Жүсіп Баласағұни
Мазмұны:
- Кіріспе.......................
.............................. .............................. ............3 - Негізгі бөлім
- Жүсіп Баласағұн өмірбаяны.....................
.............................. ............4-5 - «Құтты білік» поэмасына шолу..........................
.............................. .5-9 - Дастанның идеясы........................
.............................. .............................. ...10 - Шығарманың зерттелуі.....................
.............................. ............................. 11-13 - Қорытынды.....................
.............................. .............................. .14 - Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................
...................15
К і р і с п е
Түркі халықтарынан шыққан әйгілі ақын,
түркі тіліндегі классикалық әдебиеттің
негізін салушы- Жүсіп Баласағұни. Х-ХІ
ғасырларда шығыс елдерінде, атап айтқанда,
арабтар мен парсылардың әйгілі ақындарының
шығармашылығынан сусындап, өзі де сол
дәстүрде шығарма жазуды алдына мақсат
етіп қойған ақын. Ақынның жастайынан
өнерге, білімге деген құштарлығы сол
тұстағы Қарахан мемлекетінің билеушісі
Сатуқ Богра ханның сарайында білім алып,
қызымет етуге деген қызығушылығын туғызған.
ХІ ғасырда Қараханидтер мемлекетінің
астанасы Баласағұн (Құз-Орда) шаһары мәдениет
,ғылым-білім саласында басқа қалаларымен
салыстырғанда оқ бойы озық тұрған болатын.
Оған дәлел ретінде Махмуд Қашқари Диуани
луғат ат- түрк (1072-1074) сөздігі мен Жамал
Қашқаридың Мүлхакат ул Сурах (1230-1305) т.б.
шығармаларды айтсақ та жеткілікті.
Ж.Баласағұни де осы қалада білім алып,
өнерпаз әкесінің тәрбиесінде шыңдалады.
Өсе келе әке жолымен Құсайынның дерті
дейтін күй де шығарады. Кейін өзі өмір
сүрген өлкедегі түркі халықтарының салт-дәстүр,
әдет-ғұрпымен жете танысады. Ол өзінің
әйгілі шығармасы Құдағту білікті (1) 1069-1070
жылдардың аралығында жазған. Таза дидактикалық,
моральдық-этикалық қағидаларды қамтитын
бұл шығарма 85 тараудан, 6500 бәйіттен тұрады.
Құдатғу , құт , бақыт , құтты , ал екіншісі
сөз - білім деген мағынаны білдіреді.
Ақын бұл шығармасында өзі өмір сүрген
ортадағы түркі халықтарының 500-ге тарта
мақал-мәтелін пайдаланады. Солардың ішіндеқазіргі
қазақ тілінде қаз-қалпында кездесетіндері
де бар. Ақын, сондай-ақ өз тарапынан небір
түйінді, тұжырымды,нақылға бергісіз қанатты
сөздерді қалыптастырған. Ж.Баласағұнидың
Құтты білі дастанының осындай ерекшелік
сипатын ескере келіп, Ж.Баласағұнидың
Құтты білік дастанындағы қанатты сөз
үлгілері деген тақырыпты диплом жұмысымызға
арқау етіп алдық.
Соңғы жылдары Құтты білік дастаны жөнінде
Х.Сүйіншәлиевтің (2), Н.Келімбетовтың (3),
Ә.Дербісәлиевтің (4), А.Егеубайдың (5), тілші
ғалым Ә.Құрышжанұлының (6) жекелеген мақалалары
мен ғылыми-зерттеу еңбектері жарыққа
шықты. соған қарамастан, дастандағы қанатты
сөз үлгілері әдебиетші, фольклортанушы
ғалымдардың арнайы зерттеу объектісіне
айнала қойған жоқ. Тіптен, дастандағы
мақал-мәтелдерді тұтастай қамтыған жеке
жинақ та жарыққа шығарылған жоқ. Егер
бұл мәселе оң шешімін тауып жатса, қазақ
халық ауыз әдебиетінің ежелгі үлгілерін
оқыту бұрынғыдан да нәтижелі болатындығы
анық. Сөзсіз, қазақ мақал-мәтелдерінің
де туу, қалыптасу, даму кезеңдері жайлы
маңызды мағұлмат ала аламыз. Осы тараптан
келгенде біз қарастырып отырған тақырыптың
бүгінгі күн талабымен үндескен өзектілік
сипаты айқындала түседі.
Мақал-мәтелдер халқымыздың ғасырлар
бойы қалыптастырған көркем ойлау жүйесі
мен өмірлік тәжірибесінің, философиялық
таным-түсінігінің жемісі. Олай болса
Құтты білік дастанында көрініс тапқан
мақал-мәтелдердің қазақ халқының ауыз
әдебиетінде қалай жалғасын тапқандығы,
өзгеріске түскендігі, мағаналық үндестігін
айқындау біздің диплом жұмысымыздың
негізгі мақсаты болып табылады. Ж.Баласағұнидың
даналыққа толы ғибратты ойлары қазақтың
жазба әдебиетінде де дәстүрлі жалғасын
тапқан. Әдебиеттегі дәстүр ұғымы- бір
ұрпақтан келесі ұрпаққа ұдайы ауысып
отыратын, тарихи тұрғыдан қалыптасқан
нормалар мен іс-әрекеттердің рухани негізі
десек, Құтты білік арқылы жалғасын тапқан
көркемдік дәстүрдің кейінгі қазақ поэзиясында
ықпал етпеуі мүмкін емес. Олай болса,
бұл мәселелердің де басын ашу дипломдық
жұмысымыздың міндетіне кіреді.
Жүсіп Баласағұни, Жүсіп Хас Хажиб Баласағұни (1020) - ақын, ойшыл, ғалым, мемлекет қайраткері.
Жүсіп Баласағұн өмірі жайында мәлімет мардымсыз. Ол 1017 жылы Қыз-Орду атымен белгілі Баласағұн қаласында дүниеге келген. Бұл қаланың орналасқан жері жөнінде түрлі пікір бар. Біріншісі Жетісуда, Шу жағалауында, Тоқмақ қаласынан алыс емес жерде десе, екіншісі Жамбыл облысының аумағында, Ақтөбенің жоғарғы жағы дейді. Кейбір деректерде Баласағұн қаласы Қарахан мемлекетінің қолөнер сауда орталығы болғанын айтады. Қағанаттың әлеуметтік-экономикалық өмірін отырықшы да көшпенді аралас шаруашылық құрады. Жүсіп Отырар, Шаш (Ташкент), Тараз, Шу жазығы, Ыстықкөл, Ферғана, Қашғар шаһарларында өркен жайған мәдени ортадан шыққан еді.
Өмірі туралы мәліметтер аз сақталған. Файласуфи (философия), риезиет (математика), тиббий (медицина), фэлэкиат (астрономия), нужум (астрология), өнертану, әдебиеттану, тіл білімі, тағы басқа ғылым салаларының дамуына зор үлес қосқан. Жүсіп Баласағұнидің есімі әлемдік әдебиет пен мәдениет тарихында "Құтадғу білік" ("Құтты білік") дастаны арқылы қалды. Жүсіп Баласағұни бұл дастанын хижра есебімен 462 жылы, қазірғі жыл санау бойынша 1070 жылда жазып бітірген. Дастанды "хандардың ханы" - Қарахандар әулеті мемлекетінің (942 - 1210) негізін салушы Сүлеймен Арслан ханға (908 - 955) тарту етеді. Сол үшін хан өз жарлығымен Жүсіп Баласағұниға "хас хажиб" - "бас уәзір" немесе "ұлы кеңесші" деген лауазым берген. Дастанның бізге жеткен үш нұсқасы бар. Біріншісі, Герат қаласындағы 1439 жылы көне ұйғыр жазуымен (қазір ол Вена қаласындағы Корольдік кітапханада сақтаулы), екіншісі, 14 ғасырдың 1-жартысында Египетте араб әрпімен (Каирдың Кедивен кітапханасы қорында) көшірілген. Ал Наманған қаласынан табылған үшінші нұсқа 12 ғасырда араб әрпімен қағазға түсірілген. Бұл қолжазба Ташкенттегі Шығыстану институтының қорында сақтаулы тұр. Ғалымдар осы үш көшірме нұсканың әрқайсысына тән өзіндік ерекшеліктерді жинақтай отырып, "Құтты білік" дастанының ғылымының негізделген толық мәтінін жасап шықты. Венгер ғалымы Герман Вамбери (1832 - 1913) "Құтты біліктің" бірнеше тарауын неміс тіліне аударып, 1870 жылы Инсбрук қаласында жеке кітап етіп бастырып шығарды. Бұл шығарманы зерттеу, ғылымының мәтінін дайындау және аударма жасау ісімен орыс ғалымы В.В. Радлов (1837 - 1918) жиырма жыл бойы (1890- 1910) айналысқан. Түркия ғалымдары 1942-43 жылдары "Құтты біліктің" үш нұсқасын да Стамбұлдан үш том кітап етіп шығарды. "Құтты білік" дастаны орта ғасырларда бүкіл түркі әлеміне түсінікті болған Карахан әулеті мемлекеті түріктерінің тілінде жазылған. Оны Қаримов өзбек тіліне (1971), Н.Гребнев (1971) пен С.Иванов орыс тіліне (1983), А.Егеубаев қазақ тіліне (1986), бір топ аудармашылар ұйғыр тіліне (1984) тәржімалаған. "Құтты білік" дастаны белгілі бір мағынада елдегі Ата заң (Конституция) қызметін атқарған. Дастанның басты идеясы төрт принципке негізделген. Біріншісі, мемлекетті дұрыс басқару үшін қара қылды қақ жаратындай әділ заңның болуы. Автор әділдіктің символдық бейнесі ретінде Күн туды патшаны көрсетеді. Екіншісі, бақ-дәулет, яғни елге күт қонсын деген тілек. Бақ-дәулет мәселесі патшаның уәзірі Айтолды бейнесі арқылы жырға қосылған.
"Құтты білік" поэмасы түрік
тіліндегі энциклопедиялық
Баласағұнның жақсылық пен жамандық жайында айтқан мына бір ойын келтіре кетпесімізге болмайды: "Егер ол мейірімділер күшті, ал қатыгездер әлсіз болса, біз ауыр ойлардан тұнжырамас едік. Егер әлемде әділдік заң болса, тағдырымыздың қатыгездігіне наразы болмас едік".
Кітапқа көшпенділер тұрмысы мен аңшылық өнерін көрсететін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, тұрақты сөз тіркестері енген.
Жүсіп Баласағұн және «Құтты білік»
ІХ-ХІІ ғасырларда түркі ой әлеміндегі белгілі ойшыл Жүсіп Баласағұн «Құтты білік» еңбегін түркі дәуірінің өркендеген кезеңі Қарахандар дәуірінде жазды.
Бұл шығармада түрлі қоғамдық топқа жататын адамдар арасындағы қарым-қатынас мәдениеті адамгершілік, әдептілік мәселелері көтеріледі. Сондай-ақ білімді адамдар өмір сүретін мінсіз қоғам нормалары жайлы, әлеуметтік мәртебесі әрқилы қоғам мүшелерінің мінез-құлық ережесі, сондай-ақ басқарушы және бағынушылар арасындағы ара қатынас қағидалары баяндалады. Бұл еңбегінде ойшыл бақытты, рахатты, салауатты өмір сүруі үшін және қоғамның ахлақтық негізі үшін әдептік ұстанымдарды белгілейді.
Жүсіп Баласағұнның «Құтты білігінің» дүниетанымдық және құндылықтық бағдары Ислам діні мен ахлағына негізделген. Ахлақ – бұл исламдағы моралдық, адамгершілік, тәлім-тәрбиелік, өнеге-үлгілік ұстаным, яғни, көркем мінезділік. Ахлақ – мұсылманның өмірлік ұстанымы мен бітім-болмысын, яғни, адамның сыртқы кескін-келбетін және ішкі мәдениетін, рухани жан дүниесін білдіретін ұғым болып табылады. Ахлақ – мұсылманның отбасындағы және қоғамдық өмірдегі қарым-қатынасын айқындайтын ұғым. Исламдағы көркем мінезділік бұл – мұсылманның діни құндылықтарды ұстануымен айқындалады. Шынайы мұсылмандық ислам ахлағы мен құндылығын ұстана отырып, әрекет жасайтын адам. Ислам дінінің ахлақтық және құндылық негіздерінің қайнар көзі бұл – Құран мен Сүннет. Ардақты Мұхаммед пайғамбарымыз (с.а.с.) бір хадисінде: «Иман тұрғысынан ең жетілген мұсылман – өнегесі жақсы мұсылман» деген. Исламның ахлақтық құндылықтарын: діндарлық, тақуалық, имандылық, сабырлылық, рақымшылдық, ақыл-парасаттылық, әділеттілік, бостандық, ғылым-білім, достық, бауырмалдық, адалдық, аманат, ар-ұят, қарапайымдылық, тазалық, өзара құрмет, іс-қимыл т.с.с. құндылықтарын түркі ойшылдары өз еңбектерінде қарапайым халыққа түсінікті тілде жеткізе білді.
Дұға оқып, «Сақта»
деп хан жалынды,
Қолын жайып, Жаратқанға табынды ...
Кем-кетікке мал таратты, сүйер деп,
Үміттеніп, шарапаты тиер деп –
(Баласағұн Ж. Құтты білік / Аударған А.
Егеубаев. – Астана, 2003. - 145 б.).
Бұл – Құдайға құлшылық етудің шынайы жүректен шығып, кіршіксіз амалмен іске асатындығы туралы ойшылдың шынайы сенімінен туындаған ой. Жаратушыға деген сүйіспеншілік пенденің ниеті мен амал-әрекетінен туатындығы айдан анық. Ниет тазалығы және амалдың айқындылығы құлшылықтың мәні мен мағынасын байытып, мұсылманның иманын күшейтеді. Ниет – адам пейіліндегі мақсат. Құлшылық атаулының қабыл етілуі ниетке байланысты. Дін құлшылық пен ғибадатты қажет етеді.
Бек кісіге – керек
ұят, ақыл, ар,
Зұлмат күш жоқ, ақыл – арды жапырар.
Ұяты бар адамдар пәк, момын да,
Ұятты іске тигізбейді қолын да.
Кімге тәңір берсе ұят, намысты,
Оған қоса бергені құт, даңқты!
(Баласағұн Ж. Құтты білік / Аударған А.
Егеубаев.
Баласағұн шығармашылығына тән ерекшелік адам болмысының мәні және адамның әдебін ашатын ұғым ретінде ар-ұят алынады. Адамның адамгершілігін, оның тұлғасын ардақтайтын және көкке көтеретін – ар мен ұят. Адам бойындағы ар-ұят сезімі оның ибалылығын, қайырымдылығын, бақытын, әділетті ұстанымын, парасат-пайымын қанағатшыл құлқын асқақтатады.
Ар-ұят – бұл адамның көркем мінезділігінің, тәрбиелігінің белгісі. Ар-ұят дегеніміз адам бойындағы кісілік пен кішіліктің, арлылық пен сыпайылылықтың негізі. Жаратушыдан қорыққан адам жамандыққа, арсыздыққа, рухсыздыққа, намыссыздыққа, көргенсіздікке алып баратын іс-әрекеттен сақтанып, тартынып жүреді. Қазақ халқының «Құдайдан қорықпағаннан қорық» деуі бекер емес. Ал дана халқымыздың «Жаным арымның, малым жанымның садағасы» деген өмір мәндік ұстанымы мен рухани құндылық тұғырының тамыры тереңде жатыр. Хадисте: «Ұят –иманнан» делінген. Қазақы ділдің, рухтың әдеп пен ибаның, сыпайлық пен сыйластықтың қайнар көзі Ислам ілімі мен мәдениетінен бастау алып, ұрпақтан-ұрпаққа берілген. Қазақы мінез, қазақы діл, қазақы дүниетаным, қазақы өмірлік ұстанымның тұғыры Ислам мәдениеті мен әдебінде жатыр деген ойдамыз. Қазақ болмысын және оның рухани әлемін, мінез-құлқын зерттеуде Ислам құндылықтарын назарда ұстауымыз қажет.
Әрбір адамның өзі жасаған кемшіліктері мен күнәлары үшін өзінің ары алдында және қоршаған ортасынан ұялмаса, онда адам баласын күнәлі істерден тыю мүмкін болмас еді. Әдепті адам адамдармен ізгі қарым-қатынаста болып, өзінің адами абыройын асқақтатады. Арлы адам келеңсіз іс-әрекет пен жағымсыз мінездерден алыс жүріп, ұнамсыз іс-әрекет жасап қойса өкініп, болашақ іс-әрекетінде ұнамсыз іс-әрекет жасаудан сақтанып жүреді. Парасатты адамға білместіктен жасаған қателіктері үшін ұялу тән. Ал арсыз адам қатесі мен күнәсі үшін еш қысылмайды. Арлы адам болса ар-ұжданын өмірлік ұстаным ретінде, азаматтық мұрат ретінде қастерлейді.
Ислам ілімі бойынша ар мен ұят адам болмысын ұнамсыз және дертті мінез-құлықтардан сақтайтын қорған. Ислам мәдениетінде адам баласы өзі жасауға мәжбүрлі болған күнәлі істерін адамдарға айтып жария етуі дұрыс емес, адамның жасаған күнәсінің сыры Аллаһ пен адам арасында сақталады. Сондықтан да күнәлі істің адамның өзінде ғана сақталуы бұл ұнамсыз мінез-қылықтардың басқалар үшін үлгі болмауы үшін қажет. Хадисте «Ұялмаған соң білгеніңді істе» делінген. Адам баласында ұят сезімі болмаса, ол арсыз, намыссыз болады. Адамзат баласы үшін ұят сезімі басты қасиет болып табылады. Ислам ахлағында ұялудың екі түрі айқындалған, Жаратушыдан ұялу, өзі сынды пенделерден ұялу.
Баласағұн шығармасында білім мен ғылымның мәніне де зор көңіл аударылады.
Білік – түпсіз, шетсіз-шексіз
бір теңіз,
Қанша сімір сарқылмайды, білсеңіз!
Біліммен ер басын алып жүреді,
Ал, білімсіз басын оққа тігеді.
Білім алып, биіктей бер адам бол,
Ел ішінде мал атанған надан мол
(Баласағұн Ж. Құтты білік / Аударған А.
Егеубаев. – Астана,
«Құтты білікте» білім өмір мәні және қоғамың мәдени, рухани деңгейінің өлшемі ретінде көрсетіледі. Ойшылдың пікірінше, білім мен парасат адам мен қоғам өмірінде кездесетін зұлымдықтардың алын алу үшін қажет. Білім адамның өз болмысын танып білуге, иманын жетілдіруге, өмірдегі өз орнын табуға және қайырымды болуға жол ашатын жарқын жол.
Құран кәрімде ілім-білім деген сөздер сегіз жүзден аса кездеседі, Алғашқы түскен аят «Оқы» деп басталады. Алғашқы түскен бес аятта Құранның даналығын оқып білу, ұғыну және жаратылған дүниенің құпия сырын ашып білу керектігі көрсетіледі. Құранда: «Аллаһ сендердің араларыңдағы иман келтіргендер мен білімділердің дәрежелерін көтереді» деп көрсетіледі (Әл-Мужәдәлә, 11). Ислам діні мен өркениеті мұсылманның ғылым-білімге ұмтылуын парыз және құндылық ретінде қарастырады. Дана халқымыз да «Ғалымның хаты, жақсының аты өлмейді» деп білім мен ғылымды жоғары бағалаған.
Орта ғасырлық мұсылмандық ренессанс құбылысы Ислам дүниесінің адамзат мәдениетіне, ғылымы мен біліміне қосқан зор үлес болып табылады. Орта ғасырдағы мұсылман өркениетінің философия, медицина, астрономия және т.б. ғылым салаларында жеткен жетістіктері адамзат үшін үлгі-өнеге болды. Ал қазіргі кезде Ислам әлемі елдерінің дамыған Батыс еуропалық елдерден техника және жаңа технологиялар жасау тұрғысынан артта қалуы қынжылатын жағдай. Ислам әлемі мен Батыстың арасындағы қоғам мен адам дамуының көрсеткіштері арасындағы айырмашылық, бұл Ислам елдерінің ғылым-білімге жеткілікті көңіл аудармауынан туындап отыр. Ислам әлемі елдері бұрынғы жеткен жетістіктерін мақтаныш тұтумен шектеліп, заманауи ғылыми жетістіктерге қол жеткізіп және жаңалықтар ашуда дамыған елдерден кенже қалып отырғаны рас. Ғылым мен білім «Құтты білікте» адамзат үшін өте қажетті құндылық ретінде дәріптеледі. Сондықтан да ойшыл қоғамда білім мен ғылымды дамыту арқылы адамды тәрбиелеуге шақырады. Ойшыл үшін білім – өмірлік мұрат, сәулелі шамшырақ. Білім нұрын қоғамдағы барлық топтарға түсіру және қоғам мен адамның жетіліп, кемелденуіне кедергі келтіретін зиянды дерттерді білім игеру ақылы жеңу ойшылдың арман-аңсары. Білім мен парасат алдындағы кедергілерді жеңу қоғам мен басшы алдындағы негізгі міндет деп көрсетеді.
“Құтты білік” дастаны орта ғасырларда бүкіл түркі әлеміне түсінікті болған Қарахан әулеті мемлекеті түріктерінің тілінде жазылған. Жүсіп Баласағұн «Құтты білікті» 1069-1070 жылдары Баласағұн қаласында бастап, он сегіз айдың ішінде Қашқар қаласында аяқтаған. Оны Қ.Каримов өзбек тіліне (1971), Н.Гребнев (1971) пен С.Иванов орыс тіліне (1983), А.Егеубаев қазақ тіліне (1986), бір топ аудармашылар ұйғыр тіліне (Пекин, 1984) тәржіма жасады. Қарахан әулеті билік жүргізген дәуірде ұлан-ғайыр өлкені алып жатқан осы мемлекеттің басқару тәртібін белгілейтін ережелер, сондай-ақ, қоғам мүшелерінің құқықтары мен міндеттерін айқындайтын тиісті заңдар жоқ еді. Міне, елдегі осы олқылықтың орнын толтыру мақсатымен Жүсіп Баласағүниөзінің “Құтты білік” дастанын жазды. Демек, дастан белгілі бір мағынада елдегі Ата заң (Конституция) қызметін атқарған. Жүсіп Баласағүни дастанда патшалар мен уәзірлердің, хан сарайы қызметкерлері мен елшілердің, әскербасылар мен нөкерлердің, тәуіптер мен аспаздардың, диқандар мен малшылардың, т.б. қоғам мүшелерінің мінез-құлқы, білім дәрежесі, ақыл-парасаты, құқықтары мен міндеттері қандай болу керектігін жеке-жеке баяндап шығады. Ақын мәселені әмірші-патшаның өзінен бастайды. Ел-жұртты басқаратын адам – ақыл-парасаты ұшан-теңіз, ниеті түзу, сөзі шырын, білім мен өнерге жетік, қолы ашық, пейілі кең, жүзі жарқын, ешкімге кек сақтамайтын жан болуы шарт екенін айтады. Ел басқарған әкімдерді күншілдік, ашкөздік, сауық-сайранға құштарлық, қатыгездік, кекшілдік сияқты жаман қылықтардан сақтандырады. Бұдан кейін ақын патшаның көрер көзі, естір құлағы “хас хажиб”, яғни бас уәзір міндеттерін тізбектеп, зор білгірлікпен айтып шығады. Бас уәзір халықтың талап-тілектерін патшаға, ал патшаның айтар ой-пікірін, жарлықтарын халыққа жеткізіп отыруы тиіс. “Құтты білікте” елшіге қойылатын талаптар егжей-тегжейлі сипатталып жазылған. Елші ерекше зерек, өзі көрікті, көп тіл білетін, шешен,жақсы аңшы, құсбегі, жұлдызшы (астролог), түс жори білетін, музыкант сияқты көптеген қасиеттерге ие жан болуы қажет. Ақын сөзімен айтқанда, “елші ердің төрт құбыласы тең болсын, елде – кісі, сыртта – бүтін ел болсын!” – дейді. Дастанда осылайша елдегі барлық лауазым, кәсіп иелеріне қойылатын моральдік-этик. талаптар сипатталып көрсетілген. Кезінде “Құтты білік” дастаны Шығыстың әр елінде әр түрлі аталып кеткен. Бір елде – “Айнак ул-мамлакат” (“Мемлекет тәртібі”), екіншісінде – “Панунаман мулук” (“Әкімдерге насихат”), үшіншісінде – “Адаб ул-мулук” (“Әкімдердің әдептілігі”) деген атпен мәлім. Бұл атаулардың бәрі – “Құтты білік” дастаны, негізінен, мемлекетті басқару мәселесіне арналған шығарма екенін растай түседі. Дастанның басты идеясы төрт принципке негізделген. Біріншісі, мемлекетті дұрыс басқару үшін қара қылды қақ жаратындай әділ заңның болуы. Автор әділдіктің символдық бейнесі ретінде Күнтуды патшаны көрсетеді. Екіншісі, бақ-дәулет, яғни елге құт қонсын деген тілек. Бақ-дәулет мәселесі патшаның уәзірі Айтолды бейнесі арқылы жырға қосылған. Үшіншісі, ақыл-парасат. Ақыл-парасаттың қоғамдық-әлеум. рөлі уәзірдің баласы Ұғдүлміш бейнесінде жырланады. Төртіншісі, қанағат-ынсап мәселесі. Бұл мәселе дастанда уәзірдің туысы, дәруіш Ордгүрміш бейнесі арқылы әңгіме болады. Ортағасырлық Шығыс ойшылдарына тән үйлесім – танымды көркем және ғылыми әдістермен ұштастыра қолдану Жүсіп Баласағүни ғибратында суреткерлік, ойшылдық, ғұламалық, философтық қасиеттердің үйлесім табуынан, ғылым даналығының біртұтастығынан көрінеді. Түркі мәдениетінің нәрлі бұлағынан сусындап, мұсылман өркениетінің қуатты ықпалымен толысқан ойшыл өз шығарм-ғында адамның қоғамдағы орны мен қызметін түсінуге ұмтылып, мінсіз қоғам жайындағы өзінің биік филос. мұраттарын баяндайды. Жүсіп Баласағүниның “Құтты білігінде” өмір мәні пайымдалып, жалпыадамзаттық рухани байлықтар – мұрат, дін, этика, өнер және даналықтың мәні сараланған. Жүсіп Баласағүни ақиқатқа жету жолын адам мен әлемнің, ұлы ғалам мен микроғаламның үйлесімді болуы туралы қағидаға негіздейді. Төрт құдірет – от, су, ауа, жер жайлы ежелгі дәуірдің философиялық түсінігіне сүйене отырып, ойшыл әлем осы төрттағанның үйлесімінен жаралған деп санайды. Осындай тағы бір төрттаған Жүсіп Баласағүниның қоғам туралы ойларында, яғни қазіргі түсініктегі әлеум. философиясында әділет, бақыт, ақыл және қанағат ретінде бейнеленіп, “Құтты біліктің” төрт кейіпкерінің бойына жинақталған. Ғалам мен микроғаламның тұтастығы, барабарлығы туралы ой Жүсіп Баласағүни дүниетанымының өне бойынан байқалады. Бұл жалған дүниені ақыл тезіне салып түзетуге болатынына да сенген ғұлама әлемдік үйлесімділік негізінде әділетті адамзат қоғамын құруды армандады. Сондықтан ол ғылым мен білімге зор мән берген. Жүсіп Баласағүни жалпыға ортақ парасаттың танымның нәтижесі ретіндегі білімге көшуі адам мүмкіндігінің жүзеге асуы деп біледі. Ғұлама білімнің туа бітетіндігі жайлы пікірге қарсы шығып, оған парасатты іс-әрекеттің нәтижесінде қол жеткізуге болатынына сенеді. Білімге молынан сусындаған адам ғана көп нәрсеге қол жеткізе алады. Оның пікірінше, білім – даналық, денсаулық және жан толысуы. Жүсіп Баласағүнидің ойынша, қоғам құрылымындағы кемелдіктің өлшемі әлеум. тәртіп бұзылғанда ғана көзге түсе бастайды. Сол кезде жаңа мұраттар мен ұрандар пайда болып, халық қолдауына ие болады. Ол қоғамдық құрылымның кемелдігін жеке адамның бостандығы, тәуелсіздігі анықтайды деп санады. Жүсіп Баласағүни өзінің әлеуметтік философиясында қоғамдағы кемелдіктің негіздері мен іс жүзіндегі көріністерін өзара тығыз байланыста қарастырады. Танымдағы кемелдік – білік, оның іс жүзіндегі көрінісі – укуш деп біледі ол. Жүсіп Баласағүни өз еңбегінде зердеге айрықша тоқталған. “Құтты білікте” ол, ең алдымен, даналық яғни қазіргі түсініктегі теориялық зерде туралы ой толғап, даналық табиғатын, оның ерекшелігін, туа біткен қабілеттер мен кейінгі білім жинақтаудағы адамның өз рөлі, таным процесінде ақиқатқа ұмтылу, т.б. мәселелерді қарастырады. Ғұлама өз туындысын Шығыс перепатизмінің арнасында, сопылық ағымның қуатты ықпалымен жазып шыққан. Ойлау қызметі тек адамға ғана тән, жануарларда жоқ қасиет деп біледі ол. Егер сезім алдамшы болса, онда оған толық сенуге болмайды, ал ақыл, зерде әрқашан адамға қызмет етеді, оның жалғандығы жоқ. “Құтты біліктің” негізгі айтар ойы – адамның адами жетілуі мен кісілік кемелденуі, сол арқылы мемлекет пен қоғамды қуатты, мықты, құтты ету. Кісілік кемелдену жолына түскен адам – өзінің қасиетіне, қалыбы мен негізіне мейлінше жақындаған асыл жан. Дастан оқырманына құт-берекемен, бақытқа өз адамгершілігін асыл етумен ғана жетуге болатынын ұқтырады. Ондағы “өзіңді сақтау”, “өзіңді ұмытпау” қағидасы адамның адамшылығын танытар қасиеті – адамгершілік пен кісілікті жетілдіруге бағытталған. Ақын өтпелі өмір мен өлім жайында терең толғанады. Оның ойынша, өкініштің ең ауыры өлшеулі өмірде дүние қызығы мен тән тілегі жетегінде кетіп, діл тазалығын сақтай алмаудан туады, сондықтан адам өзінің кісілік қасиетімен бірге өмірдің өткіншілігін де ұмытпауы қажет. Мұнан өзге Жүсіп Баласағүни шығармашылығына ізгілікке құштарлық пен іңкәрлік, сопылық танымдағы Алланы сүю, әлем мен адам сырына терең бойлауға ұмтылушылық белгілер тән.[2] “Құтты білік” дастаны 6520 бәйіттен (екі жолдық өлең) тұрады. Демек дастанда 13040 өлең жолы бар. Соның бәрі 85 тарауға бөлініп берілген. Дастанның кіріспесі қара сөзбен, ал негізгі бөлімдері аруз өлең өлшемінің ықшамдалған мутакариб деп аталатын түрімен жазылған. “Құтты білік” дастанының сюжеттік желісі негізінен шығарманың бас қаhармандарының өзара әңгімесінен, сұрақ-жауаптарынан, бір-біріне жазған хаттарынан тұрады. Төрт түрлі ізгі қасиеттің символдық көрінісі ретінде бейнеленген негізгі төрт қаhарман қоғамның көкейкесті мәселелері туралы әңгімелеседі. Мұндай сұхбатта олар ел басқарған әкімдер қандай болуы керектігін, оқу-білімнің қажеттігін, әдептілік пен тәлім-тәрбие мәселелерін дидактикалық-филос. тұрғыдан сөз етеді. Мәселен, ақын әдептіліктің алуан түрін жырлай келіп, солардың ішіндегі ең бастысы – тіл әдептілігі деген түйін жасайды. “Құтты білік” дастанының авторы метафора, аллегория, гипербола, меңзеу, астарлап сөйлеу сияқты көркемдік құралдарды аса білгірлікпен пайдаланады. Дастанның әдеби, тілдік, тарихи тұрғыдан ғыл. мәні ерекше. Бұл дастан бертін келе қазақ халқының этникалық құрамын қалыптастырған ру-тайпалардың орта ғасырлардағы тұрмыс-тіршілігін, наным-сенімін, әдет-ғұрпын, сөз өнерін, тілін, т.б. зерттеп білу үшін аса қажетті, құнды мұра болып табылады.
"Құтты білік" дастанын
Қарахан әулетінен шыққан Табға
"Құтты білік" поэмасы түрік
тіліндегі энциклопедиялық
Баласағұнның жақсылық пен жамандық жайында айтқан мына бір ойын келтіре кетпесімізге болмайды: "Егер ол мейірімділер күшті, ал қатыгездер әлсіз болса, біз ауыр ойлардан тұнжырамас едік. Егер әлемде әділдік заң болса, тағдырымыздың қатыгездігіне наразы болмас едік".
Міне, елдегі осы олқылықтың орнын толтыру мақсатымен Баласағұн өзінің «Құтадғу Біліг» дастанын жазды. Демек, дастан белгілі бір мағынада елдегі Ата Заң (Конституция) қызметін атқарған. Баласағұн дастанда патшалар мен уәзірлердің, хан сарайы қызметкерлері мен елшілердің, әскербасылар мен нөкерлердің, тәуіптер мен аспаздардың, диқандар мен малшылардың, т.б. қоғам мүшелерінің мінез-құлқы, білім дәрежесі, ақыл-парасаты, құқықтары мен міндеттері қандай болу керектігін жеке-жеке баяндап шығады. Дастанда елдегі барлық лауазым, кәсіп иелеріне қойылатын моральдық-этик. талаптар сипатталып көрсетілген.
Дастанның идеясы
Дастанның басты идеясы төрт принципке негізделген. Біріншісі, мемлекетті дұрыс басқару үшін қара қылды қақ жаратындай әділ заңның болуы. Автор әділдіктің символдық бейнесі ретінде Күнтуды патшаны көрсетеді. Екіншісі, бақ-дәулет, яғни елге құт қонсын деген тілек. Бақ-дәулет мәселесі патшаның уәзірі Айтолды бейнесі арқылы жырға қосылған. Үшіншісі, ақыл-парасат. Ақыл-парасаттың қоғамдық-әлеум. рөлі уәзірдің баласы Ұғдүлміш бейнесінде жырланады. Төртіншісі, қанағат-ынсап мәселесі. Бұл мәселе дастанда уәзірдің туысы, дәруіш Ордгүрміш бейнесі арқылы әңгіме болады. Баласағұнның «Құтадғу Білігінде» өмір мәні пайымдалып, жалпыадамзаттық рухани байлықтар – мұрат, дін, этика, өнер және даналықтың мәні сараланған.
Бұл көнетүркі тілінде жазылған, түркі тектес халықтардың ортақ қазынасы.
Көптеген зерттеушілер бұл поэманы саясат, мемлекет басқару, әскери іс жөніндегі философиялық трактат деп жүр. Шындығында да, бұл жалаң әдеби дүние емес. Бұл бүтін бір тарихи кезеңнің мінез құлқын бойына сіңірген, қоғамдық саяси, әлеуметтік бітімі қанық, моральдық этикалық, рухани қазынамыздың негізі, арқау боларлық дүние. Ондағы бүгінгі тілімізге, ой толғамымызға төркіндес, етене жақын орамдарды көргенде, қазақ әдебиетінің солармен тікелей сабақтаса жалғасқан дидактикалық поэзия мен шешендік сөздердің, билердің орағытып, ой тастайтын кең тынысты толғамдарының дәстүрлі бірлігі «мен мұндалап» тұрады. Жүсіп Баласағұнның мемлекетті басқару қағидалары мен принциптерін, елге билік жүргізудің ережелері мен тәртібін, қоғам мүшелерінің мінез-құлық және әдеп-ғұрып нормаларын жыр еткен этикалық-дидактикалық мазмұндағы көркем туындысы.
Жүсіп Баласағын «Құтты
білікті» 1069—1070 жж. Баласағ
Дастанның зерттелуі
Жүсіп Хас Хажыб Баласағүнның
«Құтты білік» дастанының
Екіншісі - Каир нұсқасы. Бұл қолжазба араб әрпімен көшірілген. Оны Каирдағы бір кітапхананың сирек кездесетін қолжазбалар қорынан 1896 жылы неміс ғалымы Б. Мориц тапқан. Белгілі орыс ғалымы В. В. Радлов Петербург Ғылым академиясының Азий Музейі үшін Каир нұсқасының бір данасын көшіртіп алады. Қазір бұл қолжазба Ресей Ғылым академиясы Шығыстану институтының Санкт-Петербург белімшесінде сақтаулы түр.
Үшіншісі - Намәнган нұсқасы.
Оны 1913жылы А. Валитова
Өзбек ғалымы Каюм Каримов
Наманган нұсқасы бойынша ұзақ
жылдар бойы зерттеу
Әрине жоғарыда аталған үш
қолжазбаның әрқайсысының
Әйтсе де мұның бәрі алдағы
ұлкен жұмыстардың бастамасы
ғана еді. «Құтты білікті» кең
көлемде зерттеу, оны баска
тіддерге аударма жасау
шығару жұмыстарын уақытша тоқтатып қойды
Өйткені алдымен
Каир нусқасының ерекшеліктерін зерттеп,
біліп алу қажет еді. «Қутты білік» дастанын
әдебиеттану, тіл білімі, тарих ғылымы
турғысынан зерттеуге С. Е. Малов, Е. Э.
Бертельс, А. Валитова, Қ. Каримов, С. Муталлибов
сияқты көрнекті ғалымдардың мол улес
косқаны белгілі.
Түркі әлеміне есімі мәшһүр болып,
қайта өрлеу дәуірінің аса
көрнекті ақыны, данышпан-ойшылы Жүсіп
Баласағұн өнегелі ой-толғамдарын өзінің
«Құтадғу білік» атты дастанында өрнектеп
кеткен. «Құтты білік» дастанының төрт
принципке негізделіп жазылғаны белгілі.
Біріншісі – мемлекетті әділ басқару;
екіншісі – бақ-дәулеттің елге құт болып
даруын Айтолды бейнесі арқылы суреттеуі,
үшіншісі – Өгдүлміш бейнесі арқылы берілетін
ақыл-парасат, төртіншісі – қанағат-ынсап
жайында. Бүгінгі біздің сөз еткелі отырған
мәселеміз – ақынның замана құбылыстары,
оның кейпі турасында айтқан ой-толғамдарының
кейінгі ақындармен, яғни ХІХ-ХХ ғасырдың
басындағы қазақ ақындарының поэзиясының
негізгі идеяларымен ұштасатынын ашып
көрсету. «Ақын өзінің «Құтты білік» дастанын
сөз түсінбес парықсыздарға емес, сөз
қадірін білетін ақылды жандарға арнап
жазғанын оқырманға қайта-қайта ескертіп
отырады» /1.209/. Ақын шығармасында замана
бейнесі «Заманның озғаны, достардың жапасы
туралы» деген тарауда анық та ашық түрде
беріледі:
Бәрін таптым, тек кісілік таппадым,
Кездессе егер, жүзін көру, баққаным.
Опа құрып, жапа толды ғаламға,
Аз-маз опа қалды қандай адамда? /2.584/ - деп,
өмірден түңіліп, адамдар ортасынан безініп,
«киік тобымен лағайын» дейді. Шыдамының
шегіне жеткені сонша, мұндай қорлықты
көргенше, тағылықпен өмір сүріп, «елден
жырақ өмір сүрейін», жаһан кезіп кетейін
немесе «иірім кешіп, өзен болып ағайын»
және сол үшін де:
Жапа шектім, ием, мұңлы сияғым,
Опалы кім, шыбын жанды қиямын /2.585/, - деп,
оны түсінер ешкім қалмағандықтан, жалғыздықтан
жапа шегіп, торығады. Оның түңілетіні
– жан-жағындағы бауыр-туыс, ағайын, дос-жаранның
қатігездігі. Адамның жанын ұқтыратын
көңіл айнасы – жан мен тіл, ал:
Тіл, жан ала болды, сенсін қайтіп діл!
/2.585/ - деп, тілдің де алдамшы екендігін,
жүректің де таза емес, яғни адам пейілінің
де тарылғанын сөз етеді. Дүниеде жалғыз
қалып, өзін түсінер ешкім таппай, содан
жапа шегіп:
Кімді сүйеу, кімді жақын санайын,
Кімге сеніп, кімді досқа балайын?! /2.585/
- деген жолдарда Жүсіп не үшін, неліктен
жабырқауының себебін дәл, нақты көрсетпегенімен,
Абайдың «көңілім қайтты достан да, дұшпаннан
да» дегені сияқты күңіреніс байқатады
:
Көңіл қалды туыстан да, жаттан да,
Бауырың – жат, құлқы жаман қастан да!
/2.585/
Ақын түңілетін орта – Абай айтатын «заманға
күйлеген» адам мінезі, олардың тар дүниетанымы,
тоғышарлығы.
Сауда қуып, бұзылды ма маңайым,
Елес пе әлде, көзімді кең ашайын.
Заң, ізгілік кетті – ниет қарайып,
Сұмдар қалды, қайдан шындық табайын /2.586/,
- деген ақын мұңы қай ғасырда да халық
мұңы болып қала берді. Өйткені өмір бар
жерде әлеуметтік қайшылықтар бар, әлеумет
бойындағы міндер бар. Бұндай келеңсіздіктен
халық үлкен өркениетке жеткенде ғана
құтыла алады, оған дейін әр заман ойшылы,
әр кезең ақыны сол кемшіліктерді айтуы,
кесапатты қылықтардың қандай екендігіне
халықтың көзін жеткізуді заңды құбылыс,
сондықтан да бұл тақырып кейінгі қазақ
поэзиясында өз дәстүрлі жалғасын тапқан
тақырып. Мұндай замана келеңсіздіктері
Ж.Баласағұн мен ХІХ-ХХ ғасыр ақындары
шығармашылығында бірдей көрініс беріп
отыратындығынан да себебі осыдан.
Қорытынды
Жүсіп Баласағұн «Құтты білікте» өзі
өмір сүрген дәуірде және оған дейінгі
ғасырларда түркі әдеби әлеміндегі қолданылған
көркемдік машықтарды мейлінше оңтайлы
қамтыған. Бұл орайда филология ғылымдарының
докторы, профессор Немат Келімбетовтың
пікірін келтіре кеткен жөн болар:
«Құтты білік» дастанының ауторы метафора,
аллегория, гипербола, меңзеп яғни астарлап
сөйлеу сияқты көріктеу құралдарын зор
шеберлікпен, білгірлікпен пайдаланып
отырады. Сондықтан жырдағы сан қилы адам
бейнелері, табиғат көріністері, қаһармандардың
көңіл күйі мейлінше айқын, әсерлі шыққан»,
дейді ғалым.
Түркология әлемінде «Құтты біліктің»
үш түрлі нұсқасы сақталған. Олар-Вене,
Каир, Наманган нұсқалары. Түрколог ғалымдар
аталған үш нұсқаны өзара салыстыра, ғылыми
сараптамадан өткізе келіп, дастанның
толық нұсқасын жариялаған болатын.
Мысалы академик В. В. Радлов «Құтты білікті»
түбегейлі зерттеу, оны жариялау істеріне
жиырма жылын арнаған екен.
Ал қазақ ақыны, филология ғылымдарының
докторы, профессор Асқар Егеубаев «Құтты
білік» дастанының қазақ әдебиетінің
дамуына идеялық-көркемдік әсері» атты
тақырыпта ғылыми диссертация қорғады.
Сондай-ақ жырды қазақ тіліне аударып,
1986-жылы «Жазушы» баспасынан жинақ етіп
шығарды.
«Қанша білсең, ізден тағы, тағы да,
Білікті адам жетер тілек, бағына»,-
деп өзі айтқандай, ғұлама Баласағұн сіз
бен бізді ойландырар небір даналық тұжырымдары
мен сөз маржандарын соңына қалдырып кетті.
Кейінгі ұрпақ керегінше өз қоғамдарында
қолдансын, пайдаларына жаратсын деп аманат
етіп кетті.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- Егеубаев А. Жүсіп Баласағұнның «Құтты білігі» // Қазақстан мектебі
- Егеубаев А. Жүсіп Баласағұн. «Құтадғу білік» (Х1 ғ.)
- Егеубаев А. Құлабыз. – Алматы, 2001.
- Ежелгі дәуір әдебиеті. Хрестоматия. – Алматы: Ана тілі,
- Жүсіп Баласағұн. Құтты білік. Көне түркі тілінен аудаған
- Каримов К. Некоторые вопросы композиции, метра и жанра.
- Кәкішов Т. Көне дәуірдегі сыншыл ойлар. // Жұлдыз.
- Келімбетов Н. Ежелгі дәуір әдебиеті.- Алматы: Ана тілі,
- Қоңыратбаев Ә. Қазақ эпосы және түрколлгия. – Алматы:
- Қоңыратбаев Ә, Қоңыратбаев Т. Көне мәдениет жазбалары. –
- Қыраубаева А. Ежелгі әдебиет. - Алматы: Әл-Фараби, 1996.
- Құрышжанов Ә. Құдатғу білік. – Түркістан:
- Мырзахметов М. Жүсіп Баласағұни. Сөнбес жұлдыздар. – Алматы: Қазақстан,
.

- Жүсіп Баласағұни, Жүсіп Хас Хажиб Баласағұни (1020) - ақын, ойшыл, ғалым, мемлекет қайраткері
- Жүсіпбек Аймауытов
- Жүсіпбек Аймауытов
- Жүсіпбек Аймауытов «Ақбілек»
- Жүсіпбек Аймауытұлы - Әдебиет сыншысы
- Жұбағаңның Колбиннiң
- Жұбан Молдағалиев
- Жүрек-қан тамырларына әсер ететін гликозиттер
- Жүрек тамырлы жүйесінің қызметтерінің реттелісі. Тамыр тонусының гуморалдық реттелісі
- Жүректің камералары
- Жүрекшеаралық перденің кемістігі
- Жүрекшеаралық перденің кемістігі
- Жүсіп Баласағұн (1020-?) ақын, ойшыл, ғалым, мемлекет қайраткері
- Жүсіп Баласағұн және «Құтты білік»