Жер асты сулары
ҚАЗАҚСТАН
РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ және ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.ӘУЕЗОВ
атындағы ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК
УНИВЕРСИТЕТІ
«Жаратылыстану-педагогикалық» факультеті
«Биологияны
оқытудың теориясы мен әдістемесі»
кафедрасы
Тақырыбы:
Жер асты сулары
Шымкент 2011
Жоспар:
Кіріспе
- Жер асты суларының қалыптасуы және режимі
- Жер асты суларының физико-химиялық құрамы
- Жер асты суларын мекендеуші гидробионттар
- Жер асты суларының ластануы
- Ластанған суларды тазарту
Қорытынды
Пайдаланылған
әдебиеттер
Тірі және өлі табиғатта жүретін түрлі процестер мен құбылыстардың адам тіршілігіне жұмсалатын заттардың ішінде судың маңызы зор. Мұздарды, батпақтарды қосып есептегенде, жер бетінің 77,5%-ын су алып жатыр. Су қорларына – мұхиттар, теңіз, өзен, көл, жер асты сулары, мұздықтар, атмосферадағы ылғал кіреді. Су адамдар мен жануарлардың организміне еніп, онда болатын зат және энергия айналымына тікелей қатысады. Көптеген процестер тек сулы ортада ғана жүре алады. Белок суда пайда болған және осы ортада дами алады, ал белок тірі клетканың негізі болып табылады. Жер бетіндегі биологиялық өнімдердің 43% - ын, ал оттегінің 50% - дан көбін мұхиттар мен теңіздер береді.
Су қоры – халық байлығы, өкінішке орай жер бетіндегі тұщы судың қоры өте аз. Өзендер мен көлдердегі тұщы сулардың қоры, гидросфера ресурсының бір пайызына да жетпейді екен. Құрлық бетінің әр түрлі жерлеріндегі тұщы сулардың қорлары әр түрлі. Мысалы, Аляскада 1 адамға 2 миллион м3, Жаңа Зеландияда 100 мың м3, бұрыңғы Кеңестер Одағында 18,3 мың м3, ал Қазақстан Республикасы тұщы су қоры тапшы мемлекеттер қатарына жатады. Қазақстанда 1987 жылы халық шаруашылығына жұмсалған судың жалпы мөлшері 38 км3-ге жетті.
Планетамыздағы
адамзаттың тұщы суды пайдалануы жыл
сайын өсіп келеді. Ал, мұхиттардың,
теңіздердің тұзды сулары шаруашылықта
мардымсыз болса да қолданылып жүр.
Біздің республикамызда су тұщытқыш
станциясы Ақтау қаласында ғана
бар. Егер ерте кезде, бір адам басына
шаққанда, тәулігіне 12-18 литр су пайдаланса,
XX ғасырда мәдениеті дамыған
1.1 Жер асты суларының қалыптасуы жөнінде негізінен екі теория қалыптасқан: сорғу (инфильтирация) және конденсациялық теориялар. Сорғу теориясы жер аты суларының қалыптасуын атмосфералық жауын – шашындары мен жер үсті суларының жерге сіңуі (топырақ қабатынан сорғуы) арқылы түсіндіреді, (Беруни). Ірі жер жарықтары және қуыстарымен сорғыған сулар, су өткізбейтін қабаттарға жиналады да, жер асты суларына бастау береді.
Жер асты суларының сорғу жолымен қоректенуі мерзімдік құбылмалылығымен ерекшеленеді және табиғат жағдайларына тәуелді (жер бедері, өсімдік жамылғысы, адамның қызметі...).
Конденсациялық
теория жер асты суларының қалыптасуын
су буларының жер жарықтары мен
қуыстары арқылы атмосферадан конденсациялану
жолымен жинақталатындығымен
Бұл екі теория қазіргі кезеңде бір – біріне қарама – қарсы қойылмайды, бірін – бірі өзара толықтырады. Себебі көп жылдар бойы жүргізілген зерттеулер нәтижесінде жер қыртысына сулар сұйық тамшылар түрінде де (көпшілік жағдайда) және су буы түрінде де (айтарлықтай аз) өтетіні дәлелденеді.
Атмосфералық жауын – шашыны көп аудандарда жер бетіне жақын орналасқан (h = 300...400 м) су алмасу жылдам өтетін қабатта жер асты сулары негізінен сорғу жолымен қалыптасады.
Жауын
– шашыны аз әрі ылғал көп буланатын
аудандарда (шөл – шөлейт) жер
асты сулары негізінен су буларының
конденсациялануымен
Жер қыртысының терең қабаттарында орналасқан жер асты суларының су алмасуы өте шабан. Олар өте ертеде теңіз шөгінділерінің тығыздалу кезінде өз бойынан суды қысып, ығыстырып шығару нәтижесінде қалыптасқан. Бұл сулар әдетте, өте тұзды болып келеді. Сонымен қатар жер асты суларында ювенильді суларды да бөліп қарайды. Бұл сулар жер ядросындағы магмадан бөлініп шыққан су буларының конденсацияға ұшырауы арқылы қалыптасқан. Ювениль суларының жер бетіне тікелей шығуы вулкандардың жұмыс істеу кездерінде күшейеді.
Жер асты сулары жер қыртысында, тау жыныстарында сорғу арқылы немесе сіңу жолымен қозғалады. Сорғу кезінде судың қозғалысы жарықтар мен қуыстардың бір бөлігінің су буы немесе ауамен толтырылуы арқылы жүргізіледі (аэрация белдемі). Сіңу процесі жарықтар мен қуыстар суға түгел толған жағдайда жүреді. Бұл қозғалыстағы судың массасы сіңу ағысын туғызады.
Жер
асты суларының қозғалысы
Жер
қыртысындағы барлық қуыстарында су
толық жиналатын топырақ-жер
Жер қыртысындағы асты-үстін бірдей өткізбейтін қабат алып жатқан сулы қабатты ашқанда, скважинадағы судың деңгейі үстіңгі су өткізбейтін қабаттан орнығуы мүмкін еді. Бұл жағдайда сулы қабаттағы сулар гидростатикалық тегеуріннің әсерінде болады, ал сулы қабат тегеурінді сулы қабат деп аталады.
Жер
асты суларының режимі – гидрологиялық
құбылыстардың және өсімдік, топырақ жамылғысының
әсерінен жер асты суларының белгілі бір
мерзімде сандық және сапалық өзгерістерге
ұшырауы немесе жер асты суларының қалыптасуын
қамтып көрсететін тарихи-табиғи процесс.
Ол жер асты сулары ресурсының, қасиетінің
және құрамының, соның ішінде деңгейінің
немесе арын күшінің, өтімінің, ағу жылдамдығының,
температурасының, химиялық газдық және
бактериялық құрамының уақыт бойынша
өзгеруін сипаттайды және климаттық, гидрогеологиялық,
гидрологиялық, жасанды және аралас типтерге
бөлінеді.
1.2
Жер асты суы – жер қыртысын құрайтын
тау жыныстарының аралығындағы су. Ол
шөгінді және борпылдақ тау жыныстары
бөлшектерінің арасын, ұсақ кеуектерін,
магмалық және метаморфтық жыныстардың
жарықтары мен жіктерін, гипс, доломит,
әктас жыныстарындағы карст қуыстарын
толтырып жатады. Жер асты суы қалыптасу
жағдайына, тереңдігіне, арын күшінің
мөлшеріне қарай қалқыма су, грунт және
артезиан сулары болып 3 топқа бөлінеді.
Қалқыма су – кішігірім ойпаттарда, құм-шағылдар
арасында жауын-шашын немесе тасыған өзен,
көл суларының топыраққа сіңуінен уақытша
пайда болған, Жер бетіне ең жақын жатқан
арынсыз жер асты суы. Оның қорына, химиялық
құрамы мен температурасына ауа райының
өзгерістері үлкен әсер етеді. Сондықтан
су қорын құрайтын негізгі көз жойылғанда,
бұл су құрғап қалады. Жауын-шашын мол
жылдары, өзен қатты тасығанда, қыста қар
қалың жауғанда қайтадан пайда болады.
Грунт суы – табиғи қоры қалқыма суға
қарағанда тұрақты, Жер бетіне жақын кеуекті,
жарықты, карсты сулы қабаттардағы арынсыз
жер асты суы. Мұндай суды ерте заманнан
бері құдық қазып, кеңінен пайдаланғандықтан
«құдық суы» деп те атайды. Ол Жер бетінен
1 – 5 м-ден 50 – 70 м-ге дейінгі тереңдікте
кездеседі; өзен, көл, теңіз маңында, сайларда,
тау-төбе, қырат бөктерлерінде тұма-бұлақ
болып, Жер бетіне еркін шығып та жатады.
Жер бетіне біршама таяу жатқан грунт
суының деңгейі ауа райының өзгешеліктері
мен табиғи өзгерістерге тәуелді болып
отырады. Жауын-шашын мол жылдары, көктемде
қар ерігенде, күзгі көп жауын кезінде
бұл судың деңгейі едәуір жоғары көтеріледі,
ал құрғақшылық жылдары, қыс пен жаз айларында
оның деңгейі төмендеп, тереңдеп кетеді.
Грунт суы неғұрлым тайызда жатса, оның
көтеріліп-төмендеу мөлшері де соғұрлым
көп болады. Тайыз жердегі грунт суының
деңгейі бір жыл ішінде 1,5 – 2 метр және
одан да көп мөлшерде өзгеріп отыратын
болса, тереңдегі сулардың деңгейі тек
бірнеше см-ге ғана өзгереді. Су деңгейінің
өзгерісіне, жыл маусымдарының ауысуына
байланысты бұл сулардың минералдылығы,
химиялық құрамы мен температурасы да
өзгеріп отырады. Артезиан суы – тереңде
(75 – 100 м-ден астам) жатқан шөгінді (құм,
құмтас, әктас) тау жыныстарында шоғырланған
арынды жер асты суы. Ол өткізбейтін жыныс
қабаттарының арасында жатқандықтан,
арын күші едәуір болады, бұрғыланған
ұңғылар арқылы жоғары көтеріліп (кейде
шапшып), Жер бетіне шығады. Артезиан суының
қоры, минералдылығы, химиялық құрамы,
температурасы ұзақ жылдар бойы пайдалану
нәтижесінде ғана өзгерістерге ұшырайды.
Жер асты суының негізгі қоры өзен, көл,
теңіз суларының және қар мен жауын суларының
Жерге сіңуі нәтижесінде қалыптасады.
Құрамындағы тұздардың, минералдың мөлшеріне
сәйкес жер асты суы тұщы (минералдығы
1 г/л-ге дейін), ашқылтым (1 – 10 г/л), ащы
(10 – 50 г/л) және тұзды (50 г/л-ден астам) сулар
болып бөлінеді. Қазақстан бойынша жер
асты суының (артезиан және грунт суларының)
жалпы қоры 7500 млрд. м3, ол жылма-жыл 35 –
40 млрд. м3 сіңбе сумен толығып отырады.
Қазіргі кезде қалалар мен елді мекендерді
сумен қамтамасыз ету, мал жайылымдарын
суландыру, Жер суғару бағыттарында пайдаланып
жүрген жер асты суының мөлшері 3,5 – 4 млрд.
м3
1.3 Жер асты өзендері мен көлдері жерасты суларынан, артезиан және минералды сулардан тұрады. Жерасты сулары жердің беткі қабаттарына жақын жатады, олар алғашқы су өткізбейтін қабат астында орналасқан. Оларда су тегеуріні болмайды, оларды үңгірлерден, жер жарықтарынан, жер қойнауы капиллярларынан кездестіруге болады.
Жерасты
суларын мекендеуші организмдер
қазіргі таңда әлі толық
Әр 30 метр төмен түскен сайын ауа температурасы 10С-қа төмендейтін үңгірлерде суы жылы өзендер бар, бұл жерасты сулары. Мұнда кальций мен магний тұздары салыстырмалы түрде аз. Фотосинтез процесі болмағандықтан су құрамында оттек мөлшері аз. Үңгір мекендеушілері тек қана бактериялар мен жануарлар, боялған организмдерді кездестіру мүмкін емес. Жануарлар ішінде асшаян, шаян, құбылмақ, сүліктер мен полихеттер бар. Олардың көздері көрмейді, сезім мүшелері нашар жетілген. Ірі жануарлардан құйрықты амфибияларға жататын протей мен балықтар бар. Протей биологтар үшін үлкен жұмбақ болып табылады, себебі ол жылдар бойы қорекетнбей жүрсе де көлемі кішіреймейді.
Құм қиыршықтарының арасындағы интерстициалды суларда да өмір бар. Бұл жағдайда аралық капиллярлар тұщы сумен де ащы сумен де толтырылуы мүмкін. Топырақтың жоғарғы қабаттары жаңбыр суларының шайындылары арқылы жаңарып отырады, бұл қабаттарда сондай-ақ жарық сәулесі де аз мөлшерде өтеді. Бұл фотосинтездеуші өсімдіктердің тіршілігіне жағдай жасайды. Интерстициалды сулар тереңінде өмір сүру жағдайлары үңгірдегідей, бірақ оттек мөлшер көбірек.
Жоғарғы
қабатта қиыршықтар арасында 15 см тереңдікте
тіршілік ететін өсімдіктер мен жануарлар
бар. Мұнда инфузория, кловраткалар
және түрлі майда құрттар, біржасушалы
балдырлар өмір сүреді. 6-15см төменіректе
балдырлар жоқ, бактериялар азырақ,
жануарлар кездесе береді. Әдетте
интерстициалды фауна өкілдері ұсақ
келеді, бірақ ірі қиыршықтар арасында
дене тұрқы 1 сантиметрге жететіндері
де бар. Бұл жануарлардың барлығының
пішіні құртқа ұқсас, өсінділері қысқа
(топырақ қияршықтары арасында оңай
қозғалу үшін). Бұл фауна өкілдері ішінде
қабыршақтары жақсы жетілген моллюскалар
кездесуі де ықтимал.
1.4 Жер шарының сулы аудандарының жиынтығын гидросфера деп атайды. Гидросфераға мұхиттар, теңіздер, өзендер, тоғандар, ми батпақ, топырақтағы, жер астындағы және атмосфералық ауадағы сулар кіреді.
Жер асты суларының ластануы – сыртқы қолайсыз факторлардан жасырын жатқанына қарамастан, жер асты суларының ластануы немесе жер асты сулары сапасының адамдардың іс-әрекеті нәтижесінде алғашқы қалпына қарағанда нашарлауы, яғни суда кездеспейтін зиянды заттектердің сырттан қосылуы салдарынан оның пайдалануға жарамсыз болып қалуы. Өнеркәсіп және тұрмыстық лас сулардың жиынтығы, сорғу (фильтрация) алаңдары, өнеркәсіп қалдықтарының үйінділері, лас суларды жердің төменгі қабаттарына күшпен айдау, өнеркәсіп және қала аумақтарынан лас сулардың жерге сіңуі, лас өзен суларының жерге сіңуі және тағы басқа да процестер жер асты суларының негізгі ластану көздері болып табылады. Әсіресе, химиялық және бактериялық ластанулар көп таралған. Жер асты су қабаттарының ластануы жер асты суларын жедел игеру кезінде өтеді. Жер асты суларының ластануы өндіріс орындарының сарқынды суларының жер бетіне бейберекет жіберілуінен, суғармалы жерлердің, елді мекендердің коммуналдық-тұрмыстық және басқа да ақаба сулардың жерге сіңуінен және т.б. салдарынан болады. Құрамында ауыр металдар (қорғасын, мыс, мырыш, сынап, т.б.) бар сулар адам денсаулығына өте зиянды. Сапасының өзгеру деңгейіне қарай жер асты сулары былайша бөлінеді: 1) аздап (сәл) ластанған – су сапасының көрсеткіштері табиғи (фондық) мәннен артық, бірақ пайдаланудың нақтылы түрлері үшін шектелген рауалы шоғырланудан (ШРШ) төмен; 2) ластанған су сапасының көрсеткіштері ШРШ-дан бірнеше есе артық; 3) өте ластанған су сапасының көрсеткіштері ШРШ-дан әлдеқайда артық және ластану кезіндегі ерітінді құрамының көрсеткіштеріне жуық. Жер асты суларының ластану көздері ластағыш заттектердің түрлері мен пайда болуы, сулы горизонтқа ластағыш заттектердің ену жағдайлары, ластану ауқымының белгілері бойынша жіктеледі. Ластанған сулар Қазақстанның кейбір өндірісі дамыған Риддер, Павлодар, Теміртау, Шымкент, Тараз, Ақтөбе сияқты ірі қалаларда және мұнай өндіретін Каспий жағалауында кездеседі.
Табиғи суларды ластайтын компоненттер биологиялық және физико-химиялық қасиеттеріне қарай бірнеше топқа бөлінеді: физикалық күйіне байланысты – ерімейтін коллоидты, еритін, табиғатына қарай – минералды, органикалық, биологиялық немесе бактериялық. Минералды компоненттерге анорганикалық қосылыстар, яғни еритін және онда молекулалық пен иондық түрде болатын заттектер жатады. Табиғи суларда еріген түрде әр түрлі газдар (оттек, азот, көміртек диоксиді, күкіртті газ т.б.) сонымен қатар еріген тұздар (натрийдікі, калийдікі, кальцийдікі, темірдікі т.б.) болады. Органикалық компоненттерге өсімдіктерден немесе жан-жануарлардан т.б. жолмен пайда болған органикалық заттар жатады. Биологиялық не бактериялық компоненттерге бактериялар, вирустар, балдырлар, ең төменгі сатылы жәндіктер, құрттар, микробиологиялық зауыттардың қалдықтары т.б. кіреді.
Суды негізінен ластайтын көздерге өнеркәсіптік және коммуналдық канализациялық ақаба сулары жәнеде басқа өндіріс қалдықтары, құрамында әртүрлі агрохимикаттары (пестицидтері, тыңайтқыштары) бар егістік жер қыртысының шайындысы, суармалы жүйенің дренажды суы, мал шаруашылығы ағындылары, су қоймаларына жауын шашын арқылы әкелінетін аэрогенді ластағыштар жатады. Су ортасы үшін ең үлкен қауіп тудыратын мұнай, мұнайды өңдеу, химиялық қосылыстарын алу, радиоактивті заттар және ауыр металдар алу өндірістері болып табылады. Теңізге төгілген 1 тонна мұнай 2,6 км аумақтағы судың бетін біркелкі жұқа пленкамен қаптап тұрады. Суға жайылғанда атмосферадағы ауа мен су газдарының алмасуын және судың булануын қиындатады.
Ағаштарды сумен тасымалдау кезінде де судың ластануы байқалады. Терең емес өзендерде ағаштарды тасымалдағанда 10-30% жуығы батып кетеді. Бұл балық шаруашылығына зиян келтіреді. Электростанцияларды салу нәтижесінде көп алқапты алып жататын бірақ онша терең емес су қоймалары пайда болады. Бұл су қоймаларда өте көп мөлшерде балдырлар пайда болады бұл өсімдіктер халық шаруашылығына бірқатар залалын тигізуде. Көкжасыл балдырлардың 9 түрі суды өте қатты ластандыруда.
Жер бетіндегі және жер астындағы суларға қосылатын заттарды, микроорганизімдерді - ластаушы көздер, ал су сапасының нормасын бұзатын заттарды - ластаушы заттар деп атайды.
Жер бетіндегі сулардың ластану көздеріне мыналар жатады:
- өнеркәсіп өнімдері мен өндіріс қалдықтарын сақтайтын және тасымалдайтын орындар;
- тұрмыстық, тұрмыс қажетін өтеу барысындағы қалдықтарды жинайтын орындар, қоймалар;
- тыңайтқыштар, пестицидтер жәнеде химиялық заттар қолданылатын ауыл шаруашылық салалары;
- жер асты суларымен байланыстағы жер бетіндегі обьектілер;
- су көзіне жалғасқан лас орындар;
- жауын-шашынның ластанған жерлерді жууынан пайда болған шайынды сулар;
- өндіріс, бұрғылау, қазу және т.б.
Жер
асты сулары микробтармен және химиялық
заттармен ластануы мүмкін. Жер асты суларында
кейбір патогенді бактериялар мен вирустар
тіршілік әрекетін ұзақ сақтайды. Егер
топырақ қабаты өзінің тазарту сүзгі қабілетін
жоғалтса, онда жер асты суларына әртүрлі
сарқынды сулар қосылумен қатар, оларды
құрамындағы әртүрлі қоқыс заттармен
ластайды.
1.5
Суларды оларды ластаушы заттардан тазарту
күрделі процесс. Олар – механикалық,
химиялық және биологиялық болып бөлінеді.
Механикалық әдісі – суды тұндыру және сүзу арқылы ондағы механикалық қоспалардан тазарту. Көлемі әр түрлі бөлшектер мөлшеріне қарай әр түрлі конструкциялық торлармен, су бетілік қоспалар – май, смола, мұнай ұстағыштар арқылы сүзіледі.
Химиялық әдісте суды тазалау үшін химиялық реагенттер, мысалы, хлор, хлорлы ізбес сияқты қосылыстар қолданылады.
Хлор суды қауіпті бактериялогиялық ластардан тамаша, пәрменді қауіпсіздендіреді. Бірақ соңғы кезде белгілі болғандай, хлорланған ауыз суы ғалымдар дәлелдегендей бауыр, қуық, асқазан ісіктерін, аллергиялық аурулар туындатады. Хлор тағы да біздің ағзамыздағы ақуыздарды бұзып, тері мен шашқа жағымсыз әсер етеді. Жазға кезеңде, микроағзалар жылдам, қарқынды көбейетін шақта су көбірек хлорланады, осы кезде адам денсаулығына қауіп күшейеді.
Суды жекелей тұтынуда хлордан құтылудың ең тиімді әдісі – су тазартқыш (сүзгіш) пайдалану. Егер сүзгі жоқ болса, онда суды бірнеше сағат тұндырып қою керек, сонда хлор ұшып кетеді.
Ағызынды
суды тазартудың химиялық әдістерінің
ең көп қолданылатын түрі – нейтралдау.
Өнеркәсіп орындарының әртүрлі
қышқылдарды бөлетін лас
Суды
тазалаудың биологиялық әдісі –
микроскопиялық өсімдіктер мен жануарлар
өсіріп, үстінен ағызынды сумен толтырады
да төменгі жағынан қатты ауа
ағынымен үрлейді, Оттектің (ауамен үрлегенде)
және органикалық заттардың көп
мөлшерінде бактериялар мен микрофауна
қарқынды өсіп, көбейіп, органикалық
ластаушыларды жай минералдық заттарға
дейін ыдырататын ферменттер бөле бастайды.
Органикалық заттардың
Органикалық
заттардың мол қорымен
Жамбасқұрт – жамбастап жылжып қозғалатын жәндік. Бұл оның уақытша қозғалысы емес табиғи бейімділігі. Жамбасқұрттар балықтардың сүйікті жемі болумен қатар, өте пайдалы жәндіктер. Олар түрлі организмдердің қалдықтарымен қоректеніп, су түбі тазалығын сақтауда үлкен роль атқарады.
Қоңыздар. Көп жылғы бақылаулар бойынша қоңыздардың негізгі қорегінің 60%-ы маса личинкалары екен. Арнайы жүргізілген тәжірибелерде бір ғана қоңыздың тәулігіне 65-70 маса личинкасын жоятыны осыны дәлелдейді.
Су
шаяны. Су шаяны ақпайтын тоқтау суларда,
өсімдіктері көп, әрі ластанған
өсімдік шірінділері көп
Инеліктер. Судағы жәндіктердің ішінде инеліктердің орны ерекше. Барлығы дерліктей жыртқыштар. Тіршілік ету ерекшелігіне байланысты инеліктерді су насекомдарының “қос мекенділері” деп атауға болады. өйткені инеліктердің личинкалары суда дамиды да, ал ересектерінің даму кезеңдері су жағасында өтеді. Ересек инеліктер қорегін тек қана ұшып қуып барып ұстайды. Олардың өткір тырнағына көбіне масалар, шыбындар, соналар т.б. зиянды насекомдар ілінеді.
Су жүйелерін тазалайтын балықтар да бар екен. Арықтар бойын арамшөптерден тазарту үшін маман ғалымдар көп ізденіс жасап, канал бойларына ақ амур, дөң маңдай сияқты балықтарды қолдан жерсіндірді. Ақ амур ересектерінің дене тұрқы 120 см, салмағы 32 кг-ға дейін жететін ірі балық. Денесі ірі бұл балықтың ерекшелігі – ол сондай мешкей. Олар каналда өскен шөптерді жеп, өсімдіктердің қаулап өсуіне жол бермеген.
Арық
пен канал бойындағы
Сонымен, жер асты сулары бұл – топырақта және бүкіл жер қыртысына тән тау жыныстарында әртүрлі физикалық күйде кездесетін сулардың жиынтық атауы. Жерасты сулары жердің беткі қабаттарына жақын жатады, олар алғашқы су өткізбейтін қабат астында орналасқан. Оларда су тегеуріні болмайды, оларды үңгірлерден, жер жарықтарынан, жер қойнауы капиллярларынан кездестіруге болады. Дүние жүзінің ¾ бөлігі су. Мұхит пен теңіздердің жалпы аудандары құрғақ территория ауданынан 2,5 есе артық, жалпы көлемі 1455 млн км3. Қазақстан бойынша жер асты суының (артезиан және грунт суларының) жалпы қоры 7500 млрд. м3, ол жылма-жыл 35 – 40 млрд. м3 сіңбе сумен толығып отырады. Қазіргі кезде қалалар мен елді мекендерді сумен қамтамасыз ету, мал жайылымдарын суландыру, Жер суғару бағыттарында пайдаланып жүрген жер асты суының мөлшері 3,5 – 4 млрд. м3.
Табиғи
суларды ластайтын компоненттер
биологиялық және физико-химиялық
қасиеттеріне қарай бірнеше топқа
бөлінеді: физикалық күйіне байланысты
– ерімейтін коллоидты, еритін, табиғатына
қарай – минералды, органикалық,
биологиялық немесе бактериялық. Суларды
оларды ластаушы заттардан тазарту күрделі
процесс. Олар – механикалық, химиялық
және биологиялық болып бөлінеді.
Пайдаланған
әдебиеттер:
- Ж.Достайұлы. Жалпы гидробиология. Алматы, 1996
- А.С.Константинов. Общая гидробиология. «Высшая школа», Москва, 1986
- http://www.kitaphana.kz/ru/
downloads/230-geografia/1614- jer-asti-sylarinin-kaliptasyi. html - http://kk.wikipedia.org/
- http://info.sotvorenie.kiev.
ua/content/family_estate/ water/water_vodoemi.html3 - Липин А.Н. Пресные воды и их жизнь, М., 19650.

- Жер асты сулары
- Жер асты суларының физикалық — химиялық қасиеттер
- Жер асты суларының физикалық - химиялық қасиеттері
- Жер асты суларының физикалық — химиялық қасиеттері
- Жер асты суы
- Жер асты суының ластануы
- Жер асты ядролық жарылысы
- Жеңіл атлетика
- Жеңіл атлетика
- Жеңіл атлетиканың Қазақстанда дамуы
- Жеңіл атлетика сабағындағы қауіпсіздік ережелері
- Жерасты амалымен жұмыстар жүргізу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
- Жерасты мүшелер. Тропизмдер
- Жер асты сулары