Алаяқтық құрамы үшін қылмыстық жауаптылық

АЛАЯҚТЫҚ ҚҰРАМЫ ҮШІН ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚ

 

 

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ.............................................................................................................

 

1 АЛАЯҚТЫҚ ҮШІН ҚАРАСТЫРЫЛАТЫН  ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ЖАЛПЫ СИПАТТАМА

 

1. 1   Алаяқтық   жалпы түсінігі және анықтамасы..........................................

1. 2 Алаяқтық қылмысының объектісі, заты және объективтік жағы...........

1. 3 Алаяқтық қылмысының субъектісі және субъективтік жағы.................

 

2 АЛАЯҚТЫҚТЫҢ САРАЛАНҒАН ҚҰРАМДАРЫНА СИПАТТАМА

 

2. 1 Адамдар тобының алдын-ала сөз байласып жасаған алаяқтығы ..........

2. 2 Бірнеше рет жасалынған алаяқтық ..........................................................

2. 3 Қызмет бабын пайдаланып жасалған алаяқтық ......................................

 

3 АЛАЯҚТЫҚТЫ ҰҚСАС  ҚЫЛМЫСТАРДАН АЖЫРАТУ ЖӘНЕ ЖАЗА  ТАҒАЙЫНДАУ МӘСЕЛЕСІ

 

3. 1 Ұрлықтың алаяқтықтан  айырмашылығы..................................................

3. 2 Алаяқтықты жалған кәсіпкерліктен, тұтынушыларды  алдау құрамдарынан ажырату .....................................................................................

3. 3 Алаяқтық үшін жаза  тағайындау ...............................................................

 

ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.................................................

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 АЛАЯҚТЫҚ ҮШІН ҚАРАСТЫРЫЛАТЫН  ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ЖАЛПЫ  СИПАТТАМА

 

1. 1  Алаяқтық   жалпы түсінігі және анықтамасы

 

Нарықтык экономика  жағдайына және кәсіпкерлік қызметтің  кең өрістеуіне байланысты талан-тараждың ең көп тараған нысаны алаяқтық болып  табылады.

Қылмыстык занда "Алаяқтық - яғни бөтен мүлікті талан-таражға  салу немесе бөтен мүлікке құқықты алдау немесе сенімге қиянат жасау арқылы алу", - деп көрсетілген (ҚК-тің 177-бабы).

Алаяқтың заты бөтеннің мүлкі немесе бөтен мүлікке құқық  алу болып табылады.

Объективтік жағынан  алаяқтық бөтен мүлікті талан-таражға  салу немесе бөтен мүлікке құқықты  алу занда көрсетілген екі тәсіл арқылы: алдау немесе сенімге қиянат жасаумен жүзеге асырылады. Осы қылмысты жасағанда жәбірленуші мүлікті қылмыскерге оған сеніп өз қолымен тапсырады. Алданып немесе сеніп қалған меншік иесі немесе өзге де занды иеленуші қылмыскерге мүлкін немесе мүлкіне құқықты өз еркімен тапсырады. Алаяқтық жолмен алдау дегеніміз - шындыққа жатпайтын фактілерді көрінеу бұрмалап, жалған хабар беру, мәлімдеме жасау, жалған құжаттар көрсету арқылы өзін құқық қорғау органының қызметкері етіп көрсету, әртүрлі келісімдер бойынша бұйымның, заттың саны, сапасы, бағасы жөнінде көрінеу шатастыру, жалған сенім хаттар көрсетіп, басқа біреуге тиесілі қаражатты немесе мүлікке құқықты алу, осындай әдіспен біреудің үйін, көлігін және басқа мүлкін сатып, айырбастап жіберу, т.б. болып табылады. Алаяқтың жалған құжаттарды пайдалануы көп реттерде заңсыз зейнетақыны, жәрдемақыны, басқа да төлемдерді алуда жиі пайдаланылады. Кінәлі адам осы құжаттарды пайдалану арқылы алаяқтықпен алдауда өзінің жасы, денсаулық жағдайы, еңбек стажы, орташа айлық, жылдық табысы туралы жалған мәліметтер енгізеді. Мұндай реттерде жалған құжаттарды кінәлінің өзі жасаса, онда оның, әрекеті қосымша ҚК-тің 325-бабымен саралануға жатады.

Алаяқтықтың екінші бір  тәсілі — сенімге қиянат жасау  болып табылады. Сенімге қианат жасау деп кінәлі адамның меншік иесімен немесе мүліктің өзге де занды иеленушісімен пайда болған әртүрлі сенімге негіз боларлық қатынастарды пайдалану арқылы олардың мүлкін, заңсыз иеленуі немесе иеленуге құқық алуы болып табылады. Мысалы, кінәлі адамнын әртүрлі азаматтық-құқықтық келісімдерді пайдалануы: тұрмыстық прокат шарты, сауда-саттыққа қарыз берушілер, белгілі бір жұмысты істеуге, бағып-қағуға міндеттемелік шарттар болып табылады. Осындай сенімге ие болу арқылы олар жәбірленушіге қарсы алаяқтық әрекеттер істейді.

Алаяқтың құрамы —  материалдық. Оның субъективтік жағының  міндетті белгілерінің бірі қылмыстың  зардабы — меншік иесіне мүліктік залал келтіру болып табылады. Бұл қылмыс кінәлі адамның иелігіне мүліктің заңсыз өтуіне байланысты немесе кінәлінің жәбірленушінің мүлкіне заңсыз құқық алған уақытынан бастап аяқталған деп сараланады.

Субъективтік жағынан  алаяқтык тек қана тікелей қасақаналықпен және қылмыс пайдакүнемдік ниет және мақ-сатпен орындалады. Бұл қылмыстың  субъектісі де ұрлық субъектісімен (175-бап) бірдей:

а) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша;

б) бірнеше рет;

в) қызмет бабын пайдаланып жасалған алаяқтық;

Осы қылмыстың ауырлататын  түрі болып табылады. Қылмыстык кодекстің 177-бабы 2-тармағының "а" және "б" тармақшаларының мазмұны ұрлықтың (175-бабы) ауырлататын түрінде көрсетілген осыған ұқсас ұғымдармен бірдей, қызмет бабын пайдаланып жасалған алаяқтық деп (177-бабы 2-тармағының "а" тармақшасы) мемлекетгік кызметтің немесе коммерциялық, өзге де ұйымдардың басқару функциясын атқарған адамдардың қызмет бабын теріс пайдаланып, бөтеннің мүлкін алдау немесе сенімге қиянат, жасау жолумен иеленуі немесе соған иелік етуге құқық алуы болып табылады.

Алаяқтықтың аса ауырлататын  түрлері де (ҚК-тің 177-ба-бынын 3-тармағы) ұрлықтың аса ауырлататын түрлерімен (175-баптың 3-тармағы) бірлей, мазмұны да ұқсас.

Сеніп тапсырылған бөтен  мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету (176-бап)

Иеленіп алу немесе ысырап ету — кінәлі адамға тапсырылған  бөтен мүлікті талан- таражға  салудың бір нысаны болып табылады.

Қылмыстың объективтік  жағы сеніп тапсырылған бөтен  мүлікті иелену немесе ысырап ету  белгілерімен сипатталады. Осыған байланысты бұл жерде талан-тараждың екі  нысаыы: иеленіп алу немесе ысырап ету құрамдары туралы сөз болып  отыр.

Иеленіп алу дегеніміз - кінәлінің өзіне сеніп тапсырылған  бөтеннің мүлкін өзінің пайдасына заңсыз айналдыруы мақсатымен оған заңсыз иелік  етуі болып табылады. Мүндай ретте  иеленген мүлік кінәлінің билігінде  болады. Ол меншік иесіне негізсіз қайтарылмайды немесе бөтен адамға берілмейді.

Мүліктің жоғалуы, іріп-шіріп  кету, жойылуы, басқа адамның ұрлауы нәтижесінде меншік иесіне қайтарылмаса, онда бұл иеленіп кетуге жатпайды.

Иеленіп кетуді бөтеннің мүлкін уақытша пайдалана тұрумен  шатастыруға болмайды. Егер өзіне мүлік сеніп тапсырылған адам оны заңсыз пайдалана отырып, оны занды иесіне қайтаруға емес оның құнын төлеуге деген ниетте болса, онда оның әрекеті иеленіп кету емес, нақты жағдайларға қарай Қылмыстық кодекстің 228, 307 немесе 327-баптарымен саралануы мүмкін.

Ысырап етуге кінәлі адамның өзіне сеніп тапсырылған  бөтен мүлікті заңсыз және тегін  өзінің пайдалануы немесе басқа біреуге  беруі, сыйлауы, сатуы, қарызға беруі  және т.б. әрекеттері жатады.

Сеніп тапсырылған бөтен  мүлікті иелену мен ысырап етудің негізгі айырмашылықтары мынадай: сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленуде кінәлі адам бөтеннің мүлкін жөнсіз, негізсіз, заңға қайшы әрекеттермен ұстап тұрады, иесіне қайтармайды, ал ысырап етуге осы аталған мүлікті әртүрлі жолмен талан-таражға салуы, пайдаланып кетуі, шашылып-төгілуі, рәсуә болуы, тегін немесе ақысын алып тарату жатады.

Иеленіп алу мен ысырап етудің ортақ белгісі: екі қылмыс құрамы бойынша да кінәлі адамға мүлік  уақытша сеніп тапсырылады; мүлікті  талан-тараж жасау үшін бұл ретте  кінәлі адамдар өздеріне берілген мүлікке иеліктерді қылмысты әрекетке пайдаланады.

Қылмыстың субъективтік жағы тікелей қасақаналық нысаны арқылы сипатталады. Кінәлі адам өзіне  сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иеленетінін немесе ысырап ететінін сезеді және өз әрекеті арқылы меншік иесіне мүліктік залал келтіргенін күні бұрын біледі және сондай залалдың болуын тілейді. Бұл жерде кінәлі адам пайдакүнемдік ниетті басшылықка ала отырып, заңсыз бөтеннің мүлкі есебінен пайда табу мақсатында көздейді.

Қылмыстың субъектісі болып арнаулы субъект — талан-таражға түскен мүлік өзіне заң, шарт, контракт негізінде немесе қызметтік жағдайына байланысты сеніп тапсырылған мүлікке құзыретті адам танылады.

Сеніп тапсырылған бөтен  мүлікті иеленіп алу немесе ысырап құрамының, ауырлататын (176-баптың 2-тармағы) және аса ауырлататын түрлері (176-баптың 3- тармағы) алаяқтықтың ауырлататын және аса ауырлататын құрамдары белгісімен ұқсас, соларға сай келеді. Сондықтан осы құрамдағы белгілердің мәнін қайталап ашып көрсетудін, қажеті жоқ.

Алаяқтық тақырыбы әрқашан өзекті, ал дағдарыс жағдайында түрлі алаяқтар халықтың абыржығанын пайдаланып, белсенділігін арттыра түседі.

Алаяқтық дегеніміз -  яғни бөтен мүлікті ұрлау немесе бөтен мүлікке құқықты алдау  немесе сенімге қиянат жасау арқылы алу болып табылады.

  Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодекстің 177-бабына сәйкес, алаяқтық - алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен бөтен мүлікті ұрлау немесе бөтен мүлікке құқықты алу (дұрысы осы, ал Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодекстің 177-бабында алаяқтық құрамының диспозициясының қазақша мәтіні қате баяндалған).      

  Нарықтық экономика жағдайына және кәсіпкерлік қызметтің кең өрістеуіне байланысты талан-тараждың ең көп тараған нысаны алаяқтық болып табылады

  Кейінгі жылдары  алаяқтық қылмысы қарқынды өсуде. Бұл нарықтық қатынастардың дамуына байланысты жылжитын және жылжымайтын мүліктер азаматтық айналымға көптеп түсуінің көлеңкелі жағы деп айтуға болады. Азаматтар мүлікке және мүлік құқығына қатысты түрлі операцияларды жасағанда тиісті сақтық пен сауаттылық танытпайды. Нәтижесінде алаяқтардың алдауына түсіп қалады.

   Алаяқтықты: 1) бөтен мүлікті ұрлау; 2) бөтен мүлікке құқықты алу деп екі түрге бөлу алаяқтық затының мазмұнына елеулі түрде ықпал етеді. Егер алаяқтың бірініші түрі орын алған жағдайда оның заты жылжымалы мүлік қана бола алтын болса, ал бөтен мүлік құқығына ие болған жағдайда алаяқтық заты үй, саяжай, кеме сияқты жылжымайтын мүлік болады.

  Алаяқтықтың құрамы - материалдық. Ал алаяқтықтың  аса ауырлататын түрлері де  ұрлықтың аса ауырлататын түрлерімен бірдей, мазмұны да ұқсас.

  Алаяқтық жасаудың  тәсілі ретіндегі алдау өткендегі  және дәл осы кездегі фактілерді  бұрмалаумен көрініп қана қоймайды. Мұндайларға мысалы, жәбірленушіден  машина сатып аламын деген  желеумен немесе жай «қарызға»  ақша алу жатады. Келешекке қатысты алдай отырып алаяақ жәбірленушіге өзінің шынайы пиғылы мен ниеті туралы білдіртпеуге тырысады. Бұл жерде алдау сөзбен де немесе басқа да жолдармен жүзеге асуы мүмкін. Мысалы, Оңтүстік Қазақстан облысында еш жерде жұмыс істемейтін М. Деген әйел «Байқоңыр» сауда үйіне қатысты ғимаратқа жалған құжат жасап «Эксим-Банктен» заңсыз 100 миллион теңге несие алған.

 Алаяқтықтың кең  тараған түрі сатуға немесе  айырбастауға ұсынатын заттары  мен мүліктерінің сыртқы түрін,  қасиетін, сапасын және басқа да сипаттарын алдамшы күйге келтіру жолымен алдау деп санауға болады. Әрі бұл жерде кінәлінің жалған құжаттарды пайдалануы ҚР ҚК –бабымен қарастырылған алаяқтықты қамтиды. Мысалы, тамыр дәрі қоспасының орнына түсі өзгертіліп бояғыш зат қосқан жәй ғана су сатады, ақшаның орнына аз көлемдегі немесе басқа тауар бере салады. Кейде алдау алаяқтың өзін лауазымды адам ретінде таныстырып көрсетумен, яғни жәібірленушінің пайдасы үшін белгілі бір жақсылық қызмет: оқуға түсіру, жоғары қызметке орналастыру қолынан келетін адам ретінде көрсетумен тынады.

  Сөйтіп, кез келген  алдау, егер ол жәбірленушіні  амалсыздан басқа бір адамға  мүлкін немесе сол мүлікке  деген құқығын беруге келісімі  мен тілегін қоздыратындай болса,  алаяқтық болып саналады.

     Алаяқтықтың енді бір түрін заң сенімге қиянат жасау деп атайды, мұнда кінәлі адам басқа бір адамның яғни меншік иесінің мүлкі мен мүлікке деген құқығын иеленіп алу үшін оның сеніміне кіреді немесе сенімге кіріп алып жәбірленушіні алдайды немесе шатастырады. Алаяқ адам мен жәбірленушінің сенімдік қатынастардың негізінде тек қана құқықтық негіздемелер  ғана емес, жеке таныстық,туысқандарының таныстыруы, нақты бір жағдайда пайда болған сияқты сенім тудыратын өзге де жағдайлар алынады.

  Қолданыстағы қылмыстық  заң алаяқтық ұғымын анықтай келе осы қарастырып отырған қылмыстық қоғамдық қауіптілігін неғұрлым жоғары екендігін айғақтайтын бірқатар мән-жайларды қарастырады. Бұл мән- жайларды заң шығарушы алаяқтық белгілірін саралаушы ретінде ескереді. Алаяқтық үшін саралаушы және ерекше саралаушы белгілердің тізіміне сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу мен ысырап етуге сияқты: адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша; бірнеше рет; қызмет бабын пайдаланып жасалған алаяқтық; ұйымдасқан топ; ірі мөлшерде; ұрлық немесе қорқытып алушылығы үшін бұрын екі немесе одан да көп рет сотталған адам жасаған алаяқтық енеді.

  «Адамның өзінің  қызмет бабын пайдалану» белгісіне  қатысты ҚР Жоғары Сотының  2003 жылғы 11–шілдедегі «Ұрлау  туралы істер бойынша сот тәжірибесі  туралы» нормативтік қаулысының 20–тармағында, лауазымды адамның не коммерциалық немесе өзге де ұйымдарда басқару қызметін атқаратын адамның шын мәнінде қызметтік өкілеттігін немесе қызмет бабын пайдалану мүмкіндігі болмаған жағдайдағы ақша, құнды қағаз және басқа да материалдық құндылықтары алуан аталған құндылықтарды иеленіп кету ниеті болған жағдайда алаяқтық ретінде саралаған жөн болады, деп көрсетіледі.

   Егер адам ақша  немесе өзге де құндылықтарды  басқару қызметін атқаратын адамға  немесе лауазымды адамға пара  немесе коммерциалық сатып алу ретінде беру үшін алып, бірақ олай етпей алғандарын өзі пайдаланып кетсе бұл алаяқтық ретінде саралануы тиіс. Бұл жерде, кінәлінің әрекеті басқа бір адамның пара беру ниетін тудыратын болса, онда ол әрекетті пара беруге арандатушылық деп қосымша саралауға болады.

Әлемде алаяқтық ең көп  таралған қылмыстардың  бір түрі болып саналады. Қазіргі кезде  көптеген шетел мемлекеттерінде  Қылмыстық Кодекстерінде меншікке қарсы қылмыстардың ішінде ең көп  таралған қылмысттарының ішіне жатқызылады. Мысалы, француз қылмысттық кодексінде алаяқтық былай ажыратылады: «Егер кімде-кім жалған есім немесе алдау арқылы жалған ұйым ашу, жалған несие беру арқылы өзіне пайда келтіру, бөтен біреуге сенімге қиянат жасау арқылы бағалы немесе өзіне ақша түсіру, бөтен біреудің  жылжитын немесе жылжымайтын мүлкін  жалған әрекет арқылы барлық мүлкін немесе мүлкінің бір бөлігін иеленіп алу» жатқызылады.

Францияның Қылмыстық  кодексіне сәйкес алаяқтық классификациясына мыналар жатады:

  1. Мемлекеттік қызметкер немесе мемлекеттік аппараттың тапсырмасын орындаушы тұлға;
  2. Заңсыз мемлекетті білдіруші тұлға немесе мемлекеттік аппараттың тапсырмасын білдіруші тұлға;
  3. Гуманитарлық көмек және әлеуметтік көмек көрсету үшін халықтан бағалы қағаздар немесе қаржы жинайтын тұлға;

Францияның Қылмысттық кодексіндегі бабтардың көбісі төмен диспозициялы болып келеді, сонымен қатар казустық нормалар да кездеседі.

Ал Германия Федеративтік Республикасының Қылмысттық кодексінде алаяқтық былай деп ажыратылады: «Алдау немесе сенімге қиянат жасау арқылы бөтен біреуге зиян келтіру» болып табылады. Алаяқтық қылмысының негізгі құрамымен байланысты мынандай түрлері жатады:

  1. Компьютерлік алаяқтық;
  2. Субсидия алу үшін жасалынған алаяқтық;
  3. Капиталды салу арқылы жасалынған алаяқтық;
  4. Алдау арқылы өзіне пайда табу;
  5. Несие алу арқылы жасалынған алаяқтық;

Сонымен қоса, алаяқтық қылмысының құрамына алдау арқылы өзіне пайда  табу жатқызылады.

Германия Федеративтік Республикасының Қылмысттық кодексіндегі «Алаяқтық және қылмыстық зиян келтіру» бөлімінде алаяқтық қылмысының екі құрамы берілген:

  1. Қасақана ниетпен жалақыны жасыру;
  2. Кредиттік карталар мен чектерге зиян келтіру;

Америка Құрама Штаттарының  Қылмыстық кодекстерінде алаяқтықты ұрлықтың бір түрі ретінде қарастырады. Бұл елде қылмыстардың көбі сенімге  қиянат жасау арқылы жасалады. Б. В. Воложенкинаның пікірінше, мұндай тәсілмен жасалған қылмыстар көбінесе жеке және мемлекеттік меншіктерге қарсы бағытталады. Сонымен қатар, АҚШ-та көп таралған қылмыстардың ішінде жалған құжаттарды жасау болып саналады. Оларға: жалған құжаттарды жасау, жалған ақша төлеудің чектерін шығару, жалған кредиттік карталады шығару және олармен пайдалану жатады.

АҚШ-тың  Қылмыстық кодексіндегі «Алаяқтық  және алаяқтық әрекет»  1341 бабына сәйкес алаяқтық туралы былай делінген: «Бөтеннің мүлкін ұрлау немесе бөтеннің ақшасын алу мақсатында алаяқтықты жасаған немесе алаяқтықты жасауға ниет білдірген тұлға, мұндай тұлға айыппұл немесе абақтыға ұстау жазасымен жазаланады».

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. 2 Алаяқтық қылмысының объектісі, заты және объективтік жағы

 

Заңдық әдебиеттерде қылмыс құрамының жалпыға танылған, міндетті төрт элементі көрсетілген: объект, объективтік жағы, субъект, субъективтік жағы. Қылмыс құрамының элементтері  бір-бірімен тығыз байланысты. Егер бұл элементтерінің біреуі жоқ болса, онда қылмыс құрамынын жоқ болғаны, яғни қылмыстық жауапкершілікке негіз жоқ.

Бәрімізге мәлім, кез  келген қылмыстың  негізгі объектісі  қоғамдық қатынастар болып табылады. Объект құрамының міндетті элементтерінің бірі болып табылады. Сондықтан объектіміз заңмен қарастырылған қылмыс ретінде қоғамдық қауіпті әрекет белгілі бір объектіге қол сұғады. Қылмыстық қол сұғу кезінде осы объектіге мәнді зиян-залал келтіреді. Объектіні дұрыс анықтау қылмыстық әрекеттің әлеуметтік және құқытық табиғатын, жасалған қылмыс үшін қылмыстық жауапкершіліктің шегі мен үлгілерін түсінуге көмектеседі.

Қылмыс объектінің астарынан түсінетініміз  – қылмыс арқылы зиян келтірілген  заңмен қорғалатын игілік, әлеуметтік құндылық[4]. Бұндай игілік ретінде отандық  қылмыстық құқық ғылым қылмыс заңымен қорғалатын қоғамдық қатынастарды таниды.

Адамның мінез – құқының сыртқы жағын сипаттаушы белгілердің жиынтығы қылмыстың объективтік жағын  құрайды. Бұл белгілерге тұлғаның қоғамдық қауіпті әрекеті (активті мінез-құлық) не әрекетсіздік (пассивті  мінез-құлық). Мысалы: ұрлық – біреудің мүлкін жасырын ұрлау, қызметі бойынша әрекетсіздік. Кей жағдайларда қылмыс құрамының объективті жағына әрекет не әрекетсіздіктен басқа қылмыстық салдарды, себепті байланысты да жатқызады. Мысалы: ұрлықтың құрамы, осы әрекет арқылы меншік иесіне зиян келуі. Бұдан басқа объективті жоқ қылмысты жасау жағдайы, орны, уақыт, тәсілі, қаруы және құрал-жабдықтары жатады.

Қоғамдық қатынастардың ерекше сипаты, онда әлеуметтік жол ретінде  адамның танылуы. Қоғамдық қатынастардың  өзі сипаты бойынша да, құрылымы бойынша да өте күрделі құбылыс болып табылады. Бірақ қоғамдық қатынастардың басты элементтері болып: қоғам, мемлекет және олардың бекітулері, құрылулар және олардың өкілдері, адамдардың бірлестіктері мен ұжымдары, жеке бөлек тұлғалар, материалдық әлемнің пәндерімен әртүрлі үлгіде көрінетін қоғамдық қатынастардың арасындағы байланыстар табылады.

Қылмыс объектісі болып әртүрлі  қоғамдық және мемлекеттік құрылыстарда, адамдардың өндірістік, қоғамдық, ішкі және өмірлік процесінде құрылатын қоғамдық қатынастар табылады.

Қылмыс объектісінің жалпы түсінігінің  сипаты қылмыс объектісінің жіктеу мәселесіне келіп тіреледі, яғни қылмыс объектісінің түрлеріне тоқталайық.

Қылмыстық құқық теориясындағы  қылмыс объектісін үш түріге жіктеген: жалпы, топтық және тікелей.

Жалпы объектіге қылмыстық заңмен қорғалатын барлық қоғамдық қатынастар жиынтығы жатады. Қылмыстың жалпы  объектісі қылмыстың әлеуметтік мазмұнын және оның қоғамғажәне мемлекетке деген қоғамдық қауіптілігін сипаттайды.

Топтық объект бұл бір немесе барлық қылмысқа емес, тек қылмыстар тобына тән объект. Топтық объект қылмыстар тобы қол сұғатын біртекті қоғамдық қатынастар. Мысалы, топтық объектіге мыналар жатады: ұрлық, тонау, қарақшылық, яғни меншікке қарсы қылмыстар; тұлғаның өміріне, денсаулығына бостандығына, ар-намысы мен абыройына қарсы қылмыстар, яғни жеке тұлғаға қарсы қымыстар тобы болып табылады. Бұл топтық объект қылмыстық құқықтың ерекше бөлімінің тарауларында орын алған.

Тікелей объект бұл бөлек бір  қылмыстың нақты қоғамдық қатынасқа бағытталуы. Тікелей объект қылмысты саралап, жазасын анықтағанда, бір қылмыстан екінші қылмысты ажыратқанда үлкен маңызға ие.

Қылмыстық құқық теориясында объектісінің негізгі, толықтырушы және факультативті  деп үшке бөледі.

Негізгі объектісі – бұл қылмыстық норманың қорғау үшін қалыптыстырылған объектісі. Бұндай объект қылмыстық кодексінің ерекше бөлімдегі норманың орнын анықтау үшін қажетті критерий болып табылады.

Толықтырушы объект – бұл негізгі  объектіге қарсы бағытталған  қылмысты жасау жолында залалға ұшыраған объект. Мысалы, толықтырушы объект – нақты тұлғаның денсаулығы.

Қылмыстың факультативті объектісі  – бұл бір қылмыс мүмкін қатынастар. Мысалы, бұзақылық негізінде тұлғаның мүддесіне зиян келеді. Бірақ негізгі  объект қоғамдық тәртіп болып табылады.

Қылмыстың объектісін белгілеу қылмыстың  құрамының бір-бірімен ұқсастығын ажыратуға, қылмыстық әрекеттің  қылмыстық емес әрекеттерден ажыратуға  мүмкіндік береді. Сонымен қатар  қылмыс объектісінің белгісі бойынша  заң шығарушы қылмыстық-құқықтық нормаларды жүйелендіреді және кодификацияландырады.

Көптеген теоретик ғалымдардың  ойылары бойынша қылмыс объектісі болып қоғамдық қатынастар шығады. Қоғамдық қатынастар – жалпы қатынастардың жан-жақты, күрделі түрлерінің бірі. Қатынастар әдістемеде «барлық құбылыстардың қатынасқа түсу кезеңі», — деп түсіндіріледі[6]. Ал алаяқтық қылмысының негізгі объектісі меншік қатынастары болып саналады. Меншік қатынастарына: біріншіден, қоғамдағы адамдардың бір-бірімен қатынасы,  екіншіден, шығарылатын өнімді пайдалану, айырбастау және т.б. өзге де материалдық қатынастар жатады. Сонымен қатар, бұл қатынастар жеке меншік негізін құрап, заңмен реттелінеді.

Қазақстанда ұрлық арқылы жасалынған алаяқтықтың негізі объектісі –  бұл жеке меншік қатынастары болса, ал алаяқтық қылмысының заты – меншік болып саналады. Алаяқтық қылмысының заты материалдық зат болуы тиіс, яғни  материалдық әлемнің негізін заттық белгілер құрайды.

Қылмыстың заты – негізгі  объектінің бір бөлшегі болып  есептелінеді. Көбінесе алаяқты материалдық  әлем қызықтырады.

 

Қылмыстың объектісі – адамның  әрекеті неге бағытталынатынын көрсетіп, материалдық және материалдық емес құндылықтарға бағытталған әрекеттер  жатады.

Қылмыс объектісі болып әртүрлі  қоғамдық және мемлекеттік құрылыстарда, адамдардың өндірістік, қоғамдық, ішкі және өмірлік процесінде құрылатын қоғамдық қатынастар табылады.

Қылмыс объектісінің жалпы түсінігінің  сипаты қылмыс объектісінің жіктеу мәселесіне келіп тіреледі, яғни қылмыс объектісінің түрлеріне тоқталайық.

  Қылмыстың объектісі мен  затын дұрыс анықтау – кінәлі әрекеттерінің орындалуы үшін, оның қоғамдық қауіптілік дәрежесін анықтау және жасалғанның дұрыс саралануы үшін қажет. Қылмыстық құқық теориясында, объект ретінде әдетте қылмыстық заңнамамен қорғалатын қоғамдық қатынастар жиынтығы түсініледі.

Алаяқтықтың объектісі ретінде, қолданыстағы заңнамаға сүйенсек, меншік қатынастары болады.

Әдебиетте меншік 3 нысанда қарастырылады: меншік – экономикалық категория  ретінде, меншік – құқықтық категория  ретінде және меншік – меншік құқығы ретінде. Экономикалық әдебиеттерде қабылданған көзқарас бойынша, меншікке материалдық игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну қатынастары кіреді. Демек, бұл қылмыстың тектік объектісі, құқық нормаларының жүйесімен реттеліп бекітілген, жеке тұтынуға арналған материалдық игіліктерді өндіру, бөлу және айырбастау бойынша қоғамдық қатынастар. Міне, осындай меншік қатынастарына қол сұға отырып, кінәлі оларға кіретін қоғамдық қатынастарының әр тобына залал келтіреді.

Өмірлік күнделікті жағдайларда қылмыс объектісін анықтау қиынға соғуы мүмкін. Мысалы, азамат мемлекеттік ұйымға мүлікті сақтауға берген кезде, мүлік азаматтың жеке меншігінде қалады. Дегенмен де, осы мүлік талан-тараждалса, бұл мемлекеттік меншікке қол сұғушылық деп саралану керек. Себебі, ұйым оған сақтауға берген мүлік үшін материалық жауапкершілікті көтереді.

Қылмыс объектісін зерттей келе, біз, тікелей объект түсінігіне тап  боламыз. Бұл түсінік бойынша  ортақ пікір жоқ. Мысалы, В.А.Владимиров ойынша тікелей объект бір уақытта  объект болады.

Өзге авторлар ойынша, біз қарастырып отырған қылмыстардың тікелей объектісі – мемлекеттік меншік, үшіншілері – қоғамдық меншік дейді. Жалпы, 1926 ж. мен 1995 жылдар аралығындағы қылмыстық құқық оқулықтарында, “қылмыстың тікелей объектісі – жеке бір қылмыс қол сұғатын нақты бір қоғамдық қатынас” түсіндірмесі классикалық болып саналған.

Менің ойымша, тікелей объектіні  түсіндіруде И.И.Рогов пен М.А.Сарсембаевтың  көзқарастары дұрыс. Олардың ойынша, қылмыс объектісін топтастыруда “мүдде”  түсінігін қолдану керек. Мүдде  де қоғамдық қатынас, бірақ ол қоғамдық қатынастың нақтырақ көрінісі. Субъектілердің және олардың мүдделерінің қатысуынсыз қоғамдық қатынас болмайды. Сонымен қатар әр мүддеде өз объектісі болады. Ол материалдық немесе идеалдық ігілік. Осы мүдде арқылы топтастыру жүргізіп, мысал келтірейік. Тұлға біреудің мүлкін талан-тараждағанда, біріншіден сол меншік иесінің мүддесіне нұқсан келтіреді, ол арқылы ол мемлекеттің маңызды әлеуметтік құндылығына нұқсан келтіреді, ол арқылы ол мемлекеттің экономикалық негізіне нұқсан келтіреді.

Ал тікелей объектіге келер  болсақ, оны анықтағанда жеке белгілерге сүйену керек (кімнің және қандай мүддесі  бұзылды). Мысалы, алдау арқылы біреудің пальтосы талан-тараждалса, бұл жерде  тікелей объект ретінде жеке меншік емес, белгілі бір субъект –  Омарбеков Талғаттың өз 48 размерлі қара түсті пальтосына деген құқық болады.

Қылмыстық құқықтағы қылмыс заты ретінде  – қоғамдық қатынас белгіленетін материалдық объект танылады. Қылмыс затының болуы, яғни белгілі бір  мүліктің болуы – алаяқтықтың  міндетті белгісі болып табылады.

ҚР ҚК 177-бабы 1-бөлігінің диспозициясына көз жүгіртсек, алаяқтық бұл:

а) алдау немесе сенімге қиянат жасау арқылы бөтен мүлікті ұрлау (талан-тараждау)  немесе,

ә) алдау немесе сенімге қиянат жасау арқылы бөтен мүлікке құқықты  алу.

Өзге талан-тараж нысандарынан алаяқтықтың тағы да бір айырмашылығы – бұл қылмыс заты ретінде тек мүлік қана емес, сонымен қатар мүлікке құқық та болуында. Мүлікке құқық ретінде меншік құқығы өзінің толық көлемінде түсініледі. Демек, кінәлі мүлікке құқық алғанда, мүліктің өзін де иемденеді. Мысалы, алаяқ алдау нәтижесінде ірі жеңіс түскен лотореялық билетті иемденеді. Байқайтын болсақ, мүлікке құқық алу сәті мүліктің өзін алудан бұрын немесе бір уақытта пайда болады.

Мүлік, алаяқтықтың заты ретінде, белгілі  бір белгілерге ие болу керек. Ең алдымен, оның құны болу керек. Ол, әдетте, баға арқылы белгіленеді. Ал бұл белгі тек заттарға ғана тән емес, сонымен бірге ақпараттық түрлі нысандарына тән. Мысалы, компьютерде сақталатын ақпарат.

Сонымен қатар, талан-тараждың заты ретінде әр түрлі мүліктік сипаттағы  игіліктерді алуға болмайды: қоғамдық көлікте тегін жүру немесе қол  жүгін өткізу т.б.

Мүлік дегеніміз –  бұл зат. Оны жасауға еңбек  жұмсалып, нәтижесінде оның құны пайда  болады, қажеттіліктерді қанағаттандыру қабілеті пайда болды. Бірақ мүлікті жасауға еңбек міндетті түрде жұмсалу керек тезисі күннен күнге күмәнді туғызады. Мысалға, жер учаскесін алайық. Олар сату-сатып алу, кепіл, айырбас, сыйға тартудың пәні болады. Демек, қылмыстық қол сұғушылықтың да заты болуы ықтимал. Әсіресе алаяқтықта. Қалай десек те, тауарлы-материалдық құндылықтар және ақша алаяқтықтың заты ретінде болатынына күмән жоқ.

Алаяқтық құрамы үшін қылмыстық жауаптылық