Жаппай қырып жою қаруларына түсінік
Жоспар
І Кіріспе
а) Жаппай қырып жою қаруларына түсінік.
ІІ Негізгі бөлім.
а) Ядролық қарудың зақымдаушы факторлары.
б) Химиялық зақымдау ошағының факорлары, оларға сипаттама.
в) Бактерологиялық қаруға сипаттама және зақымдаушы факторлары.
ІІІ Қорытынды.
Ортаны зарарсыздандыруға арналған заттар.
IV Әдебиеттер.
Жаппай қырып жою қаруларына түсінік.
Дүниеге келгеннен бастап-ақ ядролық өзіне ие болған мемлекеттің күштілігін білдіретін белгісі болып саналады. Қазіргі заманда ірі халықаралық саясат даулары барысында ядролық қару міндетті түрде есепке алынады. Орасан зор қирату күші бар осы қару адамзат қолында болғандықтан оның бір кезде пайдаланылатынына күмән жоқ. Ол қолданылды да. Әлемді дүр сілкіндіріп Хиросима мен Нагасаки жапон қалаларын жермен жексен қылды.
Адамдардың басым көпшілігі ядролық (атом) бомбаларының барын біледі, олардың жарылыс салдары туралы да естіген болатын. Алайда, ракеталық-ядролық соғысынан көтерілетін экологиялық проблемаларды, шығындардың мөлшерін, жалпы қирау көрінісін нақтылы мәнінде көз алдына елестете алатын тұлғалардың саны шамалы болса керек. Айтарлық, жалпы қырып жоятын қарудың қолданылуы аса шығындарды халық қалың орналасқан аймақтарда келтіреді, ядролық жарылыстардың адамдарға психологиялық жағынан ететін әсерін де есептен шығаруға болмайды. Оның үстіне, қаза тапқандардың, жарақат алғандардың жалпы зардап шеккендердің саны сау қалған адамдардың санынан, мысалы жеке бір қаланы алсақ, молырақ болуы мүмкін. Жарылыс салдарының біраз уақытқа созылатын әсері де жоқ емес.
Ядролық реакциялар –энергияның көзі.
Aтом ядросы протондар
мен нейтрондардан (жалпы аты-
Қосылу реакцияларының өз ерекшелігі бар: бұл жағдайда нейтрондың қатысымен емес, жеңіл ядролар өздері электростатикалық керіс тебу күштерін жеңіп қосылуға тиіс (синтез реакциясы). Уранның бөліну реакциясымен салыстырғанда дейтерий және тритий, немесе дейтерий мен литий қоспаларының синтез реакциясында босану энергиясы төрт есе көп болады. Алайда, синтез реакциясы жүру үшін жоғары температуралар қажет, сондықтан оны термоядролық реакция деп атайды. Термоядролық бомбаларда температураны көтергіш ретінде 235-уран немесе 239-плутонийдің ядро бөліну реакциялары жарылыс қалпында пайдалынады; олар негізгі қоспаны қыздырады. Және жарылыс заттардың қабықшасының құрамына 238-уран кіргізіледі. Онда алдымен бөліну реакция жүріп, температура көтеріледі; онан соң синтез реакциялары іске қосылады - бұл жерде көптеген нейтрондар пайда болып, қабықшада бөліну реакция жүруіне себеп болады. Жырылыстың осы үш сатысы бәріне лезде өте шығады (микросекунд үлестерінің шамасында). Термоядролық жарылыстың қуатын 50 Мт-ға дейін көтеруге болады (елу миллион тонна).
Ядролық қарудың зақымдаушы факторлар.
Жарылыс түрлерінің
ішінде ерекше орын алатыны әуедегі
және жер үстіндегі ядролық
Жарылыстың алғашқы
бастамасында энергияның бір бөлігі
гамма-сәулелер және нейтрон ағындары
түрінде босанады. Бұлар материядан
оңай өтіп терең енетін қасиетіне
қарай өткіш радиация деп аталған
және жолында кездескен тірі организмнің
клеткаларын иондайды (екі қарама-қарсы
электр зарядына бөледі). Энергияның басым
мөлшері жылу формасына айналады.
Жарылыс орталығында
Қызған газ бен ауа сәуле шашатын отты жарқыл шарды құрады. 1 Мт қуаты бар жарылыстың жарқыл шары өрістеп көлемі 10 секундта 2000 метрдей шамасына жетеді.
Кеңістіктің шектелген
аз көлемінде орасан зор энергияның
босатылуы себебінен ауа қысымы
күрт көтеріледі (1 млрд. атм. шамасына).
Тығыздалған ауа массасының жан
жаққа таралуы нәтижесінде
Биікте болған ядролық
жарылыстың радиобелсенділі өнімдері
- ядролардан бөлінген бөлшектері, реакцияға
қатысын үлгермеген жанар заттары,
нейтрон ағынның ықпалынан
Жалпы ядролық жарылыс энергиясы былай таралады: 50% -соққы толқыны, 35% - жарық сәулесі, 10% -ядролық сәуле қалдығы, 5% - өткіш радиация.
Жер үстіндегі ядролық
жарылыстың жарқыл шары жер қыртысына
тиеді, суи бастап ол жер бетінен
қисапсыз мөлшерде топырақты өзіне
сорып биікке көтереді де саңырауқұлақ
тәрізді радиобелсенді бұлтты құрайды.
Топырақтың құрамына кіретін кремний,
натрий, магний элементтері алғашқы
нейтрондардың ықпалынан
Сонымен жер үстіндегі ядролық жарылыстың зақымдау факторларына радиобелсенділік зақымы да қосылады.
Ядролық қарудың бір түрі нейтрондық қару деп аталған, өйткені энергияның басым бөлімі өте қуатты нейтрон ағынына айналып жер қыртысында сіңген радиацияның пайда болуына себеп болады. Оның үстіне нейтрондар, жоғарыда айтылғандай, электр заряды болмағандықтан материалдардан оңай өте береді. Нейтрондың қару қуаты аз, тротил баламасымен санағанда 10 мың т. жетпейтін бомбалар боп саналады; құрамының ерекшелігі - оған тек плутоний (қыздырғыш ретінде) және дейтерий мен тритийдің қоспасы кіреді.
Бұл қарудан сақтану
мақсатында қорғау паналарды бірнеше
түрлі материалдарды
Ядролық жарылыстың салдарынан адамдар, малдар және өсімдіктер жаппай зақымға ұшыраған, ал ғимараттар мен құрылыстар қирап бүлінген территорияны ядролық зақымдау ошағы деп атайды.
Жарық сәуленің зақымдаушы кесірі..
Жоғарыда айтылғандай жарылыс болған ортадағы температура бірнеше миллион градусқа көтеріліп жарқыл шар шнайды. Осы кезде жан жаққа өте күшті ультра күлгін сәуле арайды. Бірте-бірте шардың шардың сууы барысында көрінетін сәуле күшейеді, аяғында инфрақызыл сәулесі энергияның шығуын жалғастырады.
Ультра күлгін, көрінетін және инфрақызыл сәулелер ядролық жарылыстың жарық сәулесін құрайды, табиғатында электромагниттік сәулелену болып табылады. Адам жанарының ультракүлгін және инфрақызыл сәулелерді қөру қабілеті жоқтығынан жжарқыл шардың өсу және сөну мерзімдерін көрмейді, аалйда ол адамның көзін осы кезде де зақымдауы мүмкін. Қысқаша айқанда, адам ядролық жарылыстың басталған алғашқы сәтін біле алмайды.
Жарық сәулесі жан-жаққа түзу бағытпен тарайды, мөлдір емес заттардан өтпейді. Жарқыл шардың жарық сәуле шашу уақыты (t, c) мен бомбаның қуаты (q,кт) арасында эмпирикалық байланысы байқалады . Әуедегі және жер үстіндегі жарлыстардың сәуле иашу уақыты сонда: q=l млн.т. - t=10 c; q=10 мың. т. - t=2,2 cоққы толқынымен және өткіш радиациямен салыстырғанда жарық сәулесі едәуір қашықтыққа әсер көрсетеді, оның негізгі көрсеткіші жолын жарық күші (жарық импульсі) саналады.
Жарық күші Дж/м2 бірлігімен өлшеніп, сәуле таралу бағытына қарама қарсы перпендикуляр күйінде жайғасқан бір шаршы метр (1м2) бетіне жарқырау уақытты бойынша түскен жарық энергиясының мөлшерін көрсетеді. Оның басқаша алынған бірлік өлшемі 1 кал/см2, анықтау үшін 1кал/см2=4,18 104 Дж/м2(1 калория-судың 1 г мөлшерін 19,5°С-тан 20,5°С-қа дейін көтеру үшін қажет энергиясы). Ауа райы ашық, ауасы мөлдір күндерде 1 млн. тонналық бомба жарылысында жарылыс орталығынан 17 км қашықтықта жарық күші шамада 240 кДж/м2 тең (әуедегі жарылыс үшін). 100 мың т. бомба жарылысы үшін бұл көрсеткіштер 6 км қашықта болады.
Жарықтың сәуле шығару ауқымы жарылыстың қуаты мен биіктігіне және атмосфералық жағдайларға байланысты болады, оның әсерінен қатты қирау және орташа қирау зоналарда түтас жаппай, ал жеңіл қирау зонасында жекелеген өрт пайда болуы мүмкін. Толық қирау зонасында барлық нәрсе қирап, ұшатындары ұшырылып кеткендіктен өрт болмайды да, бірақ қатты түтіндейді. Тұтас жаппай өрт аумағында өрт дауылы көтеріледі; жанып жатқан өлкеге жан жақтан 50-60 км/сағ. жылдамдықпен ауа ұмтылып өртті одан әрі өрістетеді.
Химиялық зақымдау ошағының факорлары.
Зиян әсер етуіне қарай химиялық заттардың улағыш қасиеттеріне негізделген химиялық қару жаппай қырып жоятын қарудың бір түрі деп саналады. Оның негізін улағыш заттармен (УЗ) нысаналарға жеткізетін құралдар (зымыран, бомба т.б.) құрайды. УЗ әскері жасақтарды, халықтың ауыл-шаруашылық малы мен өсімдіктерін, су көздерді, азық-түлікті, техниканы белгілі уақытқа бүлдіру үшін жау пайдалануы мүмкін. Осы зақымдаушы қабілетін УЗ-дың улылығы деп атаған. Улағыш заттар әдетте сұйық немесе қатты түрде бола тұрып, қолдану барысында сұйық тамшы, газ және бу тәріздес затқа, түтін немесе тұман түріне айналып кетеді. Олар адамдарды тыныс алу, тері, ас қорыту жолдары арқылы уландырады. Алайда, адамның зақымдануының ауртпалығы УЗ-дың денесіне өткен мөлшеріне байланысты. Осы мөлшерді токсодоза деп атайды, ол мг/кг, мг/адам, (мг мин)/литр өлшем бірліктерімен есептеледі. УЗ адамға неғұрлым ұзақ әсер етсе оның зақымы солғұрлым күштірек келеді.
Химиялық қару бірінші дүниежүзілік соғысында және Вьетнам жерінде қолданылған көрінеді. 1975 жылы Халықаралық Женева келісімі бойынша оны қолдануға тиым салынған.
Химиялық қарудың ерекшеліктері.
Улағыш заттардың
ерекшеліктеріне мынау
- зақым келтіру көлемділігі - улағыш заттарға жер бетінің ғана емес, сондай-ақ ауаның жерге тақау қабаты да шалдығады, сонымен бірге ауа қозғалысы арқылы бірталай аймаққа таралады; бұның өзі арнайы қорғану әдістерін талап етеді;
- қорғану тұрғысынан арнайы жабдықталмаған ғимараттарға, үйлерге, құрылыстарға еніп кету қасиеті және онда ауа ауыстыру құралдары болмаса, көп уақыт осындай жерлерде улылығын сақтап тұруы;
- улағыш заттардың кейбір түрлері зақымдау қабілетін ұзақ уақытқа сақтайды (аптап, айлап); тәжірибе барысында өсімдіктерге жер арқылы өтіп малдарды үш жылдан кейін өлтіруі мүмкіндігі байқалған;
- улану себебінен пайда болған аурудын әр-түрлі жолдарымен дамуына байланысты адамды емдеу әдісін анықтауы қиындыққа соғады;
- улағыш заттардың адамның денесіне жараланбаған терісінен де ене алатын қасиеті;
- уландыру өрісінің жылдамдығы мен ауртпалығы (жеткілікті доза қабылдаған адам аз уақыт аралығында мерт болуы мүмкін);
- бірден көмек көрсетудің мүмкінсіздігі (арнайы медициналық көмекті көрсету үшін зардап шеккен адамды емханаға жеткізуінің өзі біраз уақыт алады);
- емханаға бір мезгілде өте көп науқастардың түсуіне байланысты емдеу қыиншылықтары; мысалы олардың 10-15 пайызына реанимациялық жағдай жасалуы керек;
- зақымданған аймақта санитарлық өңдеу өткізу жұмыстары талай күш пен арнайы құралдарды талап етеді.
Улағыш заттардың физикалық,биологиялық және химиялық қасиеттері.
Жүйке-сал ауруына ұшырататын улағыш заттар (зарин, воман, ви-экс) бәрі де түссіз, иіссіз сұйықтықтар. Бұлар орталық нерв жүйесін зақымдап сіңір тартылуға, сал ауруына, өлімге соқтырады. Жеке дәрі қобдишада осы заттарға қарсы антидоты бар.
Зарин - тұрақсыз, жоғары ұшпалы, тез буға айналады, өлім дозасы (мөлшері) 0,10 (мг мин)/л тең, бу түрінде қолданылады, қату температурасы - 56°С, қайнау температурасы 158°С, сумен жақсы араласып, оған сіңіп, ыдыстың түбіне түседі. Сондықтан су қоймаларын ұзақ уақытқа зақымдайды. Төмен температураның өзінде адам өлтіретін ауада шоғырлануын беруі мүмкін. Адам тері қыртысына өзгеріс келтірмей денеге сіңіп кетеді, және организмде жиналып тұратын қасиеті бар (кумуляивтік қасиеті). Заринның ықпалына түскен адамның көзінің қарашығы кішірейіп, өзі жарықты ауырсынады, кеудесіне ауыр салмақ басып тұрғандай сезінеді, дем алуы қиындайды.
Ви-экс - тұрақты, жазда
бір аптаға, қыста бір айға дейін
қасиетін сақтай алады. Ұшпалығы нашар,
суға арыласпайды, қайнау температурасы
300°С, қату температурасы - 50°С. Аэрозоль
түрінде қолданылады, өлім дозасы 0,01
(мг мин/л) тең, теріден өткенде 7 адам
тең. Зариннен күшті. Бұл заттың тері
арқылы өтетін кезде сырын түрінде
әсер ететін уақыты бар (бірнеше сағат).
коммулятивтік қасиеті бар.
Биологиялық қарудың қысқаша сипаттамасы.
Биологиялық қару
қазіргі заманның қауіпті қарулардың
бір түрі және ол халықты жаппай
қырып жою мақсатына арналған,
оның потенциалы орасан зор: құрғақ биоматериалының
әр грамм мөлшерінде жүздеген миллиард
микробтар болуы мүмкін. Мысалы,
таза кристалды ботулиникалық
- адамдарды зақымдау үшін - түйнек, оба, нағыз шешек, тyляpeмия, caп, мандам, тырыспа, сары қызба, орнитоз, іш сүзегі, Қу-қызбасы, Цуцугамуши қызбасы, солар мен қатар ботулиникалық токсин;
- жануарларды зақымдау үшін - аусыл, оба caп, түйнек және т.б.;
- өсімдіктерді зақымдау үшін - астық тұқымдастарының тотықтырғышы, күріш пирикуляриозы, картоп фитотррозы, мақта гоммозы, ж.т.б.
Биологиялық қарудың негізін биологиялық құралдар қалайды. Олар: бактериялар, вирустар, риккетсиялар, саңыррауқұлақтар; микробтардың өнімдері - токсиндер, мал және ауыл шаруашылық өсімдіктеріне зиян келтіретін жәндіктер мен зиянкестср, ауру қоздыратын микробтарды тасымалдайтын жәндіктер және өсімдіктерді шірітетін синтетикалық химиялық заттар-гербицидтер мен дефолианттар.
Биологиялық қаруды нысаналарға жеткізу немесе қолдану әдістерін екі топқа бөлуге болады: негізгі әдіс және диверсия жасау әдісі.
Негізгі әдісі бойынша биологиялық құралдар аэрозоль (тұман) түрінде құрғақ немесе сұйық қалпында жел бағытымен жіберіледі, сонда жерге жақын ауа қабатының жүздеген шаршы шақырымы зарарданылады (зақымға ұшырайды). Әдісті қолдану үшін аэрозолды ұшақтардан арналған шандатқыштар арқылы себеді немесе авиациялық бомбалар тасталады. Одан басқа, жерге тиісімен өздігінен жарылатын: зеңбірек снарядтары, миналар, пластиктен жасалынған бомбалар, контейнерлер, кассеталар, басқармалы биологиялық зымырандар. Нысаналарға жеткізу үшін ауа шарлар да пайдалануы мүмкін.
Ортаны зарарсыздандыруға арналған заттар.
Адамды, қоршаған ортаны микробтардан зарарсыздандыру үшін дегазацияға арналған тотықтыру және хлорлау әсерін келтіретін заттар, солармен қатар формалин, фенол және т.б. қолданылады.
Формалин - формальдегидтің суда 30-40%-тік ерітіндісі, өткір, тітіренті иісі бар мөлдір сұйықтық. Сақталу барысында полимерленеді де, ерітіндіде параформальдегидтің ақ жалырақшалары пайда болады. Формалиннің өзі де, буы да улы (организмнің ішіне өткен өлім мөлшері 10 граммға жуық).
Сондықтан оны пайдаланғанда противогазды қолдану керек.Формалинды жүннен жасалған бұйымдарды, теріден тігілген аяқ-киімді, қару-жарақтарды және техниканы зарарсыздандыру үшін пайдаланады. Спорларға айналатын микробтарға қарсы формалинді 1:1 қатысы бойынша сумен араластырып, осы қоспаға (1 л) монохлорамии (100 г.) қосылады. Монохлорамид - хлор иісті, суда оңай еритін ақшын-сары ұсақ кристаллдар. Егер микробтар спорларды құрмаса, онда формалинды 1:9 қатысы бойынша сумен араластырады. Формалин ерітінділерін қолдану барысында температура 10°С төмен болмауы керек. 1 м2 өндеуге жататын ауданға 0,3-0,5 л формалин ерітіндісі жұмсалады. Формалин шыны не алюминийден жасалған ыдыста сақталынады.
Фенол, таза түрінде, қызғылт түсті кристаллды зат, суда нашар ериді. Зарарсыздандыру жұмыстарында карбол қышқылы пайдаланылады, ол 90% фенолдан және 10% судан тұратын сұйықтық. Спорлары құрамайтын микробтарға қарсы қолданылғанда, үйлерді, қару-жарақты, техниканы және киім-кешекті зарарсыздандыру үшін 3-5%-тік фенолдың судағы ерітінділері пайдаланынады.
Жәндіктер мен кенелерді жоюға арналған заттарды инсектицид заттары деп атайды. Осы қатарда кеңінен тараған ДДТ, гексахлоран т.б.
ДДТ (дихлордифенилтрихлорэтан) - ақ кристаллды ұнтақ, суда ерімейді, органикалық еріткіштерде жақсы ерітеді. Адамға қауіпті, оны шаңдатқанда противогаз және тері қорғайтын құралдарды қию керек. Көбінесе ұнтақ түрінде дуст деп аталған пайдаланылады (5-12% ДДТ және 88-95% толтырғыш зат-талька, каолин, т.б.). Жәндіктерді киім-кешекте, үйлерде, қыртысында және өсімдіктерде қыруға қолданылады. ДДТ битумдалған қағаз қаптарда сақталынады.
Гексахлоран - сүр түсті, зәк иісті кристаллды зат. Қасиеттері ДДТ-ға жақын, онымен істеу әдістері де бірдей. Тұрақты жағымсыз иісі болғандықтан гексахлоранды киімді, азық-түлік қоймаларының, тұрғын үйлердің, жұмыс істейтін орындардың іш жақтарын өндеу мақсатында қолданбайды.
Хлорлы әк 0,2-0,5% -тік, 2-3%-тік, 5-10%-тік судағы ерітіндісі және құрғақ қалпында суды, ыдыс-аяқты, үй-жайларды жиһаздарды, ғимараттардың сыртқы бетін, әжетханаларды жергілікті жерді және басқаларды зарарсыздандыру үші қолданылады. 10%-тік хлорлы әк ерітіндісін дайындау үшін бір шелек (10 л) суға 1 кг құрғақ хлорлы әк салады. Ерітіндіні дайындап бола салысымен пайдаланады. Тұнықтырылған ерітіндіні 24 сағат бойы тұндырып дайындайды.Осылардан басқа зарарсыздандыру заттар ретінде хлорамині 0,2-1%-тік ерітіндісі, лизолдың 3-5%-тік ерітіндісі, ДТС-ГК 1-3%-ті ерітіндісі, сутегі асқын оксидінің 3%-тік ерітіндісі, этилен оксиді және т.б. қолданылады.
Бактериялық зақым.
Егер территорияда биологиялық қару қолданылса, ал жерге жайылған микробтардың түрлерін анықтауы қыиндыққа соқса ұзақ уақытқа созылса, онда да жалпы мәліметтерді есте ұста адамдар кешенді түрде, уақытылы, дер кезінде төменде айтылатын мәліметтерді есте сақтап әдістерді орындайды:
- инфекция микробтар саны қоршаған ортаның әсерінен бара бара төмендейді, ақыры олар тек адамдарда немесе жануарларда (өсімдіктерде), азық-түлік, суда қалады; оларды басым көбісінің жоғары немесе төмен температураның бейімділігі аз; суда қайнатылғанда, тікелей күн сәулесі түскенде, зарарсыздандыру құралдар, бактериофагта қолданылғанда әжептеуір жойылады;
- АҚ-тың медициналық
жасақтары және басқа да
- Бірнеше инфекциялы
ауруға қарсы тұратын, кеңінен
пайдалы әсер беретін
Ядролық зақымдау ошағы өткен артық қысымның шамасына қарай бірнеше зонаға бөлінеді:
1) Толық қирау зонасы -ΔРІІІ=50 кПа-мен (0,5 кгс/см2) шектеледі. Жер үстіндегі құрылыстардың барлық түрі жермен жексен болып, тек қана үйінділер қалады. Жер астындағы қорғаныс ғимараттар, панаханалары, коммуналдық жүйелері едәуір бүлінеді. Қорғанбаған адамдардың бәрі өліп, жер астында орналасқан паналаушылар әр-түрлі жарақат алады.2) Күшті қирау зонасы - ΔРІІІ=50-30 кПа арасында. Өнеркәсіп және тұрғын ғимараттардың көбісі толық қирап немесе қатты бұзылады, бірақ жер астындағы құрылыстар толық сақталуы мүмкін; жасырынбаған адамның көпшілігі қаза табады. Қорғаныс па алардағы адам арасында жарақат алғандар көп емес, жер беті раиобелсенді заттармен қатты ластанады.3) Орташа қирау зонасы -ΔРІІІ=30-20 кПа арасында. Көп қатты ғимараттар, электр жүйелерінің бағандары орташа немесе бір шамада бүлінеді, қорғаныс паналар, жер төлелер толық сақталып қалады. Кейбір жерлерде үйінділер болуы мүмкін. Адамдарға көмір қышқыл газбен улану қауіпі төнеді. Осы үш зоналар ядролық зақымдану ошағының 1/3 бөлігін құрайды және бұл жерде құтқару жұмыстары күрделі түрде жүреді.4) Жеңіл бүліну зонасы - ΔРІІІ =20-10 кПа арасында. Ғимараттардың тек терезе жақтаулары, есіктері, ішінара үй шатырлары бүлінеді. Ағаш үйлер бұзылады, жеңіл от алатын заттардың төгілуінен екінші қайтарма өрт пайда болуы мүмкін.
Жоспар:
- Радиация
- 2.1.Радиация және олардың түрлері
- 2.2. Иондық сәулелену деген не және қалай пайда болады?
- 2.3.Иондық сәәулеленудің топтары
- 2.4.Тіршіліктің пайда болуының алғашқы кезеңінде сәулеленудің маңызы
- 2.5. Органикалық эволюцияға радиация мөлшерінің әсері
- 2.6. Радиоактивтілік сағат оқымыстыларға тамаша көмек көрсетті
- 2.7. Сәулеленудің генетикалық әсері
- 2.8. Радиосезімталдық
- 2.9. Инкорпорировланған радиоактивтік заттардың биологиялық әсері
- 3. Адамның тіршілік ету ортасының жағдайына байланысты сәулелену
- 3.1. Радиоактивтік заттардың өсімдіктерге әсері
- 3.2. Радиоактивтік сәулеленудің залалды әсерлерінің пайдалы болуы
- 3.3. Радиоактивтік сәулелену – ғажайып көреген көз, санаушы
- 3.4. Атом энергия бұлағы
- 3.5. Атом өндірісінде және радиоактивтік заттармен жұмыс істегенде қауіпсіздік техникасы және денсаулықты сақтау
- Қорытынды
Кіріспе
Атом энергиясы – адам өмірінде маңызды орын алады. Энергия жеткілікті болғанда қоғамның дамуы қарыштап алға басады. Оған жиырмасыншы ғасыр дәлел. Бүгінгі күнгі негізгі энергия қоры болып саналатын – көмір, мұнай, газ бір кезде өзінің шегіне жетуі мүмкін. Соны болжай білген ғалымдар энергия көзін ашты. Бұл – атом энергиясы. Атом энергиясы адам өмірінде кең қолданылатын энергия түріне айналып келеді. Бұл энергия түрімен жұмыс істегенде, оның адам ағзасына тигізетін әсерін және соған байланысты физиологиялық өзгерістерді біліп, денсаулықты сақтау маңызды мәселе.
Биологияның барлық салаларының табиғи құбылыстарымен тығыз байланысты өріс алтынын ғылымның бүгінігі даму деңгейі айқын көрсетіп отыр. Өсімдіктер күн сәулесінің энергиясын өзіне сіңіріп, тіршілігін жалғастырса, жануарлар және адам организміндегі физиологиялық құбылыстардың өтіп тұруы да энергияны қажет етеді. Табиғи энергияның тым жоғары немесе төмен болуына байланысты тірі организмнің пайда болып, дамып, күрделенуі немесе Жер бетінен жойылып кетуі эволюциялық кезеңдерде кездесіп отырған.Табиғи энергия және жасанды энергия /атомнан алынған/ әсерлері қатарлас келсе, онда тірі организмнің өмір сүруіне қауіп туатынын оқымыстылар зерттеулерінде ғылыми тұрғыдан дәлелдеп берді.
2.1.Радиация және олардың түрлері
Радиация латын тілінде
радиус-сәуле деген сөз.

- Жаппай тәптіпсіздік
- Жарақат аурулары
- Жарақаттану және қан кету кезінде көрсетілетін алғашқы медициналық жөрдем
- Жарақаттар және кенет аурулар кезінде адамның тiршiлiк әрекетiнiң қауiпсiздiгiнiң негiздерi
- Жарақаттар және кенет аурулар кезінде адамның тiршiлiк әрекетiнiң қауiпсiздiгiнiң негiздерi
- Жарақат түрлерi
- Жарақат ұгымы жэне түрлері
- Жапонияның саяси жүйесі
- Жапония сақтандыру нарығы
- Жапония салыгы
- Жапония салықтары
- Жапония экономикасы
- Жаппай кырып жою куралдары
- Жаппай қырып жою қарулары