Жеке меншік – нарықтық экономика негізі
Мазмұны
Тақырыптың өзектілігі. Меншік экономикалық
ресурстарды және тұтынушылық игіліктерді
иелену үшін экономикалық агенттердің
қатынастары болып табылады. Нақты
анықтылық меншік құқықтарын бөлудегі
өзгерістерге қарағанда, нарықтық экономиканың
қызмет атқаруында түбегейлі мағынаға
ие болады. Осы заманғы экономикалық
әдебиеттерде меншік құқықтарының айқындылығы
мен тұрақтылығы экономикалық өсудің
басты факторы ретінде қаралады
және тікелей сәтті экономикалық
дамуымен байланыстырылады. Нарықтық
экономикалық жүйе жеке меншікке негізделген.
Жеке меншік – қоғамда іске асырылатын,
жеке адамдар мен компаниялардың
экономикалық ресурстардың кез-келген
түрін иелену, пайдалану және билік
ету құқығы. Жеке меншікке ие болу құқығы
нарықтық экономикалы елдердің негізін
қалаушы принцип болып
Біз қажет ететін өмірлік игіліктер шексіз емес. Сондай-ақ, осы игіліктердің өндірісі үшін қажетті экономикалық ресурстар да шектеулі. Әр қоғамда экономикалық ресурстар мен түпкілікті тауарлардың үйлестірілуі белгілі тәртіп бойынша тағайындалады.
Қазіргі экономикада бұл функцияны сәйкес міндеттерімен белгілі тәсіл бойынша бір бірімен бөліскен нарық пен мемлекет орындайды.
Өмірлік игіліктерінің және экономикалық
ресурстарының шектеулік
Бұл мәселені шешу мақсатында қазіргі қоғамда мекшік нормалары қолданылады.
Меншік ұғымын екі мағынада түсінуіміз қажет. Біріншіден, экономикалық категория, екіншіден құқықтық категория ретінде. Меншік экономикалық тұрғыдан алғанда, өндіріс құрал – жабдықтары мен оның өнімдеріне иелік ету жөнінде пайда болатын қоғамдық қатынастар. Меншіктің заңдық мазмұны меншік иесінің құқығы арқылы көрінеді.
Жеке меншік, еркіндікпен қатар, әріптестерді заңды келісім-шарт жасауға міндеттейді, жеке адамдарға немесе кәсіпорындарға өз қалауларынша материалдық ресурстарды иемденуге, бақылауға, қолдануға және іске жаратуға мүмкіндік береді.
Жеке меншік иелері табиғи ресурстарды және капиталды мейлінше тиімді қолданады. Себебі, олар табыс табу үшін тұтынушыға қажетті тауарды өндіріп, мүмкін бағаға сату керек.
Жеке меншік институты ғасырлар бойы мұра құқығымен қуатталынған болатын, яғни жеке меншік иесі болып әкесі өлген соң баласы мұрагер болып қалады.
Қазақстанның социалистік
Жекешелендіру дегеніміз азаматтардың немесе олардың бірлестіктерінің, акционерлік қоғамдардың, серіктестіктердің, кәсіпорындардың акцияларының барлығын немесе бір бөлігін жеке меншікке алуы болып табылады.
Кәсіпорындарға байланысты үкіметтің
негізгі стратегиясы
Жеке меншіктің құқықтық негіздері Қазақстан Республикасы Конституциясына ендірілген, сондай-ақ ол құқық жеке меншік туралы, мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру туралы заңдармен бекітілген.
Курстық жұмыстың құрылымы: курстық жұмыс 3 тараудан құрылған. Бірінші тарауда жеке менщіктің экономикалық категория ретіндегі мазмұны қарастырылған. Екінші тарауда жеке меншік құқығы және Қазақстан Республикасындағы жекешелендіру мен жеке меншіктің даму жағдайлары көрсетілген. Үшінші тарауда жеке меншіктің экономикадағы орны мен рөлі анықталған.
Курстық жұмысты жазу үшін «Экономическая теория», «Экономика негіздері: лекциялар, есептер мен жаттығулар», «ҚР меншікті жекешелендіру және мемлекет иелігінен алу саясаты және экономикалық негіздері», «Социально- экономическое развитие Казахстана» еңбектері, сонымен қатар Қазақстан Республикасының конституциясы, «Егемен Қазақстан» газеті және интернет көздері пайдаланылды.
Курстық жұмыстың міндеті: жеке меншік ұғымы мен түрлерін зерттеу, жеке меншіктің құқығын және Қазақстан Республикасының жекешелендіру мен жеке меншіктің даму жағдайларын анықтау.
Курстық жұмыстың мақсатары: нарықтық экономика негізі ретіндегі жеке меншіктің маңызын көрсету, оның мазмұнын, түрлерін, мемлекеттік экономикадағы орнын және рөлін анықтау.
1 Экономикалық категория
- Жеке меншіктің түсінігі және формалары
Меншіктің формалары мен түрлерінің
дамуы, әуел бастан, өмірге қажет мүліктерді
өндіру әдісімен белгіленеді. Асырап сақтаушы
ландшафтың объектері ұзақ мерзім бойы
кейбір этникалық топтардың жалпы
пайдалануында болып келді. Жеке
меншік, индивидуалдық пайдалану
мен жеке дара меншіктің негізінде
қалыптасады. Жеке қару-жарақ, аң мен
балық аулау құралдары, қолөнер-кәсіпкерлік
еңбек құралдары, жеке меншіктің
алғашқы объектері болды. Жеке меншікке
көшу мүмкіндігі тек жеке өндіріс
қалыптасқанда пайда болады, яғни
жеке отбасы, индивид қауымнан, немесе
осы сияқты топтан жекеленіп, өзінің
жеке қүн көрінісін өзі қамтамасыз
ете алатын болған жағдайда. Алдымен
мұндай шарттар қолөнер мен сауда-
Жеке меншік – бұл иемдену тетіктерін жүзеге асыратын меншіктің барлық құқығы бір адамның қолына жинақталған экономикалық тұлға ерекшеленген жағдайдағы меншікті қатынас.
Жеке меншіктің дамуы XIX-шы ғасырдың екінші жартысының ортасына дейін жүзеге асты. Ғылыми-техникалық революцияның әсерінен XIX-шы ғасырдың екінші жартысында жедел түрде акционерлік меншік қалыптаса бастады. Акционерлік немесе корпоративтік меншік, басқаша айтар болсақ топтық немесе ұжымдық меншік. Батыстың экономикалық теория мектебі «жеке» термині ретінде кез-келген мемлекеттік емес мүлік, шаруашылық, кәсіпорынды түсінген.
Қор жинақтау сипаты бойынша жеке меншік екіге бөлінеді: еңбек және еңбектік емес. Еңбек меншігі кәсіпкерліктен түскен пайдадан, жалақыдан қалыптасады. Еңбектік емес меншігі мұрагерліктен қалған мүліктен, бағалы қағаздардан, депозиттерден және т. б. түскен пайдадан құрылады.
Жеке меншіктің даму кезеңінде
еркін бәсеке барынша қарқындап,
жеке кәсіпкерлердің өндіріс тиімділігін
көтеруге және тұрғындардың өсіп келе
жатқан қажеттіліктерін
Жеке меншіктің негізгі
Жеке-дара меншік өндіріс нәтижелері мен қорлары жеке тұлғаларға тиесілі болған жағдайда көрініс табады. Ол жеке тұлғаларға өндіріс факторларын тиімді пайдалану арқылы максималды пайда табу қызуғышылығын тудырады.
Ұжымдық меншік өндіріс нәтижелері мен қорларының жеке тұлғалардың біріккен тобына тиесілі болуымен сипатталады. Сол топтың әр мүшесі өндіріс факторлары мен өндірілетін өнімнің иесі болады. Ұжымдық меншікке отбасылық, кооперативтік, еңбек ұжымының меншіктері жатады.
Қоғамдық меншік белгілі бір объектілердің барлық қоғамға тиесілі екендігін көрсетеді.
Жеке меншіктің базалық
Шаруашылық серіктестіктер. Жарғылық капиталы құрылтайшылардың үлесіне бөлінген коммерциялық ұйым шаруашылық серіктестік деп танылады. Құрылтайшылардың салымдары есебінен құрылған, сондай-ақ шаруашылық серіктестік өз қызметі үрдісінде өндірген және алған мүлік меншік құқығы бойынша серіктестікке тиесілі болады.
Шаруашылық серіктестіктер толық серіктестік, сенім серіктестігі, жауапкершілігі шектелген серіктестік, қосымша жауапкершілігі бар серіктестік нысандарында құрылуы мүмкін.
Толық және сенім серіктестігінен басқа шаруашылық серіктестікті бір тұлға құра алады, ол оның жалғыз қатысушысы болады.
Толық және сенім серіктестігінің қатысушылары азаматтар ғана бола алады.
Акционерлік қоғам. Өзінің қызметін жүзеге
асыру үшін қаражат тарту мақсатында
акциялар шығаратын заңды тұлға
акционерлік қоғам болып
Жарғылық капиталының басым
бөлігін басқа заңды тұлға
қалыптастырған не олардың арасында
жасалған шартқа сәйкес негізгі ұйым
осы ұйымның қабылдайтын
Егер акционерлік қоғамның дауыс беруші акцияларының жиырма проценттен астамы, басқа заңды тұлғаның қолында болса, ол тәуелді қоғам деп танылады.
Өндірістік кооператив. Азаматтардың бірлескен кәсіпкерлік қызмет үшін мүшелік негізде олардың өз еңбегімен қатысуына және өндірістік кооператив мүшелерінің мүліктік жарналарын біріктіруіне негізделген ерікті бірлестікті өндірістік кооператив деп танылады.
1.2 Жеке меншіктің қалыптасу
тарихы
Меншікті зерттеудегі маңызды қадамды өткен ғасырларда жасады. Ұсақ буржуаздық социализм идеологы Пьер Жозеф Прудон (1809-1865) мына әйгілі нақыл сөздің иесі: «Меншік – бұл тонау». Мұндай анықтаманы көпшілік мойындады және негізделген сынға тап болды, бірақ Прутонның бағытында маңызды бөлшек бар еді. Егер бір тұлға затты иеленсе, басқа тұлға ондай мүмкіндіктен айырылған. Яғни, меншіктің негізінде табиғат емес, қоғамдық қатынастар жатыр деген сөз.
Адам өмір сүреді, өндіреді және өз
еңбегінің нәтижесін басқа
Меншік туралы көзқарасты толықтыру үшін оның қоғамдық қатынастар жүйесінде алатын орнын анықтауымыз керек.
Біріншіден, меншік – бұл негіз,
қоғамдық қатынастардың барлық жүйесінің
іргетасы. Бекітілген меншік түрлерінің
сипатына бөлу, айырбас және тұтыну
формалары тәуелді болып
Екіншіден, қоғамдағы әр түрлі топтардың жағдайы мен өндірістің барлық факторларын пайдалану мүмкіндігі меншікке байланысты болып келеді.
Үшіншіден, меншік тарихи дамудың нәтижесі. Оның формалары өндіріс тәсілдерінің өзгеруімен ауысып отырады. Сонымен қатар мұндай өзгерістердің қозғаушы күші өндірістік күштердің дамуы болып табылады.
Төртіншіден, әр экономикалық жүйе шеңберінде өзіне ғана тән меншік формасы болады, бұл меншіктің алдыңғы экономикалық жүйеден келген басқа ескі формаларымен қатар, жаңа жүйеге көшу кезіндегі жаңа формаларының болуына шек қоймайды. Меншіктің барлық формаларының өзара байланысы қоғамның даму барысына оң ықпал жасайды.
Бесіншіден, меншік формасының бір түрінен екіншісіне көшу эволюциялық жолмен жүргізілуі мүмкін. Яғни, өмір сүру үшін бәсекелестік күрес негізінде күресе алмағандар жойылып, сәйкес жағдайларда өмір сүру қабілеттілігі жоғары болатындар одан ары дамиды. Дәл осы уақытта меншіктің жаңа формалары өз билігін жүргізген кезде формаларын ауысуының революциялық жолы мен орны болады.
Нарықтық экономикаға көшу және
КСРО-ның таратылуымен өндіруші тез
шешім қабылдауды қажет ететін бір
топ проблемалармен кездеседі: өнім
өткізудің күрделілігі, орын алған
өндіріс байланыстарының үзілуі
жәна тағы басқалары. Алайда өндіріс
салаларында бой алған
1992 жылдың күзінде қаржылық
• Кейбір салалардың, аймақтардың, ірі кәсіпорындардың жасырын мемлекеттік қаржыландыру тәжірибесін кеңейту: дотация, жеңілдікпен несиелендіру, салық және кедендік жеңілдіктер;
• Инфляцияның жалғасуы, несиенің тұрақты қымбаттауына, ұзақ мерзімді несиенің бұрмалануына және рубль бағаманың төмендеуіне ( орнықты валюталарға байланысты) оның үнемі құнсыздауымен,ұлттық валютаны енгізуіне әкеледі;
• Мемлекеттік және аумақтық деңгейде экономиканы қалыпқа келтіруді жалғастыру, бұнда жергілікті басшылар бағаларды қалпына келтіру және салық салуды өзгерту шаралырын кең қолданған, сонымен қатар кәсіпорындарға тікелей әкімшілік ықпал еткен
1995 жылдың бірінші жартысында
инфляцияның баяулауы байқалса
да, директорлар макроэкономикалық
жағдайды қолайсыз деп таныды.
Алайда көптеген тауарлар
Трансформациялық экономикалық жағдай кәсіпорын басшыларының алдында тұрған жаңа проблемаларды алдын ала болжады және ол әр түрлі зерттеулерді растайды. Кәсіпорын жұмысындағы басты қиыншылық, шаруашылық жүйесінің бүлінуі. Материалдық-техникалық қамтамасыз ету ең дағдарыстық басқару аймағы болды. Сондай-ақ директорлардың 10-20% қаржылық, кадрлық, ұйымдастырушылық проблемалар тиімсіз деп санады. Алғашқы айлардан бастап жағдай күрт өзгерді, кәсіпорынның қаржылық жағдайының төмендеуі басталды, қаржылық ресурстардың жетіспеушілігі жағдайында жұмыс істеуге мәжбүр болды. Қаржылық проблемалар кешені бірінші орынға шықты.
Эксперттік институт мәліметтері бойынша, 1993 және 1994 жылдары ең маңызды проблема деп басшылардың 61% — қаржы, 13%— өткізім, ал 7% жабдықтау деп есептеді. Кәсіпорын басшыларының шағымдары қаржылық салаға бағытталды, сонымен қатар басқа да проблемалар қаржылық қиындықтардан туындады. Соның ішінде кәсіпорынның экономикалық жағдайын ауырлататын ең қиын проблемалардың ішінен бірінші орынға салықтар шықса, ал екінші орында – шикізатқа, материалдарға баға өсуінің жалғастырылуы. Үшінші орында – шаруашылық байланыстардың бұзылу проблемасы.
Шаруашылық байланыстардың бұзылуы бір-бірімен өзара байланысты фактордың екі тобымен түсіндірілген. Бірінішісі - бұл берілген салалардың өзіндік факторлары: ТМД-да шаруашылық байланыстардың бұзылуы, салалардағы және бірлестіктердегі технологиялық байланыстардың үзілуі, дәстүрлі жеткізушілерді жоғалтуы, шикізаттың кейбір түрлеріне тапшылықтың болуы. Екінші тобы – қаржы саласындағы факторлар: жеткізілімдер ақысын төлеуге қаражаттың болмауы, есеп айырысу мен төлемдердің кешігуі, соңғы өнімін жүзеге асыру үшін шарттары бойынша қол жетпейтін шикізаттың және жинақтамалардың бағалары. Өткізімдерге байланысты көптеген қиындықтарды басшылар тәртіпті өзгерту белгісі ретінде қабылдамайтыны өте қызық. Директорлардың санасында «сұраным» және «төлем төлеуге қабілетті сұраным» деген екі ұғым бөлінген, яғни тұтынушыларға бүгін өнім керек, бірақ соңғыларының оны төлеуге қаражаты жоқ.
Сонымен, сарапшылар кәсіпорын қызметін,
еңбек ұжымының сақталуымен байланысты
жағдайларды және өзінің тіршілік етуін
қолдауға тырысу ретінде қарастырады.
Кәсіпорынның 58% үшін бұл негізгі
мақсаттардың бірі болып қалды. Сонымен
қатар көптеген басшылар үшін басқа
да мақсаттар маңызды болып
2 Жеке меншік құқығы мен
2.1 Жеке меншік құқығының
30.08.1995 жылы Қазақстан
Азаматтық айналымды нарықтық шаруашылық
дәуірінде әділетті құқықтық реттеудің
алғашқы шарты болып меншіктің
әртүрлі формаларының тең қорғанысы
табылады. Маңызды тепе-теңдік Қазақстан
Республикасының
Біріншіден, жеке және мемлекеттік меншікті қорғаудың «бір құқықтық тәртіптемесі». «Қорғаныс» сөзі, нормативті үнемдеу ойынан өткізілуі мүмкін, бірақ мағынасына қарай шешілуі және дәйектелген фрагментте тұспалдануы тиіс. А.С. Пиголкин және Е.М. Сморгунова жазады: «Нормативті-құқықтық нұсқаманы мазмұндаудың нақты талаптарында, әрине нормативтік актілердің мәтінінде тілдер құралын пайдаланудың үнемділік қажеттілігі туындайды. Бос сөз, шыншыл емес қайталаулар, заттарды сипаттау және түсіндіру кезіндегі көпсөздік - осының бәрінен заң шығарушы қашқақтау керек».
Екіншіден, «құқықтық режим» терминін жеке және арнайы ретінде жеке мемлекетке қатысты қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу тәртібі ретінде немесе егер қаулыда ұлттық заңды жүйе ретінде оңайлатылған түзетуге толық жол берілген болса шартты түрде түсінуге болады. Яғни, заңдылықтың нормалары азаматтық айналымның барлық қатысушыларына активтерінің көлеміне, әлеуметтік беделіне, қызметтерінің мақсаттары мен басқа да жеке белгісіне қарамай бір деңгейде таралады. Қазақстанның заңдылық жүйе шеңберіндегі құқықтың барлық салалары үшін осыған ұқсас қағиданың түжырымы өзекті болып келеді. Бұл субъектілердің өздерінің қорғалғанына деген сенімділікті нығайтады, мемлекеттік мүдде маңызды болып жарияланған кезде, бұған негіздеме болмаса да, жеке қатынастарда қоғамдық биліктің жойылуына тежеу жасайды.
Жоғарыдағы постулат бойынша басқа тұрғыдан талқылау абсолютті түрде жалған қорытындыға әкеледі (алогизм): жария (салық) құқығы мен жеке (шартты өзарақатынастар және т.с.с.) құқықтық режим арасында ерекшелік жоқ. Бұл нәтиже дұрыс емес, бұдан шығатыны осыған ұқсас ҚР Конституциялық кеңестің 03.11.1999 ж. № 19/2 қаулысының тұсінігі анық. Өйткені «құқықтың бірлігінде қандай да болмасын елдің біртұтас әлеуметтік ағзасы сияқты жария құқық және жеке құқық – елдің әлеуметтік өміріндегі орны мен дамуының айрықша заңдарымен ерекшеленетін екі түрлі заңды әлем, екі «заңи ғаламшар».
Яғни, жоғарыда айтылған теңдестік мәні– жеке меншікке қатысты заңды шешімді қабылдауда қандай да бір артықшылықтардың болмауы, басқа жағдайларда берілген формалар өзіндік сипатта болады. Дәлелденіп жатқан жағдай Ресейдің Конституциялық Сотының судьясы Г.А. Гаджиевтің «мемлекет меншіктің алуан түрлі формаларының дамуына жағдай жасауы қажет» деген әділ пайымдауымен дәл келеді. Автор бұл жерде қандай «жағдай» екенін нақтыламағандықтан, кең мағынада құқықтық, әлеуметтік – экономикалық, саяси және басқа да жағдайлар деп түсінуге болады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 6 бабы 1 тармағында бекітілген ұйғарымды анықтылықтың толық талдамасы берілген тақырып шеңберінен шығып кетеді. Оның болашағы бар және жеке меншік құқығының қағидаларын талқылау кезінде қажет болып келеді.
Қазақстан Республикасы Конституциясының
6 бабы 1 тармағында байқалған қарама-қайшылық
осы баптың 3 тармағының нормасында
өз күшін тапқан. Мысалға, «Жер заңмен
белгіленген негіздерде, шарттар
мен шектерде ғана жеке меншікте болады».
Осындай әдіспен жерге жеке меншіктің
ерекше құқықтық тәртіптемесінің конституциялық
базасы қалыптасады. Басқа табиғи ресурстар
(ауа, қойнау, су, фауна және т.б.) 3 тармақтың
басқа ережелеріне сәйкес тек
қана мемлекеттік меншіктің
Автордың дәйексөз келтіруіндегі
өз қорытындысын ресейлік нормативтік
материалдарға сүйенгендігі түсінікті.
Алайда, азаматтық айналымнан алынған
заттардың мемлекеттікке
Қазақстандық негізгі заңын
әзірлегендер мемлекеттің унитарлық
құрылымын және ұлттық қауірсіздіктің
негізін нығайта отырып, бар уақытта
ресейлік заңи қоғамға әйгілі қағиданы
қайталады және жақсартты. Қазақстан
Республикасында қоршаған ортаның
табиғи байлықтары тек қана мемлекеттік
меншіктің объектілері болып
табылады (жеке меншікке берілетін
жердің белгілі бөліктерінен басқа),
ал Ресей Федерациясында - жалпы
ережеге сәйкес мемлекетке тиесілі
болады, яғни арнайы заңмен белгіленген
негіздемелер мен шектерде жеке меншік
өте алады. Берілген бақылаулар бойынша
нақты қорытынды шығару үшін келесі
ұйғарымды айғақтықпен
ҚР Конституциясының 26 бабының 1 тармағына
сәйкес «Қазақстан Республикасының
азаматтары заңды түрде иеленген
кез келген мүлікке ие бола алады».
Басқа негіз болатын
ҚР Конституциясында тек қана үш ереже аталып кетті (26 бап 1 тармақ, 6 баптың 1,3 тармақтары), онда жеке меншіктің аты айтылады, осы әдістемені сақтай отырып тұжырымдаманы талдауды жалғастырамын. Егер жария терминмен («жеке меншік») байланыстырмай зерттеліп жатқан субъективті құқыққа мәні жағынан жақын нормаларды зерттеумен айналыссақ, онда заңды формулалар мен құрылымдар тізімі кеңейе түседі. Бұл зерттеуге кері әсер етеді – ол өзінің тұлғалылығын, яғни цивилистік мазмұны құқықтың басқа салаларының ережелерімен «жуылып кетеді».
Позитивті құқықтың қайнар көздерінің келесі сатысы – нормативтік қаулылар формасында мазмұндалған ҚР Конституциялық Кеңесінің қорытынды шешімдері. Олар жалпыға міндетті, түпкілікті және шағымдануға жатпайды, заңды күшіне байланысты республикамен бекітілген халықаралық шарттардан асып түседі, тек ҚР Конституциясына ғана жол береді. Құқық теориясында осындай заңды актілердің реттеуші функциясы «статистикалық», «бағытталған механизм» деп аталады.
Сипатты ескерту. Жоғарыда аталған
03.11.1999 ж. №19/2 қаулысынан басқа меншіктің
ір түрлі аспектілерін қозғайтын
ҚР Конституциялық Кеңестің басқа нормативтік
құжаттарында оның формалары айтылмайды,
яғни бір заңды ұғым деп түсіндіріледі.
Алайда бұл ұғымның бастапқы қағидалары
жеке мүліктің айналымымен байланысты
қиын жағдайлардан конституциялық
қадағалау органдары шығарады. Мысалы,
астындағы жер учаскесінде
Құқықтық шығармашылық пен заңи тәжірибе бойынша бұл зерттеу қандай да бір теориялық мәнге ие ме? Сұрақ шешілді деп ойларсың: «Шын айтатын болсақ, меншіктің ешқандай формасы жоқ. Тек меншік және меншік құқығы деген ұғым ғана бар. Ол әр түрлі құқықтық жүйеде, алуан түрлі экономикалық және құқықтық теориялардың өкілдері тарапынан әр түрлі түсіндіріледі. Бірақ ең бастысы бұл ұғым бірдей болу керек». Алайда түсініспеушіліктер қалады.
Қазақстанда, белгілі бір игіліктерге
мемлекеттің меншігі

- Жеке сот орындаушылардың пайда болуы және олардың қызметінің тиімділігі
- Жеке табыс салығы
- Жеке табыс салығы
- Жеке табыс салығы
- Жеке табыс салығы
- Жеке табыс салығы
- Жеке табыс салығының міндеттері
- Жеке корганыс куралдары
- Жеке қорғаныс құралдары
- Жеке қорғаныс құралдары
- Жеке қорғаныс құралдары
- Жеке қорғаныстың медициналық құралдары және олардың негізгі құрылымдары
- Жекелеген санаттағы қызметкерлердің еңбегін қорғау
- Жеке меншік құқығы және түрлері