Жер асты суы
Жер асты суы
Жер асты суы[1] – жер қыртысын құрайтын тау жыныстарының аралығындағы су.
Жер асты суы қалыптасу жағдайына, тереңдігіне, арын күшінің мөлшеріне қарай қалқыма су, грунт және артезиан сулары болып 3 топқа бөлінеді. Қалқыма су – кішігірім ойпаттарда, құм-шағылдар арасында жауын-шашын немесе тасыған өзен, көл суларының топыраққа сіңуінен уақытша пайда болған, Жер бетіне ең жақын жатқан арынсыз жер асты суы. Оның қорына, химиялық құрамы мен температурасына ауа райының өзгерістері үлкен әсер етеді. Сондықтан су қорын құрайтын негізгі көз жойылғанда, бұл су құрғап қалады. Жауын-шашын мол жылдары, өзен қатты тасығанда, қыста қар қалың жауғанда қайтадан пайда болады. Грунт суы – табиғи қоры қалқыма суға қарағанда тұрақты, Жер бетіне жақын кеуекті, жарықты, карсты сулы қабаттардағы арынсыз жер асты суы. Мұндай суды ерте заманнан бері құдық қазып, кеңінен пайдаланғандықтан «құдық суы» деп те атайды. Ол Жер бетінен 1 – 5 м-ден 50 – 70 м-ге дейінгі тереңдікте кездеседі; өзен, көл, теңіз маңында, сайларда, тау-төбе, қырат бөктерлерінде тұма-бұлақ болып, Жер бетіне еркін шығып та жатады. Жер бетіне біршама таяу жатқан грунт суының деңгейі ауа райының өзгешеліктері мен табиғи өзгерістерге тәуелді болып отырады. Жауын-шашын мол жылдары, көктемде қар ерігенде, күзгі көп жауын кезінде бұл судың деңгейі едәуір жоғары көтеріледі, ал құрғақшылық жылдары, қыс пен жаз айларында оның деңгейі төмендеп, тереңдеп кетеді. Грунт суы неғұрлым тайызда жатса, оның көтеріліп-төмендеу мөлшері де соғұрлым көп болады. Тайыз жердегі грунт суының деңгейі бір жыл ішінде 1,5 – 2 метр және одан да көп мөлшерде өзгеріп отыратын болса, тереңдегі сулардың деңгейі тек бірнеше см-ге ғана өзгереді. Су деңгейінің өзгерісіне, жыл маусымдарының ауысуына байланысты бұл сулардың минералдылығы, химиялық құрамы мен температурасы да өзгеріп отырады. Артезиан суы – тереңде (75 – 100 м-ден астам) жатқан шөгінді (құм, құмтас, әктас) тау жыныстарында шоғырланған арынды жер асты суы. Ол өткізбейтін жыныс қабаттарының арасында жатқандықтан, арын күші едәуір болады, бұрғыланған ұңғылар арқылы жоғары көтеріліп (кейде шапшып), Жер бетіне шығады. Артезиан суының қоры, минералдылығы, химиялық құрамы, температурасы ұзақ жылдар бойы пайдалану нәтижесінде ғана өзгерістерге ұшырайды. Жер асты суының негізгі қоры өзен, көл, теңіз суларының және қар мен жауын суларының Жерге сіңуі нәтижесінде қалыптасады. Құрамындағы тұздардың, минералдың мөлшеріне сәйкес жер асты суы тұщы (минералдығы 1 г/л-ге дейін), ашқылтым (1 – 10 г/л), ащы (10 – 50 г/л) және тұзды (50 г/л-ден астам) сулар болып бөлінеді. Қазақстан бойынша жер асты суының (артезиан және грунт суларының) жалпы қоры 7500 млрд. м3, ол жылма-жыл 35 – 40 млрд. м3 сіңбе сумен толығып отырады. Қазіргі кезде қалалар мен елді мекендерді сумен қамтамасыз ету, мал жайылымдарын суландыру, Жер суғару бағыттарында пайдаланып жүрген жер асты суының мөлшері 3,5 – 4 млрд. м3.Мазмұны [жасыру]
1 Жер асты суының кен орны
2 Жер асты суының қоры
3 Жер асты суын қорғау
4 Грунт суы
5 Артезиан сулары
6 Минералды сулар
7 Жер асты су ағыны
8 Жер асты су ағынының алабы
9 Жер асты су жинау шекарасы
10 Жер асты сужиғысы
11 Жер асты сулары
12 Жер асты сулары балансының теңдеуі
13 Жер асты сулары деңгейінің тербелу амплитудасы
14 Жер асты сулары деңгейлерінің турақтануы
15 Жер асты сулары қалыптасуының генетикалық циклдері
16 Жер асты сулары қалыптасуының седиментациялық теориясы
17 Жер асты сулары пайда
18 Жер асты сулары пайда
19 Жер асты суларын барлау
20 Жер асты суларын жіктеу
21 Жер асты суларын пайдалану
22 Жер асты суларын химиялық құрамы бойынша жіктеу
23 Жер асты суларын шегендеу
24 Жер асты суларын іздеу және барлау
25 Жер асты суларында газдың жылыстауы, минрациясы
26 Жер асты суларындағы химиялық элементтердің жылыстауы
27 Жер асты суларының алабы
28 Жер асты суларының балансы
29 Жер асты суларының болжамдық қоры
30 Жер асты суларының газдық құрамы
31 Жер асты суларының
32 Жер асты суларының
33 Жер асты суларының геохимиясы
34 Жер асты суларының депрессиясы
35 Жер асты суларының динамикасы
36 Жер асты сулараның жалпы қоры
37 Жер асты суларының жаңаратын қоры
38 Жер астысуларының жылыстауы
39 Жер асты суларының игерілетін қоры
40 Жер асты суларының иондық - тұзждық құрамы
41 Жер асты суларының кадастры
42 Жер асты суларының кен орны
43 Жер асты суларының қалыптасуы
44 Жер асты суларының қоры
45 Жер асты суларының ластануы
46 Жер асты сулатының
47 Жер асты суларының
48 Жер асты суларының пайда болу түрлері
49 Жер асты суларының пайда болуы
50 Жер асты суларының режімі
51 Жер асты суларының резервуары
52 Жер асты суларының ретеулі қоры
53 Жер асты суларының серпімді қоры
54 Жер асты суларының сутартқысы
55 Жер асты суларының табиғи ресурстары
56 Жер асты суларының табиғи (сыйымдылық) қоры
57 Жер асты суларының тежеме көтерілу белдемі
58 Жер асты суларының химиялық құрамасының жіктемесі
59 Жер асты суларының химиялық түрлері
60 Жер асты суының деңгейі
61 Жер асты (грунт) суларының тежеме көтерілімі
62 Жер астылық гидродинамика
63 Жер астындағы сіңбе сулардың қалыптасу теориясы
64 Термалды жер асты сулары
65 Пайдаланылған әдебиеттер
66 Сыртқы сілтемелер
[өңдеу]
Жер асты суының кен орны
Saturation level грунт суының деңгейі; Artesian well — артезиандық ұңғыма; Pervious strata — су сақтағыш қабат; Impervious strata — су ұстағыш қабат
Жер асты суының кен орны – жауын-шашынның, өзен суларының Жерге сіңуінен пайда болатын жер асты суларының шоғырланған орны. Судың сапасына, химиялық құрамына, температурасына қарай тұщы, ашқылтым, термальді, шипалы (минералды), өндірістік қазба байлықты су кен орны болып бөлінеді. Ал қалыптасу жағдайларына қарай өзен арналарының грунт сулары, тау жыныстарының жарықшаларының, карст қуыстарының грунт сулары, артезиан алаптарындағы арынды сулар, тектоникалық жарықтардағы сулар, тау етегіндегі ысырынды конус сулары, құм массивтерінің грунт сулары, т.б. болып бөлінеді. Ең ірі жер асты суының кен орындары таулы аудандарға жанаса орналасқан қиыршыққұм, шағылқұм, малтатастардан құралған ысырынды моллас кешендерінде, өзен арналарының аллювиальдік шөгінділерінде, ірі артезиан алаптарында кездеседі. Жер бетіне таяу (10 – 30 м) жатқан жер асты суының кен орындары өзен арналарындағы аллювиальдік шөгінділерде орналасқан. Термальді су кен орындары, негізінен, тереңде жатқан артезиан сулы қабаттарда, кейбір таулы аудандардың тектоникалық жарықтарында таралған. Температурасы 100°С-тан асатын тұщы термальді су кен орындары Жаркент (Алматы облысы) артезиан алабында 4000 – 4500 м тереңдіктен табылған. Бұл бүкіл Жер шарындағы тұщы сулардың ең тереңге сіңген деңгейі. Басқа жерлерде мұндай тұщы сулар 2000 м тереңдіктен аспайды. Қазақстанда 623 жер асты суының кен орындары зерттеліп, қоры анықталған. Жер асты суының кен орындары елді мекендерді, қалаларды, ірі өндіріс орындарын, санаторий, профилакторийлерді ауыз сумен, емдік қасиеті бар минералды сулармен қамтамасыз етуге пайдаланылуда.
[өңдеу]
Жер асты суының қоры
Жер асты суының қоры – жер асты суларының көп жылдар бойы шаруашылық мақсаттарға пайдалануға болатын, үздіксіз жиналып, толығып отыратын мөлшері. Ол табиғи қор, табиғи ресурс, пайдалану қоры болып бөлінеді. Табиғи қор – геологиялық мерзімде немесе көп жылдар бойы сулы қабаттарда, гидрогеологиялық құрылымдарда жиналған су мөлшері. Табиғи ресурс – жауын-шашынның, өзен суларының Жер бетінен оның астына әр мезгілде әр түрлі мөлшерде сіңуіне, Жер бетінің көп жылдық мерзімде ылғалдану режиміне сәйкес жер асты суының толығып отыратын бөлігі. Жер асты суының пайдалану қоры – аумағы белгілі сулы қабаттардан белгілі бір уақыт бойы, техникалық-экономикалық тұрғыдан тиімді түрде арнаулы су қабылдағыштар арқылы тәулігіне алынатын судың мөлшері. Олар халық шаруашылығындағы маңыздылығына, экономикалық тиімділігіне байланысты баланстағы және баланстан тыс қорлар болып 2 топқа бөлінеді. Зерттеліп барланғаннан кейін жоғары сапалы жер асты су қоры мемлекеттік балансқа алынады. Балансқа алынған су қорын пайдалану экономикалық жағынан тиімді болады.
[өңдеу]
Жер асты суын қорғау
Жер асты суын қорғау – жер асты
суын жинауға арналған құрылыстарды
пайдалану тәртібі оның қорларының
сарқылуын болдырмауға
[өңдеу]
Грунт суы
Грунт (еспе) суы жер бетіне таяу орналасқан, бірінші су өткізбейтін қабаттың үстінде жатқан сулы қабаттағы жер асты суы. Оның қысымы жоқ, су деңгейі 1 жыл ішінде маусым сайын өзгеріп отырады. Жауын-шашын көбейсе көтеріледі, жер беті тілімденсе төмендейді. Еспе суы 3-30 м тереңдікте таралған. Қазақстанның өзен жүйесі сирек өңірлерінде еспе суы мен терең қабат аралық жер асты суының үлкен маңызы бар. Халық еспе суын көне заманнан-ақ пайдаланып келеді. Шөлейт аймақтарында негізінен құдық суын пайдаланады, ал шөлді жерлерде құдық болса ғана мал шаруашылығымен шұғылдануға болады. Бірақ халық шаруашылығының суға деген қажетін еспе суы қамтамасыз ете алмайды. Сондықтан судың жаңа мол көзін табу керек болады. Мұндай су көздері де табылды, бұл — терең қабат аралық жер асты суы.[2]
[өңдеу]
Артезиан сулары
Республикада артезиан алаптары табылды. Олардың ауданы Балқаш сияқты 70 көлдің көлеміне тең. «Артезиан» сөзінің төркіні Францияның Артуа провинциясында 1126 ж. шыңырау құдық казылып, су алынуына байланысты аталған. Бұл - су өткізбейтін қабаттар арасындағы кездесетін қысымы күшті жер асты суы. Артезиан сулары платформалар мен ойпаттарда, тау аралық ойыстарда кездеседі. Қазақстанда тұщы артезиан сулары 50-2700 м, ал тұзды және ащы су онан да тереңде жатыр. Каспий маңы ойпатында 10-23 км-ге жетеді. Мысалы, Мойынқұмда 300-500 м тереңдікте 50 мың шаршы км жерді алып жатқан тұтас әсер асты теңізінің бар екені анықталды. Оның суы ішуге де, егін суаруға да жарамды. Қызылқұмда 80-300 м тереңдікте жатқан орасан зор жер асты су алабы табылды. Жер асты суы республиканың басқа да аудандарынан, атап айтқанда, солтүстік облыстардан да табылды. Алматы қаласы, 14 облыс орталығы, 200-ден астам аудан орталықтары, өнеркәсіп және 3500-ден астам ауыл шаруашылық кәсіпорындары мен елді мекендері қазірдің өзінде жер асты суымен камтамасыз етіледі. 100 млн гектардай жайылымдарды суландыруға, 50 мың гектардай егістікті суаруға мүмкіндік алады. Таяу жылдар ішінде жер асты суы бұдан да кең пайдаланылатын болады. Қазақстанда жер астынан ыстық (термальды) су табу үшін барлау жұмыстары жүргізіліп отыр. Термальды жер асты суы өнеркәсіпте, сондай-ақ үйлерді, жылыжайды, фермаларды және моншаларды жылыту үшін пайдаланылады.
[өңдеу]
Минералды сулар
Республиканың бірталай өңірінде өте тереңнен атқылап, жер бетіне шығып жатқан емдік қасиеті мол минералды су бұлақтары кездеседі. Олар температурасы және құрамындағы газдар мен тұздарының түрі жағынан (хлор, калий, натрий, темір және т.б.) әр түрлі болып келеді. Адам ағзасына шипалық әсері бар Алмаарасан, Қапаларасан, Сарыағаш, Жаркентарасан курорт-санаторийлері, емханалар салынған. Бұрыннан белгілі минералды қайнарлар, әсіресе, шөлді аудандарда көп кездеседі, жергілікті халық бұларды ем үшін пайдаланғаны болмаса, олар әлі игерілмеген. Республика жерінде 300-ден аса минералды бұлақтар зерттеліп, олардың әр түрлі дертке шипалық қасиеттері анықталды. Олар Қазақстан жерінде ерте кезден белгілі. Мысалы, Алмаарасан радонды ыстық минералды су көзі XIV ғасырдан бері белгілі, Ақсақ Темір жорықтарының жазбаларында кездеседі. Алтайдағы Рахман қайнары жөніндегі алғашқы деректер баспасөз бетінде 1834 жылы жарияланған. Қызылорда аймағындағы Жаңақорған санаторийі 1919 жылдан жұмыс істейді.[3]
[өңдеу]
Жер асты су ағыны
Жер асты су ағыны - таужыныстардың ішінде арын күшінің азаю жағына (бағытына) карай козғалатын жер асты суы.
[өңдеу]
Жер асты су ағынының алабы
Жер асты су ағынының алабы— жер асты суларының негізгі ағын базисінің жалпылығына байланысты бір бағытта козғалатын, планда бір реттегі суайрықтармен шектелген ағындар жүйесі (табиғи гидродинамикалық жүйе). Мұндай жүйенің төменгі шекарасының қимадағы орны негізгі ағын базисінің сорғытулық әсерінің терендігімен анықталады.
Жер асты суы
[өңдеу]
Жер асты су жинау шекарасы
Жер асты су жинау шекарасы— аумағында жер асты сулары жиналатын таужыныстардың таралу ауданының контуры.
[өңдеу]
Жер асты сужиғысы
Жер асты сужиғысы- жер асты суларының өзен (көл, теңіз) торабына сүзіліп келетін аумағы. Синонимдері: гидрогеологиялық алап, сужиғы ауданы.
[өңдеу]
Жер асты сулары
Жер асты сулары — жер қыртысын құрайтын таужыныстардың ішіндегі барлық физикалық күйдегі (сүйық, газ төрізді, қатты) сулар. Орналасуына карай жер асты сулары кеуектердегі, жарықшақтардағы, карстық қуыстардағы болып, ал жатыc жағдайлары бойынша — қалқыма (үстіңгі) су, грунт және артезиан сулары болып ажыратылады.
[өңдеу]
Жер асты сулары балансының теңдеуі
Жер асты сулары балансының теңдеуі — жер асты суларының бір жерге ағып келуі мен ағып кетуі элементтері арасындағы байланыс тендеуі. Тұйық алап үшін оның кіріс бөлігін алап аумағында жауатын жауын-шашын, су буларының конденсациялануы және жер астылық ағып келу құрайды; шығыс бөлігі жер үсті ағынынан, буланудан және алаптан жер астымен ағып кететін судан түрады.
[өңдеу]
Жер асты сулары деңгейінің тербелу амплитудасы
Жер асты сулары деңгейінің тербелу амплитудасы (лат.amplitudo— мөлшер, шама) — жер асты сулары деңгейінің әр түрлі табиғи және жасанды факторлардың әсерінен белгілі бір деңгейден (түрақталған) көтеріліп-төмендеу шамасы (ауқымы).
[өңдеу]
Жер асты сулары деңгейлерінің турақтануы
Жер асты сулары деңгейлерінің турақтануы — жер асты сулары деңгейінің белгілі бір уақыт ішінде көп ауытқымай, бір шамада болуы.
Saturation level грунт суының деңгейі; Artesian well — артезиандық ұңғыма; Pervious strata — су сақтағыш қабат; Impervious strata — су ұстағыш қабат
[өңдеу]
Жер асты сулары қалыптасуының генетикалық циклдері
Жер асты сулары қалыптасуының генетикалық циклдері — белгілі бір жүйелілікпен байланысқан генетикалық процестердің жиынтығы. Үш генетикалық цикл сараланады
1) инфильтрациялық немесе
2) тешздік немесе шөгіндшік;
3) метаморфтық және магмалық.
[өңдеу]
Жер асты сулары қалыптасуының седиментациялық теориясы
Жер асты сулары қалыптасуының седиментациялық теориясы — жер асты суларының пайда болуын үйықтық сулардың шөгінді жиналу (шөгіндену) процесінде көміліп, соңынан олардың диагенез және катагенез стадияларында өзгеруімен түсіндіретін теория. Осындай жолмен артезиан алаптарындагы тереңде жатқан жер асты суларының негізгі бөлігі (массасы) пайда болатындыгы дәлелденді.
[өңдеу]
Жер асты сулары пайда болуының кондесациялық теориясы
Жер асты сулары пайда болуының кондесациялық теориясы— жер асты суларының пайда болуын таужыныстардың кеуектеріндегі, жарықшақтарындагы және баска да қуыстарындагы атмосфералық ауаның су буларының конденсациялануынан деп түсіндіретін теория.
[өңдеу]
Жер асты сулары пайда болуының ювинильдік (магматектік) теориясы
Жер асты сулары пайда болуының ювинильдік (магматектік) теориясы - бұл теория бойынша жер асты сулары жер қойнауының өте терең қабаттарында оттек пен сутектің қосылуынан немесе магмадан бөлініп шыққан су буларынан пайда болады.
Жер асты суларын барлау
Жер асты суларын барлау - жер асты
суларының пайдалану қорын
[өңдеу]
Жер асты суларын жіктеу
Жер асты суларын жіктеу - әрқайсысының өзгергіш параметрлері болатын үш геосфераның немесе динамикалық физика-химиялық тепе-теңдік жүйелерінің: атмосфераның, гидросфераның және литосфераның бір-бірімен әрекетгесуі нәтижесінде табиғи қүрылымдар ретінде қалыптасатын жер асты суларының типтерін топтарға бөлу. Мұндай сулардың көптеген жіктемелері үсынылған. Оларды негізінен үш топқа біріктіруге болады:
1) табиғи сулардың, солардың ішінде жер асты суларының, химиялық жіктемелері;
2) жер асты суларының пайда болуы, жату жағдайлары, немесе пайда болуы мен басқа да белгілері бойынша жасалған жалпы жіктемелер;
3) жалпы жіктемелермен біріккен және жер асты суларының бір немесе бірнеше белгілері бойынша жасалған жеке жіктемелер.
[өңдеу]
Жер асты суларын пайдалану
Жер асты суларын пайдалану— жер асты суларын минералдылық дәрежесіне, химиялық қүрамына және физикалық қасиеттеріне қарай халық шаруашылығында пайдалану түрлері. Олар ауыз су ретінде және шаруашылық сулармен қамтамасыз ету үшін, жер суаруға, ауруларды емдеуге, су қүрамындағы кейбір бағалы құрам бөліктерді (NаСl, Na2SO4 ,Na2CO4 , Вг, J және т.б.) өндіріп алу үшін және жылу көзі ретінде пайдаланылады.
[өңдеу]
Жер асты суларын химиялық құрамы бойынша жіктеу
Жер асты суларын химиялық құрамы бойынша жіктеу - химиялық құрамының құрамдас бөліктерінің (немесе топтарының) басымдылығы, әр алуан құрамбөліктердің бір-бірімен арақатынасы, газдық және иондық құрамында ерекше құрамбөліктердің болуы және т.б. белгілері бойынша топтарға бөлу.
[өңдеу]
Жер асты суларын шегендеу
Жер асты суларын шегендеу - жер асты суларын шаруашылықта пайдалану мақсатымен оларды ашып, жер бетіне шығару үшін орыңдалатын инженерлік-техникалық жұмыстар және осындай жұмыстарды жүргізуге арналған қүрылғылар (құдық, үңғыма, су жинау галереясы).
[өңдеу]
Жер асты суларын іздеу және барлау
Жер асты суларын іздеу және барлау — ішуге және техникалық сумен жабдықтауға, емдік мақсаттар мен химиялық шикізат алуға жарамды жер асты суларын іздеп табу мақсатымен жүргізілетін геологиялық, гидрогеология,геофизикалық және тәжірибелік жүмыстардың жиынтығы.
[өңдеу]
Жер асты суларында газдың жылыстауы, минрациясы
Жер асты суларында газдың жылыстауы, минрациясы - жер асты суларында әдетте еріген күйде болатын газдың осындай сулардың көмегімен жер қыртысының бір түсынан басқа тұсына (бөлікшесіне) орын ауыстыруы. Суда еріген газдар сулы қатғарда қозғалатын сумен бірге, сондай-ақ диффузиялық және эффузиялық процес- тердің нәтижесінде орын ауыстырады. Көмірсутекті газдардың ішінде ең жақсы жылжитыны — метан.
[өңдеу]
Жер асты суларындағы химиялық элементтердің жылыстауы
Жер асты суларындағы химиялық элементтердің жылыстауы — мұндай элементтер қоспаларының түпкі кен орнынан басқа жаққа оны қоршаған таужыныстардағы сулармен бірге орын ауыстыруы, соңынан олардың мүмкін болатын су ерітінділерінен тұнуы және тұнған шөгінділердің әдденеше рет жаңадан еруі және қайтадан түзілімденуі. Элементтердің жылыстау қабілеті олардың концентрациясына және геологиялық ортаның құрамына, температурасы мен қысымының өзгеруіне байланысты өзгеріп отырады.
[өңдеу]
Жер асты суларының алабы
Жер асты суларының алабы - гидрогеологиялық алап терминінің сино- нимі.
[өңдеу]
Жер асты суларының балансы
Жер асты суларының балансы — сулы таужыныстың берілген көлеміндегі жер асты суларының қорын толтыратын су мөлшері мен осы қордан біршама уақыт ішінде алынатын (шығындалатын) су мөлшерінің ара-катысы. Оны зерттеу ылғал айналымы процестерімен байланысты, жер асты суларының қоретену және режімі заңдылықтарын анықтауға мүмкіндік береді.
[өңдеу]
Жер асты суларының болжамдық қоры
Жер асты суларының болжамдық қоры — жер асты суларының жалпы гидрогеологиялық түсініктер, теориялық алғышарттар, геологиялық және гидрогеологиялық карталау нәтижелері, геофизикалық, гидрохимиялық, гидрологиялық және субаланстық зерттеулер негізінде шамалап, жорамалданатын олеуеттік қоры (мөлшері). Жер асты суларының болжамдық қоры туралы мәліметтер жер асты суларын іздестіру жұмыстарын жоспарлағанда пайдаланылады, сонымен катар жер асты және жер үсті суларын кешенді пайдалану мен қорғау шараларын белгілегенде ескеріледі.
Жер асты суларының балансы[4] - Кен орындарындағы есептелген минералдық шикі заттар қоры.
[өңдеу]
Жер асты суларының газдық құрамы
Жер асты суларының газдық құрамы — жер асты суларында еріген газдардың
Ең көп тарағандары: оттек, азот, метан, көміркышқыл газы, күкіртті сутек, салғырт газдар.
Сирегірек кездесетіндері: сутек, этан, пропан және бутан, сондай-
ақ көміртек тотығы, азот тотығы мен шала тотығы және т.б. Олардың пайда болуы атмосферамен, мантияның газсыздануымен, жердің терең қойнауында және оның бетінде болатын химиялық және биохимиялық процестермен байланысты.
[өңдеу]
Жер асты суларының генетикалық түрінің графигі
Жер асты суларының генетикалық түрінің графигі - жер асты суларын химиялық құрамы бойынша жүйелеу тәсілі. Бұлайша жүйелеуде жер асты суларының химиялық құрамы мен пайда болуы арасында байланыс болады деп есептеледі.
[өңдеу]
Жер асты суларының геологиялық қорлары
Жер асты суларының геологиялық қорлары - жер асты су ағынына қатынасатын және литосфераның қанығу белдемінің кеуектерін толтырып тұратын жер асты суларының көлемі; оларға жер асты суларының берік байланысқан суынан басқа барлық түрлері кіреді. Қорлар: динамикалық, статикалық, серпімді болып бөлінеді.
[өңдеу]
Жер асты суларының геохимиясы
Жер асты суларының геохимиясы —
жер асты суларының химиялық құрамының
қалыптасуы мен таралу зандылықтарын
химиялық элементтердің жалпы жер
қыртысында жыныстау (миграция) жағдайларымен
ұштастыра отырып зерттейтін гидрогеология
ғылымының саласы. Жер асты суларының
геохимиясының дамуы
[өңдеу]
Жер асты суларының депрессиясы
Жер асты суларының депрессиясы — жер асты суларының еркін немесе арынды бетінің табиғи (құрсайлар, аңғарлар) немесе жасанды дреналарға (ұңғымалар, құдықтар, құрғату каналдары және т.б.) қарай төмендеуі.
[өңдеу]
Жер асты суларының динамикасы
Жер асты суларының динамикасы
— 1) гравитациялық жер асты суларының жер қыртысына тон таужыныстар ауқымында әр түрлі табиғи және жасанды факторлар есебінен қозғалуын зерттейтін ғылыми сала;
- 2) Жер асты суларының
[өңдеу]
Жер асты сулараның жалпы қоры
Жер асты сулараның жалпы қоры — жер асты суларының статикалық және динамикалық қорларының жиынтығы. Жер асты суларының табиғи ресурстары.
[өңдеу]
Жер асты суларының жаңаратын қоры
Жер асты суларының жаңаратын қоры — жер асты суларының динамикалық қоры терминінің синонимі.
[өңдеу]
Жер астысуларының жылыстауы
Жер астысуларының жылыстауы — жер асты суларының бір сулы таужыныстан (немесе таужыныстар қат-қабатынан) сапасын сақтай отырып, басқа сулы қабатқа сүзіліп өтуі.
[өңдеу]
Жер асты суларының игерілетін қоры
Жер асты суларының игерілетін қоры — аумағы анықталған сулы горизонттан (қаттан) сутартқы қүрылыстар арқылы, берілген пайдалану режимінде және су сапасының барлық есептелген түтыну уақыты ішінде өзгермеуі жағдайында, техникалық-экономикалық жағынан тиімді түрде алуға болатын су мөлшері. Ол көбінесе тәулігіне текше-метрмен өлшенеді. Игерілетін қор жер асты суы кенорнының барланғандық дәрежесіне, су сапасының зерттелгендігіне және пайдалану жағдайларына байланысты 4 категорияға бөлінеді: А, В, С, және С2.
[өңдеу]
Жер асты суларының иондық - тұзждық құрамы
Жер асты суларының иондық - тұзждық құрамы — жер асты суларының таужыныстармен, топырақпен және газдармен әрекеттесуі (шаймалану, булану, конденсациялану, иондық алмасу, организмдердің тіршілік әрекеті және т.б.) нәтижесінде қалыптасатын химиялық құрамы. Табиғи суларда иондар, диссоциацияланбаған молекулалар (соның ішінде газдар) және коллоидтер түрінде болатын 60-тан астам элементтер анықталған. Алайда олардың кейбіреулері ғана едоуір мөлшерде болады. Мұндай элементтердің қатарына жай иондар түрінде (Na+, Са+, Mg2+, Сl+) қатынасатын натрий, кальций, магний және хлор, сондай-ақ күрделі иондар диссоциацияланбаған молекулалар мен коллоидтер және еріген газдар түрінде болатын көміртек, күкірт, азот, оттек, сутек және кремнийлер жатады. Аталған элементтердің бәрі " дм3 өлшенетін мөлшерде кездеседі. Олардың кейбіреулерінің 1 дм3-дегі мөлшері көбінесе ондаған, кейде жүздеген грамға жетеді. Әдеттегі табиғи сулардағы элементтердің көпшілігі өте аз мөлшерде (1 дм суда ондаған микрограмм) кездеседі. Мүндай элементтерге мырыш, мыс, қорғасын, күшән, молибден және басқада көптеген микроэлементтер жатады. Табиғи суларда бейорганикалық қоспалармен қатар еріген органикалық заттар да болады. Табиғи сулардың микроэлементтері.
[өңдеу]
Жер асты суларының кадастры
Жер асты суларының кадастры — жер асты сулары жайындағы барлық деректердің жүйеленген және үнемі толықтырылып отыратын жинағы.
[өңдеу]
Жер асты суларының кен орны
Жер асты суларының кен орны — жер асты суларының көлемдік және сапалық жағынан техниканың қазіргі кездегі күйі мен экономикалық жағдайларда өнеркәсіптік мөлшерде игеруге болатындай болып жиналған жері. Жер қыртысында таралған жер асты суларының түрлеріне қарай олардың төмендегідей кенорындары бөлінуі мүмкін:
1) ауыз су ретінде ішуге және техникалық сумен қамтамасыз етуге жарамды түщы жер асты суларының кенорны;
2) Қазақстанның курорттық негізі
болып табылатын емдік
3) энергетикалық мақсаттар үшін жарамды және шипалық маңызы бар термалды сулардың кенорны;
4) ас түзын, йодты, бромды және басқа да элементтерді өндіріп алуға жарамды бағалы өнеркәсіптік жер асты суларының кенорны;
5) іздестірулік және емдік
[өңдеу]
Жер асты суларының қалыптасуы
Жер асты суларының қалыптасуы — жер қыртысының ішінде өздеріне тән барлық белгілерімен (нақты көлемдік көрсеткіштерімен, химиялық және газдық құрамымен, температурасымен және қозғалу жылдамдығымен) сипатталатын сулардың пайда болуына әкелетін табиғи процестер жиынтығы.
[өңдеу]
Жер асты суларының қоры
Жер асты суларының қоры - сулы таужыныстардың кеуектерінде, қуыстарында және жарықшақтарында болатын гравитациялық су мөлшері. Жер асты суларының қоры табиғи (геологиялык) жаңаратын (динамикалық), болжамдық, серпімді, игерілетін болып ажыратылады.
[өңдеу]
Жер асты суларының ластануы
Жер асты суларының ластануы — жер асты сулары сапасының адамдардың іс-әрекеті салдарынан алғашқы калпына қарағанда нашарлауы. Мұның өзі ақыр аяғында олардың пайдалануға жарамай қалуына әкеледі. Сапасынын өзгеру денгейіне қарай жер асты сулары былайша бөлінеді:
1) аздап (сол) ластанған —
су сапасының көрсеткіштері
пайдаланудың нақты түрлері үшін шектелген рауалы концентрациядан (ШРК)төмен;
2) ластанған — су сапасының көрсеткіштері ШРК-дан бірнеше есе артық;
3) өте ластанған — су сапасының
көрсеткіштері ШРК-дан
[өңдеу]

- Жер асты суының ластануы
- Жер асты ядролық жарылысы
- Жербалшықты өндірудің негізгі әдістері
- Жер басқару
- Жер беті мен оның қойнауындағы тірі организмдердің құрғақ биомассасы
- Жер бетіндегі климаттың эволюциясы
- Жер бетіндегі су ресурстары
- Жерасты мүшелер. Тропизмдер
- Жер асты сулары
- Жер асты сулары
- Жер асты сулары
- Жер асты суларының физикалық — химиялық қасиеттер
- Жер асты суларының физикалық - химиялық қасиеттері
- Жер асты суларының физикалық — химиялық қасиеттері