Жартылай өткізгіштер туралы мәліметтер
Маңғыстау эенергетикалық колледжі МКҚК
Өзіндік жұмыс
Тақырып : Жартылай өткізгіштер туралы мәліметтер
Дайындаған : Машириков Қайрат
Жартылай өткізгіштердің металдардан және диэлектриктерден айырмашылығы
Электр тогын өткізу қабілетіне байланысты барлық материалдар өткізгіштер, диэлектриктер және жартылай өткізгіштер болып бөлінеді. Бұлардың электрлік қасиеттерін салыстырайық. Өткізгіштерде өте көп бос зарядты тасымалдаушы бөлшектер болады. Қатты өткізгіштердің көпшілігін металдар құрайды. Металдардың жоғарғы электр өткізгіштігі олардың кристалдық торының құрылымымен түсіндіріледі.
Металдарда
барлық кезде өте көп еркін
электрондар болады, олар оң зарядталған
иондардан тұратын кристалдық тордың
ішінде қозғалады. Заттардың электр
өткізгіштігі еркін зарядты
Өткізгіште
қоспаның аздаған мөлшері болуы
еркін зарядты
Диэлектриктерде еркін зарядты тасымалдаушылар тіптен болмайды. Олардың барлық электрондары белгілі бір атомдармен байланысқан болады, және электронды атомнан бөліп алу үшін едәуір энергия жұмсау керек болады. Жылулық қозғалыстың әсерінен кейбір электрондар атомдардан бөлініп шығуы мүмкін, бірақ ондай электрондардың саны диэлектриктерде өте аз болады.
Диэлектриктердің электр өткізгіштігі негізінен онда бөгде қоспалардың барлығымен анықталады. Диэлектрикте, электронын жеңіл беретін бөгде атом болса, онда еркін зарядты тасымалдаушылар пайда болады, яғни олардың концентрациясын n арттырады. Сонымен, диэлектрикке қоспа ендіру әдетте оның электр өткізгіштігінің едәуір артуына алып келеді.
Жартылай өткізгіштер өткізгіштер мен диэлектриктердің аралық жағдайын алып жатады. Таза жартылай өткізгіштерде диэлектриктерден принципиалдық айырмашылығы жоқ. Себебі бұл екеуінде де еркін зарядты тасымалдаушылар жоқ, оларды пайда ету үшін (электрондарды атомдардан жұлып алу үшін) кейбір энергия жұмсау керек. Бірақ егер бұл энергия диэлектриктер үшін өте үлкен болса, ал жартылай өткізгіштер үшін ол аз шама.
Жартылай өткізгіштердің электр өткізгіштігі олардың тазалығына өте күшті тәуелді. Диэлектриктердегі сияқты, жартылай өткізгіштерде бөгде қоспалардың болуы, мысалы басқа элементтің аздаған атомының болуы, оның электр өткізгіштігін едәуір арттырады.
Жартылай өткізгіштердің меншікті кедергілерінің температураға тәуелділігі
Өзінің меншікті кедергісі ρ бойынша жартылай өткізгіштер металдармен ( ρ = 10-7 – 10-8 Ом.м) және диэлектриктердің (ρ > 1∙ 108 Ом.м) аралығын ала жатады. Меншікті кедергі бағанасында, кейбір металдардың, жартылай өткізгіштердің және диэлектриктердің алатын орны 1– суретте бейнеленген.
Алайда, меншікті кедергісі
бойынша заттарды топтау едәуір шартты
болып саналады, өйткені бірқатар
факторлардың әсерінен (температура, сәулелену,
қоспалар) көптеген заттардың меншікті
кедергісі өзгереді, ал оның үстіне
жартылай өткізгіштерде ол қатты
өзгереді. Сондықтан, жартылай өткізгіштерді
металдардан ажырату үшін жалпы
белгілер бойынша қарастыру керек
және алдымен температураға
2 - сур.
Енді температураның зттардың электр өткізгіштігіне әсерінің табиғатын қарастырайық.
Температура
артқанда металдарда еркін зарядты
тасымалдаушылардың концентрациясы өзгермейді,
ал олардың қозғалғыштығы
Температура ртқанда диэлектриктердің электр өткізгіштігі нашар өседі. Алайда, диэлектрикте еркін зарядты тасымалдаушылар пайда болу үшін қажетті энергия өте жоғары, сондықтан диэлектрикті қыздырған кезде, онда елеулі еркін зарядты тасымалдаушылар мөлшері пайда болғанша, оның термиялық бүлінуі басталады.
Жартылай
өткізгіштің температурасы
Жартылай
өткізгіштердің температурасы төмендеген
кезде еркін зарядты
Жартылай
өткізгіштердің өткізгіштігі температураға
күшті байланысты. Бұл жартылай өткізгіште
жасалған әртүрлі термо сезімтал
құралдардың құрылысында
Жартылай өткізгіштердің түрлері
Жартылай өткізгіштерде
Менделеев кестесінің орта тұсындағы
он екі химиялық элементтер жатады.
Олар: бор (В), көміртегі (С), кремний
(Si), германий (Ge), қалайы (Sn), фосфор (Р), мышьяк
(As), сурьма (Sb), күкірт (S), селен (Se), телмур
(Те), йод (І). Мұнан басқа үшінші топтағы
элементтердің, бесінші топтағы
элементтермен қосындысы, көптеген
металдардың оксидтері мен
Өзіндік жартылай өткізгіштердің электр өткізгіштігі
Өзіндік жартылай өткізгіштердің электр өткізгіштік механизмін германийдің немесе кремнийдің монокристалының мысалында қарастыру қолайлы, оның құрылымының сұлбасы (бір жазықтықта) 4 – суретте бейнеленген. Себебі өте кең қолданылатын жартылай өткізгіштер Ge және Sі
сыртқы электрондық қабатта төрт электроны болады, яғни олардың валенттілігі төртке тең. Мұндай элементтердің кристалдық торында (алмаз типті тор деп аталынатын) германийдің Ge немесе кремнийдің Sі әрбір атомы, бірдей қашықтықта орналасқан, көрші төрт атоммен қоршалған.
Атомның ең орнықты күйі, оның сыртқы электрондық қабатында сегіз электрог тұрған кезде екендігі белгілі. Сондықтан Ge және Sі атомдары электрондық қабаттарды сегіз электронға дейін толтырып, көрші атомдармен жалпы электрондық жұп құрайды (коваленттік байланыс).
Әрбір екі
көрші атомдар екі ортақ
Бөлме температурасының өзінде жартылай өткізгіш кристалында жылжымалы электрондардың біраз сандары болады және температураның артуына байланысты олардың саны тез көбейеді. Германий Ge жағдайында, кремнийге Si қарағанда, атомнан электронды жұлып алу үшін энергия аз жұмсалады. Сондықтан таза германийдің Ge кедергісі, кремнийдікіне Si қарағанда едәуір аз (ρGe ≈ 0,5 Ом.м, ал ρSi ≈ 2 ∙ 103 Ом.м).
Атомнан электронды бөліп шығарған кезде атомның қабатшасында бос орын пайда болады, ол орынды «кемтік» деп атайды. Ортақ электрондары бар көрші атомдар, электрондармен үнемі алмасып тұратындықтан, бұл кемтік басқа электронмен толтырылуы мүмкін және бұл кезде енді басқа атомда бір электрон жетпей тұрады. Электрон үзіліп шыққанға дейін атом электрлік нейтраль болғандықтан, онда электронның жетіспеуі атомға оң заряд береді. Сондықтан, электронның бос орны – кемтіктің зарядын оң деп санайды. Бұл бос орын – кемтік – кристалл көлемінде үнемі және тынымсыз орын ауыстыруда болады, бұл заряды сандық жағынан электрон зарядына тең оң зарядтық осылай ауысып отырумен бірдей болады.
Сонымен, бос электрондар және кемтіктер кристалл бойынша, қандай да бір еркін электрон атом қабатшасындағы кемтікпен кездескенше, ретсіз орын ауысып отырады (бос орынға тап болғанша). Бұл кезде қозғалыстағы екі зарядты тасымалдаушылар жоқ болады: бос электрон және кемтік, яғни рекомбинация жүреді.
Әрбір белгілі-бір температурада жұптың пайда болуының «электрон-кемтік» (генерация) және олардың жойылуының (рекомбинация) аралығында динамикалық тепе-теңдік орнайды. Неғұрлым температура жоғары болған сайын, солғұрлым «электрон – кемтік» жұптары пайда болып, жартылай өткізгіш кристалында олардың бір мезгілде болуының саны артады.
Егер осындай кристалды электр тізбегіне қосса, онда оның ішінде электрондар, теріс полюстен оң полюске қарай реттеліп қозғала бастайтын болады. Өрістің әсерінен байланысқан электрондар да көбінесе өрістің күш сызықтары бойымен көрші атомдардан бос орындарға көше бастайды, ал бос орындар (кемтіктер) осы сызықтардың бойымен қарсы жаққа қарай орын ауыстыра бастайды.
Сонымен, өрістің
әсерінен кемтіктер де оң зарядты
алып жүре отырып реттелген қозғалысқа
түседі. Шын мәнінде, бір жаққа
тек бос электрондар мен
Бос электрон
кемтікпен кездескенде олар рекомбинацияланады,
сөйтіп олардың қозғалысы тоқталады.
Бос электрон мен кемтіктің рекомбинацияға
дейінгі орташа еркін жол жүру
ұзындығы өте аз (0,1 мм-ден артық
емес). Тынымсыз жылулық генерация
жаңадан «электрон – кемтік»
жұбының пайда болуына алып келеді,
олар қайтадан зарядты тасымалдай бастайды.
Сонымен, электр өрісінің әсерінен кристалда
еркін зарядты
Зоналық теория бойынша өзіндік жартылай өткізгіштің өткізгіштігі валенттік зонаның жоғары деңгейлерінен электрондардың өткізгіштік зонаға ауысуынан пайда болады. Бұл кезде өткізгіштік зонада ток тасымалдаушылардың бірнеше саны – зонаның түбіне жақын деңгейлерде орналасқан, электрондар пайда болады; валенттік зонаның жоғары деңгейлерінде бір мезгілде осынша саны бар бос орындар пайда болады, осының нәтижесінде кемтіктер пайда болады. Керісінше рекомбинация процесіне электронның өткізгіштік зонадан валенттік зонаның бір бос деңгейіне ауысуы сәйкес келеді.
Жеткілікті
жоғары температурада өзіндік жартылай
өткізгіштің өткізгіштігі барлық жартылай
өткізгіштердің түрлерінде байқалады.
Алайда, қоспасы бар жартылай өткізгіштерде,
электр өткізгіштік өзіндік және
қоспалы өткізгіштіктердің
Егер балқытылған
таза германийге немесе кремнийге Менделеев
кестесіндегі үшінші топтың элементтерінің
атомдарының (Іn, Al, Ga, B және басқалар)
аздаған мөлшерде қосса, мысалы
Іn, онда қатайғаннан кейін
Іn атомдары кристалдық тордың кейбір
түйіндерінен орын алып, кристалдық құрамына
енеді. In атомдары кристалда төрт
көрші Ge атомдарымен ортақ
электрондық жұп құрайды. Алайда
индий Іn атомында сыртқы электрондық
қабатта үш қана электрон болғандықтан,
сегіз электроннан тұратын
Кристалл электронейтраль болып қала береді, бірақ ондағы теріс зарядталған In атомдары тормен байланысқан (локалданылған), ал оң зарядталған кемтіктер электр тогына қатысуы мүмкін (5-сур.). Мұндай
кристалдың өткізгіштігі негізінен кемтік болады, өйткені кристалда пайда болған кемтіктердің саны, аздаған қоспаны ендіргеннің өзінде (10-4 – 10-6 %), қоспасыз жартылай өткізгіштегі «электрон-кемтік» жұбының санынан едәуір көп болады.
Егер жартылай өткізгіште атомдары электрондарды қамтып алатын, Менделеев кестесіндегі ІІ топтағы элементтердің қоспасы болса, онда мұндай қоспаны р-типті қоспа деп атайды («позитив» - оң деген сөз) немесе акцепторлық (аламан) қоспа, ал кристалл р-типті жартылай өткізгіш деп аталынады.
р- типті жартылай өткізгіштерде негізгі электр өткізгіштіктің рөлін – жылжымалы зарядтардың негізгі тасымалдаушылары – кемтіктер атқарады.
Германий торына Менделеев кестесінің V тобының атомдарын ендірсе (As, Sв, Р және басқалар), мысалы мышьякты Аs, сыртқы қабатшадағы төрт электрон (қоспа атомының сыртқы қабатшасындағы бес электрондардың төртеуі) көрші төрт германий Ge атомдарымен ортақ электрондық жұптар құрады, және де әрбір атомда, соның ішінде мышьяк As атомында да, ортақ электрондардың арқасында сыртқы электрондық қабат орнықты болатын санға жетеді (сегіз электрон). Мышьяк As атомының бесінші сыртқы электроны «артық» болып қалады. Ол, басқа электрондарға қарағанда ядромен нашарырақ байланысқан, және де оны аздаған энергия шығындап, атомнан бөліп бос электронға айналдыруға болады. Бұл кезде мышьяк As атомы оң зарядталады (иондалады).
Сонымен, германий кристалының торына V топтың атомдарын ендірген кезде тордың түйіндерінде оң зарядталған «қозғалмайтын» қоспаның иондары және еркін электрондар пайда болады (6-сур.). Мұндай жартылай өткізгіштердің өткізгіштігі негізінен электрондық болады. Бұл жағдайда
кристалды n-типті жартылай өткізгіш деп атайды («негатив» - теріс деген сөз), ал қоспаны n-типті қоспа немесе донорлық (беремен) деп атайды.
n- типті жартылай
өткізгіштің электр
генерациясы жүріп жатқанымен
(таза жартылай өткізгіштегі сияқты),
n-қоспадағы иондалу кезіндегі
алынған бос электрондардың саны
(жылжымалы зарядтардың
Жартылай өткізгіш кристалында қоспаның атомдарын иондау үшін, жартылай өткізгіштің өзінің атомдарын иондау үшін қажет энергиядан да аз, энергия шығыны жұмсау жеткілікті. Сондықтан, температура көтерілген кездегі қоспасы жартылай өткізгіштердің өткізгіштігінің өзгерісін бақылау көңіл аударарлық. Қоспасы жартылай өткізгіштің кристалының температурасы абсолют нольге жақын жерде диэлектрик болып келеді, өйткені мұндай жағдайда оның атомдарының электрондарының энергиясы минимал болады.
Төменгі температурада n-типті қоспаның атомдарына жататын электрондардың энергиясы, олар атомдардан бөлініп еркін болу үшін жеткіліксіз, ал р-типті қоспа атомдары электрондарды қамтып алмайды, себебі мұндай қамтып алу электрондар энергиясының артуымен қоса жүреді. «Электрон-кемтік» жұбының пайда болу үшін мұнан да үлкен энергия керек болғандықтан, мұндай жұптардың генерациясы тіптен жүрмейді, яғни жартылай өткізгіштердің өзіндік өткізгіштігі нольге тең.
Температураны
біртіндеп көтерген кезде, n-типті
қоспаның атомдарынан бөлінуге мүмкін
болатын немесе р-типті қоспаның
атомдары қамтып алатын жеке электрондар
пайда болады, яғни температура артқан
сайын, қоспаның барлық атомдары иондалып
біткенше, тез өсетін электр өткізгіштік
пайда болады. Басқаша айтқанда,
жылжымалы зарядты
Сондықтан, қоспасы
жартылай өткізгіштерді қыздырған
кезде, металдардағы сияқты, жылжымалы
зарядты тасымалдаушылар
Алайда жеткілікті
жоғары температурада жартылай өткізгіштің
өзіндік өткізгіштігі, «электрон-кемтік»
жұптарының өте көп санының
генерациялануы салдарынан сондай артып,
енді оны қыздырған кезде еркін
зарядты тасымалдаушылар
Жартылай өткізгіштің кристалына бір мезгілде акцепторлық және донорлық қоспа ендірсе, егер акцепторлық қоспа артық болса, онда кристалл р-типті, ал донорлық қоспа артық болса n-типті болып шығады. Мынадай жағдайда да болуы мүмкін, р-типті және n-типті қоспалар бірін-бір теңгеретіндей шамада ендірілген. Сонда, n-типті қоспаның атомдары иондалу кезінде пайда болған бос электрондар, р-типті қоспаның атомдары қамтып алып, «қозғалмайтын» n-типті атомның оң заряды, және р-типті атомның теріс заряды алынады, ал кристалдағы еркін зарядты тасымалдаушылар, қоспасыз жартылай өткізгіштегімен бірдей болады. Бұл құбылысты компенсация деп атайды. Мұндай жартылай өткізгіштің өткізгіштігі, қоспасыздығыдай аз болады.
n-типті
жартылай өткізгіштердің
Қоспалар тордың өрісін айнытады, кристалдың тыйым салынған зонасында орналасқан, қоспалық деңгейлердің энергетикалық сұлбасының пайда болуына алып келеді. Бұл қоспалық деңгейлер n-типті жартылай өткізгіштер жағдайында донорлық (7-сур.,а), ал р-типті жартылай өткізгіш жағдайында акцепторлық деп аталады (7-сур.,б).
n – типті
жартылай өткізгіштерде Ферми
деңгейі тыйым салынған
Егер донорлық деңгейлер валенттік зонаның төбесінен алыс орналаспаса, олар кристалдың электрлік қасиетіне мәнді әсер ете алмайды. Мұндай деңгейлердің өткізгіштік зонаның түбінен қашықтығы, тыйым салынған зонаның енінен едәуір аз болған жағдайда басқаша болады. Бұл жағдайда қалыпты температураның өзінде жылулық қозғалыс энергиясы, донорлық деңгейден өткізгіштік зонаға ауыстыру үшін жеткілікті болады (7-сур.а). Бұл процеске қоспа атомынан бесінші валенттік электронды бөліп алу сәйкес келеді. Қоспа атомының бос электронды қамтып алуына 7 – суретте, аз электронның өткізгіштік зонадан бір донорлық деңгейге көшуі сәйкес келеді.
Акцепторлық деңгейлер кристалдың электрлік қасиетіне, егер олар валенттік зонаның төбесіне жақын орналасса мәнді әсер етеді (7-сур.,б). Кемтіктің пайда болуына электронның валенттілік зонадан акцепторлық деңгейге ауысуы сәйкес келеді. Кері процесс қоспа атомының төрт коваленттік оның көршілерімен байланысының үзілуіне және бұл кезде пайда болған электрон мен кемтіктің рекомбинациясына сәйкес келеді.
Температура
жоғарылаған кезде токтың қоспалы
тасымалдаушыларының
р - n ауысуының қасиеттері
Екі бөліктен тұратын жартылай өткізгіштің кристалын алайық: оның біреуі р-типті қоспалы және екіншісі n-типті қоспалы болсын. Бұл екеуінің шекарасы р-n ауысуы деп аталынады.
Айталық, жартылай
өткізгіштің бұл екі бөлігі енді
ғана түйістірілсін (шын мәнінде
бұл бір кристалдың екі бөлігі,
оның біреуінде р-типті қоспа
басым болады). Сонда бірден электрондары
көп n-типті жартылай өткізгіштен
электрондар, олардың саны аз р-типті
жартылай өткізгішке ауысады, ал кемтіктер
кері бағытқа қарай орын ауыстырады.
Бұл электрондар мен
Кемтіктер мен
электрондар зарядтарды тасымалдамайтын
болса, олардың диффузиясы кемтіктер
мен электрондардың концентрациясы
толығымен теңескенге дейін жүрер
еді. Алайда, n - аймақтан р - аймаққа
көшкен электрондар теріс заряд
алып өтеді, сонда n - аймақ оң зарядталады,
ал р – аймақ теріс зарядталады.
Қарама-қарсы бағыттағы
Пайда болған электр өрісі кері ауысуға алып келеді: кемтіктерді n – аймақтан р-аймаққа және электрондарды р-аймақтан n- аймаққа (8-сур.,а).
Шын мәнінде, р-аймақта тұрған еркін электрон хаосты қозғалыс кезінде ауысу қабатының А шекарасынан өтетін болса, онда өріс күштері n-аймаққа тартып алып кетеді. n – аймақта тұрған кемтіктер де сондай күйге ұшырайды. Ал р-аймақта тұрған кемтіктер АБ ауысу қабатына енетін болса, егер олардың кинетикалық энергиясы жеткіліксіз жағдайда өрістің әсерінен кері р-аймаққа тебіледі, сөйтіп олардың диффузиясын азайтады. АБ қабатынан n-аймаққа, тек жеткілікті кинетикалық энергиясы бар кемтіктер ғана өте асады (8-сур.,б). Бұл айтылғандар n-аймақтағы электрондарға да қатысты.
Сондықтан АБ ауысу қабатында, р-аймақтан n-аймаққа келетін кемтіктердің диффузиялық ағыны, АБ аймағындағы өрістің жасаған кемтіктердің қарсы ағынымен теңгеріледі (8-сур.,в). Бір мезгілде электрондардың да қарсы ағындары теңгеріледі.
8 – суретте көрсетілген процестерді айқынырақ түсіндірейік: а) р – және n – аймақтарының арасында жылжымалы тасымалдаушылар саны тіптен азайған, АБ қабаты пайда болды, онда барлық электр өріс шоғырланған; АО аймағында р-типті қоспаның иондары топталып тұр, ал БО аймағында n-типті қоспаның иондары топталып тұр; б) ауысу арқылы негізгі тасымалдаушылардың диффузиялық ағынының пайда болуының көрсетілуі, мұнда 1 - өрістің қарсы әсерін жеңе алмайтын электрондар мен кемтіктер, ал 2 - өрістің қарсы әсерін жеңуге жеткілікті энергиясы бар электрондар мен кемтіктер; в) АБ аймағындағы өрістің әсерінен ауысу арқылы негізгі емес тасымалдаушылардың ағынының пайда болуының көрсетілуі.
Қалыңдығы өте аз (бірнеше микроннан артық емес) АБ ауысу аймағында, жылжымалы зарядты тасымалдаушылар ұсталып тұра алмайды, сондықтан онда тек АО аймағында акцепторлық қоспаның иондары, ал БО аймағында донорлық қоспаның иондары шоғырланып қалады. Барлық электр өрісі А және Б беттерінің арасында жинақталады да зарядтарға конденсатордың өрісі секілді әсер етеді. Конденсатордан айырмашылығы, мұнда өрісті жасайтын зарядтар бет бойынша орналаспайды, олар А және Б аралығындағы барлық көлем бойынша орналасады.
АБ аймағының сыртында электр өрісі болмағандықтан, сол және оң жағындағы зарядтар хаосты қозғалысында оның шекарасынан кедергісіз өтіп кете алады, бұл туралы жоғарыда айтылды. Кемтіктердің кету және n-аймақтан электрондардың келу нәтижесінде пайда болған р – аймағындағы артық зарядтар АО қабатында шоғырланады, ал р – аймағының барлық қалған бөлігі электрлік нейтраль күйінде қалады. n – аймағына да осы қатысты. Жылжымалы зарядтар қалмаған АБ қабатының өте үлкен меншікті кедергісі болады, бұл кезде кристалдың қалған бөліктеріндегі кедергі аз болады. Бұл, р-n ауысуы бар кристалдың барлық электрлік кедергісі АБ қабатымен жасалынады.
р- n ауысуының
пайда болуын энергетикалық зоналар
арқылы түсіндіріп көрейік. р-n ауысуында
негізгі зарядты
Ауысу аймағындағы энергетикалық зоналардың иілуінің себебі, тепе-теңдік күйде р-аймағындағы потенциалдың n-аймағындағы потенциалдан
төмен болуы. Валенттік зонаның төменгі шекарасы электронның потенциалдық энергиясына Ерэ, ауысуға перпендикуляр бағытта жол береді (10-сур.,а). Кемтіктің заряды электронның зарядына қарама-қарсы, сондықтан олардың потенциалдық энергиясы Ерк, Ерэ-нің аз жерінде көп болады және керісінше (10-сур.,а).
Тепе-теңдік күйінде негізгі тасымалдаушылардың кейбір мөлшері потенциалдық бөгеттен өтіп кете алады, осының салдарынан ауысу арқылы аздаған ток Інег. жүреді (10-сур.,а). Бұл ток негізгі емес тасымалдаушылардың қарама-қарсы Ін.емес тогымен компенсацияланады. Ін.емес шамасы секунд сайын пайда болып жатқан негізгі емес тасымалдаушылардың санымен анықталады және потенциалдық бөгеттің биіктігіне тіптен тәуелді болмайды. Керісінше, Інег шамасы бөгеттің биіктігіне күшті тәуелді. Тепе-теңдік потенциалдық бөгеттің, екі Інег және Ін.емес токтары бірін-бірі компенсациялайтын, деңгейде орнығады.

- Жартылай өткізгішті жадтайтын құрылғылар
- Жартылай өткізгіштік құралдар
- Жартылай өткізгіштік материалдарға қысқаша түсінік
- Жарыктын поляризациясы
- Жарықбаев Құбығұл Бозайұлы
- Жарық дифракциясының негіздері
- Жарық дифракциясының негіздері
- Жароустойчивость растений
- Жарочное оборудование для предприятий общественного питания
- Жарочные тепловые аппараты
- Жар таңдау
- Жартылай автоматты бұғаттау кезіндегі поездар қозғалысы
- Жартылай өткізгіштер.Жартылай өткізгіштердің өткізгіштігі
- Жартылайөткізгіштер және олардың қасиеттері