Жеке тұлға. 5
КІРІСПЕ
Әлеуметтану ғылымының адамдардың пікірлері, іс-әрекеттерінің уәждері, өмірлік жоспарлары, құнды бағыт-бағдаолары, қызметтің мақсаттары және т.б. қазіргі адамның тұлғалығын бейнелейтін мәселелер болып саналады. Тұлғаны танып-білу бұрыннан келе жатқан нәрсе.
Әлеуметтендіру туралы айтқан біз мәдени нормаларды игеру мен әлеуметтік рөлдерді меңгеру процесін әңгіме етеміз. Бұл процесс адамның индивидке және тұлғаға айналуын білдіреді. Әлеуметтендіру процесі сатылардан өтеді, оларды негізгі өмірлік циклдар деп те атайды. Бұл балалық шақ, жасөспірімдік, ер жету, және қарттық шарттар. Әлеуметтендіру процесінің нәтижеге жету деңгейіне орай немесе аяқталуына сәйкес оны бастапқы немесе ерте әлеуметтендіру деп бөліп көрсету ғылымда орын алған, бұл балалық пен жасөспірімдік кезеңді қамтиды және жалғастырушы немесе толығып жеткен есейген әлеуметтендіру деп те бөлуге болады, бұл қалған екі кезеңді қамтиды.
Әлеуметтік
«Меннің» қалыптасуымен, әлеуметтенудің
эволюциялық кезеңдерімен және хронологиялық
шеңберімен байланысқан бірнеше
ауқымды мәселелерді
- Адамның биологиялық және әлеуметтік жағдайы. Тұлға – әлеуметтік өмірдің субъектісі мен объектісі.
Адам – биологиялық индивид, жердегі тірі организмдердің жоғарғы сатысы, күрделі және ұзаққа созылған биологиялық эволюцияның жемісі, эволюциялық мәдениеттіңалғышарты және субъектісі. Биологиялық эволюция 2,5 млн жылға созылды. Адамның биологиялық дамуы 40 мың жыл бұрын тоқтады. Осыған дейін бүгінге адамды өзге жануарлар дүниесінен ерекшелейтін іргелі белгілері қалыптасты: тік жүруі, миының үлкендігі,екінші сигналдық жүйесінің болуы, ойлаудың, тілдің және сананың болуы, балалық шақтың ұзаққа созылуы, еңбек құралдарын және отты меңгеруі және т.б.
Адам өзін-өзі танып қана қоймайды, сонымен бірге табиғат және әлеуметтік заттардың өлшеуіші де болады. Гректер адам іспетті, бейнелі құдайлар құрметіне храмдар тұрғызды, онымен адамның түйсінуі мен ойлауының өлшемін бейнеледі. Бұдан кейін адамның құнды өлшеуіш екендігі жөніндегі түсінікті Демокрит пен Платон дамытты. Нәтижесінде антропологизм гректерде антропоцентризмге айналды.
ХХ ғасырда бірінші жартысында жиналған сан алуан жаңа фактілер адамның мәні туралы бастапқы көзқарасты қайта қарауға мәжбүр етті. Сөйтіп, туа біткен ұлылық адамнан автоматты түрдеұлы тұлғаны қалыптастыруға кепілдік бермейтіні белгілі болды. Дәл осы сияқты тектік жарақат, ауру немесе басқа да жағымсыз биологиялық алғышарттар адамның толыққанды қоғам мүшесі болу мүмкіндігін жоққа шығара алмады. Бұл жерде басты рөлді әлеуметтік орта атқарады, адам туғаннан кейін осы ортаға түседі.
Сонымен, ХІХ ғасырда адамдағы биологиялық пен әлеуметтіктің арасалмағына қатысты мәселені нақты ғалымдар әдістерінің көмегімен толық шешпекші болған ниет іске аспады. ХХ ғасырда бұл мәселе одан ары бетер үлкен қайшылыққа тап болды. Бүгінге ғалымдар бұл мәселені шешілмейтін проблема деп қарауға бағыт ұстап отыр. Адам тұлғасын зерттеуде тұлғалық қасиетті анықтаудың бірнеше деңгейлерін қолдану қабылданған:
- Табиғи, бұл басқа адамдарының ықпалынан тәуелсіз адамның өзінде болатын және дамитын жағдайлар;
- Биологиялық, бұл жалпы шыққан тегі;
- Әлеуметтік, адамға әлеуметтендіру барысында, басқа адамдармен қарым-қатынаста және өзара іс-әрекет арқылы сіңісті болып, қабылданған белгілер.
Кең мағынада алғанда әлеуметтік үшке бөлінеді:
- Өзіндік әлеуметтік, бұл адамның өзінің әлеуметтік рөлдерін дұрыс орындау үшін қабылданған аса қажетті белгілерінің жиынтығы;
- Ерекшелікті мәдени, бұл әдепті мінез-құлып нормалары мен ережелерінің жиынтығы, олар ырықсыз орындалады, индивидтің сіңісті белгілеріне айналады, осы арқылы өзгелер оны тәрбиелі жан ретінде таниды;
- Адамгершілік, этикалық нормаларды абсолюттік талаптар ретінде орындауына орай адам бойындағы әлеуметтік қасиеттің жоғары көрінісі және мәдениеттілік бастаулары.
Сонымен, әлеуметтік дегеніміз не? Әлеуметтік-бұл адамдардың өзара қарым-қатынастарының ерекше сапасы немесе бір адамның басқа біреумен қарым-қатынасының ерекше саласы. Әлеуметтік дегеніміз-адамдардың өзара қарым-қатынастары және сол қатынастардың қоғамдық маңызды нәрсе ретінде қарастырылуы.
Адам мен тұлғаға алып баратын тағы да бір жол бар. Тұлға есебінде адам әлеуметтік қатынастардың объектісі және олардың субъектісі ретінде қарастырыла алады. Әлеуметтік қатынастардың құрылымына бойлай отырып, адам тек белгілі бір қоғамдық қатынастардың өнімі болып қана қоймайды, сонымен бірге олардың жасаушысы да болып табылады.
Адам- жалпының, ерекшеліктің және жеке өзіндіктің диалектикалық бірлігі. Бұл жерде «жалпы» дегеніміз жалпы адамзаттық, «ерекшелік» дегеніміз қоғам құрылыстық, таптық, ал «жеке өзіндік» дегенімізи өмір сүрудің жеке түрдегі тәсіл-белгілері. Сонымен, адамзат ерекше материалдық нақтылық ретінде өмір сүруде. Алайда, адамзат осы күйінде өз бетінше өмір сүрмейді. Нақтылы адамдар өмір сүре отырып, қимыл-әрекет жасайды.
Тұлғаның әлеуметтік мәнін ашып көрсету тұтас күйінде емес, қайта оның нвқтылы көріністерін зерттейтін жекелеген қоғамдық ғылымдар үшін өте маңызды. Ал әлеуметтануда тұлға көбіне-көп қоғамдық, әлеуметтік қатынастарының субъектісі ретінде қаралады. Әлеуметтік қатынастар адамның ішкі дүниесімен қабыса отырып, айналадағы ақиқатқа деген оның тұлғалық көзқарасы ретінде көрініс табады.
Адамдарды біріктіретін әлеуметтік қатынастар-өмір сүріп отырған әлеуметтік орта жағдайларындағы индивидтердің өзара қимыл-әрекеті процесінде қалыптасқан олардың белгілі бір тұрақты байланыстарының жүйесі. Тұлғаның әлеуметтік қатынастары адамның әлеуметтік сапалары ретінде оның қызметі мен іс-әрекетінен көрінеді.
Тұлғаның әлеуметтік түрі-белгілі бір әлеуметтік қауымдастыққа кіретін тұлғалардың қайталанып отыратын елеулі әлеуметтік сапалары жиынтығының сараланған бейнесі. Тұлғаның әлеуметтік түрге бөлінушілік сапаларында белгілі бір таптын, я болмаса әлеуметтік адамдарынатән ортақ, біршама тұрақты белгілер көрініс табады. Тұлғаның әлеуметтік түрлері трихи қалыптасқан өмір жағдайларының, әлеуметтік айналадағы ортанаң, дәстүрлердің, әдет-ғұрыпиардың, жалпы дүниетанымның, үлгі-өнегеліктің және қоғамдық өмірдің, т.б. жақтарының жемісі болп табылады. Тұлғаның әлеуметтік түрге бөлінушілік сипаттамалары белгілі бір әлеуметтік отраның шеңберіндегі адамның қоғамдық дамуының өзіндік ерекше жағдайларын көрсетеді. Белгілі бір таптың немесе әлеуметтік топтың өкілі және әлеуметтік қатынастардың субъектісі ретінде тұлға сөз болып отырған қоғамдықдаралықтың өзіне тән белгілерімен сипатталады.
Тұлғалар мен қоғам арасындағы әлеуметтік қатынастар әлеуметтік бақылау негізінде орнайды. Әлеуметтік бақылай бұл оны құрайтын элементтердің тәртіптелген өзара әрекетін қамтамасыз ететін, әлеуметтік жүйенің өзін реттеп отыратын тәсілі, әлеуметтік бақылау жүйесінің атқаратын тұрақтандыру қызметі үстемдік етуші әлеуметтік қатынастардың, әлеуметтік құрылымның шептерін ұдайы жандандыру болып табылады. Әлеуметтік бақылау жүйесінің атқаратын мақсаттық қызметі, оның бағытталуы мен мазмұны сол тарихи қалыптасқан әлеуметтік жүйенің әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-саяси, әлеуметтік-құқықтық сипаттарына, тарихи даму процесіндегі қоғам типтерінің бірін-бірі алмастыруда алатын орнына тәуелді болады. Әлеуметтік бақылау проблемасы негізінде басты мәселе. Себебі ол жеке адам мен қоғамның, азамат пен мемлекеттің өзара қарым-қатынас туралы мәселені қамтиды.
Әлеуметтік бақылау
тұрғысынан алғанда жеке адам мен
қоғамның өзара әрекеті олардың
өзара әрекетінің ішкі қарама-қайшылықтарын
анықтайды. Бір жағынан алып қарағанда,
адам қоғамнан тыс жерде өзінің индивидуалдығын,
әлеуметтік сапалары мен қасиеттерін
қалыптастыра алмайды. Егерде жеке адамәлеуметтік
және әлеуметтік-мәдени ортаның жемісі
болмаса, онда ол адам емес. Екінші жағынан,
адам мәдениетінің үлгілеріне автоматты
түрде бейімделетін болса, онда ол индивидуалдылығын
сақтай да, дамыта да алмайды. Егер адам
әлеуметтік мәдени ортаның тек көшірме
бейнесі болатын болса, онда ол тұлға бола
алмайды.
- Тұлға қалыптастырудың халықтық тәжірибесі
Халықтық
педагогикалық көзқарастарын
Қалай
болғаңда да әңгімелер жинақталған
мәліметтерден құңдыны және пайдалыны
екшеп алу, қажет емес немесе күмән
тудыратыннан бас тартуға жәрдемдесті,
яғни, жағымды педагогикалық
Ойындар тек жұбаныш пен уақыт өздыру, сауық-сайран мен балалар үшін қуаныш қана емес. Көптеген балалар ойындарының дене күштерін дамыту, көркемдікке және адамгершілікке баулуда маңызды мәні бар. Мәселен, балалар ойындарын этнографиялық және педагогакялық тұргыдан таддауға үмтылған Ә.Диваев талпынысы үлкен ғылыми қызығушылық туғызады. (А.А.Диваев. Игры киргизских детей. Туркестанские ведомости, Ташкент, 1905).
Әрбір және кез келген халықтың педагогикалық мәдениетінде жетілген адам идеясын жүзеге асыруға бейімделген озіндік табыстары бар. Бұл табыстардың жекелеген кейбіреулері тек тұлғаның бірнемесе бірнеше жақтарына қатысты болса, ал өзгелері кемелденудің халықтық идеалын жан-жақты ашып көрсетеді. Халықтық тәрбиенің демократиялық мәні оның негізі идеяларының, формаларының, құралдарының және т.б. сабақтастығын қамтамасыз етеді. Олар өзінің дамушы табиғатына сай ұрпақтан ұрпаққа кеңейіп, байып және түрін өзгертіп ауысып отырады.
Халықтық тәрбие түрлері халықтың әлеуметтік өмірінің бүкіл өзге салаларымен, сенім-нанымдарымен дәстүрлерімен, салттары жөне әдет- ғұрыптарымен, шаруашылық кәсібі түрлерімен, қоғамдық тәртіп қалыптарымен ажырамас бірлікте алға шығады. Бұл қалыптар орнықты әлеуметтік қатынастар жиынтығымен бірге ең ақырыңда, қоғам мүшелерінің әдеттері мен тәртіптерін белгілейді, белгілі өмір тәжірибесі сондай-ақ ішкі мақсат пен дағдыланған әрекеттер тудырып, жеткіншек тұлғасының дамуы мен қалыптасуын жобалайды және бағыттайды. Төменде автор мақалаларымен және балалар мен жастар ойындары жайлы баяндалатын өзге де бірқатар шығармалардан мәліметтер берілген.
А.А.Диваев "Қазақ балаларының ойындары" мақаласында ер балалар мен қыздардың саз балшықтан жануарлардың түрлі мүсіндерін жасау, қуыршақтарына киім тігу қабілеттері көрсетіліп, "Соқыр теке", "Көк сиыр", "Бөрік жасырмақ" т.б. ойындардың мазмұнын ашады. Сондай-ақ "Қырғыз жастарының көне ойындары" мақаласыңда, тойда, айттарда ауыл жастарының ат жарыстары "Қыз қуу", "Көкпар", "Аударыспақ" т.б. ойындары жайында мағлүматтар береді. Әрине бұл ойындардың дене тәрбиесінде алатын орны өзгеше, әсіресе, спорт саласында. А.Диваев "Қырғыз балаларының ойыны" деген еңбегінде ойынның бала тәрбиесіндегі ролін айта келіп, жас өспірімдерді негізінен үш топқа бөледі:
1. Бір жастан жетіге дейін - нәресте, жеті жастан он бес жасқа дейін бозбала, ал он бестен отызға дейін - жігіт. Осыған орай ойындарды да сәбилер ойыны, бозбалалар ойыны және жігітер ойыны деп негізінен үш топқа белген, Диваевтың ойынды үш топқа белгендегі ескергені біріншісі ежелгі қазақ ойындары; екіншісі қозғалмалы ойындар, үшіншісі спорт ойындары. Сондай-ақ А.Диваев мына мәселеге ерекше көңіл бөлген: "бұл жерде менің айтарым, егер қыз баланың қолдан жасайтын қуыршақгары мен ер балалардың өздерінің балшықтан жасап алатын жылқы мен түйе сияқгы жануарлар мүсіні болмаса, қазақтың балалар ойыншығы мүлде жок, ...Бірақ та антрапологиялық қөзқараспен қарайтын болсақ, олардың осы ұсқынсыз ойыншықгары баланың өз творчестволық қиялымен туғандықтан құнды болып есептеледі." Шындығында балалардың өмір сүрген ортасына байланысты алған әсерлері олардың шығармашылық шабытын оятумен қатар өзін қоршаған дүниенің танып білуіне мүмкіндіктің бәрі ойын арқылы іске асатыны күмән тудырмаса керек.
Басқа бір зерттеуші Сөкен Сейфуллин өзі "Біздің ауылда барлық жерде өнді де, ертегіні естуге болатын. Кештер, ойын-сауықтар, айтыс жиі ұйымдастырылатын. Бала жастан осы әндер, айтыстар, ошақ қасында естіген осы ертегілер мен аңыздар менің санамда қалып қойды," - деп балалар ойындарын әндермен, айтыстармен байланыстыра қарастырады. Қазақ халқының өмірінде ойынсыз тірлік бітпеген тіпті көшіп қонуда да жастар аяғын ойынға айналдырып отырған. "Бүл елдің ескі бір салты бойышша, көші-көн кезінде жастар әуелі үлкендердің үйін тігісіп береді. Одан соң жетім қалған үйлерді де тігіседі. Ең соңыңда отау үйлерді қалдырып, аяғын ойын-сауыққа айналдырып әкетеді" - деп жазған екен Ғабит Мүсрепов "Ұлпан" повесіңде.
XIX ғасырдың бірінші жартысында казақ даласын Сібірге жер аударылған поляк А.Янушкевич өзінің жазып жүрген күнделіктерінде қазақтың ойын сауығының халықтық тұрмыс-тіршілігімен, әдет-ғұрпымен қоршаған ортамен астасып жатқанын таң-тамаша еткенін сөз етеді. "Кешкісін біздің үйде бір қызық болды. Ол әр түрлі аңдар мен құстардың, әсіресе, түйенің, құланның, бүркітгің дауысын айнытпай салады. Бұны одан артық айнытпай салу ешкімнің қолынан келмейді." - деп таң-тамаша болған.
Жаңылтпаш ойыны. Бүл ойыңды әуелде тілінің мүкісі бар, әр әріпті, дыбысты дұрыс айта алмайтын балалар үшін пайдаланған халық педагогикасының бір саласы. Кішкене кезіңце "р"-дың орнына "и" дыбысын ауыстырып айтуға байланыты халық үні, әуені әдемі, өлеңдетіп:
Дегеңде, ей, Тайқарбай, өй, Тайқарбай,
Қойынды мол жусанға жай, Тайқарбай,
Тайқарбай, Майқарбайлар толып жатыр,
Әй, Тайқарбай, дегенің қай Тайқарбай?
-
деп балаларға әр дыбысты өз
орындарында айтуға
"Соқыр теке" ойыны. Оның шарты қатысулардың әр қайсысына мал аты қойылады. Ең соңғы аталған бала "Тентек теке" болады:
Бұзау, бота, құлыншақ
Тоқты, серке, тай торпақ,
Тана, тайлақ, құнан, дөнен, бесті бар.
Малдың жасын айыра біл, естіп ал,
Бұқа, бура, айғыр, қошқар, теке бар
Сүзегенсің, тентек теке, жеке қал.
Көзін байла, теке-теке "бақ-бақ"
Соқыр теке қайдан бізді таппақ.
Ойын үлкен шеңбер ішінде ойналады. Ойынды бастаушы "Тентек текені" көзін байлап, ортаға шығарып: «ал ойын басталды» дегеңде, "Тентек теке" былай дейді:
Қараңғыда көзім жоқ
Тиіп кетсем сөзім жоқ,
Маған жақын келіңдер,
Бір қыз ұстап беріндер!
Балалар көзі байлаулы "Соқыр текені" мазақгап өлеңдетіп:
Соқыр, соқыр, соқырақ,
Оң көзіне топырақ
Топырағын алатын,
Тотияйын салатын.
Ал үстап көр, батырым,
Міне, келе жатырмын! -
деп әр жаққа қашады. Ары қарай оиын жалғаса береді.
Сәбит Мұқанов өзінің "Өмір мектебіңде" кейбір ойын-түрлері жайлы былай деп баяндаған екен: "Хан" деген сөзді мен кішкене күнімнен білем. Ауылдың баласы есін білер-білмес кезде, асық ойнай бастайды. Асықтың да "ханы" болады. Ол - өрі оңқай, әрі қошқар сияқты үлкен қойдың асығы. "Хаңды" балалар қынаға бояйды. Асық ойынының бір түрі: ойынға қатынасатын балалар сан мөлшерін бірдей ғып асық шығарады да ұтысады. Ұтыстың тәртібі: әуелі ойынға қатынасатын балалар "ханды" жағалай иіріп шығады да, кім алшы түсірсе, ойынды сол бастайды. Ойын бастаған бала, балалардың ойынға салатын асықтарын жерге шашып жібереді. Тәртіп: бүкті бүкпен ғана, шікті шікпен ғана, тәйкені тәйкемен ғана, алшыны алшымен ғана, шомпыны шомпымен ғана ату, және бір ғана үсік саусағымен ату... Бала ең алдымен "ханды" атып алады. Атқан асығына тигізе алмаса, екінші балаға кезек береді... Асықты алғаш шашқанда, "хан" алшы түссе, "хан таламақай" болады, онысы - шашылған асықты үлгергенше талап алу... Бүл "таламақай" да, әр бала колына "ханды" түсіруге тырысады...
"Хан" ойынының бұл - бір түрі. Екінші түрі, балалар түнде жиналады да, екіге бөлініп, әр топ орталарынан бір баланы "хан" сайлайды. Екі "ханды" арасы алшақ екі жерге отырғызып, ол араны "орда" деп атайды. Аржағындағы тәртіп "Ақ сүйек" ойнау. Онысы - екі топтан бір бала шығу керек те, даярлап қойған малдың қу сүйегін (әдетте ол жілік болуы керек) алыска апарып лактырып келуі керек. Сол сүйекті балалар іздеп, тапқан бала, өз "ордасына" алып кашу керек. Ол баланы өзге балалар куғанда, қашқан баланың жақтастары, екінші топтың балаларына сүйекті бермеуге тырысып, қай жүйрігі кағып әкете береді. Жеткен балаға, қай топтың баласы болса да, сүйекті карсыласпай береді.. Сүйек келген "орда" жеңген жақ болады. Жеңілген жақ айыпқа бала береді. Мақсат - баланы көп ұту. Егер бір "орда" балаларын түгел ұтқызса, ол "орданың ханын" балалар түйе-бас қылады.
"Хан" ойынының үшінші түрі, қыз-бозбала жиналғанда "хан жақсы ма?" ойнайды, оның тәртібі: ойынды басқаратын "хан" мен "ханша" жөне "уәзір" сайланады. (Әдетте "хан үйленген" жігітпен, "ханша" келіншектен болады. "Уәзір" қай жігіт болса да мейлі.) Ойынды баскаратын "ханның" бұйрығы бойынша, бір қыз, бір жігітпен араласа отырады. Хан жігіттерді кезекпен
шақырып,
әртүрлі өлендер айтқызады.) Хан
бұйыратын өлеңнің барлық саны 24
ауыз және жігіттер бірін-бірі қайталамай,
тыңнан өлендер табуы керек... Осы бұйрықты
орындап шықкан жігітке "ханның"
берер сыйы - тандаған кызының касына отырғызу.
Бұйрықты орындай алмаған жігіт өзінің
отырған орнынан айрылып қалады. Қу "хандар",
өленді ақшамен де, немесе орамал, айна,
тарақ, кисет сияқты заттармен де өтетеді.
Бірақ борышын олай өтеген жігіт, тек орнынан
ғана айрылмайды, сүйгенінің олай өтеген
жігіт, тек орнынан ғана айрылмайды, сүйгенінің
қасына отыра алмайды. Ойын осы тәртіппен
өткеннен кейін, "уәзір" ойынға қатынасушылардан
"хан жақсы ма?" деп сүрайды. Әдетте
жастар ойынды "ханды" мазақтаумен
аяқтайды. Балалардың да, жастардың да
осылар сияқты "хан" сайлайтын шағымызда
талайлардан естідік те, естігеңдерімізді
озгелерге де айттык, Солардың ішінде
қылығына қарай жақсы көрген де, жек көрген
де "хандарымыз" болады...- дейді.
- Жеке тұлғаны ұлттық құндылықтарға бағыттап оқыту
Бүгінгі ғаламдану процесінде ұлттық құндылықтарды сақтау мен өзінің бет-бейнесін, ізгі дәстүрлерін сақтау жолындағы күрес ұлттық сананы сақтау күресі екенін түсіну.
Ұлттық тәрбие деп жеке тұлғаның ұлттық сана сезімі мен мінез-құлқының ана тілін, ата тарихын, төл мәдениетін және ұлттық салт-дәстүрлерді меңгеруі негізінде қалыптасуын айтамыз.[1,273 б.]
Ұлттық мәдени құндылықтар дегеніміз не? Қарапайым тілмен айтқанда ұлттық мәдени құндылықтар – белгілі бір ұлтқа, ұлт азаматына тән зат, адами қадір-қасиет, яғни халық ғасырлар бойы жинақтаған ұлттық рухани және материалдық құндылықтар.
Адамдардың бойында қалыптасқан имандылық қадір-қасиеттер рухани құндылықтарға, ал адамдардың қолымен жасалған тұтыну заттары мен кәсібі материалды құндылықтарға жатады.
Өзімізді өзіміз бағалай білуге бет бұру – ұлттық байлығымызды игеру, ұлттық санамызды дамыту. Ұлттық құндылықтарды іріктеп, оқыту процесіне енгізу арқылы ұлттың тұнып тұрған асыл мұралық рухани байлығынан болашақта ел билейтін ұрпақтарды сусындатып, отбасында да, мектепте де ұлтжандалылық пен отаншылдыққа баулып, өз халқын, өз мемлекетін көздің қарашығындай қорғайтын тұлғаларды тәрбиелеп шығару.
Өз
ұлтын қадірлеп-қастерлеген, ұлт
қадірін білген азаматтың бірі Ж.Аймауытов:
«Мен халыққа кіндігіммен байланып
қалғанмын.Оны үзе алмаймын.
Қазақ халқының осындай дәріптеуге, қастерлеуге, дамытуға тұрарлық ұлттық рухани және материалдық құндылықтары туралы ұлағатты, құнды ойларын халық игілігіне, келешек ұрпақты, ел-жұртқа ие болар азаматтарды тәрбиелеуге неге қолданбасқа?
Қоғамдағы адамдар жасаған рухани, материалдық, мәдени құндылықтардың алмасуы оқыту процесі арқылы жүзеге асырылады.Соның ішінде сын тұрғысынан ойлау жобасы арқылы оқыту – саналы процесс екенін айтқым келеді. Интеллектуалдық деңгейі жоғары тұлғаны қалыптастыру үшін, оны оқытып қана қою жеткіліксіз. Оны тұлға ретінде жан – жақты дамытуға қолайлы, оқытудың шығармашалақ түрін жасау қажет, яғни шығармашылық оқу әрекетін туғызу қажет. Бұл баланы, берілген оқу материалын жаттап алу ғана емес, керісінше өз бетімен білім алу үшін ізденуге үйретеді.
Жеке тұлғаны ұлттық тәрбие арқылы дамыта отырып, нақты әрекет арқылы оқытуда төмендегі құндылықтардың болуы қажет:
- белсенді қарым-қатынас: оқушы мен мұғалімнің әрбір мәселеде өз көзқарастарын білдіріп отыруы;
- индивидтік: мұғалімнің әр жеке оқушының ерекшелігін дамытуы, қоғам алдындағы жауапкершілігінің болуы;
- өзіндік тәртіп: өзіндік бақылау мен бағалауды, шешім қабылдауды үйрену және оны дамыту;
- шыдамдылық: әр түрлі пікірлерді қабылдай алу, бір-бірінің пікірлері мен ерекшеліктерін құрметтеу, қабылдау.
«Адам мен адамның бір-бірімен
араласу,өзара қарым-
Сонымен бірге сыни ойлау арқылы тұлға бойында рефлексиялық сапаларды қалыптастыру. Рефлексиялық сапа дегеніміз білім мен тәрбиені өзіндік сана арқылы қабылдап, тұлғаның рухани дамуы, ғылыми ақпараттарды игеруі болып табылады.
Оқушы бойында рефлексиялық сапалардың қалыптасуы білім беруді ізгілендірудің нәтижесі болып табылады.Оқушының өзін тану үшін және өмірлік проблемаларын шешудің бірден-бір тәсілі - рефлексиялық басқаруды жүргізе алуы. Ол үшін төмендегі басты ерекшеліктерді дағдыға айналдыруың маңызы зор:
- өз тәжірибесін пайдалана отырып, жаңа білім арқылы дүниеге өзіндік түсінік пен танымды қалыптастыру;
- өзге адамдардың ұсынатын идеяларына конструктивтік көзқараспен қарай алу;
- өзіне қарама-қарсы идеяларды жоққа шығаруға емес, түсінуге ұмтылу, одан өзі үшін нәтиже шығару;
- өз біліміндегі олқылықтарын көре білу және оны жоюдың жолдарын табу.
Рефлексиялық әрекеттер барысында оқытудың жолдары талданады, өзіндік шешім қабылдауға жағдай туғызылады.Сөйтіп, бала өзін-өзі дамыту, тәрбиелеу, өз әрекеттерін ұйымдастыру мүмкіндігін алады.Өз ерекшелігі мен деңгейін таниды.
Сонымен
бірге оқушы тұлғасына
Оқушы тұлғасына шоғырланған білім берудің мәні неде?
1.Оқушы
тұлғасына шоғырланған білім
беру – адамның қалыптасуы,
2.Оқушы
тұлғасына шоғырланған білім
беру сырттан келетін
3.Оқушы
тұлғасына шоғырланған білім
беру – адамның дене және
рухани денсаулығы, адамгершілігі,
бостандығы.Ол – тұлғаны

- Жеке тұлға
- Жеке тұлға
- Жеке тұлға - азаматтық құқықтың субъектісі
- Жеке тұлға әлеуметі
- Жеке тұлға әлеуметтану
- Жеке тұлға әлеуметтануы
- Жеке тұлғаға бағдарланған оқыту технологиялары Ойын технологияларының мүмкіндіктері
- Жеке табыс салығының міндеттері
- Жеке табысы салығы
- Жеке тулга
- Жеке түлға туралы түсінік
- Жеке тұлга туралы түсінік
- Жеке тұлға
- Жеке тұлға