Жеке тұлға әлеуметтануы
Жеке тұлға әлеуметтануы.
Жоспар:
- Социологиядағы жеке тұлға ұғымы, оның мәні.
- Жеке тұлға дамуына әсер ететін факторлар.
- Жеке тұлғаның әлеуметтенуі.
- Жеке тұлғаның статустары мен рольдері.
1. Адам, индивид, жеке тұлға-өзара байланысты бұл ұғымдар өмірде жиі бірге қолданылғанымен, социология ғылымы оларды бір-бірінен бөліп қарастырады. “Адам” деген термин –жер бетіндегі тірі организмдер дамуының ең жоғарғы сатысы, қоғамдық тарихи және мәдеи субъект. Адам табиғаты біртұтас әлеуметтік жүйе болып табылады. Адамның мәнді әлеуметтік қасиеттері- оның азаматтылығын анықтайды. Адам белгілі бір қоғамдық қатынастың нәтижесі ғана емес, сонымен бірге сол қатынастың өзін “ дүниеге әкелуші”.
Ал индивидд дегеніміз-қоғамның жеке бір мүшесі, яғни жеке адам.
Жеке тұлға дегеніміз-өзінің қайталанбас
индивидуалдығымен
Бұл көзқарастарға байланысты жеке тұлға әртүрлі әлеуметтік және мәдени тәжірибелердің түрлеріне қатысты биологиялық организм ретінде дамиды. Мұнда жеке тұлғалық белгілердің қалыптасу процесіне әсер ететін туған қабілеттері, даму қарқыны терістелмейді.
Жеке тұлға ұғымы адамда оның өмірлік қызметінің әлеуметтік бастауын сипаттауға көмектеседі. Адам әлеуметтік байланыстарда , әлеуметтік институттарда, мәдениетте, яғни қоғамдық өмірде басқа адамдармен қарым-қатынас процесінде жүзеге асырылатын қасиеттерді жасайды.
Жеке тұлға ұғымы әрбір адамда әлеуметтік мағыналы белгілердің индивидуалды бейнеленуін және оның негізгі барлық қоғамдық қатынастардың жиынтығы ретінде бейнеленуін көрсетеді. Социология ғылымы тұлғаның қасиеттерінің қалыптасуының әлеуметтік негізін, тұлғалар типі қоғамында өсетін әлеуметтәік қызметтер мен әлеуметтік мазмұнда , яғни жеке тұлғаны қоғамдық өмірдің қайнар көзі ретінде зерттеуге тырысады. Социологтардың көзқарасы бойынша жеке тұлға басқа адамдармен қарым-қатынас жасаудағы ндивидуалды өмір қызметінің әлеуметтік белгілерін бейнелейтін және сол арқылы қоғамдық қатынастардың дамуы мен тұрақтануына әсер ететін жеке адамдарды білдіреді.
2. Жеке тұлға белгілерінің пайда болуы мен дамуын талдау үшін жеке тұлғалардың қалыптасу процесіне әсер ететін мынадай факторларды бөліп көрсетеміз: 1) биологиялық тұқымқуалаушылық. 2) Физикалық орта. 3) Мәдениет 4) Топтық тәжірибе. 5) Индивидуалды тәжірибе.
Биологиялық тұқымқуалаушылық белгілері ауаға, суға, ұйқыға, қауіпсіздікке, ауырмауға қажеттілікті қамтитын адамзат тіршілігінің туған қажеттіліктері мен қабілеттерімен толықтырылады. Егер әлеуметтік тәжірибелерде негізінен адам иеленетін жалпы белгілермен түсіндірілетін болса, ал биологиялық тұқымқуалаушылық жеке тұлғаның индивидуалдығын, оның қоғамның басқа мүшелерінің бастапқы айырмашылығын түсіндіреді. Осыған байланысты биологиялық тұқымқуалаушылық толығымен жеке тұлғаны жасай алмайды. Себебі мәдениет те әлеуметтік тәжірибе арқылы беріледі.
Физикалық орта. Кейбір зерттеушілер
физикалық қоршаған ортаға жеке тұлғаның
дамуында үлкен роль берді. Атақты социолог
П.Сорокин 1928 ж. басылған еңбектерінде
Конфуций, Аристотель, Гиппократтан бастап,
қазіргі кезеңнің географы Эллиот Хантингтонға
дейінгі көптеген ғалымдар теорияларын
кеңейтті. Мұнда жеке тұлға тәртібіндегі
топтық ерекшеліктер негізінен ауа-райындағы
географиялық ерекшеліктермен табиғи
ресурстардағы ерекшеліктерме,
Мәдениет. Анықталған мәдени тәжірибе барлық адамзат үшін жалпы болып табылады және сол немесе басқа қоғам дамуының қандай сатысында тұрғанына тәуелді емес. Сонымен қатар әрбір қоғам өзінің барлық мүшелеріне басқа қоғам бере алмайтын кейбір ерекше тәжірибелерді, ерекше мәдени үлгілерді береді.
Амеркан зерттеушісі К.Дьюбайс
сол қоғамға тән жалпы
Модальды тұлға қоғам мәдени тәжірибесіне барарда өзінің барлық мүшелеріне беретін жалпы мәдени құндылықтарды өзіне сіңіреді. Яғни әрбір сол қоғамның мәдениетіне сай келетін бір немесе бірнеше тұлғалық типтерді дамытады. Бірақ күрделі қоғамда субмәдениеттің көп болуына байланысты жеке тұлғалардың жалпы қабылдаған типін табу өте қиын. Біздің қоғамымыз көптеген құрылымдық бөлімдермен сипатталады: аймақ, ұлт, шұғылданатын іс, жас ерекшелік катег.ориясы, жеке тұлға болады. Бұлардың әрқайсысы өздерінің жеке субмәдениетін жасауға бейім. Бұл үлгілер жеке индивидтерге тән тұлғалық үлгілермен араласады және аралас тұлғалық типтер пайда болады.
процесінде толық бейнеленеді. Яғни жеке тұлғалардың қалыптасуына биологиялық факторлары және жеке әлеуметтік топтағы жалпы мәдени үлгі әсер етеді. Сонымен қатар тұлғалардың қалыптасу процесін анықтайтын негізгі факторлар топтық тәжірибе және индивидуалды тәжірибе болып табылады. Бұл факторлар жеке тұлғалардың әлеуметтену
3. Адам дүниеге келгенде әлі негізінен биологиялық жан. Нәрестеде әлеуметтік өмір туралы ешқандай түсінік жоқ., онда адам болудың тек мүмкіндіктері ғана бар. Нышан деп аталатын ол мүмкіндіктер басқа адамдармен қарым-қатынас жасап, қоғамдық қатынастар жүйесіне енуі нәтижесінде ғана адамдық қасиеттерге айналады. Сондықтан да К.Маркс адамның мәні, сайып келгенде, барлық қоғамдық қатынастардың жиынтығы болып табылады деген болатын.(К.Маркс, Ф.Энгельс)
Демек, адам адам болып туылмайды, қалыптасады. Адамның адам болып қалыптасуы оның физиологиялық және психикалық дамуына сәйкес табиғи нышандардың негізінде жүзеге асады: мұнда әлеуметтік-экономикалық жағдайлар , мәдени құндылықтарды меңгеру, мектеп пен семьяда тәрбиелеу, замандастарының ықпалы сияқты факторлар шешуші роль атқарады. Адамның бұл қалыптасу процесі социологияда әлеуметтендіру деп аталады.
Өскелең ұрпақтың әлеуметтену мәселелері алғаш рет субъективтік тұрғыдан біржақты Батыс Европада жарық көрген ғылыми еңбектерде , атап айтқанда, австриялық психолог З.Фрейдтің психикалық анализі мен осы ілімнің негізінде екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Батыс Германияда пайда болған антропологиялық мәдениет теориясын дамытушылародың еңбектерінде аталып, жасөспірімдердің психикалық және жыныстық пісіп-жетілуі олардың әлеуметтенуінің қайнар көзі ретінде қарастырылды. Ал необихевиоризм өкілдері “әлеуметтену” ұғымының мазмұнын “әлеуметтік өмірді оқытып-үйрету” мәселелерді құрайды деп есептейді. Символдық интеракционизм мектебінің мүшелері “әлеуметтену” дегеніміз “әлеуметтік мқарым-қатынас нәтижесі” деп түсіндіреді. Гуманистік психология ағымының өкілдері “әлеуметтену” терминінің мазмұнын “ мен” ұғымының баламасы ретіндегі “пайымдап, дайындалған болашаққа қатысты көзқарастың” өзіндік маңызды мәселелерді құрайды деп біледі.
“Әлеуметтену” ұғымына берілген орыс ғалымдарының анықтамаларында өскелең ұрпақты әлеуметтендіру процесінде олардың жеке бастарының қалыптасуына ықпал ететін қоршаған нақты ортасына тән объективті және субъективті факторлар жиынтығы жартылай болса да қамтылған. Орыс ғалымдарының “әлеуметтену” ұғымдарына берген анықтамаларының барлығына ортақ бір кемшілік бар. Ол адамдардың барлығының дерлік мазмұнының кешегі күні өткен тоталитарлық жүйеде “тәрбие” ұғымына беріліп келген анықтамалардың мазмұнына тым ұқсастығы, оларды айтарлықтай сол күйінде қайталауы. Ал, ақиқатын айтқанда ,”әлеуметтену” ұғымының құрамдас элементтері, мазмұнын толықтырар бөлшектік компоненттері болып табылады.
Демек “әлеуметтену” термині мен
“тәрбие” ұғымының арасында айтарлықтай
елеулі айырмашылықтар бар. “тәрбие”
ұғымы қоғамның өз мүшелеріне саналы
түрде арнайы жоспарланған мақсатты
тәрбие беруін білдіреді. Ал “әлеуметтену”
термині болса, өзінің мазмұнына
мемлекеттік тәрбие жүйесіне тән
белгілерден басқа да қоршаған ортаның
ықпалымен өмірдің өзінен туындайтын
әрі күнделікті тұрмыста жиі кездесіп
тұратын тәрбиелік
Сонымен әлеуметтену дегеніміз-жеке
тұлғаны жан-жақты
Әлеуметтену процесі балалық шақтан
басталып, кәрілікке дейін үздіксіз
жүріп отырады. Бұл индивидтің мәдениетке
қатысты бірқатар процестерін қамтиды:
* білім алуы мен тәрбиесі; * адамдармен
қатынастары; *қоғамдағы нормалар мен
құндылықтарды игеруі; т.б. Әлеуметтену
процесінде негізгі ролдерді-отбасы,
балабақша ,оқу орындары, еңбек ұжымы.
Достары, таныстары, көршілері, бұқаралық
ақпарат құралдары т.б
4. Әлеуметтену процесінің тағы бір нәтижесі –адамдардың қоғамда әртүрлі статустарға, позицияларға ие болуы. Статустар әлеуметтік және жеке статус болып бөлінеді. Әлеуметтік статус дегеніміз-индивидтің жасына, жынысына, меншігіне, біліміне, қызметіне, дәрежесіне, иотбасыдағы жағдайына байланысты қоғамдағы орны болып табылады. Мысалы, адамдар жоғарға оқу орнында оқыса, студент статусын алады, жасының келуіне байланысты еңбек демалысына шықса-зейнеткер статусын, жұмыс орнынан қол үзсе –жұмыссыз статусын алады.
Адамдар бұл өмірде бір ғана емес,бірнеше статустарға ие болады. Мыс, адам бір мезгілде біреудің ұлы, күйеуі, әкесі, ғалым, мэр, өнерсүйгіш т.б статустарды игеруі мүмкін.
Индивидтің өзіндік статусына
байланысты атқарған роліне қарай олардың
негізгі екі түрін бөліп
Жазылып қойылған статус дегеніміз-адамның қажеттілігі мен еркінен тыс, туылғаннан, ұрпақ арқылы берілген белгілері. Адамның тума статустарына оның жасы, жынысы, ұлты, нәсілі, туыстығы(қызы, ұлы, әпшесі, әкесі) мұрагерлігі жатады.
Жазылып қойған статустан бөлек индивидтің өз еркімен қолы жеткен статустары бар. Оған: білім алуы, мамандыққа ие болуы, бір нәрсемен шұғылдануы т.б жатады. Батыс аналитиктерінің пікірі бойынша , индустриядан кейінгі қоғамда негізгі рольді адамдардың қолы жеткен статустары атқарады.
1-схема.
Әлеуметтік роль дегеніміз-индивидтің статусына байланысты атқаратын іс-әрекеті, қызметі. Егер статус адамның қоғамдағы статусын анықтайтын болса,(оқушы, жұмысшы, әскер,әйелі), ал әлеуметтік роль адамдардың осы позициясының қызметін анықтайды. Ал бұл қызметтер әрбір қоғамда жалпыға бірдей нормалар және әртүрлі құжаттар арқылы анықталады( заңдарда, ережелерде, бұйрықтарда т.б) Әлеуметтік роль қандай да бір статус өкілі өзін қалай ұстауы керектігі жөнінде,қандай іс-әрекет атқаратынжығы жайында айтады.
Адамдардың статусына сай
Мұндай конфликтік жағдайлар нәтижесі статусы мен роліне сай іс-әрекетті бұзушы адамды өз статусынан айыруға апарады. (Мыс, үлгерімі нашар студент оқудан шығарылады, білімі төмен оқытушы жұмыстан босатылады т.б.)
Егер индивидтің әлеуметтік статусы
индивидтің қоғамдағы орнын анықтайтын
болса ,жеке статус дегеніміз- қоршаған
адамдардың оған қалай қатынас жасайтындығымен
анықталатын адамның шағын
Әлеуметтік және жеке статустың деңгейі бір-бірімен жиі сәйкес келмеуі мүмкін. Мыс, әлеуметтік статусы жоғары адамның жеке статусы төмен болуы мүмкін. Және керісінше Әлеуметтік статусы төмен адамның жеке статусы жоғары болуы мүмкін.
Лекция № 11.
Тақырыбы:Әлеуметтік қарым-қатынас психологиясы.
1. Әлеуметтік қарым-қатынас психологиясының пәні мен міндеттері.
2. Ортақтасу және оның қызметтері.
3. Тұлғааралық қарым-қатынас түрлері.
Әлеуметтік ортақтасу
Ортақтасу психологиясы қамтитын сұрақтар:
- Адами қатынас деген не? Оның ерекшеліктері мен механизімдері қандай? -Жеке адам белгілі бір топ мүшесі болған сәтте қандай өзгеріске ұшырайды өзін қалай ұстайды? Неге оның мінезқұлқында өзгерістер пайда болады?
Ортақтасу психологиясының негізгі бағыт-бағдарлары:
1.“Мен” - “Басқа” жүйесіндегі
арақатынас. Ортақтасу барысында
пайда болатын тұлға аралық
қатынастарды танып білу, адамдардың
бірін – бірі тану мен түсіну
механизімін
зеріттеу, олардың ортақ қызыметін
ұйымдастыру тәсілін анықтау,
бір адамның екінші адамға
ықпал етудің жолдары мен
- “Топ” - “Мен” жүйесіндегі арақатынас. Әртүрлі әлеуметтік жағдайлардың адамның мінез-құлқы мен тұлғалық ерекшеліктеріне ықпалын зеріттеу. Адамның әлеуметтік ұстанымдары, әлеуметтік көзқарастары, топ және қоғам адамның тұлғасын қандай жолдармен қалыптастырады және өзгертеді?
Әлеуметтену - даму барысында әлеуметтік құндылықтарды, нормаларды әр адамның өз бойына сіңіру үрдісі.
- “Мен” – “Топ”. Жеке адамның әлеуметтік жағдайларға, қоршаған ортаға жасаған белсенді ықпалы. Әрбір адам - өз өмірінің, өз әлеуметтік байланыстарының қожасы, басқа адамдармен қарым-қатынастағы рөлдері мен орындарының жасаушысы ретінде қарастырылады.
Сонымен, ортақтасу психологиясының негізгі мәселесі –
адами ортақтасудың тұлғааралық
және топаралық формаларын танып-білу,
ортақтасудың пайда болуы мен
қызымет етуін және жеке тұлғаның
ортақтасу барысында әлеуметтік-психологиялық
қасиеттерінің қалыптасуын
Ортақтасу психологиясы адамдар мен топтардың әлеуметтік мінез – құлықтарының заңдылықтарын зеріттейтін ғылым. Қарым-қатынас психологиясы – мінез-құлыққа әлеуметтік ықпал етудің тиімді тәсілдері мен технологияларының жиынтығы.
Ортақтасу психологиясының маңызы зор. Адам өмірін ортақтасусыз, арақатынассыз, топішіндік және топаралық қатынассыз елестетудің өзі қиын.
2. Ортақтасу – қарым-қатынас психологиясының негізгі ұғымы.
Ортақтасусыз жеке адамның тұлғалық қалыптасуы үрдісін, жалпы қоғам дамуын түсініп талдауға болмайды. Ортақтасу, Г.М. Андре-еваның пікірі бойынша, адамдарды біріктіру және дамыту тәсілі.
Субъект – 1
Ортақтасу формалары:
Тікелей ортақтасу – табиғи бетпе-бет, сөздік және бейсөздік (ым, қимыл) құралдар көмегімен жасалынатын толық психологиялық контакт, кері байланыс бір мезгілде өтеді. Бұл – адамдардың бір-бірімен қатынас жасау тариқындағы бірінші формасы.
Жанама ортақтасу - қатысушылардың кері байланыс уақытын ұзартатын , не кешіктіретін жазу және техника құралдары арқылы жасалынатын толықсыз психологиялық контакт. Хат жазу, кітап шығару , радиодан сөйлеу т.с. адами ортақтасуды күрделендіріп жібереді.
Тұлғааралық ортақтастыру – екі не құрамы өзгермейтін топ ішіндегі таныс адамдардың тікелей контактлары. Тұлғааралық ортақтасудың белгілері: қатысушылардың психологиялық жақындығы , бір-бірінің ерешеліктерін білуі , бірге күйзелуі, өзара түсінушілігі , ортақ қызметтестігі.
Бұқаралық ортақтасу – бейтаныс адамдардың тікелей не жанама (бұқаралық ақпарат құралдары арқылы болатын) контакттары. Мысалы, стадионда, театрда, шеру-бұқаралық тікелей ортақтасу, телемарафон, радиохабар-жанама ортақтасу, вагонда-бұқаралық тікелей не жанама болса, купеде-тұлғааралық .
Персонааралық ортақтасу – ортақ іс-әрекет үрдісінде жеке қасиеттерін ашатын белгілі тұлғалардың психологиялық контакттары (чемпиондар, ғарышкерлер, президенттер).
Рөлдік ортақтасу – белгілі әлеуметтік рөлдерді орындаушылардың пстхологиялық контакттары, мысалы, оқушы- оқытушы, әке-бала, сатушы-алушы, көрші- көрші, дәрігер- ауру, бастық-бағынушы. Әрбір адам әр сәтте әртүрлі рөлдерде орындайды, сол рөлдерге байланысты қоғамда өз орнын табады. Сол рөлдерді орындағанда адамның өзгешеліктері назарға алынбайды, тек әлеуметтік рөлге қажетті іс-әрекеттері маңызды болып саналады.
Әрине , әлеуметтік рөл адамның мінез-құлқының егжей-тегжейін анықтамайды. Адам өз рөлін , басқалардың рөлдерін қалай түсінеді? Ол рөлдерге қандай қатынаста болады? Адамдар өз рөлдерін орындаған сәттерінде қайталанбас өзіндік өрнек пен таңба енгізеді. Ортақтасу барысында адамдар өзі және басқалар үшін өзіндік психологиялық ерешеліктерді ашады, көрсетеді, түсінеді. Адамның психологиялық қасиеттері ортақтасу нәтижесінде пайда болады., дамиды, өзгереді. Басқалармен арақатынас жасағанда адам қоғамдық ережелерді, нұсқаларды, білім мен іс-әрекет тәсілдерін жалпы әлеуметтік тәжірибені өз бойына сіңіреді. Ортақтасу нәтижесінде адам жеке тұлға болып қалыптасады.
Ортақтасу – адамның психалық дамуының және мінезінің алғышарты ,негізі. Сонымен ортақтасу - адамның психологиялық дамуының факторы:
- ортақтасу үрдісінде басқалардан өзгешелігі қалыптасады , адам тек қана ортақтасу арқылы нәтижесінде пайда болады.(джунглида өсіп адам болған Маугли –қияли оқиға, ертегі );
- ортақтасу үрдісінде өзге үшін , өзі үшін адамның психологиялық қасиеттері ашылады(ғашық болған адам өзін-өзі жаңа қырынан танып біледі.)
- ортақтасу үрдісінде жеке адам жалпыадамдық тәжірибені меңгереді.(орыс философы Чаадаев айтуынша, ортақтасусыз шөпті шайнап жүре беретін едік.)
- Мақсатына қарай қарым-қатынас психологиясы тұлғааралық ортақтасудың үш түрін ажыратады: императив (бұйрық) манипуляция (айла), диалог(қосүн, қоссөз, қостіл).
Императивтік немесе әміршіл ортақтасу - өз ортақтасу серігінің тәртібі мен іс-әрекетіне бақылау жасау мақсатындағы әсер етудің авторитврлық , директивтік формасы. Ортақтасу партнері тек әсер етудің нысанасы, пассив ретінде қарастырылды. Императивтің ерекшелігі , партнерды бағындыру жөніндегі негізгі мақсатының жасырынбай айқын көрініп тұратындығында. Әсер етудің құралдары ретінде бұйрық , талап, әмір, тиым салу, нұсқау пайдаланылады (Отыр! Тұр! ӘкелІ)
Сонымен , Әміршіл ортақтасу- басқаны өзіне белгілі қажетті белгілі әрекетке күшпен бағдарлау.
Сонымен қатар мұндай ортақта суды мүлде қолдануға болмайтын салаларда баршылық. Ең алдымен ортақтасудың бұл түрін достар және жұбайлар арасында , ата-анамен бала арасында , тәрбие мен педагогика саласында пайдалану ыңғайсыз әрі нәтижесіз. Бұйрық , тиым көмегімен ұстаздармен ата-аналар балаға өз сөзін өткізе алады. Бірақ ол сөздерді бала тек сырттай қабылдап орындайды. Бала өз еркімен қабылдамаған соң оның құлағына құйған үлкендердің ережелері, қағидалары , қоғамдық нормалары санасының тез жойылып кететін мазмұны болмақ. Бұйрық түрінде берілген тілектер баланың ішкі құндылығы бола алмайды.
Манипуляция, алдап –арбау ортақтасуы- жиі кездесетін тұлғааралық ортақтасу – жиі кездесетін тұлғааралық ортақтасу партнері өзінің жасырын ниетіне бағындыруды көздеген іс-әрекет. Өзмақсатына жету үшін манипулятор ортақтасу партнері нысана ретінде қарастырады.
Манипуяциялық ортақтасу – Басқаны өз мақсатын жасырып өзіне қажетті іс-әрекетке баулу.
Императив пен манипуляцының ұқсастығы екеуінің мақсаты бірдейлігінде: яғни , қатынас серігінің ойы мен бойын билеу , бақылау . Айырмасы: манипуляциялық стильде шынайы мақсат жарияланбайды, жасырылады не ауыстырылады
Алдап –арбау ортақтасуының қоғамдағы ресми орны –бизнес , сауда-саттық, іскерлік, насихат -, оқыту болып табылады.
Оқыту барысында (тәрбиелеуде емес !) сабақты қызықты өткізу , оқушының назары мен ынтасын көтеру үшін манипуляцияны пайдалануға болады.
Арбаушылық барысында қатынас серігі жеке тұлға ретінде емес, тек манипуляторға керек қасиеттердің иесі ретінде қарастырылады. Мысалы, манипулятор мейірімді адамның мейірімін, әлсіздің әлсіздігін өз мақсатында пайдалануға тырысады. Арбаушы өз арбаушылығының құрбаны болып қалады. Өзін -өзі біртұтас тұлға ретінде емес , кейбір рөлдердің орындаушысы ретінде қабылдап жалған ниеттер мен мақсаттарға бас ұрады. Манипуляторды сипаттайтын қасиеттер: өтірік, зерігу, сезімдердің қарапайымдылығы, өзін де, басқаға да сенбеушілік.
Диалог ортақтасуы. Бұл –тең құқықтық субьектілердің арақатынасы, ортақтасу мақсаты- өзін-өзі және өзгені тану, білу, дамыту. Жоғарыда аталған арақатынастарын негізгі айырмашылығы –эгоцентризмнен, өзіндік ұстанымнан альтруизмге, өзгеге, басқаға бағытталған ұстанымға көшу . Бұл ортақтасу үрдісінде екі дауыс екі пікір естіледі, бұл субьект-субьект қатынасы.
Диалог ортақтасуының ережелері:
- Сұхбаттасушының және өзінің көкейкесті күйін ескеру, «осы жерде-осы сәтте» қағидасын басшылыққа алып арақатынасын жүргізу дәл осы кездегі сезімдерін, тілектерін, психологиялық халдерін назарға алу.
- Ортақтасу серігінің тұлғасына баға бермеу, алдын-ала оның ниеттеріне сену, біріне-бірі сенімділік білдіру .
- Серікті өзіне тең, өзіндік пікірі мен шешімі бар тұлға деп қабылдау.
- Шешілмеген мәселе мен сұрақтар ортақтасу мазмұны болуы керек (ортақтастыру мазмұнын мәселелендіру).
- Сұхбат адамының өз атынан жургізілуі керек, біреудің пікіріне сілтемей, өзінің сезімдерімен тілектерін білдіру қажет (персоналандыру).
Диолог ортақтасуы қатысушылардың өзара тусінушілігін тереңдетіп, бірінің жан байлығын бірі көбейтуге, әрқайсысы өз-өзінің ашылуына жағдай жасайды. Осы типтегі ортақтасуды іске асыру үшін қажетті өмірлік шарттар және қатысушылардың ішкі дайындығы керек.
Оқушылармен қалай сөйлесу керек? Олардың сұрақтарына қалай жауап қайтару қажет?
Біріншіден, шыдамдылықпен сұрақты соңына дейін тыңдау . Көбінесе, адамдар сұрағы анық қой деп, сұхбаттасушыны тоқтата салып жауапқа кіріседі. Сұрақты дұрыс түсінуде кішкентай ғана күмән пайда болса, қайталап анықтап алған жөн болар («Кешір мен онша түсінбей тұрмын», «Мен дұрыс түсінсем...»). Кейінгіге қалдырмай («бұл келесі сабақтың тақырыбы») міндетті түрде шәкіртке жауап беру керек.
Екіншіден, жауап сұрақтан неғұрлым кең болып, қойылған мәселені жаңа қырынан көрсету тиіс. Маңызы бар сұрақ қойып тұрған шәкіртті ренжітпеу үшін асығыс жауап беруге де боламайды.
Үшіншіден, оқушылар кейде сұрақты дәлме-дәл жауап алу үшін ғана қоймайды. Сұрақты өзінің ойлау қабілетін , білім деңгейін көрсету үшін де қояды. Мұғалімнен көмек күткен баланың сенімін ақтап, ашық әңгімеге жағдай жасау қажет.
Ортақтасу - өте күрделі феномен. Оның әртүлігі көптеген функцияларына тәуелді, ал көп қызметтілігі (многофункциональность) жеке адам мен қоғам өміріндегі орны мен мағынасына байланысты.
Ортақтасудың ішкі құрлымы да өте күрделі, оны шартты түрде үш жаққа бөлуге болады.: комуникация , перцепция, интеракция. Біртұтас, ішкі бірлігі бұзылмас процесті біз ғылыми мақсатта, терең және жан-жақты талдау үшін үшке бөлеміз. Естен шығармайтын жайт: тіршілікте ара қатынас- біркелкі, бұзылмайтын процесс.
Коммуникация- арақатынас партнерлерінің бір-бірімен ақпарат алмасуы, білімді, идеяны, пікірді, сезімді беру мен қабылдау үрдісі.
Интеракция- тұлғааралық қимыл ұйымдастыру, қатысушылардың өзара қозғалыс пен әрекет алмасу.
Перцепция- адамдардың бірін-бірі тануы мен тәрбиелеуі негізінде құрылатын белгілі тұлғааралық қатынастар.
Ортақтасудың құрлымы

- Жеке тұлғаға бағдарланған оқыту технологиялары Ойын технологияларының мүмкіндіктері
- Жеке тұлғаға бағдарланған оқыту технологиялары Ойын технологияларының мүмкіндіктері
- Жеке тұлғаға және оның эстетикалық талғамының қалыптасуына қолөнердің әсері
- Жеке тұлғаға және оның эстетикалық талғамының қалыптасуына қолөнердің әсері
- Жеке тұлғаға және оның эстетикалық талғамының қалыптасуына қолөнердің әсері
- Жеке тұлғаға және оның эстетикалық талғамының қалыптасуына қолөнердің әсері
- Жеке тұлғаға және оның эстетикалық талғамының қалыптасуына қолөнердің әсері
- Жеке тұлға
- Жеке тұлға
- Жеке тұлға
- Жеке тұлға
- Жеке тұлға - азаматтық құқықтың субъектісі
- Жеке тұлға әлеуметі
- Жеке тұлға әлеуметтану