Жүсіпбек Аймауытұлы - Әдебиет сыншысы
Ж.АЙМАУЫТҰЛЫ – ӘДЕБИЕТ СЫНШЫСЫ
Ұлттық сөз өнеріне, оның өрісті өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан – Жүсіпбек Аймауытұлы әдеби мұра мен оны зерттеу ісіне, тарих пен таным арнасына, сын мен сыншы сипатына биік талап, жоғары жауапкершілікпен қарады. Өз еңбектерінде бұл бағыттарға адалдық танытты.
Ж.Аймауытұлы шығармашылығының арналы
саласын әдеби-сын еңбектері
Ж.Аймауытұлы адам, қоғам, кезең хақында //«Қазақтың өзгеше мінездері», «Партия», «Пара алу тоқтала ма?»//, ағартушылық-гуманистік һәм тәлім-тәрбие туралы //«Жаңа мектеп туралы», «Журнал туралы», «Емлені өзгертуге жоба», «Мектеп қандай болу керек», «Хат таныту әдістері» // қазіргі кезеңде де мән-маңызы айырықша болып табылатын мақалаларында ұлт мұратын, елдік һәм ұрпақ ұлағатын, мәдени-рухани мәселелерді кең көлемде қозғайды.
Ж.Аймауытұлының әдеби-сын
Мақала авторы Абай әлемін нақтылы туындыларын сөз ету негізінде жан-жақты ашады. Ақындық өнердің бастау арналарына, көркемдік мұрат пен шеберлік сырларына, тіл мүмкіндіктеріне кең орын береді. «Өнер алды – қызыл тіл» сипаты, көркемдік құпиясы, асыл сөздің құдірет-қасиеттері алуан салыстыру, талдаулар арқылы жүйелі жеткізіледі. Абай мұрасы, өлеңдегі өмір өрнектері, сөз сыры мен сипаттары кезең-уақыт шындықтары тұрғысынан байыпты сараланады. Абайдың сөз өрнегі, көркемдік әлемі, руханият ісіне қосқан үлесі жан-жақты айқындалады. Көркемдік көкжиегіне, өлең өнер өлшемдеріне, ой-сөз жүйесіне кең орын беріледі. Абай ақиқаты, ақын айтқан ұлт мұраты мен тарих-таным төңірегіндегі өрнекті ойлар мен толғамды толғаныстар жан-жақты ашылады. Қысқасы, Абай әлемі мен оның өлең өнері – ұлт тарихы мен руханиятындағы айрықша құбылыс екендігі кеңінен көрсетіледі. Таным өлшемі айқындалады. Ақын әлемі, сөз сыры ашылады.
«Абайдан соңғы ақындар» атты мақалада ұлттық поэзияның жай-күйі, даму бағыт-бағдарлары мен көркемдік мұраттары, өзіндік өзгешіліктері сөз етіледі. Өлең сөзге қойылатын талап-шарттар мен өлеңші төңірегінде көзқарастар білдіреді. Өлең-өнердің дамуы мен ондағы жаңашылдық сипаттарға Абайдың, «Қазақ» газетінің әсер-ықпалы болғаны кеңінен көрсетіледі. Өлең өрісі мен өресі, «сезімге әсер беретін суретті өлеңдер» – Мағжан, Міржақып, Сұлтанмахмұт пен «сырты төгілген, сұлу, тілі кестелі, анық, халықтың ұғымына, оқуына жеңіл» – А.Байтұрсынов, С.Дөнентаев, Ш.Құдайбердиев, Б.Өтетілеуов шығармашылығына зор маңыз беріледі. «Әдебиет бақалшының қоржыны емес» екені де назардан тыс қалмайды. Қысқасы, Абайдан кейінгі ақындар әлеміндегі артық-кем тұстардың бары, жүйелі сөз етіледі. Сонымен бірге қазақ сөз өнері, ақын әлемі, өлең-мұра сипаттары кеңінен көрсетіледі. Талант табиғаты мен тағылымына мән беріледі. Бастысы, әрине ақын әлеміне еркін еніп, одан кейінгі сөз өнерінің белесті кезеңдеріне, көркемдік таным арналарына ден қояды. Ақын мен өлеңші сыры ашылады. Ортақ мін, кемшіліктер көрсетіледі. «Әдебиетімізге жақсы өлең, шын ақынның сөзі көрік беріп, күшейте алады» деген қорытындыға келеді. Өлеңнің өрнекті де өрісті, көркем де келісті сипат алуы негізгі назарда болады. Әдебиет – ардың айнасы, көңілдің сәулесі, жан-жүрек толғаныстарының мәнді, нәрлі көріністері екендігі кеңінен көрінеді. Сөз өнері мен өрнегі басты нысана етіледі. Талант табиғаты айқындалады. Еңбек сипаттары мен шабыт шалқары шығармашылық шыңы ретінде көрсетіледі. Маңыздысы, Абай мен оның айналасы, ақындық өнердің өзіндік ерекшеліктері, өлең сөздегі сыр мен сымбат үйлесімі, сезім мен сүйіспеншіліктің мөлдір шықтай тамшылары терең тебіреністермен табиғи жеткізіледі. Ақын мұраты, оның өрісті өнері мен өрнекті үлгі-өнегелері кең көлемде көрсетіледі. Абай мұрасындағы ел-жер, өмір-тұрмыс, еңбек-уақыт шындықтары – адам әлемі, келелі келешек хақындағы толғам-толғаныстармен байланыста беріледі.
Ал «Әдебиет мәселесі», «Әдебиет мұралары», «Көркем әдебиетті саралау» сынды мақалаларда қазақ сөз өнерінің табиғаты, арғы-бергі тарихы мен тағылымдарына кең орын беріледі. Айталық, алғашқы мақалада «әлеуметтің зор құралы – әдебиеттің» мұрат-міндеттері сөз етіледі. Қазақ әдебиетінің төңкерістен бұрынғы бағыттары мен орын-үлестері, күнгейі мен көлеңкелі тұстары кеңінен сараланады. Ал, «Көркем әдебиетті саралауда» төңкерістен кейінгі қазақ сөз өнерінің белгі-ерекшеліктері, артық-кем тұстары жан-жақты қозғалады. Әдебиеттің халықтық мұраты, көркемдік-эстетикалық қуаты, рухани нәрі нақтылы көрсетіледі. Халықтық сипаты, көркемдік қайнарлары айқындалады. Басты мұраты, мәні ашылады.
«Әдебиет мұралары»
сөз өнерінің қыр-сырын, мұрат-міндеттерін
айқындаумен бірге оны
Ж.Аймауытұлының әдеби сын
Бұл тұста еске алар жайт – Ж.Аймауытұлы өз уақытында ұлт руханиятына қатысты мәселелердің бәрі-баршасына жіті назар аударған-ды. Ұлттық құндылықтарға, әдеби үдеріске, сын мен сыншы жайына да айрықша мән берген. Басты мәселелерге, соның ішінде әдебиет қозғалысына, ақын-қаламгерлер шығармашылығына көзқарас-ұстанымдарын, ой-пікірлерін ашық, айқын білдірген. Дәйек-дерек көздерін орынды қолданған. Талдау мәдениетінен, саралау сипаттарынан жан-жақтылық, тереңдік тәрізді белгілер кеңінен көрініс береді.
Ж.Аймауытұлының әдеби-сын
«Мағжанның ақындығы туралы» (Ташкенттегі қазақ студенттеріне етілген баяндама) атты мақаланың орны бөлек. Мақала авторы бастапқы тұста М.Жұмабаев шығармашылығы, соның ішінде ақындық өнері хақындағы мақсат-мұраттарын қалың көпшілік алдына жайып салады: «Мағжанның ақындығын сынауға біліміміз, күшіміз кәміл жетеді деп айта алмаймыз: толық сынау үшін, оның алды-артын орап, өрісін арылтып шығарлық сегіз қырлы, негізді білім керек...
Мағжанның өлеңдерін аса құндап, бұлдап жарыққа шығаратын Мағжаншылар да бар; іске алғысыз қылып, өртеп жіберу керек дейтіндер де бар; қысқасы Мағжанның қасы да, досы да бар, мақтаушылар нені біліп мақтап жүр. Оны тексеру біздің мақсатымызда жоқ. Біз шамамыз келгенше Мағжанға сын көзімен қарағымыз келеді. Сын көзі дегенде, біз ғылымның жолын тұтынуымыз керек. Мәдениетті жұрттар жазушыларын, ақындарын қай жолмен тексеріп сынаса, біз де сол жолды қолдануымыз керек» (Сонда, 144-145 бет). Ақындық өнер табиғатын, Мағжан мұрасын, ондағы өзгешеліктерді тап басып көрсетеді. Артық-кем тұстарына тоқталады. Көркемдік құндылықтар мен сырлы сипаттарды бөлекше атайды. Талантты туынды мен құнарлы қолтаңбаны, айқын көзқарас пен рухани құндылықтарды жіті зерделейді. Мағжан мұрасының көпке ортақ сипаттарын саралап та, даралап та көрсетеді. Ақындық өнерін биік белеске көтереді. Әділ бағасы беріледі.
Ж.Аймауытұлының «Мағжанның ақындығы туралы» атты мақаласы //«Лениншіл жас», 1923, №5// ұлттық сөз өнеріне, өлең-мұраға қояр талап-тілегімен мәнді болып табылады. Мақалада әдеби сынның мақсат-мұраттары, көркем туындыны танып-таразылаудағы шындық сырлары, өлең-өнердің өзіндік өрнектері айқындалады. Мағжан мұрасы, ондағы көркемдік мұраттар, ізденіс арналар, ой мен сөз жүйелері, тіл-стиль сипаттары кеңінен көрсетіледі. Ақын әлемі туып-өскен, тәлім-тәрбие алған орта, өнегесімен сабақтастықта сараланады. Ақындық мұрат, өнер өрісі Мағжан поэзиясымен сабақтастықта сөз етіледі. Мағжан мұрасын тану мен талдау тұстарында: «Қазақ әдебиетінде романтизм дәуірі аяқтануға Мағжан көмек көрсетті», «Сентиментализм әсері, әсіресе әйел теңдігіне арнап жазған өлеңдерінде ұшырайды», «Бейнешілдердің өлең жазу әдісін Мағжан қазақ әдебиетіне кіргізеді» деп түйін жасайды. Сонымен бірге: «...ақындық жүзінде Абайдан соңғы әдебиетке жаңа түр кіргізіп, соңына шәкірт ерткен, школ //мектеп// ашқан күшті ақын», «Мағжан сыршылдығымен, суретшілдігімен, сөзге еркіндігімен, тапқырлығымен күшті, маржандай тізілген, торғындай үлбіреген нәзік үнді күйімен, шерлі, мұңлы зарымен күшті... нәзік сезімнің ақыны» деп талант табиғатына енеді. Қалам қуатына, ой-сөз жүйесіне, сыр-сезім иірімдеріне мән береді. Біздіңше, автор ақын табиғатын терең ашады. Ақын мұраты мен ақындық өнер сипаттарына еркін енеді. Өлең өнерге, мұра-мирасқа байыпты ден қояды. Көркемдік құпиясына, сөз сыры мен ой орамдарына мән береді. Шындық шырағын ту етіп, ақын әлеміне, поэзия патшалығына батыл барлау жасайды. Ой-сөз жүйесін байыпты саралайды. Ақын мұраты, көзқарас-ізденістері мен көркемдік иірімдері, өзіндік өзгешеліктері өмір-уақыт шындықтарымен, кезең көріністерімен, тұрмыс сырларымен сәйкестікте сөз болады.
Мақалада Мағжан туып-өскен, тәлім-тәрбие алған ортасы, «Ғалия» медресесіне қатысты білім-білігі, алыс-жақын елдердің әдебиет өкілдерінің (Байрон, Бальмонт, Блок, Гейне, Гете, Пушкин, Фет т.б) орын-үлестері кеңінен көрсетіледі. Ақынның ұлтшылдық, түрікшілдік бағыттағы ұстанымдары, елдік мұрат-мүдде жолындағы көзқарастары, әлеуметшіл-мәдениетшіл сипаттары, өлең-өнердегі орны, өзіндік өзгешеліктері жан-жақты ашылады. «Мағжан күшті ақын» деген қорытындыға келеді. Оның мәніс-мәнін, себеп-сырын әр қырынан ашып көрсетеді. Алдымен ақындық өнер, ақын мұраты туралы толғам-толғаныстарға енеді: «... әр адам, әр ақынның өрісі бірінші – заманға, екінші – туып-өскен әлеуметіне, үшінші – нәсіліне (тұқымына) байлаулы. Ақын ерікті-еріксіз өз заманының тонын кимеске, өз әлеуметінің мұңын жоқтамасқа, тілегін орындамаса әдді жоқ.
Өзгелерден гөрі әлеуметтің мұңын баса жоқтайтын ақын болу керек. Өйткені, ақын қоғамның қарапайым тырна қатар топас мүшесі емес, өзгелерден сақ құлақты, сезгіш жүректі, сара ақылды, өткір қиялды мүше. Ақын өзгелердің сезбегенін сезеді, көрмегенін көреді, ойламағанын болжайды, тілі жетпейтінін айтып береді. Әлеуметтің өз табының қатарға кіріп, ер жеткені кейін қалып, кер кеткені өзгеден гөрі ақынға артығырақ батады, ақынның жүрегі өзгеден гөрі көбірек толқиды, көбірек толғанады. Өзгелер салқын қанмен қарайтын нәрсеге ақын күйіп-пісіп қалады.
...Ақын бір жағынан өз
Әдебиет сыншысы бұдан кейінгі жерде Мағжанның ақындығы мен айналасына өзіндік өзгешеліктеріне кеңінен тоқталады:
«Бір жағынан үй іші – әкеге, әлеуметі – ру басыға бағынған, тапқа, жікке бөлінбеген, қазақ ішінде туып-өскен болса, екінші – татар медресесінде оқып, түрікшілік, исламшылдық рухында тәрбиеленсе, үшінші – патша саясаты шымбайға батып, отаршылдық зардабы қазақтың ұлтшылдық сезімін оятқан дәуірдің ұлы болса, төртінші – орыс зиялыларының қаймағы бұқарашыл, халықшыл болып жатқанын сезіп білсе, бесінші – батыстың, қала берсе орыс ақындарының санашылдық (идеализм), дарашылдық школынан сабақ алса, енді Мағжан қай пікірдегі ақын болып шығу керек? Сөз жоқ, Мағжан ұлтшыл, санашыл, дарашыл ақын болып шығу керек» (150 бет), «Күшті ақын өзгелерді өзіне еріксіз еліктетеді, соңынан шәкірт ереді, әдебиет жүзінде жаңа жол (школ) ашады. Мағжан да күшті ақын, күштілігі еліктеткенінен көрінеді. Осы күнгі өлеңшілердің көбі Мағжан өлеңінің не сыртқы түріне, не ішкі мазмұнына еліктемей жаза алмайды. Кім өлең жазса, Мағжан сөзінен бірдемені алмай қоймайды… Санап, тексеріп қарасақ, Мағжанға қарсы жазып жүрген ақындарымыздың бәрі Мағжан өлеңінің даяр түрінен жазып отырғанын көресіз. Жеңіл-желпі өлеңшілер былай тұрсын, бір кезде күшті болған ақындарымыз, Мағжанға ұстаз болған ақындарымыз бұл күнде өлең жазса, баяғы шәкіртіне еліктейтін болыпты» (170 бет), «Мағжан терең ойдың ақыны емес, нәзік сезімнің, тәтті қиялдың ақыны, ол кедейдің ақыны емес, ұлт ақыны. Ел ішінде бай-кедейдің арасындағы қиянатты, тексіздікті көрмейді. Ұлтты жалпағынан алып қарайды. Ол түрікшіл, санашыл, дарашыл, ұлтшыл, өзімшіл ақын, бұ жағынан қарасақ ол – ескі пікірлі ақын.
Жақсы жағын санасақ, ол сыршыл, толғағыш, суретші, сөз ұстасы, түршіл, романтик, мәдениетшіл, отаршылдыққа, жаугершілікке қарсы күншығысшыл ақын» (171 бет).
Қазақ әдебиеті тарихын кең көлемде қарастырған, «Мағжан-Сәкен» атты зерттеудің авторы профессор Т.Кәкішев Мағжан мұрасына қатысты мақала туралы былай деп жазды: «Бұл шын мәніндегі сыни-эстетикалық еңбектің екі тұрғыдан, біріншіден, Мағжан ақындығының қыры мен сырын ұғынып алуға, көркемдік әлеміне қалай кіріп, қалай түсіну, ақын жанының қалтарыс-бүкпелерін қалай ұғу керектігін көрсеткен, әлі күнге дейін жалғыз мағжантануда ғана емес, бүкіл қазақ әдебиеттануында асқар бел болып келе жатқанымен, екіншіден, әдебиет сынының қаншалықты биік көтерілгеніне көрсеткіш: сын тарихында белгілі бір кезең жасаған туынды екендігімен құнды. Теориялық ой-пікірлерін мөлдіреген әсем тілмен, ажарлы орамдармен жеткізуінің өзі үлкен өнер. Дұрыс айтқанына да, бұрыс айтқанына да эстетикалық дәлелдер келтіріп, көздеген мақсатына жетудің өнегелі үлгісін осы еңбектен көреміз. Осындай ерекшеліктермен күні бүгінге дейін сын жанрындағы биік шеберліктің эталоны болып келеді... Ж.Аймауытовтың мақаласы көп шындықтың бетін ашты, көркемдік түсініктің ауылы қай жақта болатындығын, оны қалың көпшілікке қалай түсіндіріп берудің жолын көрсетті» [4.223-224]. Сын мұраты мен сыншы сипаттарына терең мән берді. Ақын ақиқатына, сыншы мұратына айқын көзқарастарын жүйелі жеткізді. Талант табиғатын танудағы ақиқат жайттар, дара дарын қолтаңбасы, талдау-саралау сипаттары айрықша мән-маңызға ие болады. Демек, «Мағжанның ақындығы туралы» атты мақала тақырыбы мен мазмұн байлығы тұрғысынан көркемдік құнары мен қуаты аса жоғары, ақындық өнер мен ондағы шеберлік пен шешендік сырлары терең, бағалау мұраты мен талдауы нақты да нанымды болып табылады.
Ж.Аймауытұлы түрлі тақырыптарда, алуан жанрларда ерен еңбек еткен. Ұлт мұратын, өмір өрнектерін, еңбек сипаттарын сенімді де серпінді, шебер де шешен сөз етеді. Халық мұрасы мен руханиятқа қатысты көзқарас-мұраларында, ұлттық сөз өнерінің түйінді тұстары туралы талғам-толғаныстарында жауапкершілік пен жанашырлық, сыншылдық пен сыршылдық көптеп кездеседі.
Ж.Аймауытұлының талант табиғатын театртанушы, профессор Б.Құндақбаев терең тебіреністерімен еске түсіреді: «Жүсіпбек Аймауытовтан қалған мұра рухани қазынаның ұзын-ырғасын оймен шолып көз жүгіртсек, оның творчествосының сан қилылығына, әдебиеттің барлық жанрларын түгел қамтитынына, көтерген мәселелерінің көптігі мен тереңдігіне, сол қисапсыз көркем дүниенің бәрін бір адам меңгеріп жазып қалдырды деуге таңданбасқа шараң жоқ. Егер ол жазықсыздан жазықсыз жапа шекпегенде ше?.. Иә, осындай дархан дарынның зорлықтың құрбаны болып, ерте қиылғаны өкінішті-ақ!» [5.5].
Негізінен алғанда, Ж.Аймауытұлының әдеби-сын еңбектері өз уақытының көкейкесті мәселелерін, ұлттық сөз өнерінің түйінді тұстарын, Абай әлемі мен оның айналасын өмір шындықтары тұрғысынан терең де байыпты саралайды. Бұл – бір. Екіншіден, Ж.Аймауытұлының әдебиетшілігі мен сыншылдық сипаттарын саралай түсетін тұстар – Абай әлеміне еркін еніп, ақындық өнердің табиғаты мен тағылымын байыпты саралап, терең талдау жүйесіне айналдыратыны айқын аңғарылады. Үшіншіден, әдеби мұра мен оны зерттеудің жай-күйін елдік мұратпен, руханият құндылықтарымен сабақтастықта жүйелі жеткізеді. Төртіншіден, Мағжан мұрасын арғы-бергі кезеңдердегі көрнекті корифейлердің шығармашылықтарымен байланыста сөз етіп, өзіндік өзгешеліктерін, ізденіс арналарын, көркемдік мұраттарын, тіл-стиль сипаттарын даралап та, талдап та көрсетеді. Талант табиғаты мен тағылымын кең көлемде ашады. Ақындық өнердің дара дарындарда ұшырасатын сирек құбылыс екендігін Мағжан мұрасымен, елдік мұрат-мүддемен, дәстүр, сабақтастық тұрғысынан зейінді зерделейді. Ең негізгісі, әрине Ж.Аймауытұлының әдеби-сын еңбектерінде ұлттық сөз өнері мен оның танымал тұлғаларының туындылары терең талдау, байыпты бағалау мен жүйелі сараларға арқау болады. Асылы, ақиқатты айту, шындық сырын ашу – сын мұраты болса, Ж.Аймауытұлының сыншылдық сипаттарынан:
- қоғам мен кезеңдік көріністер айқын аңғарылады.;
- адам мұраты, оның өмірі мен еңбегі биік бел-белестерден көрінеді;
- ұлт мұраты мен руханият мәселелері биік талғам, жоғары жауапкершілік тұрғыдан байыпты сараланады;
- ақын мұраты мен ақындық өнер кеше-бүгін байланысы, жаңашылдық пен жалғастық тұрғыдан айқындалады;
- Мағжанның ақындығы ізденіс пен ізгіліктің, көркемдік пен сұлулықтың, сыр мен сезімнің тұтастығы, шынайылық шындықтың үздік үлгісі, өрнекті өрісі ретінде бағаланады.
Ж.Аймауытұлының әдеби-сын еңбектерінің басым бағыттары мен оны танып, талдаудағы басты ұстанымдар, көзқарастар жиынтығы осыған келіп саяды.
Пайдаланған әдебиеттер:
1.Аймауытов Ж. Бес томдық шығармалар жинағы. 5-том. - Алматы: Ғылым,1999. -110-290 бет
2. Қирабаев С. Жүсіпбек Аймауытов. - Алматы: Ана тілі, 1993. -182 бет
3. Тұрысбек Р. Жүсіпбек //Зерттеу//.- Алматы: Санат, 1997.-5 бет
4. Кәкішев Т. Қазақ әдебиеті сынының тарихы. - Алматы: Санат, 1994.-223-224 беттер
5. Құндақбаев Б. Жүсіпбек
Әдебиет сыны - әдеби сын, көркем әдеби сын — әдебиеттану ғылымының бір саласы. Ол өмір шындығы мен әдеби шығармадағы көркем шындық арақатынасын саралап, көркем шығарманы әдеби тұрғыдан бағалайтын, әдеби дамудың ағымдағы мәселелерін талқылап, бағыт сілтеп отыратын әдеби-публицист., ғыл.-эстетик. шығармашылық түрі. Ә. с. — аса күрделі сала. Оның негізгі зерттеу объектісі — көркем әдебиет, әдеби процесс. Сыншы белгілі бір әдеби шығарманы талдап, баға беру үшін әдебиеттану ғылымының зерттеу әдістерін, методол-сын қолданады. Ә. с-ның басты ерекшелігі, көбінесе, қазіргі әдебиеттің жай-күйін қарастыруында, әдеби мұраларды бүгінгі заман тұрғысынан пайымдауында. Ә.с. әдебиеттің теориясы, әдебиеттің тарихы жеткен жетістіктерге сүйенеді. Көркем шындыққа айналатын өмір — аса күрделі құбылыстардың біртұтас жиынтығы. Міне, сол сан қырлы өмір оқиғаларының көркем әдебиетте қалайша көрініс тапқандығын анықтап отыратын Ә.с. да оларды түрлі жақтарынан зерттейтін ғылым салаларының жетістіктерін қажетінше пайдаланып отырады. Ә.с-нда берілген баға сол кезеңдегі әдеби процестің үні. Онда пікірлер қайшылығының кездесуі заңды да. Ә. с. көркем шығармашылыққа дер кезінде үн қосып, сыр-сипатын айқындайды, баға беріп, пікір білдіреді. Ә. с-ның тарихы ертеден басталады. Қазақ ауыз әдебиетінің көркемдік, идеялық сапалары аса жоғары классик. үлгілерін парықтауда Ә. с-ның рөлі зор болды. Ол жазба әдебиетінің, ғылымның дамуымен бірге өрбіп отырады. Отырарлық ғұлама Әбу Наср әл-Фарабидің, Махмұт Қашқаридың, Жүсіп Баласұғынның сөз өнері жайлы жазған пікірлері, Ш. Уәлихановтың, Ы. ААлтынсариннің, А. Құнанбаевтың әдебиетке қатысты айтқан ойлары қазіргі қазақ әдеби сынының бастау алар қайнар көзі деуге болады. 19 ғ-дың 2-жартысында “Түркістан уалаяты”, “Дала уалаяты” газеттерінің бетінде әдебиетке қатысты материалдардың жиі көрінуі. Ә. с. тарихындағы жаңа кезеңнің басы болды. “Айқап” журналы мен “Қазақ” газеті беттерінде жаңа кітаптардың шығуы туралы хабарлардан бастап, жекелеген жазушыларға арналған ғұмырнамалық мақалалар, әдеби шолулар, түрлі тақырыптағы мақалалар көптеп көріне бастады. Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, С. Торайғыров т.б. қазақ әдебиеті жайлы құнарлы пікірлер айтты. 20 ғ-дың 20-жылдары қазақ әдебиеті жаңа дәуірде қандай бағытта дамуы керектігі, көрнекті әдебиет қайраткерлері жайлы қызу пікір алысулар болды. Әсіресе Абай, Мағжан шығармашылықтары жайлы айтыстар 20 ж-дардағы әдеби сынның орталық мәселелеріне айналды. Байтұрсыновтың “Әдебиет танытқышы” (1927), Х. Досмұхаметовтің “Қазақ халық әдебиеті” (1928), Ғ. Тоғжановтың “Мағжанның ақындығы мен Жүсіпбектің сыны” (1926), “Әдебиет және сын мәселелері” (1929) сияқты еңбектер қазақ Ә.с-ның жаңа биіктерге бет алғанын байқатты. Ұлттық әдебиетіміздің түрлі мәселелері жайлы С. Сейфуллин, М. Әуезов, С. Мұқанов, Қ. Жансүгіров, Ғ. Мүсірепов, Ғ. Тоғжанов, Н. Төреқұлұлы, С. Қожанов, Ы. Мұстанбаев, Досмұхамедов, С. Сәдуақасов, Қ. Кемеңгеров, Ә. Бәйділдин, Х. Жүсіпбеков, Е. Бекенов, Ш. Тоқжігітов, Б. Кенжебаев т.б. өз ойларын ортаға салып, әдеби өмірде белсенділік танытты. Ә. с-ның аннотация, рецензия, мақала, айтыс мақала, шолу, шығармашылық портрет сияқты түрлері баспасөз бетінде жиі көрініп, жанр ретінде қалыптасты. Алайда бұл кезеңде көркем шығармаларды бағалауда партиялық принцип негізгі өлшем ретінде танылып, әлеум. тұрпайы сындар өріс алды. Мұндай сындар әсіресе ҚазАПП-тың (Қазақстан пролетариат жазушыларының ассоциациясы) тұсанда барынша ушыға түсті. Ә. с. партияның идеол. қаруына айналды. Оның негізгі міндеті қаламгерлердің қай тапқа, яғни байшыл, кедейшіл, жолбике сияқты топтардың қайсысына жататындығын анықтауға сайды. Әдеби күштерді ұйымдастырып, бағыт-бағдар беріп отыруға тиіс ҚазАПП (1925 — 1932) ұйымына он шақты ғана жазушы мүше болып, қалғандары идеялық тұрғыдан сыналып, саяси құғынға ұшырады. Соңы 1929 ж. қазақ қаламгерлері көпшілігінің жазықсыз жазалануларына ұласты. Шығарманың көркемдік қасиеттерінен гөрі идеялық жағына маңыз берген солақай сындар бүкіл соғысқа дейінгі дәуір бойы үстемдік құрып, ақыры 1937 ж. жазушыларды екінші дүркін жаппай жазалауға ұрындырды. Соғыстан соңғы кезеңде Ә. с-ның көкжиегі кеңіп, әдеби ой-толғамдардың ғыл. негізі арта түскенімен, әдебиеттің партиялық принципі барынша қадағаланып отырды. Көркем әдебиетте, сын-зерттеу саласында саяси қырағылықты күшейту мақсатында жүргізілген істердің барысында бірсыпыра қаламгерлер тағы да қуғынға ұшырады. “Ұлтшылдыққа”, “ескілшілдікке” қарсы саяси науқанның барысында әдебиеттің бүкіл тарихы Абайымен қоса теріске шығарылды. Алғашқы екі кітабы жарық көрген “Абай жолы” эпопеясында қазақтық өткен ғ-дағы өмірінің суреттелуінен бастап, бар қадір-қасиеті жоққа шығарылып, теріс идеялар береді деп танылды. Осы саяси науқанның салдарынан Ысмайылов, Жұмалиев, Қ. Мұқамедханов т.б. қудаланып, әдебиеттен шеттетілді. Кенжебаев, Т. Нұртазин, Қоңыратбаев т.б. құғындалды. Тоқырауға ұшыраған қазақ Ә. с. 1955 ж. респ. басшылығы ауысып, идеол. солшыл бағыттағы тоң ептеп жібіп, шығармашылық жұмысқа мүмкіндіктер туа бастаған кезде қайтадан жанданып, кең арнасына түсе бастады. Ысмайылов, Жұмалиев, Нұрқатов, А. Нұртазин, Қ. Нұрмаханов, М. Ғабдуллин, С. Қирабаев, Р. Бердібаев, З. Қабдолов, Т. Кәкішев, Б. Сахариев және т.б. сыншылар қазақ Ә. с-н жаңа биіктерге көтерді. 60 жылдары көп томды қазақ әдебиетінің тарихын жасаумен бірге әдебиеттің ағымдағы күрделі мәселелерін терең талдаған мақалалар жарық көрді. Ә. с. осы жылдары қарқынды дамып, баспасөзде қызу пікір-таластар болды. Ә. с. саласында А. Сүлейменов, З. Серікқалиев, Р. Нұрғалиев, Тоқбергеновтер көрінсе, оған жалғаса 70-жылдары С. Әшімбаев, Б. Сарбалаев, Қ. Ергөбеков, Б. Ыбырайымов, Т. Шапаев т.б. келді. 70 жылдары Ә. с-ның дамуына мол мүмкіндіктер жасалынды. Газет-журнал беттерінен сын бөлімі тұрақты орын алды; “Уақыт және қаламгер”, “Сөзстан” сын мақалалар жинақтары тұрақты шығып тұрды. 80 ж-дардың соңына қарай елімізде басталған түбірлі бетбұрыстар қазақ Ә. с-ына да тың серпіліс әкелді; алға жаңа міндеттер қойды. Мұндай үлкен міндеттерді атқаруға сынның ғыл. сипаты артып, әдебиеттану ғылымының өрісі кеңейе түсті. Қазіргі кезде Ә. с. жан-жақты өркендеп, жанрлық түрлері дамыды. Әдебиеттану ғылымының бұл саласында сын мақала, сын пікір (рецензия), шолу мақала, эссе (публист. немесе ғыл. очерк), сын-монография т.б. жанрлық түрлері дами бастады.
Пайдаланылған Әдебиеттер:
Қазақ Ұлттық энциклопедиясы

- Жұбағаңның Колбиннiң
- Жұбан Молдағалиев
- Жұбан Молдағалиев
- Жұқпалы аурулар
- Жұқпалы ауруларды алдын алу
- Жұқпалы аурулардың алдын алу
- Жұқпалы аурулар туралы ұғым және жұқпалы ауру түрлері
- Жүсіп Баласағұн (1020-?) ақын, ойшыл, ғалым, мемлекет қайраткері
- Жүсіп Баласағұн және «Құтты білік»
- Жүсіп Баласағұни
- Жүсіп Баласағұни, Жүсіп Хас Хажиб Баласағұни (1020) - ақын, ойшыл, ғалым, мемлекет қайраткері
- Жүсіпбек Аймауытов
- Жүсіпбек Аймауытов
- Жүсіпбек Аймауытов «Ақбілек»