Жапонияның саяси жүйесі

Жапонияның саяси жүйесі

 

     Жапония мемлекетінің  саяси жүйесі өзіне тән ерекшелігімен анықталады.Бұл мемлекетте локальді және профектураларда әрекет жасайтын 10 мыңға жуық саяси партиялар тіркелген. Жапонияның саяси сахнасында 5 саяси партия шынайы түрде билікке араласып, өз жұмыстарын атқарып отыр.Қазіргі кезде мемлекеттің саяси жүйесінде көппартиялық қағида ұсталынады,яғни әрбір профектуралық аймақтардан әр түрлі идеялогиялық саяси партиялар құруға рұқсат етілген.Жапонияның саяси билігінде ағымдағы уақытта 1948 жылдар кезінде елдің саяси жүйесінде беделі күшті бір партия жұмыс істеуге көп мүмкіншілік болды.Мемлекет жеке министрлікті және министрлер кабинетін бірнеше рет таратып жіберуіне байланысты осы ел тарихында 1994 жылдар аралығында Либерал - демократиялық партиясы,социал-демократиялық саяси партиясы,көп мазмұнды емес «сакигакэ» саяси партияларының ортақ мүдде көздей отырып, коалиция құрған болатын,бұл Жапонияның соғыстан кейінгі тарихында орын алған болатын.

           1989 жылдан бастап Жапония императоры Акихито болды,оның мұрагері ханша Нарухито болды.

 

           Конституция бойынша императордың статусы анықталған, яғни император мемлекеттік биліктің  символы және халықтың бірлігі болып табылады. Жапонияның конституциясында мемлекет басшысының фигурасы көрсетілмеген. 7 статьеге сәйкес император көптеген функцияларды атқарады: Конституцияға промульгациялық жөндеу жүргізу, заңдар, үкіметтік указдар мен келісім шарттар, парламентті шақыру, парламент палатасының өкілдерін босату, барлықортақ парламенттік сайлаудың өтетіндігін жариялау, мемлекеттік министрлер мен басқа да тұлғаларды қызметке алу және оларды қызметтен босату, граматоларды беру, ортақ және жеке амнистия жариялау, сыйлық беру, жазаны жеңілдету.

 

1889 жылы ақпан айында Жапонияның Негізгі заңы қабылданды, соған сәйкес Жапония конституциялық монархия деп жарияланды.

          Мен Жапонияның саяси жүйесінен тоқталатыннан алдын, саяси жүйесінің кішкене тарихына тоқталып кетсем.  . Негізі бәрімізге белгілі Жапония елі Токугава сегунатына дейін абсолютті монархия елі болды. 1869 жылы Мэйдзи реставрациясынан кейін Министрлер Кабинеті батыстың саяси, сот, және әскери жүйесін ала отырып, Жасырын Кеңес құрды және Мэйдзи Конституциясын құруға дайындалған болатын, сонымен қатар парламентті құрды. Мэйдзи реставрациясы Жапония ммемлекетін ұлы державаға айналдырған болатын. 1956 жылы Жапония БҰҰ  кірді. Конституция бойынша Жапонияның императоры            « мемлекеттің символы және халықты біріктіруші », барлық мемлекеттік тағайындауларды  және  шешімдерді ол Министрлер Кабинетімен ойласып шешеді,яғни оған жауапты болады. Мемлекеттік кездесулерде император мемлекет басшысы ролін ойнайды. 1947 жылы 3 мамырда Жапония жаңа пацифисттік конституцияны қабылдады, яғни либералдық демократияға бет бұрыс жасады.Жапонияның  мемлекеттік билігінде ең жоғарғы орган және жалғыз Заң шығарушы орган – Парламент болып табылады. Ол екі палатадан тұрады : Өкілдер палатасы және Кеңестер палатасы. Өкілдер палатасы 480 депутаттан құрылады, сайлану мерзімі 4 жыл. Ал Кеңестер палатасы 252 депутаттан тұрады, сайлану мерзімі 6 жыл. Кеңестер палатасы әр үш жыл сайын жартысы жаңарып отырады. Конституция бойынша парламент  барлық заң билігін өз қолына алады және бірақ финанстық салаға араласа алмайды. Жапонияда 20 жастан асқан барлық азаматтарға барлықортақ дауыс беру құқығы берілген. Екі палатаны сайлағанда жасырын түрде өткізіледі.

Жапонияда екі негізгі партия бар. 2009 жылы парламентте көп дауысқа ие болған  социал-либералдық және демократиялық партия болды, яғни консервативтік либералық-демократиялық партияның орнын басып алды, бұл партия 54 жыл билікте отырған болатын.

Үкімет – Атқарушы орган, Жапонияның премьер-министрі басқарады. Бұл қызметке  парламеттің бір өкілін император тағайындайды.  Премьер-министр Министрлер Кабинетінің басшысы болып табылады. 2009 жылдан бастап премьер-министр Юкио Хатояма. 

Тарихи деректерге сүйенсек, Эдо дәуірінен бастап Жапонияның   құқықтық жүйесі қытайлық жүйеге негізделіп жасалған болатын. ХІХ ғасырдың соңына қарай Жапонияның соттық жүйесі романо-германдық құқыққа негізделіп жасалды, яғни Францияның және Германияның жүйесіне ұқсатылып. Мысалы, 1896 жылы жапон үкіметі германдық модельде азаматтық кодексін жасады. Статуттық құқығы заң шығарушы орган – парламет болды. Статуттық құқықтың негізгі бөлігін «Алты кодекс құрайды». Конституциядағы жаңа заңдар императордың  мақұлдағанынан кейін ғана өз күшіне енеді.

Жапонияның соттық жүйесі 4 сатыдан тұрады: Жоғарғы сот, аппелляциялық, негізгі және дисциплиплинарлық сот. Жоғарғы сот конституциондық судтарға сәйкес басқа мемлекеттерде  құқықтық нормалардан бас тартуға құқығы  бар. Жоғарғы сот өкілдерін үкіметтің ұсынысымен император тағайындайды, ал қалған судьяларды Министрлер Кабинеті тағайындайды.

Жапонияның Әскери күші. Хюго –Жапонияның тікұшақтық  теңіздік күш  қорғаудағы түрі. Жапонияның қазіргі әскери күші өзін-өзі қорғау күші деп аталады.2007 жылдан бастап Әскери Күшті Жаонияның Қорғау Министрлігі басқарады. Кейде Парламенттің рұқсатымен  бұл қызметті премьер-минстр атқарады.

Жапонияның әкімшілік бөлінісі. Жапония 47 жоғарғы сатыдағы әкімшіліктік жүйеге бөлінеді, яғни префектураға. Әр префектураны префект басқарады ( Хоккайдоны-губернатор), бұда өзінің  заң шығарушы және әкімшілік аппараты болады. Префектуралардың жағдайына қарай көбінше аймақтар бірігеді, яғни әкімшілік единицаға кірмейтіндер. 

Жапонияның префектураларына тоқталып кетсек:

Хоккайдо  Тохоку, Аомори, Иватэ, Акита, Ямагата, Фукусима Канто, Ибараки, Тотиги, Гумма, сайтама, тиба, Токио, канагава Тюбу, Ниигата, Тояма, Исикава, Фукуи, Яманаси, Нагано, Гифу, Сидзуока, Айти Кансай, Миэ, Сига, Киото, Осака, Хего, Нара, Вакаяма Тюгоку, Тоттори, Симанэ, Окаяма, Хиросима, Ямагутм Сикоку, Токусима, Кагава, Эхимэ, Коти Кюсю және Окинава, Фукуока, Сага, Нагасаки, Кумамото, Оита, Миядзаки, Кагосима, Окинава.

Негізі префектуралар кіші әкімшілік единицаларға бөлінеді. Олар 14 округ Хоккайдо, ерекше қалалар, яғни үкіметтің указымен жасалған және уездер жатады. Үкіметтің указы бойынша ерекше қалаларға 500 адамнан асатын жерлер кіреді. Профектуралардан мен уездерден басқа  мемлекетте муниципальдық түрдегі әкімшілік единицаларда бар. Олар орталық қалалар, ерекше қалалар, жай қалалар, Токионың арнайы аудандары, сонымен қатар ауылдар мен поселкалар.

Енді мен Жапонияның саяси жүйесіндегі маңызды ролді ойнайтын саяси партиялар жөнінде айтып кетсем:

Жаңа саяси партия  «Жапония, тұр» («Вставай, Япония»)Либералдық-демократиялық партияны сайлау кезінде фиаско кезінде құлағанға байланысты жапон саясаткерлері құрады. Жаңа саяси күштің басшысы  Жапонияның бұрынғы қаржы министрі Каору Есано болды. 

2009 жылы 30 тамызда Жапонияда Парламенттік сайлау өтті. Сайлау кезінде 480 депутат сайлануы керек еді. Төменгі палатаға 480 депутат сайланды.

Сайлауға мына партиялар қатысты;

  • Либералдық-демократиялық партия 119 орын
  • Жапонияның демократиялық партиясы 308 орын
  • Комэйто 21 орын
  • Японская партия возрождения 8 орын
  • Жапонияның социал-демократиялық партиясы 7 орын
  • Жаңа Халықтық партия 3 орын
  • Ниппонның Жаңа партиясы 0 орын
  • Жапонияның коммунистік партиясы 9 орын
  • Сенің партияң 5 орын
  • Доичидің Жаңа партиясы 0 орын
  • Ішкі партия 0 орын
  • Әлемдік экономикалық партиясы 0 орын
  • Фревей клуб партиясы 0 орын
  • Жапонияның күлетін партиясы 0 орын
  • Теңіз орманы партиясы 0 орын
  • Happiness Realization Party 0 орын

 

Жапонияның саяси жүйесінде және тарихында 1954 жылы либералдар мен демократтардан құралған либералдық-демократиялық партия 1993 жылдың ортасына дейін үкіметті осы партия басқарып келді. Одан басқа 4 партия – социалистік, коммунистік, демократиялық  социализм  және Комэйто( таза саясат партия ) қызмет атқарды. 80 жылдардың соңында ЛДП арасынан бірнеше топтар құрылып, жаңа саяси партиялар ( « Жаңа көкжиек», « Жапон демократиялық партиясы» т.б.) қалыптасты. 1993 жылы көктемде болған парламент сайлауында ЛДП жеңгенімен, басты орын басқа партияларға тиді. Солар бірігіп, коалициялық үкімет құрды ( Компартия оны қолдады, бірақ үкімет қатарына енбеді). Әуелі үкімет басынада  « Жаңа көкжиек» партиясының өкілі М. Хосакава болды.

1996 жылдың қаңтарына дейін премьер-министр Т. Мурояма (СДП), содан соң  Р. Хасимото (ЛДП) болды. Сол жылы тамыздағы парламент сайлауында ЛДП 500 орынның 207-н жеңіп алып, өзі бастаған коалициялық үкімет құрды. Оған СДП, жаңа партия Сакигаке ( бастама)  кірді. 1998 жылғы 31 желтоқсанда премьер-министр болып Дз. Обути ( ЛДП)  сайланды. Обутидің орнын кейіннен  Е. Мори басты ( 2000 жыл., көктем) Социалистер ( қазіргі СДП) қатты күйзеліске ұшырап, компартия әлсірей бастады. Комэйто  « Жаңа көкжиек» партиясын құрып, өзі тарап кетті. Сөйтіп, елдің саяси өмірінде айтарлықтай өзгерістер болды.

Жапония 1998 жылы азиялық экономикалық кризистен кейін регресске ұшараған еді, соған байланысты саяси жүйесінде премьер-министр Рютаро Хасимото 1998 жылы маусымда өз орнынан кеткен болатын. Оның орнына Кейдзо Обучи келді.  2000 жылы Обучидің қайтыс болғанына байланысты қызметке Еширо Мори келді. Ол қызметке келгенде көптеген қателіктер жасады. Мори 2001 жылы сәуір айында өз орнын босатты. Е. Мори үкімет басында бір жылдан астам болған. Оның орнына либерал-демократ Дзъюнтиро Коидзуми 11 премьер-министр 13 жылдың ішінде тағайындалды. Коидзуми жақсы атаққа ие болып, 2 жылдың ішінде мемлекетті өз қалпына келтірді.  Ол үкіметті Комэйто және консервативті партияларымен құрастырды. 2002 жылы қыркүйекте Солт. Кореяда өткен саммитте Ким Ир Чен ресми түрде Коидзумиге 1970-1980жж. Жапон азаматын ұрлап кеткендері үшін кешірім сұрады және кейіннен Коидзуми Солт. Кореямен келісім шартқа отырған болатын.  Коидзуми 2003 жылы қыркүйекте қайта сайлауға түсіп, ЛДП қайтадан жеңіп шығып, Комэйтомен бірге коалициялық үкіметін басқарды. және қатаң экономикалық реформалар жүргізетінін айтқан болатын.

Осы билік еткен тұста саясаткерлер арасындағы жемқорлықты шектеп, билеуші партия қатарындағы сыбайластықты тыюға қол жеткізілді. 2005 жылы Парламент оның мүлкі 3 млрд. Долларға бағаланып отырған елдегі пошта желісін жекешелендіру идеясымен келіспеді.

Бұған қарсы дауыс бергендердің арасында ЛДП-дан 40 депутат бар. Коидзуми осыдан кейін парламентті таратып, жаңа сайлау өткізді және одан жеңіске жетіп, үкімет басына қайта келіп отырды.

2001-2006 жылдары елдің қарулы күштерін бітімгерлік операцияларға қатыстыру мақсатын,да өзге елге шығаруға мүмкіндік беретін бірқатар заңдар қабылданды. 2006 жылы қыркүйекте Коидзуми қызметтен кетіп, орнына келген С. Абэ алғаш рет үкімет құрамында  Қорғаныс министрлігін жасақтады. Бірақ премьерлік қызметте Абэ ұзақ отырмады. Келесі жылы жазда парламеттің жоғарғы палатасына үміткер  ЛДП сайлауда жеңіліп, Абэның орнына Ясуо Фукудо тағайындалды. 2008 жылы шілдеде аралында  Үлкен сегіздік саммиті болып өтті.

Негізі Жапония  тарихында 3 примьер-министрді айтуға болады, олдар ХХ ғ.соңы мен ХХІ ғ. Басында М. Хосокава, Р. Хасимото және ДЗ. Коидзуми. Олар билік еткен кезде әр түрлі дәрежеде радикалды социалдық-экономикалық реформалар жүргізді. Әсіресе бұл программаны ойлап тапқан Дз. Коидзуми еді

Қазіргі таңда Жапонияда белсенді партиялар:Либералды-демократиялық партия, Жапонияның демократиялық партиясы, Жаңа Комэйто, Консервативтік партия, Жапонияның коммунистік партиясы, Социал-демократиялық партиясы.

 

1.Либерал-демократиялық партиясы.Либерал және демократиялық партияның бірігуі негізінде 1955 жылы құрылды.Ол құрылған кезде жемісті жұмыс атқарған болатын.Алғаш либералдық-демократиялық партия құрылған кезде олар орта тпаты құрамыз деген болатын және халықтың әл-ауқатын жақсарту еді. Сол жылдары бұл партияға қарсы шыққан Жапонияның социалистік партиясы болды. Олар ел экономикасындағы ірі бизнесті,жоғары бюрократияны, кіші және орта кәсіпкерлікке қолдау көрсеткен болатын. Бұл партияның ерекшелігі фракциялы болуында, қазіргі уақытта елдің әр саласын қамтитын 6 фракция қалыпты жұмыс істейді.Партияның лидері олардың съездерінде формальді түрде сайланады.Фракциялардың қаулысында лидер етіп бекітілген төраға іс жүзінде екі жыл өкілеттік ете алады.Партияның төрағасы үлкен өкілеттікке ие болды,ал партия бірінші хатшысы партияның ұйымдастырушылық қызметін атқаратын болған.Партия прифектураларда өздерінің федерацияларын орналастырылды,ал басқа әкімшілік аумақтарда ЛДП-ның бөлімшелері жұмыс істеді.Партияның формальді түрде 2,9 млн-нан жоғары мүшелері болды.Фактілі негіздер бойынша партияда фракцияны басқаруға қатысқан жүзеге жуық адамның рөлі болды.Ортақ сұрақтар кеңесі немесе атқарушы немесе әкімшілік кеңесі ЛДП-нің көптеген иәртебеге ие. Партия қоғам тұрақтылығы мен үкіметтік емес кәсіпорындарының құқығын қорғауды,ел экономикасын реттеуді қолға алды.1986 жылы партияның демократиялық кеңесінің қолдаумен Комэйто елде қолданылып жүрген заңдардың біразына толықтырулармен өзгертулер енгізді.Олар: Династикалық корпарациялар,мемлекеттік темір жол жүйесіне,олардың акционерлік компанияларын реттейтін заңдарға толықтырулар мен саяси реформалар жүргізді.

2.Жапонияның социал - демократиялық париясы.1945 жылы құрылды.1991 жылы партия атауын партия съезінде социалдық деген атаудан социал-демократиялық саяси партия деп өзгертілді.Социал партиясының базасын жұмысшылар,жеке шаруалар,балықшылар,орта және кіші кәсіпкерлер,интелегент мүшелері құрастырды.Партияның бағытын кеңестер белгілеп отырды.1947-1948 жылдары демократиялық партия мен біріге отырып, 1993 тамыздан, 1990 жылы маусым аралығында жетіпартиялық коалиция құрамында үкіметті құрамын құрастыруға қатысты.Партия мүшелері 70 мың адамнан асады.

3. «сакигакэ» (құқық жариялаушы) партиясы.Бұл партия 1993 жылы ЛДП-партиясы фракцияларының билікке таласуы арқылы бұл партия бөлініп өздері жеке партия құрды.Бұл партияның саяси ұстанатын бағдары ЛДП-партиясының ұстанған саясатынан ажыратылатын ешқандай маңызды қадамдары болған жоқ,тек олар коррупцияға қарсы күресі арқылы ғана ажыратылды.Бірақ бұл партия халықтан ешқандай маңызды қолдау көре алмады.

4.Жапонияның Коммунистер партиясы. 1922 жылы құрылып,  1945 жылы таратылған болатын. Қазір оның ұстанған идеалогиясын 400 мыңға жуық адам префектуралар құрамында қызмет істей отырып жүзеге асырып отыр.Әсіресе бұл партияның мүшелері осы партияның ұстанған саясатын ірі өндіріс салаларында атқарып отыр.ЖКП-ның жоғарғы органы –съеьзд болады,ол 2-3 жылда бір рет құрылылады.Бұл партия Бұқаралық ақпарат құралдарымен ара қатынасы өте жоғары дәрежеде болды.Партия өз атынан- «Акахата» газетін (2,4 млн жоғары тираж бен) газет,8 ұлттық газет,9 журнал шығаратын болған. Жапонияның  Коммунистік партиясы өзінің атауына сай коммунистік марксиздік-ленинизмдік идеялогияны ұстанған жоқ,Әрине кейбір идеялогиялық негізгі элементтері ұқсас болғанымен ол түпкілікті ол саясатты ұстанбады.

5.  Демократиялық социализм партиясы.1960 жылы негізі қаланды. ДСП-ның мүшелері негізінен социалогиялық интелегенттер болатын.Бұл партия Жапонияның социал - демакратиялық партиясымен бір мүддеге көп тоғысатын еді.Социалдық базасы қалалық кіші кәсіпкерлікті,жұмысшылар күшінің құқығын қорғаумен көрініс табатын.Партияның ең маңызы қадамы-Жапонияның  1989 жылы еңбек құқықтық кеңес конфедерацияларының бірігуін үйлестіру болды.

6. Комэйто ( нағыз саясат партиясы) 1964 жылы негізі қаланды.190 мың адам осы партияның мүшесі болып тіркелген.Ең алдымен олар буддизм сектасының бір догмасын қалыптастырды.1970 жылы «буддизмдік демократия» негізінде «гумандық социализмді» қалыптастырды.Осы партия СДПЯ- ұстанған саясатына опппазициялық іс әрекеттер танытып, жетілік коалицияның құрылуына қарсылық танытты.Негізгі базасы-ұсақ қалалық кәсіпорындар болды.

Саяси партиялардың мемлекеттің билік тармағындағы өкілеттігі.

Жапония  мемлекетінің бір билік тармағы ол Парламент .Парламент екі палатадан тұрады,Өкілдер палатасы,Кеңестер палатасы, яғни төменгі палата,жоғарғы палата.Негізінен саяси пртиялар арқылы Парламенттің төменгі,өкілдер палатасына пропорциональді партиялық тізім бойынша сайланады.Осы сайлауда қай партиялы сайлауға қатысқан халықтың басым көпшілік дауысын иеленген партия мүшелері Парламенттің төменгі палатасының,яғни өкілдер палатасының депутаты бола алады.Сонымен бірге Конституцияға сай осы төменгі палата,яғни өкілдер палатасы мемлекеттің атқарушы билік тармағын атқартын Министрлер кабинетінің құрылым қалыптастырады.Жапонияның  Конституциясына сай Үкімет мүшесі ол,бірдей парламент мүшесі болуы тиіс деп белгілеген.Яғни бұл қағиданың мазмұнына үңіле қарасақ, Парламент мемлекеттің Атқарушы билігінің құрылымын,яғни министрлер кабинетін,оның Примьер-Министрін Парламенттің өкілдер палатасына сайланған саяси партияның депутаттарының ішінен  Императорға примьер-министрдің,министрлер кабинетінің,яғни 20 министрліктің кандидаттарын ұсынады,Император Парламенттің ұсынуына сай оларды тағайындайды.Сонда сайлауда халықтың басым көпшілік дауысын алған саяи партия мүшелері парламент депутаты бола алады және мемлекеттің атқарушы билігінің құрамында,яғни министлер кабинетінде формальді түрде билікті атқарады.                       

            

 

ЖАҢА ЖАПОНИЯ: «ЕРТЕҢГІ ЖЕЛ – ЕРТЕҢ СОҒАДЫ!»

 

Жапонияда жаңа үкімет жасақталды. Бұл – тек Күншығыс елі үшін ғана емес, жалпы адамзат үшін де маңызы бар тарихи оқиға болды. Елу жыл бойы билік тізгінін бермей келе жатқан Жапонияның либералдық-демократиялық партиясы тамыз айында өткен жалпыұлттық парламенттік сайлауда жеңіліске ұшырады.

- 2009 жылдың 30 тамызы күні Жапония парламенті өкілдері палатасының (төменгі палатасы) сайлауы өтті. Оның қорытындысы бойынша Жапонияның демократиялық партиясы парламенттегі 480 орынның 311-іне ие болып, жеңіске жетті. Жеңімпаз партияның көшбасшысы Юкио Хатояма елдің премьер-министрі болып сайланды.

Үстіміздегі жылдың 16 қыркүйегінен бастап Жапония Премьер-министрі қызметіне кіріскен Юкио Хатояма жаңа ғасырдың басында әлемнің саяси аренасына шыққан Барак Обама, Махмуд Ахмадинежад сынды тұлғаға айналуы мүмкін. Бұлай ойлауымызға саясаткердің: «Мені тарих керуенін басқа арнаға бұруға бағытталған келешек істеріміз қатты толғандырады. Мен өзіме жүктеліп отырған тарихи жауапкершіліктің салмағын да анық сезінемін», – деген алғашқы саяси мәлімдемелері түрткі болды. Юкио Хатояманың АҚШ-тың сыртқы саясатына байланысты айтылған пікірі де бізді елең еткізді. Жақында ғана «New York Tіmes» газетінде жариялаған мақаласында Хатояма Жапонияда ғана емес, жалпы Азия құрылығында орын алатын болашақ өзгерістерді сипаттап шыққан. Азиядағы өзгерістерді Хатояма осы аймақтағы ортақ ақша айналымы бар саяси-экономикалық қауымдастық құрудан бастау керек деп есептейді. Әлгі мақаласында Хатояманың «…біз азиялық халық екенімізді ешуақытта ұмытпауымыз керек», – дегені тағы бар.

Аталған мақаласында ол: «АҚШ-тың бастамасымен жүзеге асып келе жатқан жањандану дәуірі аяқталуда. Осындай қым-қуыт заманда Жапония қалай өзінің саяси және экономикалық дербестігін сақтап қалып, ұлттық мүдделерін қорғайтыны мені қатты ойландырады. Өйткені, Жапония бүгін әлемдік гегемон ретіндегі рөлін сақтауға тырысқан АҚШ пен әлемдік гегемондыққа шығуға жол іздеп жатқан Қытайдың ортасында отыр» - деген ойын бүкпей жайып салды.

Бұл – бұрын-соңды әр сөзін салмақтап, саяси тілек-талаптарын жұмбақтап айтып келген Хатоямаға дейінгі жапон басшыларына мүлде ұқсамайтын батыл саясаткердің мәлімдемелері. Бұл әлемдік гегемондыққа тағы бір ел үмітті деген сөз. Бұл кісінің атасы да Жапонияның үкімет басшысы болған. Билікте болған тұсында Хатояманың атасы 1956 жылы КСРО мен Жапония арасындағы достықты жаңғырту жөніндегі келісімшартқа қол қойған еді. Енді, осы келісімшартқа қол қойған адамның немересі Ресеймен жақын араласуға мүдделі екендігін байқатып қойды. Бұған Хатояманың көптеген жылдар бойы «Ресей - Жапония» қоғамдық қорын басқарып келгенін тағы қосыңыз. Әрі Хатояманың Киитиро есімді баласы Ломоносов атындағы мемлекеттік университетте қызмет істейді екен.

Әйтсе де, мықты Жапония Қазақстанға теріс әсерін тигізбейді. Жапон халқының шығу генезисі туралы бірнеше гипотеза бар. Соның бірі – қазіргі кезде қызу талқыланып жатқан – жапондықтарды өзіміздің Алтайдан тараған деген болжам. Жапондықтардың мінез-құлқы мен батырлығы да бізге ұқсайды. Осы елдің Яити Хага деген этнопсихологы өзінің «Ұлттық мінез туралы он очерк» атты кітабында жапондықтың бойындағы қазақтан айнымайтын қасиеттерді тізіп шыққан болатын. Олар: басқарушы билікке деген табынушылық пен отаншылдық, ата-бабаға деген құрмет пен отбасылық намыс, табиғатқа деген махаббат пен сезімталдық, кеңпейілдік пен қонақжайлылық, әзілді жақсы көру, сыпайылық пен қанағат.

Бұл ортақ қасиеттер дипломатиялық келіссөздерде байқалып тұрады. Сосын ортақ тарихи тамырлар адамдарды бір-біріне магнитше тартып, жауласуға жол бермейді. Керісінше, тарихи туысқандық бір-біріне қол ұшын беруге, қиын-қыстау замандарда көмектесуге итермелейді.

Ежелгі жапон мен ежелгі түркі тілдерінде 18 сөздің сәйкестігі анықталғаны да белгілі. Сталиндік қуғын-сүргін кезінде біздің елге жер аударылған жапондықтар қазақтан өгейлік көрмей, пана тапқаны да кешегі күннің шындығы. Мұндай тарихи фактілер, еліміз егемендігін жариялағаннан бері Жапонияның қазақ еліне деген көзқарасының түзу болып келе жатқандығына да ықпал еткені рас. Сондықтан, бізге Жапониямен қарым-қатынасты тереңдету мәселесі, басқа мемлекеттермен байланысты дамытудан анағұрлым маңызды.

Біз үшін гегемондыққа ұмтылған Қытаймен бәсекеге түскісі келіп отырған Азиядағы мықты мемлекеттің болуы да тиімді. Жасыратын несі бар, алпауыт Қытай мен Ресейдің арасында отырған бізге, Жапония секілді серіктес ағайын керек. Еуразия кеңістігінде ғана емес, барлық бағыттарда болашақта түзетін сыртқы саясатымызды қолдайтын, сырттан келетін қауіп-қатерді тежеп отыратын, қажет десеңіз, ұлттық ерекшелігімізді қорғап қалу үшін де Жапония секілді елді стратегиялық әріптеске айналдыруға тиіспіз.

Қытай мен Ресейге, Батыс пен АҚШ-қа беріп жатқан табиғи ресурстарымызға қарай Жапонияға да жол ашып, есесіне басқа елдерден ала алмайтын технологияларды тартуымыз керек секілді. Оның үстіне мемлекетті басқару ісіне қажетті әдіс-айлалар мен қоғамдағы кейбір келеңсіздіктерді жоятын мінездерді үйрену – аса тиімді деп есептейміз.

Егер жақын арада Хатояманың арманы орындалып, Жапония гегемон елге айналатын болса, бұл біздің болашағымыз үшін өте пайдалы болмақ. Бұл – Жапонияның ықпалына түсу деген сөз емес. Бұл – бізге бір табан болса да жақын бір мемлекеттің жетістіктерін пайдалану, сол арқылы келешекте Қазақстанды Азиядағы көшбасшылық рөліне дайындау.

Бүгінгі халықаралық саяси-экономикалық байланыстар жүйесінде басты элементтердің бірі болып аймақтық қарым-қатынас ұстанымы дамып келеді. Яғни, күшті мемлекеттің маңайында орналасқан басқа елдер амалсыздан өркендеу жолына түспек. Тарихтың заңдылығы сондай, бір империяның орнына келесі бір фаворит дайын тұрады. Аймақтық принцип бойынша біріккен Еуропа, болмаса Оңтүстік Америка елдеріне қарағанда, азиялық елдердің бірігуі нәтижелі бола бастағаны осы кеңістікте ғұмыр кешіп жатқан бізді қуантады. Сондықтан, болашақта дамыған Жапонияның жеткен жетістіктері мен одан көрген жемістерді біз де татуымыз керек. Қазіргі таңда Еуропаға еліктеп-солықтаудан гөрі, Қазақстанға аймақтық қауымдастықты дамытуға ден қойып, сол ұйымдар ішінде ықпалды мемлекетке айналу – анағұрлым абырой әпермек. Сол себептен, Қазақстанға Күншығыс елінің жаңа саяси күштерімен байланыс орнатып, Жапонияның инвестициясын өзімізге молынан тартып, сол арқылы экономикалық тұрғыда біте қайнасып кетуіміз қажет. Жапондық мақалмен қорытқанда: «Ертеңгі жел – ертең соғады».

 

- Либерал-демократтардың оңбай жеңіліс табуының басты себебі - электораттың ЛДП-дан көңілі қалды, партияның жетекшілігіндегі кейбір тұлғаларының реформа барысында елдің премьер-министрі Л.Койдзумидің мемлекеттің саяси-экономикалық жүйесін жаңғыртпақ болған саясатын өрескел түрде бұрмалағаны. Партия соңғы үш жыл әлеуметтік және экономикалық реформалар барысында оңтайлы сәттерді бос жіберіп, Л.Койдзумидің тұсында жинақталған саяси капиталдың потенциалын пайдалана алмады. Сол себепті ЛДП басшысының беделі сайлаушылардың көңіл күйіне әсер ете алмады. Кезінде мемлекеттің аса жоғары сеніміне ие болған Л.Койдзуми кеткеннен кейін елдің саяси өміріндегі ілгерілеудің жоқтығынан, экономикадағы жағымсыз тенденциялар ЛДП жағдайын қиындатып жіберді. Бұдан өзге, демократиялық партиямен салыстырғанда ЛДП партия ішіндегі пікір қайшылығын реттей алмады, бұл партия мен басшыларының беделіне кері әсерін тигізді. 2007-2008 жылдар аралығында үкіметтегі, партия басшылығындағы ауыс-түйістер ЛДП рейтингісіне кері әсер етті.

- Демократтардың әлеуметтік салаға басымдық беретіні алғашқы аяқ алыстарынан байқалып қалды. Балаларға, асыраушыларының бірінен айырылып қалған отбасыларға берілетін жәрдемақы мөлшерін көбейту, зейнетақы жүйесін ілгерілету арқылы тұрғындардың әл-ауқатын көтеруді күн тәртібіне қойды. Сондай-ақ бұрынғы үкімет тұсында қабылданған бюджетті қайта қарап, тиімсіз деп тапқан бағдарламаларды қаржыландыруды тоқтатты. Сол арқылы жергілікті билік орындарының өкілеттігін күшейтуді де жоспарлап отыр.

- Жапония үкіметі Үнді мұхитындағы өзін-өзі қорғауға бағытталған Теңіз әскери күштерін қаржыландыруды тоқтатып, Ауғанстанға берілетін қаржылық-техникалық, гуманитарлы көмек мөлшерін көбейтетінін мәлімдеуі, АҚШ-тан Окинавадағы әскери базасын көшіруді талап етуі елдің Орталық Азияға бағытталған сыртқы саясатына айтарлықтай ықпал ететін болар.

Жапонияның үкіметбасы Ю.Хатояма Шығысазиялық қауымдастық алдында бірыңғай валюта енгізу жайлы ұсыныспен шықты. Жапон қоғамының алаңсыз өмірге деген үміті жаңа үкіметтің сайлауалды бағдарламаларының орындалуымен тығыз байланысты екенін, ол ақталмаса билік басына алып келген тарихи мүмкіндіктің уыстан шығып кететінін демократиялық партия басшылары жақсы біледі.

- Нобель сыйлығының иегері болған төрткүл дүниеге түгел танымал экономист-ғалым Роберт Манделл Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың баршаға ортақ және ешбір мемлекеттің құзырына бағынбайтын жаңа халықаралық валюта шығару қажеттігі туралы ұсынысын толығымен қолдап шықты. Ал жақында үкімет басына келген премьер-министр Юкио Хатояма «Менің саяси философиям» еңбегінде Азия валютасы және Азия ендігінде жатқан елдердің экономикалық интеграциясы туралы ұсыныс айтты. Жапонияның премьер-министрінің ұсынған идеясы қазақ Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың баршаға ортақ және ешбір мемлекеттің құзырына бағынбайтын жаңа халықаралық валюта енгізу туралы идеясымен үндестік тапты.

. Қазақ Президенті Нұрсұлтан Назарбаев премьер-министр Юкио Хатоямадағы ортақ ұстанымдар қазіргі әлемде бірде-бір ел дағдарысты жеке-дара еңсере алмайтынын, күш біріктірген кезде ғана жетістіктерге қол жеткізуге болады деген идеядан нәр алып жатыр.

Экономикалық интеграция мәселесінде оның алғышарттарын ескермесек болмайды: Интеграциялануға ұмтылып отырған ел нарығының дамуы, географиялық жақындығы, проблемаларындағы біркелкілік және көптеген факторларының деңгейі бір-бірінің деңгейімен салыстыруға келе ме? Біз бұл тұрғыда қалыптасу кезеңіне тұтастай ондаған жылдарды арнаған Еуроодақ елдерінің тәжірибесінен үйренер тұстарымыз көп.

Жақында Жапон үкіметі «Елдің дағдарысты ырықтандыруға бағытталған бағдарламасын жыл аяғына дейін қайта қарауымыз мүмкін» дегенді айтты. Либерал-демократтардың жеңілісінен сабақ алған демократиялық партия соңғы сайлауда қол жеткен жеңісінің саяси аванс екенін мойындайды. Кезек күттірмес жайттардың қатарын толықтырып отырған әлеуметтік, экономикалық жайттар, соның ішінде зейнетақы жүйесін реформалау, жұмыссыздықпен күрес, бала туу деңгейін көтеру, еңбектен қол үзіп, бала тәрбиесімен айналысып отырған аналардың жағдайына көңіл бөлу тәрізді мәселелерді кешенді түрде, бір-бірімен сәйкестендіре отырып шешуге тырысады. Бұл ретте Хатояма үкіметі Таро Асо кабинеті тұсында қабылданған дағдарыспен күрес бағдарламасына бірқатар түзетулер енгізді. Онда сайлауалды бағдарламаларда айтылған міндеттерді орындауға қосымша қаржы бөлу тетіктерінің механизмдері қарастырылған. Жапонияның Қаржы министрі 2010 жылдың бюджетін қаржыландыруға кірісіп үлгерді. Үкімет қабылдаған бағдарламаларда жеке тұлғалар мен орта және кіші бизнес өкілдеріне несие төлеу мерзіміне 3 жылға дейін мораторий жариялау, ең төменгі жалақы мөлшерінің деңгейін көтеру, кіші және орта бизнеске арналған компенсациялық төлем жүйесін енгізу тәрізді тың ұсыныстарымен айшықталады.

- Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2008 жылдың 18-22 маусым аралығында Жапонияға ресми сапары екі жақты қарым-қатынастарға тың серпін берді. 2009 жылдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы тауар айналымы 1 млрд 200 млн АҚШ долларынан асты. Жапонияның жаңа үкіметі тұсында біз үшін қарым-қатынастар динамикасын қазіргі деңгейде сақтап қана қоймай, оны жаңа деңгейге көтеру маңызды дер едім.

Жапония - инвестициялық, өндірістік және технологиялық әлеуеті жағынан әлемдік өркениет көшінің алғашқы бестігінен орын алған ел. Біз жапон компанияларына, инвесторларына, жапон технологиясын шығарумен айналысатын біріккен жобаларға еліміздің шикізаттық емес секторынан орын алуына жағдай туғызу арқылы екіжақты байланыстардың көкжиегін анағұрлым кеңейте алған болар едік. Ғаламшар шикізат көзінің азая түскенін барынша сезе бастады. Бұл ретте жапондықтар да қазақ елінің энергокөздерін өз еліне жеткізуге ғана емес, қазақтың табиғи мүмкіндіктерін бірлесіп пайдалануға барынша мүдделі болып отыр.

Біз тәуелсіздік алған күннен бастап саяси ұстанымымыздың - екі жақтың да мүддесі бірдей қорғалған, тең құқықты байланысқа негізделгенін қалайтынымызды, талап ететінімізді айтып келеміз. Тең құқыққа негізделген байланысқа қол жеткізу үшін жапонның соңғы үлгідегі технологиясының елге кедергісіз келуіне алғышарттарды қалыптастыру қажет екендігін түсінеміз. Екі ел арасындағы алыс-берістің негізгі мақсаты да осыны көздейді. Өткен жылдың желтоқсан айында екі ел арасында қосарланған салықтың алдын алуды көздейтін Конвенцияға қол қойылды, қорытындысында либерализация және инвестицияны қорғау туралы атом энергиясын бейбіт мақсатқа қолдану туралы келісімдерге қол қойылды.

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың экономикалық интеграция, жалпыға бірдей нарықтық кеңістік, бірыңғай валюта туралы ұсыныстары ішінара болса да қолдауға ие бола бастағанына әлем куә. Енді міне, қазақ елінде дүниеге келген идеялардың жаңғырығы Жапониядан да естіле бастады. Жоғарыда айтып өткенімдей, Жапонияның премьер-министрі Юкио Хатояма Азия ендігінің бір қиырынан Шығысазия қауымдастығы мінберінде алдына аймақтық бірыңғай валюта кеңістігін құру туралы ой тастады. Азия құрлығының екі жағында жатқан екі елдің бір мезгілде бір-бірімен үндесіп жатқан идеяларымен әлемдік қауымдастықтың назарын аударуы кездейсоқтық емес.

Менің ойымша, жапондардың соңғы үлгідегі технология секторындағы жетістіктері қазақ еліндегі бай шикізат кендері екі жаққа да, әсіресе, қазақ жағы үшін екі жақты ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеруіне, сөйтіп, экономиканы әртараптандыруға мол мүмкіндік ашар еді. Себебі қызмет барысында саясаткерлермен, жоғары шенді шенеуніктермен және жапон бизнес қауымдастығы өкілдерімен жиі кездесіп тұрамын. Олар ресми емес кездесулерде қазақ еліндегі инвестициялық климаттың тұрақтылығы жайлы жиі айтады. Әлемде біздің ел сияқты игеріліп үлгермеген табиғи кен байлығына ие елдер баршылық. Бірақ таңдау барысында шикізат байлығына ғана емес, сол елдің инвестициялық климатының тұрақтылығына да басымдық берілері даусыз.

Қазан айының соңғы онкүндігінде Астана қаласында экономикалық байланыстармен айналысатын қазақ-жапон комиссиясының оныншы мәжілісі өтеді. Оған жапон жағынан мемлекеттік органдардың өкілдері мен 25 жетекші компания қатысады. Басқосуға жапон жағынан экономика вице-министрі Хироюки жетекшілік етсе, қазақ жағын Энергетика және минералды ресурстар министрі А.Мағауов жетекшілік етеді.

Аталмыш басқосуда 2008 жылы өткен келіссөздер барысының орындалу барысын қорытындылаудан басқа мемлекетаралық комиссиясының статусына өзгерістер енгізу жайлы ұсыныстар айтылмақ.

 

Мен болашақ дипломат ретінде Жапония елі туралы жазғандықтан, Жапония мен Қазақстан Республикасының дипломатиялық қарым – қатынасына да тоқталып кеткім келіп отыр. 

Жапонияның саяси жүйесі