Жалпы психологияға кіріспе» пәні

«Жалпы психологияға кіріспе» пәні

 

  1. Жалпы психологияның пәні мен әдістері

Жалпы психологияның  пәні. Тұрмыстық және ғылыми психологияның  негізгі ерекшеліктерін салыстырмалы талдау. Психологиялық білімнің ерекшеліктері. Психологиядағы әдістер. Психикалық құбылыстарды зерттеудің обьективті әдістері. Бақылау, өзін өзі бақылау. Табиғи және лабораториялық эксперимент. Қалыптастырушы эксперимент. Психодиагностикалық тестер. Әңгімелесу, адам іс-әрекетінің нәтилерін талдау. Сананы зерттеудегі психосемантикалық әдістер. Тұлғаны зерттеудегі психобиографиялық әдістер. Салыстырмалы-генетикалықәдіс. Психикалық процестерді қалыптастыру және модельдеу зерттеу әдісі ретінде. Салыстырмалы-патологиялық әдіс.

  1. Түйсік туралы түсінік және оның жіктелуі

Түйсік – қоршаған орта шындығын тану және бейнелеудегі негізгі процесс. Түйсіктің негізгі қасиеттері: модальдылық, интенсивтілік, кеңістіктіуақыттық құрылым. Түйсіктің негізгі түрлері: көру, есту, тактильді, кинестетикалық, температуралық, дәм сезу,  вибрациялық, интероцептивті түйсіктер.

  1. Қабылдау туралы түсінік

Қабылдау – сезімдік бейнелеудің орталық процесі. Қабылдауды зерттеудің екі негізгі бағыттарына жалпы сипаттама: обьективті және субъективті бағдарланған бағыт. Қабылдау психологиясына гештальтпсихологияның, когнитивті психологияның, Б.Г. Ананьев және А.Н. Леонтьевтің мектептерінің қосқан үлестері. Адамның қоршаған ортамен өзара әрекеттесу кезіндегі кеңістікті және уақытты қабылдау. Эмоциялық жағдайда уақытты және кеңстікті қабылдауағы иллюзия. Фи-феномені. Автокинетикалық әсер ету. Қабылдаудың жеке дамуы, жастық динамика.

  1. Қабылдаудың негізгі қасиеттері (заттылығы, мағыналылығы, тұрақтылығы, тұтастылығы мен таңдамалылығы)

Қабылдаудың қасиеттері: қабылдаудың тұрақтылығы, заттылығы, таңдамалылығы және мағыналылығы. Апперцепция.

  1. Кеңес психологиясындағы ойлау теориялары (Л.М. Веккер, П.Я. Гальперин, О.К. Тихомиров)

Л.М. Веккердің  ойлаудың ақпараттық теориясы. Ойлаудың эмпирикалық сипаттамасы.  П.Я. Гальпериннің ақыл-ой әрекетінің сатылап қалыптасу  теориясы. Әрекеттің бағдарлық негізі түсінігі. С.Л. Рубинштейннің субъективтік бағыты ойлауды зерттеудің әдіснамалық  негізі ретінде. О.К.Тихомиров мектебінде ойлаудың зерттелуі және  и  олардың  қазіргі Қазақстан психологиясында  дамуы (С.М. Джакупов).

  1. Мотивациялық процестердің жалпы заңдылықтары (мақсат градиенті, Йоркс-Додсон заңы, когнитивтік диссонанс)

Мақсат  градиенті – мақсатқа жақындау кезіндегі  әрекет белсенділігі мотивінің ұлғаюы. Әрекет нәтижесі мен мотив күші арасындағы қисық сызықты тәуелділік туралы Йеркса-Додсон заңы. Когнитивтік диссонанс  – мінез-құлық  пен мотив арасындағы, жаңа ақпарат пен білім жүйесі арасындағы ажырау салдарының мотивациялық жағдайы.

  1. Сенсорлы процестердің заңдылықтары (табалдырықтар, сенсибилизация, бейімделу, синестезия)

Түйсік  табалдырықтары туралы түсінік. Сезімталдық  түсінігі және оның динамикасы. Субсенсорлы  көрініс. Азаторлардың адаптациясы  және сенсибилизациясы. Анализатордың  сезімталдылығының жоғарлауындағы іс-әрекеттің рөлі. Түйсік ассоциациясы. Синестезия.

  1. Эмоциялық күйлер (стресс, аффект, фрустрация, көніл-күй)

Эмоциялық күй түсінігі. Аффект, оның биологиялық  күйі. Аффектінің ерекше белгілері. Г. Сельенің стресс теориясы. Фрустрация түсінігі, фрустрация қызметі. Көңіл-күй  түсінігі, көңіл-күй сипаттамасы.

  1. Шетел психологиясындағы ойлау теориялары (Вюрцбург мектебі, гештальт-психология, когнитивтік психология, Ж. Пиаже)

Вюрцбург  мектебі және О.Зельц концепциясы. Ойлау туралы  гештальтпсихология. Инсайт түсінігі. Ойлау туралы қазіргі когнитивтік психология. Ж.Пиаже концепциясы.

  1. Ойлау және қиял

Ойлау түсінігі. Қиял түсінігі. Ойлау және қиялды салыстырудағы  ұқсастықтар мен айырмашылықтар.

  1. Тұлғаның өзіндік санасының құрылымы (өзіндік бағалау, “Мен” бейнесі, “Мен”-концепциясы, талаптану деңгейі)

Тұлға құрылымындағы  сана және өзіндік сана. В. Джемстің Мен құрылымындағы үш компонент  туралы ойлары. Тұлға құрылымындағы  құндылықтар, дүниетаным, сендіру және идеал. Мен бейнесі және Мен Образ  және Мен-концепциясы. Өзіндік бағалау  және талаптану деңгейі.

  1. Тұлғаның мотивациялық сферасының иерархиялық құрылымы

Маслоу  және А.Н. Леонтьев мотивтер иерархиясы.

  1. Естің негізгі феномендері мен заңдылықтары

Эббингауз заңы. Зейгарник эффектісі. Еске аффективті реакциялардың әсері. Субъектінің  материалды ұйымдастыру мәні.

  1. Эмоциялардың психологиялық теориялары (Джемс-Ланге, Вундт, Дарвин, Кеннон-Бард, П.В. Симонов, В.К. Вилюнас)

Джемс-Лангенің эмоцияның денелік детерминациясы туралы ойы. Қоздыру-тыныштандыру, қысым-разряд және қанағаттану-қанағаттанбау Вундт бойынша эмоцияның негізгі түрлері ретінде. Кеннону-Бард бойынша ми құрылымы мен эмоцияның байланысы. П.В. Симонов – эмоция қажеттілікті қанағаттандыру мүмкіншілігін бейнелеу ретінде. В.К. Вилюнастың психологияда іс-әрекет бағытының негізінде эмоцияны жалпылауы.  

  1. Психологиядағы іс-әрекет және оның құрылымы туралы жалпы түсінігі

Іс-әрекет туралы жалпы түсінік. Іс-әрекет құрудағы психологиялық ерекшеліктерді зерттеу. Іс-әрекеттің пәнділігі. Іс-әрекеттің  мотиві және мақсаты.

 

«Психодиагностика» пәні

 

  1. Психодиагностика ғылым саласы және тәжірибе түрі ретінде

Психодиагностика  психологиялық  ғылымның бір  саласы ретінде ерекшеліктері. Жалпы психодиагностиканың  пәні. Психодиагностика құрылымы. Психодиагностика психолог атқаратын  тәжірибелік  әрекеттің  дәстүрлі формасы ретінде. Психолог атқаратын тәжірибелік  әрекетттер жүйесінде психодиагнотиканың ролі мен орны. Психодиагнотикалық процесс, оның кезеңдері. Психодиагност  әрекетінде пайда болатын қиындықтар.

  1. Психодиагностиканың негізгі бағыттары оның басқа ғылымдармен байланысы

Психодиагнотиканы қолданудың салалары: психологиялық кеңес беру, психотерапия, экспертиза, профотбор, патопсихологиядағы психодиагностика. Әр сферада психодиагностиканың  ерекшеліктері: міндеттері, қолданылатын әдістемелері, процесс, нәтижелерді  интерпретациялау. Психодиагностиканың  жалпы психологиямен, дифференциалды психологиямен, психометрикамен, тәжірибелік  психологимен байланысы.

  1. Психодиагнотиканың қалыптасу тарихы

Психодиагностиканың және эксперименталды  психологияның қалыптасуы. Психодиагностиканың ғылым ретінде пайда болу қайнар көздері (Гальтон, Кеттелл, Бине, Спирмен).

Психодиагностика  ХХғасырда.Психодиагностика Ресейде және КСРО.

  1. Психодиагностикалық әдістердің негізгі топтары

Ананьеву Б.Г бойынша психология әдістерінің классификацисы. Психодиагностикада қолданылатын әдістер сипаттамасы: бақылау, сұрақтамалар, тестттер, проективті әдістер, психосемантикалық әдістер, психобиографиялық әдістер.

  1. Психодиагностикада өлшеу мәселесі

Негізгі психометрикалық шкалалар (әр шкалаға мысал келтіру). Мәліметтердің  негізгі түрлері. Өлшеу түрлері: критериалды, нормативті, ипсативті. Өлшеу  деңгейлері: номинативті, реттік, интервалды, қатынастар. Тест шкалаларының статистикалық  табиғаты. Психометрикадағы өлшеу мәселесі және тест пунктілерінің қасиеттері (асимметрия, эксцесс).

  1. Тестті стандартизациялау

Стандартизацияныі екі формасы. Стандартизация процедурасы. Сызықтық және сызықтық емес стандартизация. Ең жиі қолданылатын стандартты шкалалар: Z-оценки, Т-шкала,Шкала станнайнов, шкала стенов,IQ шкала.

  1. Тесттің психометрикалық қасиеттері

Сенімділік және оның түрлері. Сенімділік көрсеткішін есептеу тәсілдері. Валидттілік түсінігі, валидттіліктің түрлері,  валидттілік көрсеткішін  есептеу тәсілдері.  Тест нәтижелерінің  дұрыстылығы (Достоверность теста.) Оны төмендететін факторлар

  1. Тұлға және тұлға аралық қатынастардың психодиагностикасы

Тұлғалық сұрақтамаларды құрастыру  технологиясы. Негізгі тұлғалық сұрақтамалар: негізіне салған тұлға моделі, негізгі  шкалалар, жұмыс істеу реті, мәліметтерді интерпреитациялау.  Темперамент, мінез  психодиагностикасы. Тұлға аралық қатынастарды психодиагностика. Тұлға психодиагностикада қолданылатын идеографикалық және номотетикалық  амал

  1. Мотивация психодиагностикасы

Объект  және әдіс. Мотив және мотивация  туралы түсінік. Жетістіктерге ұмтылу мотивациясын өлшеу, аффилятивті қажелеттіліктерді  өлшеу әдісі, әзілдік фразалар тесті  т.б.

  1. Интеллект психодиагностикасы

Интеллектінің факторлық моделі (Спирмен, Терстоун Гилфорд, Вернон, Векслер).

Интеллектінің когнитивті моделі (Р. Стернберг). М. Холоднаяның менталды тәжірибе концепциясы. Айзенктің монометрикалық амалы. Равен матрицалары. Векслер  тесті, Амтхауэр тесті, интелллект құрылымының  тесті (тест ШТУР).  Стэнфорд-Бинеинтеллект  шкаласы.

  1. Психологиялық зерттеу жүргізудің этикалық ұстанымдары

Психологиялық зерттеулердегі мүмкін болатын этикалық мәселелерді ашу. Негізгі этикалық ұстанымдарды ұстанудың мазмұны  мен шарттарын айқындау: психологтың  персоналды жауапкершілігі ұстанымы, зерттелушінің зерттеуге ерікті түрде қатысуы ұстанымы, психологтың  шыншылдығы, ашықтығы, клиент құқықтарын құрметтеу, конфиденциалдылық және т.б.

  1. Ғылыми зерттеу әдіснамасы және оның деңгейлері

Әдіснама  түсінігі және оның психологиялық зерттеудегі  рөлі, әдіснаманың деңгейлері: жалпы  ғылымдық, философиялық, жалпы психологиялық, нақты зерттеулер деңгейі. Теория, әдіс және әдістеме түсініктері. Осы түсініктердің  өзара байланысы.

  1. Психологиялық зерттеу әдістерінің жіктелуі

Б.Г. Ананьев  бойынша зерттеудің психологиялық  әдістеренің жіктелуі. Барлық әдістердің қысқаша сипаттамасы. Психологияның  әрбір зерттеу әдісінің артықшылықтары мен кемшіліктері.

  1. Ғылыми болжам және оның түрлері

Гипотеза  объектілердің құрылымы туралы, психологиялық  құбылыстардың арасындағы байланыстардың сипаты мен мәні жайлы ғылыми болжамдар  ретінде. Болжамдарға қойылатын  негізгі талаптар. Болжамдарды мазмұны  бойынша, қалыптасу дәрежесі бойынша  жіктеу.

  1. Писхологиялық зерттеудің кезеңдері

Зерттеулердің стратегиялық жоспарларының үш нұсқасы. Генералды жиынтық, репрезентативтілік туралы түсініктер. Ғылыми зерттеудің құрылымы: тақырыптың атауы, кіріспе, теориялық бөлім, эмпирикалық бөлім, қорытынды.

 

«Жас ерекшелік психологиясы»  пәні

  1. Балалық шақтағы тілдің ерте дамуы

Бала  тілінің дамуына ананың әсері. Ерте балалық шақ бұл тіл дамының  сензитивті кезеңі. Тілді дамытудың  әдістері. Отбасы мүшелерімен қарым-қатынас  бұл сөз дамуының факторы. Ерте балалық  шақтағы сөздік қор.

  1. 7 жастағы дағдарыс

Мектепке  жасына дейінгі дағдарыс және оның ерекшелiгi туралы ұғым.  Л.С. Выготский  және А.Н. Леонтьев жас аралық дағдарыстар  туралы. Мектепке психологиялық әзiрлеу және оның бала психикасына әсерi. Мектеп жасына дейінгі дағдарысты қабылдауға ата-ананың психологиялық дайындығы.

  1. Мектеп жасына дейінгілердің психологиялық мінездемесі

Ойын  бұл мектеп жасына дейінгілердің  іс-әрекетінің бастаушы түрi. Мектепке дейінгі  жаста тілді дамытуы. Мұндағы жас шамасының жаңа түзiлiмдерi. Мектепке психологиялық дайындық /танымдық, ерікті, эмоциялық/.

  1. Баланың  психикалық дамуына тұқым қуалаушылық пен ортаның ықпалы

Орта  және тұқым қуалау жайлы түсінік. Тұқым қуалау факторларының келесідей  ықпалы /қан, онымен байланысты аурулар, жүйке жүйесінің құрылымы және т.б./ Ортадағы факторлар: отбасы, БАҚ, мектепке дейіегі мекемелер, мектеп/.

  1. Жас ерекшелік психологиясындағы «дағдарыс» және «жаңа білім» түсінігі

Л.С. Выготский  және А.Н. Леонтьев жас аралық дағдарыстар  туралы. Барлық жас аралық дағдарыстарға  мінездеме беру (жаңа туғандағы дағдарыс,1 жас, 3 жастағы дағдарыс, 7 жастағы  және т.б. дағдарыс) жас шамасына байланыстыың жаңа түзiлiмдердi кезең бойынша бөлу. 

  1. Кіші мектеп жасындағыларға мінездеме

Кіші  мектеп жасындағылардың тұлғалық ерекшеліктеріне, танымдық процестердің даму ерекшеліктеріне  мінездеме. Осы жастағы іс-әрекеттің  негізгі түрлері.

  1. Психикалық дамудағы іс-әрекет түсінігі

Барлық  жас кезеңдегі іс-әрекеттің түрлеріне  мінездеме беріңіз (ойын іс-әрекеті, оқу іс-әрекеті, профессионалды іс-әрекет). Балалар мен ересектердің психикасының дамуына іс-әрекеттің ықпалы.

  1. Кіші мектеп жасында әлеуметтік жағдайының дамуы

Л.С. Выготский  әлеуметтің жағдайдың дамуы жайлы. Кіші мектеп жасында әлеуметтік жағдайдың  даму ерекшеліктері және оның әлеуметтік қабілеттердің құрылуына, бала психикасының дамуына әсері. 

  1. Жасерекшелік психологиясының әдістері

Тұлғаны зерттеу әдістері жайлы түсінік. Келесі әдістер жайлы қысқаша  түсінік беріңіз: бақылау, эксперимент, егіз әдіс, шығармашылық жұмысқа талдау.

  1. Жасөспірім кездегі психикалық даму

Жасөспірімдерде танымдық процестердің даму ерекшеліктері (түйсік, қабылдау, ес, ойлау, қиял). Осы  жастағы іс-әрекеттің негізгі  түрлері. Жасөспірімдерді тәрбиелеудегі  жағымсыз белгілер. Формальды емес ұйым және оның жасөспірімдердің тұлғалық қалыптасуына ықпалы.

  1. Әлеуметтік психологияның  пәні мен әдістері

Жалпы психология мен әлеуметтік психологияның өзара  байланысы. Әлеуметтік психология пәні туралы ойлардың эволюциясы. Әлеуметтік психологияның зерттейті мәселелері. Әлеуметтік психологияның гуанитарлық  ғылымдар жүйесіндегі орны, және басқа  психологиялық пәндермен байланысы. Қоғам мен адам арасындағы мәселелерді  шешудеі әлеуметтік психологияның  рөлі және мағынасы.

Әлеуеттік психологиялық зерттеу әдістерінің  жалпы сипаттамасы: сұрақтама, бақылау, құжаттарды талдау. Әлеуметтік психологиядағы негізгі эксперимент типтері  және ерекшеліктері. Әлеуметтік-психологиялық  әсер етудің белсенді әдістері: мазмұны, түрлері, мүмкіндіктері және шектеулері. Әлеуметтік-психологиялық тренинг  және оның түрлері. Групповая дискуссия.

  1. Әлеуметтік психологиядағы қарым-қатынас туралы ұғым, оның түрлері, құрылымы, қызметтері

Қарым-қатынастың құрылымы, мазмұны, формасы және механизмдері. Қарым-қатынастың негізгі жақтары: коммуникативті (вербальді және вербальді  емес коммуникация), интерактивті, перцептивті; олардың біріккен іс-әрекет және қарым-қатынас  сипатымен байланысы (Г.М. Андреева, Е.С. Кузьмин).

  1. Кіші топтағы әлеуметтік-психологиялық феномендер (лидерлік, шешім қабылдау, конформизм, адаптация)

Кіші  топ түсінігі, оның жіктелуі.

Топтағы тұлға бейімделуінің әлеуметтік-психологиялық  заңдылығы. Лидерлік және басшылық топтың өмірлік іс-әрекеті процесін басқару  феномені ретінде. Лидерліктің әлеуметтік-психологиялық  табиғатын зерттеуге негізгі  теориялық бағыт. Топтық шешім қабылдау процесі. «Топтардың поляризациясы» құбылысы. Топтық дискуссия, «брейнсторминг»  топтық шешімнің тиімділігін арттыру  әдісі ретінде.

  1. Кіші топтағы әлеуметтік-психологиялық құрылым

Кіші  топ түсінігі және оның құрылымы. Кіші топтың бөліну құрылымы: билік құрылымы, коммуникация, қатынас.

Топ даму жүйесі ретінде.

  1. Үлкен топтардың әлеуметтік-психологиялық сипаттамалары. Бұқаралық (массовидные) психикалық құбылыстар

Үлкен әлеуметтік топтардың жіктелуі. Ұйымдаспаған стихиялық (тобыр, демонстрация және т.б.) және уақытша  жартылай ұйымдасқан (публика, митинг, аудитория және т.б.) үлкен топтардың өмірлік іс-әрекетінің психологиялық аспектілері. Тұрақты ұйымдасқан үлкен топтардың (әлеуметтеік каластар, этностар, кәсіби топтар, саяси партиялар және т.б.) психологиялық ерекшеліктері мен құрылымы. Тобырдың әлеуметтік-психологиялық динамикасы мен механизмі. Тобырдағы тұлғаның мінез-құлқы. Паника түсінігі.

Бұқаралық мінез-құлық заңдылығын түсіну үшін еліктеу, сену, жұғу процестерін зерттеудің мәні.

Адамдардың  демографиялық мінез-құлқының (миграция: ішкі, сыртқы) әлеуметтік-психологиялық  ерекшеліктері.

 

«Еңбек психологиясы» пәні

  1. Еңбек психологиясының пәні

Еңбек психологиясы еңбек процесіндегі адамның психикалық іс-әрекетінің қалыптасуы мен көріну заңдылықтарын зерттейтін психологияның негізгі салаларының  бірі. Сондықтан да, тұтыну құндылықтарын  жасау процесіне қатысатын және сол еңбекті атқаратын адам еңбек  психологиясының зерттеу объектісі  болып табылады. Еңбек психологиясының  пәнін құрайтын психологиялық заңдылықтар, психологиялық процестер, өндірістік іс-әрекетпен өзара байланысты тұлға  қасиеттері жатады.

Еңбек психологиясының негізгі  міндеттері:

  1. Мамандықты психологиялық тұрғыда суреттеу
  2. Адамның еңбек субъектісі ретінде дамуы.
  3. Еңбек психологиясы әдістерінің жүйесі

Еңбек психологиясының эмпирикалық-танымдық, теориялық әдістері. Эмпирикалық  әдістер: бақылау, сауалнама, эксперименттік әдістер. Бақылау әдісі:  еңбек  әдісі және тікелей бақылау. Сауалнама  әдісі: интервъю, анкета, биографиялық әдіс. Қосымша әдістер: өндірістік құжаттарды талдау, қателерді және аяқ-асты болған жағдайларды талдау. Эксперимент: өндірістік (шынайы) және лабораториялы. Сонымен  қатар, тест және кәсіби іс-әрекеттерді  моделдеу әдістері.

  1. Еңбектегі адамның психологиялық жағдайы және олардың мінездемелері

А) шаршау – жұмысқа қабілеттіліктің  уақытша төмендеуі.

Б) монотондық күй – біркелкі жұмыстарды орындау барысында пайда болады.

В) психикалық сатурация – ұзақ уақыт жұмыс жасау барысында  адамның аса қатты шаршауы.

 

  1. Еңбек іс-әрекеті түрлерін психологиялық жіктеу (Е.А. Климов)

Е.А.Климов ұсынған «Мамандық формуласының»  схемасы. Осыған орай, мамандықтың келесі қырлары айқындалған: еңбек пәні мен еңбек субъектісінің өзара  қатынастары бойынша туындаған  мамандықтардың топтары., еңбек әрекетінің мақсатына байланысты мамандықтардың  кластары., еңбек әрекетінің құралдарын іріктеу бойынша мамандықтардың  топтары., еңбек әрекетінің істеліну жағдайлары бойынша туындайтын мамандық топтары. 

  1. Еңбек орны және оның құрылымы

Еңбек орны туралы түсінік. Еңбек орнын дұрыс  ұйымдастыру жолдары. «Мамандық» түсінігі. Еңбек орны туралы түсінік. Еңбек  орнын құрастырушылар: нақты мақсат, пән, еңбек құралдарының жүйесі, кәсіби міндеттер жүйесі, жұмысшылар құқығының  жүйесі, өндірістік орта.

  1. Еңбектің психологиялық белгілері

Еңбек нәтижесінің  мағыналылығын саналы түрде сезіну. Белгілі бір нормаларға сәйкес еңбек  әрекетін атқару қажеттілігін саналы түрде сезіну. Мамандыққа сәйкес еңбек  құралдарын және әдіс-тәсілдерін саналы түрде таңдау. Жеке адамдық қарым-қатынастарды сезіну.

  1. Еңбек субъектісі ретінде адамның дамуы

Адам  еңбек субъектісі ретінде. Мамандыққа дейінгі даму. Ойынға дейінгі кезең. Ойын кезеңі. Оқу іс-әрекетін меңгеру  кезеңі. Мамандықты таңдау кезеңі. Мамандыққа дайындық кезеңі. Кәсіпқойдың дамуы.

 


Жалпы психологияға кіріспе» пәні