Жеткіншектер арасында суицидті мінез-құлық ауытқуын тарихи-педагогикалық талдау

Жеткіншектер арасында суицидті мінез-құлық ауытқуын тарихи-педагогикалық талдау

 

БӘДСҰ (Бүкіл әлемдік денсаулықты  сақтау ұйымы) берген мәлімет бойынша  дүние жүзінде жыл бойы 500 мың  адамдар өз өмірлерін қияды. Ең жоғарғы  суицид көрсеткіші ол ФРГ, ГДР, Австралия, Швецария, Венгрия, Чехославакияда болса, ең төменгі көрсеткіш ол Болгарияда, Ирландияда және Индияда. АҚШ-та өзін-өзі  өлтіру деңгейі 100 мың адамға орташа алғанда 25-50 адамнан келсе, ТМД елдерінде  шамамен 25-45 адамнан келеді.

ХХI ғасырда  дүние жүзінің ғалымдарын толғандыратын  мәселе ол қазіргі кезде жасөспірімдер  арасында жиі кездесетін-суицид. БӘДСҰ-ның  соңғы мәліметтері бойынша 15-24 жас  аралығындағы жасөспірімдер арасында өзін-өзі өлтіру екі есе артып  кетті. Ол мемлекеттегі экономикалық жағдайларға  байланысты. Мәселем Францияда соңғы 10 жылда суицидттен өлген балалар  саны үш есе артқан. Енді бұл өлімдер  жол апатынан қайтыс болған адамдар  санымен теңеліп отыр. АҚШ-та 15-19 жас аралығындағы өзін- өзі өлтіру саны 1 жылда 5000-ға дейін көтерілді. Қазіргі кезде АҚШ-та ең маңызды  өлімдердің арасында суицид 10-шы орында тұр. Онда 2010 жылда 15-19 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында 19000 суицид тіркелген. Бұнда соңғы 30 жылда суицид 15-19 жас аралығындағы қыздар арасында 150%, ал бозбалалар арасында 250%-ға дейін  көтерілген [1].

Суицид  термині итальян психологы Г. Дэзен 1947 жылы енгізіп, оны “өзін-өзі  өлтіруге әрекет ету” - деп түсіндіреді.

Қазіргі кезде Суицидология деп аталатын үлкен бір ғылыми бағытты бар, ол социология, психология, медицина, демография, психиатрия тоғысында пайда болып  осындай әрекетке баратын тұлғалардың  ерекшелігін, әрекетін, себептерін зерттеуге  тырысты.

Суицидальды мінез-құлық – адамның саналы түрде өзін-өзі өлтіргісі келетін  тұлғаның мінез-құлқының бір түрі деп  есептеді.

Адамзат тарихында өзін-өзі өлтіру әрекеті  әртүрлі бағаланады. Европа халқында өзін-өзі өлтіретін адамдар - вампирға айналады деген. Ал көне Греция, Спарта, Афинада өзін-өзі өлтірген адамдардың мәйітін өртеп жіберген.

Орта  ғасырда Австрия, Пруссия, Францияда  өзін- өзі өлтіруші адамдарды діни көзқарас бойынша – қылмыскерлер деп санаған.

Суицидальді мінез құлықтың белгілі бір формасы, тәсілі, даму стадиясы, тәуекел факторлары болады. Суицидальді мінез-құлыққа  адамның жас ерекшелігі, жынысы, кәсіби ерекшелігі, өмірлік жолының  ерекшелігі де әсер етеді.

Әр бір  жас кезеңдеріне сай суицидальді  белсенділік тән болады.

- Балалық  шақ – 12 жасқа дейін;

- Жеткіншектік  кезең – 12-17 жас;

- Жастар  арасы - 17-29 жас;

- Ересектер  арасы – 30-35 жас;

- Қарттық  кезең – 55-70 жас.

5 жасқа  дейінгі балаларда өзін-өзі өлтіру  әрекетіне бару өте сирек кездеседі.  Жанұялық қақтығыстарға байланысты 9 жасқа дейін 2,5%, ал 9 жастан кейін  80% өзін-өзі өлтіру әрекетіне барады  екен. Жеткіншек кезеңінде суицидальды  әрекеттің себебі болып ата-анасымен, мұғалімдерімен қақтығысқа бару салдары болып табылады. Жастар арасында, әсіресе, қыздар арасында өздерінің жігіттеріне байланысты суицидальді әрекеттерге баратыны анықталды [4].

Суицидтың ең жиі кездесетін кезі 15-24 жас аралығы. Өзін-өзі өлтіруге бармас бұрын, суициденттердің  көбі дайындық кезеңі – суицидальды  кезеңінен өтеді, ол адамның бейімделу  қабілетінің төмендеуімен сипатталады. Ол қызығушылық деңгейінің төмендеуі, қарым-қатынастың шектелуі, мазасыздық, эмоционалды тұрақсыз болуы т.б.

Японияда  тек 2010 жылы ғана 25524 жағдай тіркелген. Швейцарияда әскер қатарына шақырылған боз балаларды психологиялық тексеруден өткізген кезде олардың 2% өзін- өзі өлтіруге барған, ал 24%- де суицидальді ойлар айқын көрінгені мәлім болған.

Польшада  соңғы 10 жыл ішінде 12-20 жас арасындағы суицидтен өлген балалар саны 4 есеге көтерілген, ал оның 21% қыздар алса, қалған 79% ұлдар құрайды.

Дюркгейімнің  суицид теориясына байланысты адам бір  проблемаға тірелген кезде немесе ол бейімделген орта немесе әлеуметтік топ одан бас тартқан кезде  ол өзін- өзі өлтіруге барады деген. Әлеуметтік байланыстардың ерекшеліктерін ескере отырып ол келесі суицид түрлерін бөліп көрсетті: эгойсттік және альтруисттік. Тағы да психопаталогиялық жағдай негізінен  балалармен жас өспірімдердің социолизация деңгейімен қоғамда алатын орнына байланысты да болады. Психоанализдік зерттеулер барысында суицид ол жеке тұлғаның сексуалды бұзылысына байланысты деген  тұжырымдарға келді [5].

Өзін-өзі  өлтіру оның ішкі қақтығыстарын өткізу жағдайларындағы әлеуметтік психология дезадаптация салдары деп Бачериков  қарастырады. Суицидогенді жағдайлар  тұлғаның ерекшелігіне, оның өмірлік  тәжірибесіне, интелектісі және мінез- құлығымен анықталады. Суицидогенді қақтығыс шынайы себептер арқылы жүзеге асады. Ол тіпті сау адамда кездесуі мүмкін. Қақтығыс себептері субьект  үшін ылғи да шынайы болады, сондықтан  ол субъектіні ауыр уайым – қайғымен депрессияға ұшыратады. Сол проблемалардың шешілмеуіне байланысты адамдар  өз- өздеріне қол жұмсауы мүмкін.

А.Г.Амбрумова суицидальді мінез-құлқы бар 770 балалармен жасөспірімдерді зерттей келе пубертантты жасқа дейінгі балалар арасында (13 жасқа дейін) - 14,4%, пубертанты жастағы балалар арасында (13-16) - 51%, пубертантты жастан асқандар арасында (17-18) - 33,8% кездеседі. Суицидке барған көптеген қыздар дәрі ішіп уланып өлсе, ұлдар асылып немесе тамырларын кесіп өледі. 13 жастағы қыздардың өзін-өзі өлтіру себептері ол көбінесе аяқтарының ауыр болып қалуына байланысты. Осы жасқа байланысты Железова бұл балалардың көбінің мінез- құлқында ауытқулары бар және олардың 70% шизофрениямен ауыратын балалар құрайды деген [4,6].

А.Г. Абрумова және В.А. Тихоненко суицидальды  әрекеттің екі негізгі типін  көрсетеді: шынайы әрекет және демонстративті-шантажды.

Демонстративті-шантажды әрекетте - өміріне сондай қауіпті  емес әрекеттерге барады; денеде ірі  веналар жоқ жерлерді кескілеу, онша қауіпті емес дәрілерді ішеді. А.Е. Личко мен А.А. Александров 14-18 жастағы  жас өспірімдерді зерттей келе олардағы суицид мінезі көбінесе аффект жағдайында және ол балалардың осы жаста өте  сезімтал болатындығына байланысты жиі кездеседі деген тұжырымдарға келді. Бірақ көбінесе бұл кезде  балалар арасында кездесетін суицид ол демонсративті әрекет түрінде  болады.

Шынайы  суицидальді мінез- құлық деп  тұлғаға деген шынайы немесе қиын проблемалары шешілмеген кезде өзін- өзі өлтіруін айтамыз. Ал жалған шантажды мінез-құлық деп ол адам өзі ойлаған  ойын жүзеге асыру үшін, оны қоршаған адамдарға қысым көрсеткен кезде  және басқалардың сезімін манипуляциялаған кезде бұл әдісті қолданады. Ол көбінесе оны ренжіткен адамның алдында  жасалады. Бұнда олар өздерін өлтірмейді тек, өзінің өлгісі келетіндігін демонстрациялайды. Шантажды мінез- құлық көбінесе бала кезден пайда болады.

Қазіргі кездегі жастардың суицидке бару себебі, олардың өмір тәжірибелерінің  болмауына, олардың алдарына қойған мақсаттарына жете алмау себептеріне  байланысты және өмір қиындықтарына  шыдамауына байланысты болады.

И.П. Павлов өзін-өзі өлтіруді «мақсат рефлексін» жоғалту деп түсіндірген. Осыған байланысты ол: «Мақсат рефлексі әр адамның өмір мәні және энергия көзі. Өмір қызығы бір мақсатқа жетуге талпыну, егер сол мақсатқа жете алмаса басқа  мақсатты көздеп соған қол жеткізу, қызығу, ұмтылу. Соған байланысты біздің өміріміз гүлденеді және мәндене  түседі. Егер адамның өмірінде мақсат жоғалса оның өмірі мәнсіз болады. Сол себепке байланысты біз өлген  адамдар артынан қалған қағаздардан, олардың өмірлерінің мәні жоғалғанына  байланысты олар өз- өздерін өлтіруге мәжбүр болғандарын ұғынамыз. Бірақ  адам өміріндегі мақсаттар саны шексіз...»  Тек И.П. Павлов суицидке барған адамдардың ешқайсысында психикалық ауытқуы жоқ  деген [7, 9-11].

Суицидке  барған көптеген қыздар дәрі ішіп уланып өлсе, ұлдар асылып немесе тамырларын кесіп өледі. 13 жастағы қыздардың  өзін-өзі өлтіру себептері ол көбінесе аяқтарының ауыр болып қалуына байланысты. Осы жасқа байланысты Железова бұл  балалардың көбінің мінез- құлқында ауытқулары бар және олардың 70% шизофрениямен  ауыратын балалар құрайды деген Суицидалды мінез-құлық соматикалық, психикалық ауытқуы бар, тіпті сау адамдарда да кездеседі. Сондықтан өзін- өзі өлтіретін адамдардың барлығының психикасында ауытқуы бар деуге болмайды. Медициналық статистикаға байланысты адамдардың бір жартысын ақыл- ойы кеміс адамдар, бірін жүйке-жүйесі тозған адамдар, бірін мазасыз адамдар десе, енді бірін өз эмоцияларын басқара алмайтын адамдар құраса, қалған бөлігін ешқандай психикалық ауытқуы жоқ адамдар құрайды екен.

Суицидальді мінез-құлық тағыда балалар үйінде және толыққанды емес отбасында өскен  балалар арасында жиі кездеседі. Сонымен қатар отбасы аралық қақтығыс, әке-шешесінің айырылысуына да байланысты болады.

Көктем, жаз жыл мезгілдерінде сейсенбі күні суицид жасалу күні жоғары болады. Күз, қыс мезгілдерінде сәрсенбі, бейсенбі күндері суицидтің жасалуы  төмен болады деп қарастырады.

Суицидальді мінез-құлық көбінесе депрессия  кезінде, алкогольдік токсикомания, психопатия және аффект кезінде жиі  кездеседі. Өзін-өзі өлтіруге көбінесе индивидуалды проблемалар итермелейді. Қазіргі кезде жастар өздерінің  өмірлерін бағалай алмайды. Егер бір проблеманы шеше алмай жатса, олар өз өмірлерін қиюға даяр болады, өйткені олардың ойларынша олар тек осылай ғана тыныштық, уайым-қайғысыз өмір және махаббат табатын сияқты. Көбінесе жасөспірімдер мен балалар  жерлеу рәсімін көз алдарына елестетіп, ата- аналарының жылағандарын елестетіп, олардан өш алмақ болады.

Адам  өліміне әлеуметтік жағдайлар, жалғыздық  та үлкен әсерін тигізеді. Бірақ кейбіреулер ұрсысып өзін-өзі өлтіретін болса, енді біреулері түрмеде отырып бостандықты аңсайды. Сондықтан қоғамда өмір нашарлаған сайын суицид те көбейе түсед [8].

Сонымен қатар түрлі ғылым өкілдері (медицина, психология, педагогика) нормадан ауытқыған  мінез-құлықтың суицидтік іс-әрекетке тікелей әсері болатындығын айтып, оларға анықтамаларын берді. Бұл  анықтамалар авторлардың кәсіби іс-әрекеті мен теориялық қалауларына  байланысты.

Тұлғаның  қоғам нормалары мен құндылықтарын  қабылдамау ретінде түсінілетін  «ауытқушы мінез-құлық» түсінігі ең алдымен тұлғаның, соның ішінде кәмелетті  жасқа толмағандар қылмыстарының  алдын-алу бойынша жұмыстарда, заң  психологиясында бекітілді (В.Н.Кудревцев, В.Д.Парыгин, В.В.Шпалинский, А.М.Яковлев). қысқаша психологиялық сөздікте (1985) ауытқыған мінез-құлық қоғамда  қабылданған құқықтық және өнегелі  нормаларға қарама-қайшы келетін  «әрекеттер немесе жеке істер жүйесі»  ретінде қарастырылады. Ауытқыған  мінез-құлық ретінде жағымсыз ауытқулар (құқық бұзушылық, қоғамға қарсы  әрекеттер, қылмыстар), сол сияқты жағымды  бағыттағы көріністер қарастырылады. Мысалы, Я.И.Гилинский (1981), қылмыстың  алдын алуда жүйелі тәсілді қарастыра  отырып, мінез-құлықтағы ауытқу шығармашылық белсенділігін көтеруі мүмкін екендігін  көрсетеді [6, 23-24].

Г.С.Тагированың  пайымдауынша, мінез-құлық ауытқуы  – қоғамда қабылданған құқықтық немесе өнегелі нормаларға қайшы  келетін істер мен жеке әрекеттер  жүйесі. Аталған мінез-құлық жағымсыз әлеуметтік даму, түрлі жас ерекшелігі кезеңдерінде пайда болатын әлеуметтену  бұзылыстары нәтижесі болып табылады [9].

10-шы  қаралым науқастардың Халықаралық  классификациясына сәйкес мінез-құлық  бұзылыстары гетерогенді ретінде  бағаланады, олардың симптомдары  патологиялық күй симптомдары  мен психологиялық даму бұзылыстарынан  ерекшеленеді.

Осы жерде (ХНК-10), мінез-құлық бұзылыстары  диссоциалды, агрессивті мінез-құлықтың тұрақты модельдерімен сипатталады. Диагноз қою үшін кей жағдайларда  ұқсас мінез-құлықты көрсету формасы  әлеуметтік жасқа сәйкес келетін  қатаң бұзылыстарға негізделуі керек, яғни оның көрінісі балалық немесе жеткіншектік әрекеттерге қарағанда, айқын байқалуы керек. Шектеулі диссоциалды  әрекеттер мен құқық бұзушылықтар сол диагнозды қою үшін өздігінен  негіз болмайды.

Мінез-құлық  бұзылыстарының байқалуы басқа да психикалық бұзылыстар симптомдары да болуы  мүмкін, және бұл жағдайларда қалау  колдауды қажет ететін негізгі диагнозы берілуі қажет.

Кейде мінез-құлық  бұзылыстары тұлғаның диссоциалды  бұзылысында дамуы мүмкін (ғ.60.2). Жиі мінез-құлық бұзылыстары қанағатсыз отбасылық қарым-қатынас және оқудағы  қиындықтардан тұратын қолайсыз психосоциалды ортамен байланысты болады.Ол ербалаларда жиі кездеседі. Бұл бұзылыс категорияларының эмоционалды  бұзылыстардан ерекшеленетіні нақты  анықталған; олардың гипербелсенділіктен  айырмашылығы әлсіз, және олар жиі үйлеседі [10, 201].

Жеткіншектерде  психопатияны диагностикалауда классификациялық тәсілдер айырмашылығын А.Е.Личко (1983) талдады.

Біріншіден, А.Е.Личконың пайымдауынша, «психопатия» американдық психиатриялық әдебиеттерде пациенттердің сәйкес контингенті  «тұлға бұзылысымен» зардап шегетіндер ретінде белгіленген. Осы кез  кластарға психопотологияға және шизофренияның  қарапайым формаларына қатыстырды. Жаңа бірнеше осьті классификацияны енгізумен – DSM –III (Diagnostic and Statistic Manual of Disiordens- американ психиатриялық ассоциациясы шығарған, диагностикалық және статистикалық басшылық) – тұлға бұзылысы жеке ІІ осьпен ерекшеленді, бұл П.Б.Ганнушкин мен О.В.Кербиков тұжырымдаған психопатияны диагностикалау критериіне жақындасты [11, 218].

Мысалы  В.П.Койценконың пайымдауынша, суицидті мінез-құлықтың пайда болу жақтарынан нормадан тұрақты ауытқуымен байланысты, физикалық, ақыл-ой кемшіліктері негізделген, олардың өмірлеріндегі көріністерге тән ерекшелік [3,192].

П.П.Блонскийдің  пайымдауынша, мінез-құлықтағы ауытқу, оларға қатысты мұғалім жұмысы өнімсіз болып табылатындар [4,173].

К.М.Гуревичтің пайымдауынша, ауытқыған мінез-құлық  түрлі формаларда байқалады: нашар  үлгерім, өзіне сенімсіздік, жауап  беруден қорқу, енжарлық, өзіндік  бағасы төмен, мектептен көңілі қалу, құрбыларымен достаса алмау, қатыгездік» [12].

Я.И.Гилинский  ауытқыған мінез-құлық деп келесі жағдайларды түсіндіреді:

1) сол  қоғамда қабылданған немесе қалыптасқан  нормаларға ресми сәйкес келмейтін  адам істері мен әрекеттері;

2) кең  тараған көпшілік адами іс-әрекетте  байқалатын әлеуметтік құбылыс.  Бірінші мәнде қиын мінез-құлықты  зерттеуде жалпы және жас ерекшелік  педагогикасы мен психология  пәндері болып табылады. Екінші  мәнде – әлеуметтану мен әлеуметтік  психология пәні болып табылады [6,26-27].

Біздің  әдебиеттерді талдау көрсеткіштеріміз бойынша, бүгінгі күнде тұлғаның эмоционалды – еріктік бұзылыстар туралы деректер өте көп. Өз зерттеуімізде  біз келесі тұжырымға келдік, яғни бұл бұзылыстардың барлығын «ауытқыған мінез-құлық» терминімен біріктіруге  болады.

Мінез-құлқында мұндай ауытқуы бар жеткіншектер «қатерлі топ жеткіншектері» терминімен біріктірілген.

Баланың физикалық және рухани өмірі орталығы үйден сыртқы әлемге алмасады. Құрбылары  топтарындағы қарым-қатынастар бірлескен  ойынға қарағанда байсалды түрде  болады, іс-әрекет ауқымы кеңейеді. Адамдармен бұл жаңа қатынастардың барлығына  жеткіншек, болашақ интелектуалды  жетілген тұлға ретінде, құрбыларымен қарым-қатынаста белгілі бір орын алуға мүмкіндік беретін қабілеттермен  түседі.

Жеткіншектік  жас – тұлға қалыптасуын білдіретін, барлық балалық шақтың ең қиыны мен  күрделісі. Сонымен қатар бұл  өте жауапты кезең, өйткені бұл  уақытта өнегеліктің негіздері  қалыптасады, әлеуметтік бағдар, өзіне, айналасына қарым-қатынас қалыптасады. Сонымен қатар бұл жаста мінез-құлық  белгілері мен тұлғааралық мінез-құлықтың негізгі формалары тұрақталады. Тұлғалық жетілуге белсенді ұмтылыспен байланысты осы кезеңнің негізгі мотивациялық бағыты- өзіндік таным, өзіндік ой, өзіндік тұжырым [8, 143].

Жеткіншектік  жастың алғашқы кезеңінде балада үлкендерге ұқсауға ұмтылу пайда  болады және күшейеді, мұндай ниеттің  күшті болуы соншалық, оқиғаларды елестете отырып, кейде алдын-ала өзін ересек санай бастайды, өзіне ересек сияқты қатынасты талап етеді. Сонымен қатар, ол ересек адамға қойылатын талаптарға толық жауап бермейді. Жеткіншектер ересек адам қасиеттерін шексіз игеруге ұмтылады. Ересек адамдарда осы қасиеттердің көрінісін байқай отырып, жеткіншек жиі сынсыз түрде еліктейді. Есеюге деген жеткіншектердің өзіндік ұмтылысы, үлкендер тарапынан оларға байсалды және талапты қатынас қою есебінен күшейеді. Кіші мектеп оқушысына қарағанда, жеткіншектен сұраныс көбірек, бірақ оған бірінші сынып оқушыларына рұқсат етілмейтіндерге руқсат етіледі. Бұлардың барлығы жеткіншекте адам ретінде өзі туралы, балалық шақтан аттаған адам туралы түсінік тудырады. Тұлғалық психологиялық дамудың жаңа сыртқы және ішкі жағдайын жасайтын, жеткіншектің есеюге деген ішкі ұмтылыстарының нығаюы осы процесстердің қорытындысы болып табылады. Ол жеткіншектің айналасындағы адамдармен және өзімен қарым-қатынасының барлық жүйесінің өзгеруін талап етеді [12,132].

Жылдам  есеюге жеткіншекті оның ағзасындағы  физикалық өзгерістермен, өмір жағдайымен байланысты жағдайлар итермелейді. Мектепте және үйде алатын қосымша  міндеттер пайда болады.

Жеткіншектік  кезеңде тұлға дамуының рөлі мен  мазмұны өзгереді. Егер онтогенезде  бастапқы сатыларында ол стихиялы сипатта  болса, бала санасы мен еркімен бақыланады, ал жеткіншектік еліктеу басталысымен ол реттеле басталады, баланың көптеген интеллектуалды және тұлғалық жетілу қажеттіліктеріне қызмет ете бастайды. Жеткіншектерде үйрену формалары дамуының жаңа кезеңі есеюдің сыртқы атрибуттарына  еліктеуден басталады [13,98].

Ересек  көрінуге жетудің ең жеңіл тәсілі ретінде бақыланатын мінез-құлықтың сыртқы формаларына еліктеуден тұрады. 12-13 жастан (қыз балаларда ертерек, ұлдарда кешірек) өз орталарында беделді ересектер мінез-құлықтарында беделді ересектер мінез-құлықтарына еліктейді. Мұнда киім кию, шаш қою, безендендірудегі сән үлгілері, мінез-құлық, демалу, қызығушылық және тағы басқа ерекшеліктер кіреді.

Жеткіншектік  жаста баланың өзіндік санасын  қалыптастыру мен даму процесі жалғасады. Алдыңғы жас кезеңдеріне қарағанда, еліктеу сияқты, өз бағдарын өзгертеді  және адамның өз тұлғалық ерекшеліктерін сезінуге бағытты бола бастайды. Жеткіншектік жаста өзіндік сананы жетілдіру  баланың өзіндік кемшіліктеріне ерекше көңіл бөлумен сипатталады. Жеткіншектерде «Мен» бейнесі ниеті  олардың басқа адамдарда бағалайтын абыройлардан қалыптасады.

Жеткіншектердің еліктеу бейнесі ретінде ересектер  мен құрбылары болатындықтан, олардың  жасаған идеалдары біршама қарама-қайшы болады. Ол өзінде ересек, сол сияқты жастық қасиеттерді үйлестіреді, бірақ бұл қасиеттер әрқашанда бір адамнан табыла бермейді. Жеткіншектердің өз идеалына сәйкес келмеу және осы мәселе бойынша олардың тұрақты мазасыздануларының себептерінің бірі болып табылады [13, 158].

Әлемдік ғылыми әдебиеттерде «суицидті мінез-құлық» және оның себептері феноменін анықтаудың бірнеше тәсілдері бар. Кейбір ғалымдар девиация- шектелу, емделу, түрмеге жабу немесе индивидті жазалаудың басқа түріне негізделген, нормадан ауытқу деп есептеуге бейім (Н.Дж.Смелзер). Басқалары девиация себебін қоғам мақсаттары мен осы мақсаттарды жүзеге асырудың әлеуметтік қолдау құралдары арасындағы үзіліс ретінде байқайды (Р. Мертон), үшіншілер, девиация мәдени нормалар арасындағы қақтығыстар нәтижесі ретінде пайда болатынын ерекшелейді (Т.Селин). Н.Смелзер девиация мысалдарын талдай келе (адамға тән келмейтін іс-әрекеттер), дәлірек айтқанда өлтіру, қанараласу, зорлау т.б, девиацияның үш мазмұнды компонентін ерекшеледі. Ол орындалуы үшін, келесі компоненттер қажет. Біріншіден, суицидті іс жасау тән адамның өзі. Екіншіден, бұзылатын және осы бұзылыс индивид мінез-құлқына беретін суицидтілық сипаты, норма. Соңғысы, үшіншіден, үміттері бұзылған және осы қабылданған норманы бұзушы мінез-құлқында реакция тудыратын нақты бір адам, топ немесе ұжым. Оның пайымдауынша, бұзылысы адамның суицидті мәнез-құлқын анықтайтын үміттер уақыт өте өзгереді. Халық арасында заңдылық бойынша қарама-қайшылықтар қандай да бір үміттердің дұрыс немесе дұрыс еместігі туралы қайшылықтар пайда болады.

Қоғамның  түрлі өкілдері шылым шегу, есірткі  қолдануға жетелейтін нормалардың  бұзылысы бойынша суицидтілықты  түрліше айқындайды. Әр меданиеттерде  түсік тастау, гомоқатынастылық, «жеңіл»  есірткі қолдануға жеткілікті көңіл  бөлмейді. Н. Смелзер былай деп  жазды, суицидті мінез-құлықты анықтау критерийнің бір мәнділік еместігі жиі қарама-қайшылықтар тудырады және сондықтан да қандай мінез-құлықтың суицидті екенін айту қиын.

В.Д.Менделевич пайымдауынша, девиация- норма мен патология арасындағы шекара, норманың шеткі нұсқасы. Сондықтан суицидті анықтау үшін норма туралы білімге сүйену керек. Психологияда норма мінез-құлық үлгісі ретінде қарастырылады. Тұлғаның уақытта сол қоғамда қабылданған өнегелі талаптарға еруді үлгі ретінде, бұзылысы адам мінез-құлқы суицидтілігі туралы белгі беретін бұзылыс.

Ресейде қылмыстық девиацияға қатысты дәстүрлі зерттеулерді В.Куфаев, Г.И.Люблинский, Н.Н.Маковский дамытты. Әлеуметтік үйрету, лигитимизация және жазасыз қалатын  қылмыстық мінез-құлық үлгілерін  масс-медиа көмегімен тарату арқылы қылмыстық девиация себептері сипатталды.

В.С.Афанасьев, С.А.Беличева, Я.И.Гилинский, А.Г.Здравомыслов, В.В.Королев, В.А.Кудрявцев, И.В.Маточкин девиация негіздерін әлеуметтік стратификация, қоғамның әлеуметтік бөлінуінде қарастырады, жастардың әлеуметтік дамуын күрделендіретін  және әлеуметтік қозғалыс бойынша жастардың  өркендеуіне негіз болатын алғышарттарды  талдайды [14].

Интеракционистік  көзқарастар шеңберінде қалыптасқан  суицидті мінез-құлықты зерттеу виктимологиялық бағыт ерекше назар тартады (Г.Геттинг, Б.Мендельсон, Э.Сателленд). Ғылыми ізденіс, қылмыс жағдайында жеңілдететін және қылмыстық агрессияны күшейтетін жәбірленуші мінез-құлқын зерттеуге қайта бағдарланады. Қылмыстық мінез-құлықта агрессивтілік пен жәбірленуші байланысын түсінуде Т.Адорно, Д.Левинсон, Е.Маркузе, М. Хоркхаймер, Э.Френкель-Брунсвик, Э.Фромм еңбектерінде ерекше мәнге ие. Авторлар оппозициялы, бір-біріне тәуелді «Мен-концепциясы» ретінде қарастырылатын, басқа да мазохистік бағыттылықтарда басқаларды шексіз басқаруға ұмтылу қатынасы туралы мәселені қояды.

Әлеуметтену механизмі ретінде мінез-құлықтық стереотиптерінің интериоризациялану процессі П.Бергер мен Т.Лукман еңбектерінде қарастырылады. Тұлғаның әлеуметтік идентификациясын және топтық ерекшеліктер Ю.Л.Качанова, С.Г.Климов, В.А.Ядов, Е.Р.Ярская –Смирнова еңбектерінде қарастырылған. Деструктивті ерекшелік қалыптасу мәселесі әлеуметтік өзара әрекеттестік тұрғысынан (Г. Блумер, Д.Джексон, Л.Колберг, Дж. Мид, Д.Хорке), когнитивті процесстер рөлінен (Г.Б.Брейкуэл, К.Келли, Г.Теджфел, Дж.Тэрнер, Л.Фестингер), мотивация тұрғысынан (З.Фрейд, Э.Фромм, Э.Эриксон, И.И.Карпец, В.Н.Кудрявцев, А.Р.Ратинов), жас ерекшелік сипатынан (Э.Эриксон, О.Н.Ежов, М.Э.Елютина, И.С.Кон), құрбылары референтті топтарының ықпалынан (В.Зелцер, В.Ф.Кондатишко, Д.В.Петров, Д.Прентисдайн, Н.М.Романова, Р.Роджерс, И.Тейлор, А.И.Яковлев), әлеуметтік стереотиптер мен аттитюдтер тұрғысынан (П.Бергер, И.Гоффман, Ф.Зимбардо, Э.Фромм, А.Шюи), типтік емес шеткеру (Э.К.Наберушкина, С.В.Степухович, Н.В.Шапкина, Е.Р.Ярская-Смирнова); ақпарат құралдары рөлдерінен (Л.Джой, Н.Забрак, Д.Уильямс, Хьюсман және т.б) қарастырылады.

Акселерация, ретардация, дамудың гетерохрондылығы салдары болып табылатын, жасерекшелік пен дәстүрліге сәйкес келмейтін  мінез-құлық ауытқыған болып қабылданған. Белгілі бір хронологиялық жаста баланың тән белгілерін тіркейтін стандарттың болуы әр баланы жеке қарастыруға мүмкіндік береді. Баланың даму стандартын ескере отырып, Л.С.Выготский дамуы артта қалған баланы ерекшеледі. Суицидті мінез-құлықты жеткіншек- белгілі болғандай кері ұйымдастырушы [15].

 Проблеманың  психологиялық-педагогикалық аспектілері  отандық және шетел зерттеушілері  Э.Берис, Л.И.Божович, С.В.Березин,  А.В.Гаврилин, А.Г.Данилин, Д.В.Колесов,  Д.А.Леонтьев, А.Т.Макеева, А.Маслоу, Р.Мертон, Т.К.Бөлеев, Т.Бегалиев, Ж.А.Өскенбаева, П.Қ.Бөлеева, К.С.Бақтыбаева, Ш.Ә.Төлебаеваның  еңбектерінде айқын беріледі. Олардың  мазмұнында өмірлік бағыттарды  құру негіздері, тұлға дамуында  кездесетін қиындықтарды жеңе  білу тәсілдері туралы; дезадаптация  құбылысының алдын-алу сипаты, әртүрлі  әлеуметтік-мәдени ортада өскелең  ұрпақтың әлеуметтік тұрғыда  қалыптасу мәнін ашу мәселелері  қарастырылды.

ХХ ғасырдың 30-шы жылдары коррекциялық жұмыстың әлеуметтік – педагогикалық бағыты, кейіннен әлеуметтік-психологиялық бағыты табысты дамыды. Екі бағытта өзара тығыз байланысты. Мысалы, тәжірибелік-эксперменттік жұмыста А.С.Макаренко балалар колониясында, С.Т.Шацкий- социумда тәрбиелік орта жасады.

Дамудағы  түрлі ауытқулары бар жеткіншектерге қатысты қазіргі ғалымдар келесі терминдерді пайдаланады (Лебединская  К.С., Раттер М., Славина Л.С.,); «қиын  жеткіншек» (Степанов В.Т., Фельдштейн Д.И., және т.б) аффективті –ерікті сферасында, мінез- құлқында ауытқулары бар, тән немесе сәйкес ауытқулар, бірақ патологиялық болып есептелмейтіндерді «дезадаптацияланған балалар» (С.А.Беличева); «арнайы күтімді қажет ететін балалар» (Л.Коич); «қауіпті топ балалары» (И.А.Невский), «аффективті сферасында бұзылыстары бар балалар» (К.С.Лебединская); «педагогикалық назарсыз қалған» (В.Г.Баженов, Е.А.Горшкова, Г.П.Давыдов,). Бірақ жеке алғанда аталған терминдер бір мәнді ақпаратқа ие: тұрмыстық, клиникалық, заң, жеке педагогикалық немесе психологиялық.

Аталған түсініктердің бірыңғай қолданысы  болмағандықтан, мінез-құлқында қандай да бір ауытқуы бар баланы қай категорияға жатқызу қажеттігі белгісіз. А.И.Белов қиын балалардың жоғарыдағы классификациясын береді.

Оқыту, тәрбиелеу, балалар мен «қатерлі топ» деп  аталатын жеткіншектерді психологиялық  қолдау мәселесі қазіргі білім берудің  өзекті мәселесі болып табылады.

Өмірдің жағымсыз құбылыстарына құрбан болып  қалу қауіпі балалар мен жеткіншектерден  кең қауіпті топ құрайды.

«Қауіпті  топ» балалары мен жеткіншектері- түрлі психикалық және әлеуметтік дезадаптация формасы бар, норма мен талаптарға сәйкес келмейтін мінез-құлықтағы балалар [16].

Виктимизация  шеңберінде балалар мен жеткіншектер топтарын талдай отырып, әрқашанда  «жалпы адами» топтардың, қандай да бір  жағдайдың ерекшелігі болатынын  ескеру қажет. Бірінші жағдай: ересектерге  қарағанда, кәмелетті жасқа толмағандар  қатерлі топқа жылдам енеді, ал балалар  жеткіншектерге қарағанда жылдам кіреді. Екінші жағдай: ата-аналар қамқорлығынан айырылған балалар, ата-аналар қарауындағы балаларға қарағанда, қатерлі топқа жылдам түседі; қалаларда, алды жерлерге қарағанда қатер тәуекелі басым; бала немесе жеткіншектің микроортасының елеулі өзгерістері (отбасы, мектеп немесе тұрмыстық жағдайы т.б) бала немесе жеткіншекті қатерлі топқа итереді.

Қатерлі топқа «ену» процесі ұзақ және жылдам болуы мүмкін. Бұл қандай жағдайлар бұзылуына, олар балаға қаншалықты қажетті, олардың бұзылу процесі  қаншалықты қысқа немесе ұзақ жүргеніне  байланысты. Белгілі болғандай, балалар  үшін бала немесе жеткіншекті қатерлі  топқа итермелейтін отбасы ортасының  бұзылыстары қауіптірек. Белгілі  бір жағдайларда мектептік ортадағы жағымсыз қозғалыстар сол сияқты қатерлі болуы мүмкін. Мысалы, ата-аналардың көшуіне орай, баланың мектеп алмастыруы. Сөзсіз, «қолайсыз» отбасы- бала үшін виктимизацияның негізгі ошағы болып табылады. Бұл жерде отбасының өзі қатерлі топ болып табылады. Керісінше, отбасындағы жағымды жағдайлар барысында, мектептік ортаның жылдам немесе күрт өзгеруі табысты нейтралданады және жеткіншек қатерлі топтан сақтанған болады. Сонымен қатар, отбасы мен мектепті идеалды түрде мейірімді мен зұлым деп бөлуге болмайтынын ұмытпауымыз қажет. Сондықтан, виктимизацияның жағымсыз немесе басым факторларының ықпалы басым болады [16, 322].  

Қарастырылған бала тұлғасынан ықпал ету факторларының  нәтижесінде, жеткіншек виктимді болып  қалуы ықтимал. Виктимділік –  өз алдына жағымсыз құбылыстар құрбаны болуға бейімділік. Адам әлі ондай болған жоқ, бірақ оның тұлғасында белгілі бір жағдайларда ондай ететін белгілі бір қасиеттер бар.

Жалпы айтатын  жағдай, қазіргі балалар мен жеткіншектердің  генетикалық, демографиялық және жекелік  психологиялық қасиеттерінің жиынтығы әдетті өмір ортасының елеулі өзгерістерінде оларда осы әдетті жағдайлар өзгерісінде  қолайсыздықтарға әлсіз ететін тұлғалық белгілер қалыптастырады.

Балалар мен жеткіншектерде виктимизация факторларын  бағалау және олардың ортасында  қатерлі топты жасау барысында  олардың өмір сүру ортасының макроортасының маңызды өзгеруі ерекше орын алады. Ауылды жерлерді урбанизациялау, жағымсыз сипаттағы экологиялық өзгерістер, әскери әрекеттер мен қарулы қақтығыстар, экономика мен саяси экономиканың радикалды қайта құрылуы. Бірақ олар ересектерге қарағанда, балалар мен жеткіншектерге күшті әсер етеді. Виктимизация процесстері микроорта өзгерісінің алғашқы кезеңдерінде жылдам жүреді, белгілі болғандай жағымсыз салдары байқалады.

Жеткіншектер арасында суицидті мінез-құлық ауытқуын тарихи-педагогикалық талдау