Жөндеу түрлері

40 Жөндеулердің  үш түрі

Жөндеудің үш түрі қарастырылады. Олар: қалпына келтіру, ағымдағы жөндеулер және күрделі  немесе толық жөндеулер.

Қалпына келтіру  жөндеулері – бұл әртүрлі жағдайларға: табиғи апаттарға (топан су, өрт, жер сілкінісі және т.б.), әскери қиратуларға, негізгі құралдардың ұзақ уақыт бойы қызмет істемей тұруына байланысты болатын жөндеулердің ерекше түрі. Қалпына келтіру жөндеулері мемлекеттің арнайы қаражаттары есебінен жүргізіледі.

Ағымдағы жөндеу – бұл өндірістік процесс кезінде  негізгі құралдарды қызметтен алмай жасалатын ұсақ жөндеулер. Ол өндірістік процесті ұзақ уақытқа тоқтатпайды. Ұсақ жөндеулер кезінде жекелеген бөлшектер ауыстырылады, әртүрлі жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Күрделі немесе толық жөндеулер – бұл негізгі  құралдардың толығымен қайта жөндеуді қарастырады, оның барлық ескірген бөлшектері толығымен ауыстырылып, жөнделген қалпы бастапқы қалпына жақын болуы тиіс.

 

41 Жөндеуді  ұйымдастыру формалары. Жөндеу  шаруашылығының негізгі техникалық-экономикалық  көрсеткіштері 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

42 Сапа  кәсіпорынның нарықтық экономика  шарттарындағы табыс факторы  ретінде 

Қазіргі уақытта  өнім сапасын көтеру – біздің елімізбен  қатар шет елдерде де негізгі  мәселелердің бірі. Бұл мәселенің  маңыздылығы алдыңғы уақытта  арта түсері сөзсіз. Оның себептері өндіргіш күштердің, экономикалық жағдай, оның даму перспективасы деңгейіне байланысты. Сапаны жақсарту үшін, бәрінен бұрын, оны сандық анықтай білу керек, себебі сандық әдістерді қолдану – қолданылатын басқару шешімінің дұрыстығының маңызды алдыңғы шарттарының бірі. 
Өнімдердің көптеген түрлерін өткізудің қиындығы оның сапасын әр түрлі стадияда: техникалық тапсырманы, жұмыс жобасын, тәжірибелік үлгісін, ең соңында сериялық өнімді, дұрыс анықтауды білмеуден. Бұл өткізуді баяулатуға, кей жағдайда сатуға мүмкіндік бермеуге әкеліп соқтырады. Ал бұл халық шаруашылығын орасан зор шығынға ұшыратады. 
Капиталистік елдерде, нарыққа күресе отырып, әр фирма конкуренттерінің жетістіктерін мұқият бақылап отырады. 
Мысалы қырынатын лезвие шығаратын Жилетт фирмасы дүние жүзіндегі таңдаулылардың бірі. Сондықтан, конкуренттерінің жартылай автоматты лезвие магазинін шығарған кездегі олардың мазасызданғанын түсінуге болады. Бөлім конструкторлар мен өндірістік бөлімдерден осыған ұқсас бір жаңалықты өндіріске енгізулерін талап етті. Бірақ сапамен қамтамасыз ету бөлімі бағалаған кезде, жаңалықтың қосынды бағасы салыстырмалы түрде шамалы ғана болды, сондықтан оны шығарудың маңызы болмай қалды. Дегенмен есептеулер, Жилеттің бұйымдары басқа көрсеткіштері бойынша конкуренттерінен төмен қалды, бұл оның комплекстік бағасын төмендетеді. Бұл көрсеткіштерге сапамен қамтамасыз ету бөлімі көңіл аударуды ұсынды. Дұрыс баға құру – (нарық) өнімнің сапасын объективті бағалаумен тығыз байланысты. 
Өнімді бағалауда сапаны ескерудің орындылығын экономистердің көпшілігі қлодайды. Бағаның сапаға тәуелділігін табу үшін оларды өлшей білу қажет. Бағаның өзінің мәні бойынша сандық формасы бар. Сондықтан елімізде бағаны құрудың практикалық қажеттілігі сапаны бағалаудың ғылыми тұрғыда негізделген комплекстік сандық принциптерін қажет етеді. Бұлай бағалау әртүрлі автоматтандырылған жобалардың пайда болуынан шықты. 
Осы кезеңде өнім сапасын бақылауда объективті сипат алған үлкен қиындықтармен кездесуде. Және жаппай өндіріс өнеркәсібі мен тауар алмасудың дамуының ерекшеліктерімен анықталатын өсімге әсер етеді. 
Дегенмен, қорытындылағанда, бүгінгі таңда квалиметрияның келісті теориясы пайда болды деп тұжырымдау әлі ерте. Квалиметрияның пайда болғанына өте аз ғана уақыт өтті, оның зерттеу объектісі өте салмақты (маңызды). Дегенмен бұл ғылыми бағыттың қалыптасуы, принциптері мен сапаны бағалаудың тәсілдері туралы мәселені шешуге мамандардың барлық күш-жігері жұмсалуы керек.

 

 

 

 

43 Квалиметриядағы  сапаны өлшеудің мәні 

Қазіргі уақытта  әр түрлі еңбек өнімдеріне қолданбалы қосымша сала қалыптасып келеді. Бұл жүйеде өзінің спецификалық зерттеу объектісін (жалпы принциптері мен сапаны бағалау әдістері), өзінің спецификалық зерттеу пәнін (адам еңбегі жемісінің жиынтығы), өзінің спецификалық математикалық аппаратын, өзінің спецификалық проблемаларын, математикалық, физиологиялық және социологиялық мінезі бар.

Бұл жүйенің  басқа ғылыми тәртіптерден айырмашылығы мағынасын анықтайтын терминнің  болмауы. Қойылған мақсатты жүзеге асыру  үшін ежелгі грек және латын тілдері  қолайлы болып саналды. Мамандар тобының арасында түсінікті болу үшін бұл термин салааралық ғылымды түсіндіру керек. Ғылымның бұл жағы «квалиметрия» деп атау ұсынылды, латын тілінен «квали» (qualitas – сапа, мінез, quails – қандай, сапасы қандай) және ежелгі грек тілінен «метрео» -өлшеу.

«Метрео» түбірі халықаралық лексиконда көп қолданылады. Ал «квали» түбіріне келсек, одан тарайтын көптеген мағыналы сөздер ( квалификация, квалификациялау т.б.), көптеген елдерде  ол «сапа» деген мағынаны білдіреді. Мысалы ағылшын тілінде – quality («кволити»), испан тілінде – cualidad («квалидад»), француз тілінде – qualite («калите»), итальян тілінде – qualita («квалита»), голланд тілінде – kwaliteit («квалитайт»), неміс тілінде – qualitat («квалитет»).

«Квалиметрия» термині өте ыңғайлы болып келеді: түрлі тілдерде сөйлейтін адамдар үшін түсінікті; «сапаны өлшеу» терминінің мазмұнын дәл түсіндіреді.

Квалиметрияда екі термин жиі қолданылады, олар: бағалау және өлшеу.

Екеуі екі түрлі  мағынаны береді. Квалиметрияда сандық бағалау термині – қарастырылатын өнімнің сапа деңгейіне қатынасы (көбінесе пайызбен анықталады). Өлшеу мен бағалаудың айырмашылығын мінездейтін қарапайым мысалды қарастырып кетейік. Соңғы тексеру кезінде бетон 250 кг/см2 сығу мықтылығын көрсетті. Бұл жағдайда 250 саны – сапаны бағалау нәтижесі, яғни сапа көрсеткіші. Бірақ бетонның сапасын білу үшін (немесе басқаша айтқанда, бетонның жақсы немесе жаман екендігін білу үшін), сапа көрсеткішін базалық көрсеткішпен салыстыру қажет. Мәселен, бетонның беріктік жобасы 300 кг/см2 болу керек, онда баға 250/300=0,83-ке тең. Егер беріктік жоба тек 200 кг/см2 болса, онда сапа бағасы көп жоғары болады: 250/200=1,25.

Сонымен, өлшеу  – шаманы өлшеммен анықтау болса, онда 0,83 пен 1,25 - әртүрлі өлшемді  қолданғандағы өлшеу мәнінің  қорытындысы (300 – бірінші жағдайда, 200 – екінші жағдайда). Алайда бұлай түсіндіру қателестіреді, себебі өлшеу деп бір физикалық масштаб шкаласындағы сапа көрсеткішінің сандық мәнін де және бұл мәндерді салыстыру қорытындысын да түсінеді. Сондықтан өлшеу терминін «Метрология. Терминдер мен анықтамалар» мемлекеттік стандарт жобасында көрсетілген «Өлшеу – арнайы техникалық құралмен тәжірибе жүзінде алынған физикалық шаманың мәнін табу»

 

 

44 Сапаны бағалау қасиеттері

Сапа - объектінің белгіленген немесе болжамалы қажеттілікті қамтамасыз етуге сәйкес көрсеткіштер жиынтығы (ИСО 8402). Сапа деген ұғым үш элементті қамтиды: объект, қажеттілік және көрсеткіштер. Осыған байланысты сапаның мәнін толық түсіну үшін осы элементтерді талдау керек. Сапаны бағалау - объектінің қойылған талаптарды орындауға қаншалықты мүмкіндігі бар екендігін жүйелі тексеру (ИСО 8402). Егер тексеру кезінде талаптардың орындалмауы себепті сәйкессіздік анықталған болса, онда оны жою үшін мекеме түзету шараларын жүргізеді. Кез келген тексеру екі элементтен тұрады:

  1. объектінің нақтылы жағдайы жөнінде ақпараттар алу (өнім үшін оның сапалық және сандық сипаттамалары);
  2. алынған ақпаратты бұрыннан белгіленіп қойылған талаптармен салыстыру, яғни екінші түрде ақпарат алу.Өнім сапасын тексеру - өнімнің сапалық және сандық сипаттамаларын тексеру. Сапаны тексеру жұмыстарына өлшеу, талдау, сынау операциялары кіруі мүмкін.

Өлшеу дербес жұмыс  түрі ретінде метрологияның объектісі болып табылады. Өнімді талдау - материалдар мен шикізаттардың құрамы мен құрылымын талдау сараптамалық әдістермен (химиялық талдау, микробиологиялық талдау, т.б.) жүргізіледі. Сынау - сынау объектісінің сапалық және сандық сипаттамаларын эксперименттік әдіспен анықтау. Сынау кезінде негізгі қажетті заттар - сынау құрал-жабдықтары, ал көмекші заттар - қажетті реактивтер, материалдар, т.б. Сынау кезінде өнім мен қызметтің сипаттамаларын анықтаудың әр түрлі әдістері қолданылады: өлшеу, сараптамалық, тіркеу (тоқтап қалу санын, зақымдалған өнімдердің санын және т.б.) органолептикалық (сипаттамаларды адамның сезім мүшелерінің көмегімен анықтау). Өткізу орнына байланысты сынаулар зертханалық, полигондық, табиғи болып бөлінеді. Тауарларды сынаудың негізгі түрі - зертханалық сынау. Сынау жүргізудің сапа көрсеткіші - дәлдік және нөтижелердің қайталануы. Бұл талаптарды орындау метрология ережелерін сақтауға тікелей байланысты. Қажетті сынаудың сапасын дәлелдеу үшін зертханалар тіркеуден өтуі керек. Зертханаларды тіркеу - сынау зертханаларын орган ретінде белгілі салада жұмыстарды жүзеге асыруға мекеменің құқықтылығын өкілетті мемлекеттік органның ресми мойындауы (ҚР СТ.7.0. 99). Қазақстан Республикасында сынау зертханаларын тіркеуден өткізу жүйесі құрылды. Елімізде сертификаттауды жүргізу ережелері бойынша нақтылы өнімді сынау жұмыстарын жүргізу құқығы тек қана тіркеуден өткен сынау зертханаларына беріледі.

 

 

 

45 Сапаны  басқарудың негізгі бес кезеңі

Сапаны басқару  – басқару практикасы мен сапаға ұмтылуға негізделген кәсіпорын  философиясы. Ендеше, сапа – кәсіпорын  өзегі. Сапаны жаппай басқару кез-келген кәсіпорынның басқарудағы жаңа жолы, яғни сапаға бағытталған, кәсіпорынның барлық мүшелеріне негізделген және тұтынушы талабын қанағаттандыру мақсатына негізделген. Қазіргі кезде сапаны жаппай басқару қоғамда күн сайынидиологияға айналып бара жатыр, яғни бізге қиындықтан шығу үшін және бәсекеге қабілетті елге айналу үшін керек.Сапаны жаппай басқару жақын арада үлкен және кіші кәсіпорын басшыларына керекті болады.

Сапаны жаппай басқарудың негізгі мақсаттары:

  • кәсіпкердің тұтынушы талаптарын қанағаттандыруға бағытталған саясаты
  • кәсіпкерлік сапаны мақсатқа айналдыру
  • кәсіпорынның барлық ресурстарын қолдану

Сапаны басқару: Бұл жүйеде немесе институционалдық деңгейде, жоғары білім беру сапасын қамтамасыздандыру және жалпы оны жақсарту үшін жиі пайдаланатын іс-шаралар жиынтығы. Осы термин сапаны жоспарлау, сапаны бағалау, сапаны қамтамасыздандыру және оны жоғарылату механизмдері арқылы сапаны көтеруге бағытталған саясатты жүзеге асыру іс-шараларының барлығын қамтиды. Бұл қызметкерлердің арасында қызығушылық тудыруы мүмкін үнемі жетілдіру, клиенттің қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталу, стратегиялық менеджмент, басқарушылықтың шеберлігі сияқты факторларға ерекше мән беретін, сапаны басқарудың ерекше толық және жан-жақты тәсілі. Сапаны басқарудың мұндай тәсілі:

- қойылған мақсаттарды және стандарттарды ( өз күштерімен немесе сыртқы органдардың, қаржыландыру ұйымдарының көмегімен бекітілген);

- тұтынушылардың сұраныстарын  қанағаттандыру шараларын; 

- сарапшыларды және кәсіби ой-пікірлерді;

- бәсекелестерді бағалауды қарастырады. 

 

 

 

 

46 Сапаны басқару  жүйесінің функциялары

Сапаны жақсарту мәселесін кесіпорында тұрақты түрде қолданылатын шаралар жүйесін енгізу арқылы ғана шешуге болады. Осындай сапа жүйелері көптеген жылдар бойы құрылып және жетілдіріліп келеді. Қазіргі кезде ИСО 9000 сериялы халықаралық стандарттарда белгіленген сапа жүйесі қабылданды. Бұл жүйенің негізгі принципі - сапаны басқаруда өнімнің өмірлік циклінің барлық сатылары мен кезеңдерін қамту. Өнімнің өмірлік циклі - өнімді жобалау, өндіру, пайдалану, сақтау, тасымалдау, өткізу, жою және кәдеге жарату процестері, яғни өнімді өндіргенде және пайдаланғанда болып отыратын өзгерістерге сай өзара байланыстағы процестер жиынтығы болып табылады. Өмір циклі маркетингтен басталады. Маркетинг деңгейінде - өнімге тапсырма берушілер және олардың талаптары анықталады. Жобалау деңгейінде тұтынушының барлық талаптарына сай өнімді жасау қарастырылады. Өндіру кезінде жобада белгіленген сапа деңгейі қамтамасыз етіледі. Айналым деңгейінде қалыптасқан сапа тасымалдау, сақтау, сатуға дайындау, сату кездерінде сақталуы керек. Пайдалану деңгейінде сапаны басқаруға тұтынушы кірістіріледі. Тұтынушының өнімді пайдалану жағдайы жақсы болса, онда оның қолдану мерзімі де артады. Қолданыстан шығару деңгейінде пайдаланылған өнімнің табиғи ортаға зиянды әсерін болдырмау керек. Кәсіпорынның іс-қимылы өнімді қолданыстан шығарумен бітпейді. Осы кезеңге қарай немесе одан да ертерек қажеттілік анықталады және маркетинг жүргізілгеннен кейін кәсіпорын жаңа өнім түрін жобалауға кіріседі. Осылай сапаны басқару саласындағы жаңа айналым басталады. Сапа жүйесінің қажетті элементтері: ұйымдық құрылымы, әдістемесі, ресурстар мен процестер. Сапа жүйесінің ұйымдық құрылымы кәсіпорын жұмысын басқару шеңберінде құрылады да, оның бөлімшелерінің және қызмет істеушілерінің арасында құқығын, міндеттерін және функцияларын бөліп беру болып табылады. Әдістеме - іс-қимылдарды жүргізудің белгіленген тәсілдері (ИСО 8402). Ресурстар - қызмет көрсетушілер, қызмет ету құралдары, құрал-жабдықтар, технология. Процесс (ИСО 8402) - қолданылатын элементтерді (өнімге қатысты - шикізаттар, материалдар) дайын өнімге айналдыратын өзара байланыстағы ресурстар мен іс-қимылдар. Сапа жүйесінің бар екендігін және оның қойылған талаптарға сөйкестігін осының барлығына тиісті құжаттар болғанда ғана дәлелдеуге болады. Құжаттар сапа жүйесін жасаушыларға, қолданушыларға және тексеру органдарына көрсетуге мүмкіндік береді. Сөйтіп, сапа жүйесі - сапаны жалпы басқаруды жүзеге асыру үшін қажетті ұйымдастыру құрылымы, әдістеме, процесс және ресурстар жиынтығы.

 

47 Сапаны  басқару жүйесінің көрсеткіштері 

Сапа қасиетінің көрсеткіштері 
Сапа қасиеттерінің бірнеше көрсеткіштері бар: 
Тағайындау көрсеткіштері өнімді белгілі бір бағыт бойынша қолданудан алынған экономикалық пайдалы тиімділікті көрсетеді. Өндірістік-техникалық өнімдер үшін негізгі көрсеткіш ретінде өнімділік көрсеткіші алынады. Ол бағаланатын өнімнің көмегі арқылы шығарылатын өнімнің жалпы көлемін анықтауға қажет. 
Сенімділік көрсеткіштері өнімдердің төзімділігін, ұзақ уақыт сақталуын, жөндеуге жарамдылығын көрсетеді. 
Технологиялық көрсеткіштер өнімдерді шығарудағы және жөндеудегі еңбек өнімділігін арттырудың конструкторлық-технологиялық шешімдердің тиімділігін көрсетеді. Бұл көрсеткіштер арқылы жаппай өнім шығаруға, өндірісті технологиялық дайындау, өнімді шығару және сату барысында материалдар мен еңбек құралдарын, уақытты тиімді пайдалануға жағдай жасайды. 
Стандарттау және сәйкестендіру көрсеткіштері шығарылған өнімдердің стандартталған және сәйкестендірілген бөліктерінен тұрады. 
Эргономикалық көрсеткіштер адамдар мен заттардың арасындағы арақатынастар, адамдардың заттарды қолданудағы психологиялық, физиологиялық, гигиеналық қасиеттерін көрсетеді. (Температураның, шудың, вибрацияның, газдың, будың және т.б. ылғалдылықтың әсерлері). 
Эстетикалық көрсеткіштер өнімнің сыртқы орындалуын, формасын, тауарлық түрін қамтамасыз етеді. 
Тасымалдауға шыдамдылық көрсеткіштері өнімнің тасымалдауға бейімділігін, шыдамдылығын көрсетеді. 
Патенттік-құқықтық көрсеткіштер ─ патенттік тазалық, патенттік қорғалымдылықты, өнімдердегі жаңа техникалық шешімдерді, тауарлық белгі мен өндірістік үлгіні тіркеуді көрсетеді. 
Экологиялық көрсеткіштер ─ өнімдерді іске қосқанда және қолданғанда қоршаған ортаға тигізетін кері әсерінің деңгейін көрсетеді. (Мысалы: өнімді сақтағанда, тасымалдағанда және іске қосқанда, қауіпті қоспалардың, газдардың, радиациялық сәулелердің болу мүмкіндігі). 
Қауіпсіздік көрсеткіштер (өнімді жөндеу, сақтау,тасымалдау, шығару, қолдану кезіндегі қауіпсіздікті сақтау). 
Осы көрсеткіштердің жиынтығы өнімнің сапасын құрайды. Сапаны жобалау, сақтау және қолдану процестері сапаны басқару жүйесіне кіреді.

 

 

 

 

 

48 Өнімнің  өмірлік циклінің ИСО стандартының 11 кезеңі

 

 

 

 

49 Өнімді сертификаттау  түсінігі

Сертификаттау – сәйкестікті растау бойынша  орган өнімнің, қызмет көрсетудің белгіленген  талаптарға сәйкестігін жазбаша  куәландыратын процедура.

Латын тілінен аударғанда сертификатату – «дұрыс жасалған» деп аударылады. Өнімнің «дұрыс жасалғанына» көз жеткізу үшін, оның қандай талаптарға сәйкес келетінін білу керек.

Өнім – оны қолдану  үшін және болашақта пайдалану үшін жасалынады. Өнімнің ортақ өміршендік тізбегінің циклында өндіруші «бірінші жақ» болып табылады және де ол тұтынушының қажеттілігін қанағаттандыратын өнім шығарады деп ойлайды.

«Екінші жақ» болып осы  тізбекте, тұтынушы сапалы өнімді тұтынуды қажет ететін тұтынушы болып табылады. Өнімің болашағы тұтынушының баға беруіне байланысты.

«Үшінші жақ» болып, яғни атрибуты – тұтынушыға және өндірушіге мүлдем қатысы жоқ, орган немесе үшінші жақ болып табылады. Шетелдік тәжірибеде үшінші жақпен жүргізілген зерттеудің нәтижесі анағұрлым дәлірек болып  келеді.

Қазақстан Республикасының  «Сертификаттау туралы» заңына сәйкес «сертификаттау» термині тұтынушы мен өндірушіге мүлдем қатысы жоқ, себебі, өнімнің, қызметтің, жұмыстың нормативтік құжаттарымен бекітілген талаптарға сәйкестігін жазбаша түрде растауын білдіреді.

Өнімді, жұмысты, қызметті сертификаттау – бұл осылардың нормативтік құжатпен бекітілген талаптарға сәйкестігін растау мақсатымен өткізілетін кешендік шара.

Өнім қауіпсіздігі, адам өмірін, денсаулығын, мүлігін және қоршаған ортаны қорғау туралы сұрақтар бірінші жағынан үкімет сапасыз  өнім шығарушылардың жауапкершілігін арттырады, ал екінші жағынан өндірілетін өнімге қатысты талаптарды сақтауға міндеттілікті орнатады.

Сертификаттау объектілері – өнім, қызмет, үрдіс, жұмыс және сапа жүйесі болып табылады.

Сертификаттауға жататын өнім, қызмет, үрдіс Қазақстан Республикасының өкіметімен бекітілді.

Сәйкестікті растау – бұл нәтижесі өнімнің қойылған талаптарға сәйкестігін құжат түрінде  куәландыратын (сәйкестік сертификаты  немесе сәйкестік туралы декларация түрінде) процедура.

Сәйкестікті растаудың ұйымдық-әдістемелік негізін барлық сертификаттау түріне таратылатын және берілген процедураларды ұйымдастыру мен өткізілу тәртібін регламенттейтін талаптар кіреді.

Өнімді сертификаттау  не үшін қажет?

Қазақстан Республикасының  өнім экспорты және импорты ауқымы бойынша әлемнің көптеген елдерінің сыртқы сауда қызметтерінде өзіндік орны бар.

Қазақстан Республикасының  заңы бойынша елімізге әкелінетін шетелдік өндірушілердің өнімдері сапа стандарттарына сай болуы тиіс және сол себепті  сертификаттауға жатқызылады.

 

 

 

50 Өндірісті  ғылыми-техникалық дайындаудың кезеңдері 

Өндірісті ғылыми-техникалық тұрғыдан дайындауды ұйымдастыруды  жетілдіру 
1. Өндірісті ғылыми-техникалық тұрғыдан дайындаудың мазмұны мен мәні 
2. Өндірісті ұйымдастырудың ағындық нысандары 
Өндірісті техникалық дайындау – өндірісті ұйымдастыру, жаңа және пайдаланған техника мен технологияны әзірлеу мен жетілдіру, шығарылған өнім түрлерін модернизациялау, сондай-ақ жаңа өнімнің ассортиментін жобалау мен өзара байланыс шараларының кешені. 
Өндірісті дайындау кезеңдері: 
1) ғылыми-зерттеулік (өндірістің даму перспективалараын зерттеу); 
2) жоба-конструкторлық (жаңа өнімді жобалау, оның қасиеттері мен үнемділігін анықтау); 
3) тәжірибе жұмыстарын өткізу (эксперимент – машиналар мен құрал-жабдықтардың жаңа түрлерін сынау); 
4) технологиялық (жаңа технологиялық үрдістерді енгізу).

 

 

 

51 Өндірісті  ұйымдастырушылық дайындаудың мәні 

Өндірісті технологиялық тұрғыдан дайындау, міндеттері, мазмұны және

оны жүргізу  тәртібі. Өндірісті технологиялық дайындаудың бірыңғай жүйесі.

Өндірістің әр түрлі бойынша технологиялық дайындауды жүргізу

ерекшеліктері. Технологиялық дайындауды басқару. Технологиялық

шешімдерді  оптимизациялау және таңдау. Өнімді дайындаудың кескіні мен

технологиясының өзара байланысы.

Ұйымдастыру –  экономикалық дайындық , оның мазмұны, міндеттері

мен жүргізу  тәртібі. Өндірісті техникалық дайындау мерзімін қысқарту әдістері мен резервтері, факторлары. Өндірісті техникалық дайындаудың мерзімін қысқарту. Жобалау мерзімін қысқарту. Жаңа өнім өндірісін есептеудің негізінде дайындау мерзімдері және шығындарын қысқарту, қосымша күрделі қаржының тиімділік коэффициенті немесе шығындардың өтелу мерзімі.

Өндірістік үрдістің жіктелуі де кәсіпорынның өндірістік құрылымын

көрсетеді. Өндірісті ұтымды ұйымдастыру және ыңғайлы басқару қағидасы

бойынша кәсіпорынның өзара байланысты бөлімшелерінің жекелену жүйесі де оның құрылымын анықтайды. Осыған орай өндірістегі мынадай бөлімшелерді атап өтуге болады: кәсіпорын, өндірістік бірліктер, цехтар, ағындық жүйелер, секциялар (бөлімшелер), жұмыс орындары.

Ағындық жүйе - өндірісті ұйымдастырудың негізгі объектісі. Ағындық жүйе

бірнеше секцияларға  бөлінеді. Секция еңбек заттарына әсер етудің жалпы

сипаты бар  бірнеше операцияларды біріктіру  арқылы құрылады. Ал әрбір

секция бірқатар жұмыс орындарынан құралады. Жұмыс орындарында арнайы жұмыс орындалып, өнімнің жаңа құны пайда болады.

 

52 Инновациялар, өнертабыс, рационализаторлық ұсыныстар 

Инновация –  жаңа практикалық әдісті тарату және қолдануды құрудың комлекстік үрдісі немесе ғылыми-техникалық шешімнің, адамдардың, ұсыныстапдың, жаңа идеялардың тәжірибеге енуі, іске асырылуы және де соңында қолданылуы. Инновация туралы осындай көптеген түсініктемелер беруге болады. Жаңалық мынадай түрлерде рәсімделеді: жаңалық ашу; патенттер; тауар белгісі ; рационализаторлық ұсыныстар; жаңа немесе өндіріс процесі құжаттары; ұйымдастыру, өндіріс немесе басқа құрылымдар; ноу-хау; ұғымдар; ғылыми тұрғыдағы принциптер; құжаттар (стандарттар, ұсыныстар, әдістемелер, нұсқаулар және т.б.); маркетингтік зерттеулердің нәтижелері және т.б. жаңалықты жасаудағы инвестиция – жұмыстың жартысы. Ең бастысы - жаңалықты енгізу, жаңалықты инновация формасына айналдыру, яғни инновациялық диффузияны жалғастыруға болады. Кез-келген саясаттың негізі жаңалығы, яғни инновацияны ендіру болып табылады. Ұсыныстар бойынша орындалған жұмыс негізінде ұйымның инновация және жаңалық портфелі қалыптасады. Инновация портфелі ұйымда енгізуге жататын (кіргізуге) жеке еңбектер мен сатып алынатын өзінше кешенін жаңалық тізімін көрсетеді. Осылайша, стратегиялық маркетинг ісінің әдістері мен ғылыми тұрғыда келу негізінде тауарлардың бәсекеге қабілеттілігі, нормативтері ұйымдардың жаңалық және инновация портфелінде жасалған.

 

 

 

53 Кәсіпорын  қызметін жоспарлаудың мақсаты  мен міндеттері

Жоспарлау (болжау) қаржыны басқарудың жүйесінде маңызды орын алады. Кәсіпорынның қаржылық жоспарлардың нақты міндеттері қаржы саясатымен анықталады. Бұл - жоспарлы тапсырмаларды орындауға қажетті ақша қаражаттарының мөлшерін және оның көздерін анықтау; орталықтандырылған және орталықтандырылмаған қорлар арасында, халық шаруашылығының салалары мен әкімшілік-аумақтық бөліністері арасында қаражаттарды бөлудің оңтайлы арақатынасын (пропорциясын) белгілеу; ресурстарды пайдаланудың нақты бағыттарын анықтау және т.б. 
Кәсіпорынның қаржылық жоспарлау - бұл белгілі бір кезеңге арналған қаржы ресурстарының және тиісті қаржы қатынастарының қозғалысын негіздеудің ғылыми процесі. 
Қаржыны жоспарлаудың міндеті — жұмылдырылатын және пайдаланылатын қаржы ресурстарының ұдайы өндірістің материалдық-заттай элементтеріне оңтайлы сәйкестігі негізінде шаруашылық жүргізуші субъектілердің, жүйелердің дамуының пропорционалдығы мен теңдестірілуіне жету. 
Экономикалық жоспарлау жүйесінде қаржылық жоспарлау белсенді рөль атқарады, өйткені ол, бір жағынан - қаржы ресурстарын басқарудың құралы, басқа жағынан - қоғамдық өндіріс процесіне ықпал етудің маңызды тұтқасы.

 

 

 

 

 

 

54 Кәсіпорын  қызметін жоспарлау түрлері  

Жоспарлаудың  үш түрі бар:

  1. ұзақ мерзімдік жоспарлау;
  2. орташа мерзімдік жоспарлау;
  3. қысқа мерзімдік жоспарлау.

Жоспарлау, экономикада – нақты нысанның (мемлекеттің, кәсіпорынның, ұжымның, т.б.) экономикалық және әлеуметтік дамуының белгілі бір мерзімге арналған жоспарын, сондай-ақ оны жүзеге асыруға бағытталған нақтылы іс-шаралар кешенін талдап жасау.

Кәсіпорын қызметін Жоспарлау – кәсіпорынның (фирманың) маркетингілік қызметінің барлық бағыттар бойынша егжей-тегжейлі жоспарларын әзірлеу. Мұндай маркетинг-жоспарлардың құрылымында мыналар қамтылады: негізгі көрсеткіштердің тізбесі; рыноктардың, олардың негізгі буындарының, тұтынушылардың (сатып алушылардың), бәсекелестердің сипаттамасы; бәсеке салдарынан болатын негізгі қиындықтарға жасалған талдау; фирма қол жеткізуге тиіс жоспарлы кезең мақсаттарының тұжырымдамасы; маркетинг стратегиясын әзірлеу; жоспардың орындалу барысына бақылау белгілеу. Фирма өнімнің бірнеше түрлерін, топтарын өндіретін, түрлі рыноктарда жұмыс істейтін жағдайда әрбір сала бойынша жеке маркетинг-жоспар жасалады; қысқаша Маркетинг.

 

 

55 Жоспарлаудың негізін салушы принциптер

Өндірісті жоспарлау  механизмінің негізгі құрамдас бөліктері: экономикалық өсімнің түрақты қарқыны; оның сапалық сипаттары; шығарған өнімнің  отандық және элемдік нарықта бәсекеге қабілеттілігін көтеру және сапасын жақсарту; халықтың материалдық жағдайын көтеру; жаңа технологияларды меңгеру, ғылыми және инновациялық жұмысының әсерін күшейту, адам капиталын нэтижелі пайдалану. 

Жұмыскердің еңбек белсенділігін ынталандыру үшін уәждемелер мен ынталандырудың жаңа жүйесін жасау қажет, оның теориялық әдістемелік принциптеріне мыналар жатады:

-      өндірісте материалды ынталандырудан, түлғаның өзін-өзі жетілдіру уәждемесіне бағдарлануы, интеллектуалды элеуеттілікті өсіру;

-      еңбек жэне түрмыс сапасының жоғары деңгейге көтерілуі;

-      материалды ынталандырудың өрісі мен үрдістерін кеңейту;

-      материалды, моральді, шығармашылық т.б. ынталандыруды жалпыландыру.

 

 

 

56 Жоспарлау  кезеңдері 

Жоспарлаудың  кезеңдері: Жоспарлау үрдісі үш кезеңнен тұрады:

  1. стратегиялық мәселелерді талдау;
  2. кәсіпорын болашағын болжау және міндеттерді анықтау;
  3. дамудың ұтымды вариантын таңдау.

 

     Бірінші кезеңде кәсіпорын жұмыс істейтін нарық талданады. Талдау екі жақты болады:

  1. нарықтық ортада кәсіпорын қызметінің оңтайлы сәттерін ойластыруы керек;
  2. нарықтық ортадағы кәсіпорын қызметінің кемшіліктері қарастырылады.

 

     Кәсіпорын нарықта өз орнын табу кезінде әр түрлі кездейсоқ  проблемаларды кездестіруі мүмкін: тұтынушылардың талабының өзгеруі, ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерінің енгізілуі, нарықтың өзгеруі және бәсекелестердің стратегиясының өзгеруі, қаржы қиыншылықтары тууы мүмкін. Осы мәселелерді шешкеннен кейін келесі кезеңге өтуге болады.     

Екінші  кезеңде кәсіпорынның күшті және әлсіз жақтары жөнінде каталог жасалынады. Бұл каталогқа нарықтық орта жөніндегі өзгерістер енгізіледі. Осы каталогтың көмегімен қол жеткізуге болатын мақсаттар анықталынады.      

Үшінші  кезеңде жасалынған каталогтың негізінде кәсіпорынның дамуының барлық материалдық және ұйымдастырушылық құралдары анықталынып, сөйтіп үш негізгі көрсеткіш талданады:

  1. кәсіпорынның нарықтағы орны;
  2. кәсіпорынның қайсы сала мен шаруашылық секторына жататындығы;

 

     3) өндірістік бағдарламаның ассортименттік құрылымы.  
Бүл кезең ең күрделі кезеңге жатады. Себебі алдыңғы екі кезеңнің ақпараттары негізінде талдау жасалынып, кәсіпорынның дамуының ұтымды варианты анықталады.

 

 

57 Жоспарлардың  құраушылары (мақсаттары; бағдарламалары; ережелері; процедуралары; әдістері; сметалары)

Кәсіпорынның (фирманың) ішкі жұмыстарын жоспарлаудың негізгі  элементтеріне мыналар жатады:

  1. болжау;
  2. мақсатты анықтау (міндет қоя білу);
  3. жоспарға түзету енгізу;
  4. бюджетті құрау;
  5. жоспарды нақтылау.

 

     Болжау. Болжаудың құралына жеке салалардағы экономиканы, жеке аймақтардың даму перспективасын оқып үйрену жатады. Соның негізінде компаниялар мен жеке бөлімшелер өзінің міндеттері мен мақсаттарын анықтайды. Болжау - фирманың нарықтық стратегиясы мен маркетинг жұмыстарына тығыз байланысты болады.     

Міндеттерді қоя білу. Болжау жасаудың негізінде жалпы міндеттер анықталады. Олардың жуық уақыттары белгіленеді. Ресурстармен қамтамасыз ету мүмкіншіліктері анықталады.      

Жоспарды  түзету. Жоспардың бағдарламасы жасалу кезінде оның орындалу мерзімдеріне түзетулер енгізіледі, бағдарламаның жеке сатылары бойынша шикізат пен материалдармен жабдықтаушылардың, өндірістік және өнім өткізу операцияларының арасындағы байланыс анықталады.     

Бюджетті  құрау. Бюджет дегеніміз - ақшамен есептелінген жоспар, кірістер мен шығыстар балансы және натуралдық шамадағы кәсіпорынның дүние-мүлкі жатады. Бюджеттің негізгі түрлеріне мыналар жатады: кірістер мен шығыстар сметасы, материал шығындарының сметасы, күрделі қаржы сметасы, кассалық бюджет және тағы басқалар. Сонымен бірге әрбір операцияға жауапты адамдардың функциялары анықталады.     

Жоспарға  түзету енгізу және оны нақтылау. Жоспарға түзетулер енгізу және жоспарды нақтылау жүргізілгеннен кейін жоспарды жүзеге асыру басталады. Түзетулер кәсіпорында болатын отын, энергия, шикізат пен материалдардың уақтылы келіп түсуіне байланысты енгізіледі. Түзетулер енгізуді негізінен әкімшілік жүргізеді. Түзетулер мен жоспарды нақтылау табыстың мөлшеріне де байланысты болады.

 

 

 

 

58 Жоспарлау  тәсілдері кәсіпорандары

Жоспарлау әдістері - кәсіпорынның (фирманың, компанияның), оның бөлімшелерінің, басқарудың басқа деңгейлеріндегі болжамдары мен жоспарларын әзірлеу тәсілдері. Неғұрлым әмбебап және басқарудың барлық деңгейінде таралған түрі — жоспарлаудың теңгерімдік әдісі. Оның мәнісі ресурстардың бары-жоғынан немесе олардың құралу көздерінен және тиісті қажеттіліктерден құралатын өзара теңгерімді кестелер нысанындағы теңгерім жасауда. Теңгерім заттай тұлғада, олардың кейбіреулері, мыс., өндірістің көлемін қаржымен байланыстыру кезінде немесе кіріс пен шығыс теңгерімі — ақшалай тұлғада әзірленеді. Болжауда (жоспарлауда) нормативтік әдіс т е қолданылады. Оның мәнісі бірқатар жоспарлық (болжамдык) есептердің ғылыми негізделген нормалар мен нормативтерді шикізат пен материалдардың, отын мен энергияның, еңбек және қаржы ресурстарының бір енім өлшеміне шаққандағы нормаларын, салықтар мен алымдардың, бюджетке төленетін төлемдердің мөлшерлемелерін, тозымпұл (амортизация) нормаларын, т. б. қолдана отырып орындалатынында.

 

 

 

59 Стратегиялы  жоспарлаудың негізгі белгілері 

Жөндеу түрлері