Жүк тасымалдау кезіңде қолданылатың құжаттама

ц

h2>

<h3>Жоспар

I.     Кіріспе 3

II.    Негізгі бөлім

2.1 Жүк тасымалдау кезіңде қолданылатың құжаттама 4

2.2 Жол парақшасы 7

2.3 Жүктерді тасымалдауға қабылдау тәртібі..................................................... 9

2.4 Актілерді жасау тәртібі............................................................................ 11

2.5 Жүкті тасымалдау шарттарын өзгерту және бұзу тәртібі.........................12

III.  Қорытынды................................................................................................13

VI. Пайдаланылған әдебиеттер  14

</h3> 
<h4>Кіріспе

Тапсырысшыларға тасмалдау керек кезіңде АКК  – ға  бір күндік, бес күндік, келісіге сай айлық тасмалдауға арызының(форма2) көрсету керек. Бір реттік тасмалдауға да арызының(Форма3)  көрсету керек. Тапсырыстар тасмалданатын күнінде 14 сағат бұрын көрсетілуі керек, ал қала аралық тасымалдауларда 48 сағат бұрын қағаз жүзінде немесе телефон арқылы тапсырыс болуы керек. </h4>

Тасымалдаулар кезіңде келесі негізгі құжаттар қолданылады: жол парақшасы ( формат 4,5), тауарлы мінездеме (форма 6) жүгің тасмалдағандағы тауар- трансрортты құжат немесе өлшемдер акты, тауарлы мінездемесі өлшенетің (форма7) жүкті тасмалдағанда  қолданылады.

Осы барлық құжаттар қатал есептеулер құжаттары болып  табылады. Олар типографиялық әдіспен жасалынады. Оларда сериясы және тіркеу номері болу керек.

Жол парақшасы  – негізгі бірінші жол парақшасы  болып табылады, ол  тауар- тарнспортты  құжатпен немесе өлшемдер актімен  бірге жылжымалы құрамды және жүргізушінің жұмысын тіркеуге алуға, статикалық есептемені құруға, жүргізушіге жұмысақысың төлеуге, жүк тасымалдау үшің есептеуге мүмкіндік береді.  Тасымалдауларда жол парақшалары санаулы тіркеуде(форма4), автомобильдерді уақыт бойынша тасмалдағанда (форма5). Тауар- тарнспортты  құжаттар тауар- материалдық құндылықтардың құозғалысы, тауарларды тіркеу үшін қолданылады және тарспорттық жұмыстарды және тасмалдаулардағы есептейтің құжаттар болып табылады.

Жол парақшаларының, тауар – транспортты құжаттарды, өлшемдер актісің толтыру реті жоғарыда айтылғандай тіркеулер реті арқылы толтырылады. Жол парақшалары және тауар- тарнспортты құжаттар  жылжымалы құрамның негізгі көрсеткіштерің есептеуге негізі, жүргізушілер мен жұмысшыларға жұмыс ақысың төлеуге және жағар майдың шығының есептеуге, тасмалдаудың бағасын және басқа да қызметтердің бағасын және тапсырысшыға отчеттті көрсету үшің қолданылады.

Тауар транспорттық құжатты толтырудан бас тарту  және қате толтырылғаны үшін устав  бойынша жүк жөнелтушіден штраф  алынады.

2.1 Жүк тасымалдау кезіңде қолданылатың құжаттамаh4>

Жүктерді автомобильдермен тасымалдау келісім арқылы жүзеге асады. Келісім автотраспортты кәсіпорнымен немесе жүк жөнелту ұйымымен және үш жақты(АКК жүк жөнелтуші және жүк алушының арасында) келісім болуы мүмкін.

Жылдық  келісімде тасымалдаудың көлемі, тасымалдау реті, жүкті жөнелту және қабылдау бойынша жұмыс режимі, тасымалдау кезіңдегі жүктің сапсың жоғалтпайтындығы, арту-ьүсіру жұмыстарының орындалу реті, тасымалдаулар үшің есептеулер реті, сондай- ақ жүк ағымының рационалды маршруты мен схемасы анықталады.</h4>

Келісім екі  экземплярда келесі ретімен орындалады: АТП келісілген  жылдық тасымалдаудың  жоспарының келісімнен кейің 10 күн  ішінде келісімнің проектісің екі экземплярда  құруы керек, ол құжатқа қол қойып  жүк жөнелтушіге жіберуі тиіс. Жүк жөнелтуші келісім құжатың алғаннан кейің оны 10 күн ішінде оқып танысу керек. Онымен танысқаннан кейін  қол қойып бір экземлярын қайтарып беруі тиіс немесе келісілген құжатпен келіспесе протокол толтырып 2 данада АТП –ға жіберуі тиіс. АКК  протоколмен танысып, екінші келісім құрып оны жүк жөнелтушіге беруі тиіс. Егер келісіммен АТП келіспесе онда комиссия құрылады. Оның құрамына жүк алушылардың құрамы және АТП құрамының адамдары кіреді. Егер комисияда екі жақты келісім болмаса онда барлық шешімдер госарбетражда қаралады, ол 10 күн ішінде қарастырылуы тиіс.

Жүктерді тасымалдау тауар-көлік жүкқұжатымен ресімделеді, ал үйіп тасымалданатын жүктердің кейбір түрлерін тасымалдаған жағдайларда, өлшеу актісімен немесе таразыға тарту актісімен ресімделуі мүмкін.      Автокөлік құралдарын уақыттық тариф бойынша төлеу арқылы пайдалану (автокөлік құралының жұмысына ақы төлеу бір жұмыс күні (ауысым) ішіндегі сағаттық есеппен жүргізіледі) автокөлік құралының жүрісін және жүк жөнелтушінің (жүк алушының) қарамағында болған уақытын көрсете отырып, жүргізушінің түскі үзіліс уақытын шегеріп жолдама парақта № 4-п нысаны бойынша осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес жазумен ресімделеді. Автокөлік құралдарын, олардың жұмысын кесімді тариф бойынша төлеу арқылы пайдалану (автокөлік құралының жұмысына ақы төлеу тасымалданған тонналар үшін жасалады) жүк жөнелтушінің (жүк алушының) жолдама параққа № 4-с нысан бойынша осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес жазуымен ресімделеді.

      Кесімді және уақыттық тарифтер  бойынша жолдама парақтарды ресімдеу тәртібі осы Қағиданың 20-22-тармақтарында келтірілген.Жүк жөнелтуші тасымалдаушыға тасымалдауға берілген жүкке төрт данада жасалған тауар-көлік жүкқұжатын ұсынады, ол негізгі тасымал құжаты болып табылады және ол бойынша жүк жөнелтуші осы жүкті есептен шығарады және жүк алушы оны кіріске алады.

      Автомобиль көлігімен жүктерді  тасымалдауға арналған тауар-көлік  жүкқұжатын жүк жөнелтуші әрбір  жүк алушының атына, мынадай  деректемелерді: жүк алушының атауын, жүктің атауын, тасымалданатын жүктің санын, салмағын, салмақты анықтау тәсілін (таразыға тарту, трафарет, стандарт, өлшеу бойынша), орама түрін, тиеу және түсіру тәсілін, автокөлік құралының тиелуге берілген уақыты мен тиеліп біткен уақытын, тұрып қалған уақытын толтыру арқылы жасайды.

Жүк жөнелтушіден жүктерді тасымалдауға қабылдау тауар-көлік  жүкқұжатының барлық даналарында тасымалдаушының  қолымен куәландырылады.

      Бірінші дана жүк жөнелтушіде  қалады және тасымалдауға берілген  жүктерді есептен шығаруға арналады. Екінші, үшінші және төртінші даналарды жүк жөнелтуші тасымалдаушыға тапсырады.

      Екінші дананы тасымалдаушы жүк  алушыға тапсырады және алынған  жүктерді кіріске алу үшін  пайдаланылады.

      Үшінші және төртінші даналар  тасымалдаушыда қалады. Үшінші дана  тасымалдау есебіне тігіледі және жүк жөнелтушімен (жүк алушымен) есеп айырысуға негіз болады, ал төртінші жолдама параққа тіркеледі және көліктік жұмысты есептеу үшін негіз болады.

      Жүк жөнелтуші қажет кезде  тауар-көлік жүкқұжаттарының қосымша  даналарын жазып береді, олардың саны жүк жөнелтуші мен тасымалдаушының арасындағы келісіммен белгіленеді.

 Жүкті тапсыру  кезінде жүргізуші тауар-көлік  жүкқұжатының үш данасын жүк  алушыға береді, ол әрбір тауар-көлік  жүкқұжатының данасында жүкті  қабылдағанын өзінің қолымен және мөрмен (мөртабанмен) куәландырады және тауар-көлік жүкқұжаттарының барлық даналарында автокөлік құралының келген және кеткен уақытын көрсетеді.

 Тасымалданатын  жүктердің өлшеу актісін немесе  таразыға тарту актісін жүк  жөнелтуші үш данада жасайды, олардың:

      1) бірінші данасы жүк жөнелтушіде  қалады және тасымалдаудың орындалатын  көлемдерін есептеу үшін негіз  болады;

      2) екінші және үшінші даналары  тасымалдаушыға тапсырылады. Екінші  дана тасымалдаушының жүк жөнелтушімен  өзара есеп айырысуын салыстыру үшін негіз болады және есепке қоса беріледі, ал үшінші жолдама параққа қоса беріледі де, көліктік жұмыс есебі үшін негіз болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2 Жол парақшасы

Жол парақшасының(путевой  лист), тауар- тарнспортты құжаттың және жүк тасмалдаудың жоспарының орындалуының тіркеуді өндеуді учетно – контрольді топ орындайды. Одан кейің тапсырыстар арнайы журналға тіркеледі және осы тапсырыстардың арқайсысында тасмалдаулардың тәуліктік- опреативті жоспарлаудың графигі толтырылады.

Одан кейін жоспар диспетчерлік топқа тапсырылады олар осы жоспарға қарап керекті жылжымалы құрамды анықтайды, қозғалыстардың рационалды маршруттарын орындайды және жүргізушілерге тапсырманы бөледі. </h4>

Оперативті жоспарлаумен, жылжымалы құрамды желіге шығаруды және олардың желіден қайтуын, ауысымдық – тәуліктік желіге шығару отчетты және жылжымалы құрамның тәуліктік жұмысының отчетімен диспетчерлік топ айналысады. Оперативті тәуліктік шеімнің орындалуы разнарядка болып табылады. Құрылған разнарядканы бас-диспетчер ауысымды диспетчерге тапсырады. Оны ауысымды диспетчер алдын –ала жылжымалы құрамды желіге шығарар алдында жол парақшаларың толтырды.

Тапсырыстарды қабылдау және оперативті жоспарларды құрау 17:00 ге дейің, ауысымды- тәуліктік  жоспар 18:00 ге дейін жол парқшаларын толтыру  түнгі уақытта орындалады.

Автокөлік құралының жолдама  парақтары алғашқы есептің негізгі  құжаттары болып табылады, олар тауар-көлік  жүкқұжатымен немесе өлшеу (таразыға тарту) актісімен бірге автокөлік құралының  жұмысын есептеуге, жүктерді тасымалдау үшін есеп айырысуды жүзеге асыруға арналған, сондай-ақ жүргізушіге жалақы есептеуге арналған көрсеткіштерді белгілейді.

      Жолдама  парақтың жыртылмалы талонын  жүк жөнелтуші толтырады және  тасымалдаушы жүк жөнелтушіге  төлемдік талап есебін беру үшін негіз болып табылады. Жыртылмалы талон есепке қоса беріледі, ал жолдама парақ тасымалдаушыда қалады, онда жүк жөнелтушідегі (жүк алушыдағы) автокөлік құралдың жұмыс уақыты туралы бірдей жазулар қайталанады.

      Жүктерді  тасымалдаудың уақыттық төлемі кезінде жолдама параққа тауар-көлік құжаттарының нөмірлері жазылады, олардың бір данасы жүктің тасымалданған тонналарының мөлшерін және басқа көрсеткіштерді есептеу үшін жолдама параққа қоса беріледі.

      Автокөлік  құралының жолдама парақтары  және тауар-көлік жүкқұжаттары жолдама парақтары мен тауар-көлік жүкқұжаттары қозғалысын есепке алу журналдарында тіркеуге және тасымалдаушыда журналдармен бірге 5 жыл бойы сақталуға жатады.

      Ескерту. 20-тармаққа өзгеріс енгізілді  - ҚР Үкіметінің 04.12.2013 № 1306 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен  бастап күнтізбелік он күн  өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Жолдама парақты  толтыруды тасымалдаушы жүзеге асырады. Бұл ретте жеке деректерді сондай-ақ жүк жөнелтуші (жүк алушы) толтырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.3 Жүктерді тасымалдауға қабылдау тәртібі

      Жүктерді жүк жөнелтушіден қабылдауды тасымалдаушы тауар-көлік жүк құжаты мен жүкке ілеспе құжаттардың негізінде жүзеге асырады. Жүк жөнелтуші автомобиль тиелуге келгенге дейін жүкті тасымалдауға дайындауы (ыдысқа салу, буып-түю, жүк жөнелтушілер бойынша топтау), тауар-көлік жүкқұжаты мен ілеспе құжаттарды, ал қажет жағдайда, жүктер тиелетін орынға өту құқығына арналған рұқсат қағазын дайындауы тиіс.

      Жүкті жүк жөнелтуші буылып-түйілген, ыдысқа салынған, пломбаланған, таңбаланған  түрде, санын, тура салмағын (көлемін)  көрсетіп тапсырады.Тасымалдауға  тапсырылатын жүктің орамасында  бүтіндігін бұзушылықтар немесе  жүктің зақымдалған іздері (аққан, жыртылған, майысқан жерлер және тағы басқа) болмауы тиіс.

Жүк жүк жөнелтуші (жүк алушы) экспедиторының алып баруымен тасымалданатын жағдайларда, соңғысы  жүкті жүк жөнелтушінің (жүк алушының) экспедиторы алып бара жатқаны туралы тауар-көлік жүкқұжатында белгі жасайды, сондай-ақ оның тегін, атын және әкесінің атын көрсетеді.

 Жүкті тасымалдауға  қабылдау кезінде экспедитор  немесе экспедитор-жүргізуші жүк  жөнелтушіге жеке басын куәландыратын  құжат пен тасымалдаушы растаған  жолдама парақты көрсетеді.

 Автокөлік  құралдары мен олардың ішіндегі  тұлғалардың жүк жөнелтуші мен  жүк алушының аумағына кіруі,  егер бұл үшін арнайы рұқсатнама  ресімдеу қажет болмаса, жолдама  парақ бойынша жүзеге асырылады.

Ыдысты және майда даралы жүктер тасымалдауға тауар-көлік жүкқұжатында жүктің салмағы мен жүк орындарының санын көрсету арқылы қабылданады. Ыдысты және майда даралы жүктердің салмағын жүк жөнелтуші оларды тасымалдауға бергенге дейін белгілейді және жүк орындарында көрсетеді. Жүктің жалпы салмағы таразымен өлшеу немесе жүк орындарында трафарет немесе стандарт бойынша салмақты есептеу арқылы белгіленеді. Жекелеген жүктер үшін салмақ тараптардың келісімі бойынша есептеу арқылы, өлшеу, көлемдік салмағы бойынша немесе шартты түрде белгіленуі мүмкін. Жүктің салмағы туралы, оны белгілеу тәсілі көрсетілген тауар-көлік жүкқұжатындағы жазуды жүк жөнелтуші жазады.

 Жүктің салмағын  белгілеуді жүк жөнелтуші мен  тасымалдаушы бірлесіп жүк жөнелтушінің  техникалық құралдарымен, ал жүк  терминалдарында - жүк жөнелтуші  мен жүк терминалының қызметкерлері бірлесіп жүк терминалының техникалық құралдарын пайдаланып жүргізеді.

      Жүктерді жабық автокөлік құралдарына,  сондай-ақ олардың жүк жөнелтуші  пломбалаған жеке секцияларына, контейнерлерге және цистерналарға  тапсыру кезінде жүктің салмағын белгілеуді жүк жөнелтуші жүргізеді.

 Ыдыстың  немесе ораманың ашылған іздері  болмаған кезде, тасымалдаушы  жүк жөнелтушіден таңбаланған  нетто немесе брутто салмағы  бар жүктерді таңбасында көрсетілген  салмаққа сәйкес қабылдайды.

      Егер бір стандартты өлшемі бар жүк орындары бір жүк алушының атына берілетін болса, мемлекеттік стандарттарда көзделген стандартты орындарда салмақты, бруттоны және неттоны көрсету жағдайларын қоспағанда, әрбір жүк орнында салмақты көрсету міндетті түрде емес. Бұл жағдайда тауар-көлік жүкқұжатындағы "Салмақты анықтау тәсілі" деген бағанада "стандарт бойынша" деп көрсетіледі.

 Тауар сипаты  жоқ жүктердің саны жүк жөнелтуші  (жүк алушы) тасымалдаушымен бірге  жасаған өлшеу актілері немесе  таразыға тарту актілері бойынша белгіленеді. Топырақты тасымалдау кезінде оның мөлшерін белгілеу геодезиялық өлшеу арқылы жүргізілуі мүмкін.

      Таразыға тарту актісі 5-10 автокөлік  құралдарының бақылау өлшенуі  негізінде жасалады, содан кейін  тиісті маркалы бір автокөлік  құралындағы жүктің орташа салмағы белгіленеді.

      Жүктің сипаты өзгерген немесе  басқа тасымалдау жағдайлары  кезінде жүк жөнелтушінің немесе  жүк алушының, тасымалдаушысының  талабы бойынша жүктің жаңа  бақылау өлшенуі немесе көлемдік  салмағын белгілеу жүргізіледі.

      Тасымалдаушы барлық жағдайларда  тасымалданатын тауар сипаты  жоқ жүктердің мөлшерін немесе  салмағын қосымша тексеруді талап  етуі мүмкін. Тексеру нәтижелері  тауар-көлік жүкқұжатына жазылуы  тиіс.

 

 

 

 

 

 

 

 

2.4 Актілерді жасау тәртібі

      Жүктердің автомобиль тасымалдары кезінде тасымалдаушы мен жүк жөнелтушінің (жүк алушының) арасындағы мүліктік даулар үшін негіз болатын жағдайлар тауар-көлік жүкқұжатындағы және (немесе) жолдама парақтағы жүк жөнелтушінің (жүк алушының) және тасымалдаушының жазуларымен куәландырылады.

      Тауар-көлік жүкқұжатында мынадай  жағдайлар куәландырылады:

      1) жүктердің бүлінуі немесе зақымдалуы;

      2) жүктің нақты атауы, салмағы  және орындарының саны мен  тауар-көлік жүкқұжатында көрсетілген  деректердің арасындағы сәйкессіздік;

      3) автокөлік құралының шанағындағы  немесе секциясындағы немесе  контейнердегі пломбалардың бұзылуы  немесе болмауы;

      4) тасымалдаушының жүктің осы  түрін тасымалдау үшін жарамсыз  немесе санитарлық талаптарға  сай келмейтін автокөлік құралдарын беруі;

      5) тиеу және түсіру пункттерінде  автокөлік құралдарының белгіленген  уақыт нормаларынан артық тұруы;

      6) заңнамаға сәйкес тараптардың  мүліктік жауапкершілігі үшін  негіз болатын басқа жағдайлар.

      Осы Қағиданың 18-тармағында көрсетілген тауар-көлік жүкқұжаттарындағы жазулар жүк жөнелтушінің (жүк алушының) және жүргізушінің қолдарымен расталады.

      Тасымалдаушы (жүргізуші) мен жүк  жөнелтушінің (жүк алушының) арасында  келіспеушіліктер болған жағдайда, мүліктік даулардың туындауына негіз болып табылуы мүмкін жағдайлар осы Қағиданың 8-қосымшасына сәйкес нысан бойынша актілермен ресімделеді. Актілер сонымен қатар тауар-көлік жүкқұжаттарында жасалуы мүмкін емес жағдайларды егжей-тегжейлі сипаттау қажет жағдайларда жасалады.

      Жүк жетіспеген, бұзылған немесе зақымдалған жағдайларда акті жасаудан немесе тауар-көлік жүкқұжаттарына жазу енгізуден бас тарту кезінде, акті мүдделі емес адамдардың немесе мүдделі емес ұйым өкілінің қатысуымен жасалады.  Актінің жасалғаны туралы тауар-көлік құжаттарында белгі жасалады. Жүк автокөлік құралдарында, автокөлік құралдарының секцияларында, контейнерлерде, цистерналарда жүк жөнелтушілердің пломбаларымен келген жағдайларда, актіде көрсетілген пломбалардың жай-күйі, олардың деректемелері ескеріледі, ал пломбалардың өздері талап-тілек материалдарына қоса беріледі.

 

2.5 Жүкті тасымалдау шарттарын өзгерту және бұзу тәртібі

      Тасымалдаушылар жасалған шарттардың  негізінде жүктерді тасымалдауды  жүзеге асырады және тасымалдауға  байланысты қосымша қызметтерді орындайды.

      Жүкті автомобильмен тасымалдау  шарты бойынша тасымалдаушы өзіне  жүк жөнелтуші сеніп тапсырған  жүкті, оны тасымалдау шарттарын  сақтай отырып, межелі пунктіне  жеткізуге және оны жүкті алуға  уәкілетті адамға (жүк алушыға)  беруге міндеттенеді, ал жүк жөнелтуші шартқа немесе тарифке сәйкес автомобильмен жүкті тасымалдағаны үшін ақы төлеуге міндеттенеді. Жүкті тасымалдау шарты осы Қағиданың 9-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тауар-көлік жүкқұжатын жасау арқылы ресімделеді.

      Жүкті автомобиль көлігімен тасымалдау бойынша шарты тасымалдаушы мен жүк жөнелтушінің арасында Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңына, сондай-ақ осы Қағидаға сәйкес жасалады.

      Жүкті автомобиль көлігімен тасымалдау шарты тараптарының бірі екінші тарапқа шартты өзгерту немесе бұзу туралы ұсыныспен, осындай өтініш үшін негіз болатын себептерді көрсету арқылы өтініш жасауы мүмкін. Шартты өзгерту немесе бұзу туралы ұсыныс алған адресат келіп түскен ұсынысты онкүндік мерзімде қарайды және ұсыныстың қабылданғаны туралы, не оның қабылданбағаны туралы хабарлама жібереді.

      Тараптар шарттың талаптарын  өзгерту туралы немесе оны  бұзу туралы келісімге қол  жеткізген кезде, шартты өзгерту немесе бұзу туралы келісім де шарттың нысанында жасалады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Қорытынды

  Жүк тасымалдау  процесі технологиясы дегенді  адамдардың оны  дәйекті және  өзара байланысты кезеңдер мен  операцияларға бөлу жолымен   барынша  бір қалыпты орындалатын  және мақсаты жоғары тасымалдау тиімділігіне қол жеткізу болып табылатын нақты тасымалдау процесін іске асыру тәсілі деп  түсіну қажет.

  Қандай да  болмасын жүк тасымалдау  процесінің  технологиясы үш белгіні  сипаттайды: тасымалдау процесін бөлу,  үйлестіру және кезеңділік,  іс-қимылдың нақтылығы.

   Көлік  кешенін дамытқан кезде экономиканың  жағдайы мен мүмкіндігін, сондай-ақ  көлік-логистикалық жүйесін дамытудың  озат әлемдік тәжірибесін ескеру  қажет. Экономиканың серпінді  дамуы тауарды жылжыту көлемінің  барынша өсуіне, тиісінше  ішкі сияқты халықаралық, соның ішінде транзиттік жүктің өсуіне алып  келетінін әлемдік тәжірибе  көрсетіп отыр. Бірақ көлік және логистика инфрақұрылымының жеткіліксіз дамымауы жағдайларында  елдің көлік кешенінің  өнімділігі мен тиімділігі төмендеуде.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

1 А.Э. Горев  «Грузовые автомобильные перевозки» (2-ші баспа).

2 Лукашина В.Н.-«Автотранспортные  потоки и окружающая среда»  Учебное пособие под ред.  М:  Инфра, 1998-408б.

3     Кременец Ю.А. «Технические средства» ОДД-М: Транспорт, 1990ж-225б.

4«Краткий автомобильный  справочник НИИАТ»–М; Транспорт, 1982ж.

5 Т.Ф. Валаева,  Е.М. Коростелёва, Б.Д. Рабинович,  Е.А. Хруцкий «Экономика, организация  и планирования производства»  .

 


Жүк тасымалдау кезіңде қолданылатың құжаттама