Жұмыспен қамтудың және жұмыссыздықпен күресудің кейбір аспектілері

Жоспар 

Кіріспе

Негізгі бөлім

    1. Жұмыссыздық туралы жалпы түсінік
    2. Жұмыспен қамтудың және жұмыссыздықпен күресудің кейбір аспектілері
    3. Қазіргі таңдағы Қазақстан Республикасындағы жұмыспен қамтамасыз ету саясаты

  Қорытынды

  Пайдаланылған  әдебиеттер тізімі 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

КІРІСПЕ

    Әлем  жұртын бүгінгі таңда әлеуметтік қорғау жүйесі оның  ішінде кедейшілік пен жұмыссыздықты азайту мәселесі басты проблемалардың бірі отыр. Дүниежүзілік Банктің  2000-2001 жылдары Ғалам дамуы туралы баяндамасына жүгінсек: “Асып тасыған молшылық заманда тақыр кедейлік орын алып отыр”. Жер шарындағы 6 млрд. тұрғынның 2,8 млрды, демек  тең жарымына жуығының күндік табысы 2 АҚШ долларына жуық болса, 1,2 млрд адам, яғни ғалам тұрғындарының бестен бір бөлігінің  күн көрісі тіпті 1 АҚШ долларына жетпейді. Алайда, кедейлер  саны күннен күнге өсіп бара жатқанымен, жер жүзіндегі жалпы өмір сүру деңгейі жақсара түсуде. Дүниежүзілік байлық пен молшылықтың, сондай-ақ, халықаралық байланыстар мен техникалық мүмкіндіктер дамуының арқасында соңғы жылдары адамзаттың өмір сүру деңгейі күрт өсуі байқалуда.

    Сонымен қазіргі уақытта әлеуметтік қорғау жүйесінің және болашақ жоспарларында  күрделі әрі басты мәселелерінің  бірі ретінде жұмыссыздық танылуда. Оның салдарынан қоғамымызда әртүрлі  келеңсіз жағдайлар орын алуы  экономика үшін үлкен зиянын тигізуде. Еліміз тәуелсіздігін алғаннан бері қоғамның барлық саласында  аса ірі өзгерістер болды. Мемлекетімізде құрылыс, экономиканы реформалау  және саяси жүйені либерализациялау бойынша орасан зор жұмыстар атқарылды.

    Бірақ, елімізде  бұл саладағы мәселелердің барлығы толығымен шешілді деп айтуға ертерек. Себебі жоғарыда аталып кеткен әлеуметтік қорғау жүйесіндегі  назар аудартатын өзекті мәселе халық арасындағы табыстың азаюы,  кедейшілік пен жұмыссыздықтың орын алуы болып отыр.

    Дегенмен  де, шынайы  оңды өзгерістердің орын алып отырғанын көруімізге болатын нарықтық инфрақұрылымның негізі қаланып, жеке ынталылықты арттыру үшін  барлық жағдай жасал, үлкен көлемдегі шетел инвестициялары тартылып, әлеуметтік қорғаудың қазіргі  заманға лайық жүйесі қалануда. Инвестиция тарту арқылы жаңа жұмыс орындары ашылып, сол өңірдің тұрғылықты халқы жұмысқа тартылды.

    Бүгінде біз тұрақты экономикалық өсімнің  өрлеу жолындамыз. Отандық өндіріс  жанданып, халықтың айтарлықтай бөлігінің тұрмыс деңгейі жақсарып келеді. Біздің экономикамыз  әлемдік экономикалық жүйеге біртіндеп ену жолында.

    Соңғы жылдары  экономиканың тұрақтануы  арқасында әлеуметтік мәселелерге тұтастай бет бұру мүмкіндігі туды. Адам потенциалын  дамытуға  керекті барлық жағдай жасалып, әлеуметтік жағынан қолдау көрсету сияқты міндеттер саясатымыздың  басты бағытына айналуда. Сондықтан, Біріккен Ұлттар Ұйымының  бастамасымен Қазақстандағы адам дамуы туралы алтыншы рет жарияланып отырған Есептің әлеуметтік қорғау жүйесіндегі қазіргі және алда күтілетін жағдайына бағытталып, кедейшілікке қарсы күрес жүргізу проблемасына арналып отырғандығы өте орынды.

    Жұмыспен  қамтудың жоғарғы деңгейіне жету мемлекеттің макроэкономикалық  саясатының негізгі мақсаттарының  бірі. Қосымша жұмыс орындарын құратын экономикалық жүйе қоғамдық өнімнің санын көбейту мәселесін алға қояды және тұрғындардың материалдық қажеттіліктерін қанағаттандыруды маңызды деп біледі. Қолда бар жұмыс күші ресурстарын толық қолданбаған жағдайда жүйе өзінің бар өндірістік мүмкіндіктерін жүзеге асыра алмайды. Жоғарыда айтылғандардың жұмыссыздық көрсеткішінің экономикалық жалпы жағдайын анықтаудағы маңызды көрсеткіштерінің бірі болатынын көре аламыз.

    Қазақстан Республикасының Ата Заңының 1 бабында  атап көрсетілгендей Қазақстан өзін зайырлы, құқықтық әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады. Оның басты қазынасы - адам, адам өмірі, құқықтары мен бостандықтары. Елбасымыз өз саясатында осы қағидаларды басты шарт ретінде ұстанып келеді.

    Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті, Елбасымыз                       Н.Ә. Назарбаевтың  өзінің  «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» деп аталатын кезекті Жолдауында айтқандай біздің өміріміз жақсара бастады. Алдағы уақытта Орта Азиядағы көшбасшылардың біріне айналып, әлемдік нарыққа еркін араласу.

    Кешенді жұмыс ретінде бұл тақырыпты  таңдауымыздың себебі кедейшілікпен  күресу көптеген елдер алдында тұрған мәселелердің бірі болып табылады. Егер халықтың әл – ауқатын көтерсек, еліміздің экономикалық жағдайы да жақсарады. Ал халықтың әл – ауқатын жақсартудың бірден – бір жолы оларды әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту арқылы жұмыссыздық деңгейін азайтып, ел экономикасын көтеру.

    Тақырыптың  маңыздылығы - нарықтық қатынастар жағдайында халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамтуды ұйымдастыру шаралары қазіргі халықтың, соның ішінде әлеуметтік жағынан аз қамтылған азаматтардың әл-ауқатын көтеру мен республикамыздағы басты мәселелердің бірі болып табылатын жұмыссыздық деңгейін азайту бағытындағы шараларды іске асыру. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Жұмыссыздық туралы жалпы түсінік 

    Жұмыссыздық – еңбек нарығының біртұтас элементі болып табылады. Жұмыссыздық өте  күрделі құбылыс және қоғамның дамуы  барысында әр түрлі экономикалық мектептердің көзқарастары әр түрлі  болған.

    Қазіргі жағдайда «монетарлық теория» өзі  туралы барынша айқын көрсете  білуде. Осы теорияны жақтайшылар  жұмыссыздық себебін мемлекеттің  ақша саясатын дұрыс жүргізбеуінде  екендігімен түсіндіреді. Ақша массасын дұрыс басқара отырып, өндіріс  процесін реттеуге болады. Олардың ойынша, түзу инфляция өндірісті ынталандырады және жұмыссыздықты басады. Мысалы, жаңа зеландиялық экономист Олбен Филлипс осы тәуелділікті математикалық тілде қисық түрінде көрсетті, кейінірек ол «Филлипс қисығы» деп аталды.

    Жұмыссыздық – бұл жұмыс күшіне деген сұраныс пен оның ұсынысының арасындағы айырмашылықтан туындайтын нәтиже. Экономикады жұмыс күші жұмыспен қамтылған және жұмыспен қамтылмағандардан құралады.

    Жұмыссыздық деңгейі – экономикалық тұрғыдан белсенді халық санындағы жұмыссыздар санының пайызбен өлшенген үлесі.

    Шетелдік  мамандар жұмыссыздың себептерін талдый отырып, оның әр түрлі нысандарын тудыратын  нақты факторларын қарайды. Жұмыссыздықтың мынадай сан алуан нысандары  болады: жасырын, фрикциондық, маусымдық, құрылымдық, технологиялық, табиғи және т.б.

    Батыс елдерінің мамандары жұмыссыздықды  екі топқа бөледі:

  • Жиынтық сұраныстың жетіспеуіне байланысты;
  • Жиынтық сұраныстың өзгеруіне байланысты.

    Қазір көптеген мекемелер әлдеқашан ұмытылған  проблема жұмыс кадрларының  қажеттігіне ұшырады. Бұрын олар өте көп болса, қазір олар әртүрлі салға кетуіне, квалификациясы төмендеуіне байланысты өте аз. Ал бар жұмыс іздеушілердің квалификациясы жоқ немесе өте төмен. Сонда қоғам бір біріне қарама қарсы екі түрлі ауруға шалдығуы мүмкін:

  1. кадр дефициті
  2. жұмыссыздық.

    Университеттер, училишщелер, колледждер мен өндіріс  орындарының тіл табысуы бұл  мәселені шешуі мүмкін. Осы тұста  мемлекетке осы секторды басқару  үшін белгілі бір стратегия қажет.

  1. жұмысшыларды мемлекеттен тыс әдіспен орналастыру, бұл әдіс негізінен натуралды шаруашылықтарға тән.
  2. жұмыссыздық әсерін төмендету, бөл жерде жұмыс жасайтын сектор зардап шегеді, себебі жөмыссыздарға берілетін өтемақы салық есебінен алынады.
  3. Жұмыс орындарын ашу. Бұған келісу қиын, өйткені ол кедей елдерден имигранттар келуін көбейтпесе, ашылған жұмыс орындарға жергілікті жұмыссыздардың бара қоюы екіталай.

    Жоғарыда  аталған әдістерден басқа қоғамдық реттеу әдісі де бар. Ол қоғамдағы  басқа жұмыссыздыққа әсері бар  факторлар:

  1. Білім беру
  2. жұмыс табуға көмек т.б.

    Бұл факторларды қолдана отырып сыртқы жұмыс іздеп келушілер мәселесін де еске алған жөн. 

     Жұмыспен  қамтудың және жұмыссыздықпен күресудің кейбір аспектілері. 

     Тұрақты даму тұжырымдамасын жүзеге асырудың маңызды жағдайы әлеуметтік бағдарланған рыноктік экономиканы құру болып саналады. Елдің тұрақты дамуы – адамдардың жұмыспен тұрақты түрде қамтылумен, еңбек саласындағы әр алуан қисылтаяң ахуалдар көрінісінің алдын алумен тікелей байланысты. Қазіргі кезде экономиканың нақтылы секторында жұмыссыздықпен күресу мәселесі жұмыс орындарын құрумен, жұмыспен қамтудың белсенді саясатын жүргізумен жұмыссыздықтан қорғаумен біртұтас түрде қаралуға тиіс. Рыноктік қатынастар пайда бола бастаған кезде мемлекеттің әлеуметтік саясатының ең маңызды міндеттерінің бірі – еңбеккерлердің жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жүйесін жасау болып табылады. Жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жүйесі дамыған елдерде қазіргі ғасырдың басынан-ақ белсенді түрде қолданыла бастаған болатын.

     Қазақстандағы жұмыссыздық бойынша әлеуметтік қорғау жүйесін дамыту үшін халықаралық тәжірибені талдау жасаудан басқа, оның мәнін, мағынасын, қызметін және оның қызмет істеу үдерісін анықтау қажет.

     Жұмыссыздықтан  қоғау жүйесінің негізгі мақсаты  – жұмыспен тұрақты қамтуды қаржымен қамтамасыз ету. Ол өзінің қызмет ету  белгісіне қарай екі түрлі бөлек жүйеден тұрады:

  • Бірінші бөлек жүйе өзінің үшкі мағынасы бойынша жұмыссыздарға материалдық көмек көрсету қызметін атқарады.
  • Екіншісі, жұмыссыздықтың өсуіне жол бермеу жөніндегі шұғыл шараларды жүзеге асырады.

     Жұмыссыздық бойынша қоғау жүйесі үш негізгі көзден қаржыландырылады – жұмыс берушілер, жұмыскерлер және мемлекет. Егер бірінші бөлек жүйе экономикалық тұрғыдан жоғарыда аталған үш көздің есебінен қолдау тапса, екіншісі негізінен жұмыс берушілер есебінен алады. Рыноктік экономикасы бар елдерде жұмыссыздық жөніндегі қорғау жүйесін құру негізінен өзара бағынышсыз екі себепке байланысты:

  • Өндірістің рыноктік тәсілі үшін жұмыссыздық болмай қалмайтын әлеуметтік-экономикалық құбылыс және барлық жалдамалы жұмыскерлер жұмыссыз қалу қатеріне ұшырайды. Оның бола қалуы нақтылы жұмыскерге немесе кәсіпорынға байланысты емес. Көптеген жағдайда ол сыртқы әлемдік-экономикалық  факторларға бағынышты.
  • Мемлекеттік органдардың өз азаматтарына «еңбекке құқығын» қамтамасыз етуге конституциялық міндеті болып саналады.

    Халықты жұмыспен қамту айрықша міндет. Жұмыссыздық  неге көп? Неліктен осылай болып отыр? – дегенде, кейбір саяси мәселелердің толық шешілмегендігінен емес, жұмыспен қамтамасыз етілуінің экономикалық тетіктерінің әлі де ойдағыдай қалыптаспағандығынан екеніне біздің сеніміміз мол. Жұмыспен қамту қызметі адамдарды еңбекке орналастыруға, жұмыс берушілерді жаңа жұмыс органдарын жасағаны үшін ынталандыруға бағдар беру керек. Бұрын жұмыспен қамту мемлекеттік қызметі болды, ол осы іспен шұғылданды, ал қазір мұнымен кәсіпорын құқығын пайдаланатын биржалар шұғылданады. Ал олардың атқарып жүрген қызметі нашар. Көбінесе, кәсіпорын жұмысқа алған адамдарды «биржа қызметкерлері жұмысқа арнайы орналастырды» деген жалған анықтамалар жинайды екен. Сол үшін мемлекет бюджетінен олар ақша алады. Шағын несие беру, импорттың орнын басу сияқты мәселелер де бар.Ол мәселелер кедейшілікпен күрес бағдарламасында өз орнын тапты. Бұл бағдарламада, қазіргі кезде тек дүниежүзілік банктің, халықаралық валюта қорының ұсыныстарына ғана сүйенуге болмайды.

Қазіргі кезде басты мәселе не? Ол – жмыс орнының жетіспеушілігі. Жұмысшы  күші жағынан ұсыныс көп, бірақ оларға деген сұраныс өте аз.

    Жұмыспен  қамту еңбек ақы, жалақы немесе қандай да бір табыс түрін алу мақсатында жұмыс істейтіндердің санымен сипатталады. Оны тек еңбектің жалақыға айырбасталуымен түсіндірілетін нарықтық келісім ғана емес, өмір сүру қалпын ұзақ уақытқа, кейде түбегейлі өзгертуге алып келуші ретінде де қарастыру керек.

           Жұмыспен қамтудың арнайы түрлерінің сипаттамасы :

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     Жұмыспен  қамтудың жеткіліксіздігінің салдары  жұмыссыздық болып табылады. Қазақстан Республикасының азаматына жұмыссыздық құқығы келесі шарттарды сақтаған жағдайда ғана беріледі  
 
 

      
 
 
 
 

    Экономикаға жұмыссыздықтың теріс әсерін сипаттау үшін жұмыссыздықтан болған жоғалтуларды анықтау өте маңызды. Біріншіден, бұл қаржылық жоғалтулар, себебі, мемлекет әрекет етуші еңбек туралы заңға сәйкес жұмыссыздарға жәрдемақы төлеуге міндетті. Екіншіден, жұмыссыздардың өндіріске қатыспауынан, ешнәрсе өндірмегендіктерінен, мемлекет ұлттық өнім мен ұлттық табыстың белгілі бір бөлігін жоғалтады.

    Бірінші түрдегі жоғалтулардың көлемін  жұмыссыздығы бойынша төленген жәрдемақылардың  сомасы ретінде анықтауға болады. Екінші түрдегі жоғалтулардың шамасын жұмыссыздардың жылдық орташа санын жұмыспен қамтылған бір адамның жылдық орташа өнімділігіне (ұлттық табыс немесе өнім бойынша алынған) көбейту арқылы есептеуге болады.

    Халықты жұмыспен қамту бойынша мемлекеттік  мекемелердегі есеп пен есептілік бюджеттің орындалуын бақылаушы құрал бола тұра, ұлттық табысты кеңейтілген ұдайы өндіріс мақсаттарына тиімді бөлуге және халық шаруашылығындағы салалардың дамуына қажетті қатынасты сақтауға, бекітілген мемлекеттік бюджетті дәл орындауға ықпал етеді. 

Қазіргі таңдағы Қазақстан  Республикасындағы  жұмыспен қамтамасыз ету саясаты

    Жұмыссыздық  проблемаларын  шешуде  еңбек  биржалары (тұрғындарды  жұмыспен  қамту  қызметі )  айтарлықтай  орын  алады.  Нарық  қатынастары  дамыған  елдерде  еңбек  биржасы  алғашқыда  жұмыссыздарға  жәрдем  беру  мақсатында  адамгершілік  институттары  ретінде  пайда  болды.  Уақыт  өте  келе  және  еңбек  қатынастардың  дамуына  сәйкес,  оның  мақсатымен  және  атқаратын  қызыметтері  өзгереді.  Еңбек  биржасы – бұл  еңбекті  жалдау  барысында  жұмыскерлер  мен  кәсіпкерлердің  арасында  делдалдық  келісім  жасалатын,  тұрақты  жұмыс  істейтін  мекеме.  Бұрынғы  КСРО – да  ең  соңғы  еңбек  биржасы  1932  жылы  жабылған  болатын.  Қазіргі  нақты  жағдай – еңбек  нарығының  барлық  элементтерін  қайта  жаңғыртудың  қажеттігін  көрсетіп  отыр.  1991  жылдың  1  шілдесінен  бастап  Қазақстанда  барлық  жерде  тұрғындарды  еңбекпен  қамту  қызыметі  жұмыс  істей  бастады.

    Еңбек нарығы – жұмысшылар мен жұмыс  орындарының саны арасындағы қатынасты реттейтін механизм. Бұл жұмыс күшінің бірқалыпты ұдайы өндірісін және еңбекті тиімді пайдалануды қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар мен әлеуметтік, соның ішінде құқықтық институттар жүйесі болып табылады.

    Еңбек нарығының құрылымы деп оның құрамына кіретін барлық элементтер арасындағы байланыстар мен өзара әрекеттесуін айтамыз. Еңбек нарығының элементтерінің ішінде келесілерді бөліп қарастырған тиімді: жалдамалы жұмысшылар мен олардың бірлестігі; кәсіпкерлер мен олардың одақтары; мемлекеттік органдар жататын нарық субъектілері.

     Еңбек нарығының құрылуы, қалыптасуы және дамуы 1-ші суретте көрсетілгендей бірқатар факторларға байланысты болады.

       
 
 
 
 
 
 
 

Сурет  1 –  Еңбек нарығының қалыптасуына әсер етуші факторлар 
 

    Нарықтық  реформалар жұмыспен қамту сферасына жеткілікті деңгейде әсер етпейді, яғни ол мынадай нарықтық емес белгілерін сақтап қалды: жасырын жұмыссыздық түріндегі еңбектің артықшылығы және еңбек потенциалын жұмысшы күшінің бағасын жасанды түрде төмендете отырып, тиімсіз пайдалану.

 
       Еңбек  биржаларының  негізгі  атқаратын  қызыметтері  мыналар:  еңбек  нарығындағы  сұраным  мен  ұсынымды  анықтау;  жұмыссыздарды  есепке  алу  және  бос  жұмыс  орындарын  тіркеу;  жұмысын  ауыстыруға  және  жұмысқа  тұруға  тілек  білдіретін  адамдарға  ақпараттар  беру;  Жұмыс  іздеп  жүрген  кадрларды  оқыту  мен  қайта  дайындауды  ұйымдастыру;  жастар  арасында  кәсіптік  бағдар  беру  жұмысын  жүргізу;  адамдарды  жұмысқа  орналастыру  үшін  делдалдық  қызымет  көрсету  және  жұмыссыздыққа  байланысты  жәрдемақы  тағайындау.  Мемлекет  кәсіпорындар  мен  ұйымдардың  мүдделерін  есепке  ала  отырып,  биржалар  арқылы  еңбек  нарығына  әсер  етеді.  Еңбек биржасы  беретін  жұмысқа  жолдама  кәсіпкерлер  үшін  міндетті  болмайды,  ол  тек  қана  ұсынымдылық  сипаты  болады,  себебі  олардың  жұмыскерлерді  еркін  түрде  таңдауға  хұқы  бар  және  оны  өздерінің  кадр  бөлімі  арқылы  жүзеге  асыруға  тырысады. 
       Қазіргі  еңбек  биржасында,  жұмыс  күшіне  сұраным  мен  ұсыным  туралы  мағұлматтар  банкісі  болуы  қажет.  Осы  бағытта  өнеркәсібі  дамыған  Батыс  елдердің  тәжірибесін  қолдануға  болады.  АҚШ – та,  мысалы,  аймақты  және  жергілікті  деңгейде  жұмыс  күшінің  электронды  банкілері  құрылған.  Онда  жұмысқа  орналасқан  кезде  жоғары  сапалы  консультациялық  көмек  көрсетіледі.  Нәтижесінде  барлық  мамандық  топтарындағы  жұмыссыздардың  40  проценті  бір  айдың  ішінде  жұмысқа  орналасады.  Сондай – ақ  жұмыссыздарды  қаржыландырудың  жаңа  бағдарламасы  ендірілген.  Әсіресе,  Вашингтон  штатында  федералдық  үкімет  тиісті  білім,  жұмыс  тәжірибесі   бар  және  өз  ісінің  маманы  болғысы  келген  400  жұмыссыз  адамға  белгілі  бір  уақытқа  дейін  мүмкіндік  беріп,  алдын – ала  жәрдемақы  төлейді.  Бұның  өзі,  олардың  жұмыс  жобасының  экономикалық  дәлелі  бар,  әдейі  курстарды  өткен,  сондай – ақ  жаңа  істі  консультант  көмегімен  бастаған  жұмыссыздарға  беріледі.  
      Осы  уақытқа  дейін  біздің  елімізде  еңбек  нарығы  болмады.  Мамандарды  қайта  дайындаудың  тым  қарапайым  жүйесінің  болуы – тұрғындарды  толық,  бірақ  тиімсіз  түрде  жұмыспен  қамтуға  жағдай  туғызды,  өмір  сүру  ресурстарын  бөлуде  теңгермешілідікке  жол  береді,  ал  ол  белгілі  бір  дәрежеде  қоғамның  өндіргіш  күштерінің  дамуын  тежеді.  Әкімшілдік - әміршілдік  басқару  жүйесі жағдайында  мемлекет,  жұмыспен  толық  қамту  мәселесін   өндіргіш  күштерді  орналастыру  бағдарламасына  сәйкес  орталықтанған  жоспар  бойынша    өндіріс  салалары  мен  аймақтарына  бөлу  арқылы  шешіп  отырады.  Жаңа  жұмыс  орындарын  жасау  еңбек  етуге  қабілетті  бар  тұрғындардың  санына  асып  кетіп  отырды,  ал  ол, өз  кезегінде    жұмыс  күшінің  тапшылығын  тудырады.  Және де,  бұл  қадырлық  экстенсивті   типтегі  шаруашылық  механизмінен  қолдау  тауып  отырды:  кәсіпорынның  жалақы  қоры  жұмыскерлердің  санынан  тәуелді  болды,  олардың  санының  өзгеріп  отыруы  еңбек  өнімділігінің  төмендігінің  және  басқа  жұмыстарға   пайдаланудың  орнын  толтыруға  тиіс  еді. 
       Оның  есесіне  жұмыскерге, белгілі бір  жұмыс  орнына  ие  болуға  нақты  кепілдік  берілетін  және оны  жұмыстан  шығару  іс  жүзінде  мүмкін  болмайды.  Соның  нәтижесінде  жұмыс  күшіне  деген  сұраным  еркіндігі  мен  ұсыным  еркіндігі  қатаң  шектеледі.  Мемлекет  жұмыскерлердің  белсенділігі  мен  қозғалысына  қатаң  бақылау  жасап отырады,  олардың  өздерінің  жұмыс  күшін  қолдануына  тек  қана  мемлекет  белгілеген  еңбек  нысандарының  шеңберінде  ғана  рұқсат  етіледі. 
       Кадрларды  тұрақтандыруда «жас  маман»  институты,  белгілі бір  кезеңде  мерзімдік  шартқа  қол  қою  сияқты  тікелей әдістер,  тікелей  жұмыс  уақыты  өтелгеннен  кейін  пәтер  беруге  уәде  ету,  бір  кәсіпорында  істеген  үзіліссіз  жұмыс  стажын  жоғалту  қатері  сияқты  жанама  әдістер  де  қолданылады.  Өздерінің  қабілетін  толығырақ   көрсетуге  және  лайықты  өмір  қалпын  қамтамасыз  етуге  мүмкіндік  беретін  жұмыс  істеу  ұмтылысы – қалада  төлқұжат  тәртібі  түрінде,  елде  керісінше  колхозшыларға  төлқұжат  бермеу,  жұмыстан  шығуға  кедергі  жасау,  пәтер  алу  қиындықтары  сияқты  әкімшілік  механизімі  кедергілеріне  тірелетін.  Бір  орында  ұзақ  уақыт  жұмыс  істеу  экономикалық  тұрғыдан  да  және  әлеуметтік  тұрғыдан  да  ынталандырылады.  Соның  нәтижесінде  еңбекті  ауыстырудың  экономикалық  заңды  бұзылды.  Оның  мәні – адам  өзінің  экономикалық  жағдайын  жақсарту  үшін  белсене  жұмыс  істеу  керек,  ал  ол,  үнемі  өзін - өзі  жетілдіру  қажет  етеді,  соған сәйкес   жұмыс  істейтін  өмірдің  барлық  кезеңі  бойына  еңбек  ету  нысанынан  ауыстырып  отырады.
 
 

Қорытынды

     Жұмыспен  қамту саласындағы мәселелер  тек әлеуметтік-экономикалық өзгерістердің  нәтижесі емес, сонымен бірге келешектегі  реформалардың бағыты мен динамикасын  анықтайтын қуатты факторлар болып табылады. Нарықтық қатынастардың қазіргі кезеңінде экономиканың барлық салаларындағы түбегейлі өзгерістер әсері халықты жұмыспен қамтуға байланысты жаңа көзқарастарды дер кезінде ойластыруды және соған қатысты тиімді мемлекеттік саясатты жүргізуді талап етеді. Cондықтан, еліміздегі әлеуметтік-экономикалық қатынастардың трансформациялану кезеңінде жұмыспен қамту мәселесін, оны реттеудің мақсаты мен бағыттарын анықтау үшін дер кезінде қайта қарау өте маңызды.

    Бүгінгі таңда Қазақстанда және оның аймақтарында жұмыспен қамту мәселелерінің өзекті аспектілері болып отырғандар: инженерлік-техникалық мамандықтарға қажеттіліктің және өндірістік сфера, ғылым, өнеркәсіптің ғылыми салаларында жұмыспен қамтылғандардың қысқаруына алып келген, персоналдардың салалық және кәсіби-біліктілік құрылымының деформациясы; экономиканың көлеңкелі және қылмысты салаларында ресми емес жұмыспен қамтылғандардың көбеюіне алып келетін жұмыспен қамтудың жаңаша емес формаларының кеңінен таралуы. 

     Тұрақты даму тұжырымдамасын жүзеге асырудың маңызды жағдайы әлеуметтік бағдарланған рыноктік экономиканы құру болып саналады. Елдің тұрақты дамуы – адамдардың жұмыспен тұрақты түрде қамтылумен, еңбек саласындағы әр алуан қисылтаяң ахуалдар көрінісінің алдын алумен тікелей байланысты. Қазіргі кезде экономиканың нақтылы секторында жұмыссыздықпен күресу мәселесі жұмыс орындарын құрумен, жұмыспен қамтудың белсенді саясатын жүргізумен жұмыссыздықтан қорғаумен біртұтас түрде қаралуға тиіс. Рыноктік қатынастар пайда бола бастаған кезде мемлекеттің әлеуметтік саясатының ең маңызды міндеттерінің бірі – еңбеккерлердің жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жүйесін жасау болып табылады. Жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жүйесі дамыған елдерде қазіргі ғасырдың басынан-ақ белсенді түрде қолданыла бастаған болатын.

     Қазақстандағы жұмыссыздық бойынша әлеуметтік қорғау жүйесін дамыту үшін халықаралық  тәжірибені талдау жасаудан басқа, оның мәнін, мағынасын, қызметін және оның қызмет істеу үдерісін анықтау қажет. 
 
 
 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. В.Д. Камаева. Экономическая теория. Мәскеу-1999
  2. Мауленова С.С. Экономикалық теория, Алматы-2004
  3. Үсенова Г. Жұмыспен қамту және экономикалық өсу, Ақиқат-№2, 2003
  4. Қазақстан әйелдері мен ерлері (статистикалық жинақ), Астана-2007
  5. Шеденов Ө.Қ. Жалпы экономикалық теория. Ақтөбе-2004
  6. Кедейлікпен және жұмыссыздықпен күрес жөніндегі 2000-2002 жылдарға  арналған бағдарлама
Жұмыспен қамтудың және жұмыссыздықпен күресудің кейбір аспектілері