Жергілікті атқарушы орган

Мемлекеттік басқару теориясы

1 Мемлекеттікбасқару: әлеуметтік қызмет негізі ретінде.  Мемлекеттік басқаруды тағайындау  және объектісі Мемлекеттік басқарудың объектісі мен субъектісі жөніндегі мәселе мемлекеттік басқару теориясының негізгі әдістемелік мәселелерінің бірі болып табылады. Оны шешу – мемлекеттік басқарудағы субъект пен объект қатынастарын түсінуге және объектінің демократиялық сипатын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

  Бұл мәселеде ешқандай  проблема жоқ тәрізді: басқару  субъектісі – мемлекет, ал мемлекеттік  басқару объектісі – қоғам.  Мемлекеттік басқару объектісі  терең талдауды қажет ететін  проблема. Объектінің шегін анықтау  – пікірталас тудыратын мәселе  б.т. Мемлекеттік басқару объектісін  түсіндірудің бірнеше жолы бар.  Яғни, классикалық либерлизм ұстанымы  бойынша мемлекеттік басқару  объектісінің шеңбері шектеулі. Ол мемлекеттік саяси сфераны  әлеуметтік, экономикалық, мәдени, рухани  сферадан, азаматтардың мемлекеттік  емес бірлестіктерінен бөліп  қарайды. Либералдар демократияның  дамуына қарай қоғамның мемлекеттік  емес сферасы кеңейеді және  мемлекеттің адамдардың іс-әрекетіне  тікелей әсер ету кеңістігі  азаяды деп санайды. 

Сонымен калассикалық либерализм көзқарасы бойынша мемлекеттік  басқару объектісі қоғамдық өмірдің  саяси-құқықтық сферасымен шектеледі.

Мемлекеттік басқарудың объектісін түсіндірудің басқа бір жолы –  этатизм тұжырымдамасы. Осы тұжырымдама  бойынша мемлекеттік басқару  барлық қоғамға таралады. Ол тоталитарлық жүйеде жүзеге асты. Этатизм мәні –  қоғамды мүлтіксіз бақылау, саяси  және әкімшілік қызметтің қоғам  өмірінің барлық сферасынан басымдығы, мемлекет пен қоғам арақатынасы  мәселелерінің жасанды түрде  алынып тасталынуы мемлекет пен қоғам  арасында ешқандай проблема жоқ дегенді  білдіреді.

Қоғамды мемлекеттік басқару  қажеттілігі жалпы тарихи, әлеуметтік және нақты қоғамның өзіне тін  факторлардан туындайды. Мемлекеттік  басқарудың алдында қоғамды және әлеуметтік қатынастырды реттеуге деген  қажеттілік туады.Мемлекетпен атқарылатын  іс-әрекеттің барлығы басқарудың әлеуметтік тиімділігімен өлшеніп, бағалануы керек деп айта аламыз. Мемлекетке қоғамның нысаны ретінде  барлық қоғам үшін, жауапкершілік  жүктелеледі.

Қазіргі заманғы саяси  ой мен тәжірибенің дамуы әлеуметтік субъектілердің экономикалық және мәден  функцияларына мемлекеттік реттеушілік  және басқарушылық әсерін ұлғайту туралы ойларын білдіреді. Бұл өз кезегінде  нарық заңдары толық және тиімді қолданылатындай мемлекет араласуының  оңтайлы шегін анықтауды білдіреді.

 

2.Мемлекеттік  басқарудың әдістері: түсінгі және  мазмұны. Мемлекеттік басқару әдістері- бұл мемлекеттік органдардың  және олардың лауазымды тұлғаларының басқару  объектісіне тікелей және мақсатты түрде практика жүзінде әртүрлі ықпал ету тәсілдері. Мемлекеттік басқарудың тиімділігі.  Басқару міндеттерін және функцияларын жүзеге асыруда қандайда бір әдістерді дұрыс қолдануға байланысты болады, сондықтан осы әдістерді жетілдіру басқарудың жақсаруын білдіреді. Мемлекеттік басқару әдістері  мемлекеттік қызметті жүзеге асыру үшін пайдаланылады. Осыған байланысты олар көбінесе бсқару қызметінің құқықтық нысандарында көрсетіледі.Мемлекеттік басқару әдістерінің кең тараған түрлері:1) универсалды әдістері немесе негізгі: сендіру мен мәжбүрлеу;2) құқықтық әдістер 3) құқықтық емес 4) алқалық және дара басшылық. Мұндағы Сендіру және мәжбүрлеу, қызметтің барлық түріне тән болатын әдіс, яғни мемлекеттік салада және қоғамдық ұйымдарда және лауазымды тұлғаларда қолданылады.;

Әкімшілік құқық субъектілерінің  әдістері заңдылық сипатына байланысты нысан сияқты құқықтық және құқықтық емес деп 2ге бөл.Құқықтық әдісті қолдану барысында құқықтық нәтиже туғызады. Мысалы, әкімшілік жауапкершілікке тарту.  Құқықтық емес әдісте құқықтық нәтиже туғызбайды, мысалы қаулыны түсіндіру, Шешімді қабылдауға дайындық. Алқалық және дара басшылық әдістері тікелей ұйымдастырушылық сипаттағы көрініс табатын алқалық органдар (мысалы: мемл-к статист-к комитет), министрліктер мен ведомствалардағы алқалы ұйымдар. Дара басшылық ұйымдастырушылық нысанға жатады.

 

         3.Заманауи мемлкеттің негізі даму бағыттары. Мемлекеттік аппарат құрылымы және негізгі элементтері. Қазіргі мемлкет дамуның негізі бағыттары:Мемлекетаралық төлем келісіміМемлекеттер арасындағы сыртқы сауда алыс-берістері мен басқа да операцияларға байланысты төлем төлеу және есеп айырысу шарттары мен тәртібін белгілейді. Негізінен экспорттық және импорттық тауар айналысына байланысты сыртқы есеп айырысу және ол үшін төлем төлеу мақсатын көздейді. Көптеген дамыған және дамушы елдер арасындағы есеп айырысу екі жақты келісімдер негізінде клиринг түрінде жүргізіледі. Мемлекетаралық экономикалық одақтар Әлеуметтік-экономикалық, аумақтық қажеттілікке байланысты немесе аймақтық рыноктарды қалыптастыру, біртұтас экономикалық кеңістік құру үшін, кей жағдайда басқа экономикалық одақтардан қорғану үшін құрылады. Мұндай одаққа кірген мемлекеттер сыртқы сауда, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылық, ғылыми-техникалық прогресс, валюта, қоршаған ортаны қорғау салаларында, аймақтық саясатта бірыңғай шаралар жүйесін іске асырады. Мемлекетаралық экономикалық одақтар экономикалық интеграцияға кең жол ашады.

Мемлекеттік аппарат – бұл қоғамды басқару үшін арнаулы  құрылған мемлекет органдарының  біртұтас жүйесі. Оның нышандары: мемлекет қоғамды басқаратын және тек қана қызметпен шұғылданатын адамдардан тұрады; мемлекеттік аппарат мекеме мен органдардың байланыс жүйесі; мемлекет органдарының қызметі ұйымдастырушылық, материалдық және әкімшілік кепілдіктерімен қамсыздандырылады; мемлекеттік аппарат азаматтардың заңды мүдделер мен құқықтарын  қорғау  үшін  құрылады

Өкілетті органдар: Қазақстан Республикасының мемлекеттік аппаратының құрылымына мыналар жатады:  1)      өздерінің тікелей биліктік функцияларын жүзеге асыру барысында тығыз байланыстағы және өзара бағыныстылықтағы мемлекеттік органдар;

2)    биліктік өкілеттіктерге ие емес, алайда, экономика, білім беру, мәдениет, денсаулық қорғау, ғылым т.б. салаларда жалпы әлеуметтік функцияларды атқаратын мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар;

3)   басқарумен арнайы айналысатын мемлекеттік қызметшілер;

4)  мемлекеттік аппараттың қызметін  қамтамасыз ету үшін қажетті ұйымдастырушылық, қаржылық және күштеу құралдары /3, 22б./.

Мемлекеттік аппараттың өздерінің  қызметтерін жүзеге асыруға бағытталған  мемлекеттік органдардан тұрады. Мемлекеттік орган дегеніміз – бұл мемлекеттік міндеттерді орындаушы және осы мақсатта сәйкес биліктік өкілеттікерді иеленген ұйым немесе мекеме. Мемлекеттік органдар бірнеше топқа бөлінеді, олар атқаратын қызметтеріне сәйкес жүйе-жүйеге, сала-салаға жіктеледі. Мемлекеттік органдар өкілеттігінің  шеңберіне қарай үш топқа бөлінеді:-    мемлекеттік билік органдары; -    мемлекеттік атқару органдары;  -   сот  билігі.

Республика Президенті мемлекеттік  аппаратта ерекше орын алады. Бірақ  ол үш биліктің біріне де жатпайды. Ол мемлекет билігінің барлық тармақтарының келісіп жұмыс істеуін және өкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді /1, 51б./. 

Жоғарғы өкілеттік органдарды халық сайлайды. Парламент – заң  шығару функциясын жүзеге асыратын Республиканың  ең жоғарғы өкілді органы. Парламент тұрақты негізде жұмыс  істейтін екі  палатадан: Сенат және Мәжілістен тұрады. Сенат облыстардан, республикалық маңызы бар қаладан және  астанасынан екі адамнан тиісінше барлық өкілді органдары депутаттарының бірлескен отырысында  сайланатын депутаттардан тұрады. Жеті депутатты Президент тағайындайды. Мәжіліс Республиканың әкімшілік-аумақтық  бөлінісі ескеріле отырып, құрылатын және сайлаушылар саны шамамен тең бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайланатын алпыс жеті депутаттардан тұрады. Парламент кейбір заңдарды қабылдау құқығын Президентке береді, оны делегаттық  заңдылық  деп атайды. Парламент негізгі заң шығарушы орган. Парламенттің сессиясы оның палаталарының  бірлескен және бөлек отырыстары түрінде өткізіледі. Парламенттің үйлестіруші органдары – бюро, жұмыс органдары –  тұрақты комитеттері, бірлескен комиссиялары болып табылады. Президент мемлекеттің жоғарғы қызметкерлерін тағайындағанда парламент келісімін береді, олардан есеп алады, соғыс және бітім  мәселелерін шешеді, халық референдум тағайындау туралы бастама  көтереді, конституциялық заңдылық туралы жыл сайын жолдауын  тыңдайды, өзінің ішкі сұрақтарын шешеді, және өзге  де  өкілеттіктерді  жүзеге   асырады

«қосымша» Мемлекетіміздің заман ағымына сай, өркениетті бағытта дамуы ұзақ уақытқа және қысқа мерзімдерге негізделген стратегиялық жоспарлар мен бағдарламалар негізінде жүзеге асып келеді. Президенттің жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауында ел дамуының алға қойылған мақсаттарына жетуге мүмкіндік беретін бағыттары айқындалып отырды. Әлемнің даму тамырын дәл басып отыратын елбасымыз төткүл дүниедегі: даму қарқынының еселенуі, зор демографиялық өсім, азық-түлік, ауыз су тапшылығы, энегетикалық қауіпсіздік, табиғи ресурстардың сарқылуы, индустриялық төңкеріс, әлеуметтік тұрақсыздық, әлемдік жаңа экономикалық дағдарыс  сияқты жаһандық ауыртпалықтар мен қауіптерді басты назарға ала келе, оған еліміздің «Қаз-2050» жаңа саяси стратегиялық даму бағытын қарсы қойып отыр. Яғни, мемлекетіміздің 2050ж дейін әлемдегі ең жоғ. Дамыған 30 мемлекет қатарына енуін ұлттық саяси даму стратегиясына негіз ете, осы уақытта бағындырылуға тиісті 7 басымдықты белгілеп берді. Олар: жаңа бағыттың экономикалық саясаты, кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау, әлеуметтік саясаттың жаңа принцип-і, білім ж/е кәсіби біліктілік, мемлекеттілікті, қазақстандық демократияны дамыту, салиқалы сыртқы саясат, жаңа қазақстандық патриотизм. Елбасы белгілеп берген «Қаз-2050» жаңа саяси стратегиялық даму бағыты қазақстандықтарды жаңа белестерді бағындыруға жетелейтін ж/е ортақ мақсатқа топтастыратын тарихи құжат б.т...

 

4.Мемлекеттік  билік және оның мемлекеттік  басқару жүйесіндегі түрлері Мемлекеттік билік - тікелей мемлекеттің өзі жүргізетін немесе өзінің атынан жүргізуге өкілеттілік беріп, өз жәрдемімен өзге бір ұйым, мекеме арқылы жүргізетін қоғамдық биліктің бір түрі, мемлекеттік басқару органдарының жиынтығы. Мемлекеттік билік өз қырын өзгелерге таныту үшін мәжбүрлеу күштеріне арқа сүйейді. Мәжбүрлеу жоқ жерде Мемлекеттік билік те жоқ, мәжбүрлеу тек тарихи жағдайға ж/е билік болмысына қарай басқа мазмұнда, әр түрлі нысанда көрініс береді. Сондай-ақ, Мемел-к билік қатынастары ырық жүрізу сипатында болады ж/е өз құрылысына орай үстемдік пен бағыныштылық әрі жетекшілік пен мойынұсынушылықтан құрылады. Ол қызметіне қарай:

заң шығарушы;        атқарушы;      сот билігі       болып бөлінеді.

Билік объектісі мен субъектісінің  қарым- қатынасына қарай:

   авторитарлық;        тоталитарлық;         демократиялық          болып бөлінеді.

  Тоталитаризм (лат. totalіs – тұтастай, түгелдей) – деспотизмнің бір түрі. Тоталитаризм орнаған мемлекетте қоғам өмірінің барлық саласы биліктің бақылауында болып, адам бостандығы мен конституциялық құқықтары жойылады, оппозиция мен өзге саяси ой өкілдері саяси қуғын-сүргінге ұшыратылады.

Авторитаризм - (гр. 'autoritas' - билік, ықпал ету) - саяси тәртіп түрі. Авторитарлылық - біржақты билеу, басқарушылардың бағынушыларға жүргізетін үстемдігі.

Демократизация [ көне грекше: δῆμος — халық және көне грекше: κράτος - билік ] - демократиялық құрылымды қалыптастыруға және бекітуге бағытталған саяси және әлеуметтік процестер. Халықтың заң жүзінде мемлекеттік билікті басқаруы. Мұндаконституция билік халықтың қолында екендігіне дәлел болады. Халық жоғары билікке өз өкілдерін сайлау арқылы тағайындап, өзгертіп отырады

Мемлекет басқаруы бойынша: Монархия (гр. μοναρχία — біртұтас билік) — абсолюттік және конституциялық болып екіге бөлінеді. Республикалық басқару — парламенттік және президенттік болып екіге бөлінеді.

Монархия [1] (грек. monarchіa – дара билік) — жоғарғы мемлекеттік билік бір ғана басшы – монархтың қолында болатын және ұрпақтан ұрпаққа мұрагерлікпен берілетін басқару тұрпаты.

 

5. Мемлекеттік басқарушылық іскерлігінің әдістері ж/е жіктелу формасы. Басқару теориясының ж/е оның методологиялық негізінің кешенді сипаты саяси-әлеуметтік ж/е саяси-құқықтық өмірді зерттеудің объективтік ж/е субъективтік , әлеуметтік, социологиялық ж/е жалпы ғылыми, теориялық, эмпирикалық әдістердің жиынтығын анықтайды.

Объективті әдіс зерттеуші объектіні – мемлекет пен оның қызметін қандай да бір 

6 Мемлекет қызметінің жіктелуі: іскерлігінің негізгі бағыттары. Мемлекеттің функцияларын жіктеу: оның қызметінің негізгі бағыттары Мәжбүрлеу функциясы әр түрлі әдістер мен құралдар арқылы іске асуы мүмкін. Бұл не тікелей күш көрсету болуы мүмкін, не жанама мәжбүрлеу болуы мүмкін.Барлық мемлекеттерде билік құрушы субъект мәжбүрлеуді пайдаланады, бірақ оны әр жағдайда әркалай қолданатындықтан мазмұны мен сипаты, әдістері мен құралдары әрқилы болуы мүмкін. ол айтыс-тартыстарда төреші ретінде қатысады, позициялардың жақындасуына Мемлекеттің келесі функциясы — келісімдік функция. Мемлекеттің саяси қатынастардың әр түрлі субъектілерінің арасын келістіруші орган екендігі сөзсіз, жәрдемдеседі. Мемлекеттің үшінші функциясы — ұйымдастырушылық. Мемлекет адамдардың әлеуметтік өмірінің негізгі аспектілерінің ұйымдасуына қатысадыМемлекеттің төртінші функциясы — қорғау функциясы. Мемлекет қоғам тұрақтылығы мен оның дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасай отырып қорғайды. Мемлекет функциясы – қоғам дамуының белгілі бір кезеңіндегі мемлекеттің әлеуметтік мәні мен маңызын, рөлін көрсететін оның әрекетінің басты бағыттары.мемлекеттің экономикалық функциясы. Оған экономиканың дұрыс қызмет етуін және дамуын әртүрлі шаралардың (елдегі меншік нысандарын қорғау, сыртқы экономикалық байланыстарды ұйымдастыру және нығайту...) көмегімен қамтамасыз ету жатады

Мемлекет мынадай қызметтерді  атқарады: шаруашылық жүргізу (меншік) мәселелерін реттеу (бөлу), жер бөлу, алым-салық жүйесін белгілеу, адамдардың құқықтық жағдайын белгілеу, қорғанысты қамтамасыз ету, тағы басқа мемлекет саяси ұйымдардың ішіндегі ерекше күрделісі  және қуаттысы бола отырып, бүкіл қоғамды  қамтып, сол қоғам атынан оның ішінде де, сыртында да өкілдік етіп, сол  қоғам үшін қызмет ететін саяси ұйым. Осыған орай мемлекеттің қоғам өміріне  тікелей және жанама әсер ететін ерекше органдары және оны басқа саяси  ұйымдардан ажырататын белгілері бар:

  • 1) өз аумағында бүкіл қоғамның жалғыз ресми өкілі ретінде халықты азаматтық тұрғыда біріктіреді;
  • 2) жоғарғы билік, тәуелсіздік мемлекетте ғана болады. Ол басқа мемлекеттерден тәуелсіз, яғни сол қоғамның ең жоғарғы билігін өз қолында ұстап, ішкі және сыртқы саясатын өз қалауымен жүзеге асырады;
  • 3) заң күші мен құқық нормаларын шығару, құқық шығарма мемлекетке ғана тән;
  • 4) билеуші органдарының болуы. Оның органдарында тек қана басқару ісімен шұғылданатын арнайы қызметкерлері болады. Қоғам тәртібін сақтау үшін мемлекет әскері мен жасағы құрылады. Сыртқы күштердің ықпалынан қорғану үшін оларға қарсы барлау ұйымдастырылады;
  • 5) мемлекет органдары мен онда қызмет ететін адамдарды қаржыландыратын арнаулы материалдық қор болады, ондай қор жасау үшін алым-салық белгілейді және жинайды;
  • 6) өз тұрағы, аумағы бар. Сол аумақта билігі жүреді, өмір сүреді және оны қорғау мақсатында тынымсыз әрекет жасайды. Басқаруды тиімді жүзеге асыру үшін аумақты әкімшіліктерге бөледі.
  • 7) құқықтық жүйенің қалыптасуы. Басқарылатын қоғамдық қатынастарды реттеп, оларды қажетті қалыпқа салып, тәртіп орнату үшін құқықтық нормалар жасалынады.

Оларды жасап, қабылдайтын мемлекеттің тиісті өкілетті органы болады. Мемлекетті шаруашылық жүргізу тәсіліне қарай құл иеленушілік, феодалдық, буржуазиялық,социалдық деп бөлу олқылықтарына қарамастан бүгінгі күнге дейін сақталып отыр. Сонымен бірге батыс зерттеушілері мемлекетті мәдени белгілеріне қарай ислам, қытай, батыс, православтық деп өркениеттік жіктеу негізінде де бөледі. Осы пайымдауларға қоса мемлекеттерді пайда болған табиғи ортасына қарай ірі өзендер аймағында, теңіз жағалауларында, далалы-орманды жерлерде пайда болған мемлекеттер деп бөлуге болады. Мемлекеттің пайда болуына әр түрлі табиғи орта мен әлеуметтік жағдай әсер етеді, сондықтан да белгілі бір аумақтағы мемлекеттің қалыптасу барысы әр түрлі болады. Ол мемлекет туралы әр түрлі ілімдердің пайда болуынан көрінеді.

 

7.Мемлекеттік басқару жүйесіндегі Заң шығарушы билік және оның органдарының рөлі. Заң шығарушы билік – демократиялық-құқықтық елдерде қалыптасқан мемлекеттік билікті тармақтарға бөлу принципіне сәйкес мемлекеттегі бірін-бірі теңестіретін үш биліктің бір тармағы; заң шығару өкілеттілігінің жиынтығы, сондай-ақ, осы өкілеттілікті жүзеге асырушы мемлекеттік органдар жүйесі. Заң шығарушы билік конституциядан кейінгі жоғары заң күші бар нормативтік актілерді – заңдарды шығару құқығын түбегейлі иеленеді.

Қазақстан Республикасында  заң шығарушы билікті жүзеге асыратын ең жоғары өкілетті орган – қос  палаталы Қазақстан Республикасының  Парламенті. Оның заң шығарушы билікгі  заң қабылдау жөніндегі өкілдіктері  жиынтығын білдіреді. Сондай-ақ, заң  шығарушы билікті халық (референдум жолымен), Конституцияда көзделген  реттерде республика Президенті де жүзеге асыра алады.

 

8.Мемлекеттік  басқару жүйсіндегі атқарушы  билік және оның органдарының  рөлі. Атқарушы билік — “биліктің тармақталуы” заңдарына сәйкес құқық қолданушы билік. Оған парламенттің яғни заң шығарушы биліктің қабылдаған заңдарын атқару міндеті жүктеледі. Атқарушы билік жетекші, бірінші билік ретінде саналатын заң шығарушы билікке тәуелсіз. Атқарушы билік не президентке — мемл. басшысына және үкіметке (президенттік респ-ларда), не мемлекет басшысына (парламенттік елдерде) тиесілі болады. .

Атқарушы билік органдары жоғары, орталық және жергілікті болып бөлінеді. Мемлекеттік биліктің жоғары атқарушы-өкімдік етуші органы Үкімет болып табылады. Үкіметті Республика Президенті құрады және ол қаулылар шығарады. Республика Премьер-министрі өкімдер шығарады. Үкімет өзінің бүкіл қызметі үшін ел Президентінің алдында жауап береді, сондай-ақ Конституция бабында көзделген реттерде Парламентке есеп береді. Үкімет қызметі республиканың барлық аумағын қамтиды.Үкімет өзіне бағынышты өзге де барлық атқарушы билік органдарын біріктіреді және олардың жұмысына бағыт беріп отырады.

Тиісті  министрліктер, агенттіктер, ведомстволар атқарушы биліктің орталық органдары болып табылады. Министрліктер басты атқарушы орган болып табылады, ол мемлекеттік баскарудың тиісті саласына басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте, салааралық үйлестіруді жүзеге асырады. Министрліктер Үкіметтің тікелей басшылығымен атқарушы - өкімдік етуші қызметті жүзеге асырады, ал министр Үкімет мүшесі болып табылады. Барлық министрліктердіңжалпы міндеттері мыналар: өз саласында мемлекеттік саясатты жасап, оны іске асыру; заң шығарушылық және нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу; салааралық үйлесімділікті жүзеге асыру және мемлекеттік баскару саласына басшылық жасау; әдістемелік басшылықты жүзеге асыру; кадрлар даярлау; олардың біліктілігін жетілдіру және қайта даярлау, т. б. министрлікке жүктелген өзге де міндеттер.  Агенттік — Үкімет құрамына кірмейтін биліктің орталық атқарушы органы. Ол салааралық үйлестіруді, сондай-ақ арнаулы атқарушы және рұқсат етуші қызметтерді жүзеге асырады. Агенттікті Премьер-министрдің ұсынуы бойынша Президент құрады, қайта құрады және таратады. Ведомство — өз құзыретінің шегінде арнаулы атқарушы және бақылаушы-қадағалаушы қызметтерді, сондай-ақ салааралық үйлестіруді немесе мемлекеттік басқарудыңбағынышты саласына басшылықты жүзеге асыратын республиканың орталық атқарушы органының комитеті болып табылады. Ведомствоны тиісті орталық атқарушы органның басшысының ұсынуы бойынша республика Үкіметі құрады, қайта құрады және таратады. Министрлік, агенттік, ведомство шығаратын акті нысаны — министр, агенттік төрағасы, ведомство басшысының бұйрығы болып табылады. Жергілікті атқарушы органдар — әкімдіктер. Жергілікті жерде атқарушы билікті республиканың әкімшілік- аумақтық құрылымына сәйкес облыстың, ауданның, қаланың, ауылдың, селоның, поселкенің әкімдіктері жүзеге асырады.

Жергілікті атқарушы органдар — жоспарлар, аумақты дамытудың экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын, жергілікті бюджетті жасауды жүзеге асырады және олардың атқарылуын қамтамасыз етеді, коммуналдық меншікті баскарады. Жергілікті атқарушы органдардың басшыларын тағайындайды және қызметтерінен босатады, жергілікті атқарушы органдардың жұмысына байланысты өзге де мәселелерді шешеді

 

        9.Мемлекеттік басқару жүйесіндегі сот билігі: түсінігі және оның қоғамдағы рөлі.  Солт билігі – мемлекеттік билік тармақтарының бірі. Заң шығарушы және атқарушы биліктен өзгешелігі – жалпыға ортақ жүріс-тұрыс ережесін (сот прецедентінен басқа) шығармайды, атқару-басқару қызметімен айналыспайды. Сот билігі қоғамда туындап отыратын нақты істер мен дауларды шешеді. Ондай істер мен даулар заңда бекітілген ерекше іс жүргізушілік тәртіпте қаралып, шешіледі.Сот билігі заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге, конституциялық құрылысты, саяси және экономикалық жүйені, азаматтардың, мемлекеттің және қоғамдық ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғайды. Осы міндеттерге орай сот билігі заң шығарушы және атқару биліктерінде жоқ өкілеттіктермен қамтамасыз етілген. Сот шешім шығара отырып адамды бостандығынан айра алады, тіпті өмірін қия алады, мүлкін тәркілейді, мемл. органның шығарған шешімін бұзады, ата-аналық құқықтан айыра алады.

  Қазақстан Республикасының сот жүйесiн Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты және Қазақстан Республикасының Конституциясына және Конституциялық заңға сәйкес құрылатын жергiлiктi соттар құрайды.

    Жоғарғы Сот – мемлекеттің сот жүйесін басқарушы ең жоғары сот органы. Айрықша сот істерін, атап айтқанда, жоғары лауазымды адамдардың қылмыстары туралы және аса ауыр мемлекеттік қылмыстар туралы істерді қарайды. Сонымен бірге ол елдің барлық төменгі соттарының шешімдері жөнінде шағым жасалатын ең жоғары орган болып табылады. Қ Р Жоғарғы соты – мемлекеттің ең жоғары сот билігі органы, яки елдегі азаматтық, қылмыстық, әкімшілік, т.б. істер бойынша ең жоғары сот органы болып табылады. Ол төменгі соттардың қызметіне сот қадағалауын жүзеге асырады және соттың іс-тәжірибесіне қатысты әр алуан мәселелер жөнінде түсінік береді. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотн төраға, оның орынбасарлары, мүшелері құрамында Қазақстан Республикасы Парламенті 5 жыл мерзімге сайлайды. 

    Жергiлiктi соттарға мыналар жатады: облыстық және оларға теңестiрiлген соттараудандық және оларға теңестiрiлген соттар Жоғарғы Сот Қазақстанның Жоғарғы Соты азаматтық, қылмыстық және өзге де iстер жөнiндегi жоғары сот органы болып табылады, соттардың қызметіне бақылау жүргізеді және сот тәжірибесінің мәселелерi бойынша түсiнiк береді.

 

10.Мемлекеттік  басқару жүйесіндегі бақылау  билігі: бақылау билігі органдарының  түрлері және оның іскерлік  түрлері. Қадағалау және бақылау органдары: Конституциялық Кеңес, Бас прокуратура, Есеп комитеті, Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті.

Конституциялық  Кеңес. Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі мемлекеттiк орган ретiнде Республиканың бүкiл аумағында Қазақстан Республикасы Конституциясының жоғары тұруын қамтамасыз етедi.Конституциялық Кеңес жетi мүшеден тұрады, олардың өкілеттігі алты жылға созылады.

Бас прокуратура. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы - Республика Президентiне ғана есеп беретін, бiрыңғай орталықтандырылған және басқа мемлекеттік органдарға тәуелсіз жүйе.

Есеп комитеті Бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті республикалық бюджеттiң атқарылуына сыртқы бақылауды жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк қаржы бақылауының жоғары органы болып табылады.

 

11.Үкімет түсінігі және мемлекеттік  билік орган жүйесіндегі ережесі:  құрам, құрылымы мен үкімет  түрлері. Үкімет—мемлекеттік биліктің жоғары атқарушы органы. Үкімет түрлі елдерде түрліше аталуы мүмкін: мысалы, министрлер кеңесі, министрлер кабинеті, мемлекеттік кеңес, т.б

Президенттік республикаларда Үкіметті президент, парламенттік республикаларда және монархияларда — премьер-министр басқарады. Үкімет бір партиялық немесе одақтасқан Үкімет болуы мүмкін.

Қазақстан Республикасының  Үкіметі — Қазақстан Республикасында жоғары атқарушы билiк органы. Үкімет Қазақстан Республикасының атқарушы билігін жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық жасайды.

Үкімет алқалы орган болып  табылады және өзінің бүкіл қызметінде Республика Президентінің алдында  жауапты, ал Конституцияда көзделген  жағдайларда Парламент Мәжілісінің  және Парламенттің алдында жауапты. Қазақстан Республикасының Президенті Үкіметті Конституцияда көзделген  тәртіппен құрады.

Үкімет мәртебесі, құқықтары  мен міндеттері Қазақстан Республикасы Конституциясының V тарауы бойынша  және Қазақстан Республикасының  Үкімет туралы заңы бойынша реттеледі.

Үкiметтiң  құзыретi, ұйымдастырылуы мен қызметiнiң тәртiбi ҚР Конституциясына сәйкес 1995 ж. 18 желтоқсанда қабылданған “Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы” (1999 ж. 6 мамырда өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген) ҚР-ның конституц. Заңымен белгiленген. ҚР Үкiметiнiң құрылымын министрлiктер мен өзге де орт. атқарушы органдар құрайды.Оның құрамына Үкiмет мүшелерi — республиканың Премьер-Министрi, оның орынбасарлары, министрлер, өзге де лауазымды адамдар кiредi. Премьер-Министр мен Үкiмет мүшелерi қызметке кiрiсер алдында Қазақстан халқына және елбасына ҚР Үкiметi туралы конституциялық заңда белгiленген тәртiппен ант бередi. Үкiметке мынадай негiзгi конституц. өкiлеттiктер берiлген:ол мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясаттың негiзгi бағыттарын, оны жүзеге асыру жөнiндегi стратегиялық және тактикалық шараларды талдап жасау; мемлекеттік бағдарламаларды әзiрлеу; әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық дамудың индикативтiк жоспарларын әзiрлеп, iске асыру;

Министрлiктiң және өзге де орт. атқарушы органдардың басшылары  болып табылатын үкiмет мүшелерi: тиiстi мемл. органдарға басшылықты жүзеге асырады; өз құзыретi шегiнде дербес шешiмдер қабылдайды; ҚР Премьер-Министрiнiң  алдында өздерiне жүктелген бағынышты  мемл. органдардың жұмысы үшiн, сондай-ақ, тиiстi мемл. органдардың қарауына жататын  мемлекеттік басқару аясындағы iстiң  жайы үшiн дербес жауап бередi; ҚР заңдарының, ҚР Президентi мен Үкiметi актiлерiнiң орындалуын қамтамасыз етедi. Министр ҚР Конституциясында көзделген  ретте (37-бап, 6-тармақ) өз қызметiнiң  мәселелерi жөнiнде парламент палаталарына есеп бередi.

Үкiмет құрамына кiретiн орталық (республикалық) атқарушы органдарды қызметiнiң  сипатына қарай салалық құзыреттi органдарға, салааралық құзыреттi органдарға, бақылау және қадағалау органдарына, мемлекеттiң арнайы немесе ерекше атқарымдарын iске асыратын мамандандырылған мемлекеттік  органдарға бөлуге болады. Қазiргi кезде республикалық бірнеше орталық атқарушы органдары жұмыс iстейдi

Үкімет құрамы: Әділет министрлігі, Байланыс ж/е ақпарат министрлігі, Білім ж/е ғылым министрлігі, Денсаул. Сақтау мин., Еңбек ж/е халықты  әлеум/к қорғау мин., Ішкі істер мин., Көлік ж/е коммуникация мин., Қаржы  мин., Индустрия ж/е жаңа технологиялар  мин., Қорғаныс мин., Мәдениет мин., Мұнай  ж газ мин., Қоршаған ортаны қорғау мин., Сыртқы істер мин., Төтенше жағд мин., Эконом. Даму ж/е сауда мин..16)

 

12.Мемлекеттік  билікті жария ету (легализация)  және заңдастыру (легитимизаци) түсінігі  және мазмұны Биліктік іс-әрекеттің өзінің мойындалуын сипаттайтын маңызды тұстарының бірі легитимділік туралы мәселе. "Легитимділік" термині (лат. legitimus — заңды) өмір сүріп отырған билікті өзінің бағыныштыларының, сонымен қатар биліктің басқа субъектілерінің занды деп тануын анықтайды. Легитимация — ең алдымен, осы биліктің қажеттілігін, оның бағыныштылар үшін игілікті екендігін идеологиялық және құқықтық түрғыдан негіздеу. Легитимация тек биліктік құрылымдарға, билік субъектісіне ғана емес, сондай-ақ олардың акцияларына, шешімдеріне, қағидаларына да таралады. Мемлекеттік билікті заңдастыру бұл – оның негізінің пайда болуының дұрыстығын нығайтып, оның ұйымдастырылуы мен қызметіне заңдық күш беру

 

 

 


Жергілікті атқарушы орган