Жеке тұлга туралы түсінік
Жеке тұлга туралы түсінік. Тәрбиенің негізгі мақсаты -қалыптасып келе жатқан жеке тұлғаның әлеуметтік тәжірибені меңгеруі, оның жан жақты үйлесімді дамуы. Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуы мәселесінің көп ғасырлық тарихы бар. Ол көп аспектілі және әр түрлі ғылымдардың тоғысында қарастырылады. Ертедегі грек ғалымдары жеке тұлғаның дамуына табиғи тума қабілет, қоршаған орта да әсер етеді деп есептеген. Жеке тұлғаның қалыптасуының факторлары туралы идеялар келесі дәуірлердің прогрессивті философиялық жоне психологиялық-педагогикалық пікірлерінде өз жалғасын тапқан (Э.Роттердамский, Я.А Коменский, К.А.Гельвеций, Д.Дидро, А.Дистервег, К.Д.Ушинский, К.Маркс, Ф.Энгельс, З.Фрейд, Д.Дьюи, Э. Торндайк, Н. К.Крупская, П. П. Блонский, А. С. Макаренко, Л. С. Вьгготский, Э. И. Моносзон. Л. И. Божович, С. Л. Рубинштейн, В. В. Давыдов т.б.)
Адам – өзіне тән биологиялық құрылысы бар тіршілік иесі, сондықтан табиғат заңдары оның дамуына да әсер етеді. Қоршаған ортаға бейімделіп, өз тіршілігі үшін дайын заттарды пайдаланатын жануарларға қарағанда, адам өзіне керектіні өз қолымен жасайды. Адам табиғатының өзгеруі адам өмірінің әлеуметтік жағдайларының әсерінен болады, адамның тектілігі тек биологиялық жағынан ғана емес, сонымен қатар тарихи дамуы нәтижесінде де пайда болады. «Әлеуметтік мұрагерлік» адамның қоғамдық тәжірибеге ие болуы нәтижесінде орын алады. Сонымен, адамның жалпы дамуында өзара байланысты биологиялық және әлеуметтік бағыттар әсер ететіндігі байқалады. Адам биологиялық тіршілік иесі болып туады, алайда өз дамуы барысында ғана ол әлеуметтік тіршілік иесіне айналады.
Психологияда «жеке тұлға»
деген ұғымның әр түрлі түсіндірмелері
бар, бірақ олардың көбісі мына түсінікке
келіп тіреледі: жеке тұлға дегеніміз
әлеуметтік қатынастар мен саналы іс-әрекеттің
субъектісі ретіндегі индивид. Жеке тұлғаның
ең басты белгісі – оның әлеуметтік мәнінің
болуы және оның әлеуметтік функцияларды
(қызметтерді) (болмысқа, адамдарға, өзіне,
еңбекке, жалпы қоғамға қатысты) атқаруы.
Жеке тұлға, сондай-ақ, психологиялық дамудың
белгілі бір деңгейіне ие (темперамент,
мінез-құлық, қабілеттілік, ақыл-ой дамуының
денгейі, қажеттіліктер, мақсат-мүдделер).
Жеке тұлға – бұл интегративті жүйе, әлдебір
ыдырамайтын тұтастық. Алайда, жеке тұлғаны
зерттеумен айналысатын ғалымдар бұл
тұтастықтың «өзегі» бар деп мойындайды,
олар оны «Мен - жүйе» немесе жай ғана «Мен»
деп белгілейді. Жоғарыда келтірілген
жеке тұлға туралы түсінік жалпылама ұғым
болып табылады.
Жеке тұлғаның ең маңызды
белгілері – оның саналылығы, жауапкершілігі,
бостандығы, қадір-қасиеті, даралығы. Жеке
тұлғаның маңыздылығы оның қасиеттері
мен іс-әрекеттерінде қоғамдық прогрестің
тенденцияларыньщ, әлеуметтік белгілер
мен қасиеттердің айқын және өзіне тән
ерекшелігінің көрініс табуы, оның іс-әрекетіндегі
шығармашылық қасиетінің деңгейі арқылы
анықталады. Бұл орайда «адам», «жеке тұлға»
деген ұғымдардың қатары «даралық» деген
ұғыммен толықтырылуы қажет.
Даралық бір адамның басқа бір адамнан,
бір тұлғаның басқа бір тұлғадан айырмашылығын,
оның ешкімге ұқсамайтынын, өзіне тән
ерекшелігі бар екенін сипаттайды. Даралық,
әдетте, адамның мінезі мен темпераментінің
ерекше белгілері (мысалы, салмақты-жігерлі
және мақсатты адам), шығармашылық қызмет-әрекеті
мен қабілеттілігінің өзгешелігі арқылы
ерекшеленеді. Осылайша, мұғалімнің даралығы
оның терең білімдарлығы, педагогикалық
көзқарастарының ауқымдылығы, балаларға
деген ерекше қатынасы, жұмыстағы шығармашылық
ниеті, т.б. арқылы көрінеді. «Даралық»
ұғымы бір адамды басқа бір адамнан, бір
тұлғаны басқа бір тұлғадан ажыратып,
оған өзіне тән сұлулық пен қайталанбас
қасиет беретін ерекшеліктерден тұрады.
Адам қасиетін түсіндіретін тағы бір ұғым – «индивид». Бұл сөз латын тілінен алынған және оның қазақша баламасы -»жекелік». Ұғым ретінде бұл сөз адамзат тұқымының еш қасиеттері ескерілмеген бір өкілін білдіреді. Бұл орайда әрбір адам индивид болып табылады. «Жеке тұлға» ұғымы мен онымен байланысты бір тектес ғылыми категориялардың мәні осында. Адамның жеке қасиеттері өмір жолында дамып, қалыптасқандықтан жеке тұлғаның «дамуы» мен «қалыптасуы» ұғымдарының мәнін ашу педагогика үшін маңызды мәселе болып табылады.
Даму табиғатқа, қоғамға және әрбір жеке тұлғаға тән жалпы қасиет болып табылады. Даму дегеніміз – төменнен жоғарыға, қарапайымнан күрделіге қарай қозғалыс; сатылай эволюциялық ауысу немесе революциялық секіріс түрінде жүзеге асатын жоғары сапалы күйге қарай спиральды өрлеу процесі. Даму барысында барлық философиялық заңдар жүзеге асады: өзгеру, санның сапаға ауысуы, бір сапаның басқа бір сапаға ауысуы (бұлардың кейбіреуі, теріске шығарылуы мүмкін). Жеке тұлғаның қозғалыс күшіне, яғни қарама-қайшылық күресінің арқасында бұл қозғалыста өзгеріс жүріп жатыр.
Жеке тұлғаның дамуы дегеніміз,
ең алдымен, оның қасиеттері мен сапасындағы
сандық өзгерістер процесі. Адам дүниеге
келгеннен соң дене жағьшан үлкейеді,
яғни оның кейбір дене мүшелері мен нерв
жүйесі оседі. Оның тілі шығып, сөздік
қоры молаяды. Бала көптеген әлеуметтік-тұрмыстық
және моральдық біліктерге, еңбек дағдылары
мен әдеттерге ие болады. Алайда, адамның
жеке тұлға ретінде дамуындағы ең бастысы
– оның
бойында болып жатқан сапалық өзгерістер
(танымдық, сезім, моральдық-жігерлілік
т.б.). Мінез-құлықтың реактивті формалары
белсенді түрде қалыптасып келе жатқан
іс-әрекеттілікке айналады, дербестік
пен өз мінез-құлкын билей алу қабілеттілігі
артады. Осы және басқа да өзгерістер адамның
жеке тұлға ретінде даму процесін сипатгайды.
Сондықтан, даму дегенімізді адамның анатомиялық-физиологиялық
жетілуіндегі, оның жүйке жүйесі мен психикасының
дамуындағы, содай-ақ танымдық және шығармашылық
іс-әрекетіндегі дүниетанымы, өнегелілігі,
қоғамдық-саяси көзқарастары мен сенімдерінің
кеңеюіндегі орын алатын сандық және сапалық
өзгерістердің өзара тығыз байланысты
процесі деп түсінген дұрыс. Адамның дамуына
ішкі және сыртқы, меңгерілетін және меңгерілмейтін
факторлар әсер етеді, олардың арасында
мақсатты тәрбие мен білім беру жетекші
рөл атқарады.
Педагогика мен психологңяда жеке тұлғаның «қалыптасуы» термині жиі қолданылады. Бұл жеке тұлғаның дамуының нәтижесі дегенді және оның пайда болып, тұтастыққа, бір қалыпты касиеттерге және сапаларға ие болғанын білдіреді. Қалыптастыру (қалыптасу) дегеніміз – бір нәрсеге пішін (форма) мен тұрақтылық беру; толықтық пен нақты бір тұр беру. Бұл арада тұқым қуалаушылықтың мәні өте зор – баланың ата-анасынан немесе ата-бабаларынан қалған биологиялық ерекшеліктердің жиынтығы. Тұқым қуалаушылық жер бетіндегі тіршіліктін тарихы және белгілі бір түрдің (біздің жағдайымызда – адамның) өмірінің тарихын анықтайды. Адамның тұқым қуалаушылығын екі түрге бөлуге болады: жалпы адамзаттық (тік жүру бейімділігі, сана, ақыл, сезім мүшелері дамуының бейімділігі, шартсыз рефлекстер, нәсілдік және ұлттық белгілер) және даралық (жүйке жүйесінің түрі, анатомиялық-физиологиялық (нышан) тума қабілеттер).
Тәрбие және жеке тұлғалы әлеуметтендіру. Әлеуметтік ұғым психология, философия және педагогикалық еңбектерде кеңінен қолданылады.
«Әлеуметтендіру» ұғымы адамды әлеуметтік қарым-қатынастар жүйесінде әр түрлі әлеуметтік бірліктердің (топтар, институт, үйымдар) түрлеріне интеграциялау, одақтың қауымдастыру.
Әлеуметтендіру — мәдени элементтерді
түсіндіру, әлеуметтік мұраттар мен
құндылықты игеру негізінде жеке
тұлға қасиеттерін
Сөз жоқ әлеуметтендіру жүйесінің
мазмұны қоғам талабымен
Әлеуметтендіру қоғам
Ғылымға адамды «Әлеуметтендіру» термині саяси экономикадан келді, оның ең алғашқы мағынасы жерді, өндіріс құралдарын «қоғамдастырудан» басталды. Әлеуметтендірудің адамға тәуелдендірген автор американдық әлеуметтанушы Ф.Г.Гиддингс, (1887 ж.) өзінің «Әлеуметтендіру теориясы» кітабында, бұл ұғымды қазіргі ұғымға жақындастыра қарап: адамның әлеуметтік табиғи мінезін дамыту немесе индивидтің мінезін, жалпы адамды әлеуметтік өмірге дайындау.
Түлғаның әлеуметтік даму барысында
қоғамда адам өзін тұлға ретінде
сезінеді. Бұл тәрбие, білім және
өзін-өзі тәрбиелеу жағдайында, адам өздігінен
алдына мақсаттар белгілеп, оған жетуде
өзінің бедел-сезімін түсінеді, қоғамдағы
өз орнына сенімді.
Әлеуметтендіру — тұлғаның белгілі бір
бейнесін дәріптейді, оның негізгі белгілері:
адамның әлеуметтік қарым-қатынасы, достық,
сүйіспеншілік, отбасы, өндірістік, саяси
т.б. көрінеді. «Адамның адам болып калыптасуы
жалғыздықта өмір сүрмейді, бірліктердің
арқасында адам болып қалыптасады, өзін
қоршаған басқа субъектілермен бірдей
жағдайда тұрмайды, бірақ әркім-әрқайсысының
жан-жақты ықпалынан осы жерлсрге үздіксіз
жауап қайтаруынан».
Әлеуметтендіру жүйесінің
Әлеуметтік бейімделу (адаптация) индивидтің
қоршаған орта жағдайларына ыңғайлануы
болса, ал әлеуметтік кемелдену өзінің
іс-әрскстін жүзеге асыру, тәртіптің қарым-қатынаста
тұрақтылығы, тұлғаның өзі тураты иікірі,
өз-өзіне баға беруі. Әлеуметтік бейімделу
мен әлеуметтік кемелдену міндеттерінің
шешімі: егер, ізгілікті орта болса, «барлығымен
бірге болу» және «өзімен өзі болу» мотивтерімен,
уәждік қажетсінумен реттеледі.
Сөз жоқ, адамды әлеуметтендіру нәтижелері әлеуметтік белсенділік, адамның әлеуметтік қарым-қатынасы байланысында көрініс беретін әрекетшілдігі. Әлеуметтендірудің көрсеткіштері: әлеуметтік ортаға бейімделу, әлеуметтік дербестік және әлеуметтік белсенділік.
Әлеуметтендірудің көптеген тұыжымдамаларын талдау, олардың барлығын осы аталған позициялардың, ұстанымның біріне жақындайды, олардың өзі адамның әлеуметтендіру жүйесіндегі орнын түсінуі. Біріншісі, адамның әлеуметтендіру жүйесінде моральдық позициясын ұстанады, ал әлеуметендірудің өзін адамның қоғамға бейімделу кезеңі ретінде қарастырады, әрбір мүшені өзіне тән мәдениетіне қарай қалыптастырады. Мұндай көзқарасты субъект – объект деп қарауға болады (қоғам объсктивтік әсер, ал адам —оның объектісі). Бұл ұғым — пікірдің басында Э. Дюркгейм және Т. Парсонс тұрды.
Екінші жағынан, адам әлеуметтендіру кезінде белсенді түрде қатысып қоймай, қоғамға да бейімделеді, өзі өзіне, өмірдегі Жағдайларға да әсерін тигізе алады. Бұл көзқарасты «субъект-субъект» деп атауға болады. Бұл екінші позицияны Ч.Кули жоне Д.Г. Мид ұстанды.
Балалар, жасөспірімдер, жастар өзара қарым-қатынаста, әлеуметтену кезінде олардың дамуларына азды-көпті әсер ететін түрлі жағдайлардан өтеді. Адамға әсер ететін түрлі жағдайларды қозғаушы күш деп атайды. Біршама зерттелген ғылыми еңбектерде әлеуметтендірудің жағдайлары мен қозғаушы күштерін төрт топқа біріктіреді.
Бірінші – мегафакторлар (мега- ете үлкен) – космос, неосфера, планета, әлем бұлар басқа қозғаушы күштер арқылы барлық жер бетінің тұрғындарын әлеуметтендіруге әсер етеді.
Екінші – макрофакторлар (макро-үлкен)
- ел, мемлекет, этнос, қоғам бұлар белгілі
бір елді мекенде өмір сүрстін
тұрғындарды әлеуметтендіру.
Үшінші — мезофакторлар (мезо-орташа)
- тұрғылықты жерде халықтың болмыс түрі,
әртүрлі субмәдениетке
қатысы бойынша сараланатын адамдардың
үлкен тобын әлеуметтендіру
жағдайы.
Микрофакторлар – белгілі бір нақты адамдарға әсер ететін қозғаушы күштер жатады – үйелмен мен отбасы, көрші, құрдастар тобы, тәрбие орындары, әртүрлі қоғамдъщ, діни, мемлекеттік, жеке үйымдар, микросоциум.
Әлеуметтік тәрбиенің мазмұны жеке түлғаны қалыптастырудың барлық жүйесін қамтиды. Қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуында іс-эрекет пен адамның мінез-құлқы жеке тұлғаны қалыптастырудың компоненті ретінде келеді.
Білім және тәрбие орындарында әлеуметтік
тәрбиенің мазмұны;
- ғылыми дүниетанымын қалыптастыру жеке
тұлғаны
әлеуметтендіру;
- жастардың адамгершілік тәрбиесінің
құрамды бөліктері: отанға деген сүйіспеншілік,
халықаралық мәдени қарым-қатынас, еңбекке
деген жауапкершілік, саналы тәртіп, мінез-құлық
мәдениеттілігі, эстетикалық және дене
дамуы, жанұя мен әлеуметтік ортаның әсері,
жеке тұлғаның әлеуметтік институттармен
қарым-қатынасы,. орта және тәрбие
Қоғамдық мәдениет (адамзат жинақтаған
мәдениет мұрасы) адамдардың әрекетін
үйлестіру мен интеграциялау үшін үлкен
маңызды шара, іс-әрекет, сонымен қатар,
тәрбие мақсатын айқындаушы. Э.С.Маркарянның
ойъшша, бұл тұста философияда дәлелденген
мәдениеттің үш түрін, яғни әр адамның
меңгеруі қажет — материалдық, рухани
және социо-нормативті немесе адамгершілік
мәдениеті. «Мәдениет» латьш тілінен аударғаңда
өндеу, баптау деген ұғымды білдіреді.
Оның екінші мағынасы-рухты деріптеп кетеру.
Рим ораторы М.Р. Цицерон өзінің «Тускуланские
диспуты» еңбегінде ең алғаш рет «мәдениет»
сөзін теориялық тұрғыдан термин ретінде
қолданған (45 жыл ж.д.д.). Э.Тайлер мәдениетке
барлық білімнің жиынтығы ретінде, яғни
адамның табиғатпен күресінде адамның
тарихи дамуындағы заң, дәстүр, көркем
өнер, әдет-ғұрып, діншілдік денгейінде
зерделеген.
С.Б. Малиновский мәдениет теориясы адам табиғатының: биологиялық (адам өз тұқымымен жалғастыру үшін) және әлеуметтендіру жағын да ескеру қажет деп түсіндірген. Онын ойьшша, мәдениет тұтас қажеттілік құндылықтары, құқықтар, конституциядағы әлеуметтік баптарда бекітілген идея кәсіп, нанымдар мен дәстүрлерден тұратын тұтастық. «Мәдениет» ұғымының тарихына арналған арнаулы еңбекте, Кребер мен Клакхон мәдениет табиғатын талдайды, оны құрап тұрған элементтер мен қасиеттерді психология, тіл, қоғаммен карым-қатынасын көрсете келе, мәдениетті үш қырынан қарастырады: адамның табиғатпен қарым-қатынасы аясында, құндылықтарымен және басқа адамдармен пікірлесу. Кювильге мәдениетке бұдан көрі кеңірек анықтама береді. Ол мәдениетке материалдык әлем заттарын жатқызады, оның ішінде өндіріс өнімдерін, сонымен қатар, мінез-құлық пен психология құбылыстары: білім, қатынас, құндылықтар. А.К. Уледов «мәдениетті коғамның рухани қазынасы» деп бағалайды. Бұл жағдайда қоғам мен мәдениет ұғымының ара қатынасы бүтін мен бөлшектің ара қатынсындағы сапасы ретінде түсінеміз. Әрқашанда мәдениет шығармашылық еңбекпен байланысты. Мәдениетті материалдық және рухани құндылықтың жиынтығы ретінде қараған абзал. Мәдениетті биологиялық тұрғыдан тек адамға тән іс-әрекеттің тәсілі ретінде түсініп қана қоймай, «оның техника-логикалық және заттық-өнімдік» шектерін, сонымен қатар материалдық, рухани және көркем мәдениет сияқты үш мәнін М.С. Каган болжады. Ол материалдық мәдениеттің тәжірибеде қайта жаңартуға және оның практикалық коммуникативтік мәнінің адам қызметіне тигізер ықпалына тоқтайды.
Материалдық мәдениет адам қолымен жасалған материалдық құндылық заттардың жиынтығы материал (машина, құрал-жабдық, техника, әртүрлі бағыттағы объекгілер т.б.). Мәдениеттің бұл саласы адамдардың тума қасиет шеберлігінде еместігі ескеріледі. Рухани мәдениетті кеиде интеллектуалды деп те атайды, адамдардың табиғат пен әлеуметтік ортаны қабылдау мен бейнелеудің белгілі бір ғылым мен өнерді айқындалған болмысы ретінде қабылданады. әлеуметтік-ережелі мәдениет, қоғамдық өмірді ұйымдастыру (экономика, құқық, саясат т.б.) тума қасиет мінез-құлыққа тәуелді еместігімен оқшауланады.
Жалпы адамды тәрбиенің әлеуметтік негіздерінін, мәдениеттің өзіне тән ерекшелігі, тұлғаның жан-жақты дамуының басты шарты адамшылық мәдениеттің барлық мұратын игеру болып табылады. Екіншіден, тәрбиенің мақсаты әрбір адамды тәрбиелеу. Үшіншіден, тәрбиенің әлеуметтік мазмұнының ерекшеліктері диалектиканың материалистік тұрғыдан адамның іс-әрекетінің белсенді-жасампаз санасы жеке тұлғаның үйлесімді қалыптасуы іс-әрскет үстінде адамшылық мәдениетке үйренеді.
Тәрбиенің әсері дегеніміз-қалыптасып келе жатқан тұлғаның ортамен (әлеуметтік қана емес, сонымен бірге табиғат, матриалдық, рухани) мақсаттарға сай өзара қарым-катынасы болып табылады. Әлеуметгік тәрбие – өзіне тән әдістер арқылы, сонымен қатар экономикалық саяси, құқықтық идеалды қалыптастыратын тәрбие кеңістігі екенін бүгінгі педагогтық қауым мойындауда.
Тұлға - әлеуметтік қатынастарлың субъектісі және объектісі ретінде
Тұлға тек қана әлеуметтік-қоғамдық
қатынастардың жемісі ғана емес, сонымен
қатар әлеуметік іс-
Бұл жолда тұлға өзіне сәйкес қажетті құралдарды пайдаланады. Вебердің пікірінше, мақсатқа сәйкес келетін іс-әрекет, қимыл негізгі идеалдық топ болып саналады. Ал, саналы емес іс-әрекеттің салдары әруақытта қалыптасқан нормадан ауытқуға (девиацияға) әкеледі. Әлеуметтік іс-әрекеттің, парасаттылығы, ақылға жеңдірушілігі – тарихи процестің басты бағыты.
Вебер әлеуметік іс-әрекетті, қимылды 4 типке бөледі:
а) ақыл-ойдың мақсатқа бағытталуы (целерациональный). Мұнда әрбір іс-әрекеттің мақсаты мен құрылымының бір-біріне сәйкестігі көзделеді.
ә) іс-әрекеттің құндылыққа бағытталуы. Мұнда әрбір іс-әрекеттің басқа құндылық, бағалық үшін өмір сүруі (мысалы, діни немесе моральдық) көзделеді.
б) аффективтік, бұл адамның эволюциялық реакциясына негізделген (аффективия).
в) дәстүрлік (яғни салт-дәстүрлік), мұнда адмның іс-әрекеті белгілі бір дәстүр, салтқа сәйкес болады.
Тұлғаның әлеуметік қызметі деп, адамның өмірді өзінше игеріп, меңгеруі және адамның өзінің қоғамдық қатынастарды, құбылыс, процестерді өзгертуші субъект ретінде дамып, жетілдіруін айтады.
Әлеуметтік іс-әрекет пен қызметтің қозғаушы күші объективтік жағдайлармен байланысты. Объективтік жағдай адамдардың қажеттілігінен, мұң-мұқтажынан, мүддесінен, мақсатынан шығады.
Басқаша айтқанда, адамды іс-әрекетке, қызметке итермелейтін негізіг себептер – қажеттілік, мұқтаждық, мүдде және мақсат. Қажеттілік өмірде болады, бірақ, ол қолда жоқ зәрулікке жатады. Қажеттілік табиғи және әлеуметтік болып екіге бөлінеді. Табиғи қажеттілік, ол өз кезегінде әлеуметтік қажеттілікке ұласады.
Табиғи қажеттілікке тамақ ішу, киім кию, баспана қажеттіліктер (мқұтаждықтар) жатады. Мұндай әлеуметтік қажеттілікке еңбек ету, басқа адамдармен байланыста болу, қоғамдық өмірге араласу т.б. мұқтаждықтар кіреді. Қажеттілікті адам терең сезініп, түсінесе, оны өтеуге, іске асыруға тырысса, ол мүддеге, ал, мүдде мақсатқа айналады. Мұның өзі екінші жағынан, тұлғаның қажеттілікке, мұқтаждыққа, мүддеге, мақсатқа терең көзқарасын қалыптастыруын керек етеді.
Адам мүддесі, мақсаты белгілі бір қажеттілікті (мұқтаждықты, зәрулікті) қанағаттандыру мүмкіндігіне қарай тұлғаның іс-әрекетінің, қызметтерінің бағыттарын белгілеп отырады. Жалпы мүдде, мақсат адамның қоғамда өмір сүру қызметінің қалыптасқан жағдайлар мен орындарын сақтау немесе оларды өзгерту үшін күреске жеке адамдарды жұмылдыратын шешуші себеп ретінде байқалады.
Мүдделердің, мақсаттардың негізінде әлеуметтік талап-тілектерді білдіретін адамдардың қажеттіліктері жатады. Осыған орай мүдде, мақсат бір нәрсеге, затқа деген қажеттілікті түсінудің түрі ретінде көрінеді.
Қажеттілік тұлғаны өзін қоршаған әлеуметтік ортамен қатар сыртқы табиғатпен тығыз байланыстырады, өйткені адам табиғаттен керегін алып, өзінің мүддесін, мақсатын қанағаттандырып отырады. Ол табиғатқа тәуелді болады, бірақ, бұл тәуелділікті біршама бәсеңдетуге, төмендетуге тырысады. Сөйтіп ол табиғаттағы жоқ заттарды қолдан жасап, өзінің қажетілігін, мұқтаждығын қанағатандырады. Осылардың нәтижесінде тұлға табиғаттан біршама тәуелсіз болады.
Қажеттілік – объективті дүниенің даму заңдарының негізгі бір түрі. Осыған орай тұлға қажетілікті терең, жан-жақты түсініп, оны меңгеріп, өзінің ісінде, қызметінде пайдаланып отырады. Екінші жағынан, қажеттілік тұлғаның өмірдегі белсеңділігін, жауапкершілігін арттырудың басты факторларына жатады. Тұлғаның атқаратын іс-әрекеті, қызметі белгілі бір нақты мүдделерді жүзеге асыруға бағытталады.
Кейбір жағдайларда адам жаңа бір әлеуметтік жағдайда өзінің мүдделерін өзгерте алмайтын халге ұшыраса, онда ол өзінің жүріс-тұрмысын, мінез-құлқын өзгертуге, яғни бейімделуге мәжбүр болады.
Бейімделу - өмір сүру жағдайларының өзгерісіне деген сол адамның көзқарасының қалыптасуына көмектеседі, сөйтіп түсініспеушіліктің нәтижесінде пайда болатын шиеленісті жоюға, я болмаса оны бәсеңдетуге жағдай туғызады.
Қажеттіліктің мүддеге айналуы, ал, мүдденің мақсатқа айналуы бұл субъект қызметінің екі сатысы. Мұның әрқайсысы іс-әрекеттің себебі ретінде сипатталады,
Мүдденің мақсатқа айналу сатысында қозғаушы күш ретінде болатын адамдардың ынталары, бастамалары, ниеттері, т.б. маңызды рөл атқарады, осылардың өзара байланыс-қатынастары тұлғаның қызметінің әлеуметтік жағын құрайды. Әлеуметтік іс-әрекеттің, қызметтің сырт көрінісі адамның нақтылы көзқарасынан, жалпы идеологиясынан да байқалады. Тұлғадағы жоғары адамгершілік, құнды, бағалы нұсқаулар, мұраттар, бағдарламалар оны қоршаған әлеуметтік ортаға бейімделу ретінде бола отырып, тұлғаның жоғары кәсіби мамандығын, белсеңділігін, жауапкершілігін, іскерлігін ұдайы арттырып отырады. Бұл қатынастар индивидтің нақтылы қызметінің мәні мен мазмұнын, оның мақсаты мен міндетін қалай түсінетініне, осы қызметтің қажеттілігіне деген сезіміне қарай өзінің қызметінде қанағаттану немесе қанағаттанбау сезіміне сәйкес құрылады.
Жеке адам мен қоғам арасындағы әлеуметтік қатынастар әлеуметтік бақылау жағдайында қалыптасып, іске асырылады.
Әлеуметтік бақылау дегеніміз, оның ішінде құқықтық түрде де реттеу арқылы әлеуметтік жүйені құрайтын элементтердің өзара әрекетін реттеу жолымен қамтамасыз етеді және сол жүйенің өздігінен басқарылу тәсілі болып табылады.
Сол сияқты әлеуметтік бақылау дегеніміз – ол жеке дара адам мен (индивидтің) қоғамның, азамат пен мемлекеттің өзара қатынастарын реттейтін құрал. Әлеуметтік бақылау шеңберіндегі әлеуметтік қатынас дегеніміз, ол – субъект (адам, адмдардың алуан топтары мен бірлестіктері) мен объектінің (сырт дүниенің), жай ғана қатынасы емес, бұлар әр түрлі сипаттағы элементтердің өзара қарым-қатынастары.
Сөйтіп әлеуметік бақылау дегеніміз, ол индивидтердің әлеуметтік тәртібін тек қана саяси мекемелердің ғана тұрғысынан емес, сонымен қатар басқа да әлеуметтік мекемелердің (яғни, білім берудің, мәдениеттің, мораль) тарапынан да реттеу болып табылады.
Әлеуметтік бақылау – топтың, ұжымның, қоғамның тұрақтыдығын, бірлігін сақтайды.
Адамның іс-әрекеті деп, оның мұқтаждығы мен алдына қойған мақсатты жүзеге асыруға бағытталған әрекеттердің жиынтығын айтамыз.
М. Вебер атап көрсеткендей, адамның мінез-құлқы деп, оынң іс-әрекетінің, қызметінің сыртқы көрінісін айтады. Оның негізгі үш түрі болады:
а) инстинктивті; ә) қарапайым; б) әлеуметтік;
Мінез-құлықтың бірінші және екінші түрі көбінесе саналы, ерікті емес түріне жатады да, оның әлеуметтік мәні болмайды.
Мінез-құлықтың мұндай түрлерін, психология ғылымы зерттейді. Екінші жағынан, кейбір осындай тәртіптің түрлерінде әлеуметтік жақтар болуы мүмкін (мысалы, білместіктен, байқаусызда жасалған қылмыстар). Мінез-құлықтың саналы өз үлгісі тек адамға ғана тән. Ол адамның ақыл-ойының көмегімен еркін бақылауы арқылы іске асырылады. Сондықтан оынң әлеуметтік маңызы және әлеуметтік мәні болады. Мұндайды әлеуметтік мінез-құлық деп санаайды.
Әлеуметтік мінез-құлық әр түрлі болады, олар:
а) индивидуалды (яғни, жеке адамның мінез-құлқы);
ә) ұжымдық – бұл жалпы мұқтаждығы, талап-тілегі және іс-әрекет мақсатының бірлігі кезінде құрылған ұйымдасқан топтың мінез-құлықтары;
б) бұқаралық – бұл бір типті, әрі ұйымдаспаған үлкен бұқара тобының мінез-құлқы.
Жеке адам мінез-құлқының құрылымы үш элементтен тұрады:
а) мотивация, мұқтаждық пен себеп-дәлелдердің көкейтесті мәселелері;
ә) шешімдер, яғни шешімнің мақсаты, оны іске асырудағы құралдарды іріктеп алу, жоспарлау;
б) іске асыру, өмірге ендіру. Бұл қоршаған ортаға әсер ету, болатын нәтижені талдау, іс-қимылдарды жүзеге асыру.
Әлеуметтік мінез-құлықтың өлшемі болып қылық (поступок) саналады.
Қылық – бұл іс-әрекет. Мұның әлеуметтік маңызы және мәні болады. Мысалы, анасы баласына уақытында тамақ бермесе, бұл жағымсыз қылық болып есептеледі.
Әлеуметтік тәртіп белгілі бір әлеуметтік ережелерге (нормаларға) сәйкес келсе, қалыпты дейді. Ал, мінез-құлық нормаға сәйкес келмесе, оны ауытқыған (немесе девиандтық) мінез-құлық дейді. Бұл ауытқуды әлеуметтанудың арнаулы теориясы – ауытқы мінез-құлқының әлеуметтануы зерттейді.
Ауытқу тәртібіне құқық пен мораль прициптерінен кейін кету, оларды бұзу жатады.
Ауытқу тәртібі еңбек, өндіріс саласында, жеке адамдар арасында, ұцымдық қарым-қатынастарда, қызметте, жұмыста, тұрмыс-салтында жиі кездесіп отырады. Мұндай жат қылықтарға бұзақылық, ұрлық, маскүнемдік, нашақорлық, өз-өзіне қол жұмсау, жезөкшелік, т.б. жатады. Мұндай ауытқу мінез-құлықтарына қарсы күрестер еліміздің барлық салаларында алуан түрлі әдістермен қатаң жүзеге асырылуда.
