Жерге орналастырудың кезеңдері

Қылмыстық құқықтық жауапкершлілік —жер қатынастарын ретеу саласында  бекітілген құқықтық тәртіпке жер құқығының субъектілерінің құқыцтары мен заңи мүдделеріне қылмыс арқылы бір мөлшерде зиян келтіріледі немесе зиян келтірілуі мүмкін.  

Мазмұны: 

Кіріспе.................................................................................................................... 3

  1. Жерге орналастырудың кезеңдері................................................................ 4
  2. Жерге орналастырудың табиғи заңдылықтары ....................................... 6
  3. Жерге орналастырудың құрылымы............................................................ 8
  4. Жерге орналастыру жұмыстары................................................................. 10
  5. Жерге орналастыру жобасы......................................................................... 12

Қорытынды........................................................................................................  16

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі................................................................... 18 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      Кіріспе 

      Жерге орналастыру дегеніміз — жер  заңын орындауға жасалатын, жерді  және одан ажырамайтын өндіріс құралдарын неғұрлым толық, дұрыс және тиімді пайдалануды  ұйымдастыруға, егіншілік мәдениетін арттыруға және жерді қорғауға бағытталған  мемлекеттік шаралар жүйесі.Жерге  орналастыру жер қатынастарын бағыттауға, жерді негізгі өндіріс құралы, операциялық базис, табиғи ресурс және жылжымайтын мүлік ретінде тиімді пайдалануға және қорғауға бағытталған, жер заңдылығын орындау үшін жүгізілетін  шаралар жүйесі. Жерге орналастырудың мазмүны қоғамдық өндірістің, әсіресе  аграрлық секторының экономикалық талабына сәкес анықталады. Негізгі жерге  орналастыру жұмыстары мыналар:ауылшаруашылық және басқа қажеттіліктерге жаңа құнарлы жерлерді іздеп табу, ауылшаруашылық мекемелерінің, шаруа қожалықтарының жіне басқа шаруашылықтың құрылымдарының жер пайдалануларын жаңадан құру және барларын жақсартып қайтадан құру, ауылшаруашылық мекемесінің жерінде ішкі шаруашылық жерге орналастыруды жүргізу.

      Жерге орналастыру — мемлекеттегі жер қатынастарын, жерді пайдалану мен қорғауды ұйымдастыруға бағытталған іс-шаралар жүйесі. Жерге орналастыру жұмыстары: жерді аймаққа бөлудің республикалық, облыстық, және аймақтық жобалары мен жер ресурстарын пайдалану, жақсарту және қорғау бағдарламаларын әзірлеуді; жер пайдалану ісін жолға қою мен ретке келтіру жөнінде шаруашылықаралық жобалар жасауды; жер учаскесіне меншік құқығына және жер пайдалану құқығына құжаттар дайындауды; орналасқан жерінде елді мекендердің шекарасын анықтау мен белгілеуді; әкімшілік-аумақтық құрылымдардың, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың және жерді пайдалану мен қорғаудың ерекше жағдайлары бар басқа да жер учаскелерінің шекараларын белгілеуді; бүлінген жерлерді жаңғырту мен жаңа жерді игеру жобалары жатады. Сондай-ақ, жерді пайдалану мен қорғауға байланысты басқа да жобаларды әзірлеуді; жерді есепке алу ісін жүргізуді, пайдаланылмай жатқан, ұтымды пайдаланылмай жүрген немесе нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмай отырған жерді анықтауды; топографиялық, геодезиялық, картографиялық, топырақтық, геоботаникалық және басқа да зерттеу мен іздестіру жұмыстарын жүргізуді; жер кадастры мен жер мониторингін жүргізуді; жер ресурстарының жай-күйі мен пайдаланудың кадастрлық және тақырыптық карталары мен атластарын жасауды; жер-бағалау жұмыстарын жүргізуді қамтиды. Жерге орналастыру атқарушы органдардың шешімі не меншік иесінің, жер пайдаланушылардың өтініші бойынша жүргізіледі. Мемлекеттік меншіктегі жерден жеке меншікке немесе жер пайдалануға жер учаскелерін бөлуге, сатуға және бағалауға байланысты жерге орналастыру жұмыстары, сондай-ақ, әкімшілік құрылымдардың шекараларын белгілеу, жер кадастрын жүргізу және жерді есепке алу жөніндегі жұмыстар мемлекет тарапынан ғана жүзеге асырылады. 

  1. Жерге орналастырудың кезеңдері
 

      Жерге орналастыру процесі мынадай  кезеңдерді қамтиды:

  • жерге орналастыру ісін жүргізуді бастау;
  • дайындық жұмыстары;
  • жерге орналастыру болжамдарын, схемаларын, бағдарламалары мен жобаларын әзірлеу;
  • жерге орналастыру құжаттамасын қарау, келісу және бекіту;
  • жерге орналастыру жобасын орындау;

       Жерге орналастыруды жүргізу  бойынша тапсырыс беруші, жерге  орналастыру құжаттамасын әзірлеуші,  жерге орналастыруды жүргізу  кезінде құқықтары мен заңды  мүдделері көзделуі мүмкін үшінші  тұлғалар, сондай-ақ жерге орналастыру құжаттамасы келісілетін және оны бекітетін мемлекеттік органдар мен басқа да тұлғалар жерге орналастыру процесіне қатысушылар болып табылады:

  •   жерге орналастыру процесіне қатысушылардаң;
  •   жерге орналастыруды жүргізу жөніндегі тапсырыс берушінің;
  •   жеке өзі немесе өкілі арқылы жерге орналастыру процесінің барлық сатысында қатысуға;
  •   жерге орналастыру ісінің материалдарымен танысу;
  •   өз ұсыныстарын қарауға енгізуге;
  •   жерге орналастыру процесінде туындаған келіспеушіліктерді шешуге қатысуға құқығы бар;
  •   әзірлеушінің мемлекеттік органдардан жерге орналастыру жөніндегі қажетті ақпарат алуға;
  •   тапсырыс берушілермен шарт жағдайларында қарым-қатынас орнатуға;
  •   жерге орналастыру жобасын жүзеге асыру барысына қандай да бір ерекше рұқсатсыз бақылау жасауға, жергілікті атқарушы органдардың оның нәтижелері туралы хабарлар етуге және жерді пайдалану мен қорғау іс-тәжірибесін жақсарту жөнінде ұсыныс енгізуге;
  •   жерге орналастырудың ескірген схемалары мен жобаларын жетілдіру немесе қайта өңдеу жөнінде жұмыстар енгізуге құқығы бар;
  •   жерге орналастыру кезінде құқықтары мен заңды мүдделері көзделуі мүмкін үшінші тұлғалардың;
  •   жерге орналастыру мәселелері талқыланғанда қатысуға және жерге орналастырудың мән нәтижелері туралы өз мүдделерін көздейтін ақпарат алуға;
  •   жерге орналастыру процесінде өздерінің мүдделерін қозғайтын заңсыз әрекеттерге шағымдануға құқығы бар;

Жерге орналастыру процесіне қатысушылардың міндеттері:

  •   жерге орналастыру процесінің барлық қатысушылары:
  •   жерді пайдалану мен қорғау мәселелері жөніндегі құзіретті мемлекеттік органдар талаптарын орындауға;
  • Жерге орналастыру процесінде жер учаскелерінің меншік иелері мен

пайдаланушылар  құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету;

  •   жобалау құжаттамасы келісілетін және оны бекітетін атқарушы органдар оны бір айдың ішінде қарау керек;
  •   жерге орналастыруды жүргізу мақсатын, міндеттерін, мазмұнын, ерекше жағдайлары мен мерзімдерін анықтауға;
  •   қажетті материалдар мен құжаттарды беруге;
  •   жұмысты қаржыландыруды ұйымдастыруға;
  •   орындалған жұмыстарды бір ай ішінде қабылдауға немесе дәлелді түрде бас тартуға міндетті

      Жерге орналастыру құжаттамасын  әзірлеуші

  •   барлық жұмыстарды қолданыстағы нұсқаулықтар мен әдістемелік нұсқаулықтарға, сондай-ақ шартқа сәйкес орындауға;
  •   зерттеу, іздестіру және өзге де жұмыстар топырақтың құнарлы қабатын бүлдіре отырып жүргізілген жер учаскелерінің жай-күйін бастапқы қалпына келтіруге;
  •   жерге орналастыру құжаттамасында көзделген іс – шаралардың дұрыстығы, сапасы мен экологиялық қауіпсіздігі үшін жауап беруге тиіс;  

      Жер учаскесіне құқықты табыстау  тәртібі – мемлекеттік меншіктегі  жерден жер учаскесіне құқықты  табыстау мынадай ретпен жүргізіледі:

  •   жер учаскесіне тиісті табыстау туралы өтінім жасау;
  •   мәлімделген өтінімді қанағаттандыру мүмкіндігін анықтау;
  •   жерге орналастыру жобасын әзірлеу және бекіру;
  •   жер учаскесіне құқық табыстау;
  •   жергілікті атқарушы органның немесе арнайы экономикалық аймақ әкімшілігінің шешім қабылдауы;
  •   белгілі бір жердегі жер учаскесінің шекарасын белгілеу;
  •   жер учаскесіне сәйкестендіру құжаттарын дайындау және беру;
  •   жер учаскесіне құқықты мемлекеттік тіркеу;

       Төмендегі құжаттар жер учаскелеріне  құқықты куәландыратын болып  табылады:

  • жер учаскесіне жеке меншік кезінде жер учаскесіне жеке меншік құқығына актілер (2-қосымша);
  • тұрақты жер пайдалану кезінде тұрақты жер пайдалану құқығына актілер (3-қосымша);
  • уақытша өтеулі жер пайдалану кезінде уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалдау) құқығына актілер (4-қосымша);
  • уақытша өтеусіз жер пайдалану кезінде уақытша өтеусіз жер прйдалану құқығына актілер(5-қосымша);

        Жер учаскесіне құқықты куәландыратын  құжаттардың нысандары Үкіметтің  2003 жылғы 22 тамыздағы №851 Қаулысымен  бекітіледі.  
 

  1. Жерге орналастырудың табиғи заңдылықтары
 

     Елдің негізгі табиғи байлығы – оның жер ресурстары, әрі ол елдің экономикалық және әлеуметтік игілігінің негізі.

     Осыған  орай Қазақстан Республикасында  саяси және экономикалық құрылысты  реформалау процестері – жер қатынастарын түбегейлі өзгертуді және жер  реформасын жүргізу жағдайын бақылауды  қажет етеді.

     Жерге орналастырудың тарихи тәжірибесі мен  даму заңдылықтарын зерттеу методологиясының екінші ерекшелігі жердің өндіріс құралы ретіндегі ролімен байланысты. Жер, шүбәсіз, ауылшаруашылық өндірісінің  негізгі құралы. Бірақ, көшпелі шаруашылық жүйесінде оның өндіріс құралы болуының маңызды бір өзгешелігі бар. Бұнда  жер малмен қосылғанда ғана ауылшаруашылық өндірісінің басты құралы бола алады. Жалпы схема түрінде бұл байланысты жер+мал деп бейнелеуге болады. Әрине  бұл жүйеде бірінші элементтің (жердің) орны ерекше басым.

     Көшпелі шаруашылық жүйесі жағдайларында жерді  өндіріс құралы және меншік объектісі  ретінде қарастырғанда, бірінші  кезекте, жайылыдар алынады, өйткені  бұнда ғасырлар бойы жер үшін жүргізілген  күрес, жайылымдарды иелену үшін талас  деуге болады. Малмен бірге олар көшпенділердің негізгі байлығы  болып табылады. Жалпы мағынада жайылымдар көшпелі қауымның тіршілік ету кеңістігін құрады. Суармалы егіншілік аймақтарында да жер аса маңызды өндіріс  құралдары қатарына жатады. Дегенмен, ондай рольге ол сумен қосылғанда ғана ие болады.

     Осылармен бірге республика территориясында  мал және өсімдік шаруашылықтарының  салалары аралас өтпелі формалар да болған. Бұл формалар орын алған аймақтарда көшпелі шаруашылық жүйесіне, сонымен  қатар егіншілікке тән жер  қатынастарының күрделі формалары  қалыптасып отырды.

     Әр  түрлі тарихи кезеңдерде республика территориясында қалыптасқан шаруашылық жүйелерінің осы табиғи-тарихи және әлеуметтік – экономикалық ерекшеліктерін міндетті түрде ескеріп отырғанда  ғана, жер қатынастары мен жерге  орналастырудың даму заңдылықтарын, мақсат-міндеттері мен мазмұнын толығырақ және дұрыс  түсініп зерттеуге қол жете алады. Осындай методологиялық тәсіл бұрынғы  болған жер қатынастары мен жерді  реттестіру формаларын сенімді түрде  ұдайы бейнелеуге, жерге орналастырудың даму заңдылықтарын ғылыми тұрғыдан дәлірек анықтауға мүмүкіндік береді.

     Нарықтық  экономикаға көшу жерге әр түрлі  меншік нысандарын енгізу, жер пайдаланудың ақылы болуын, жердің, оның өндіріс  құралы, кеңістіктік базис және шектелген  маңызды табиғи ресурс сияқты басты  функцияларын сақтай отырып, жылжымайтын  мүлік және құқықтық реттеу нысаны ретінде оны заң тұрғысынан танудың  обьективті қажеттілігін туғызды.

     Облыс аумағындағы жер нарығын қалыптастырып, тәжірибеге ендіру үшін Басқарма мақсатты бағытталған жұмыстар жүргізуде. Жерді  жеке меншікке беру және жерді ұтымды пайдалану үшін аукциондар мен конкурстар арқылы жер учаскелерін сату жұмыстары  атқарылуда.

     Кепiлдiк  жарна аукцион өткiзу туралы хабарламада  белгiленген нысанда әрi тәртiппен және заңнамаға сәйкес енгiзiледi. Кепiлдiк  жарнаның мөлшерi хабарлама жарияланғаннан кейiн өзгертiлуi мүмкiн емес. Кепiлдiк  жарнаны қатысушының атынан кез  келген басқа жеке немесе заңды тұлға  енгiзуi мүмкiн.Аукционды жеңiп шыққан және сатып алу-сату шартын жасасқан тұлғаның кепiлдiк жарнасы сатып  алу-сату шарты бойынша тиесiлi төлемдердiң  есебiне жатады.

     Жалпы елдің жер ресурстары әлеуетін тиімді пайдалану мен қорғаудың негізгі  стратегиялық бағыттарын белгілеу бүгінгі  күннің ең  өзекті мәселесі болып отыр.

     Облысымызда да жер қорын тиімді пайдалана  отырып, топырақтың құнарлығын сақтау, жер ресурстарын қорғау, нарықтық экономика жағдайында қоршаған ортаны басқа да шаралармен бірге қорғау, жер ресурстарын экономикалық, техникалық ұйымдастыру-шаруашылық және құқықтық шаралармен біріктіре отырып аумақтық бағдарлама жасақтау қажеттігі көтеріліп  отыр. Осы көтеріліп отырған мәселелер  Батыс Қазақстан облысы жер қатынастар Басқармасының  негізгі мақсаттар қатарынан орын тауып келеді.

     Басқа да табиғат қорғау іс – шаралары кешенінде Батыс Қазақстан облысының  жерлерін ұтымды пайдалану, топырақ  құнарлылығынын арттыру және жер  ресурстарын қорғау жөніндегі аймақтық 2007-2009 жылдарға арналған осы Бағдарлама Қазақстан Республикасының Жер  кодексі, Қазақстан Республикасының  Президентінің «Қазақстан Республикасының  Ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2003 жылдың 10 шілдесіндегі №1149 Жарлығы,  Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану жөніндегі 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы» туралы 2005 жылғы 5 қаңтардағы №3  қаулысы мен Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» туралы Жолдауын аймақтық шеңберде жүзеге асыру бағытында әзірленді.

     Бағдарлама  жер ресурстарын басқару саласында  жерді тиімді пайдалануды бір-біріне тығыз байланысты экономикалық, техникалық, ұйымдық-шаруашылық және құқықтық шараларға  негізделіп жасалған.

     Бағдарламада  атқарушы органдар мен шаруашылық құрылымдарының жерді ұтымды пайдалану, топырақ  құнарлығын арттыру, жер ресурстарын  қорғауда іс-әрекеттерін үйлестіру  белгіленген. 
 
 

  1. Жерге орналастырудың құрылымы
 

     Реформаға дейінгі уақыттағы біршама тұрақты  жер пайдаланушылықтарды құруға немесе реттестіруге қатысты жерге  орналастыру жұмыстарының мазмұны  шаруашылықаралық (ШАЖО) және ішкі шаруашылық (ІШЖО)түрлеріне бөлінеді.

     Жерге орналастыру объектісіне қарай  екі түр тармаққа ажыратылады. Олардың  біреуі ауылшаруашылық кәсіпорындарының жер пайдаланушылықтарын құруға, қайта құруға, реттестіруге және жетілдіруге, екіншісі әр түрлі мемлекеттік, қоғамдық және жеке шаруашылық мұқтаждықтарға жер бөліп беруге байланысты. Демек  ауылшаруашылық емес кәсіпорындардың  жер пайдаланушылықтарын құру.

     Бұрын ішкішаруашылық жерге орналастырудың екі формасы бөлінетін: жаппай ұжымдау  мен совхоздарды ұйымдастырудан кейінгі алғашқы жылдары ішкіколхоздық  және ішкісовхоздық формалары болатын. Жерге орналастырудың бұл түрінде  түр тармақтары белгіленбеді. Кейінірек, колхоздарда еңбек ақысын ақшалай  төлеу жүйесі енгізілгенде, МТС-ры жойылып, техника колхоздардың қарамағына ауыстырылғанда, ішкіколхоздық және ішкісовхоздық  жерге орналастыру формаларының ешбір айырмашылығы болмады. Дегенмен, колхоздарда да, совхоздарда да олардың  мамандандырылғанына, ұйымдастыру  – шаруашылық құрылымдарына, жерлерінің реттестірілуіне байланысты өндірістерінің көлемінде, міндеттерінің мазмұны  мен атқару әдістерінде, сондай-ақ ІШЖО формаларында да айтарлықтай айырмашылық  сақталды. Негізінен ІШЖО тек сол  шаруашылықтың ғана мүдделерін қозғайды.

     Жерге орналастыру құрамында оның тек  екі түрін белгілегенде жер категориялары  мен жерге орналастыру іс-қимылдарының мазмұны толық қамтылмайды, өйткені  олардың кейбіреулері халық шаруашылығы  салалары мен әкімшілік – территориялық  бірліктерге, ал кейбіреулері тек жеке кәсіорындарға қатысты.

     Қазіргі жерге орналастыру салааралық сипаттағы, жалпы распублика, сонымен бірге  халық шаруашылығының жеке салаларының  көлемінде, жердің пайдалануын ұйымдастыруға  бағытталған іс-қимылдарды қамтиды. Сондықтан қазіргі кезде жерге  орналастыру құрамында салааралық жерге орналастыру түрі анық белгіленіп отыр.

     Салааралық  жерге орналастыру арқылы жер  қорының категорияларға бөлінуі, соңғыларының көлемінде арнайы мақсаттағы жер  қорларының құрылуы, елді мекендердің, басқаша айтқанда, ішінде жер иеленушіліктер мен жер пайдаланушылықтар орналасқан агломерация шептерінің жүргізілуі жүзеге асырылады. Елді мекеннің жер массиві мен межелері әкімшілік-территориялық бірлік немесе ауыл округінің бір бөлігі болып табылады. Салааралық жерге орналастыруға облыстар мен аудандардың шекараларын белгілеу, тіпті мемлекеттік шекараны делимитациялау және демаркациялау жөніндегі іс-қимылдар жатады.

     Жерге орналастырудың екінші түрі – шаруашылықаралық жерге орналастыру (ШАЖО) бір топ  шаруашылықтың, ал кейбір кезде бүтін  аудандардың территориясында жүргізіледі, бірақта тек жеке саланың шеңберінде. Нақтылы түрде ШАЖО әртүрлі мемлекеттік  және мемлекеттік емес заң тұлғалары  мен жеке тұлғалардың мүдделерін, олардың жер иеленушіліктері  мен жер пайдаланушылықтарын  құру немесе қайта құру арқылы қанағаттандырып  отырады. Оның түр тармақтары ауылшаруашылық және ауылшаруашылық емес жерлерде жүргізілуіне қарай ажыратылады.

     Ішкішаруашылық  жерге орналастыру тек ауылшаруашылық кәсіпорындарының, серіктестіктердің, кооперативтердің және ШФҚ-ның шеңберінде ғана жүргізіледі. Оның негізгі мақсаты  жерді өңдеудің жаңа технологиясын  енгізуге, топырақты әр түрлі техногендік  және табиғи теріс ықпалдардан қорғауға, мәдени ландшафттарды жойылудан  сақтап қалуға және жаңаларын қалыптастыруға қолайлы территориялық реттілік жасау.

     Ішкішаруашылық  жерге орналастыру формаларының бөлінуі тәлімі және суармалы егіншілік  аймақтарында жорбалық міндеттердің әр түрлі әдіс – тәсілдері арқылы орындалуымен себептеледі.

     Тәлімі  егіншілік аймақтарында жер учаскелерінің  пайдалануы топырақ қорғау жүйесін, эрозия қауіптілігін, жердің сортаңданғандығын  және басқа да осы тәріздес теріс  ықпалдарды ескере отырып ұйымдастырылады. Осымен қатар басқа территориялардың да ерекшеліктері ескерілуі мүмкін. Суармалы егіншілік дамыған аймақтарда ішкішаруашылық территорияны реттестіру суару және коллекторлық дренаждық  жүйенің, оның жеке элементтерінің орналасуымен, суды пайдалану мәселелерімен тығыз  байланысты.

     Учаскелік жерге орналастыру жеке учаскенің  немесе алап түрінің шеңберінде жүргізіледі.

     Жерге орналастырудың бұл түрінде жұмыс  жобаларының типтеріне қарай  мынадай түр тармақтарын белгілеуге болады:

  1. ауылшаруашылық алаптарды жақсарту;
  2. бүлінген жерлерді қалпына келтіру (рекультивация);
  3. жаңа жерлерді игеру;
  4. культуртехникалық шараларды жүргізу;
  5. эрозияға қарсы шараларды жобалау;
  6. мелиоративтік шараларды жоспарлау.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
  1. Жерге орналастыру жұмыстары
 

   Жерге орналастырудың мазмұны қоғамдық өндірістің, әсіресе экономикалық аграрлық секторының талабына сәйкес анықталады. Негізгі жерге орналастыру жұмыстары:

  1. а/ш және басқа қажеттіліктерге жаңа құнарлы жерлерді іздеп табу;
  2. а/ш мекемелерінің, шаруа қожалықтарының және басқа шаруашылықтық құрылымдардың жер пайдалануларын жаңадан құру және барларын жақсартып қайтадан құру (совершенствование существующих),
  3. а/ш мекемесінің жерінде ішкі шаруашылық жерге орналастыруды жүргізу.
  4. Мемлекеттік, жеке меншікке және қоғамдық қажеттілікке жер бөлу;
  5. Қала, поселка және ауылдардың шегараларын анықтау және өзгерту.
  6. Топографиялық-геодезиялық, топырақтық, геоботаникалық және т.б. зерттеу және ізденіс жұмыстары жатады.

   Зерттеу және ізденіс жұмыстарының материалдары тек қана жерге орналастыру жобасын  жасауда және негіздеуде қолданылып қоймай, мелиорация, жол салу және басқа  құрылыстарда және т.б қажеттіліктерде  пайдаланылады.

   Өндірістік  және заңдылық жерге орналастыру  процессі келесі кезеңдерден тұрады:

   1. дайындық жұмыстары

   2. жобаны құру, қорғау және бекіту

   3. жобаны жер бетіне түсіру

   4. құжаттарды тағайындау және жер иесіне, пайдаланушыға, арендаға алушыға тапсыру

   5. авторлық тексеру

   Кезендер  бір-бірімен мазмұны және көлемдерімен айрықша, олар әртүрлі әдістермен және жолдармен орындалады.

         Ең көлемді және қиын кезеңі-жобалау

         Жобаны құру және негіздеу барлық жерге орналастырудың жұмысының түйіні.

         Жоба шешімдерін жасау әдістері, оларды экономикалық, экологиялық, (қоғамдық) әлеуметтік және заңдылық негіздеу - жерге орналастыруды  жобалаудың заты.

         Жер заңдылығы бойынша, бірде-бір мекеме, бірде-бір ұйым құрылыс жүргізу жұмыстарын, жер  бөлу жобасы бойынша жер бетінде  берілетін жер учаскесінің шегарасы түсірілмей, оның мөлшері анықталмай, жүргізуді бастауға тиісті емес.

         Жерге орналастыру  келесі мәселелерді қамтиды және қамтамасыз етеді:

          - жер ресурстарын пайдалану және  қорғау бағдарламаларын, жерге  орналастыру, жерді зоналарға  бөлу республикалық,облыстық және  региондық схема-болжауларын және  жерге орналастыру жобаларын  жасауды:  

     - жаңа жер пайдалануын құру  және бұрыннан бар жер пайдаланулады  дұрыстау, жер учаскесін бөліп  беру және оның шегарасын жер  бетінде бекіту, жерге иелік және  пайдалану құқығын бекітетін  құжаттарды тағайындау;

     - жер бетінде әкімшілік-территориялық  құрылымдардың, ерекше қорғалатын  табиғи территориялардың және  басқа ерекше жағдайда пайдаланатын  және қорғалатын жерлердің шегараларын  жер бетінде белгілеу. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

  1. Жерге орналастыру жобасы
 

          Жерге орналастыру жобасы дегеніміз-  халық шаруашылығында, әсіресе ауыл  шаруашылығында жерді жаңаша  орналастыруда жасалатын шаралардың  тиімділігін экономикалық, техникалық  және заңдық түрде дәлелдеу  құжаттарының жиынтығы.

     Жер орналастыруды жобалаудың заты-жоба шешімдерін орындау әдістері, оларды экономикалық, экологиялық, әлеуметтік және заңдылық негіздеу.

     Жер заңдылығы бойынша, бірде-бір мекеме, бірде-бір ұйым құрылыс жүргізу  жұмыстарын, жер бөлу жобасы бойынша  жер бетінде берілетін жер  учаскесінің шегарасы түсірілмей, оның мөлшері анықталмай, бастауға тиісті емес.Сондықтан ең басты жерге  орналастыру жұмыстары жүргізілуі тиіс.Жерге орналастыру жұмыстарының нәтижелері: жер пайдаланудың; оның бөлімшелерінің экономикалық тиімді көлемі, орны және шегарасы; шаруашылық орталықтарының, ауыспалы егістіктің, жайылымның, шабындықтың  тиімді орналасуы, жеміс-жидек және жүзімдік кварталдарының және басқа  шаруашылық учаскелерінің экономикалық тиімді көлемдері, орналасуы және ыңғайлы  шегаралары.

Жерге орналастырудың кезеңдері