Жұмыс уақыты және демалыс уақыты
Жұмыс уақыты
Жұмыс уақыты – бұл жұмысшының жұмыс берушінің актілеріне және еңбек келісім-шартына сәйкес қызметтік міндеттерін атқаратын, сонымен қатар Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіндегі жұмыс уақытына қатысты басқа да уақыт кезеңі
Жұмыс уақытының ұзақтығы:
қалыпты (аптасына 40 сағаттан аспауы тиіс)
ртылған
толық емес
Жұмыс уақытына мыналар жатады:
дайындалу-қорытынды жұмыстар (тапсырма алу, материалдар, құралдар, техникалармен, құжатамамен танысу, жұмыс орнын дайындау және тазалау, дайын өнімді өткізу және басқалары);
технология, еңбек ұйымы, еңбекті нормалау және қорғау ережелерінде қарастырылған үзілістер, жұмыс орнындағы немесе жұмысшының өз уақытын дұрыс қалыптастыра алмағандағы күту уақыттары, мейрам және демалыс күндеріндегі кезекшілік;
еңбек, ұжымдық келісім-шарт, жұмыс берушінің актілерімен немесе Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен анықталған үйде кезекшілік ету және бюасқа да кезеңдер.
Жұмыс уақытын қысқарту төмендегі тұлғалар үшін бекітіледі:
он сегіз жасқа жетпеген жұмысшылар;
ауыр жұмыстарда, зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті еңбек жағдайындағы қызметкерлерге;
бірінші және екінші топтағы мүгедектерге.
Толық емес жұмыс уақыты:
толық емес жұмыс күні
толық емес жұмыс аптасы
күнделікті жұмыс уақытының нормасын бір мезгілде азайту (жұмыс ауысымы) және жұмыс аптасындағы жұмыс күндерін қысқарту.
Назар аударыңыз!
Толық
емес жұмыс уақытымен
жұмыс істеген қызметкердің
жыл сайынғы еңбек демалысы
төлемінің шектелуіне
әсер етпейді.
Жұмыс аптасының түрлері:
Екі демалыс күні бар бес күндік жұмыс аптасы
Бір демалыс күні бар алты күндік жұмыс аптасы
Күнделікті жұмыс уақыты (жұмыс ауысымы):
Бес күндік жұмыс аптасы кезінде – 40 сағаттық апталық норма бойынша 8 сағаттан аспауы тиіс, 36 сағаттық апталық норма кезінде 7 сағат 12 минуттан және 24 сағаттық апталық норма кезінде 5 сағаттан аспауы тиіс.
Алты күндік жұмыс аптасында – 40сағаттық апталық норма кезінде 7 сағаттан, 36 сағат апталық нормада 6 сағаттан және 24 сағат аптаоық норма кезінде 4 сағаттан аспауы тиіс.
өнер және мәдени саланың кәсіби ұйымның шығармашылықпен айналысатын қызметкерлеріне, бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлеріне, спортсмендер, жаттықтырушыларға Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен, жұмыс берушінің актілерімен, ұжымдық және еңбек келісім-шарттарға сәйкес басқа жұмыс уақыты бекітіледі.
Түнгі
уақыт сағат 22.00 -06.00
аралығы болып саналады.
Үстеме жұмыстар:
әрбір жұмысшы үшін тәулігіне екі сағаттан, ал ауыр жұмыстарда, қауіпті (аса қауіпті) және зиянды жұмыстарды атқаратын қызметкерлерге тәулігіне бір сағаттан аспауы тиіс.
айына он екі сағаттан және жылына жүз жиырма сағаттан аспауы тиіс.
Үстеме
жұмысқа жұмылдыру тек
жұмысшынының жазбаша
келісуі арқылы, басқа
жағдайда Еңбек Кодексі
бойынша жүзеге асырылады.
Жұмысшының келісімінсіз үстеме жұмыс мына жағдайда беріледі:
елдің қорғанысына қажетті жұмыстарды өндіруде, сонымен қатар төтенше жағдайлар, табиғи апаттар мен өндірістік апаттардың алдын алуға немесе оларды жоюға байланысты жұмыстар кезінде;
суқұбырлары, газқұбырлары, жылуқұбырлары, энергияқұбырлары мен басқа да жүйелердің қалыпты қызметін бұзатын басқа жағдайларға жол бермеу;
ауысымдағы қызметкер келмеген жағдайда, егер жұмыс міндетті түрде адам ауыстыру арқылы үзіліссіз жүруді талап етсе жұмысты жалғастыу кезінде.
Үстеме жұмысқа мыналар жатпайды:
жүкті әйелдер;
он сегіз жасқа толмаған қызметкер.
Жұмыс уақытына мыналар кіреді:
күнделікті жұмыс уақыты (жұмысшының өтеген және өтелмеген уақыттары кіреді);
үстеме жұмыстар, түнгі уақыттағы жұмыстар, демалыс күндері, мейрам күндері, іссапарлар.
төленетін және төленбейтін уақыттар, сонымен қатар жұмысшының немесе жұмыс берушінің кесірінен жұмыс уақытынан айырылу.
жұмыс
уақытында жұмысшыны басқа орында қызметке
жұмылдыру, сол уақыт мерзімін бекітілген
еңбек келісім-шартына сәйкес есеп құжаттарына
толық жұмыс уақыты ретінде белгілеу.
Демалыс уақыты
Демалыс уақыты - бұл жұмысшының қызметтік міндеттерін атқарудан бос кезеңінде өз қалауынша пайдалана алатын уақыт.
Демалыс уақытының түрлері
жұмыс күні кезеңіндегі үзілістер (жұмыс ауысымы) — демалыс және тамақтану үзілісі; ішкіауысымдық және арнайы үзілістер;
күнделікті демалыс (ауысымаралық);
демалыс күндері (аптасайынғы үзіліссіз демалыс);
мейрам күндері;
еңбек демалыстары.
Демалысқа және тамақтануға берілетін үзілістер
демалуға және тамақтануға берілетін үзіліс демалыс күндерді қоспағанда, күнделікті жұмыс (жұмыс ауысымы) басталғаннан кейін үш сағаттан ерте емес және төрт сағаттан кейін бекітілуі тиіс.
демалуға және тамақтануға берілетін үзіліс демалыс күндерді қоспағанда, күнделікті жұмыс (жұмыс ауысымы) басталғаннан кейін үш сағаттан ерте емес және төрт сағаттан кейін 8 сағаттан көп күнделікті жұмыс жалғасымындағы жұмыс уақытының тұрақсыз жинақталған есебі режимі кезінде бекітіледі.
үзіліс
пен тамақтануға берілетін
үзіліс беруге мүмкіндік болмайтын жұмыстарда жұмыс беруші арнайы жабдықталған орында жұмыс уақытында жұмысшының тынығуына және тамақтануына мүмкіндік беруі тиіс.
Ішкіауысымдық және арнайы үзілістер
жекелеген
жұмыс түрлеріне жұмыс
ашық ауада жылдың суық мезгілінде жұмыс істейтін немесе жылынбайтын кеңістіктерде жұмыс істейтін, сонымен қатар тиеу-түсіру қызметіндегі жұмысшыларға жылыну үшін жұмыс уақытына кіретін арнайы үзілістер береді;
бір
жарым жасқа дейінгі баласы бар
жұмыс істейтін әйелдерге, бір жарым
жасқа дейінгі анасы жоқ
бір баласы барларға, — әр үзіліс отыз минуттан кем емес;
екі немесе одан да көп баласы барлар үшін — әр үзіліс бір сағаттан кем емес.
Жұмысшының өтініші бойынша бала тамақтандыруға қосымша уақыт демалыс және тамақтануға берілетін үзіліске қосылады, немесе келісілген үзілістер жұмыс күнінің басына немесе соңына қарай беріледі (ауысымдар);
баланы тамақтандыруға берілетін үзілістер жұмыс уақытына қосылады;
үзіліс уақыттарында әйелдердің (әкелер, асырап алушылар) еңбек ақылары сақталады.
Жұмысшының күнделікті демалысының ұзақтығы (ауысымаралық) он екі сағаттан кем емес, жұмыстың аяқталуы мен келесі күннің басталуы аралығын қамтиды.
Демалыс күндері
бес күндік жұмыс аптасында жұмысшыларға аптасына екі күн демалыс беріледі, ал алты күндік жұмыс аптасы кезінде – бір күн;
мұсылман күнтізбесі бойынша аталып өтілетін Құрбан-айт, 7 қаңтар – православ Рождествосы демалыс күндері саналады;
өндірістік-техникалық
жағдайларға, халықты үздіксіз қамтамасыз
ету қажеттігі жағдайында үздіксіз
жұмыс істейтін орындар немесе демалыс
күндері тоқтату мүмкін емес өндіріс
орындарындағы жұмысшыларға демалыс
күндер аптаның кез келген күні,
жұмысшылардың өкілдерімен
іссапардағы
жұмысшы бағытталған жұмыс
Демалыс және мейрам күндері жұмыс істеу
Демалыс және мейрам күндері жұмыс істеу үшін жұмыс берушінің ықыласымен, жұмысшының жазбаша келісімі қажет;
Жұмысшының келісімінсіз демалыс және мейрам күндері мына жағдайда жұмысқа жұмылдырылады:
төтенше жағдайларды, табиғи апаттар немесе өндірістік апаттардың алдын алу үшін, немесе олардың салдарын жедел жою үшін
қайғылы оқиғалар, мерт болу немесе мүлікке зиян келтіруді зерттеп алдын алу үшін
ұйымның немесе оның бөлімшелерінің ары қарайғы қалыпты жұмысына әсер ететін жедел, алдын ала жоспарланған жұмыстарды шұғыл орындау үшін.
Демалыс және мейрам күндері жұмыс істеу жұмыс берушінің рұқсаты негізінде жұмысшының ықыласымен беріледі.
Демалыс және мейрам күндері жұмыс кезінде жұмысшының қалауы бойынша басқа күні демалыс беріледі немесе жұмысшының күндізгі сағаттық төлемдерінен тыс, екі еселік мөлшерден кем емес төлем төленеді.
Жұмысшыларды демалыс жән мейрам күндері қызметке жұмылдыру жұыс берушінің актісімен рәсімделеді.
Еңбек демалысы
Еңбек дамалысы - бұл жұмысшыны белгілі бір кезеңде оның орны (қызметі) мен орта айлық жалақысын сақтай отырып немесе әлеуметтік мақсатта жыл сайынғы ұзіліссіз демалысқа босату.
Демалыс түрлері
төленетін жыл сайынғы еңбек демалыстары;
әлеуметтік демалыстар:
жалақысы сақталмайтын демалыс
оқу демалысы
баланың тууына байланысты, жаңа туған баланы асырап алу.
Жыл сайынғы төленетін еңбек демалысы, нормативтік құқықтық актілермен, еңбек, ұжымдық келісім-шарттар мен жұмыс берушінің актілерінде қосымша күн қарастырылмаса, жиырма төрт күнтізбелік күнге беріледі.
Қосымша ақы төленетін жыл сайынғы еңбек демалыстары мыналарға ұсынылады:
ауыр жұмыстарды, зиянды (аса зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстардағы жұмысшыларға алты күнтізбелік күннен кем емес демалысы;
бірінші және екінші топ мүгедектеріне он бес күнтізбелік күннен кем емес ұзақтықта.
Жыл сайын төленетін еңбек демалыстарының ұзақтығы еңбек демалысы кезінде болатын мейрам күндері есепке алынбай, қабылданатын режимдер мен жұмыс кестесінен тыс беріледі.
Жыл сайынғы еңбек демалысының жалпы ұзақтығын есептеген кезде қосымша жыл сайынғы еңбек демалысы негізгі жыл сайынғы еңбек демалысымен есептеледі. Осыған орай, жыл сайынғы еңбек демалысының жалпы ұзақтығының максималды шегі анықталмаған.
Жыл сайынғы төленетін еңбек демалысына құқық беретін еңбек өтіліне мыналар кіреді:
деректі өтелген уақыт;
жұмысшы фактілі түрде жұмыс істемей, оның орны және жалақысы толығымен немесе бөлшегі сақталған уақыт;
уақытша
еңбекке жарамсыздыққа
жұмысқа орналасар алдындағы жұмысшының жұмыс істемеген уақыты.
Бірінші және келесі жұмыс істеген жылдары үшін төленетін жыл сайынғы еңбек демалысы екі жақтың келісімімен жылдың кез келген уақытында беріледі.
Жыл сайынғы еңбек демалысы басталған уақытына дейін үш күнтізбелік күннен кем емес уақытта төленеді.
Назар аударыңыз!
Жұмыс
жылы жұмысшының бірінші
жұмыс күнінен
бастап он екі айды
құрайды.
Жыл сайынғы төленетін еңбек демалысын берудің кезектігі:
жұмысшылардың көзқарастарын есепке ала отырып жұмыс берушінің бекіткен еңбек, ұжымдық, демалыс кестесімен анықталады;
өндірістік қажеттілікке байланысты еңбек демалысынң кестесі өзгеретін болса, жұмыс беруші еңбек демалысына екі апта қалғанда алдын ала хабарлауы тиіс.
Жыл сайынғы төленетін еңбек демалысы мына жағдайда ауыстырылады немесе толығымен немесе жартысы ұзартылады:
жұмысшы уақытша еңбекке жарамсыз болса, жүктілік демалысы дәне бала туу жағдайында;
жыл
сайынғы еңбек демалысы кезеңінде
жұмысшы мемлекеттік
жыл
сайынғы төленетін еңбек
екі
жақтың келісімімен ауыстырылған еңбек
демалысы жұмысшының өтініші бойынша
келер жылдағы басқа еңбек
демалысына қосылуы немесе басқа
уақытқа келісім бойынша
екі
жыл қатарынан еңбек демалысын
бермеуге рұқсат етілмейді.
Жыл сайынғы төленетін еңбек демалысынан кері шақыру
Жыл сайынғы төленетін еңбек демалысы жұмыс беруші арқылы жұмышының жазбаша келісімімен үзілуі мүмкін. Жұмыс берушінің ұсынысынан жұмысшының бас тартуы еңбек тәртібін бұзу болып саналмайды.
Пайдаланылмаған жыл сайынғы төленетін еңбек демалысының бөлігі екі жақпен келісілген еңбек келісім-шарты бойынша ағымдағы жылдың немесе келесі жылдың кез келген уақытында беріледі немесе келесі еңбек демалысына қосылады.
Жыл сайынғы төленетін еңбек демалысынан кері қайтару кезінде, жұмысшы мен жұмыс берушінің арасында келісім жасалып, еңбек демалысының пайдаланылмаған күндеріне өтемақы төленуі мүмкін.
Он сегіз жасқа толмаған, жүкті әйелдер мен зиянды және қауіпті (аса қауіпті) жұмыстарды атқаратын жұмысшыларды жыл сайынғы төленетін еңбек демалысынан шақыруға жол берілмейді.
Жыл сайынғы төленетін еңбек демалысын пайдаланбаған немесе толық пайдаланбаған жұмысшымен еңбек келісім-шарты бұзылса, жыл сайынғы төленетін еңбек демалысының пайдаланылмаған күндеріне өтемақы төленеді.
Жалақысы сақталмайтын демалыс негізі мыналар:
некелесу;
баланың тууы;
жақын ағайынның өлуі;
еңбек, ұжымдық келісім-шартта қарастырылған басқа да жағдайлар.
Оқу
демалысының төлем
ақысы еңбек, ұжымдық,
оқу келісім-шарттарымен
анықталады.
Жүкті әйелдерге, балалы болған әйелдерге, жаңа туылған баланы асырап алған әйелдерге (ерлерге) келесі демалыстар беріледі:
жүктілік пен бала тууға берілетін төленетін демалыс;
жаңа туған баланы асырап алушы қызметкерлерге төленетін демалыс;
баланың жасы үш жасқа жеткенше қарауға берілетін жалақысы сақталмайтын демалыс;
Жүктілік пен бала тууға байланысты демалыс алдында немесе одан кейін бала бағу уақыты біткен соң, әйелдің қалауынша жыл сайынғы төленетін демалыс беріледі.
Егер Қазақстан Республикасының заңымен басқа тәртіп бекітілмеген болса, жүкітілік пен тууға байланысты әйелдерге төленетін демалыс, жетпіс күнтізбелік күнге және туғаннан кейін елу алты (егер ауыр жағдайда туылған немесе екі не одан көп бала туылса – жетпіс) күнтізбелік күнге беріледі.
Жаңа туылған баланы асырап алушы жұмысшыға (ата-ананың біреуіне) асырап алған күннен бастап және бала туылған күннен бастап елу алты күн өткенге дейін төленетін демалыс беріледі.
Жұмыс беруші үш жасқа дейінгі бала бағу үшін жұмысшыға жалақысы сақталмайтын демалыс беруі тиіс:
ата-ананың таңдауы бойынша — анасы немесе әкесіне;
ата-анасына – баланы тәрбиелеушіге;
баланы нақты тәрбиелеп жатқан әжесіне, атасына, басқа туысына немесе асыраушысына;
жаңа туған баланы асырап алушы қызметкерге.
Үш жасқа дейінгі бала бағу үшін жұмысшыға берілген жалақысы сақталмайтын демалыс толығымен немесе жұмысшының жазбаша өтініші негізінде бөлініп пайдаланылуы мүмкін.
Үш жасқа дейінгі бала бағу үшін жұмысшыға берілген жалақысы сақталмайтын демалыс кезінде жұмысшының орны (қызметі) сақталады.
Үш
жасқа дейінгі
бала бағу үшін жұмысшыға
берілген жалақысы сақталмайтын
демалыс уақыты, егер
басқа жағдай Қазақстан
Республикасының
заңында қарастырылмаса,
еңбек өтіліне, мамандық
бойынша еңбек
өтіліне есептеледі.
Демалыс уақытының ұғымы және түрлері
Демалыс уақыты қызметкердің еңбек міндеттерін орындаудан бос және оны өз қалауы бойынша пайдаланылатын уақыты. Оның еңбек заңдарына сәйкес мынадай түрлері бар:
1)
Демалуға және тамақтануға
2) Күн сайынғы демелыс;
3) Демалыс күндері;
4) Мереке күндері;
5) Демалыстар;
Демалуға және тамақтануға арналған үзіліс. Күнделікті жұмыс (ауысым) ішінде қызметкерге демалу және тамақтану үшін жинақтап алғанда ұзақтығы бір сағаттан кем болмайтын үзіліс беріледі. (Ет3-ның 53-бабы). Заңда үзілістің тек төменгі ұзақтығы ғана белгіленген. Үзілістің мейілінше ұзақтығы өндіріс сипаты мен ауысым кестесіне сәйкес белгіленеді. Бұл үзіліс жұмыс ұақытына енгізілмейді және оны қызметкер өз қалауы бойынша пайдаланады. Үзіліс беру уақыты мен оның ұзақтығы жұмыс берушінің актілерінде, жеке еңбек, ұжымдық шарттарда белгіленеді. Түскі үзіліс төрт сағат жұмыс істегеннен кейін беріледі. Өндіріс жағдайлары бойынша үзіліс беру мүмкін емес жұмыстарда жұмыс беруші қызметкерге жұмыс уақытында демалу мен тамақтану мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті. Мұндай жұмыстардың тізбесі, демалу және тамақтану тәртібі мен орны жұмыс берушінің актілеріне белгіленеді.
Арнаулы
үзіліс. Еңбек заңының 54-бабында
жылдың суық мезгілінде ашық далада, жылу
берілмейтін жабықүйжайларда
Күн саынғы демалыс. Жұмыстың бітуі мен оның келесі күнде (ауысымда) басталуы арасындағы демалыс күн сайынғы демалыс болып есептеледі. Оның ұзақтығы жұмыс уақытының режіміне байланысты, бірақ 12 сағаттан кем болмауы тиіс (Ет3-ның 55-бабы).
Демалыс күндері. Қызметкерлерге апта сайынғы үзіліссіз демалыс уақыты, яғни демалыс күндері беріледі. Бес күндік жұмыс аптасы жағдайында қызметкерлерге аптасына – екі, ал алты күндік жұмыс аптасында бір демалыс күні беріледі.
Жалпы демалыс күні жексенбі болып есептеледі. Бес күндік жұмыс аптасы кезінде екінші демалыс күні жұмыс берушінің актісімен немесе жұмыс кестесімен белгіленеді. Екі демалыс күні де, әдетте қатарынан беріледі.
Мерекелік
күндер жұмыс күндеріне сәйкес келген
жағдайда және жұмыс уақытын ұтымды
пайдалану мақсатында Қазақстан
Республикасының Үкіметі
Өндірістік
– техникалық жағдайлары бойынша
немесе халыққа үнемі үзіліссіз
тұрақты қызмет көрсету қажет
болуы себепті демалыс күндері
жұмысты тоқтату мүмкін болмайтын
ұйымдарда, сондай-ақ үзіліссіз өндіріс
жүргізілетін ұйымдарда жұмыс берушінің
актісімен бекітілген ауысым кестесіне
сәйкес, қызметкерлердің әрбір тобына
демалыс күндері аптаның
Жалпы ереже бойынша демалыс күндері жұмыс істеуге жол берілмейді. Қызметкерді демалыс күндерінде жұмысқа тартуға оның келісімі болған ретте ғана рұқсат етіледі.
Демалыс күндерінде жұмысқа тартудың ерекше реттері Еңбек заңының 59-бабында белгіленген. Қызметкерлерді демалыс күндерінде жұмысқа тартуға мынадай жағдайларда жол беріледі:
1)
төтенше жағдайларды немесе
2)
жазатайым оқиғаларды, мүліктің
жойылуын немесе бүлінуін
3)
тұтас алғанда ұйымның немесе
оның жеке бөлімшелерінің одан
әрі қалыпты жұмыс істеуі тез
орындалуына байланысты
Белгіленген жағдайлар тізбесі толығымен берілген деп түсіну керек.
Мереке күндері. Заң бойынша күнтізбелі жыл ішінде қызметкерлер жұмыс істейтінмереке күндері мыналар: 1-2-қаңтар – Жаңа жыл; 8 наурыз – халықаралық әйелдер күні, 22 наурыз – Наурыз мейрамы, 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесі; 9 мамыр – Жеңіс күні, 30 тамыз – Қазақстан Республикасы Конституциясының күні, 25 қазан – Республика күні (бұл күн Ұлттық мереке болып жарияланған), 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні. (Заң күші бар «Қазақстан Республикасындағы мереке күндері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 18 қазандағы № 2534 Жарлығы).
Заңда белгіленгендей өндірістік-техникалық жағдайлары бойынша немесе халыққа үзіліссіз тұрақты қызмет көрсету қажет болуы себепті демалыс күндері жұмысты тоқтату мүмкін болмайтын ұйымдарды қоспағанда республикада белгіленген мереке күндері жұмыс жүргізілмейді.
Жыл
сайынғы еңбек демалысы – қызметкерлерге
жұмыс орны (қызмет) мен орташа жалақысы
сақтала отырып, жыл сайын күнтізбелік
күн есебінен берілетін заңда
көзделген үзіліссіз демалыс. Еңбек
демалысы жеке еңбек шарты бойынша
жұмыс істейтін барлық қызметкерлерге
беріледі. Ақы төленетін жыл сайынғы
еңбек демалысын берудің
Егер басқа нормативтік құқықтық актілерде, жеке еңбек, ұжымдық шарттарда және жұмыс берушінің актілерінде қызметкерлердің жекеленген санаттары үшін өзгеше көзделмесе, қызметкерлерге ұзақтығы кемінде күнтізбелік он сегіз күн болатын жыл сайынғы еңбек демалысы беріледі. (Ет3-ның 60-бабы)
Республика
Президентінің жыл сайынғы
Мемлекеттік қызметшілерге, прокуратура органдарынан қызметкерлеріне, судьяларға ұзақтығы отыз күнтізбелік күн мөлшерінде жыл сайынғы демалыс беріледі.
Орта,
жалпы, бастауыш және орта кәсіптік, жоғары
кәсіптік білім мектептері қызметкерлерінің
56 күнтізбелік күн, әдістеме қызметі,
мектепке дейінгі және мектептен
тыс мекемелер қызметкерлерінің
42 күнтізбелік күн демалыс

- Жұмыс уақытының ұғымы және оның түрлері
- Жұмыс уақыты шығындарын жіктеу
- Жұрт алдында сөйлеу мәдениеті
- Жывапіс Беларусі ў першай палове XIX ст
- Жылдардағы реформалар
- Жылжу механизмдері
- Жылжымайтын мулик
- Жұмыссыздық түсінігі
- Жұмыссыздықты мемлекеттік реттеу
- Жұмыссыздықтың мәні. түрлері себептері
- Жұмыссыздықтың пайда болуы мен себептері
- Жұмыссыздықтың пайда болуы мен себептері
- Жұмыстың мазмұны
- Жұмыстың мазмұны мен көлемі