Жеткіншектердің ересектермен арақатынасы

орталық қазақстан академиясы

Жеткіншектердің ересектермен арақатынасы

Реферат

 

Айтжанова Жұлдызай Айбарқызы

 

 

 

                                                                             2015жыл




 

 

                                                     Жоспар:

  1. Жеткеншектер кезеңі.
  2. Жеткіншек пен ересек арасындағы қарым-қатынас ерекшеліктері.
  3. Жеткіншек пен ересек арасындағы талас-тартыс, оның себептері.
  4. Жасөспіріммен тұлғааралық қарым-қатынас орнатуда ұсынылатын кеңестер.
  5. Қолданылған әдебиеттер тізімі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жеткіншек жас кезеңі адам тұлғасының қалыптасуында маңызды кезең болып табылады. Дәстүрлі түрде бұл кезең тәрбиелік қатынасқа қиындықтар тудырытын кезең болып табылады. Ғылыми білімдер жүйесінде жеткіншектерді зерттеумен байланысты мәселелер кешеніне көп көңіл бөлінеді, мәселелер әртүрлі деңгейде және мазмұнда болады. Осы жас кезеңдегі даму көздері, жағдайлары және механизмдерін танып білу тұтастай дамудағы онтогенетикалық заңдылықтарды ашуға негіз бола алады. Қазіргі кездегі зерттеулер жеткіншектік жастың ерекшеліктері мен қасиеттері жайлы үлкен материалдар жинақталды, ол өз кезегінде осы маңызды психикалық кезеңнің ерекшеліктерін қазіргі қоғамның жағдайларында зерттеуге қажетті базаның пайда болуына ықпал етті. Мәдениеттің нақты-әлеуметтік шарттарына, дәстүрлеріне сәйкес бұл өтпелі кезең әртүрлі мазмұнда әрі, әртүрлі ұзақтықта орындалуы мүмкін. Қазіргі таңдағы қоғам жағдайларына сәйкес бұл кезең шамамен 10-11 жастан 14-15 жасқа дейінгі аралықты қамтиды. Жалпы, балалардың мектептегі орта буында оқуымен сәйкес келеді. 
 
Жеткіншектік жас кезеңнің психологиясы тақырыбы әрдайым өзекті болып табылады. Бірақ жеткіншектердің әрбір ұрпағы осы кезеңді басынан өткізеді және де қоғам дамуының тарихи жағдайларына сәйкес өз мәселелерін өз бетінше орындауға тырысады.  
 
Жеткіншектік кезеңді М. Мұқанов баланың дамуындағы ерекше орны бар «өтпелі», «бетбұрыс», «қиын», «сыналатын» кезең деген атауларында бейнеленген деп көрсетті. Бұл атауларда осы жастарда болатын,өмірдің бір дәуірінен екіншісіне өтумен байланысты даму процестерінің күрделілігі мен маңыздылығы айтылған. 
 
Біз жеткіншектің «мен» деген қасиетін жете түсіну үшін оның үлкендермен қарым-қатынастарына, әсіресе екі ортада кездесетін қайшылықтарына тоқталсақ. Қайшылық жеткіншектің есейіп қалуы мен үлкендердің оған бала деп қарауының келіспеушілігінен болған. Ал қайшылықтың нәтижесінде сол жағдайдан қалай құтылуды білмеуді дағдарыс дейміз. Дағдарыстың жеткіншек жасындағы бұл түрі бөбектердің дағдарыс кезеңінен әлдеқайда басым болады. Дағдарыс дегеннің мағынасы қиын жағдайда тап болған кезді одан қалай шығуын білмеуді білдіреді. 
 
А.Г.Ковалев дағдарыс кезі жеткіншектің жасына орай келмейді, онымен үлкендер арасындағы қатынастың бұзылуынан пайда болды дейді. Осылай деу дағдарыс кезі жеткіншекте тіпті кездеспей, ол сергелдеңге ұшырамауы мүмкін. Демек, жеткіншектің үлкендермен қатынасы жақсы болып келсе, онда дағдарыс кезі кездеспейді. Осы пікірге түгелдей қосылу қиын: біріншіден, дағдарысқа ұшырайтын үлкендер емес, жеткіншектің өзі. Екіншіден дағдарыс үлкендердің оған қатынасына риза болмаудан кездессе де, мұның өзі тек 11-16 жас арасында болып отыр. Егер А.Г.Ковалевтың айтқаны дұрыс болса, дағдарысқа ұшырау 7-10 немесе 16-18 жастарда да кездесуі ықтимал болар еді. 
 
Жеткіншек үлкендерден өзінің есейгенімен,өзбеттілігімен санасуын әр сала бойынша талап етеді. Қыздар киім киюде, не өзін күтуде, ұл бала тиісті міндеттерді өз еркімен,орындағысы келеді. Осыған әуелгі кезде туған-туысқандары қарсы шығады. Бұлардың қарсы шығатын себебі, баласына сенім білдіргісі келмегеннен емес,оны «бала» деп бәлендей істі не тапсырманы бүлдіріп алады ғой деуінен. Бірақ жеткіншек осыған түсінбей «мені бала деп сенбей отыр»,- дейді. Егер осындай қатынас көп созылса, жеткіншек пен үлкен адамдар арасында түсінбеушілік туып, бала ызаланып, ерегесуге, не негативті халде болып, үлкендер не айтса да соны орындамауға тырысады. 
 
Екі арадағы қайшылықты кім жеңеді дегенде, жеткіншектің талабы жаңа болғандықтан, сол жеңеді деуге болады. Осындай екі арадағы түсінбеушілікті неміс психологы К..Левин «ойлық бөгет» деп атаған. Мұны солай деуінің себебі жеткіншек пен үлкендер арасында түсінбеушілік болып, бөгет салынған соң, енді үлкендердің сөзіне құлақ аспайды. Сондықтан жеткіншекке тіл алдыру үшін алдымен сол бөгетті жою керек, ал бөгетті жою оңай емес. 
 
Жеткіншектің үлкендерді түсінбеуі, кейін оны жанжалға, не сергелдеңге апарып соғады. Мұндай оқиғалар, әсіресе қалалық жерлердегі отбасыларда жиі кездеседі. Көпшілік жұрттың мақсаты үлкендердің абыройын төкпей,тіпті осылардың өзі жауапты болғанда да,қайткенде де арашалау болып табылады. 
 
Жалпы алғанда жеткіншектің үлкендерге қоятын талабын түгел қате деуге болмайды: біріншіден, үлкендер өзінің өмір баяның мысал ретінде келтіріп, «біз жас кезімізде мынадай болып едік..» деп, өзі сол кезде қандай болса, баласы да сондай болуы тиіс десе,қателескен болар еді. Себебі үлкендердің жас кезі мен жеткіншектің қазіргі жас кезіндегі жағдайлар мен талаптар бір емес. Екіншіден, бір кісінің үйренген,не қиыншылықты жеңуге қолданған тәсілдерді өзгелердің игілігіне барлық жағдайда сіңе бермейді.  
 
Бала ересектермен қарым-қатынастың белгілі бір кезеңінде жағымды эмоциялық қатынаста тапшылықты сезінсе немесе осындай қатынаста қандай да, бір ауытқулар байқалса, оның дамуында тежеушілік пайда болады. Бұл Н.М.Аксаринаның, Е.К.Когбериннің т.б. зерттеулерінде дәлелденді.  
 
Жеткіншекте ересектер тобына өтуге және үлкендердің балаларда жоқ кейбір артықшылықтармен пайдалануға деген ұмтылысы болады. Алайда ересектер оны әлі қабылдамағандықтан ол топтар арасындағы жағдайда болып шығады. Қиыншылықтардың деңгейі мен талас-тартыстардың болуын Левин қоғамда балалар тобы мен ересектер тобының қатаң бөлінуіне және жеткіншектер топтарының аралығындағы жағдайда болатын кезеңнің ұзақтығына байланысты етіп қояды. Левиннің жеткіншектің «өз орнын таппауы» туралы идеясын қазіргі уақытта Д.Коулмен және басқа шетел пстхологтары дамытуда. Олар жеткіншектердің ерекше бір «суб мәдениеті» бар дегенді,яғни ересектер қоғамында жеткіншектер қоғамы бар дегенді айтады. Инфармацияның орасан зор тасқыны,көптеген ата-аналардың бос уақытының аздығы және осының мүмкін салдары ретінде балалардың дербестікке ерте жетуі, жолдастармен қарым-қатынастың жедел дамуы мен жыныстық толысудың акселерациясы. 
 
Жеткіншектердің ересектігінің дамуындағы жалпы бағыт әр түрлі және әрбір бағыттың көптеген түрлері болуы мүмкін. Мәселен, қайсыбір «интелектуал» үшін өмірде ең басты кітап пен білім болады,қалғанының бәрін де ол әлі «нәресте» десе енді бір нағыз «интеллектуал» үйде электроника туралы мақалаларды оқып,радиотехникамен әуестенсе де, сабақты түк бітірмейді, модадан қалып қоймаумен төтенше шұғылданып, өмірдің мәнінен бастап ең шебер шаштараз туралы мәселеге дейінгі барлық жайлар жөнінде әңгімелесуге болатын ересек жасөспірімдермен сөйлескенді артық көреді: Үшінші бір «интелектуалды» ересектіктің сыртқы көріністері онша қызықтырмайды, бірақ ол шешесінің сүйеніші,өзін ерлік қасиеттерге тәрбиелейді, ал қыздарға келгенде, осы қыздардың пікірінше, өзін балаша ұстайды, галстугін тартқылап, шаштарын ұйпалап кетеді. Бір өлшем ұқсас осы үш вариантта ересектіктің дамуы әр қилы болады да, бұл орайда мазмұны әр түрлі өмірлік игіліктер қалыптасады: біреу үшін маңыздылық енді бірге құны жоқ. Жеткіншектік кезеңнің маңыздылығы адамның жеке басының моральдық және әлеуметтік негіздері қолданады және олардың қалыптасуының жалпы бағыты белгіленеді. Жасөспірімдік шақта олардың қалыптасуы жалғасады.

Жеткіншектік шаққа аяқ басқан баланың жеке басының қалыптасуындағы түбегейлі өзгерістер сана-сезімнің дамуындағы сапалық өзгеріспен анықталады, осының арқасында бала мен ортаның арасындағы бұрынғы қатынас бұзылады. Жеткіншектің жеке басындағы басты және өзіне тән жаңа құрылым оның өзі туралы енді бала емеспін дейтін түсініктің пайда болуы болады,ол өзін ересекпін деп сезіне бастайды, ересек болуға және өзіне жұрттың осылай деп қарауына ұмтылады. Ересектік сезімі деп аталған бұл ерекшеліктің өзіне тән белгісі жеткіншек өзін балалар қатарынан шықтым деп санайды, бірақ төңірегінділер менің ересек болғанымды таныса,деген қажетсіну бар болғанымен, онда шынайы, толық ересектікті сезіну әлі болмайды. Ересектік сезімі сана-сезімнің өзіне тән жаңа құрылымы ретінде жеке адамның өзекті ерекшелігі, оның құрылымдық ортасы болады, өйткені ол жеткіншектің өзіне, жұртқа және дүниеге деген жаңа өмірлік көзқарасын білдіреді,оның әлеуметтік белсенділігінің өзіне тән бағыты мен мазмұнын, аффективтік ықпалдардың жүйесін анықтайды. 
 
Жеткіншектің өзіне тән әлеуметтік белсенділігі ересектер дүниесіндегі және олардың қарым-қатынастарындағы бар нормаларды,құндылықтар мен мінез-құлық тәсілдерін меңгеру алғырлығы болып табылады. 
 
Жеткіншектің жаңа құқыққа ие болмақ тілегі ең алдымен ересектермен қарым-қатынастың бүкіл санасын қамтиды. 
 
Жеткіншек бұрын ынталана орындайтын талаптарға қарсыласа бастайды; өзінің дербестігін тежегенге және жалпы алғанда «кішкентай бала сенімді» қамқорлық жасап, бағып-қаққанға, тіл алуды талап етіп, жазалағанға оның мүдделерімен,көзқарастарымен,пікірімен санаспағанға, т.б. ренжіп, қарсылық көрсетеді. Жеткіншекте өзінің қадір-қасиетін анық сезіну шығады,ол өзін кемсітуге, дербестікке деген құқығынан айыруға болмайтын адаммын деп ұғынады. Ересектермен қарым-қатынатың балалық кезде болған типі жеткіншек үшін енді қолайсыз,оның өзінің ересектік дәрежесі туралы түсінігіне сәйкес келмейтін болады. Ол ересектердің құқықтарын шектейді де,өз құқықтарын ұлғайтады, өзінің жеке басы мен адамдық қадір қасиетін құрметтейді, сенім білдіріп, дербестік берілуін яғни ересектермен айқын тең құқықтылықты талап етіп, оларға мұны мойындаттыруға тырысады. Жеткіншектің қарсылығы мен бағынбауының әр түрлі формалары ересектермен қарым-қатынастарына тән типіне өзгерту амалы. Жеткіншектің ересектігі сезімнің және төңірегіндегілердің оны мойындауын қажетсінуінің пайда болуы ересек пен жеткіншектің бір-бірімен қарым-қатынастарындағы құқықтарының мүлдем жаңа мәселені туғызады. Жеткіншектік кезеңнің маңыздылығы мен ерекше орын баланың қарым-қатынасына тән,саналық тұрғыдан жаңа типіне өту жүзеге асады.  

Жеткіншек пен ересек арасындағы қарым-қатынас ерекшеліктері. 
 
Жеткіншектік кезеңнің маңыздылығы мен ерекше орын айқындайтын жай сол,  
нақ осы уақытта ересек адам мен баланың қарым-қатынасының балалық шаққа тән типінен ересек адамдардың қарым-қатынасына тән, саналық тұрғыдан жаңа типіне өту жүзеге асады. Бұл өту жеткіншек пен ересектің жаңа тәсілдерін қалыптасу процесі ретінде болады. Ескі тәсілдерді жаңалары біртіндеп ығыстырады, бірақ олар қатарла сып та жүреді. Мұның өзі ересектерге де, жеткіншекке де көп қиындық келтіреді. Ересектермен қарым-қатынастың жаңа нормалары – жеткіншектің қалыптасып келе жатқан этикалық дүниетанымының маңызды мазмұны.  
 
Егер ересектің өзі инициатива білдірсе, немесе жеткіншектің талаптарын ескеріп, оған деген қарым-қатынасын қайта құрса, қарым-қатынастардың жаңа типіне өтудің сәтті формасы болуы мүмкін. Мұның шарты ересек адамның жеткіншекке әлі бала деп қарамауы болмақ . Алайда бірқатар мәнді жағдайлар бұрынғы қарым-қатынастардың сақталуына қолайлы болады, атап айтқанда, бұл жағдайлар мыналар: 
 
Жеткіншектің қоғамдағы жағдайының өзгермеуі, ол мектеп оқушысы болған, ол әлі де сол қалпында қала бермек. 
 
Оның материалдық жағынан ата-анасына толық тәуелділігі, ата-анасы мұғалімдермен қатар тәрбиешілер рөлін атқарады. 
 
Ересек адамның баланы бағыттап және тексеріп отыру, бақылау әдеті ( қажеттігін ұғынған күнде де, бұл дағдыны бұзу қиын ) . 
 
Жеткіншектің бет-әлпеті мен мінез-құлқында балалық белгілердің сақталып, оның өздігінен іс-әрекет жасай алмайтындығы.  
 
Осының барлығы ересек адамға жеткіншекті бағынуға, тіл алуға титісті баладай қарауға мүмкіндік береді және жеткіншектің құқылары мен дербестігін ұлғайту қажет емес әрі жөнсіз дегенді ақтайды. Алайда ересек адамның мұндай көзқарасы жеткіншектің талаптарына қарсы келіп қана қоймайды, балалықтан ересектікке өтетін осы шақта балаларды тәрбиелеу, міндетіне де қарсы келеді. Жеткіншектің әлеуметтік есеюін дамыту болашақ өмірге даярлау үшін қоғамдық тұрғыдан қажет. Мұның өзі күрделі процесс, уақытты талап етеді және жеткіншек ересектерге арналған нормалар мен талаптар жүйесінде өмір бастаса мүмкін болады; ал бұл дербестікті қажетті әрі міндетті түрде арттырумен, міндеттер мен құқықтарды ұлғайтумен байланысты. Тек осындай жағдайда ғана жеткіншек ересектерше іс-әрекет етуге, ойлауға, алуан түрлі міндеттерді орындауға, адамдармен қарым-қатынас жасауға үйрене алады. Нақ осы себептен де жеткіншекті тәрбиелеу міндеті ересектермен қарым-қатынастардың бұрынғы типін жаңамен ауыстыруды талап етеді.  
 
3. Жеткіншек пен ересек арасындағы талас-тартыс, оның себептері. 
 
Жеткіншек кезеңнің басында егер ересек адамда жеткіншекке әлі бала деп қараса, қарама-қарсылықтар тууы мүмкін болатын жағдай қалыптасады. Әлгіндей көзқарас, бір жағынан, тәрбиелеу міндеттеріне қайшы келіп, жеткіншектің әлеуметтік есеюінің дамуына кедергі жасайды, ал екінші жағынан, жеткіншектің өзін ересекпін деп санайтын түсінігі мен оның жаңа құқыларды талап етуіне қайшы келеді. Міне, нақ осы қайшылық ересек пен жеткіншектің қарым-қатынасындағы талас-тартыстар мен қайшылықтардың қайнар көзі болып табылады. 
 
Егер ересек адам жеткіншекке деген көзқарасын өзгертпесе, онда жеткіншектің өзі қарым-қатынастардың жаңа типіне өтудің инициаторы болып табылады. Ересектің қарсылығын жеткіншектің тіл алмау мен қарсыласудың алуан формалары түріндегі жауап қарсылыққа кезігеді. Бұл қарама-қарсы тенденциялардың болуы мен бір-біріне қарсылық қақтығыстар туғызады, ересек адам өз көзқарасын өзгертпесе олар жиілеп, жеткіншектің қарсыласуы барған сайын табанды бола түседі. Мұндай жағдай сақталатын болса, бұрынғы қарым-қатынастарды бұзу бүкіл жеткіншектік кезеңге созылып, әдетке айналған талас-тартыс форма сын алуы мүмкін. Бағынбау мен қарсыласудың әр түрлі формалары арқылы жеткіншек ересектермен бұрынғы, “балалық” қарым-қатынастарды бұзады да, болашағы бар жаңа “ересектік” қатынастарды таңады.Талас-тартыс- ересек адам жеткіншекке деген көзқарасын өзгерткенше жалғасуы мүмкін. Талас-тартысты қатынастар жеткіншектің мінез-құлқының бейімделгіштігі мен эмансипациясы формаларының дамуына қолайлы жағдай жасайды. Жатсыну, ересек адамның әділетсіздігі туралы сенім пайда болып, оған өзін ересек адам түсінбейді, түсіне де алмайды деген түсінік пайда болады.  
 
Талас-тартыс - ересек адамның жеткіншектік кезеңде жеке адамның дамуымен санасуға, жеткіншекке өз жанынан жаңа орын тауып беруге қабілеті жетпегендігінің немесе оған ынтасы болмағандығының салдары. Жеткіншектердің ересектермен қатынастарындағы дербестігі мен тең құқылығы мәселесі- олардың қарым-қатынасындағы және жалпы алғанда жеткіншекті тәрбиелеудегі ең күрделі әрі шұғыл мәселе.  
 
Егер ересек пен жеткіншектің арасындағы қарым-қатынас ересектер қарым-қатынасының белгілі бір типі бойынша мазмұнды достық ынтымақ, бұған тән өзара сыйластық , сенім, көмек нормаларына сәйкес құрылса, онда ересек пен жеткіншектің қарым-қатынасында оған тән қиыншылықтары болмауы мүмкін. Жеткіншекке ересек адам тарапынан түсінушілік қажет.  
 
Ересек пен жеткіншектің арасындағы қатынастардағы сәттіліктің олардың арасындағы байланыс пен түсініктің әбден қажет болатын тағы бір себебі:  

    •  
      Жеткіншектік кезеңнің басталуында баланың ересектермен және жолдастарымен, құрдастарымен қарым-қатынастарының екі жүйесі арасындағы күрделі қарым-қатынастар үшін жағдайлар жасалынған.
    •  
      Мұның бірінші себебі, баланың осы екі жүйеде принципті тұрғыдан жағдайының әр түрлі болуы.
    •  
      Жолдастарымен, құрдастарымен қатынаста ол принципті теңдік жағдайында болады. 

Балалар үшін ересектердің өздері маңызды әрі қызықты деп санайтын істер мен іс-әрекеттерге қатынасу неғұрлым тартымды. Кішкентай жеткіншектер ересектің көмекшісі роліне әбден риза, ал неғұрлым естияр болған сайын ол уақытша болса да, жұмыстың қай учаскесінде болса да ересектің орнын толық ауыстырып, әйтеуір мүлдем дербес іс-әрекет жасауға ерекше қуанышты болады. Бұл жеткіншекті жаңа жетістіктерге ұмтылдырады. Ересектермен іскерлік ынтымақ ересектіктің көрінуінің игілікті формасы үшін жағдай жасайды. Мұндай ынтымақ әрбір жеткіншектің өмірінің маңызды әрі ұнамды мазмұны бола алады және болуға тиіс те. Жеткіншек өзіне ересектердің сенім білдіргенін сезініп, өз еңбегінің пайдалылығын көрсе, іскерлік көрсетіп, ынтымақ болады. Тәрбиешілер жеткіншектің үлкендерге көмекшісі позициясын белсене қалыптастырып, оны барынша қолдап, нығайтып отыруы керек. Мұндай позицияның болуы жеткіншекте шын мәніндегі әлеуметтік-моральдық ересектіктің және жеке адамның көптеген құнды адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуы үшін өте маңызды.

 

Жеткіншек жас кезеңінде балалар санасында үлкендік сезімнің нығайуымен байланысты жаңа праволарға ие болмақшылық тілегі ересектермен қарым-қатынастың барлық салаларын қамтиды. Жеткіншектер бұрын ынталана орындап жүрген талаптар қойылғанда оған қарсық мінез көрсете бастайды: өзінің дербестігін тежегенге және жалпы алғанда «кішкентай бала секілді» қамқорлық жасап, бағып-қаққанға, жүріп-тұрғанын бақылағанға, баладан үлкендердің тілін алуды және ешқандай сынамай орындауды талап етіп, орындалмаған нәрселерге жазалағанға, кіммен жолдас-жора болуын таңдауына, оның барлық мүдделерімен, көзқарасымен, пікірімен санаспағанға, ретсіз кеңес бергенге т.с.с. қамқорлықтар түріне ол ренжіп, қарсылық көрсетеді. Жеткіншекте өзінің қадір-қасиетін анық сезіну арқасында ол өзін кемсітуге, дербестікке деген правосынан айыруға болмайтын адаммын деп ұғынады. Ересектермен қарым-қатынастың балалық кезде болған типтері (баланың ересектермен қатынасындағы тең правосыздық жағдайын бейнелейтін) жеткіншек үшін енді қолайсыз, оның өзінің ересектік дәрежесі туралы түсінігіне сәйкес келмейтін болады. Осы жағдай ересектердің жеткіншекке қатынасты праволарын шектейді де, өз праволарын ұлғайтады, өзінің жеке басы мен адамдық қадір-қасиетін құрметтейді, сенім білдіріп, дербестік берілуін, яғни ересектермен айқын тең праволылықты талап етіп, оларға мұны мойындаттыруға тырысады.

 

Жеткіншектің қарсылығы мен бағынбауының әр түрлі формалары кездеседі - көбінесе олар ересектермен қарым-қатынастардың бұрынғы типін жаңа деңгейде, ересектердің қарым-қатынастарына тән типіне өзгерту амалдарын пайдаланады. Жеткіншектің ересек сезімі өзінің төңірегіндегілердің оны үлкен деп мойындауын қажетсінуінің пайда болуына байланысты ересек пен жеткіншектің бір-бірімен қарым-қатынастарындағы праволарының мүлдем жаңа проблемасын туғызады. Жеткіншектік кезеңнің маңыздылығы мен ерекше орын айқындайтын жай сол, нақ осы уақытта ересек адам мен баланың қарым-қатынасының балалық шаққа тән типінен ересек адамдардың қарым-қатынасына тән, саналық тұрғыдан жаңа типіне өту жүзеге асады. Бұл өту жеткіншек пен ересектің әлеуметтік өзара іс-әрекетінің жаңа тәсілдерін қалыптасу процесі ретінде болады. Ескі тәсілдерді жаңалары біртіндеп ығыстырады, бірақ олар қатарласып та жүреді. Мұның өзі ересектерге де, жеткіншекке де көп қиындық келтіреді. Ересектермен қарым-қатынастың жаңа нормалары — жеткіншектің қалыптасып келе жатқан этикалық дүниетанымының маңызды мазмұны болып орын алады.

 

Егер ересектің өзі инициатива білдірсе, немесе жеткіншектің талаптарын ескеріп, оған деген қарым-қатынасын қайта құрса, қарым-қатынастардың жаңа типіне өтудің сәтті формасы орын алуы мүмкін. Мұның шарты – ересек адамның жеткіншекке әлі бала деп қарамауы болмақ. Алайда бірқатар мәнді жағдайлар бұрынғы қарым-қатынастардың сақталуына қолайлы болады, атап айтқанда, бұл жағдайлар мыналар:

      1) жеткіншектің жасы өсіп, жыныстық жетілуіне қарамастан оның қоғамдағы жағдайының өзгермеуі, ол мектеп оқушысы, әлі де сол қалпында қала бермек;

2) жеткіншектің материалдық  жағынан ата-анасына немесе олардың  орнындағыларға толық тәуелділігі, ата-анасының мұғалімдермен қатар  қатал тәрбиешілер ролін атқаруы;

3) үлкендердің баланы  багыттап және тексеріп отыру, бақылау әдетінен шықпағандығы (қажеттігін  ұғынған күнде де, бұл дағдыны  бұзу қиын);

4) жеткіншектің бет-әлпеті  мен мінез-құлқында балалық белгілердің  сақталып, оның өздігінен іс-әрекет  жасай алмайтындығы.

 

Осының бәрі жеткіншектердің неше түрлі мінез көрсетуіне, тіл алуына кедергі жасайды.

Өйткені жеткіншектер өздерінің праволары мен дербестігін ұлғайту қажеттігін іске асыру жолдарын іздеп, оны өздерінше ақтайды. Алайда ересек адамның мұндай көзқарасы жеткіншектің талаптарына қарсы келіп қана қоймайды, балалықтан ересектікке өтетін осы шақта балаларды тәрбиелеу міндетіне де қарсы келеді. Жеткіншектің әлеуметтік есеюін дамыту, болашақ дербес өмірге даярлау – қоғамдық тұрғыдан өте қажетті проблема. Мұның өзі күрделі процесс, ол уақытты талап етеді және жеткіншек ересектерге арналған нормалар мен талаптар жүйесінде өмір сүре бастаса ғана оны жүзеге асыру мүмкін болады. Тек осындай жағдайда ғана жеткіншек ересектерше іс-әрекет етуге, ойлауға, алуан түрлі міндеттерді орындауға, адамдармен қарым-қатынас жасауға үйрене алады. Нақ осы себептен де жеткіншекті тәрбиелеу міндеті ересектермен қарым-қатынастардың бұрынғы типін жаңамен ауыстыруды талап етеді.

 

Бұл талаптар орындалмауымен байланысты жеткіншектерде мінез акцентуациясының көптеген түрлері орын алады. Мінездің акцентуациясы дегеніміз мінездің жеке көріністерінің күшейтіп, норманың шегіне шығу нәтижесі. Адамға мінездеме бергенде оның не істегенін ғана айтып қоймай жұмысының сапасын, басқа адамдармен қарым-қатынасын ерекше көрсетеді. (қалай орындағаны үлкен роль атқарады). Біреулер жалқау, ұяң, бірақ сиысымды, көпшілікті сыйлайды, ізеттілік көрсетеді. Ал біреулер іскер, қатал, тілектестік білдіреді, бірақ жұмысты сапалы орындауды талап етеді. Үшіншілер аз нәрсені шала істеп оны жұртқа түгел мәліметтеп шығады, басқалардың табысын көре алмайды, ашушаң, ызақор, сыйымсыз болады.

Жеткіншектермен қарым-қатынас жасауда кездесетін қиыншылықтар осы жастың психологиялық ерекшеліктерімен байланысты: қозудың жоғары болуы, нерв жүйесінің тұрақсыздығы, организмде болып жатқан өзгерістердің жылдамдығы, талап дәрежесінің, өзін-өзі бағалауының жоғары болуы, өзіне сенімділігін т.б.

Жеткіншектердің бір-бірімен қарым-қатынасында мына жағдайлар дамиды:

- идентификация (ұқсату);

- бір-бірін  түсіну қабілеті;

- бір-біріне  қажет екендігін сезіну.

Бір-бірімен қарым-қатынас орнату келесі қажеттіліктерді жүзеге асыруға ықпал етеді:

- өзін  таныта білу (ересектер өміріне  қатынасып сезіну, өзіне сенімділігі);

- өзімен-өзі  қатынас орнату (нақты «мен» және  қиялдағы «мен»);

- жауапкершілік;

- сезімді  қорғаныс.

Жеткіншектердің өз құрдастарымен қарым-қатынас жасау мотивтері де өзгереді:

- 4 сыныпта өз құрдастарымен бірге  болу ықыласы пайда болады (мысалы, бірге ойнау, бірге бір нәрсені  орындау, жасау...);

- 5-6 сыныптарда қарым-қатынас мотиві - өз құрдастарының арасында арнайы орын табу болып табылады;

- 7-8 сыныптарда негізгі мотив жеткіншектің құрдастарының тобында дербес болуға ұмтылуы (өзінің бағалы екен-дігін мойындауға ұмтылыс).

Жеткіншектер мына жағдайларды меңгереді:

- 5-6 сыныптағы жеткіншектер – ересектерді  сыйлау ептілігі, бағыну ептілігі (айтқанды орындау);

- 7-8 сыныптағы жеткіншектер - кішілерге  қамқорлық жасау, ілтипаттылық, лидер  болуға ұмтылыс.

Жеткіншектер сенімді қарым-қатынасты мұқтажданады, содан кейбір қыздар күнделік арнай бастайды. Зертеулерге қарағанда, күнделік жазу стрессті түсіруге ықпал етеді, эмоциялық дискомфорттан құтылуға көмектеседі.

Жеткіншек жасындағы жаңа құрылым бұл өзін-өзі бағалауы. Адамның өз дене күшін, ақыл-ой қабілетін, іс-әрекет мотивтері мен мақсатын, айналасындағы адамдармен қарым-қатынасын сезінуі өзін-дік бағалау арқылы жүзеге асырылады. Өзіндік бағалаудың ерекшелігі көптеген сезімдердің ерекшеліктеріне, жеке тұлғаны тәрбиелеу қарым-қатынасы мен талаптану деңгейіне тәуелді.

Ересектер жеткіншектерді мына жағдайларға үйретулері қажет:

- өзін-өзі  тәрбиелеу мақсатына байла-нысты  міндеттерді қою;

- өзбетінше  мақсатты тұжырымдап, оны шешу  жолын елестету;

- нақты  жағдайларда мақсатты түсі-ніп, сезе  білу;

- перспективті  мақсаттардың жүйелі-лігін анықтау: жақын, орташа, ұзақ;

- мақсат  қойғанда оған жету дәре-жесін  ескеру;

- мақсатты  жүзеге асыруда, тәсілдер мен  жолдарды таңдай білу;

- мақсатқа  жетуде кездесетін қиын-шылықтарды  жеңудің жолдарын анықтай білу;

Мақсатты қоюдағы осындай епті-ліктер жеткіншектердің ерікті әрекетін дұрыс бағытта дамытады.

Өте жиі ата-аналар жеткіншектер тарапынан дөрекілікті көреді. Дөрекілік ата-аналардың ойланбай қойған талап-тарынан шығады:

а) жеткіншектің қызығуы мен ынтасы ескерілмейді (мысалы, бала бір нәрсені құрастырып жасады, ол балаға өте маңыз-ды. Ал, ата-ана жасалған іс-әрекетті ақыл-сыздық деп, балаға маңызды, қажетті іс-әрекетпен айналысуды ұсынады).

ә) ата-ананың жеткіншектен тез арада іс-әрекетті орындауын талап етуі (қандай да болмасын іс-әрекетті орындау үшін адам соған алдын-ала икемделуі қажет. Ең дұ-рысы, жеткіншектің қай тапсырманы бас-тап орындау қажет екендігін өзі анықтап алуы).

б) құрбы-құрдастарының көзінше нұсқаудың берілуі (мысалы, шарфты байла, әйтпесе ауырып қаласың!).

в) баланы мазақтау, келеке ету.

г) ата-ананың баладан үзілді-кесілді тапсырманы орындауын талап етуі (оның есейіп қалағанын ескермеу).

д) баланың намысына тисетін сөздерді қолдану, жеткіншекте қорғаныс реакциясы пайда болады (баланың дөрекі түрде сөз қайтаруы).

Қорыта айтқанда, баланың өсіп жетілуінде жеткіншек жасының алатын орны ерекше. Осы жас кезеңінде балаларға арнайы көңіл бөлу қажет. Өйткені осы жеткіншек жас шағында бала ағзасында жүретін күрделі өзгерістер кейде баланың бұрынғы ерекшеліктерін, қарым-қатынастарын, өмірге деген көзқарасын түбірінен өзгертеді.

 

Жасөспіріммен тұлғааралық қарым-қатынас орнатуда ұсынылатын кеңестер:

1.Шыдамдылық танытыңыздар.

Балаға әр уақытта  қолдау көрсетіп, шыдамдылық, сабырлық танытыңыз. Егер  ұрса берсеңіз, араларыңыздағы сенімділіктің  жоғалатынын ұмытпағаныз абзал. 

2.Сенімділік қарым-қатынасын орнату

Сенімділік таныту – жасөспіріммен  қарым – қатынастағы  ең  маңызды  аспект. Бала жасөспірім шақта ата- анасынан алшақтай түседі. Оның өз сырлары, жеке істері пайда болуы  мүмкін. Ол  оған ересектерді араластырмайды. Балаңыздың есейіп келе жатқанын  ұмытпаңыз. Оның өз өміріне  құқығы бар екенін естен  шығармаңыз.

3.Эмоцияңызға еркіндік бермеңіз.

Сіздің балаларға әсерініз, ықпалыңыз көбінесе өз көңіл -  күйінізге байланысты болады. Сондықтан ашуланбай, өзіңізге қолға ашып, сабырлықпен тыңдаңыз.

4.Себебін анықтамай жатып, қатты ұрыспаңыз

Мінез – құлықтағы өзгерістердің өз алдына себептері болады. Сондықтан әрбір әрекеттің түрткісін анықтап, себебін біліп алған жөн.

5.Өз әрекеттеріңізді  қадағалап, тұрақтылық танытыңыз.Егер мақсатқа  қол жеткіземін десеңіз, әрекеттеріңізде ретттелік, тұрақтылық танытыңыз. Уәделеріңізге берік болыңыз.

6.Баланың өз бетімен өзгеруіне қызықтырыңыз.

Өзінің жақсы жаққа  өзгеруіне қызығушылық білдірген  балаға ғана көмектесуге болады. Сонда ғана ол өзіне осындай мүмкіндік беретін адамдармен ғана  қарым- қатына жасалады.

7. Мәмілеге (компромис) келуге дұрыс шешім  қабылдауға тырысыңыз

Әрбір  өзгерістің қуаныш әкелетінін  естен шығармаған жөн. Шешім қабылдағанда оның да пікірін ескерту қажет.

8.Мадақтау және жазалау жасалған әрекетіне сай болуы керек

Егер себепсіз жаза қолдансаңыз, балаға үлкен реніш әкелесіз.Кез келген мадақтау немесе жазалау баланаң іс- әрекетіне сай  болуы керек.

9. «Бәрін түсінуге» тырыспаңыз

Кейде балаға түсіністік  емес, тек қолдау қажет.

10.Баланы түсінуге оның мінез-құлығын, тәртібін қолдауды білдірмейді.

Баланың міңез – құлқына деген қарым –қатынасыңызды сыпайы, дұрыс жеткізе біліңіз.

11.Жасөспірімнің ар-намысына және оның «жанды жеріне» аяушылық танытыңыз.Өз балаңыздың құқығын сыйлаңыз. Жасөспірімді келеңсіз жағдайға қалдырмаңыз.

12.Балаға орынсыз көп сөйлемеңіз

Біз өз балаларымыз үшін тірек болып, қолдау көрсетуіміз қажет.

13. Барлық мәселені уақытында шешіп алыңыз.

Барлығын сабырлықпен шешуге тырысыңыз.

14.Өз кемшіліктеріңді балаға жүктеме.

Өз бойыңыздағы кемшіліктерді көріп, түзетуге тырысыңыз.

15.Сәтсіздікті болжамаңыз

Тек жақсылықты болжаңыз.

16.Баланың ересек досы болуға ұмтылыңыз.

Дос ата –ана – бұл көмекші, ақылшы тірек, қорғаушы.

 

 

 

 

Интернет ресурстар:

 

http://kargoo.gov.kz/content/view/44/2071?lang=kz

http://kk.convdocs.org/docs/index-24931.html?page=7

http://kzbydocs.com/docs/108/index-16528.html?page=2

http://www.rusnauka.com/19_AND_2013/Psihologia/8_142424.doc.htm

http://www.vestnik-kafu.info/journal/21/847/

 

 


Жеткіншектердің ересектермен арақатынасы