Жеке табыс салығы. 5
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1.Жеке табыс салығының салық жүйесіндегі ерекшеліктері
2.Шет елдердің жеке табыс cалығының салық салудағы ерекшеліктері
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Кiрiспе
Салық өркениет үшiн төленетiн төлем. Оның қандай тұрiнен болмасын жалтаруға бермеу – бүгiнгi күннiң басты назарында. Салық салу мемлекеттiк реттеудiң маңызы тәсiлi ретiнде орын алып, оның әрекет етуiнiң тиiмдiлiгi әлеуметтiк және экономикалық саясаттың жетiстiктерiне әкеледi. Нарықтың экономикалы елдерде салықтар мемлекеттiк және муниципалдық табыстарды қалыптастыруда басты роль атқарады да, экономиканы басқаруды күштi стимулдық құралы болып келедi, әсiресе олар ғылыми-техникалық прогрестi жеделдетуге, антинфляциялық және құрылымдық саясатты жүзеге асыруды белсендi орын алады. Сондықтан да салықтарды төлеу төлеушiлер үшiн онша қызықты iс болып келмегенiмен өте қажеттi де маңызды iс болып табылады.
Елімізде жүргізілген экономикалық реформалар банк ісінің дамуында жаңа белесін айқындап берді. Биылғы жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауында: «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында: Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Қазақстанның әлемдік экономикаға ойдағыдай кірігуі- елдің экономикалық дамуының сапалық серпілісінің негізі», яғни Қазақстанның жаһандық экономикалық үрдістерге сәйкес дамып келе жатқан ел болуын, әлемдегі жасалған жаңа мен озық атаулыны бойына сіңірген, дүниежүзілік шаруашылықтан шағын да болса өзіне лайық «орнын» иемденген, әрі жаңа экономикалық жағдайларға жылдам бейімделуге қабілетті ел болуына байланысты, банктің даму болашағы мен басқа несие институттардың елімізде қызмет атқара алуы ерекше көкейтесті мәселе туындады . Салықтың мәнi мынада: салық, салық төлеушiге мемлекет тарапынан көрсетiлген қызмет көрсетуiнен түскен пайдаға пропорционалды болуы тиiс. Екiншiден салықтың мәнi салық табыс мөлшерiне байланысты. Мемлекет салықтардың экономикасы дамыту, тұрақтандыру барысында қуатты экономикалық тетiк ретiнде пайдаланады. Сонымен салықтардың қажеттiлiгiн қоғамдық дамудың жағдайына байланысты анықталып отырады.
Жеке табыс салығының салық жүйесіндегі ерекшеліктері
Жеке табыс салығының ерекшелігі-бұл салық төлеуші жеке тұлға түрінде бекітілуі. Қазіргі салық заңдылығында жалпы қабылданған салық тәжірибесіне сүйене отырып жаңадан құруға бағытталған іс-шаралар жүргізілді.
Бұл жеке табыс салығының шетелдік терминологиясын қолдануға негіз болды. Жеке табыс салығының жалпы құрылымы 2 кестеде көрсетілген:
Жеке табыс салығының құрылымы
Жеке табыс салығы | |
Төлеушілер |
Салық салу объектілері |
Резидент жеке тұлғалар Резидент емес жеке түлғалар |
Төлем көзінен салық салынатын табыс |
Арнайы салық режимін қолданатын салық агенті |
Төлем салық көзінен салынбайтын табыс |
Резидент —заңды тұлға түріндегі үлесі мен акцияларды өткізуден түскен жеке тұлғалар табысына салық салу (2006 жыл 1 қаңтарға дейін әрекет етуші заң бойынша) /12/.
Салық салудың жалпы принциптері: қатысу үлесі —акционерлік қоғамнан басқа консорциум, бірлесіп құрылған ұйымдардағы жеке және заңды тұлғалардың мүліктерімен үлестік қатысуы.
Салық кодексінің 12 бабына сәйкес жеке тұлғаның бағалы қағаздарды сатумен және заңды тұлға ретінде үлестік қатысулардан алынатын табысына тек инфлядияға түзетілген осындай сатудан алынған құн өсімі.
Мұңда көрсетілген табыс жеке тұлғаның мүліктік табысына жатады. Резидент —заңды тұлға ретіндегі үлестік қатысу мен бағалы қағаздарды сатудағы құн өсімінен алынған табысқа салық салынады.
Акция сатудан алынған жеке тұлғалардың табысына салық салу және тұлғаның салық салынатын табысына жабық акционерлік қоғамның акциясын сатудан алынған құн өсімі жатады. Ашық акционерлік қоғамның акциясын сатудан алынған табыс жиынтық жылдық табыстан шегерілуге тиіс, яғни 1 салық салудың жалпы приндиптері: қатысу үлесі-акционерлік қоғамның құрылымынан басқа консордиум, бірлесіп құрылған ұйымдардағы жеке және заңды тұлғалардың мүліктерімен үлестік қатысуы. Салық кодексінің 12 бабына сәйкес жеке тұлғаның бағалы қағаздарды сатумен және заңды тұлға ретінде үлестік қатысулардан алынатын табысына тек инфляцияға түзетілген осындай сатудан алынған құн өсімі. Мұнда көрсетілген табыс жеке тұлғаның мүліктік табысына жатады. Резидент-заңды тұлға ретінде үлестік қатысу мен бағалы қағаздарды сатудағы құн өсімінен алынған табысқа салық салынады табыс салығымен салынбайды. Мысалы: жеке тұлға ашық акционерлік қоғамнан құны 70. 000 теңге акция иемденіп алады.
Кейін бұл тұлға осы акцияларды 100.000 теңге көлеміңде өсім алады.
Бұл өсім жеке тұлғалардың салық салынатын табысына жатпайды, себебі бұл табыс ашық акционерлік қоғамнан акция иемдену нәтижесінде пайда болды. Мысалы: жеке тұлға жабық акционерлік қоғамға бұрын 60.000 теңгеге иемденіп алған акцияларын 120.000 теңге бойынша сатады. ¤ткізу мерзіміне инфляция деңгейі 1.1 -ді құрады. инфляцияға түзетілген акция құны 66.000 теңгені құрады (60.000 * 1.1) . Осыған сәйкес жеке тұлғаның салық салынатын табысына 54.000 теңгені құрайтын құн өсімінің соммасы енгізіледі (120.000-66.000) .Резидент емес заңды тұлғаның ашық акционерлік қоғам акцияларын өткізуден алынған табысы төлем көзінен салық салынуға жатпайды. Мысал: резидент емес заңды тұлға Қазақстандық ашық акционерлік қоғамның акциясын жалпы 1.000.000 соммаға иемденіп алады. Кейін осы резидент емес тұлға осы акцияларды 1.500.000 теңге бойынша өткізеді. 500.000 теңге көлеміндегі табысқа төлем көзінен салық салынбайды. Резидент емес жеке тұлғаның жабық акционерлік қоғамның акцияларын өткізуден алған табысына төлем көзінен салық салынуға жатады. Резидент заңды тұлға ретіңде қатысудан алған үлесін өткізулен алған табысқа 15 % -тік ставка бойынша салық салынады. Қатысу үлесі дегеніміз- акционерлік ұйымдарды қоспағанда, құрылған ұйымдар мен консорциумдардағы қатысу үлесі табылады. Жабық акционерлік қоғамның акцияларын өткізуден алған табысқа 15 %-тік ставка қолданылмайды. Резидент емес жеке тұлғаның жабық акционерлік қоғамның акцияларын өткізуден алған салық салынатын табысына төлем көзінен 20 %-тік ставка бойынша салық салынады. Жеке тұлғаға басқа жеке тұлғадан мұра немесе сый арқылы келген мұлік құны табыс салығы мен салынудан босатылады. Акциялар мүлік болып табылғандықтан, олардың жеке тұлғаға басқа жеке тұлғадан мұра немесе сый арқылы келген құнына табыс салығы салынбайды.
Жеке тұлғалардың қатысу үлесін өткізуден алған табысына салық салу. Резидент заңды тұлға ретіңде жеке тұлғаның қатысу үлесін өткізуден алған табысына төлем көзінен 15 % -тік ставка бойынша салық салынады. Мұнда салық салынатын табыс дегеніміз қатысу үлесін өткізуден алған және қатысушының жарғылық капиталға енгізген, инфляцияға түзетілген жеке мүлкі құны арасындағы оң айырма. Мысал: жауапкершілігі шектеулі серіктестікте жеке тұлға қатысу үлесін 2.000.000 теңге бойынша өткізеді. Осы серіктестікке жеке тұлғаның жарғылық капиталға енгізген салымы 500.000 теңгені құрады. 1.1 инфляцияның шартты деңгейіне түзетілген жеке тұлғаның жарғылық капиталға салымы 550.000 теңгені құрады ( 500.000 * 1.1 ). Нәтижесінде жеке тұлғаның салық салынатын табысы 1.450.000 теңгені құрады ( 2.000.000 - 550.000 ) , ал төлем көзінен салық 217. 000 теңгеге тең (1.450.000 * 15%). Осыған сәйкес жеке тұлға таза табысты 1. 782.500 теңге көлемінде алады ( 2.000.000-217.500).
Резидент жеке тұлға резидент заңды тұлға ретінде қатысу үлесін өткізуден алған табысы төлем көзінен салық салуға жатады. Қатысу үлесі жеке тұлға үшін мүлігі болып табылады. Сондықтан жеке тұлғаның басқа жеке тұлғадан мұра немесе сый арқылы алынған қатысу үлесінің құнына салық салынады.
Жеке табыс салығының
Жеке тұлға ағымдағы салық кезеңінде аяқталатын кез келген үздіксіз 12 айлық кезеңде кемінде 183 күн тізбелік күн Қазақстан Республикасында болса, ол ағымдағы салық кезеңі үшін тұрақты болатын жеке тұлға деп танылады. Егер ағымдағы салық кезеңінде және өткен 2 салық кезеңінде Республикада болған күндердің санына мьшадай:
- ағымдағы салық кезеңінде болған күндердің санына —1;
- өткен 1-ші салық кезеңінде болған күндердің санына-1/3;
- өткен 2-ші салық кезеңіндегі болған күндердің санына- 1/6 коэффиценттерін әрбір салық кезеңіне қолдана отырып анықталған күндердің саны кемінде 183 күн тізбелік күн болған жеке тұлғада ағымдағы салық кезеңі үшін тұрақты болатын жеке тұлға деп танылады. Егер жеке тұлға салықтық ағымды кезеңде Республикада 30 күн тізбелік күннен аз тұрған болса, онда мұндай жеке тұлға тұрақты болатын адам деп танылмайды.
Егер жеке тұлға Республикада болуы аяқталатын жылдан кейінгі жылда резидент болмаса, онда тұлға Республикада болатын соңғы күнінен кейінгі кезең үшін резидент емес деп танылады.Мынадай шарттар бір мезгілде орындалған жағдайда:
1) жеке тұлға Республиканың азаматы болса немесе оның тұруға рұқсаты (ықтияқаты) болса;
2) жеке тұлғаның отбасы және жақын туыстары осы Республикада тұрса;
3) кез келген уақытта жеке тұлғаның тұруы және оның отбасы мүшелерінің жеке меншік құқығындағы немесе өзге де негіздерде тәсілі жылжымайтын мүлкі осы Республикада бар болса, онда жеке тұлғаның өмірлік мүдделерінің орталығы осы Республикада орныққан деп қарастырылады. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын жеке тұлғалар, Республиканың азаматтығына қабылдау туралы өтініш.
Республиканың азаматтығын қабылдамай, осында тұрақты тұруға рұқсат ету туралы өтініш берген мынадай жеке тұлғалар:
- мемлекетгік
билік органдары
шет елге
іс сапарға жібергендер, соның
- тұрақты халықаралық тасымалдарды жүзеге асыратын Республиканың заңды тұлғаларына немесе азаматтарына тәсілі көлік құралдарының экипаж мүшелері;
- Республиканың шегінен тыс жерлерде орналасқан әскери базалардың әскери бөлімдердің, топтардың, контингенттердің немесе құрамалардың әскери қызметшілері мен азаматтық қызметкерлері;
- Республиканың шегінен тыс жерлерде орналасқан және Республиканың меншігі немесе субъектілері болып табылатын объектілерде жұмыс істейтіндер;
- оқу немесе тәжірибеден өту мақсатымен Республиканың шегінен тыс жерлерде жүрген студенттер, стажерлар, тәжірибешілер оқу немесе тәжірибеден өтудің бүкіл кезеңіңде;
- сабақ беру, кеңес беру немесе ғылыми жұмыстарды жүзеге асыру мақсатымен Республиканың шегінен тыс жерлерде жүрген оқытушылар мен ғылыми қызметкерлер сабақ берудің немесе аталған жұмыстарды орындаудың бүкіл кезеңіңде Республикада тұрған уақытына және осы кезделген басқа да өлшемдерге қарамастан резидент жеке тұлғалар деп танылады.
Резидент жеке тұлға - бұл Қазақстан Республикасында үнемі болатын, өмірлік мүдделерінің орталығы осы территорияда шоғырланған азаматтар болып табылады. Резидент салық төлеуші жеке табыс салығы бойынша декларацияны салық есебі жылынан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей табыс етуі тиіс. Бұл салық төлеушіге тән критерийлер мыналар:
1) төлем көзінен салық салынатын табыстың болуы.
2) салық жылында 2004 айлық есептік көрсеткішке тең соммаға бір ірі сатып алу жасаса (үй құрылысына қажетті материалды есептемегеңде).
3) Республикадан тыс жерлерінен жеке тұлғаның табыс алуы.
4) Республикадан тыс жерлерінде шетел банк шоттарында ақшасы бар жеке тұлға.
5) Республиканың парламент депутаттары, судьялар.
Негізгі
жұмыс орны бойынша жеке
1) кәсіпорын іс-әрекетімен байланысты емес шаруашылық әрекет етуші субъектілердің тікелей немесе жанама табысы болып табылатын шығыстар. Шығындар жалпы соммасынан төлем көзінен 15% мөлшерде жұмыс беруші- заңды тұлғамен табыс салығы төленеді.
2) шегерімге жатқызылатьш, кәсіпорын іс-әрекетімен байланысты шаруашылық әрекет етуші субъект жұмыскерлерінің тікелей немесе жанама табысы болып табылады шығыстар. Мұнда жеке тұлғаның 1 айлық есептік көрсеткішті өз есебіне және әр ай сайын өз асырауындағы әрбір адамға осы көрсеткішті шегеруге мүмкіңдігі бар.
Салықтың бірыңғай алынуы үшін қайта есептеу коэффициенті қолданылады. Мемлекеттік табыс министрлігі жеке табыс салығы бойынша алыну коэффициентін енгізді. Жеке табыс салығын салу объектілері: 1 төлем көзінен салық салынатын салықтар:
1) жұмысшының табысы- шегерім соммасына кемітілген материалды, әлеуметтік игілік немесе басқада материалды көмек ретіндегі натуралды немесе ақшалай түрде жұмыс берушінің төлейтін табыстары натуралды түрдегі табыс-қайтарымсыз негіздегі жұмысшының өз мүддесіне көрсетілетін қосылған құн салығы мен акция құнын қосқандағы тауарлардың ( жұмыс, қызмет) құн;
2) материалды пайда тұріндегі табыс - өз құрамына мыналарды енгізеді:
-жұмыскермен өткізілетін тауар ( жұмыс, қызмет) құны мен сол тауардың өзіңдік құны арасыңдағы теріс айырма;
- жұмыс берушінің
шешімі бойынша жұмыскердің
- өз жұмысшыларын мүліктік сақтандыру бойынша сақтандыру сыйақыларына кеткен жұмыс берушінің шығындары
- өз іс-әрекетімен байланысты емес жұмысшылардың шығындары
3) бірлік төлемдерден табыс — азаматтық-құқықтық сипаттағы заңды тұлға немесе кәсіпкерлік келісім жасау бойынша салық төлемдерінің табысы
4) ұтыс, сыйақы, дивидент түріндегі табыстар- Республиканың ¦лттық Банктің лицензиясы негізінде банктік іс-әрекеттін түрін жүзеге асыратын банктер мен ұйымдарға салған салымдар бойынша сыйақыларды қоспағанда, жеке тұлғаға дивидент , ұтыс, сыйақы түріндегі төленетін төлемдер.
5) стипендия түріндегі табыстар- білім беру ұйымдарда оқитындарға және мәдениет, ғылым, бұл аралық ақпарат құралдарында әрекет етушіге төленуге тиіс төлемдер.
6) жинақтаушы сақтандыру келісімі бойынша табыстар- ұлттық зейнетақы қорына зейнетақы төлемдері және жұмыс берушілердің құралдары есебінен төленген сақтандыру сыйақылары, сақтаңдыру органдары жүзеге асырылатын сақтаңдыру төлемдері.
Резидент емес жеке тұлғаларға салық салу ерекшелiктерi:
Резидент емес жеке
тулғалар белгiленген
Салық салу объектiлерi:
Жеке табыс салығы
салынатын объектiлер мыналар:
1) төлем көзiнен салық салынатын табыстар;
- қызметкерлердің табысы
- біржолғы төлемдерден алынған табыс
- жинақтаушы зейнетақы қорларының берілетін зейнетақы төлемдері
- дивиденттер, сыйақылар, ұтыстар түріндегі табыс
- стипендиялар
- жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша табыс жатады.
2) төлем көзiнен салық салынбайтын табыстар.
- мүліктік табыс
- жеке кәсіпкердің салық салынатын табысы
- адвокаттар мен жеке нотариустардың табысы
- өзге де табыстар жатады
Салық салынуға жатпайтын табыстар
Жеке тұлғалар табыстарының мынадай түрлерiне салық салынуға тиiс емес:
1) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген мөлшерде мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен төленетiн атаулы әлеуметтiк көмек, жәрдемақылар мен өтемдер;
2) балаларға және асырауындағы
адамдарға алынған алименттер;
3) жеке тұлғалар өмiрi мен
денсаулығына келтiрiлген
4) жеке тұлғалардың қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның лицензиялары бар банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардағы салымдары бойынша оларға төленетiн сыйақылар және борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақы;
4-1) Алматы қаласыныѕ өңiрлiк қаржы орталығының арнайы сауда алаңында сатып алынған борыштық бағалы қағаздар бойынша дивидендтер, сыйақылар;
5) мемлекеттiк бағалы қағаздармен және агенттiк облигациялармен жасалған операциялардан түскен табыстар;
5-1) пайлық инвестициялық қорлардың пайлары және акционерлiк инвестициялық қорлардың акциялары бойынша дивидендтер, сондай-ақ пайлық инвестициялық қорды басқарушы компания оларды сатып алған кездегi осы қордың пайлары бойынша табыстар;
5-2) таза табысты бөлу кезiнде
алынған және әрбiр
6) әскери қызмет мiндеттерiн атқарған кезде әскери қызметшiлерге, белгiленген тәртiппен арнайы атақ берiлген, оны қызметтiк мiндеттерiн атқаруына байланысты алған iшкi iстер органдарының, қаржы полициясының қылмыстық-атқару жүйесi органдары мен мекемелерiн және мемлекеттiк өртке қарсы қызметтiң қызметкерлерiне берiлетiн төлемдердiң барлық түрі;
7) лотерея бойынша 5 айлық есептiк көрсеткiш шегiндегi ұтыстар;
8) тиiстi жылға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заң актiсiнде белгiленген ең төменгi жалақы мөлшерiнде мемлекеттiк бюджет және гранттар қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын қоғамдық жұмыстарды орындауға және кәсiби оқуларға байланысты төлемдер;
9) гранттар қаражаты есебiнен төленетiн төлемдер (еңбекақы түрiндегi төлемдерден басқа);
10) тұрақты жұмысы жолда өтетiн немесе жүрiп-тұру сипатында болатын не қызмет көрсететiн учаскелер шегiнде қызмет бабындағы сапарлармен байланысты жағдайларда Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген мөлшерде төленетiн төлемдер;
11) экологиялық апат немесе ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес төленетiн төлемдер;
12) ұлы Отан соғысына қатысушылард
13) өткізілетін күні
листингтің ең жоғары және
ең жоғарыдан кейінгі
13-1) олармен азаматтық-қўқықтық мәмiлелер Алматы қаласы өңiрлік қаржы орталығының арнайы сауда аланында жасалған жағдайда осы сауда аланына жiберілген бағалы қағаздарды өткiзу кезiндегi қүн өсiмiнен түсетiн табыс;
14) мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен төленетiн бiржолғы төлемдер (еңбекақы түрiндегi төлемдерден басқа);
15) салық жылы iшiнде медициналық қызмет көрсетулердiң (косметологиялық қызмет көрсетулерден басқа) ақысын төлеу үшiн, бала туған кезде, жерлеу үшiн берiлетiн, құжатпен расталған, айлық есептiк көрсеткiштің 70 еселенген шегiндегi төлемдер;
16) қызметтiк iссапарлар кезiнде белгiленген мөлшерде төленетiн өтемдер;
17) қызметкер ұйымымен бiрге басқа жерге жұмысқа ауысқан не көшкен кездегi жол жүруi, мүлкiн көшiруi, үй-жай жалдауы бойынша құжатпен расталған шығындардың өтемдерi;
18) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын дипломатиялық немесе консулдық қызметкерлердiң ресми табыстары;
19) шет мемлекеттiң мемлекеттiк қызметiнде жүрген шетелдiк жеке тұлғалардың сол елде салық салынуға тиiс ресми табыстары;
20) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын және Қазақстан Республикасының шет елдердегi дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкiлдiктерiнде қызметте жүрген жеке тұлғалардың мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен шетелдiк валютамен төленетiн ресми табыстары;
21) Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтан берiлетiн зейнетақы төлемдерi;
22-1) жұмыс берушiнiң жиынтық жылдық табысты алуға байланысты емес және шегерiмдерге жатқызылмайтын, нақты жеке тұлғалардың табысы болып табылмайтын шығыстары;
23) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген мөлшерде дала жағдайында геологиялық-барлау, топографиялық-геодезиялық және iздестiру жұмыстарымен шұғылданатын қызметкерлердiң далалық жабдықталым ақшасы;
24) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген мөлшерде республикалық бюджет қаражаты есебiнен төленетiн тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымдар бойынша сыйлықақылар (мемлекеттiң сыйлықақылары);
25) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жұмыс берушiнiң қызметкерлердi өздерiнің өндiрiстiк қызметiне байланысты мамандық бойынша оқытуға және бiлiктiлiгiн арттыруға бағытталған шығыстары;
25-1оқытуға арналған шығыстар;
26) жұмыс берушінің вахталық әдiспен жұмыс iстейтiн адамдарға өндiрiс объектiсiнде болу кезеңiнде жұмыстарды орындауы мен ауысымаралық демалысы үїшiн жағдай жасай отырып, олардың тұрмыс-тiршiлiгiн қамтамасыз ету үшiн тұрғын үй жалдауына және осы Кодекстiң 93-бабына сәйкес белгiленген тәулiкақы шегiнде тамақтануға арналған шығыстары; қызметкерлердi жұмыс орнына дейiн және керi қарай жеткiзуге байланысты шығыстар;
26-1) Мемлекеттiк әлеуметтiк
27) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген мөлшерде, жүктi болғанда және босанғанда берiлетiн әлеуметтiк жәрдемақылар, сондай-ақ ұл бала немесе қыз бала асырап алған әйелдерге (еркектерге) берiлетiн әлеуметтiк жәрдемақылар;
28) бiлiм беру ұйымдарында
29) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген нормалар бойынша берiлген арнаулы киiмнiң, арнаулы аяқ киiмнiң, басқа да жеке қорғану және алғашқы медициналық көмек құралдарының, сабынның, зарарсыздандыру құралдарының, сүт немесе құндылығы соған тең басқа да емдеу-профилактикаға арналған азық-түлiк өнiмдерiнiң құны;
30) өздерiнiң қызметiн жүзеге асыру мақсатында жеке кәсiпкер, жеке нотариус, адвокат алған мүлiктi, сондай-ақ заңдарда белгiленген тәртiппен мұраға қалдырылатын зейнетақы жинақтарынан жинақтаушы зейнетақы қорлары жүзеге асыратын зейнетақы төлемдерiн қоспағанда, жеке тұлға басқа жеке тұлғадан сыйға немесе мұраға алєан мүліктің құны;
31) iзгiлiк, қайырымдылық және демеушiлiк көмек түрiнде алынған мүлiктiң құны;
31-1) он алты жасқа толмаған балалар үшiн балалар лагерiне жолдамалардың құны;
32) еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн орындау кезiнде қызметкердiң өмiрiне және денсаулығына зиян келтiргенi їшiн жұмыс берушiнің жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру төлемдерi;
33) сақтандырудың кез келген түрi кезiнде төленетiн, шарттың қолданылу кезеңiнде басталған сақтандыру оқиғасына байланысты сақтандыру төлемдерiнiң сомалары;
34) Өз қызметкерлерiн мiндеттi және (немесе) жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша жұмыс берушi төлейтiн сақтандыру сыйлық ақыларының сомалары;
35) төлем көзiнен салық ұсталғандығын растайтын құжаттар болған жағдайда, бұрын төлем көзiнен салық салынған дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар сомалары;
36) материалдық нұқсанның орнын толтырудың сот шешiмi бойынша тағайындалған сомалары;
37) жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша жасасқан сақтандыру сыйлықақыларын (аннуитет) төлеу үшiн өмiрдi сақтандыру жөнiнде сақтандыру ұйымдарына жiберген зейнетақы жинағының сомалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен сақтандыру ұйымдарына бағытталєан, зейнетақы аннуитетінің шарттары бойынша сатып алу сомалары;
38) сақтандырылушы қайтыс болған жағдайда жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша жүзеге асырылатын сақтандыру төлемдерi.
39) жинақтаушы зейнетақы қорларына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мүлшердегi ерiктi кәсiби зейнетақы жарналары.
Салық көзі:
1. Резидент емес заңды тұлғаның Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемемен байланысты емес табыстарына белгiленген ставкалар бойынша шегерiмдi жүргiзбестен төлем көзiнен табыс салығы салынуға тиiс.
2. Қолма-қол және (нeмece) қолма-қол емес нысандарда ақша, бағалы қағаздар, қатысу үлесiн, тауарлар, мүлiк беру, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету, табыс алушы peзидент еместiң борышты талап етуін Қазақстан Республикасындағы көздерден резидент еместiң алдындағы табыстарды түлеу жөнiндегi берешектi өтеу есебiне жүргiзiлетiн есептен шығару немесе есепке алу табысты төлеу деп түсініледi.
3. Төлем көзiнен салық салуға мыналар:
1) Қазақстан Республикасының аумағына сыртқы сауда операциялары бойынша тауарларды жеткiзумен байланысты төлемдер;
2) резидент банктердің
корреспонденттiк шоттарын
3) бағалы қағаздарды өткiзу кезiнде құн өсiмiнен түскен табыстар;
4) мемлекеттiк бағалы қағаздармен және агенттiк облигацияларымен жүргiзiлген операциялардан түскен табыстар;
4-1) Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығыныә арнайы сауда алаңында сатып алынған борыштық бағалы қағаздар бойынша дивидендтер, сыйақылар;
5) бiртұтас құбыр жүйесi бойынша Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тасымалданатын шикi мұнай сату құнының сапасы бойынша түзетуге байланысты төлемдер;
6) сатып алушы-резиденттер борыштық бағалы қағаздар бойынша оларды сатып алу кезiнде резидент еместерге төлеген жинақталған (есептелген) сыйақылар сомасы;
7 резидент еместiң шартты банк салымдары бойынша сыйақылары;
8) халықаралық қаржы лизинг шарттары бойынша қаржы лизингіне негізгі қаражатты беруден түскен табыстар;
9) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде, жұмыстарды орындаудан, қызметтердi көрсетуден түскен табыстар жатпайды.
4. Резидент еместiң өз табыстарын үшiншi тұлғалардың және (немесе) басқа мемлекеттердегi өз бөлiмшелерiнiң пайдасына жұмсауына қарамастан, резидент еместiң табыстарына төлем көзiнен салық салынады.

- Жеке табыс салығы
- Жеке табыс салығы
- Жеке табыс салығы
- Жеке табыс салығы
- Жеке табыс салығының міндеттері
- Жеке табысы салығы
- Жеке тулга
- Жеке қорғаныс құралдары
- Жеке қорғаныс құралдары
- Жеке қорғаныстың медициналық құралдары және олардың негізгі құрылымдары
- Жекелеген санаттағы қызметкерлердің еңбегін қорғау
- Жеке меншік құқығы және түрлері
- Жеке меншік – нарықтық экономика негізі
- Жеке сот орындаушылардың пайда болуы және олардың қызметінің тиімділігі