Жорықтағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету
Туризмді
дамытудың 2007-2011 жылдарға
арналған мемлекеттік
бағдарламасы аясында бес жылдың ішінде
халықты жұмыспен қамту үшін, сыртқы және
ішкі туризм көлемінің артуы есебінен
кірістің тұрақты өсімі үшін, сонымен
қатар Қазақстанды 2011 жылы Ортаазиялық
аймақтың туризм орталығына айналдыру
үшін бәсекеге қабілетті туристік индустрия
құру қарастырылған. Аталмыш бағдарламаны
іске асыруға республикалық бюджеттен
59 млрд. теңгеден астам сома көлемінде
қаржы бөлу жоспарланып отыр.
Баяндамада бүгінгі таңдағы мемлекеттік
және жеке меншік секторлардың өзара әрекеттерінің
кластерлік моделі өзін өзі ақтағаны баяндалған.
Мұның нақты факторы ретінде «Туризм»
кластерінің пилоттық жобасын іске асыру
болып табылады.
Кластерлік инициатива шеңберінде туристік
инфрақұрылымды дамыту үшін инвестиция
жұмылдыру мүмкіндігі маңызды болып саналады.
- Қонақүйлер жүйесін, Ұлы Жібек Жолы үлгісінде керуен-сарайлар мен өзге де маңызды туристік маршруттардың құрылысына жағдай жасалатын болады.
- Инвестжобалар бойынша ұсыныстар негізінде аймақтық мөлшерде база қалыптасқан. Алғашқы кезеңде 90 инвестжоба сарапталып, жинақталды. Олардың 11 – і 386 млн АҚШ долларына өзектірек саналып алынды, және «Қазына» тұрақты даму қорына мемлекеттік қолдау көрсету үшін жіберілді.
- Алматы, Ақмола және Маңғыстау облыстарында әлемдік деңгейдегі заманауи көпфункционалды туристік орталықтар құрудың Тұжырымдамасы жасалды, оны Елбасы мен ел Үкіметі мақұлдап отыр. Аталмыш жоба бойынша инвестиция жұмылдыруға жоспарланып отырған сома 30 млрд АҚШ долларын құрайды.
1.
Таушаңғы туризмінің
болашағы
Алматы және Шығыс-Қазақстан облыстарында
таушаңғы базасын салу. Алматы облысында
– 5 (Шымбұлақ, Алматау, Табаған, ЦСКА);
Шығыс-Қазақстанда – 2 (Изумруд Алтай,
Алтай Альпілері). Алматы облысы, Талғар
ауданындағы Әскери шатқалда әлемдік
стандартқа сай келетін «Ақбұлақ» таушаңғы
базасы салынған.
Туризмнің инфрақұрылымын дамыту көліктік
инфрақұрылым желісін құрумен тікелей
байланысты. Ішкі және сыртқы туризмді
дамытудың басты алғышарты барлық санаттағы
туристерге арналған авиа, теміржол, автомобиль
және су көлігіне қолжетімділік болып
табылады.
2. Туристік кадрларды
даярлау деңгейін жоғарылату.
Бүгінгі күні кадрларды даярлау деңгейін
көтеру жұмыстарына айрықша көңіл бөлінеді.
2006 жылы туристік фирмалардың саны 921 ді
құрады және өткен жылмен салыстырғанда
9 пайызға көтерілген. Министрлік туристік
кадрлардың біліктілігін арттыру курстарын
өткізіп тұрады. Бұл жылы Астана қаласында
бірінші республикалық ақпараттық туристік
орталықты ашу, келесі жылы Алматы, Түркістан,
Атырау және Ақтау қалаларында ашу жоспарланып
отыр. 2005 жылдан бастап ҚР Үкіметінің қолдауымен
«Болашақ» бағдарламасы шеңберінде туризм
саласына кадрлар даярлануда. ҚР Туризм
және спорт министрлігі мен Білім және
ғылым министрлігімен бірлесе отырып
жоғарыда аталған Бағдарлама аясында
білім алушыларға арналған квотаны арттыратын
болады.
3. Қазақстанның тартымды туристік имиджін нормалау
Әлемдік туристік
рыноктағы Қазақстанның тартымды туристік
имиджін қалыптастыру мақсатында Қазақстанның
туристік әлеуетін ілгерілетудің мақсатты
Бағдарламасын жасалды. Онда халықаралық
туристік форумдарға қатысуды, көрме,
жәрмеңке өткізу, әлемнің жетекші телеарналарында
жарнамалық бейнероликтерді орналастыру
және беру, сонымен қатар шетелдік БАҚ
өкілдеріне инфотурлар өткізу және жарнамалық-ақпараттық
өнім шығаруды қарастырылған.
Имиджді жоғарылату үшін Қазақстанның
2007 жылы Дүниежүзілік туристік Ұйымының
атқарушы кеңестігіне (ЮНВТО) өтуі мен
2009 жылы Астана қаласында ЮНВТО-ның Бас
Ассамблеясын өткізу маңызды роль атқарады.
Өткен жылғы туризм саласындағы негізгі
көрсеткіштер:
- Сырттан келу туризм 8 пайызға артып, 4 млн. 706 мың адамды құрады;
- Ішкі туризм 7% артты, 3 млн. 495 мың адамнан тұрды;
- Сыртқа шығу 23% және 3 млн. 687 мың адамды құрады.
Анықтама:
Туризмді дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасын іске асыру
ұлттық туристік өнімнің тартымдылығын
арттыруға және Қазақстанның әлемдік
туристік рынок жүйесіне кіруіне әсер
ететін болады. Ел экономикасының шикізаттық
салалары арасындағы секторлардың маңызды
кіріс көзі бола алатын, дамыған бәсекеге
қабілетті туристік индустрия құралу
жоспарда бар. Республикада Қазақстанның
Ортаазиялық аймақ туризмінің орталығы
болуына жағдай мен мүмкіндік жасалатын
болады.
Қазақстандағы туризм
Ұлы
Жібек Жолы бойында
орналасқандықтан Қазақстан аум
Әуесқой туристердің бастауымен Алатау
қойнауындағы Күйгенсай (Горельник) шатқалында
туристер үшін шағын үй салынды. 1936 жылы
бұл жерде республикадағы ең алғашқы 50
кісілік “Горельник” турбазасының шаңырағы
көтерілді. 1938 жылы Көкжайлау шатқалында
(Алматы маңында) алғаш қазақстандық туристер
слеті өтті. Оған 200-дей туристер қатысты. 1943 жылдың
басынан “Горельник” турбазасында Кеңес
армиясының тау атқыштарын даярлайтын
Бүкілодақтық нұсқаушылар мектебі орналасты.
Соғыстан кейін “Горельник”
тау шаңғышылары мен альпинистер кадрларын
даярлайтын базаға айналды. Адамдардың
белсенді демалысы мақсатында 1952 жылы
Қазақстанда Туристік-экскурсиялық басқарма
(ТЭУ) құрылды. 1961 жылы Алматыда Респубикалық жас туристер станциясы
ашылды. 1960 жылы кәсіподақтардың
Қазақ республикасының кеңесі жанынан
туризм жөніндегі республика басқарма
ұйымдастырылды. 1962 жылы Туристік-экскурсиялық
басқарма Туризм жөніндегі кеңес болып
қайта құрылды. 1965 жылыҚазақстанда республикалық және
5 облысық (Алматы, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Орал, Шымкент)
туристік кеңес және әр облыста экскурсиялық
бюро ашылды.
- 1950 – 60 жылдары Алматы жоғары оқу орындарында тау туризмі, альпинизм (шыңға шығу), спорттық туризм дами бастады. Мұның нәтижесінде туристік нұсқаушылар тобы қалыптасты. Осы жылдары С.Күдерин, Ү.Үсенов, Н.Дубицкий, В.Г. Хомулло, т.б. мамандар оқушылар мен студенттер арасында туризмді дамытуда үлкен үлес қосты.
- 1958 жылы Зиминге тұңғыш рет туризм бойынша КСРО-ның спорт шебері атағы берілді.
- 1970 жылы құрылған Туризм және саяхатшылықтың республикалық кеңесі туризмнің одан әрі дамуына әсер етті.
- 1971 – 75 жылдары Қазақстанда туризмнің материалдық базасын нығайып, саяхаттық-туристік ұйымдар көбейді, жаңа туристік базалар мен мейманханалар пайдалануға берілді.
- 1978
жылы Қазақстанда экскурсия мен туризмнің
респ. кеңесі және 14 облыстық кеңес, 17 туристік
база мен мейманханалар, 26 саяхат, экскурсия
бюролары және шет ел туристеріне қызмет
көрсететін 3 бюро, Алматы, Орал, Шымкент қалалары
нда туристік автомоб. базалары құрылды. Туристік базалар мен мейманханалардағы орын саны 7 мыңға жетті. - 1988 жылы туризм құрылымында біршама өзгерістер болды. Жаңадан туристік экскурсия қауымдастықтары құрылды. Осы жылдары Қазақстан туризмінің дамуына Н.И. Самойленко, С.Әбденбаев, Т.Жездібаев, А.Чукреев, О.Мазбаев, С.Р. Ердәулетов, т.б. үлкен үлес қосты. Тәуелсіздік алған Қазақстанда 1991 жылдан туризм саласы дамудың жаңа сатысына көшті. 1993 жылы Қазақстан Дүниежүзілік туризм ұйымына мүше болды. Осы жылы туризм индустриясын дамытуға арналған ұлттық бағдарлама қабылданды.
- 1997 жылы Қазақстан Республикасының Ұлы Жібек жолының тарихи орталықтарын қайта өрлету, түркі тілдес мемлекеттердің мәдени мұралар сабақтастығын дамыту тұжырымдамасы, жалпы туризм дамуының стратегиясы жасалды. 2001 жылы 13 маусымда “Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы” заң қабылданды. Онда республикадағы туристік саланы дамытудың бірінші кезектегі шаралары, туристік қызметті лицензиялау, т.б. мәселелер тұжырымдалды. Қазақстанның табиғи, тарихи, геосаяси орны туристік нысандарды ұтымды пайдалануға мүмкіншілік береді, сонымен қатар экономиканың басты тармақтарының бірі ретінде дамытуды қажет етеді.
- 2002 жылы республикада 430 туристік ұйымдар, фирмалар мен әр түрлі бюролар жұмыс істеді. Оларда 6 мың адам, оның ішінде 1500 кәсіптік экскурсия жүргізушілер (гидтер) қызмет көрсетеді. Қазақстанның туристік фирмалары дүние жүзінің 80-ге жуық елімен қарым-қатынас жасайды. Алматы қ-ның 25 фирмасы және 5 облыс орталығы Үндістанға, Түркияға, Біріккен Араб Әмірлігіне, Пәкстанға, Корея Республикасына, Грекияға, Польшаға, т.б. елдерге чартерлік әуе рейстерін жолға қойған.
Қазақстанда туризмнің барлық түрлері
(танымдық, ойын-сауық, этника, экология,
денсаулық сауықтыру, балалар, спорттық,
аң аулау, балық аулау, атпен серуендеу),
т.б. бойынша жүргізіледі. Бұл үшін
Қазақстан аумағы бойынша 700-ден
астам саяхаттық маршруттар белгіленген.
Оларға Қазақстанда жиынтық
Туризм мамандары
Туризм және спорт академиясында, Қазақ
халықаралық қатынастар және әлем тілдері
университетінде, Алматы мемлек
[өңдеу]Туристік нысандар
Қазақстандағы
туристік ресурстарға – туристік
қызмет көрсету нысандарын қамтитын
табиғи-климаттық, тарихи, әлеуметтік-мәдени,
сауықтыру нысандары, сондай-ақ туристердің
рухани қажеттерін қанағаттандыра алатын,
олардың күш-жігерін қалпына
Қазақстандағы туристік
нысандар бірнеше
топтарға бөлінеді:
- табиғи-рекреациялық
- тарихи-археологиялық
- тәуеп ету
Табиғи-рекреациялық нысандарға Солтүстік Қазақстан аймағындағы Көкшетау
Тарихи-археологиялық
ескерткіштердің туристік-
Түркістан – қазақ хандығының
алғашқы астанасы. Онда Қожа Ахмет Иасауи
кесенесі салынған, кесене іші мен айналасына
қазақ мемлекетінің негізін қалаған Тәуке, Тәуекел, Жәңгір
Қазақстанда Отырар, Сарайшық,
Тәуеп ету (діни) туризм нысандары республика
аумағында көптеп кездеседі. Оларға
түркі әлеміндегі қасиетті Түркістан
қаласы, Қожа Ахмет Иасауи кесенесі, Абаб-Араб
мешіті, Гауһар-ана зираты, Әли-Қожа бейіті,
т.б. жатады. Адамдар бұл қасиетті жерлерге
тәуеп етіп, Аллаға сиыну үшін келеді.
Одан басқа Қоғам а. маңында (Отырар ауданы) Арыстан баб кесенесі, Ибраһим-ата бейіті,
Қарашаш ана кесенесі, Тұраба ауданыннда
– Ысмайыл-ата мазары орналасқан. Жамбыл облысында
– Айша
бибі кесенесі
мен Қарахан кесенесі, Қызылорда облысында
– Артық, Айтман кесенелері, Балқаш көлі
маңында – Тектау ата, Әуез бақсы, т.б.
киелі орындар бар. Қазақ халқының азаттық
күресі жолындағы батырларға, қолбасшыларға
деген құрмет белгісі мемориалдар мен
ескерткіштерде көрсетілді. Бұларға Райымбек
пен Қарасай батыр ескерткіштері (Алматы
облысы) Қордайдағы (Жамбыл облысы) Өтеген
батыр, Ақтөбедегі Есет батыр, Солтүстік
Қазақстандағы Ағынтай мен Қарасай ескерткіштері, Астанадағы Қара
Республиканың
әсем де әдемі жерлерінде бірнеше
туристік базалар орналасқан. Оларға
Іле Алатауындағы “Шымбұлақ”
шаңғы базасы, Павлодар облысы Жасыбай көлі
жағасындағы “Баянауыл”, Қарағанды облысынд
[өңдеу]Пайдаланылған әдебиеттер
- ↑ "Қазақ энциклопедиясы,"5 том
Туризм
Қазақстан ерекше табиғи мүмкіндіктер мен мәдени-тарихи нысандар мұрасына иелік етеді. Қазақстанның 14 облысының әр қайсысы қонақтарды көрікті көріністерімен, халқымыздың бай мәдениетінен хабардар ететін ежелгі ескерткіштерімен таңғалдыра алады. Туристер 700-ден астам бағыт-бағдарды таңдай алады. Қазақстанның солтүстік, оңтүстік, шығыс, батыс және орталық аймақтары туризмнің қолданыста бар – танымдық, ойын-сауықтық, этникалық, экологиялық, сауықтыру, балалар, спорттық, аңшылық, атты, шым-шытырық оқиғалы, тағы басқа да түрлерінің бәрін ұсынуға әзір.
СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН
Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстары өз алдына Солтүстік Қазақстан аймағын құрайды. Ол Есіл, Тобыл және Обаған өзендері, сондай-ақ, көптеген көлдері емдік минералды тұздары және балшығымен әйгілі аумақты жерде орналасқан.
Бурабай шипажайы. Бурабай – Қазақстандағы ең әйгілі шипажайлардың бірі. Ол қалың жыныс орман-таулар арасындағы көрікті 80 көлі талай ақынның өлең-жырына арқау болған сұлу Көкше жерінде орналасқан.
Қорғалжын қорығы. Теңіз – Қорғалжын көлдерінің жүйесі ЮНЕСКО- ның бүкілдүниежүзілік табиғи мұра тізіміне тіркелді. "Жұмбақтас" жартасы. Әр тас – бір-бір жұмбақ. Жұмбақтас қаншама жылдан бері қараған жанның көңілін қобалжытады.
Науырзым қорығы. Бұл сұлу ормандар мен жануарлар әлеміне бай ерекше жер. Мемлекеттік Ұлттық Баянауыл бағы. Шөлейт даланың қақ ортасындағы табиғатың сұлу мүйісі. Жаратылысы бөлек таулар мен жазықтар жолаушыны қайран қалдырады және оның есінде мәңгі сақталып қалады.
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН
Оңтүстік Қазақстанға төрт облыс – Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда кіреді. Аймақ батыста Арал теңізінен шығыста Жоңғар қақпасына дейін, солтүстікте Балқаш көлі мен Бетпақ даланың шөлді жазығынан, Қызылқұм шөл даласының солтүстік бөлігі мен Тянь-Шаннің батыс және солтүстік сілемдерін және Жоңғар Алатауын қоса алғанда, республиканың оңтүстік шекарасына дейінгі аумақты алып жатыр.
Шарын шатқалы. Оның пайда болғанына 12 миллион жыл. Шатқал тереңдігі 300 метрге жетеді. Оның ұзындығы – 200 километрдей. Осынау Шарын шатқалы – табиғаттың ғажайып ескерткіші. Сондықтан оны сақтау үшін Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи бағы ұйымдастырылды.
Көлсай көлдері. Қазақстанның ең көрікті үш көлінен тұратын ансамбль. Олар теңіз деңгейінен 1800, 2250 және 2700 метрлік биікте орналасқан.
Мойынқұм бархандары. Мойынқұм құмдарын өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің ең төзімділері ғана жерсініп, өмір сүре алады. Жергілікті құм төбелердің биіктігі 700 метрге жетеді.
Айша Бибі кесенесі. ХI-XII ғасырларда Тараз қаласының билеушісі өзінің сүйікті жары қайтыс болған жерге ертегідегідей сұлу кесене тұрғызған. Кесене өзінің ұзақ тарихында ғашық жарын сағынып, өз бақытына асыққан ару қыз жайлы ондаған аңыздарға арқау болды.
Ақсу-Жабағылы. Қазақстандағы байырғы қорық. Ол Орталық Азияда алғашқылардың бірі боп ЮНЕСКО-ның биосфералық қорығы мәртебесін алды.
Отырар. Көне Отырар қаласы – ортағасырлық ескерткіш. Х-ХII ғасырларда қала Орта Азиядағы ең ірі елдімекендердің бірі болды. XIII ғасырда Шыңғысханның басқыншы әскерлері құлатқанымен, көп ұзамай, гүлденген қала кейпіне қайта оралып, XVIII ғасырға дейін сауда жолы торабы мәртебесіне ие болды.
“Барсакелмес” мемлекеттік қорығы. Бұл баяғыдан жұмбақ сырға толы жер болып есептеледі. “Барсакелмес” деген атауының өзі барған адам қайтып оралмайды деген ұғымды білдіреді. Шын мәнісінде, бұл жер өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің ең сирек кездесетін түрлеріне ертегідегідей бай.
БАТЫС ҚАЗАҚСТАН
Батыс Қазақстан – бұл екі құрлықтың тоғысқан жерінде орналасқан 4 облыс: Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан. Осында планетаның ең төменгі екінші нүктесі – Қарақия ойпаты орналасқан. 2000 жыл бойы Маңғыстау жерінің аумағынан Ұлы Жібек Жолы кесіп өтті. Қазір енді бұл туристік қызықты бағыт-бағдарлардың бірі. Оған қоса, Батыс Қазақстан саяхатшыларды балық шаруашылығымен, аң-құсы мол саятшылыққа қолайлы жерлерімен, су спорты түрлерінің дамыған инфрақұрылымдарымен қуантады.
Емельян Пугачевтің үйі. XVIII ғасырдың 70-жылдарының бас кезінде кәдімгі казак үйінде өзін III Петр патшамын деп жариялаған адам өмір сүрді. Емельян Пугачёв тап осы жерде тұңғыш рет казактарды өздерінің азаттық құқы үшін күреске шақырды.
Шақпақ - Ата жер асты мешіті. Бұл осы аймақтағы ең ежелгі сәулет ескерткіші. Мешіттің барлық сәулет құрылысына қарағанда, Шақпақ – Атаның X ғасырдан бұрын салынған.
Планетарий. Ақтөбе қаласының планетарийі – керемет оқу орталығы. Оның қызметкерлері үнемі тартымды дәрістер оқиды, ал жергілікті оқушылар әр кез жұлдызды аспанды әуесқойлықпен бақылар сәтті асыға күтеді.
Ежелгі Сарайшық қаласы. Ежелгі заман жайлы еске салатын тағы бір жарқын ескерткіш. Тарихшылар Сарайшықты Қазақ ордасының бесігі деп біледі. Үстірт. Миллиондаған жылдар бұрын Үстірт жазығы пайда болды. Дүлей теңіз кейін шегінді. Алайда күні бүгін де ежелгі теңіз жәндіктері өмірінен қалған іздерді көруге болады.
ОРТАЛЫҚ ҚАЗАҚСТАН
Қарағанды облысы Орталық Қазақстан аймағына жатады. Әлемдегі ең үлкен көлдердің бірі – Балқаш көлі мен керемет таулы-орманды Қарқаралы оазисі де осында орналасқан. Ұлытау таулары тау туризмінің түрлеріне әуестенушілердің ғана емес, жаратылысы бұзылмаған көркем табиғатты сүйетіндердің де көңілінен шығары сөзсіз.
Аймақ сондай-ақ, Ұлы Жібек жолындағы сауда және мәдениет аясына кіреді.
Кент қонысы. Кейінгі қола дәуірінде бұнда қола бұйымдар жасаумен айналысатын тайпалар өмір сүрген. Оның аумағында тұрғындар мысты қалайымен қосқан ошақтар сақталған.
Диоптаз кен орыны. Диоптаз – бұл изумрудтің «кіші інісі». Диоптаз кристалдарын көбінесе осынау асыл тастың орнына қолданады. Сирек кен орындарының бірі Қарағанды облысында жатыр.
Балқаш көлі. Бұл көл - Каспий мен Арал теңіздерінен кейінгі ең ірі ағынсыз су қорларының бірі. Балқаштың айрықша қасиеті – оның жіңішке мойнақ арқылы бірігетін батыс және шығыс бөліктерінің әр түрлі минералдануында. Суды Іле өзенінен алатын батыс бассейні –тұщы, шығыс бассейні тұздылау.
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН
Шығыс Қазақстан Қытай, Моңғолия және Ресей мемлекеттерімен шекаралас орналасқан. Шығыс Қазақстан аумағының үлкен бөлігін Рудный, Оңтүстік Алтай, Қалба, Сауыр, Тарбағатай тау жоталары алып жатыр. Осынау табиғаты көрікті жерде қазақтың ұлы ағартушы-ақыны Абай Құнабайұлы мен атақты жазушы Мұхтар Әуезов өмірге келген.
Белуха таулары. Саяхатшылар Алтайдың осынау ең биік шыңының (4506 м) адамды өзіне тартатын айрықша күші мен сиқырлы қуаты барын растайды.
Марқакөл қорығы. Бұл қорық – Шығыс Қазақстанның нағыз інжу-маржаны. Оңтүстік Алтайдың табиғат кешенін табиғи жағдайда сақтау үшін 1976 жылдан бері қорық аумағын қоршап, адам іс-әрекетінен қорғайды.
Рахман бұлақтары. Осы жердегі жерасты суларының құрамында емдік радон бар. Ыстық суларын буын, омыртқа, жүйке жүйелері және тері ауруларын емдеуге қолданады.

- Жоспарлаудың түсінігі мен мақсаттары
- Жоспарлау мен болжаудың түсінігі және маңызы
- Жоспарсыз жүктіліктен сақтану
- Жостовская роспись
- Жостовская роспись
- Жостовский художественный промысел
- Жохов, Александр Андреевич
- ЖОО психологиялық қызмет: ұйымдар, мақсаты, міндеттері, жұмыс тәжірибесі
- ЖОО психологиялық қызмет: ұйымдар, мақсаты, міндеттері, жұмыс тәжірибесі
- Жорес Алферов
- Жорес Алферов и светодиоды
- Жорж Брак
- Жорстока циганська доля
- Жорстоке поводження з дітьми:проблеми протидії