Жұмыссыздықты мемлекеттік реттеу
- КІРІСПЕ
- НЕГІЗГІ БӨЛІМ
- ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІҢ МАҢЫЗЫ
- ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ
- ЕҢБЕК НАРЫҒЫН РЕТТЕУ ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМУДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
- ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Қазіргі кездегі нағыз пәрменді әлеуметтік саясат – ол халықты жұмыспен тұрлаулы қамту саясаты болып келеді және болып қала береді. Осыған орай әлеуметтік көмек көрсету саясаты әлеуметтік топтардың мұқтаждықтарымен айқындалуға тиіс емес, қайта еңбекке қабілетті азаматтарды жұмысшылар санына қосуға даярлау міндеті ауқымында шоғырландырылуға тиіс. Азаматтарға қолдау көрсетудің мемлекеттік жүйесі олардың қайта оқып үйренуі мен жаңа кәсіпті меңгеруіне ынталандыру бағытында құрылуы керек. Бүгінгі күнде елімізде еңбек нарығы экономикалық жүйенің ерекше инфрақұрылымына айналып отыр. Бұл нарықта, басқа нарықтағыдай, біріншіден, сұраныс және ұсыныс заңдары, жұмыс күшін сату – сатып алу жетілген бәсеке нарығы жағдайында жүріп отыратын болса, екіншіден, жетілмеген бәсеке нарығының ерекше ықпалы да байқалып отырады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа жолдауында Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына ену стратегиясында өнімдерді экспортқа шығаруға бағдарланған өндірістерді, оның ішінде кластерлік өндірісті дамыту керек екендігі айтылған болатын.
Бүкілдүниежүзілік сауда ұйымына кіру отандық өнімдірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруды талап етеді. Өндірістердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жоғары білікті және кәсіпқой мамандарға сұраныс арта түсуде. Сондықтан білікті ұлттық кадрларды кәсіби жағынан даярлау және қайта даярлау бүгінгі күннің талабы.
Дамыған
және дамушы елдердің тәжірибесін үйренуде
жүйелік және нақты тарихи көзқарас
халық шаруашылығындағы еңбек нарығын
реттеудің әлеуметтік-
Әлемдегі
көптеген экономист ғалымдардың еңбектерінде
еңбек нарығын реттеу тақырыбы, оның маңыздылығы,
қоғамның дамуындағы рөлі, экономикадағы
алатын орны зерттелген. К.Маркс- өз еңбегінде
еңбек нарығы туралы теориялық-әдістемелік
негізін зерттесе, Д.Ж.Кейнс пен М.Фридман
еңбек нарығы мен жұмыспен қамтуды реттеуде
мемлекеттің жүргізу саясатының қажеттілігінің
маңыздылығын қарастырған. Сонымен бірге
тәжірибеде теориялық жағынан қамтылған
және Батыс елдердің үлкен тәжірибесіне
негіз болған ғылыми зерттеулер жарияланып
жүр. Дамыған елдердің тәжірибесін үйрену
еліміздің еңбек нарығын реттеу мен халықты
жұмыспен қамтудың үлгісін жасауға негіз
болады.
2.1. Жұмыспен қамтуды мемлекеттік реттеудің маңызы
Қазіргі заманғы еңбек рыногы өзінің стихиялы сипатын жоғалтып, мемлекеттік араласу объектісі болып табылады. Сонымен бірге ол іштен және сырттан реттелетін болды. Бөл процесте мемлекеттің рөлі екі жақты. Бір жағынан, мемлекет жұмыс беруші ретәнде, яғни өзінің мүддесін қорғап, еңбек рыногында дербес субъект ретінде көрінеді. Екінші жағынан, мемлекет төреші (арбитр) – жұмыс беруші мен жалданушы жұмыскер арасындағы даулы мәселелерді реттеумен айналысуы тиіс.
Еңбек рыногы жұмыспен қамтамасыз етудің мемлекеттік және мемлекеттік емес жүйелерімен, сондай-ақ кәсіпорындар мен мекемелердің тікелей кадр қызметі арқылы немесе тікелей жұмысшы мен жұмыс берушінің арасында жүзеге асадыЕңбек рыногында бір тарап (сатушы) қолайлы жұмыс іздеуші ретінде, екінші тарап (сатып алушы) – жұмыс берушілер: кәсіпкерлер немесе олардың өкілдері болады.
Еңбек рыногы – бұл тек қана жұмыс күшін сату және сатып алу емес, ол сандық және сапалық жағынан да, еңбек ресурстары мен жұмыс орындарының арасындағы теңдестік проблемаларын шешеді. Негізгі проблемалар – салалар мен кәсіптік біліктіліктің теңдестірілмеуінде.
Жұмыс
күші дегеніміз адамның физикалық
және ой қабілеті, осы қабілетін
ол материалдық және рухани игіліктерді
өндіруде пайдаланады. Жұмыс күшінің
нақтылы еңбекке қажет
Жұмыссыздық
деп- халықтың жеке және қоғамдық қажеттерін
қанағаттандыратын және кіріс әкелетін
қоғамдық-пайдалы іс-әрекеті
Жұмыспен қамтуды мемлекеттік реттеуде экономикалық, ұйымдастыру, әкімшілік-құқықтық әдістер қолданылады.
Жұмыспен қамтуды мемлекеттік реттеудің негізгі бағыттары (жолдары) мыналар:
- Жұмыс орындары жүйесінің дамуын реттеу;
- Жұмыс орындарына сұранысты реттеу;
- Мемлекетің білім беру және қызметкерлерді кәсіби даярлау мен қайта даярлау жүйесін дамытуға мемлекеттің қатысуы.
Баланстық
құрылым жүйесі жұмыспен тиімді қамтуды
қамтамасыз етудің әдістемелік құралы
болып табылады, оның құрамына еңбек
ресурстарының балансы мен
Барлық еңбек ресурстары, оның ішінде:
- Экономикалық белсенді халық – жұмыс күші, халықтық тауарлар мен қызметтер өндіру үшін жұмыс күшін ұсынуды қамтамасыз ететін бөлігні. Оған халық шаруашылығында жұмыс істейтіндер және жұмыссыздар жатады.
- Экономикалық белсенді емес халық – халықтың дәл осы уақытта қоғамдық өндірісте жұмыс істемейтін еңбекке жарамды бөлігі.
Жұмыспен қамту проблемаларын шешетін бағдармалық-мақсатты тәсілдемеде бастапқы тармақ ретінде даму мақсаттары мен міндеттері, сондай-ақ оларды шешу жөніндегі іс-шаралар белгіленуі тиіс. Мемлекет халықты жұмыспен қамту бағдарламарын жасауда, онда еңбек ресурстарының сапасын арттыру, жұмыс күшінің бәсекеге жарамдылығын көтеру көзделген.
Жұмыспен қамту деңдейін арттыру және тиісінше жұмыссыздықты қысқарту жөніндегі іс-шаралар:
- Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру ;
- Жеке кәсіпкерлікті ынталандыру және халықтың өзін-өзі жұмыспен қамтуын көтермелеу, шағын бизнесті дамыту;
- Жетіспейтін мамандықтар мен кәсіптер бойынша қайта даярлау және кәсіби даярлау;
- Жұмыспен қамтудың икемді нысандарын пайдалану;
- Жаңа жұмыс орындарын құру арқылы кәсіпорынның өзінде жұмысқа орналастыру;
- Тұрғындарды жұмыспен қамту мүмкіндігі жөнінде ақпараттандыру, бос орындар жәрмеңкелерін, ашық есіктер күндерін және т.б. өткізу.
Мемлекет атынан жұмыспен ұтымды қамтуды қамтамасыз ету мәселелерімен жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдармалар департаменттері айналысады. ҚР «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына сәйкес қызметтің міндетіне мыналар кіреді:
- Жұмыс күшіне сұранысты және ұсынысты талдау әрі болжау;
- Еңбек нарығының жай-күйі жөнінде ақпарат жинау және ұсыну ;
- Бос орындарды және жұмысқа орналастыру мәселелері жөнінде өтініш жасайтын азаматтардың есебін жүргізу;
- Жұмысқа орналасу мен жұмыс күшімен қамтамасыз ету мүмкіндіктері, мамандықтар мен қызметраларын керлерге қойылатын талаптар туралы мәселе және жұмыспен қамтуды қамтамасыз етумен байланысты басқа да мәселелер бойынша кеңес беру;
- Жұмысқа орналастыру жөнінде қызмет көрсету;
- Жұмыссыздарды тіркеу, жәрдемақы төлеуді қоса алғанда оларға көмек көрсету, халықтың түрлі топтарын әлеуметтік қорғау шараларын қарастырған жұмыспен қамту бағдармаларын әзірлеуді ұйымдастыру; халықты жұммыспен қамтамасыз етумен байланысты мәселелерді шешуге жәрдемдесу;
- Азаматтарды кәсіби оқытуды және қайта оқытуды ұйымдастыру.
Мемлекеттік органдар қызметті тегін көрсетеді. Сонымен бірге еңбек нарығында коммерциялық бюролар, жеке агенттіктер мен лицензиясы болса, ақылы негізде жұмысқа орналастыру жөөніндегі қызметтер көрсететін басқа да ұйымдар жұмыс істейді.
Жұмыссыздықты сипаттайтын негізгі көрсеткіштер: жұмыссыздық деңгейі, жұмыссыздықтың табиғи деңгейі, жұмыспен қамту қызметі органдарында тіркелген, материалдық көмек тағайындалған жұмыссыздардың саны.
Мемлекет
тарапынан жұмыссыздық
Кейнсиандық
жұмыспен қамту теориясының
Бұдан
басқа, нарықтық жүйе өзін-өзі реттейтін
жүйе болып саналмайтыны және жоспарлы
әрі мақсатты мемлекеттік реттеуді
қажетсінетіні жөніндегі
Алайда мемлекеттің араласуы жұмыспен қамту, еңбекке қабілетті әрбір азаматты жұмыс орнымен қамтамасыз ету мәселелерін шешеді дегенді білдірмейді. Мемлекеттің араласуы мына негізгі екі бағытты:
1) жұмыссыздықтың деңгейі мен оның ұзақтығын реттеу;
2) жұмыссызжықтан зардап шеккен адамдарды әлеуметтік қорғауды топтастырады.
Бірінші бағытты таңдау кезіндегі мемлекет міндеті нақты жұмыссыздықты деңгейі жағынан да, ұзақтығы жағынан да табиғи жұмыссыздыққа айналдыру болып табылады. Сөз жұмыссыздықтың әлеуметтік жарамды деңгейі туралы болып табылады.
Егер ағымдағы жұмыссыздық табиғи жұмыссыздық деңгейінен төмен түсіп кетсе, мемлекет ешқандай да реттеу жүргізе алмайды. Демек, еңбек рыногына жасалатын кедергілерді доғару қажет, «толық жұмыспен қамтылуды» орнатудың бос әурешілік әрекеттерін тоқтату керек.
Мәжбүрлі
жұмыссыздықтың технологиялық, құрылымдық,
өңірлік, кезеңдік және басқа да
түрлеріне мемлекет енді басқаша
қарай бастады. Міне, осы жерде
ол жұмыссыздық деңгейін табиғи норма
деңгейіне дейін төмендете
Алайда, мұны ұйымдастыру оңай шаруа емес. Себебі мемлекеттің жұмыспен қамту саласына араласуда ықпал етудің барлық әдістерін түгел қолдануға құқығы жоқ. Негізгі талапты былайша қарастыруға болады: реттеу әдістерінің кез келгенін қолдану олардың өз тиімділігін сақтай отырып, инфляциялық қаиынастың бейтарап болған жағдайында немесе олар болмағанда ең төмен инфляциялық салдар тудыратын болса ғана мүмкін. Кері жағдайда, экономика құлдыраудың кері шеңберіне түседі.
Мемлекет
адамдардың жұмыс іздеуге кетіретін
уақытын қысқыртып, бос жұмыс
орындары туралы ақпаратты ұйымдастыруда
және жетілдіруде осы шартты толық
сақтайды.
2.2 ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ
Қазақстан республикасы Президентінің 2006 жылдың ақпан айындағы Жолдауында Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы қарастырылды. Экономиканың аса маңызды басымды дамуының бірі бұл – мемлекет Басшысының «Жұмыспен қамтуды тұрақтандыру саясаты ең пәрменді саясаты болған және болып қалады» деп анықтаған қазіргі тұрақты саясат болып табылады. Барлық бағыттар бойынша бізде бағдарламалар бар, олар қозғалыссыз емес: біз халықаралық тәжірибені енгізіп және жаңа беталыстарға сәйкес, алға қойған міндеттерге жетуді жал ғастыруымыз керек.
Халықты жұмыспен
қамтудың республикалық
және
аймақтық бағдарламалары
1. Қазақстан
Республикасының Yкiметi мен
1) халықты жұмыспен қамту деңгейiн өсiруге
ынталандыратын шараларды;
2) жұмыс күшiне сұраныс пен ұсынысты теңдестiру
жөнiндегi шараларды;
3) халықтың әлеуметтiк қолдауға мұқтаж
нысаналы топтарының жұмыспен қамтылуын
ұйымдастыруды;
4) қосымша жұмыс орындарын ашатын шағын
және орта кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытуды;
5) еңбек рыногындағы қажеттiлiктi ескере
отырып, жұмыссыздарды кәсiби даярлау
мен қайта даярлаудың икемдi жүйесiн ұйымдастыруды;
6) қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен
жетiлдiрудi;
7) жұмыспен қамтудың аймақтық проблемаларын
шешуде жергілiктi атқарушы органдардың
рөлiн арттыру жөнiндегi шараларды;
8) жұмыспен қамтуды реттеу және еңбек
рыногы мәселелерінде уәкiлеттi органның
қызметiн жұмыс берушiлермен, қоғамдық
бiрлестiктермен, еңбек делдалдығымен
айналысатын жеке жұмыспен қамту агенттiктерiмен
ұштастыруды;
9) жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi
деректердiң ақпараттық базасын жетiлдiрудi;
10) инвестициялық бағдарламаларды әзiрлеген
кезде еңбек рыногындағы ахуалды ескере
отырып, қосымша жұмыс орындарын ашуды
көздейтiн бағдарламаларын әзiрлейдi және
бекiтедi.
2. Халықты жұмыспен қамту бағдарламаларын
қаржыландыру республикалық және жергiлiктi
бюджет қаражаттары және Қазақстан Республикасының
заңдарына сәйкес өзге де көздер есебінен
жүзеге асырылады.
Халықты
жұмыспен қамту саласындағы
мемлекеттiк
саясаттың негiзгi принциптерi
және бағыттары
1. Мемлекет
азаматтардың жұмыспен
2. Жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттiк
саясат:
1) Қазақстан Республикасының азаматтарына,
Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын
шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға
қызмет пен кәсiп түрлерiн еркiн таңдауға
бiрдей мүмкiндiктердi, әдiл де қолайлы еңбек
жағдайларын, жұмыссыздықтан әлеуметтiк
қорғауды қамтамасыз етуге;
2) нәтижелi жұмыспен қамтуды қамтамасыз
етуге, жұмыссыздықты азайтуға, жұмыс
орындарын ашуға;
3) бiлiм беру жүйесiн еңбек рыногының қажеттерiне
және инвестициялық саясатты ескере отырып,
оның даму перспективасына сай кадрлар
даярлау iсiне бағдарлауға;
4) азаматтардың заңдарға сәйкес жүзеге
асыратын еңбек және кәсiпкерлiк бастамаларын
қолдауға, олардың өнiмдi және шығармашылық
еңбекке қабiлетiн дамытуға жәрдемдесуге;
5) бар жұмыс орындарын сақтаған және жаңа
жұмыс орындарын, оның iшiнде нысаналы
топтарға арналған жұмыс орындарын ашатын
жұмыс берушiлердi ынталандыруға;
6) уәкiлеттi орган және жеке жұмыспен қамту
агенттiгi арқылы еңбек делдалдығын ұйымдастыруға;
7) шетелдiк жұмыс күшiн тартуға, сондай-ақ
Қазақстан Республикасынан шетелге жұмыс
күшiн шығаруға байланысты қызметтi лицензиялауға;
8) шетелдiк жұмыс күшiн тартуға квота белгiлеу
жолымен iшкi еңбек рыногын қорғауға;
9) жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету жөнiндегi
республикалық iс-шараларды жергiлiктi
атқарушы органдар қолданатын шаралармен
ұштастыруға;
10) халықты жұмыспен қамту саласындағы
қызметтi экономикалық және әлеуметтiк
саясаттың басқа да бағыттарымен үйлестiруге;
11) еңбек рыногының бiрыңғай ақпараттық
базасын қалыптастыруға;
12) мемлекеттiк органдардың халықты жұмыспен
қамтуды қамтамасыз ететiн шараларды әзiрлеу
мен iске асыру жөнiндегi қызметiн үйлестiрiп,
реттеп отыруға және олардың орындалуын
бақылауды жүзеге асыруға;
13) Қазақстан Республикасы азаматтарының
шетелдегi және шетелдiктердiң Қазақстан
Республикасының аумағындағы еңбек қызметiне
байланысты мәселелердi шешудi қоса алғанда,
халықты жұмыспен қамту проблемаларын
шешуде халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыруға;
14) жұмыс берушілер, қызметкерлер және
қоғамдық ұйымдар өкілдерінің мемлекеттік
жұмыспен қамту саясатын әзірлеу мен іске
асыруға қатысуын қамтамасыз етуге;
15) жұмыспен
қамту саясатымен
Қазіргі уақытта Қазақстанның еңбек нарығындағы жағдайы халықтың экономикалық белсенді және белсенді емес көрсеткішін, жұмыспен қамтылуы және жұмыссыздық көрсеткіштерінің өзгеруімен сипатталады.
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Республика экономикасында 2010 жылғы IV тоқсанда 8,1 млн. адам жұмыспен қамтылды. Жұмыспен қамтылғандар құрылымында жалдамалы қызметкерлердің үлесі 67,1%, өз бетінше жұмыспен қамтылғандардың үлесі – 32,9% құрады.
2010 жылғы III тоқсанда 15 жастағы және одан асқан экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың саны 8,7 млн. адамды құрады, бұл өткен жылғы тиісті кезеңге қарағанда 1,9%-ға көп. Республика экономикасында 8,2 млн. адам жұмыспен қамтылды, бұл 15 жас және одан асқан жастағы халықтан 67,5%. Өткен жылғы III тоқсанмен салыстырғанда олардың саны 215,9 мың адамға (2,7%-ға) артты.
2010 жылғы IV тоқсанда жұмыссыздар саны (табысты жұмысы болмаған, оны үздіксіз іздеген және оған кірісуге әзір болған 15 жастағы және одан асқан адамдар) 474,7 мың адамды, жұмыссыздық деңгейі 5,5% құрады.
2008- 2010 жылдардың IV тоқсанында Қазақстан Республикасындағы еңбек рыногының негізгі индикаторлары
| 15 жас және одан асқан жастағы халық | ||||
| IV тоқсан | 2010ж.
III тоқсан | |||
| 2008ж. | 2009ж. | 2010ж. | ||
| Экономикалық тұрғыдан белсенді халық, мың адам | 8421,4 | 8469,2 | 8616,1 | 8652,8 |
| Халықтың экономикалық тұрғыдан белсенділік деңгейі, % | 71,2 | 70,8 | 71,2 | 71,5 |
| Жұмыспен қамтылған халық, мың адам | 7862,1 | 7937,4 | 8141,4 | 8171,1 |
| Жұмыспен қамту деңгейі, %-бен: | ||||
| 15 жас және одан асқан жастағы халыққа шаққанда | 66,4 | 66,4 | 67,3 | 67,5 |
| экономикалық тұрғыдан белсенді халыққа шаққанда | 93,4 | 93,7 | 94,5 | 94,4 |
| Жалдамалы қызметкерлер, мың адам | 5229,9 | 5285,3 | 5460,0 | 5447,2 |
|
жұмыспен қамтылған халық |
66,5 | 66,6 | 67,1 | 66,7 |
| Өз бетінше жұмыспен қамтылғандар, мың адам | 2632,2 | 2652,1 | 2681,4 | 2723,9 |
| жұмыспен қамтылған халық санындағы үлесі, % | 33,5 | 33,4 | 32,9 | 33,3 |
| Жұмыссыз халық, мың адам | 559,3 | 531,8 | 474,7 | 481,7 |
| Жұмыссыздық деңгейі, % | 6,6 | 6,3 | 5,5 | 5,6 |
| 15-24 жастағы жұмыссыздар, мың адам | 89,8 | 76,6 | 56,3 | 60,1 |
| Жастар
жұмыссыздығының деңгейі, %
(15-24 жастағы) |
7,1 | 6,0 | 4,7 | 4,7 |
| Ұзақ мерзімді жұмыссыздық деңгейі, % | 2,7 | 2,3 | 2,1 | 2,1 |
| Экономикалық тұрғыдан енжар халық, мың адам | 3410,5 | 3489,3 | 3483,4 | 3447,4 |
| Халықтың экономикалық тұрғыдан енжарлылық деңгейі, % | 28,8 | 29,2 | 28,8 | 28,5 |
Жұмыспен қамтылғандар құрылымында жалдамалы қызметкерлердің үлесі 66,7%, өз бетінше жұмыспен қамтылғандардың үлесі – 33,3% құрады. Жалдамалы қызметкерлердын негізгі үлесі мемлекеттік ұйымдарда және мемлекеттік емес ұйымдарда жұмыспен қамтылған – 81,3% (4,4 млн. адам).
2010
жылғы III тоқсанда жұмыссыздар саны
(табысты жұмысы болмаған, оны үздіксіз
іздеген және оған кірісуге әзір болған
15 жастағы және одан асқан адамдар) 481,7
мың адамды құрады және өткен жылдың тиісті
кезеңмен салыстырғанда 54,0 мың адамға
немесе 10,1% қысқарды. Жұмыссыздық деңгейі
5,6% (2009ж. III тоқсанда – 6,3%) құрады.
2008 - 2010 жылдардағы жұмыссыздық деңгейлері
2010 жылғы IV тоқсанда жұмыссыздардың жалпы санындағы жастардың (15-24 жастағы) үлесі 11,9% немесе 56,3 мың адамды құрады. Жастар жұмыссыздығының деңгейі 4,7% болды, бұл республика бойынша тұтастай алғандағы жұмыссыздық деңгейі көрсеткішінен 0,8 пайыздық тармаққа аз.
Жұмыссыздар ішінде жалпы орта білімі бар адамдар – 37,6% (178,5 мың адам) және орта кәсіптік (арнаулы) білімі барлар – 26,0% (123,2 мың адам) басым болды. Жоғары білімі бар жұмыссыздардың үлес салмағы 23,3%-ын (110,7 мың адам) құрады.
2010 жылғы желтоқсанның соңында жұмыссыздар ретінде тіркелген адамдар саны (Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің деректері бойынша) 35,4 мың адамды құрады, бұл 2009 жылғы осы кезеңдегіден 18,0 мың адамға немесе 33,7%-ға аз. Экономикалық тұрғыдан белсенді халық санындағы тіркелген жұмыссыздардың үлесі 0,4% (2009 жылғы желтоқсанда – 0,6%) болды.
2010
жылы (алдын ала деректер
бойынша) экономикалық тұрғыдан белсенді
халықтың саны 8,6 млн. адамды құрады. Экономиканың
әртүрлі саласында 8,1 млн. адам жұмыспен
қамтылды, бүл 2009 жылдан 2,7%-ға көп. Жұмыссыздардың
саны көрсетілген кезенде 496,6 мын. адамды,
жұмыссыздық деңгейі 5,8% құрады.
2.3. ЕҢБЕК НАРЫҒЫН РЕТТЕУ ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМУДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
Қазіргі ғылыми өндірістер еңбек ресурсына жаңа көзқараспен қарауды талап етуде. Бұл арақатынастар макро деңгейінде ұлттық жұмыс күнін ақы төлеуде кемшіліктерінің сақтау саясатын білдіреді. Аралық деңгейде жұмыс ету жағдайлары шартты, ақысы төмен аймақтарға мамандардың жұмыс ету қызығушылығын арттыру. Микро деңгейде ресурстар сапасын білімді жоғарылату жұмыстарын жүргізу керек. Халықаралық тәжірибеге сүйенсек, еңбек өндіргіштігі мен мамандарының бір жұмыс орнында жұмыс ету ұзақтығымен тығыз байланыста екендігін көрсетеді. Арнайы зерттеулер менеджер–маманның бір орында оптимальды жұмыс ету мерзімі – 4 жыл болатынына куәгер бола алады. Психология осы уақытта өндірісті дұрыс түсіну және басқару жұмыстарын шешуде қажетті тәжірибеде жинақталатындығын көрсетті, алайда әрі қарай ізденісі кемігендіктен бұл білімдер көрсетілген мерзімнен бастап төмендей бастайды. Сондықтан тігінен (қызметтік өсу, карьерлік ауысу) немесе көлденеңі бойынша (жаңа міндеттер) маманның жұмысқа тұрақты белсенді қатынасын көрсетеді.
Еңбек ресурстарының тиімділігін қолдану шаралары
Елімізде жүргізіліп жатқан реформа мақсатты бағдарламаны жүзеге асыруға қарамастан біздің облыста жұмыспен қамту мәселесі өте актуальді екеніне талдау нәтижесі бойынша шешім жасауға болады.
Еңбек нарығы және халықты жұмыспен қамту саласындағы үдерістер әрқашан әлеуметтік – экономикалық даму аспектілерінің орталық мәселелері болып табылады. Өйткені елдің тұрақты дамуы тікелей тұрақты жұмыспен қамтылу және еңбек нарығы саласындағы әртүрлі қолайсыз жағдайлардың алдын алумен байланысты. Қазақстандағы еңбек нарығындағы жастардың жағдайын талдау екі түрлі маңызды жағдайға негізделеді.
- Біріншіден, еліміздегі жұмыссыз халық құрылымындағы 15–24 жас аралығындағы азаматтар үлесі 26,3 пайыз болса, 25–29 аралығындағы азаматтар 17,4 пайызды құрады.
- Екіншіден, ең негізгісі – ел болашағы. Жастар қоғамның саяси экономикалық және әлеуметтік құрылымын анықтайды, сол себепті әсіресе, біздің елде олар ең қорғансыз топтардың бірі болып табылады. аталған мәселелердің өзектілігіне қарамастан, ғылыми зерттеулерде оларға өте көп назар аударылмай келеді. Мемлекеттік және облыстық бағдарламалар бюджеттік қаражаттармен қатар жеке кәсіпорындардың, инвесторлардың қаражаттарын тарта отырып, экономиканың келешегі бар, дамыған салаларындағ жұмыс орындарын ашуды және қайта құруды ынталандырады.

- Жұмыссыздықтың мәні. түрлері себептері
- Жұмыссыздықтың пайда болуы мен себептері
- Жұмыссыздықтың пайда болуы мен себептері
- Жұмыстың мазмұны
- Жұмыстың мазмұны мен көлемі
- Жұмыс уақыты және демалыс уақыты
- Жұмыс уақытының ұғымы және оның түрлері
- Жұмыссыздық және онымен күресу шаралары
- Жұмыссыздық жіне оның түрлері
- Жұмыссыздық пайда болуы мен себептері
- Жұмыссыздық пен инфляция экономикалық тұрақсызыдық белгілері
- Жұмыссыздық түсінігі
- Жұмыссыздық түсінігі
- Жұмыссыздық түсінігі