай болуы басты шарты.

     Педагогикалық технология ынтымақтастық педагогика негізінде қарастырылуы қажет.

     Қазіргі кезде жеке тұлғаны қалыптастырып, дамыту, жан- жақты терең білім  беру технологияары сараланып ұсынылуда. 
 
 

Саралап, даралап

оқыту

ізгілендіру
Нәтижеге бағытталған бастауыш мектеп
Дамыта  оқыту тірек белгілері  арқылы оқыту мәселелік оқыту
 

     Мақсаты: баланың танымдық күшін қалыптастыру, дамыту, бала жанына, жүрегіне жылылық  ұялату.

     Мәселелік технология.

     Мақсаты: баланы өз бетімен ізденуге үйрету, танымдық, шығармашылық икемділіктерін дамыту.

     Мұнда оқу материалында баланы қызықтыратындай  құпиясы бар мәселе туғызу.

     Балаға  білімге деген қажеттілікті ұғына  отырып, мақсатты білім беру.

     Мақсаты: барлық баланы қамту, оқытуды жеделдету.

     Модульдік технология- дамыта оқыту идеясына негізделген.

     Менің негізгі мәселем- оқушылардың ойлау  қабілетін дамытып, өздігінен жұмыс  істеуге баулу. Ой тұжырымдауға дағдыландыру. 
 
 
 
 
 

    1.2.Педагогикалық  технологиялар классификациясы

     Қазіргі білім беру жоғары технологиялық деңгейге көтерілуде. Жаңа технологияларды іздестіру үрдісі бұрынғы дәстүрлі технологияны ығыстырумен, педагогикалық үрдісті тұтас үрдіс, яғни оны жалпыадамзаттық құндылықтар, ізгілендіру теорияларына сүйенген жүйе ретінде қарастырумен, субъект- субъекті қарым- қатынастың басымдық танытуымен байланысты туындауда.

     Осыған  орай соңғы онжылдықта алуан түрлі  педагогикалық жүйелер ұсынылып, нәтижесінде түрлі инновациялық типтегі мектептер пайда болуда. Олардың ерекшелігі онда оку-тәрбие үрдісін үйымдастыруга өзіндік амалдар мен тәсілдер, окыту мен тәрбиенің соңғы технологиялары дүниеге келіп, тәжірибеде сыналуда.

  Педагогика  және психология ғылымында «педагогикалық технология», «білім беру технологиясы», «оқыту технологиясы», «тәрбие технологиясы», «түлғаны дамыту технологиясы» және т.б. ұғымдар кеңінен колданылуда.

     «Технология»  ұғымын түсіндірудегі көзкарастар да түрліше. «Технология» сөзі грек тілінен аударғанда «өнер, шеберлік+ілім» дегенді білдіреді. Демек, ол дайындау, өндеу, күйін өзгерту әдістерінің жиынтығын білдіреді екен. Бүл термин әдетте өндірістік үрдісті сипаттауда кеңінен қодданылып келген. Ал педагогика ғылымы тұрғысынан қарастырғанда шеберлікпен ілім қосындысын білдірмек.

     Т.К.Смықовская, Т.Б.Руденколардың пікірінше: «Әдістеме  тек бір ғана - оқыту үрдісіне көңіл бөлсе, технология бір мезетте оку және оқыту үрдісімен катар жүмыс істейді. Және технология алға қойылған мақсаттың накты соңғы нәтижесіне кепілдік береді». Ежелгі философтардын өзі педагогикалық шеберлікті тарату туралы айтқан, ал бұл осы күнгі технологияға жақьн. Сондай-ақ, К.Д.Ушинский, А.С.Макаренко да технологиялық рәсімдерді анық көрсете білген.

  Педагогикалық технология дегенге В.П.Беспалько: «Практикада  іске асатын нақты педагогикалық жүйе, жоба», - деп анықтама береді. Мұнда ғалым педагогикалық жүйені тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін арнайы ұйымдастырылған мақсатты, бір-бірімен өзара байланысты әдіс-тәсілдер жиынтығы ретінде қарастырады.

  Ал  белгілі педагог-ғалым В.М.Монахов  болса, «Педагогикалық технологиялар дегеніміз - оқыту үрдісін жобалау, ұйымдастыру мен жүргізудіц ойластырылған моделі» деп түсіндіреді.

  Белгілі ғалым Г.Селевконың осындай педагогикалық  технологияларды топтастырып оларды төмендегідей классификацияға жіктеуі біздердің педагогикалық технология туралы түсінігіміздің айқындала және кеңейе түсуіне көмектеседі деп ойлаймыз.

  Енді  көптеген мектептерде оку үрдісіне енгізіліп, көп таралып жүрген Л.В.Занковтың  дамыта оқыту технологиясын ғалым Г.К.Селевко ұсынған классификация бойынша жіктейік.

  Л.В.Занковтын  дамыта оқыту технологиясынын классификациялық сипаттамасы

    1. Қолдану деңгейіне карай: жалпы педагогикалық.

  1. Философиялық негізіне қарай: гумандық+сциентистік.
  2. Психикалық дамудын жетекші факторына қарай: әлеуметтектік+психотектік.
  3. Игерудің ғылыми тұжырымдамасына карай: ассоциативті-рефлекторлық+дамытушылық-
  4. Мазмұндық сипатына қарай: білімдік, тәрбиелік+ гуманистік.
  5. Басқару типіне карай: шағын топтар жүйесі.
  6. Ұйымдастыру формасына қарай: сыныптық-сабақтық + академиялық + клубтық +топтық +жеке.
  7. Балаға қатынас амалына карай: тұлғалық-бағдарлық.
  8. Басымдық танытатын әдісіне карай: дамытушы.
  9. Оқушылар категориясына карай: жалпы.
  10. Жетілдіру бағытына қарай: балама.

  Дамыта  оқыту дегеніміз - бұл оқу үрдісінде оқушының ықтимал мүмкіндігінін толық іске асуына бағдарланған оқыту.

  Дамыта  окыту теориясы сонау Г.Песталоций, А.Дистервек, К.Ушинскийден басталады. Бүл теорияны алғаш ғылыми негіздеген Л.С.Выготский деп саналады. Кейінірек бүл теория Л.В.Занков, Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов, Н.А.Менчинскийдің тәнарибелік-эксперимент-терінде әрі қарай өзІңдік жалғасын тапты. Л.В.Занқов технологиясы тұлғаның жан-жакты, жалпы дамуына бағытталған. Ресей білім министрлігі 1986 жылы бұл технологияларды (Л.В.Занков, Д.Б.Әльконин-В.В.Давыдов) ресми түрде озық деп жариялады да, қалган дамыта оқыту технологиялары авторлық және балама мәртебеге ие болды.

  Л.С.Выготский  идеясы іс-әрекеттің психологиялық  теориясына (психолог А.Н.Леонтьев, П.Я.Гальперин) негізделген және 30 жылдары кеңтарады. 

  Педагогикалық технологиялар классификация

  Педагогикалық технологиялар  
1.Қолдану  деңгейіне қарай    
Жалпы педагогикалық Жеке пәндік, салалық Локалдық, модулдік, тар
 
 
 
 
 
 
1.Философиялық  негізіне қарай          
Материализм диалектика Сцентизм гуманизм антропософия прагматизм
идеализм метафизика Табиғилық антигуманизм теософия экзистенциализм
 
 
3.Психикалық  дамудың жетекші факторына қарай
биотектік әлеуметтік психотектік идеалистік
 
 
Игерудің  ғылыми тұжырымдамасына қарай
ассоциациялы- рефлекторлық дамытушы Интериори-заторлық бихевиори-стік Гештальтех-нология суге-стивтік нейролинг-вистік
 
 
Тұлғалық  құрылымға бағдарлануына қарай
Ақпараттық-ББД Операциялық-АӘА- қалыптасуы Өзін өзі  дамыту- ТҮТ – қалыптасуы ЭАС-қалыптасуы ПӘС-қалыптасуы Эвристикалық
 
 
Мазмұндық және құрылымдық сипатына қарай
Материализм Идеализм Білімдік Тәрбиелік Азаматтық Діни Жалпы білімдік Кәсіптік Гуманистік  Технократиялық Технология  ететін монотехнологиялар мен политехнологиялар
 
 
Ұйымдастыру формасына қарай
Балама  кластық- сабақтық Клубтық академиялық Топтық жеке даралық Ұжымдық оқыту  амалы Саралап оқыту
 
 
Ақыл- ой қызметін басқару типіне қарай
Классикалық, дәрістік ОТІ көмегімен  оқыту «Кеңесші жүйесі» Кітап бойынша  оқыту Шағын топтар Компью-ерлік «репетитор  жүйесі» Бағдар-амалық оқыту
Қазіргі дәстүрлі оқыту саралау
Дәстүрлі  классикалық Бағдарамалап оқыту
 

  Оқушылар  катеогориясына қарай

Дәстүрлі  «жалпы білім беру) технология орта оқушыға бағытталған Тереңдетілген білім беру (лицей, гимназия,не арнайы мектептердегі) Педагогикалық түзеу (коррекция, теңестіруші) Виктимологиялық (сурдо, тифло, -педагогика) қиын балалармен жұмыс істеу Дарынды балалармен жұмыс істеу
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    2.Педагогикалық  технологиялар және  ұлттық тәрбие

    2.1.Ұлттық тәрбие беру мазмұны

     Еліміздің егемендік алуына байланысты жалпы білім беретін орта мектептерде "Әдеп" циклындағы пәндер, арнаулы орта және жоғары оку орындарында "Этнопедагогика" оку курсы өтіліп келеді. Оған сай оку бағдарламалары, оқулықтар, апталық "Қазақ халкының салт-дәстүрлері" (С.Қалиев, т.б.), "Инабат" (Ж.Нұскабаев, т.б.), "Жантану және әдеп" (Қ.Жарықбаев, Ә.Табылдиев), "Этнопедагогика" (З.Әбілова), "Қазақ тәлім-тарбиесі" (Қ.Жарықбаев, С.Қалиев) жазылған. Бұлардың барлығы оку орындар жүйесінде пайдаланылып, жастарға ұлттық тәлім-тәрбие негіздерін үйретуде елеулі орын алып отыр. Әйтсе де аталған әдебиеттер этнопедагогикалық білім, тәрбие беру ісінде ұғымдар мен түсініктерді жүйелі дамыту жағын шеше бермейді. Бұлай дейтініміз кез келген оку пәні, болмаса оку курсы белгілі бір ғылыми білім жүйесін (ұғымдар мен түсініктерді) окыту арқылы біртіндеп дамытып, шәкірттерді сөйлеуге, карым- катынасқа, іс-әрекетке, құндылықтарды тануға, өз бетімен шешім қабылдауға, жаңа өзгерістер жасауға және кәсібін таңдап, оны үйренуге, қысқасы тұлғаның қалыптасуына ықпал етеді. Мысалы, орта мектепте "Химия" пәні оқушыға химия жайлы ұғым беруге, химиялық атауларды үйретуге, химиялық реакцияларды жүргізіп, оны өмірде пайдалануға бейімдейді. Осы сиякты "Этнопедагогика" да шәкірттердін ойында жуйелі ұғымдар мен түсініктерді дамытуы керек.

  Ұлттық  педагогика - жаңа қалыптасу кезеңіндегі педагогика ғылымдарының арнайы саласы болғандықтан, онын ұғымдары қалыптасу үстінде. Бұдан этнопедагогика жаңа пайда болған ғылым саласы деген ой тумайды.Ол ұлтымыздың тыныс-тіршілігімен бірге дамып келе жатканмен, әр түрлі қоғамдық күштердің әсерінен кешеуілдеп, тек XX ғасырдын 60-70-жылдарында ғана өз атына ие болып даму үстінде.

  Этнопедагогикалық әдебиеттерге қараганда онда білім мазмүны ретінде әдет-ғүрып пен салт-дәстүрді, акын-жыраулар мен би-шешендердің ой-пікірлерін, ауызекі және жазба әдебиет материалдарын қамтып, одан ұғым мен түсінік беру жағы ойластырылған. Бұл дұрыс, дегенмен этнопедагогикалық білімдер жүйесінің аясы тар көрсетілген сиякты. Ол біздің өміріміздің барлық жақтарын қамтиды. Сондықтан этнопедагогикалық білімдер жүйесінің ауқымы әлдеқайда кең әрі терең.

  Оқу орындарында берілетін білім мазмұны табиғат, онда болатын өзгерістер, карым-катынас, қоршаган орта, адам баласы жасаған құндылықтар т.б. болатыны білім мазмұнын тандау ісімен шұғылданатын дидактик ғалымдардың (М.Н.Скаткин, И.Я.Лернер, В.В.Краевский т.б.) еңбектерінде көрсетілген. Сондай-ақ педагогика оқулығында жастарға берілетін білім мазмұнын таңдау қағидалары да белгіленген (Ю.К.Бабанский).

  Осы негізге сүйене отырып, біз әлеуметтік өмірімізде екшеле келіп тәлім-тәрбие ісінде кәдемізге жарап келген мыналарды:

  • отбасының бала тәрбиесі жөніндегі тәжірибелер,
  • әдет-ғүрып, салт-дәстүр,
  • ауызекі және жазба әдебиет туындылары,
  • мәдениет, өнер және этнология материалдары,
  • ғүламалардың, би- шешендердің ой-пікірлері мен қас батырлардың 
    ерлікөнегесі,
  • төл тарих,
  • тұрмыс, шаруашылық тәжірибелері,
  • ұлтымыздың балалар мен жастарға білім беру тәжірибесі,

  - білім   беру   жөнінде   мемлекет   қабылдаған   құжаттар этнопедагогикалық білім мазмұнын қамтиды деп санадық. Мысалы, 
"Ғүламалардың, би-шешендердің ой-пікірі мен кас батырлардың ерлік өнегесі" деп аталатын этнопедагогикалық білімдер топтамасында "ғұлама", "би", "шешен", "шешендік", "ғылым", "білім", "нақыл сөз", "тағылым", "тұлға", "батыр", "ерлік", "ұлы түлға", "ел корғау", "отан" сияқты ұғымдардың мән-мағынасын ашып, оған окушыны тәрбиелеуге болады.

  Этнопедагогикалық білімдер - тарихи даму кезінде ұлтымыздың әлеуметтік өмірінде екшеле келіп жүйеге түскен және тәлім-тәрбие ісіне арқау болатын ұғымдар мен түсініктер.

  Корыта  айтқанда, этнопедагогикалық білімдер жастардың бойында ұлттық тұрпат (менталитет) белгілерін дамытуда жетекші орын алатын оқу мазмүнын қүрайды. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    2.2.Педагогикалық  технологиялар арқылы 

    ұлттық  тәрбие беру

     Қазірғі кездегі тәрбиенің басты қашдасы оқушыларды адамтершілікке, имандылыққа тәрбиелеу. Тәрбиеде жеке тұлғалық бағыт ұстау, жастардың бостандығы мен әлеуметтік хұқын мойндау.   
           Осыган орай болашақ мұғалімнің өзіне ғана емес, оның тәрбиеші ретіндегі дайындығына да талап күшейіп отыр.

   Республикада  бұрынғы адамгершілік сапаларына қарым-қатынас өзгеріп отырған кезенде мұғалімдердің оқушылармен жұмысын кәсіптік жағынан дайындығын күшейту күрделене түседі. Болашақ мұғалімді кәсіптік жағынан дайындауда өзінің әртүрлі ісінде халықтық тәжірибелерді пайдалану қажеттігі осыдан туындайды.-

   Студенттерді  мектептегі сыныптан тыс тәрбие ісіне дайындауды жоғары оқу орындарындағы бүкіл оқу-тәрбие жұмыстарының жүйесі қамтамасыз етуі керек.

   Педагогика  курсы бойынша "Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу" тақырыбының мазмұнын ашу процесінде оқытушы педагогикалық ықпал ретінде мұғалімнің кәсіптік әдептілігінің мәнін ашады, өйткені ол бала санасына әсер ете отырып, оның адамгершілік сапаларыні қалыптастырады.

   Бұл жөнінде ұлы педагог А.С.Макарснко тәрбиешінің жеке басына мынадай талаптар қойды:

  1. тәрбиеші   болатын   адам   өзінің   жүріс-тұрысын,   мінезін 
    жөнге салып, ұйымдастыра білу қажет;
  2. арнаулы білім дағдыны меңгеруі;
  3. жұмысты ұйымдастыра білетін, тиісті жерінде ашулана да 
    алатын болуы;
  4. баламен сөйлесе білуі;
  5. көзқарасымен, ыммен де оз ойын түсіндіру;
  6. тәрбиешінің     әрбір     қимылы,     жүріс-тұрысының     өзі 
    балаларға өнеге, төлім-тәрбие берерліктей болуға тиіс.

   Адамгершілік  төрбие берудің мазмұнын, әдістерін, жолдарын ашуда оқытушы халықтық педагогикадағы балаларға талап қою жүйесіне айрықша назар аударады. Осы тақырып бойынша қазақ халқының мақал-мәтелдерін, жыр-өлеңдерін пайдалануға болады: "Қамшыга бүлдіргі керек, балаға өнеге керек", "Қыз мінезді келсін, ұл өнерлі келсін", "Бөрі аулайтын жігіт бөрігінен белгілі, жау алатын жігіт - серігінен белгілі". Майлықожаның термесінен үзінді келтіруге болады:

Жақсы сөйлер шешіліп,

Бастағы мінін жасырмай.

  Кішіпейіл әдепті,

Басынан сөзді асырмай.

Адырайған есуас,

Дүмбірлеп сөйлер тасырлай. Болымсыздың қылығы,

Адамға  жоқ жүғымы,

Қашатүғын қашардай.

     Халық ақындарының жырлары арқылы жас  үрпақты адамгершілік қарым-қатынаеты, жақсы мінезбен жамап мінезді салыстырып, әдептілікке, кішіпейілдікке шақырған.

   Халық педагогикасында жастардың жақсы, жаман болмағы өскен  ортасына, жора-жолдасына, отбасына байланысты деп санаған. Бұл пікір    халық    педагогикасының   қайнар    бұлағының   бірі    мақал-мәтелдерден   тиісті   орын   алған:   "Жақсыдан   шарапат,   жаманнан кесапат",  "Жақсымен жолдас болсаң жетерсің мүратқа, жаманмен жолдас болсаң қаларсың ұятқа".

  Жоғарыда  келтірілген мақал-мәтелдер болашақ мүғалімдердін көз алдында   халық   төрбиешілерінің   өнегелі   түлғасын   елестетіп   қана қоймай, өздерінің бала төрбиесіндегі үлкен жауапкершілігін сезініп, -оларды келешекте мекгеп жұмысында пайдалануға ынталандыратыны сөзсіз.    
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

  Қорытынды

     Тәрбие  — халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, дүниетанымын, өмірге деген козқарасын және соған сай мінез-кұлкын қалыптастыру.

     Ұрпақ тәрбиесінің тілден басталатындығы, ұлттық сана-сезім мен дүниетанымдық көзқарасты қамтамасыз ететін тіл екендігі халық тәжірибесінде, ғылымда дәлелденіп келеді.

  Бүгінгі танда коғамның басты мақсаттарының  бірі және бірегейі жас ұрпақты рухани мүгедек болып қалмауы үшін қазақ тілін біліп, олардың қажеттілігіне айналдыру, сөз қадірі мен киесін бойына дарытып, еркін қолдануына мүмкіндік туғызу. Мүндай қасиеттер өздігінен қалыптаспайтыны мәлім. Ол үшін жастарды тәрбиелеу керек, өнегелік шараларды ұйымдастыру қажет.

  Қазіргі кезде тәрбие жұмыстарының бағыттары толығымен өзгерді. Қазактың халықтық педагогикасының ерекшеліктері, мүмкіндіктері жан-жақты зерттеліп, көптеген ғылыми еңбектер, монографиялар, оқу-әдістемелік кұралдары жарық көріп, сандаған мақалалар жариялануда. Бұл тұрғыда заман ағымымен бірлесе этнопедагогика проблемаларына ден койған бір топ казақстандық этнопедагог ғалымдардың еңбектерін жүртшылық қызығушылықпен пайдалануда. Атап айтқаңда, Қ.Жарықбаев, С.Қалиев, Ә.Табылды, С.Үзақбаева, К.Қожахметова, М.Сымайлова, Қ.Бөлеев және т.б. еңбектері. Осы сияқты  халықтық педагогиканың қыр-сырын ұғындыратын еңбектер қазіргі үлкен бетбүрыстар кезеңінде ауадай қажет деп айтуға болады.

  Ұлттық дәстүр мен салт-сананың адам психологиясынан елеулі орын алатын біркелкі тұрақты құбылыс екендігін әр кездері ғүмыр кешкен ғүламалар ерекше атап көрсеткен. Халықтық психология - адамдардың қоғамдық және жеке тәжірибесінен, өмірдегі пайымдауларынан туындайтын мінез-құлқының мәнді жактарынан мағлұмат беретін, сол арқылы тәрбиелейтін ілім-білімдер жүйесі. Халықтық психологияның теориялық мәселелерін зерттеумен арнайы этнопсихология ғылымы шұғылданады. Ал этнопсихология — әрбір халықтың рухани әрекеті (миф, фольклор, тіл, дәстүр, салт, әдет-ғүрып, дін, т.б.) жемісін, сол халықтың психологиясын, сана-сезімін қөрсететін негізгі өлшемдердің бірі.

Жалпы педагогикалық технологияларды оқу- тәрбие үрдесінде ендіру арқылы оқушыларға ұлттық тәрбие беру