Жапония қалалары

                                                Жапония

Жапония Ниппон, Нихон (“Күншығыс елі”) — Шығыс Азия жағалауларына жақын маңдағы Тынық мұхит аралдарында орналасқан мемлекет. Ел 4 мыңға жуық аралдардан тұрады. Ең үлкендері: Хоккайдо, Хонсю, Сикоку, Кюсю, т.б. Жер аумағы 372,2 мың км2. Халқы 126,2 млн. (1997). Астанасы — Токио қаласы (11,9 млн.). Әкімшілік жағынан 47 префектураға бөлінеді. Жапония — бір ұлтты ел. Халқының 99,4%-і — жапондар. Бұдан басқа қытайлар, корейлер, америкалықтар тұрады. Ресми тілі — жапон тілі. Негізгі діндері — синто және будда діндері. Жапония — конституциялы монархияны сақтаған ел. 1947 жылы 3 мамырда қабылданған конституция бойынша император — “мемлекет пен халық бірлігінің көрінісі”. Ол парламенттің ұсынысы бойынша премьер-министрді тағайындайды және премьер-министрдің ұсынысымен үкімет мүшелерін, Жоғарғы соттың төрағасы мен мүшелерін тағайындайды немесе орнынан алады. Конституция бойынша, мемлекет істерге толығымен премьер-министр басқаратын үкімет жауап береді. Жоғарғы заң шығарушы орган парламент — екі палатадан (өкілдер палатасы және кеңесшілер палатасынан) тұрады. Ұлттық мерекесі 23 желтоқсан (император Акихитоның туған күні). Ақша белгісі — иен.

 

Азия елдері ішінде орта ғасырлардағы жойқын жорықтардан, және одан кейінгі отаршылық тәуелдіктен аман қалған жалғыз екі елдің бірі - Жапония болады. 19 ғ. Жапония өнеркәсібі қауырт өркендей бастады.Мазмұны [жасыру]

1 Жапония қалалары 

1.1 Жапонияның ең үлкен қалалары:

2 Табиғаты

3 Географиясы

4 Әкімшілік-аумақтық бөлінісі

5 Жапондардың салттары

6 Тарихы

7 Әдебиеті

8 Өнері

9 Қазақстан мен Жапония арасындағы  экономикалық ынтымақтастық

10 Пайдаланылған әдебиеттер

 

Жапония қалалары

 

Токио

 

Жапония халқының бестен төрт бөлігі қалаларда тұрады. Кеме тоқтайтын  айлағы мен зауыттары самсаған қалалар жағаны бойлай бір-бірімен иін тіресе созылып жатыр. Қала шетінде суға бөккен көк күріш алқабы жайқалады. Жапонияның ішкерірек аумақтарында, таулы аймақтары мен автомобиль магистральдары бойынан будда ғибадатханаларын, сондай-ақ хауызы мен нақышты тас қондырғылары бар шағын саябақтарды, сұлтан қамалдарын, шаруалардың сабанмен жабылған шошақ төбе ескі үйлерін көруге болады.

 

Жапонияның ең үлкен қалалары:

Токио

Иокогама

Осака

Нагоя

Саппоро

Кобе

Киото

Фукуока

Кавасаки

Сайтама

Табиғаты

 

 

Жапония аралдарының жан-жағын Тынық мұхит пен оған кіретін Жапон, Охот, Шығысында Қытай т-дері қоршаған. Жерінің көп бөлігі таулы-қыратты болып келеді. Неғұрлым ірі таулары: Хидака мен Китами (Хоккайдо аралында), Оу, Этиго, Хида, Кисо, Аканси (Хонсю аралында). Бұл тауларда сөнбеген жанартаулар әлі де көп. Ең белгілісі — Хонсю аралындағы 3776 м биіктікте орналасқан Фудзияма жанартауы. Елде жиі-жиі жер сілкіністері болады және мұхит жағалауларында цунами желі үнемі соғады. Жазық жерлер аз, ірі жазықтары Канто немесе Токио жазығы (Хонсю аралында), Исикари (Хоккайдо аралында). Климаты муссонды. Территориясының басым бөлігі — субтропикалық белдеуде, солтүстік — қоңыржай, оңтүстік — тропикалық белдеуде орналасқан. Қаңтар айындағы орташа температура Хоккайдо аралында — 5ӘС, оңтүстікте 6ӘС, Рюкю топаралында 16ӘС, ал шілде айында 22, 27, 28ӘС. Жылдық жауын-шашын мөлшері ел аумағының көпшілік бөлігінде 1700 — 2000 мм, оңтүстікте 4000 мм-ге дейін. Көбінесе, жаздың аяғы мен күз айларында болатын тайфундар нөсер жауын алып келеді. Өзендері шағын, бірақ суы мол, сондықтан электр қуатын өндіру мен жер суғаруға пайдаланылады. Территориясының 68%-ін қолдан өсірілген ормандар мен бұта тоғайлары алып жатыр. Өлттық саябақтар (Бандай — Асахи, Никко, Сето-Найкай, т.б.) мен қорықтар көп.

 

Географиясы

 

 

Жапон аралдары солтүстіктен оңтүстікке қарай ұзыннан-ұзақ созылып жатыр. Жапонияның солтүстігінде, әсіресе  Хоккайдо аралында, қар қалың түсіп, қысы едәуір суық болады, ал оңтүстігінің, Рюкю аралдарының ауа райы тропиқалық климатқа жақын. Жапония – негізінен жылы әрі күн шуақты ел, алайда оның климаты әжептәуір ылғалды болып келеді.

 

Жапон аралдарының бүкіл ауданының  алтындан бес бөлігіне жуығын қалың  орманды, жартасты таулар алып жатыр. Ең биік тауы – Фудзи тауы. Ол – сөнген жанартау. Фудзиді жапондар киелі тау деп есептейді. Жапонияда толып жатқан сөнбеген жанартаулар, көптеген шипалы арасандар (ыстық бұлақтар) бар. Мұнда жер сілкіну жиі болып тұрады.

 

Жапония халқы негізінен теңіз  жағалауын бойлай созылып жатқан құнарлы жазық алаптарда тұрады. Күріш алқаптарын, жеміс бақтары мен шай плантацияларын жыл сайын ұлғайып өсіп бара жатқан ірі қалалар ығыстырып, егістік жер тарыла түсуде.

 

Жапондардың салттары

 

 

Жапондардың тұрмыс-тіршілігінде басқа  бір мәдениетке ұқсамайтын өзіндік  салты мол сақталған. Жапон үйлерінде жиһаз аз болады, еденіне күріш сабанынан тоқылған төсеніш - татами - төселеді. Жапондықтар аяқ киімдерін босағаға тастап, үйде шұлықпен немесе жалаңаяқ жүреді. Тамақтанатын әрі ұйықтайтын жері – еден. Сондықтан еденді әрқашан айнадай таза ұстайды.

 

Жапон өнері де, әсіресе кескіндеме өнері мен қуыршақ театры өзіндік  ерекшеліктерге бай. Жапондар – сәнді  гүл шоғын өте шебер жасайтын халық. Олардың дзю-до, каратэ, сумо күресі секілді ұлттық спорт түрлері  бүгінде бүкіл дүние жүзіне белгілі.

 

Жапонияда императордың билігі конституция  арқылы шектелген: император - тек мемлекеттік  символ боп табылады. Жапония Ұлыбритания  сияқты – Конституциялық монархия болады.

Тарихы

 

 

Қазіргі Жапония аумағына адамдар  неолит дәуірінде қоныстана бастаған. Алғашқы тұрғындар Азия құрлығынан топ-топ болып қоныс аударған деген жорамал бар. Олар жер өңдеумен, мал шаруасымен айналысқан (Дзёмон және Яёи мәдениеттері). Б.з.б. 2 ғ-дан бастап тайпалар одағы қалыптасып, ямато тайпалық одағы негізінде ежелгі Жапон мемлекеті пайда болды. Орталық мемлекеттік билік күшейіп, ямато билеушілері Қытай императорына бірнеше елшілік аттандырды (6 ғ.) және осы кезден бастап ел ішінде будда діні тарай бастады. Ямато патшалары өздерін ”тэнно” деп атады және бұл атау күні бүгінге дейін император деген ұғымды білдіреді. 645 жылы болған төңкерісінен кейін "[[Тайка]"] реформаларының нәтижесінде құл иелену жойылып, жалдамалы шаруалар мен ірі жер иелері пайда болды. 710 жылы алғашқы тұрақты астана Нара салынып, 784 жылы орталық Нагаоку, 794 жылы Хэйан қалаларына көшірілді. 11 ғасырдада ірі-ірі әскери топтар арасында билік үшін күрес басталып, 1192 жылдан бастап үкімет билігі тек сөз жүзінде ғана сақталды. Сёгундер елді әскербасыларының (буси) көмегімен басқарды. Бусилардың төменгі бөлігі ұсақ жер иелерінен тұрып, самурай деп аталды. Қытай мен Кореяны басып алған Шыңғыс хан империясы 1274 жылы және 1288 жылы екі рет Жапонияға сәтсіз жорық жасады. Елде 13 ғасырдан бастап сауда және қолөнер бірлестіктері (дза) көптеп құрыла бастады. Қалалардың саны өсті. 15 — 16 ғасырларда Қытай және Кореямен арадағы сауда дамыды. Кен орындары (алтын, күміс, мыс) пайда болды. Жапония жеріне алғаш рет еуропалықтар (1542 жылы португалдар, 1584 жылы испандар), христиан миссионерлері келе бастады. Иэясу Токугава (1542 — 1616) елдің бірігуін аяқтап, 1603 жылы сегун болып жарияланды. Токугава әулетінің билігі 1867 жылға дейін созылды. Аймақ билеушілері (даймё) үлкен жасақ ұстады. Оларға самурайлар қызмет етіп, еңбектері үшін күріш түрінде жалақы алды. Даймелердің үстінен қатаң бақылау орнатылды. Халық 4 әлеуметтік жікке (самурайлар, шаруалар, қолөнершілер, саудагерлер) бөлінді. Үкімет еуропалықтарға қарсы арнайы заңдар шығарып, олардың елге келуіне және христиан дінін насихаттауына тыйым салды. 1641 жылдан Қытай мен Голландия көпестері үшін Нагасаки (Дэсима) порты ашылды. 18 ғасырдың аяқ кезінен бастап мануфактуралар (жібек өңдеу, қағаз, т.б.) пайда болып, нарықтық қатынастар дами бастады. 1850 — 1860 жылы Жапония АҚШ және еуропа мемлекеттердің қысымымен шетелдіктер үшін жаңа порттар ашуға мәжбүр болды.

 

1867 — 1868 жылғы революциядан кейін  сёгундердің билігі аяқталып, жоғары  билік императордың қолына өтті. Басқару жүйесі еуропалық үлгіге  көшіріле бастады. 1871 жылы князьдіктер  жойылып, орнына префектуралар  құрылды. 1872 — 1873 жылы үкіметке төлейтін бірыңғай салық енгізілді. Нәтижесінде, 1868 — 1885 жылы 1300 жаңа өндіріс орындары ашылды. Кейбір кәсіпорындар арзан бағаға жеке меншікке, ең алдымен, аса ірі “Мицул”, “Мицубиси”, т.б. компанияларға сатылды. Сөйтіп, ірі кәсіпкерлер мен монархия арасында одақ қалыптасты. Бірте-бірте жапон билеушілері қорғаныстан сыртқы елдерге агрессиялық саясат жүргізуге көше бастады. 1876 жылы Кореямен екі арада тең емес Каихвас келісімі жасалынды. 1894 — 1895 жылы жапон-қытай соғысы болып, нәтижесінде, Жапония алғашқы отары Тайвань, Пэнхуледао аралдарын басып алды және Қытай мен Кореяға өз үстемдіктерін орната бастады. 20 ғасырдың бас кезінде Маньчжурия мен Корея үшін Ресеймен қарым-қатынас шиеленісіп, 1904 — 1905 жылы орыс-жапон соғысы болып өтті. АҚШ пен Ұлыбританияның қолдауына сүйенген Жапония жеңіске жетіп, Ресей Кореядағы жапон үстемдігін мойындады және Қиыр Шығыстағы Порт-Артур, Дальний порттарынан, Оңтүстік Сахалин аралдарынан бас тартуға мәжбүр болды. 1910 жылы Жапония Кореяны толық жаулап алды. 1-дүниежүзілік соғыс жылдарында (1914 — 1918) еуропа мемлекеттердің өзара соғысып жатқанын пайдаланып, Германияның Қытайдағы иеліктерін (Шаньдун провинциясын, Маршалл, Мариан, Каролин аралдарын) басып алды да, Қытайға 21 талаптан тұратын Декларация тапсырды (1915, 18 қаңтар). Қытай бұл талаптарды, негізінен, орындауға мәжбүр болды. 1-дүниежүз. соғыс жылдарында Жапония өзінің Қиыр Шығыстағы бәсекелестерін (Германия, Ұлыбритания, Ресей) ығыстырды. 1914 — 1919 жылы өнеркәсіп өнімдері 13-тен 65 млрд. иенге өсті. Ресейдегі азамат соғысын пайдаланып, 1918 жылы 5 сәуірде Владивостокты басып алып, Қиыр Шығыс пен Сібірге баса көктеп енді. Алайда, 1922 жылы күзде жапон әскерлері кеңестік Қиыр Шығысты тастап шығуға мәжбүр болды. 1924 — 1925 жылы АҚШ және Ұлыбритания үкіметтерімен қайшылық күшейіп кетті де, Жапония КСРО-мен қарым-қатынас жасай бастады. 1929 — 1933 жылы елде экономикалық дағдарыс басталды. 3 млн-нан аса жұмыссыздар армиясы пайда болып, шаруалар да күрт кедейленіп кетті. “Жас офицерлер” ұйымдары пайда болып, үкіметтен елде әскери диктатура орнатуды талап етті. Сыртқы және ішкі саясатта әскерилердің беделі күрт өсті. 1931 жылы күзде Маньчжурияда қуыршақ үкімет (Маньчжоу — Го) құрылып, 1933 — 1936 жылы Қытайға қарсы агрессияны күшейтті. Жапония 1936 жылы қарашада Германиямен “Антикоминтерндік пактіге” қол қойды да, 1937 жылы шілдеде Қытайды толық жаулап алу үшін соғыс бастады. 1938 жылы Қытайдың неғұрлым дамыған шығыс бөлігін толық басып алып, Кеңес Одағы мен Моңғолияға шабуыл жасауға дайындалды. Бірақ 1938 жылы шілдеде Хасан көлі жағасында, 1939 жылы мамыр — тамыз айларында Халхин-Гол ауданында кеңес әскерлерінен жеңіліп қалды. Осыдан кейін жапондар “оңтүстік” бағытта, яғни еуропа мемлекеттер мен АҚШ-тың Оңтүстік-Шығыс Азиядағы отарларына шабуылды күшейтті. 1940 жылы қыркүйекте Үндіқытай түбегінің солтүстік басып алды. 1941 жылы 7 желтоқсан күні түнде жапон әскерлері ешқандай соғыс жарияламастан, америкалықтардың Гавай аралындағы негізгі соғыс базасы Перл-Харборға және Гуем, Манила, Ганконгке басып кірді. 1942 жылдың орта тұсына дейін Филиппинді, Тайландты, Үндіқытайды, Бирманы, Малайзия мен Индонезияны басып алды (қ. Екінші дүниежүзілік соғыс). 1945 жылы 6 — 9 тамыз күндері Америка әскери-әуе күштері Жапонияның 2 қаласына (Хиросима мен Нагасаки) атом бомбасын тастады. 1945 жылы 9 тамызда Кеңес әскерлері шабуылға шығып, Маньчжурияны, Солтүстік Кореяны, Оңтүстік Сахалин және Куриль аралдарын азат етті. 2 қыркүйек күні (1945) Жапония өзінің толық жеңілгендігі жөніндегі актіге қол қойды. Елге одақтастар атынан АҚШ әскерлері басып кірді. Жапония барлық отарларынан айырылып, ел экономикасы аса қиын жағдайда қалды. 1947 жылы 3 мамырда жаңа Конституция қабылданды. 1946 — 1949 жылы аграрлық реформа жүргізіліп, мемл. аппарат пен ағарту саласы демократияландырылды. Жүргізілген реформалар елдің әрі қарай жедел дамуына мүмкіндік туғызды. Корея соғысына (1950 — 1953) қажетті әскери тапсырыстың күрт артуы өнеркәсіптің жедел дамуына алып келді. Сөйтіп, 1950 жылдардан бастап экономика тез арада көтеріліп, 60-жылдардың аяғына таман Жапония дамыған елдер арасында АҚШ-тан кейінгі 2-орынға шықты.

Әдебиеті

 

 

Жапон ауыз әдебиеті мен мифологиясы  жақсы дамыған. Жапон жазба әдебиетінің  алғашқы үлгілері — “Кодзики”  шежіресі (712) мен “Манъесю” өлеңдер  жинағы (759). “Кодзики” ертедегі мифтік әңгімелер, аңыздардан тұрады. “Манъесю” антологиясы халық поэзиясының 4516 үлгісін және алғашқы жазба әдебиет өкілдерінің (500-дей автордың) шығармаларын қамтыған. Шығармалардың көпшілігі танка жанры үлгісінде жазылған. 9 — 10 ғасырларда жапон прозасының алғашқы үлгілері пайда болды. Мурасаки Сикибудың “Гэндзи — моногатори” романы (11 ғасыр) — әлем әдебиетіндегі алғашқы романдардың бірі. “Хэйкэ — моногатори” (“Тайр әулеті туралы әңгіме”, 13 ғасыр), “Тайхэйки” (“Алып әлем туралы әңгіме”, 14 ғасыр) гунки (әскери эпопея) жанрында жазылған. 15 — 16 ғасырларда поэзия жетекші рөл атқарды. Театрлар ашылып, драматургиялық шығармалар жазыла бастады. Онда, көбінесе, әскери тақырыптар қамтылды. 15 ғасырда әскери эпопеяларды серілік романдар ығыстырып шығарды. Мысалы, “Согамоногатари” (“Ағайынды Согалар туралы әңгіме”), “Есицунэ-ки” (“Есицунэ туралы әңгіме”), т.б. 17 ғасырда Ихара Сайкакудың (1642 — 1693) “Бір еркектің махаббат машақаты” (1682) романы, Тикамацу Мондзаэмоның (1655 — 1724) пьесалары танымал болды. Бұл жылдары ақындар Басе (1643 — 1694), Бусано (1716 — 1783), Исса (1763 — 1827) шығармалары әдебиет тарихынан елеулі орын алды. 18 ғасырда Цурия Нанбоку (1755 — 1829), Каватакэ Мокуами (1816 — 1893) сияқты драматургтердің есімі танымал болды. 20 ғасырдың басында Киносита Наоэнің “Отты бағана” романы, ақын Исикава Такубокудың (1885 — 1912) “Бір уыс құм” (1910), “Көңілсіз ойыншық” (1912) шығармалары әдебиеттің даму бағытын айқындады. 2-дүниежүзілік соғыстан кейін Жапония әдебиетінде жаңа кезең пайда болды. Қоғамның ішкі қайшылықтары әдебиетте де түрліше бағыттар мен ағымдар тудырды. Дәстүрлік бағыттың өкілдері — Нагай Кафу, Сига Наоя, Масамунэ Хакутэ, т.б. болды. Ясунари Кавабатаға “Қарлы ел” (1947), “Мың қанатты тырна” (1951) повестері мен “Таулар дауысы” (1953), “Көне астана” (1961) романдары үшін 1968 жылы Нобель сыйлығы берілді. 20 ғасырдың 2-жартысында Симода Сэйдзидің “Таңсәрі” (1970), Накадзато Кисенің “Айырық” (1963), Суми Суэннің “Өткелсіз өзен” (1970), Кубода Сэйдің “Сякунаго деревнясының күнделігі” (1972) романдарында Жапонияның өткір әлеуметтік мәселелері көтерілді. Жапон әдебиетінен қазақ тіліне “Жапон ертегілері” (1959), “Жапон әңгімелері” (1965), “Хиросима қасіреті” (жинақ, 1969),Симадзаки Тоссонның “Орындалмаған өсиет”, Эндо Сюсанудың “Әйел жүрегі” (1970) кітаптары аударылды. М.Әуезов (1960), Ғ.Мүсірепов (1967) Жапонияда болып, екі ел қаламгерлері арасындағы шығармалар байланыстардың негізін қалаған.

 

 

Өнері

 

Гейша

 

Жапония өнерінің өзіндік ұлттық ерекшеліктері  мол. Төбесі сабанмен жабылған ағаш құрылыстар Жапония архитектурасының ежелгі ескерткіштеріне жатады (б.з.б. 1 ғасырдағы Идзумо Исэ ғибадатханасы). 6 ғасырда будда дінімен бірге келген қытай мәдениеті Жапония архитектурасында өз таңбасын қалдырды (Хорюдзи, Якусидзи, Төдайдан ғибадатханалары). Жапонияның астанасы Нора 8 ғасырда қытай үлгісімен салынды. 12 — 16 ғасырларда Жапония тұрғын үйінің жаңа түрі қалыптасты. 19 ғасырдың 2-жартысынан бастап Жапония архитектурасы Батыс Еуропа мен Американың ықпалында болды. 2-дүниежүзілік соғыстан кейін Жапония архитектурасы ұлттық дәстүрде дами бастады, ірі қалаларды жаңарту ісі қолға алынды (Токио, Нагасаки, Хиросима). Жапония бейнелеу өнерінің ежелгі ескерткіштері неолит дәуіріне саяды. Б.з.б. 3 ғасырда қоңырау пішінді қола бұйымдар мен айналарға жапырақ, т.б. суреттер салу, 3 — 6 ғасырларда “ханива” — адамдар мен аңдардың балшықтан домбаздалған бейнелерін жасау өнері дамыды. 9 — 11 ғасырларда діни мүсінді нақыштай түсуге көңіл аударылса, 12 — 14 ғасырларда өнердің бұл түрі монументті сипат алды (Камакурадағы Будда мүсіні, 13 ғасыр). Жапония өнеріне 14 ғасырдан бастап Қытай кескіндемесі елеулі ықпал етті. 16 — 18 ғасырларда жанрлық кескіндеме дами түсті. 19 ғасырдың аяғында еуропа стильмен сурет салу дәстүрге енді. 2-дүниежүзілік соғыстан кейін Жапония бейнелеу өнерінде кескіндеме (Тосико, Маруни Ири, т.б.), графика (Уэно Маното, Хирохару Нии, т.б.) жанрлары дамыды. Жапония музыкасы туралы алғашқы деректер 3 ғасырдан сақталған. 7 ғасырда сарай музыкасы дамыды. Жапония ұлттық музыкасынан корей, қытай, үнді халықтары музыкалық мәдениетінің ықпалы да байқалады. Ежелгі музыкалық дәстүрлер де жақсы сақталған. Соның бір түрі — кагура. Бұл — мифтік сюжетке негізделген ғұрыптық би. Қазіргі кезде халық биі түрінде кездеседі. Музыка халық аспаптары: сямисэн кото (ішекті аспаптар), хи тирики (үрлемелі аспап), фуэ, сякухати (бамбук флейталар). 16 ғасырдан бастап Еуропа музыкасы тарай бастап, 1868 жылдан кейін кең өріс алды. Жапонияның қазіргі музыкасын шартты түрде дәстүрлі, ұлттық және батыс мектебі деп 3 бағытқа бөледі. Дәстүрлі мектептің көрнекті өкілі композитор Миячи (1883 — 1956) болды. Қазіргі ұлттық мектептің өкілдері: Ясудзи, Мақудайра, Ифукуба, т.б. Жапонияның музыкалық орталықтары Токио', Осоко, Киото, Нагоя сияқты консерваториялары бар ірі қалаларға шоғырланған. Жапония театры тарихында гигаку (7 ғасыр), бугаку (11 ғасырдан кейін), сингаку, саругаку деп аталатын халық өнерінің түрлері белгілі орын алады. 19 ғасырдың соңы мен 20 ғасырдың басында симпа, сингэки, синкокучэки сияқты театр өнерінің жаңа түрлері пайда болды. Сингэки — еуропа театр ықпалымен 20 ғасырдың басында пайда болған драмалық жанрында Жапонияда алғашқы кинофильм 1899 жылы түсірілді. 1908 жылы Киото мен Токиода отандық киностудия ашылды. Алғашқы кезде осы заманғы сюжетке және тарихи аңыздарға негізделген фильмдер жасалды. 1931 жылы дыбысты кинолар шыға бастады. 20 ғасырдың ортасында тәуелсіз кино өндірісі мен прокаттық кинокомпаниялар пайда болды. Ұлттық және еуропалық киноның озық дәстүрін дамытқан Куросава шығармашылығы Жапонияның кинематографиясының жаңа өрістеу кезеңін бастады. 20 ғасырдың 60 — 70-жылдары және одан кейінгі кезеңде бейбітшілікті насихаттап, адамгершілікті паш еткен “Ұмытпа сол бір күндерді” (1963, реж. Х. Теенгахара), “Ереуілші” (1967, реж. М.Кобияси), “Трамвай доңғалағының дүрсілімен” (1971, реж. А.Куросава), т.б. көптеген көркемдігі жоғары фильмдер шықты. Жапонияның ғылыми-көпшілік және мультипликациялық фильмдері де айтарлықтай табысқа жеткен.

 

Қазақстан мен Жапония арасындағы экономикалық ынтымақтастық

 

Соңғы төрт-бес жыл бедерінде екі елдің өзара сауда-экономикалық қатынастары еселеп арта түскен. 2005 жылы Қазақстан мен Жапония арасындағы тауар айналымы 736,1 миллион долларды құраса, 2006 жылдың жарты жылында ол 439,2 миллион долларға жетіп отыр. Мұны өткен жылдың аталған мерзімімен салыстырғанда 21 пайызға артқандығын көруге болады. Ал Қазақстан Жапония рыногына негізінен ферроқорытпа, болат, титан, жерасты сирек металдарын экспорттаса, бұл ел бізге автокөліктер мен олардың бөлшектерін, сондай-ақ электр жабдықтары мен тұрмыстық техникаларды импорттап келеді.

 

Біраз жылдардан бері Жапонияның халықаралық  ынтымақтастық банкі Қазақстанда  несие беру арқылы бірқатар жобаларды  жүзеге асыра бастады. Олардың ішінде темір жол көлігінің тасымал  қуатын арттыруға, Ертіс өзені үстінен көпір құрылысын салуға, Астанадағы халықаралық әуежайды қайта жөндеуден өткізуге, Батыс Қазақстанда көлік жолдары жүйесін дамытуға, Атыраудағы мұнай өңдеу зауытын күрделі жөндеуден өткізуге арналған жобалар бар. Бүгінде солардың бірқатары жүзеге асырылды да.

 

Қазақстан мен Жапония арасындағы өзара ынтымақтастықтың жаңа сатыға көтеріліп, байланыстардың орныға бастауына 1994 жылдың сәуірінде және 1999 жылдың желтоқсанында Қазақстан Республикасының  Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың осы елге жасаған ресми сапарлары негіз қалағанын атап өткен жөн. Екі мемлекеттің гуманитарлық саладағы ынтымақтастығы да уақыт өткен сайын жақсарып келеді. Оған Қазақстан басшысының Токиоға жасаған алғашқы сапары барысында Нұрсұлтан Назарбаевтың Жапонияның сол кездегі Премьер-Министрі М.Хосокаваға соғыс жылдарында Қазақстан аумағында әскери тұтқында болып, қайтыс болғандардың тізімі бар “Естелік кітапты” табыс еткені дәлел болмақ..

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

↑ "Қазақ Энциклопедиясы"

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                              Монғолия

 

Монғолия (моңғ. Монгол Улс – Моңғол елі) — елі Орталық Азияның шығыс бөлігінде орналасқан. Солтүстігі Ресей Федерациясымен, ал оңтүстігі, шығысы, батысы Қытай Халық Республикасымен шекараласады. Моңғолия бұл екі елдің ортасында орналасқаны мен оның батыс нүктесі Қазақстан Республикасының шығыс нүктесіне өте жақын жерде (18 км) орналасқан. Моңғолияның мұхитқа шығысы жоқ. Жер көлемі — 1 564 116 км². Жер көлемінің үлкендігі бойнша әлемде 17-ші орында. Астанасы - Ұлаанбаатар қаласы. Халық саны: 2 736 800.

 

Мемлекеттік тілі – моңғол тілі, жазуы кириллица. Моңғол тілінде халықтың 95 % сөйлейді. Қазақтар 4 пайыздан астамын құрайды. Орта мектепте кирилицадан басқа ескі моңғол жазуын оқытылады. Қазақтар көп тұратын Баян-Өлгей аймағында қазақ тілі оқытылады.

  Тарихы

 

1,000 төгрөгі, Шынғыс хан сурет  пен

 

Бүкіл Моңғолияның тарихы, осы жерде  көшпенділер тұрды. Ең бірінші –  хуннлар (ғұндар), өз мемлекет құрып, Қытаймен (Син династиясы) соғысу бастады. Қытайдын қолбасшы маршал Менг Тиан өз елін қорғау үшін Ұлы Қытай Қорғанын тұрғызды. Хуннулардан кейнгі осы жерде түркілер өздің империясы жасады.

 

12 ғасырда Моңғол жерінде шағын  хандықтар мен тайпа-ұлыстар болды.  Қолбасшы Тэмужин бүкіл ұлыстарды  бір елге біріктіріп Моңғол  Империясын жариялады. 1206 ж. ол  Шыңғыс хан (Ұлы хан) аты алып, көршілес елдерді жаулап ала бастайды.

 

Оның Империясы бүкіл Азия және жарты Еуропаны қамтыды. Шыңғыс Хан  өлгенде ол өз империясын балаларына бөліп берді. Шыңғыс ханың немересі Құбылай Хан, империяның елордасын  Бейжің қаласына көшірді. 1368 ж. Қытайдың Минг Династиясы төңкеріс жасап моңғолдарды өз жеріне қуып жібереді. Осыдан бастап Моңғолия қытайдың отары болды.

 

 Далалық сахара

1911 ж. Цин  Империясы құлады, соңдықтан Моңғолия  тәуелсіз мемлекет ретінде жарияланды. Бірақ Қытай қолбасшылары Моңғолияға өз әскерлерін кіргізіп, осы жердің екі аймаққа бөлінуі (Сыртқы Моңғолия және Ішкі Моңғолстан). 1917 ж. Ресей империясының азамат соғысы басталды, және көп «ақ әскерлер» Сібір және Қытай жеріне қашты. Бір сондай әскери қолбасшы, - Барон Унгерн өз сарбаздармен Сыртқы Моңғолияға кіріп, Урга немесе Да-Хүрее қаласы (қазіргі Ұлаанбаатар) басып алды. Ресей қызыл Армиясы Моңғолияның коммунистік қолбасшыны Сүкэ-Батыр қолданды, ол Унгерның әскерлерін жеңіп, 1921 жылы Сыртқы Моңғолияда - Моңғол Халық Республикасы болып жарияланды.

Бүгінгі Моңғолия – парламенттік республикас. Елдің  парламенті – Ұлы Хурал деп  аталады.

 

Географиясы

Моңғолияның оңтүстігі Говь шөлі, солтүстігі және батысы суықтау келетін  таулы өлкеде орналасқан. Моңғолияның  орталық бөлігі жазық болып келеді. Ең биік шыңы Моңғол Алтай тау жүйесінің  Таванбогд тауының Хүйтэн шыңы теңіз  денгейінен 4,374 метр биік болып келеді.

Моңғолия қатаң континенталдық климатты. Жазда ыстық болғанымен қыста суық болады. Қыста орташа температура -30 °C болады. Ұлаанбаатар  қаласы әлемдегі ең суық астана болып саналады.

Таулы өлке көп болғандықтан жел  көп соғады. Жылында орта есеппен 257 күнді тәулік болады. Жауын шашын мөлшері шығыс бөлігінде орташа есеппен 200-350 мм, оңтүстүкте 100-200 мм. Оңтүстіктін ең шеткей өлкесінде Говь шөлінде кей жылдары жауын шашын мүлде болмайды.

 

Табиғат белдеулері

 

Моңғолияның солтүстігінен оңтүстігіне  қарай келесі меридиандық табиғат белдеулері кездеседі: орманды дала,дала , шөлейт, шөл. Орманды белдеуде таулы орманды және тайга белдеуі кездеседі. Табиғы белдеулерді орналасуына байланысты Ханғай, Хэнтий, Алтай таулы, Дорнод далалық, Говь шөлдік деп төрт белдеуге бөлінеді.

 

Топырағы

Моңғолияда күрен, қара күрен, ашық күрен, қара топырақ, шөлдік қоңыр, батпақты, тұзды сияқты көптеген топырақ түрлері  кездеседі. Бұлардың ішінен құнарлы  топырақ олардың 5 % құрайды. Жер көлемінің 0,76% егін шаруашылығына ыңғайлы. Суармалы жер көлемі 840 км².

 

Суы

 

Моңғолияда 67000 км ұзын 3811 өзен бұлақ, 500 км³ ауданы бар 3500 жуық көл 7000 жуық көлшік, 540 км² ауданы бар 190 жуық мұздық, 250 жуық арасан бар. Жер асты суларының 139 жуық көзі бар.

 

Моңғолияның ең ұзын өзені Орқон. Ұзындығы 1124 км, ауданы 133000 км². Ең үлкен көлі Увс көлі (3350 км²), ең терең көлі Хөвсгөл көлі (262.4 м).

Экономикасы

 

Моңғолияның экономикасы негізінен  ауылшаруашылығы және тау-кен өнеркәсібіне тәуелді. Табиғи байлық түрлері көп  кездеседі. Мыс, молибиден, аққалай, көмір, вольфрам, мырыш рудасы, темір рудасы және алтын өндеу ел экономикасында маңызды орын алады. Ауылдағы адамдардың негізгі кәсібі малшаруашылығы болып келеді.Орта есеппен әрбір адамға 12 бас мал келеді. Егіншаруашылғында бидай, арпа, көкөніс, және мал азығын егумен айналысады. 2008 жылғы есеп бойынша ІЖӨ-нің көлемі 9,48 млрд долларды құраған. Жан басына шаққандағы көрсеткіш 3200 доллар. Жұмыссыздар саны орта есеппен халық санының 2,8 % (2008).

 

Негізі экспорт өнімдері (2,5 млрд долл. 2008 ж) : Мыс, молибиден, көмір, мырыш рудасы, темір рудасы, шикі мұнай, мал өнімдері, былғары, текстиль. Негзігі экспорты алушылары: ҚХР (76 %), Канада (9 %), Ресей (3 %). Импорт өнімдері: (3,6 млрд долл. 2008 ж) : жанар-жағар май, машина техника, автомобиль, азық түлік, құрылыс материалдары, қант, өндірістік және күнделікті қолданыстағы тауарлар, чай т.б. Негізгі импорттерлері: Ресей (35 %), ҚХР (29 %), Жапония (8 %)

. Әскер

 

Қарулы күштегі адам саны 8,6 мың. Әскерге 18-25 жас аралығындағы жігіттер шақырылады. Әскер мінетін атқару уақыты 12 ай. Қарулы күштің резерві - 137 мың адам. Қарулы күштің бас штабының бастығы, генерал-лейтенант Цэрэндэжидийн Бямбажав (2009 ж бастап). 2002 жылдан бастап Моңғолия әскери күштері БҰҰ және басқадай халықаралық ұйымдармен бірге Сьерра-Леоне, Ирак, Этиоп, Эритрей, Батыс Сахара, Либери, Чадад ,Афганстан бейбітшілік миссияларына қатысуда. Бұл уақыт аралығында бұл миссияларға 3200-дей әскер қатысқан олардың 1800 БҰҰ мандаты бойынша 1400 халықаралық мандат бойынша өз міндеттерін атқаруда. Афганстанда Моңғол әскерлері Афганстан Ұлттық Қарулы Күшін құруда НАТО әскерлеріне бірге көмек көрсетуде.

 

Казіргі таңда Моңғолия бітімгерлері Сьерра-Леоне, Ирак, Этиоп, Эритрей, Батыс  Сахара, Либери елдерінде қызымет  атқаруда. Ирактағы бейбітшілік миссиясы кезінде моңғол әскерлері польша әскерлерімен бірге Ирактың оңтүстігінде Кэмп-Эхо базасының қауіпсіздігін қамтамасыз етті. 2005- 2006 жылдарда Моңғолия әскерлері Косоводағы Бельгия әскери тобында қызымет атқарды.

 

 

 Танкілері:

350 T-55  КСРО

250 T-62  КСРО

 

APC's

400 BMP-1  КСРО

300 BTR-60  КСРО

 

Моңғолия-ның әскери-әуе күштерін армия басқарады.

Ұшақ

Жасаушы

бейне

версия

Мөлшері

Antonov An-24

 КСРО

жүк тасымалдаушы ұшақ 

An-24

4

Antonov An-26

 КСРО

жүк тасымалдаушы ұшақ 

An-26

3

Antonov An-2

 КСРО

жүк тасымалдаушы ұшақ 

An-2

10

Harbin Y-12

қытай

жүк тасымалдаушы ұшақ 

Y-12

4

MiG-21PFM/UM

 КСРО

жойғыш ұшақ

MiG-21PFM/UM

8/2

Mil Mi-24V

 КСРО

шабуылдаушы тікұшақ

Mi-24V

4

Mil Mi-8

 КСРО

соғыс тікұшағы

Mi-8

20

Mil Mi-8

 КСРО

жүк тасыладаушы

Mi-8

12


Әкімшілік құрылысы

 

Моңғолия 21 аймаққа бөлінеді.

 Арханғай аймағы                             Завхан аймағы Орхон аймағы

Өвөрханғай аймағы

Өмөнговь аймағы

Сүхбаатар аймағы

Сэлэңгэ аймағы

Төв аймағы

Увс аймағы

Ховда аймағы

Хөвсгөл аймағы

Хэнтий аймағы

Завхан аймағы 

Орхон аймағы

Баян-Өлгей аймағы

Баян-Хонгор аймағы

Бұлғын аймағы

Говь Алтай аймағы

Говьсүмбэр аймағы

Дархан-Уул аймағы

Доронғовь аймағы

Дорнод аймағы

Дундғовь аймағы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                           Қытай

Қытай Халық Республикасы (төте жазу: جۇڭحۋا حالىق رەسپۋبليكاسى — Жұңxуа Халық Республикасы; жеңіл. қытайша: 中华人民共和国; дәст. қытайша: 中華人民共和國; пинйін: Zhōnghuá Rénmín Gònghéguó) — Азия құрылығында орналасқан мемлекет.

 

Халық саны бойынша, әлемдегі 1-ші мемлекет (1,3 млрд санынан астам, халық көпшілігі — этникалық қытайлықтар, өз атауы — хән); жер аумағы бойынша Ресей және Канададан кейінгі 3-ші орында. 1949 жылы Қытай Халық Республикасы жарияланғаннан бері елді Қытай Коммунистік партиясы билеуде. Ресми түрде сегіз партия болса да, ҚХР-сын бір партиялы, авторитарлық елдер қатарына жатқызады.

 

14 мемлекетпен шектеседі: Ауғанстан,  Бутан, Мианма, Үндістан, Қазақстан,  Қырғызстан, Лаос, Моңғолия, Непал, ҚХДР, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан және  Виетнам.

 

Тарихы

 

Қытай тарихы археологиялық мәліметтермен қатар, ерте заманнан бергі саяси өмір мен әлеуметтік қозғалыстарды зерттеуге мүмкіндік беретін, жазба көздерінің көпшілігі және түрлігімен ерекшеленеді. Діни-философиялық және тарихи мазмұны бар канондалған ежелгі қытай мәтіндері, әсіресе Конфуцийдің оқуы жазылғаны — өз кезегінде, қытай өркениетінің дамуына, қытай халықтарының көзқарасына әсер етті.

 

Қытай өркениетіне Конфуций заманынан  бері әрбір адамның жердегі өміріндегі бақыт пен аман-саулығына бағытталған  жоғары әлеуметтік-саяси белсенділік тән болды — адамның тағдыры құдайдың салғаны емес, өз еңбегінің арқасы. Қытай тарихындағы үлкен халық қозғалыстары менен Қытайға тән жоғары әлеуметтік көшпенділіктің мәнісі осында жатыр. Қытай өркениеті — әлемдегі ең ежелгілердің бірі. Қытай ғалымдарының айтуы бойынша, оның жасы бес мың жылға жуық, оның үстіне жазба көздері 3500 жылғы мерзімді қамтиды. Династиялар ауысқан сайын түрлі даму кезеңдерінен өткен ежелгі әкімшілік басқарудың баршылығы, өзге өркениеттен кейін қалып қойған көшпенді көршілер мен тау халықтарына қарағанда, жер өңдеу саласы дамыған экономикасының баршылығы анық артықшылық болды. Қытай өркениетін одан әрі конфуцийлік (б.з.д. 1 ғ.) және бірегей жазу жүйесінің енгізілуі күшейтті.

 

Саяси көзқарас бойынша, Қытай бірнеше  мыңдаған жылдар бойы, цикликалық түрде қайталанатын саяси бірлік пен шашыраңқылық мерзімдерінен өткен. Қытай аумағы басқыншылардың шабуылына жиі ұшырады, бірақ басқыншылардың көбі ертелі-кешті қытайланып, қытай этносымен араласып кетті. Қазіргі қытай мемлекеті мен қоғамы көптеген ғасыр бойы қоршаған азия халықтарымен мәдени және саяси араласуы менен енгізілуінің нәтижесі. Қытай этносының аса ірі демографиялық потенциалының көрші халықтарға тигізетін әсерін жоққа шығаруға болмайды.

 

Қытай тарихын  мерзімдеу

б.з.д. 2357. — б.з.д. 2255

| Аты аңызға айналған Яо билеуші

|-

| б.з.д. 2255 — б.з.д. 2205

| Аты аңызға айналған Шунь  билеуші

|-

| б.з.д. 2205 — б.з.д. 1766

| Аты аңызға айналған Ся әулеті

|-

| б.з.д. 1766 — б.з.д. 1122

| Аты аңызға айналған Шан-Инь  әулеті

|-

| б.з.д. 1122 — б.з.д. 247

| Чжоу әулетінің дәстүрлі мерзімдері

|-

| б.з.д. 246 — б.з.д. 207

| Цинь әулетінің дәстүрлі мерзімдері

|-

| б.з.д. 206 — б.з.д. 220

Хань  әулетінің дәстүрлі мерзімдері

220 — 264

| Вэй әулеті

|-

|265 — 420

|Цзинь әулеті (Батыс Цзинь: 265 — 316, Шығыс Цзинь: 317 — 420)

|-

|420 — 479

|Сун әулеті

|-

|479 — 501

|Ци әулеті

|-

|502 — 556

|Лян әулеті

|-

|557 — 588

|Чэнь әулеті

|-

|589 — 618

|Суй әулеті

|-

|618 — 907

|Тан әулеті

|-

|907 — 959

|Бес әулеттің заманы

|-

|960— 1279

|Сун әулеті

|-

|1280 — 1368

|Юань әулеті (моңғол)

|-

|1368 — 1644

|Мин әулеті

|-

|1644 — 1911

|Цин әулеті (манчжур)

|-

|1912 — 1949

|Қытай мемлекеті

|-

|1949 ж. 30 қыркүйегі

|Қытай Халық Республикасы

 

ҚХР (тарихы және қазіргі заман)

 

1949-1956 КСРО көмегімен өндірістің негізгі салалары салынды, өндірісті ұлттандыру және ауыл шаруашылығын коллективизацияландыру жүргізілді, жаппай социалистік құрылыс басталды.

 

1956 жылы ҚКП 8 съезінде Мао  Джетуң идеяларының жеңісімен,  «үлкен адым» саясатымен, «коммунизацияландырумен» аяқталған жаңа бағыт жарияланды. Одан кейін негізгі ұраны болған социализм құру кезіндегі класстық күресті күшейту және Қытайдың мемлекет пен қоғам құрудағы «ерекше жолы» екі жақтың теке-тіресінен «мәдени революция» жарияланды (тауарлық-ақшалай қатынастарды мойындамау, мемлекеттік емес жекешелендірудің болмауы, сыртқы экономикалық қатынастарды болдырмау, адалсыз саясаткерлерді жұрт алдында соттау, хунбэйбиндер және т.б.)

 

Бұл саясат кейін «төрт банданы» құлатқаннан соң, кейін билік  басына келген Дэн Сяопинмен әшкереленді. Қытай Коммунистік Партиясының Орталық Комитетінің 11 шақырылымымен өткен ІІІ Пленум (1978 жылдың желтоқсаны): жоспарлы-тарату және күллі шетелдік инвестицияны кірістіру, ұйымның кеңірек шаруашылық қарекет етуіне рұқсат беру, ауылдарда жанұялық тәртіпті енгізу, экономикадағы мемлекеттік сектордың пайызын кеміту, ашық экономикалық аумақты ашу, кедейшілікпен күресу, ғылым мен техниканы дамыту сияқты нарықтық болатын екі жүйенің біріктіруі арқылы социалистік нарықтық экономикаға курс жарияланды.

 

Қытайды хаостан, артқа қалудан  және кедейшіліктен алып қалып, қалыпты  әлеуметтік-экономикалық даму жолына салға Дэн Сяопин болатын. 1980 жылдың аяғы мен1990 жылдың бастарында Қытай  толықтай халықты тамақтандыру мәселесін, ЖІӨ (Жалпы ішкі өнім) және өндірісті жылдам түрде ұлғайтуын дамуын, халықтың өмір деңгейін көтеру мәселесін шешті.

 

Бұл түбегейлі жаңартулар одан кейінгі  келген Цзян Цземинмен және Ху Джинтаомен жалғастырылды.

 

2002-2005 жылдары Ху Цзинтао(қыт. 胡锦涛) өзінің қолына жоғары партиялық, мемлекеттік және әскери лауазымдарды алды (ҚКП ОК жоғарғы төрағасы, ҚХР председателі, ҚХБА бас қолбасшысы).

 

ЖІӨ-нің орташа өсуі 1990-1999 жылдары — 10,3%, 1998-2001 жылдары — 10%, 2002-2005 жылдары — 9% құрады.

 

ЖІӨ көлемі бойынша, Қытай АҚШ-тан кейінгі екінші орынды иеленіп жатыр[1]. Валюталық резервтері жылдам өсті. Сыртқы сауда көлемі 2004 жылға қарай 850 млрд. доллардан асып кетті.

 

Бірақ та Қытайдың орасан зор экономикалық өсуі өсіп келе жатқан саяси және әлеуметтік тұрақсыздықпен тіресті. Жасалған реформалар елдің тек жағажайдағы шығыс провинцияларға септігін тигізсе, өзге аймақтағы халық жағдайы өте төмен болып табылады, сонымен қатар әр аймақтың экономикалық жағдайының айырмашылығы ұлғаюда.

 

Қытай басшылығы бұрынғы КСРО аумағында  болып өткен «түрлі-түсті революцияларға»  күдікпен қарады, әлеуметтік ашынудың Қытайға келуінен сақтау үшін мемлекеттік бақылауды күшейту жолында үлкен жұмыстарға кірісіп, шетелдік Қытай басшылығы бұрынғы КСРО аумағында болып өткен "түрлі-түсті революцияларға" күдікпен қарады , әлеуметтік ашынудың Қытайға келуінен сақтау үшін мемлекеттік бақылауды күшейту жолында үлкен жұмыстарға кірісіп , шетелдік ықпалды шектетті.

Жапония қалалары