Жүрек

Кіріспе

Жүрек - қан тамыр жүйесінің аурулары елімізде адам өлімінің себептері арасында бірінші орынға шығып отыр. Атеросклероз, гипертония ауруы, жүректің ишемиялық ауруы адамзаттың «қатерлі үшбірлігі» деген атқа ие болған. Осы топтан тысқары эндокардиттер, миокардит және жүрек жетіспеушіліктері де қаралады.

Жүрек – қан тамырларының аурулары ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады және мемлекеттік маңызға ие болып отыр, өйткені жыл сайынғы өлімнің жартысынан астамы, халықтың мүгедектікке шығуының  ¼ бөлігі қан таралу ауруларынан болады. Бұл көрсеткіштер еңбекке қабілетті тұлғалар арасында жоғары болып отыр.

 Науқастанушылық  көрсеткіштері 2011-2012 жылдары 3есе, оның  ішінде артериялды гипертониямен -  4,5, жүректің ишемиялық ауруымен -  2, инфаркт миокардымен – 1,7 есе  өсті [1].

Долана жүрек сырқаттарын емдеуге қолданылатын баға жетпес құрал екені гомеопат дәрігерлеріне бұрыннан белгілі болған, оны «қарт жүрекке арналған дәрі» деп атайды. Ол жүрекке қан апаратын қан тамырлар мен ми қан тамырларын кеңейтіп, жүрек пен мидың оттегімен қамтамасыз етілуін күшейтеді.

 Долана тұнбасы  атеросклеротикалық өзгерістердің  дамуын тежейді, ол өз кезегінде  жүректің қанмен қамтамасыз етілуі  мен қоректенуін қамтамасыз етеді. Долана тұнбасы жүйке жүйесінің  қозғыштығын төмендете отырып, жүрек  ырғағын қалпына келтіруге мүмкіндік  жасайды. Сондықтан оны тахикардия  мен аритмияны емдеу үшін қолдануға  болады.

Долана жемістерінің құрамы 10% жай көмірсутектерден (негізінен фруктозалар), С дәруменінен, каротиннен, флаваноидтардан, сапониндерден, гликозидтерден, илік заттардан тұрады. Жеміс құрамындағы пектин ағзадан ауыр металдардың тұздарын шығаруға мүмкіндік жасайды. Долана тұнбасын келесі ауруларды емдеу және алдын алу үшін қолданады:

  • невроздар мен невротикалық бұзылуларда;
  • қатты күйзелу кезінде;
  • физикалық түрде немесе ақыл-оймен артық күш жұмсау кезінде;
  • ұйқысыздықтың жеңіл формаларында;
  • вегет қан тамырлы дистонияның гипертоникалық және кардиологиялық формаларында;
  • артериалды гипертонияда;
  • артериалды қысымның климактерикалық кезеңде жоғарылауында;
  • созылмалы жүрек жетіспеушілігінде;
  • тахикардия кезінде;
  • синусты тахикардия мен пароксизмалды тахикардияда;
  • жүрек ауруларының алдын алуда.

Долана тұнбасын өндіретін цехты жобалаудың негізгі мақсаты – жүрек-қан тамырларының ауруларына шалдыққан науқас адамдарды емдеуге қажетті препаратпен қамтамасыз ете отырып, жүрек-қан тамырлары ауруларынан болатын адам өлімінің деңгейін төмендету [2].

Емдік мақсаттарда долана препараттарын жүрек қызметінің

функционалды бұзылуларында қолданады, долана жемістерінің сұйық экстракты кардиовален препаратының құрамына кіреді. Жобаланып отырған цехтың халық денсаулығын сақтап, өмірлік маңызы бар дәрілік құралды шығаруда маңызы өте зор.

 Жобаланып  отырған долана тұнбасын өндіру  цехының негізгі принциптері:

  • жүрек - қан тамырларының ауруларына шалдыққан науқастарды қажетті дәрілік препаратпен қамтамасыз ету;
  • негізгі дәрілік құралдардың импортынан тәуелділікті төмендету;
  • ішкі нарықтағы отандық дәрілік құралдардың үлесін арттыру;
  • жергілікті шикізат негізінде субстанция өндірісін кеңейту;
  • халықаралық талаптарға сай дәрілік құралдардың сапасын, қауіпсіздігін және эффективтілігін қамтамасыз ету [3].

Берілген дипломдық жобада долана тұнбасының жаңа жоғары эффективті технологиясы пайдаланып, заманауи өнімділігі жоғары жабдықтар таңдалған. Атап айтқанда, перколяция әдісімен дәрілік өсімдік шикізатынан тұнбаларды өндіруге арналған AISI304 маркалы тот баспайтын болаттан жасалған перколятор, тұнбаны жинауға арналған 09Г2С маркалы тот баспайтын болаттан жасалған жинақтаушы ыдыс, ТБ-050 модельді сұйық препараттарды флакондарға автоматты құю және тығындау желісі, LI-S120 модельді жартылай автоматты инспекциялық машина, KDJ-300ML модельді автоматты қағаз жапсыру машинасы және т.б. Заманауи техниканың арқасында процестіавтоматтандыру мен механикаландыруда елеулі өзгерістер пайда болды. Бұл өз кезегінде долана тұнбасының технологиясын интенсивтендіріп, оның өндірісін арттыруды қамтамасыз етеді.

 

  1. Кәсіпорын жайлы мәліметтер

2.1 Кәсіпорын тарихы

“Ромат” фармацевтикалық компаниясы — фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіп орны. 1992 жылы құрылған. Оның құрамына Қазақстан аумағында дәрі-дәрмек, биопрепараттар, полимерлік медициналық бұйымдар өндіретін төрт ірі зауыт: Галенді-фармацевтикалық өндіріс зауыты (жақпамай, шөптен жасалған дәрілер, экологиялық таза өсімдіктер мен минералдық шикізаттардан жасалатын дәрі-дәрмектердің 40-тан астам атауын шығарады), Павлодар фармацевтикалық зауыты, Медициналық препараттар зауыты (пептон — бактериологиялық зерттеулерде пайдаланылады, ВНИИМС — ірімшік жасайтын өнеркәсіп үшін қажетті препарат, холензии, панкреатин, цитохром, адиурекрин, гематоген, инфузиялық ерітінділер: гемодез, хлорлы натрий, глюгицир, ацесоль, холсоль, т.б. барлығы 60-қа жуық атауды шығарады) кіреді. Компания шығаратын дәрі-дәрмек атауы 120-ға жетеді. Кәсіпорынның осы заманғы жабдықпен жарақтандырылған төрт зертханасында, вивариясында бақылау-талдау және зерттеу жұмыстары жүргізіледі.

     Компанияның  негізгі мақсаты – отандық  нарықты жоғары сапалы фармацевтикалық  дәрі-дәрмектермен және осындай  тауарлардың кең спектрымен уақытылы қамтамасыз ету. "Ромат" компаниясының зауыттары GMP өндірістік тәжірибесінің ережелерінің талаптарына сәйкес әлемдегі белгілі өндірушілердің заманауи өндірістік жабдығымен жарақтандырылған. Ол әлемдік сапа стандартына сәйкес келетін өнім шығаруға мүмкіндік береді. Компания зауыттарында дәрі-дәрмектер таблетка және капсула, инфузиялық ерітінділер, галеналық-бөлшектеп өлшеу өнімдері және ферменттік препараттар түрінде шығарылады. «Ромат» компаниясының медициналық бұйымдар зауыты - Қазақстандағы бір жолғы пайдаланатын үш құрамды шприцтер шығаратын жалғыз зауыт. Өнімінің құрамына көпшілігі өмірге қажетті және әлеуметтік маңызы бар дәрі-дәрмектердің 130 түрі бар.  «Ромат» компаниясы – өз қызметін Қазақстанның барлық аумағында жүзеге аыратын ұлттық деңгейдегі дистрибьютор. Компанияның өңірлік желісінде еліміздің барлық ірі қалаларында 18 филиалы бар. 2006 жылы Бейжіңде (Қытай) өкілдігі ашылды. Ромат дәрі-дәрмек заттары мен медициналық жабдықтар шығаратын 120 өндіруші компаниямен ұзақ мерзімді берік серіктестік қатынастар орнатқан. Тауарлық құрамында әрқашан Элай Лилли (Швейцария), Глаксо Смит Кляйн (Ұлыбритания), Нестле (Швейцария), Никомед (Австрия), Новонордиск (Дания), Пфайзер (США), Шеринг АГ (Германия), тәрізді белгілі шетелдік фармацевтикалық өнім өндірушілердің тауарлары бар. Компанияның маңызды бәсекелік артықшылығы СанЕжН нормалары мен GDP стандарттарына сәйкес жобаланған және жарақтандырылған автоматтандырылған өңірлік қоймалардың болуы. Олардың әрқайсысы өз алаңдарына бір уақытта 120 мың текше метр тауар өнімін орналастыра алады. Компанияның барлық қоймалары бірыңғай ақпараттық жүйемен, заманауи тиеу-түсіру техникасымен және арнайы қойма жабдығымен жарақтандырылған. «Ромат» компаниясы «Қазақстандағы № 1 дәрі-дәрмек заттарын өндіруші» номинациясы бойынша «жыл таңдауы» конкурсының алтыншы рет жеңімпазы болып табылады. Осы марапаттаулар жоғарғы сапалы марка ретінде Роматтың жоғарғы мәртебесін растайды. 2002 жылдың сәуірінде Еуропалық Парламентте (Брюссель) Ромат компаниясына жоғары дәрежелі марапат ұсынылды – нарықтарды зерттеу жөніндегі еуропалық орталықтың (EMRC) сыйлығы. Бұл марапатқа өз саласында үлкен жетістіктерге жеткен, экономиканың дамуына және бәсекеге қабілетті тауарлар мен қызметтер шығаруға үлес қосқан жетекші фирмалар ғана ұсынылады.1995 жылы қайта құрудан кейін  «Ромат» патронажының астында Галенді – фармацевтикалық өндіріс (ГФӨ) іске қосылды, қазіргі уақытта ол тұрғындарды және емдік – профилактикалық мекемелерді дәрі – дәрімекпен қамтамасыз ететін маңызды буындардың бірі болып табылады. Оның номенклатурасында өсімдік және минерал шикізатынан жасалған мазьдардың, тұнбалардың, дәрі – дәрімектердің 40 – қа жуық түрлері бар. ГФӨ – да барлық өндірістік қуаттылықтар сақталған және қазіргі заманғы стандарттар мен тұтынушылар талаптарына сай  деңгейде өнім сапасын ұстап тұруды қамтамасыз ететін, қазіргі заманғы технологиялық құрал – жабдықтармен жабдықтау жүргізілуде. Осы жылы эксплуатацияға йод ерітіндісі, бриллиантты жасыл және тұнбалардың кең спектрі сияқты галенді препараттарды құю мақсатында жаңа автоматтық желі енгізілген.

«Ромат» белгісінің арқасында Семей медициналық препараттар зауыты (МПЗ) өз көлемін кеңейтті, ол қазіргі уақытта өмірге маңызды тізімдегі дәрі – дәрімектерді шығарумен айналысады. Олар электролиттік, дезинтоксикациялық ерітінділер, парентеральдық тамақтануға қажетті ерітінділер, гемодез, хлорлы натрий , глюгицир , ацесоль, хлосоль (барлығы шамамен 60 атау) сияқты қан алмастырғыштар; және пептон, холензим, панкреатин және гематоген сияқты бірегей препараттар.

 «Ромат» фармацевтикалық кәсіпорыны -  бұл Қазақстандағы ірі холдингтердің бірі, құрамына келесілер енеді:

  • медикаменттер, биопрепараттар және полимерлі медициналық бұйымдар өндіретін Қазақстан территориясындағы үш ірі қазіргі заманғы зауыттар;
  • республикамыздың 17 ірі қалаларында өкілеттіліктер мен филиалдары бар, ұлттық дистрибьютерлік желі;
  • тәулік бойы тұрғындарға қызмет ету, экстемпоральді дәрлік препараттарды шығару ұйымдастырылған , мәлімет қызметі жұмыс істейтін және тұрғындардың жеке тапсырыстары орындалатын, құрамында 30 – дан артық дәріханалары бар бөлшектік желі;
  • қазіргі заманғы компьютерлік құрал – жабдықтармен жабдықталған типография;
  • тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қоса халықаралық тасымалдауда логистиканың міндеттерін табысты шешуге мүмкіндік беретін жүк және жеңіл автомобильдер паркі бар автобаза.

«Ромат» кәсіпорын жұмысының негізгі бағыттары – дәрі -дәрімектерді өндіру және өткізу, медикаменттерді, жеке гигиена заттарын, балалар тағамын, косметикалық заттарды көтерме – бөлшектеп сату.

     Тауардың табысты  сатылуына кең дистрибьютерлік  желі жағдай жасайды. Кәсіпорынның  филиалдары мен өкілеттіліктері  еліміздің 18 ірі қалаларында орналасқан. Кең масштабты маркетингтік зерттеулер  кәсіпорынның өнімге бәсекеге  қабілетті баға деңгейін ұстап  тұруға, тұрғындардың көп бөлігінің  оған қол жетімділігін қамтамасыз  етеді. Тиімді жеңілдіктер желісінің  болуы, тауар ағындарын басқарудың  компьютерлік жүйесі, автоматтандырылған  қоймалар мен уақытында өнімді  жеткізу әрбір клиенттің сұранысын  қанағаттандырады.

 

2.2. Кәсіпорын міндеті

Компанияның негізгі мақсаты – отандық нарықты жоғары сапалы фармацевтикалық дәрі-дәрмектермен және осындай тауарлардың кең спектрымен уақытылы қамтамасыз ету. "Ромат" компаниясының зауыттары GMP өндірістік тәжірибесінің ережелерінің талаптарына сәйкес әлемдегі белгілі өндірушілердің заманауи өндірістік жабдығымен жарақтандырылған. Ол әлемдік сапа стандартына сәйкес келетін өнім шығаруға мүмкіндік береді.   «Ромат» кәсіпорыны өзінің негізгі міндетін сапалы фармацевтикалық және парафармацевтикалық өнімдерді қол жетерлік бағада қазақстандық тұтынушылардың қажеттілігін толығымен қанағаттандыруынан көреді. Ал бұл дегеніміз:

  • тұрғындардың және басқа да тұтынушылардың өмір сүруінің сапасын арттыруға арналған, денсаулық пен сұлулық үшін сапалы, қол жетерлік қызметтер мен тауарларды ұсыну;
  • тармақталған бәсекеге қабілетті каналдар желісін құру, Қазақстан территориясында фармацевтикалық өнімді тарту және жылжыту жолы арқылы фармацевтикалық рыноктың жаңа маңызды сегменттерін меңгеру және тұтынушылардың кең спектіріне қызмет көрсету, көтерме – бөлшек қызметін кеңейту;
  • ең үздік отандық дәрі – дәрімек өндіруші ретінде Қазақстанның фармацевтикалық рыногында көшбасшы орнын сақтап қалу.

 

2.3.«Ромат» медициналық препараттар зауытының орналасу реті

«Ромат» ФК – сы Семей қаласының оңтүстік – шығысында орналасқан, Ертіс өзенінің сол жағалауынан 800 м қашықтықта орналасқан. Оны солтүстіктен, батыстан, шығыстан – өндірістік аймақ, ал оңтүстіктен – тұрғын үй секторы қоршайды. Зауытқа және оның қоймасына темір жол желісі келген, ол Алматы темір жолына шығады. Зауыт территориясынан Алматы тас жолына (0,5 км), аэропорт (5 км), өзен бекетке (4 км) шығатын тура тас жол бар.

Медициналық препараттар зауыты (МПЗ) 1970 жылы Семей ет- консервы комбинаты негізінде құрылған, ал 1995 жылдан бері ФК «Ромат» құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

МПЗ келесі топтағы дайын дәрі- дәрмектік өнімдердің 100-ге жуық түрін өндіреді:

- инфузиондық препараттар;

- ферменттік препараттар;

- емдік-қоректік препараттар - Бад;

- сулы-спирттік ерітінділер;

- емдік өсімдік шикізатарынан  алынған тұрақтандырғыштар;

- бальзамдар;

- мазьдар және линименттер;

- ұнтақтар.

 Зауыт туралы мәліметтер:

  • ось арқылы: ұзындығы – 84 м, ені – 24 м, биіктігі – 19,5 м;
  • қабат саны – 4;
  • коллоналар қадамы – 6 м;
  • плиткаға дейінгі биіктік – 4,6 м;
  • балкаға дейінгі биіктік – 3,85 м;
  • жабу плиталарының тасымалдау қабілеттілігі – 1000 – 2000 кг/м3;
  • қойма мөлшері (ет комбинаты территориясындағы) – 30 (ұзындығы) × 12 (ені) × 5 (биіктік); салынған жылы 1980 ж.

     Семей қаласы  үшін ауаның қатысты ылғалдығы  бойынша мәліметтер: климат –  құрғақ, бірден континенталды, ауаның  қатысты ылғалдығы 50 – 70%, басты жел  бағыты 240 – 270 град.

     Семей қаласы  үшін максималды және минималды  температуралар: 1) макс – 40;2) мин  – (- 40 ). Қосымша мәліметтер:

  • сыртқы ауаның есептік қысқы температурасы – (-36ºС),
  • желдің жылдамдығы – 4,5 м/с,
  • қар қабатының салмағы – 100 кг/м2,
  • сейсмотұрақтылық – 6 балл,
  • зауыт бойынша құбырөткізгіштері бар ауа компрессорлары бар: стерильді ауа параметрлері Р = 6 кгс/см2, Q= 3 м3/мин,
  • зауыт бойынша құбырөткізгіштері бар вакуумды құбырлар бар,
  • 2000 және 100 кг  жүк көтеретін екі жүк лифтісі бар.

 

2.4. МПЗ – ның өндіріс түрлері мен негізгі өнім сипаттамалары

ТОО «Ромат» фармацевтикалық компаниясы жалғыз құрылымына тек тауарық желіні ғана емес, сонымен қоса өндірісті қосатын, әрі Қазақстанның алдыңғы қатарлы фармацевтикалық кәсіпорыны болып табылады.

     Кәсіпорынның  өндіріс секторының алдыңғы қатарлы  зауыттарының бірі – медициналық  препараттар зауыты болып табылады.

     Медициналық  препараттар зауыты 1970 жылы Семей  ет – консерві комбинаты негізінде  құрылған, ал 1995 жылдан бастап ТОО  «Ромат» фармацевтикалық кәсіпорынының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

     Медициналық  препараттар зауыты келесі топтардағы 100 – ге жуық дайын емдік  бұйымдарды шығарады:

  • инфузионды препараттар;
  • ферментті препараттар;
  • емдік – қоректік препараттар – ББҚ;
  • сулы – спирттік ерітінділер;
  • дәрілік өсімдік шикізатынан жасалған тұнбалар;
  • майлар (мазь) мен линименттер;
  • ұнтақтар.

1. Инфузионды ерітінділер  өндірісі.

Инфузионды ерітінділер стратегиялық маңызды дәрілік бұйымдар категориясына жатады. Олар күнделікті әртүрлі профильдегі ауруханаларда көп мөлшерде қолданылады, ал жаппай улану мен эпидемия, әскери қозғалыстарда, табиғи және техногенді сипаттағы апатты жағдайларда оларға сұраныс артады. Халықаралық медициналық стандарттарға сәйкес инфузионды ерітінділерді қолдану көлемі бір адамға жылына екі литрді құрауы тиіс. Сұраныс өте жоғары, соған қарамастан статистикаға сай инфузионды ерітінілердің шамамен 90% - ы республикамызға шет елден алып келінеді.

     Шығарылатын  ерітінділер түрлері:

  1. Аминокапрон қышқылы 5% 100 мл.
  2. Ацесоль 200, 400 мл.
  3. Глюкоза 5% 200, 400 мл.
  4. Дисоль 200, 400 мл.
  5. Метронидазол ерітіндісі – РТ 0,5%, 100 мл.
  6. Инъекциға арналған натрий хлориді 0,9%200, 400 мл.
  7. Трисоль 200, 400 мл.
  8. Хлосоль 200, 400мл.
  9. Реполиглюкин – РТ 10% 200, 400 мл.
  10. Полиглюкин – РТ 6% 200, 400 мл.

2. Галенді – буып –  түю өндірісі.

     Өндірілетін  өнім келесі фармакологиялық  әсерге ие: ассептикалық, жүрек –  тамырлы, қабынуға қарсы, иммунитетті  қалыптастырушы.

     2.1. Тұнбалар:

  1. Календула 40,50 мл.
  2. Пустырник 25 мл.
  3. Долана 25, 100 мл.
  4. Иілгіш пион 50, 100 мл.
  5. Шай қурай 25 мл.
  6. Бұршаққынды бұрыш 25, 50, 100 мл.
  7. Валериан 25, 40 мл.
  8. Прополис тұнбасы 25, 50, 100 мл.
  9. Эхинацея 25, 50 мл.

     2.2. Сулы –  спирттік ерітінділер:

Қолға арналған сұйықтық 80 мл.

Меновазин 40 мл.

Этил спирті 70% 50, 100 мл және 90% 50, 100 мл.

Камфорлы спирт 10% 20 мл.

Құмырсқа спирті 1% 40 мл.

Салицил қышқылының спирттік ерітіндісі 1% 20 мл.

Левалицитиннің спирттік ерітіндісі 0,25% 25 мл.

     Сулы ерітінділер:

Сутек асқын тотығы 3% 25, 40 мл.

Аммиак ерітіндісі 10% 10,20 мл.

     Бояғыш ерітінділер:

Йодтың спирттік ерітіндісі 5% 10, 25 мл.

Йодтың спирттік ерітіндісі 2%, балк.

Бриллиантты жасыл ерітіндісі 1% 10, 20 мл.

     2.3. Майлар, линименттер  мен мазьдар.

  1. Стрептоцидтік мазь 10% 25 гр.
  2. Күкіртті мазь 25, 40 гр.
  3. Скипидар мазьі 25 гр.
  4. Мырыш мазьі 25, 50 гр.
  5. Ихтиол мазьі 10% 15, 25 гр.
  6. Метилурацил мазьі 10% 15, 25 гр.
  7. Вишневский бойынша бальзам линименті 40 гр.
  8. Салицил – мырыш пастасы 25 гр.
  9. Камфор майы 30 мл.
  10. Костор майы 30, 50 мл.
  11. Вазилин 25 гр.

2.4. Сулы емес ерітінділер.

1. Глицерин 25, 50 мл.

2. Глицерин негізіндегі  люголь ерітіндісі 25, 40 мл.

     Берілген дәрі  – дәрімектер тобы үшін стандартты  емес жабдықтар бекітілген. Зауыттың  перспективті даму жоспарында, берілген  өндірістік сектор – дәрі –  дәрімек өндірісінің жаңа алдыңғы  қатарлы технологияларын енгізе  отырып, жаңартуға бағытталған.

     2.5. Ұнтақтар.

1. Калий перманганаты 5 гр.

2. Магний сульфаты 25 гр.

3. Аскорбин қышқылы 2,5 гр.

     Ұнтақталған  дәрі – дәрімекті буып –  түю үшін ламинирленген қағазға  өнімділігі сағатына 3600 қаптама  болатын GL – 45 автоматты қаптау машинасы орнатылған, машина өндірушісі Қытай.

     2.6. Сироптар.

1. Итмұрын сиропы 100, 200 мл.

     Препарат өт  айдағыш, гепатопротекторлық  капилляр  бекіткіш әсерге ие. Гепатоциттердің  орташа функциясын қалыпқа келтіреді  және қолдау береді, процестің  хронизациялануын алдын алады, өтте  судың қайтуын қалыпқа келтіреді, иммундық жүйе күйін қалыптандырады; қабынуға қарсы, несеп айдағыш  әсері бар. С дәрумені шек басқа  да биобелсенді табиғи заттардың  болуының арқасында жалпы бекіткіш  әсерге ие.

3. Гематоген өндірісі.

     ТОО «Ромат» медициналық препараттар зауыты Қазақстан Республикасында гематогендердің жалғыз өндірушісі болып табылады. Зауыттың өндірістік қуаттылығы айына шамамен миллион гематоген плиткаларын өндіруге мүмкіндік береді. Болашақта өндіру көлемін екі есе арттырып және шығарылатын өнім түрін кеңейте отырып, мамандандырылған жоғары технологиялық жабдықтарды енгізу қарастырылуда.

     Өнім түрлері:

  1. Гематоген 50 гр.
  2. С дәрумені бар гематоген 50 гр.
  3. Бал қосылған гематоген 50 гр.
  4. Кокос қосылған гематоген 50 гр.
  5. Пантогематоген сұйық 25, 50, 100, 200 мл.
  6. Пантогематоген 50 гр.

     Гематоген  қалыпты зат алмасуға, көру функциясын  қалыптастыруға, ағзаның өсуіне, дем  алу жолдарының сілемейлі қабығы  мен асқорту жүйесінің тұрақтануына  жағдай жасайды. Гематогеннің тәуліктік  мөлшері ағзаны А дәруменінің  қажетті мөлшерімен қамтамасыз  етеді.

     Гематогеннің  үш жағымды әсері:

  • қан айналуын стимуляциялайды;
  • тағамдық рацион үшін әмбебап қоспа;
  • А дәруменінің негізгі көзі.

     Гематогеннің  үлкен емдік жасы бар болғанымен  және анемиямен күресте фармацевтикалық  сәннің алдыңғы қатарлы көмекшісі  болмаса да, ол шынайы, тамаша  және үздік профилактикалық бұйым  болып қалады.

     Пантогематоген  сұйық – марал шаруашылығы  мен өсімдік шикізатының өнімінен, бірегей технологиялар негізінде  өндірілетін табиғи өнім. Құрамында  макро – және микроэлементтер, амин қышқылдар, пептидтер, липидтер  және нуклеин қышқылдар негіздерінің  көп мөлшері бар.

     Келесі әсерлерге  ие:

  • Ағзаның қорғаныс функциясын жоғарылатады;
  • зерделік және физикалық жұмысқа қабілеттілікті жоғарылатады;
  • қандағы холестерин мөлшерін төмендетеді;
  • жараға қарсы әсері бар.

4. Назальді ЛС өндірісі.

     Берілген препараттар  тобына – Нафазолин, танауға арналған  тамшылар дәрілік препараты жатады.

  1. Ферментті препараттар өндірісі.

Өндірілетін өнім түрлері:

  1. Пептон құрғақ ферментативті;
  2. Панкреатин.

     Өнім жануар  тектес шикізаттан өндіріледі. Зауыт  Қазақстан Республикасында жалғыз  берілген өнімді жабдықтаушы  болып табылады. Қазіргі уақытта өндіру көлемі жылына 12 тонна пептон болатын цехтың өндіріс қуаттылығын арттыру мақсатында ұйымдық – техникалық шаралар жүргізілуде.

 

3 «Ромат» МПЗ өндірістерінің технологиялық  процестері

3.1 Ферментативті пептон өндірісінің технологиялық процестері

     Ферментативті  пептон – ақуыздың толық емес  ферментативті гидролиз өнімі. Түсі  ақшыл – сарыдан сарыға дейінгі  біртекті аморфты ұнтақ. Гигроскопиялығы  жоғары болғандықтан тығыз жабылған  ыдыста шығарылады. Микробиологиялық  практикаларда қоректік орта  дайындау үшін, емдеу мақсаттарында  аллергиялық ауруларды емдеу  үшін қолданылады.

     МЕСТ 13805 – 76 бойынша  шығарылады, № 1,2 өзгертулері ескеріледі.

     МЕСТ 13805 – 76 бойынша  буып – түю, маркалау, МЕСТ 5981 – 71 бойынша 250 – ден 1000 г – ға дейін  қаңылтыр банкаларда, МЕСТ 5958 – 79 бойынша 30 кг – ға дейін бөшкелерде  немесе №50 МЕСТ 17065 30 кг – нан БКН барабандарда жүргізіледі.

Технологиялық процесс.

ВР 1. Шикізатты дайындау.

     Реактив және  шикізаттар техникалық құжаттама  талаптарына сәйкес тексеріледі. Мұздатылған шикізат дефростелінеді. Қажет жағдайда жуып майсыздандырады.

    Пептонның әрбір  сериясы шикізаттың бір түрінен  ғана жасалады.

ТП. 1. Шикізатты жүктеу.

     Шикізаттың 1 кг  – на 2 л есебінен реакторға  су құяды. Жақсылап араластыра  тұрып суды қышқылдығы рН 1,8 – 2,3 фосфор қышқылымен қышқылдандырады (мөлшермен 4% қышқыл), 45ºС t – ға дейін ысытып, ұсақталған шикізатты жүктейді. Жақсылап араластырғаннан кейін және 45ºС t – ға дейін ысытқан соң ұйыршықта ұнтақталған шошқа асқазанының немесе мәйектің кілегейлі қабықшасы жүктелген шикізатқа қатысты 8 % мөлшерде қосады, немесе белсенділігі 100 000 бірлік пепсин қосады. Реакторды жақсылап араластырады, одан кейін гидролиз басталғанын ескереді.

     Шикізат: рубец  КРС мен МРС, балық (лещ), шошқа  асқазанының кілегейлі қабықшасы, асқазан асты бездері, 85 % фосфор қышқылы немесе 73 % ортофосфор қышқылы, сөнбеген әк.

ТП. 2. Пепсинді гидролиз.

     Пепсинді гидролизі 45ºС t – да 12 – 18 сағат бойы араластырып (кей жағдайда 24 сағ), тіндердің толық өңделуіне сай жүргізеді.

     Алғашқы 3 сағатта  гидролизат қышқылдығы рН 1,8 – 2,0 – дан төмен түспеуі керек. Қышқылдық төмендеген жағдайда  фосфор қышқылының қажет мөлшерін  қосады. Процесс кезінде бетке  шыққан майды алып тастайды.

ТП. 3. Бірінші нейтралдау.

    Пепсинді гидролиз  аяқталғанда гидролизатты 90ºС t – ға дейін ысытады және оған жақсылап араластыра отырып аз порциямен рН 9,0 – 9,4 (фенолфталеин – ал қызыл түс) болғанға дейін сөнбеген әк қосады. Нейтралдау 3 сағ. Жүреді.

ТП. 4. Трипсинді гидролиз.

     50ºС t – ға дейін суытылған гидролизатқа 1 % асқазан асты бездердің ұнтақталған құрғақ немесе 0,25 % белсенділігі 40 бірлік медициналық панкреатин немесе 0,4 % белсенділігі 25 бірлік медициналық панкреатин қосады.

     Гидролизді 50ºС  t – да және рН 8,0 – 8,2 (фенолфталеин ақшыл алқызыл түс) жүргізеді, ортаның реакциясын әр сағатта тексереді және сөндірілген әк қосу арқылы реттейді. Процесті ақуыз толық ыдырағанға дейін жүргізеді, ол гидролизат сынамасының ақуызға теріс реакциясымен анықталынады. Гидролиз ұзақтылығы 6 – 7 сағ., асқазан асты бездерін қолданған жағдайда немесе медициналық панкреатин қолданған жағдайда 2 – 3 сағ.

Жүрек