АҚШ-тың қазіргі саясаттағы рөлі
АҚШ-тың қазіргі саясаттағы ролі (соңғы 10 жыл)
МАЗМҰНЫ
Кіріспе.......................
I-ТАРАУ
Қазақстан-АҚШ
қарым-қатынастарының дамуы.........................
II -ТАРАУ
АҚШ-тың Ауғаныстан
және Иракпен соғыстары.............
III -ТАРАУ
АҚШ-тың сыртқы
саясаттағы Таяу Шығыс мәселесі................
Қорытынды.....................
Пайдаланған
әдебиеттер тізімі........................
КІРІСПЕ
Диплом жұмысының маңыздылғы мен өзектілігі. XXI ғасырда дүниежүзілік идеологиялық саясаттың өзгеруі, Орталық Азияда бірнеше тәуелсіз мемлекеттердің пайда болуына өз серпінін тигізді. Бұл мемлекеттердің арасында егеменді Қазақстан Республикасы да туын тігіп, өз даму стратегиясын белгіледі. Бір жағынан Қазақстан Батыс елдерімен дипломатиялық, саяси-экономикалық байланыстарын нақты қадамдарымен реттесе, екінші жағынан АҚШ пен де халықаралық ынтымақтастық жолында түрлі келісімдерге қол қойды. Қазақстан Республикасы бүгінгі таңда халықаралық деңгейде ынтымақтастықты дамытуда жалпы ұстанымдардың ерекшелігін мұқият есепке алу қажеттілігін есте сақтайды.
«Қырғи-қабақ соғыс» аяқталғаннан кейін АҚШ супердержава еліне айналғаны сөзсіз. Сондықтанда АҚШ өз ұстанымдарын күшейттіріп, Таяу Шығыста, Орталық Азияда және басқада шығыс елдерінде саяси үстемдігін орнату мақсатында түрлі тәсілдерін қолдануда. Бұл саяси ағымда АҚШ пен жан- жақты қатынастарды дамыту, сыртқы саясатты маңызды орын алады. Ал Қазақстан үшін жаһандану процессінде ұлттық мүдделерін қорғай отырып, әлемдік қоғамдастықта халықаралық орынды нығайту және ұлттық мүдделерін ілгерлету аса маңызды болып келеді.
Қазіргі таңда АҚШ әлемдік процесстерге өз ықпалын тигізуде қуатты әскери-саяси ресустары және экономикалық деңгейі аса зор дамыған ел. Ол бір жағынан ғаламдық процесстердің дамуына шешуші ықпал етсе, екінші жағынан әлемде стратегиялық тұрақтылықтың жай-күйін анықтап беретін мемлекет. Сондай-ақ түрлі халықаралық ұйымдар туы астында әрекет ете отырып, әлемнің көптеген аймақтарында өз мүдделерін арттыра отырып жанжалдарды реттеуге де қатысады.
АҚШ соңғы онжылдықта сыртқы саясатта көптеген жетістіктерге қол жеткізді. 90-шы жылдардың басында Дж. Буш әкімшілігі «жаңа әлемдік реттеулер» ұстанымын қуаттандырып, Кувейтке соғыс ашқан Иракқа қарсы Батыс елдер коалициясын құрып, жеңіске қол жеткізді. 1998 жылдары Үндістан мен Пәкістанның ядролық қаруды сынақтан өткізуі, сол жылдары Иран және Солтүстік Кореяның орта ұзақтықтағы ракеталарды сынақтан өткізуі Билл Клинтон үкіметін толғандырды. Алайда бұл саяси әрекеттер АҚШ-тың әскери шығындарының артуына және әскери саласын қайта құруға итермеледі. Бұл ағым АҚШ-тың әскери қуатының екі есеге өсуіне әсеретті[1].
2000 жылғы сайлау
АҚШ елінде драмматикалық
Диплом жұмысының мақсаттары мен міндеттері. 1990-2005 жылдар аралығында АҚШ ішкі саяси-экономикалық және сыртқы саяси байланыстарда көптеген жетістіктерге қол жеткізді. Бүгінгі таңда АҚШ әлемде ең ірі өнім көрсеткішіне ие. Ол дүниежүзілік өнімнің 27% өндіреді, 18% сыртқы сауданы қамтамасыз етіп, 40-60% әлемдік қаржы пайдасын бақылайды [2].
Ал Ю.М. Мельниковтың еңбегінде Брукинг институтының қызметкерлері Б. Бләхман және С. Каплэннің АҚШ-тың сыртқы саясатына байланысты статистикалық есептеулер бойынша 1946 жылдың 1 қаңтарында 1975 жылдың 31 желтоқсанға дейінгі кезеңде АҚШ дүниежүзілік аренада өз мақсаттарына жету үшін 215 рет әскери күшті пайдалануға, күш көрсетуге немесе онымен қоқан-лоққы жасауға барған [3]. Бұл көрсеткіштерді ой елегінен өткізіп, дипломдық жұмыста төмендегі міндеттер мен мақсаттар қойылды:
-АҚШ-тың ішкі және әскери даму процесстерін зерттеп, жетістіктерінің ғаламдық стратегиялық саясатқа әсерін көрсету;
-Қазақстак мен АҚШ арасындағы саяси-дипломатиялық байланыстарының қалыптасуына көңіл аудара отырып, оның Орталық Азиядағы негізгі стратегиялық мақсаттарын анықтау;
-Каспий шельфінің
маңызын ашып, ондағы АҚШ-тың негізгі стратег
-АҚШ-тың Ауғаныстан және Ирак елдеріне соғыс ашу себептерін сараптай отырып, аталмыш елдердегі даму деңгейіне көз тігу;
-Таяу Шығыстағы
кіші Буштың амбициялық-
-Соңғы Ирак-АҚШ соғысы барысында Қазақстанның орнын анықтап, зардап шеккен ирактықтарға Қазақстанның; арнайы әскери бригадасының көрсеткен көмегін ашу;
-Таяу Шығыстағы АҚШ-тың басты ұстанымдары мен жүргізген саясатына баға беру;
Днплом жұмысының зерттелу деңгейі. Қазіргі таңда зерттеліп отырған дипломдық жұмыс тақырыбын аз зерттелген тақырыптар қатарына жатқызуға болады. Зерттеу барысында Университетінің кітапханасының кітап қоры, Шымкент қаласының орталық кітапхананың материалдары, интернет жүйесіне енгізілген саясаттанушылардың мақалалар қоры және газеттер мен журналдар материалдары айналымға тартылды.
Проблемаға байланысты АҚШ-тың халықаралық деңгейде алатын орнына және оның Таяу Шығыста жүргізген саясатына байланысты М. Арахтың, И.В. Бергенің, С.М. Самуйловтың, В.В. Соргиннің,А.И. Уткиннің, А. Шальневтің т.б. зерттеушілер құнды зерттеулер жүргізген. Бұл зертттеулер арасында А.И. Уткиннің еңбегі АҚШ саясатынан аса маңызды бағыттарын көрсетеді [4]. Оның пайымдануынша АҚШ-тың Таяу Шығыстағы амбициялық-статегиялық мақсаттарын екі кезеңге бөлуге болады. Бірінші кезеңде АҚШ екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Палестина проблемасының туындауына ықпал етсе, екінші кезеңде, яғни «Қырғи-қабақ соғысы» аяқталған соң Израилді өзінің басты стратегиялық одақтасы ретінде жан-жақты пайдалануда.
А.И.Уткиннің пікірін А.Шальнев қолдап, Билл Клинтон кезеңінде АҚШ-тың ішкі саяси-экономикалық дамуына және сыртқы саясатына баса назар аударады [5]. А.Шальнев Билл Клинтон әкімшілігінің статегиялық мақсаттарын мына сөздермен айқындайды: «АҚШ Клинтон кезеңінде әлемдік көшбасшылық дәрежесін сақтау үшін экономикалық потенциалына, әскери қуатының модернизациялауына, телевидение, инетрент, кино және мәдени-информациялық байланысына сенім арттырған-ды» [6] шын мәнінде АҚШ-тың бүгінгі таңда аталмыш қуатқа ие болуы, оның сыртқы саяси байланысын қуаттандыра түсетіні сөзсіз. Бұл жөнінде, әсіресе Дж. Буштардың билігі кезеңінде В.В. Соргин көңіл аударуда [7]. Ол құнды деректерге сүйене отырып, «екі Буш» арасындағы АҚШ-тың сыртқы саясатының басты бағыттарын сипаттауда.
АҚШ-тың Ауғаныстан және Ирак мәселелеріне байланысты интернет және саяси басылымдарда құнды материалдар кездесуде. «Время новостей» газетінде шыққан мақалада АҚШ-тың Ауғаныстан елінде жүргізген агрессиялық саясатына сың көзбен сипаттама берілген. Автор бұл мақалада Ауғаныстан үшін әзірленген Ата заңға да көңіл аударып, бұл жаңалықтың қираған ел ішіндегі мемлекеттік құрылымның позитивті жаққа өзгерте тұсетініне сенім арттыруда. Автор конституция қабылданған соң елдегі экономикалық жандану процесстерін де зерттеген көрінеді. Себебі соғыс аяқталған соң жер аударғандар қайта еліне орала бастанын ашып жазған және оның статистикалық зерттеулерін жүргізген [8].
К.Сыроежкин АҚШ-Ирак соғысын «Странная война» деп атап, АҚШ-тың Ирактағы соғыстың аяқталмағанын, керісінше түскенін жазған. Ол бұл жөнінде мына пікірлерді ашық көрсеткен: «Тарих қайталанып жатыр. Кезінде конкордистер үндістер арасында христиан дінін таратса, қазір демократияны пайдаларын ойластыруда» [9]. Қазіргі таңда Ирактағы аяқталмаған ішкі саяси тартыс бұл пікірді растай тұсетініне күмән жоқ. Себебі телеарнада көрсетілген соңғы бейне материалдар АҚШ әскерлерінін бейбіт өмір сүрген жергілікті халыққа қарсы жасаған әрекеттер адамгершілік қасиетке жатпайтынын барлығы растайды.
Таяу Шығыс мәселелеріне байланысты «The Washington Profile» агенттігінің материалдары көптеген журналистикалық зерттеулерді жүргізген. «США и Ближный Восток. Тридцать лет мироворчества» атты агенттік материалдарында АҚШ-тың Линдон Джонсон басқару кезеңіндегі проблеманы шешуде бірнеше принциптер әзірлегенін жазған. Бұл принциптерді төрт негізге бөлуге болады;
-Арабтар ресми түрде Израильді мемлекет ретінде мойындамағанша, Израиль жаулап алған жерлерді қайтармайды;
-1967 жылға дейін оккупациялық жерлердегі Израиль ауылдары заңды болып есептеледі. Ал 1981 жылдан соң құрылған ауылдар заңсыз болып есептеледі. /Рональд Рейган кезеңіндегі бұл принцип азда болса бәсеңдеді/;
-Тәуелсіз Палестина мемлекетінің құрылуына жол бермеу. 2000 жылғы БҰҰ-ның стастикалық мәліметтеріне қарағанда палестиндік жер аударғандар саны 3,7 млн. болды.
-Израилге
әскери және технологиялық көме
АҚШ үшін аса маңызды бұл принциптер күні бүгінге дейін өз мәнін жойған жоқ. Таяу Шығыс проблемасында АҚШ ашық түрде Израильді қолдағанын көрсетеді. News Info журналистикалық зерттеулерде Таяу Шығыс мәселелерін бәсеңдету үшін АҚШ-тың Мемлекеттік Хатшысы Кондолиза Райстың Рим қаласында талқыға салғанын жазған. Бұл мәліметтер АҚШ-тың Таяу Шғыста көздеген негізгі мақсаттарын белгілеуге көмектеседі. АҚШ-Израиль байланыстары жөніндегі бүгінгі таңда А.Лазерев көптеген зерттеулер жүргізген. Ол екі ел арасындағы дипломатиялық және әскери-саяси байланыстарының терең тарихына үңіліп, талдау жасаған [11].
Ауғаныстандағы проблемаға байланысты, оның туындау себептері мен барысын Е.Пастухов, С.Акимбеков, Б,Абдулин зерттеу жұмыстарын жүргізген. С. Акимбековтың «Вечный Афганский вопрос» атты мақаласында Ауғаныстандағы діни ұймдарының туындау себептері мен елдің артта қалған әлеуметтік-экономикалық жағдайы жөнінде құнды материалдар келтірген [12]. Е.Пастухов «Суровые будни святой земли» атты мақаласында Ясер Арафаттың қайтыс болғаннан кейін Таяу Шығыс пен Ауғаныстандағы даму стратегиясы жөнінде және елдің әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы не болмақ деген сұрақтарға жауап іздестіруде [13].
АҚШ-тың Қазақстан
Республикасымен байланыстарыны
АҚШ-Қазақстан байланыстары жөнінде; «Евразийское сообщество» журналында көптеген мақалалар жарияланған. Л.Иватова, Н.С.Нуралиев, Д.Намазбаев, Д.Дәдебаев, Д.Досанов, К.Қөшім-Ноғай ізденушілер мен аспиранттар құнды зерттеулерін жүргізген. Бұл зерттеулер түрлі салаларды қамтиды. Мысалыға айтар болсақ Л.Иватовнаың зерттеулері Қазақстан мен АҚШ арасындағы халықаралық қауіпсіздік және ядролық қару-жарақтың таралуына шек қою мәселесіне басым көңіл бөлінген [15]. Л.Иватова екі ел арасындағы оқу-ағарту саласындағы байланыстар жөнінде де зерттеулер жүргізген. Автор екі ел арасындағы оқу-ағарту саласы бойынша жасалған келісім құжаттарға негізделе отырып, АҚШ-тың әсіресе мұнай секторына қажет мамандарды даярлауда ат салысқаны жөнінде жазған. Оның пайымдауынша Қазақстандағы Болашақ бағдарламасын кеңейтіп, тек магистр және докторант емес сонымен қатар түрлі салалар бойынша мамандарды дайындау қажет.
АҚШ-тың оқу-ағарту
бағдарламаларының
Мұнай секторына байланысты екі ел арасында келісімдер жасалған болатын. Мұнайға байланысты зерттеу жұмыстарын жүргізген саясаттанушы Д.Намазбаев құнды деректерге негізделе отырып, АҚШ-тың Кавказбен Орталық Азиядағы айындары жөнінде жазған. Қазіргі таңда Каспий аймағы тек АҚШ-ты ғана емес сонымен қатар Қытай мен Ресейдің қызушылығын арттыруда. Сондықтанда бұл мәселе АҚШ-тың геосоаяси мақсаттарымен тікелей байланысты. Ақш Атырау мен Ақтау аймақтарында өз позицияларын мығымдастыру мақсатында мұнай секторына капитал енгізіп, ірі компаниялардың құрылуына серпінін тигізуде. Д.Намазбаев осы мәселелерге байланысты құнды материалдарды оқырмандарға ұсынуда [16].
АҚШ пен қатар
ірі державалардың Қазақстандағ
Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспе, үш бөлімнен, қорытындыдан және және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Кіріспе бөлімінде жалпы АҚШ-тың стратегиялық мақсаттары көрсетіліп, тақырыптың маңыздылығы мен өзектілігіне көңіл бөлінді. Сондай-ак бүгінгі зерттеушілердің еңбектері ғылыми айналымға тартылып, тарихнамалық шолу жасалды.
Жұмыстың негізгі бөлімінде біріншіден АҚШ-тың Қазақстанмен байланыстарына көңіл бөлінсе, екіншіден супердержаваның Ауғаныстан және Ирактағы стратегиялық саясатына назар аудырылды. Сонымен қатар АҚШ-тың Таяу Шығыстағы негізгі ұстанымдары зерттеледі. АҚШ-Қазақстан арасындағы байланыстардың алғышарттары мен ағымына көңіл бөлінді. Дипломдық жұмыста АҚШ-тың Қазақстандағы мұнай қызығушылығынан тыс, оның оку-ағарту саласындағы үлесі де зерттеледі.
Дүниежүзілік идеологиялық саясаттың өзгеруіне байланысты АҚШ-тың Ауғаныстан, Ирак және Таяу Шығыс ұстанымы да өзгерді. Сондықтанда бұл тақырыптың аукымы тек Қазақстан меи шектелмей АҚШ-тың Орта Шығыспен Таяу Шығыстағы геосаясаты да қолға алынды.
I ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН-АҚШ
ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ
ДАМУЫ
Орталық Азия аймағы XX ғасырдың басында ақ Ресей және Британдык, империялардың бәсеке орталығына айналған болатын. Бұл бәсеке екі ел арасында 1907жылы ағылшын - ресей келісмімен аяқталған. Империялар ыкпалдастық аймақтарды бөліске салып, шекараларын белгіледі. Ресей империясы Орталық Азияда орналасса, Ұлыбритания Үндістанда әкімшілік басқару жүйесін құрған еді.
Ауғаныстан екі империяны бөліп отырган буферлік мемлекетке айналды. Орталық азияның маңызды стратегиялмқ орталықта орналасқаны жөнінде XX ғасырдың басында геосаясат мәселелері бойынша маман Хэффорд Маккиндер континентальды орталык теорияны жасай отырып, атап өткен. 1919 жылы ол былай деген: «Кімде кім Еуропаның шығыс аймағында ықпалын арттырса, ол континенттің орталығына әсер етеді, ал континентальды орталыққа иеленгендер Әлемдік аралдары бағындары /Еуразия мен Африка/. Әлемдік аралдары иелеиген мемлекет дүниежүзін бакылайды» [17]. Бұл теорияны қазіргі таңда АҚШ мықты ұстануда.
КСРО ыдырағыннан кейін Орталық Азия жаңа «үлкен ойын» аймағына айналды. Оған көптеген мемлекеттер қызығушылығын білдірді. Егерде XX басында Британия мен Ресей арасында бәсекеге тартылған болса, қазір бұл жерде Ресей Федерациясы, АҚШ, Қытай, Түркия, Иран, Үндістан, Пакистан, Сауд Арабиясы, Еуропалык мемлекеттер бәсекеге гартылды. Бұл мемлекеттердің басты мақсаты табиғи ресустар мен мұнай секторына бакылау орнату болып табылады. Қазіргі аталмыш елдерден кайсысы өз ұстанымдарын арттыру жөнінде болжам жасау қиынға тұседі, алайда ХХІ ғасыр Қазақстанның басты ұстанымы тұрактылықтың сакталуы, өркендеу мен демократияны дамыту болып табылады. Бұл жөнінде дәстүрлі дипломатиялық корпустың жиналысында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев атап өткен. Ол әр елдің тең құқықтық негізде өз орынын иеленуге және оны дамытуға құқылы деген [18]. Сондыктан АҚШ-тың жаһандану саясатын жүргізуші ел ретінде, Орталык Азияда, әсіресе Қазақстандағы стратегиялық мақсаттарын мына себептермеи аныктауға болады:
-Қазақстан егемендігін алды және сыртқы саясатын өз бетінше жүргізуде;
-Қазақстан АҚШ-тың басты геостратегиялық бәсеке мемлекеттердің қақ ортасында орналасқан. Ол бір жақтан Ресеймен шектесіп отырса, екінші жақтан ҚХР мен және Ислам әлемімен тікелей байланыста;
-Бұл аймақ табиғи және энергетикалық ресустарға бай;
-Дүниежүзілік саяси мәні бар Қазақстанның уран рудасы мен ядролық технологиялары бар.
Сол үшін АҚШ-тың сляси кызығушылықпен қатар экономикалык қызығушылығы да басым. Ал Орталык Азияда бірнеше тәуелсіз мемлекеттердің құрылуы бәсеке балансын да түрлендіреді. АҚШ-қа жаңа саяси одақ құратын мемлекет қажет. Себебі Ресей өзінің ішкі саяси-экономикалық проблемаларына байланысты біркелкі әлсіреген, ал Қытай болса өз ұстанымдарын күшейтіргенімен көшбасшылық дәрежеге дейін жете қойған жоқ.
АҚШ Қазақстанда глобальды саясат жүргізгісі келеді. Ол әскери және экономикалық қуатқа ие болғандықтан жаһанды тораб қалыптастыру саясатын жүргізуде. Бір жақтан АКШ-та Қазақстан үшін манызды серіктес мемлекеттердің бірі. Себебі аумақтағы кауіпсіздікті сақтауда, терроризмге қарсы күресте, халықаралық саяси және қаржы әлемде Қазақстан өз орнын иеленуде АҚШ-тың да колдауы маңызды болып келеді. Н.Ә.Назарбаев «Сындарлы он жыл» еңбегінде былай атап өткен: «АҚШ-тың мақсатты геосаяси іс-қимылдардың арқасында аймаққа келуінің мүмкіндіктің ашылуы геосаяси құрылымының өзгеруі әрі қарай әсер етпей қалмайды. Бұл аймаққа АҚШ-тың антитеррористік коалиция шеңберінде қадам басуы, бұл ретте, менің көзқарасым бойынша, кездейсоқтықтан гөрі заңдылыққа көбірек ұқсайды» [19].
Қазакстан-АҚШ байланыстарының негізгі 25 желтоқсан 1991 жылы, АҚШ-тың рссми түрде Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін мойындауы мен қаланды. АҚШ бірінші ел болып Қазақстан мен дипломатиялық байланыстар орнатты және Қазақстанға деген қызығгушылығын ашық жүргізе бастады. Қазақстандағы бірінші шетелдік елшілік те Америка Құрама Штаттарынікі болды.
Бірінші рет ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев АҚШ еліне 1990 жылдың шілде айында болып қайтты. Бұл жөнінде ол «Ғасырлар тоғысында» еңбегінде сараптап өткен. Ол кезде Н.Ә.Назарбаев Қазақ КСР Президенті ретімде болып қайтқан еді. Президент басқарған делигация Нью-Йорк, Вашингтон, Сан-Франциско, Лос-Анжелес, Жаңа Орленада болып қайтқан. Сол кезде Н.Ә.Назарбаев президенттің қаупсіздік мәселелері жөніндегі кеңесшісі Скауфортпен, оның орынбасары Гейтспен, мемлекеттік хатшының орынбасары Иглбергермси, мемлекеттік хатшының кеңесшісі Зоэлликпен, сенаторлар Доулмен, Брендлимен, Лугармен және т.б. кездесті. Шеврон компамиясымен қарым-қатынас та сол кезде қаланды. Кездесу барысында бағдарламада АҚШ басшылығымен кездесулер кірген жоқ.
Қазақстан-АҚШ ынтымақтастығының негізі ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтің 1992 жылдың мамыр айында АҚШ-қа бірінші ресми сапар барысында қаланды [20]. Екі мемлекеттің басшылары да екі ел арасында жаңа қатынастарының орнатылатыны жөнінде мәлімдеді. Сондықтан да екі ел арасында қарым-қатынастар әр түрлі салаларда дамып келе жатыр. Оларды атап өтетін болсақ, біріншіден, қауіпсіздік және қарулануды бақылау, екіншіден, экономикалық және саяси байланыстарды орнықтыру, үшіншіден, экологиялық және медициналық салада, төртіншіден мәдени және білім беру саласында қарым-қатынастар қарқынды түрде дамып келе жатыр.
1993 жылдың 30-маусым айында АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі У.К.Кортни АҚШ сенаторы Ричард Лугардың Қазақстан дамуына жоғарғы баға бергеп сөзінің арнайы нусқасын әкеліп ел Президенті Н.Ә.Назарбаевқа тапсырды. «Ол Қазақстан дамуы жағынан ең үлкен үміт туғызатын елдердің бірі. Қазақстандықтар прагматизмге беймділігімен, тату-тәтті ұлттык қатынастарымен белгілі. Демократия мен нарық экономикасы жолында да маңызды қадамдар жасады Қазақстан жетістігінің мәні қандай? Қазақстан өткен жылдың жазында төтенше маңызды стратегиялық қарулануды шектеу жөніндегі келісімі /ОСВ-І (бірінші болып бекіткен мемлекет, экономика саласында Қазақстан бұдан бірнеше жыл бұрын аса ірі американдық мұнай компаниясы «Шеврон Ойлмен» бірлескен кәсіпорын құру туралы келісімге кол қойды. Ол бұрынғы Кеңестер Одағы аумағындағы ең ірі бірлескен кәсіпорын болмақшы, оған Шеврон компаниясы шет елдердегі ең ірі капиталып салмақшы»-деген [21].
1993 жылдыңі желтоқсан айында Қазақстанға АҚШ-тың жаңа вице-президенті Алббер Гольд келді. Ол Президент Клинтонның ресми шақыруын әкелген болатын. Алматыға жаңа мемлекеттік хатшы У.Кристофер келді. Жаңа әкімшілік ескі өкімшіліктің уәдесін орындап жатқысы келмеді. У.Кристофердің бұл сапардағы басты мақсаты ядролық қаруды таратпау жөніндегі келісім-шарта қол қойдыру болып табылады. Алайда бұған Н.Ә.Назарбаев келіспеді және ракеталардьң жойылмайтыны жөніндегі нақты жауап қайтарған еді. Ол СНВ-1 шарты бойынша ракеталарды басқа елдердің қалай қысқартып жатқанына қарап, біртіндеп қысқаратыны жөнінде мәлімдеме жасады |22|. Бұл сол кездегі жас президенттің нақты шешім қабылдайтын шеберлігімен айқындауға болады.
Кристофер қатты таң қалып, шамдана бастады. Дегенменде Қазақстандағы ядролық қарудың тағдыры мен оны бұзып әкету мәселесі ойынға айналмауы қажет деп ойлаймын. Содан соң ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев 1994 жылдың ақпанның 14-18 арасында АҚШ-та ресми сапармен болып қайтты [22]. Сол сәтте Қазақстан үшін сәтті аяқталған болатын. Жоспарланған құжаттардың барлығына қол қойылды. Атап өтетін болсақ, ең бастысы демократиялык ықпалдастық хартиясы еді. Осы күнге дейін ТМД елдерінің ешбірі де АҚШ пен мұнай келісімін жасаспағанын атап өткен де жеткілікті.
Қару-жарақ және әскери салада да өте маңызды келіссөздерге қол қойылды. 1993 жылы желтоқсан айында АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы У.Кристофер мен Вице-президент А.Горд Алматыға сапар аталмыш салада келіссөздер жүргізді [23]. Ол бойынша Қазақстан мен АҚШ континентаралық баллистикалық ракеталардың шахталық ұшыру кондырғыларын жою, апаттың ахуал салдарларын болдырмау және ядролық карудың таралуын жол бермеу туралы бес келісімге қол қойды. Қазакстан ядролық қатер көзін жою ісінде бірлескен қызметтің құқықтық негізіне айналған бұл құжатқа жеті жыл мерзімге қол койылды және 2000 жылы желтоқсанда бұл мәселе қайта қаралып тағы да жеті жылға ұзартылды |24|.
Сондай-ақ баска елдердің де рөлінің артуы, Орталык Азияда, соның ішіңде Қазақстанға мемлекеттен тыс ойыншылардың /халықаралық экстремистердің, террористік ұйымадардың, есірткі бизнесінің/ енуі заңдылыққа айналды. Олар қауіпсіздік жүйесіндегі ашық қалған саңылауды оңтайлы пайдаланып отырған сыңайлы. Жалпы тұрақсыздыққа мұнымен катар Орталык Азияға жақын жердегі бірқатар ашық ошақтары, атап өтетін болсақ Ауғаныстандағы тұрақсыздық, Пәкістан-Үнді қарсыластары және ықтимал, бірақ өте шиеленісін кетуі қауіпі бар, яғни Каспийдегі тұрақсыз жағдайлар ықпал етуде.
АҚШ өзінің геоэкономикалық айналымына Латын Америкасын, Батыс Еуропа, Шығыс, Орталық және Оңтүстік Еуропаны. Жапония, Шығыс Азияны енгізіп алған. Сонымен қатар Шығыс Азия шектестігі шеңберінде қозғаушы тудырушы екінші орталық Қытай болатын түрі бар. Бұл аймақтар шеңберіндегі негізгі сауда көлемі мен инвестициялар ағыны әжептеуір ауқымды, ал үштік өкілдерінің үлесіне әлемдік сауда және инвестиция ағымьшың 60-75% технологиялық тарсферттердің 90%-ке жуығы тиесілі. Осының нәтижесінде жаһандандырылған экономиканың шет пұштағында Африка, Оңтүстік Азия, бұрыңғы КСРО кеңестігі қалып отыр [25]. Екі ел арасында экономикалық қатынастар саласында елеулі байланыстар жасалды. Оларды атап өтетін болсақ энергетика, көлік, құрылыс, кен өндіру өнеркәсібі, телекоммуникациялар саласында инвестициялық ынтымақтастыққа басымдылық берілді. 1993 жылы ақпанда өзара сауда қарым-қатынастары туралы келісім күшіне енді.
Н.Ә.Назарбаевтің 1997 жылы қарашада АҚШ-қа сапары кезінде жүргізген келіссөздер нәтижесі бойынша он сегіз құжатка кол койылды. Олардың арасымда экономикалық серіктестік туралы іс-кимыл бағдарламасын атап өту қажет. Халықаралық қатынастар тәжірибесінде оның теңдесі жоқ және 1994 жылы қабылданған "Демократиялық әріптестік туралы хартияға" толықтыру болды. Қазақстан Президентінің аса ірі әлемдік компаниялар мен корпарациялар "Шеврон","Мобил" "АЕС" басшылармен кездесуі болды. ХВҚ-ньщ билік етуші дирокторы М. Камдесюмен келіссоздср жүргізілді. Дүниежүзілік банктің басқарушысы Дж.Вулфенсонмен кездссуде тараптар қысқа мерзімді жобалардын. орнына ұзақ мерзімді жобаларды іске асыруға көшетіні туралы уағдаластыққа қол жеткізді |26|.
Дүниежүзілік банк басшылығы Қазақстанның ауыл шарушылығында реформаларды, сондай-ақ зейнетақы реформасын іске асыру барысын жеделдету идеясын қолдады. Қазақстанда заң шығару реформасын дамыту үшін несиелер бөлу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Құрушылары "Шеврон", "Мобил" және "Филлипс Петролиум" американ компаниялары болып табылатын. Американ-Қазақстан іскерлік қауымдастығы ганыстыру болды. Қауымдастық Қазақстан мен АҚШ арасындағы экомомикалык қатынастардың дамытудың нақты мәселерін шешуге, Қазақстанда Американың қатысуын кеңейтуге көмек көрсетуге қызмет істейтін болды. Қазақстан-АҚШ қатынастардағы маңызды бағыт сауда-экономика саласындағы ынтымақтастық болып табылады. Сауда-саттық ағындыларының дамуы былай көрінеді:
АҚШ-Қазақстан экономикасын тікелей инвестициялаудың жиынтық көлемі бойынша бірінші орынға ие, ол шамамен төрт млрд доллор болды. Қазіргі таңда Қазақстанда 325 Қазақстан-АҚШ бірлескен кәсіпорындары және түрлі компаниялардың жүзге жуық өкілдігі тіркелген. Үкіметік емес ұйымдар бойынша келісімге сәйкес Қазақстанда елуден астам Американ үкіметтік емес ұйымы жұмыс істейді.
90-шы жылдардың
ортасында Орталық Азияда
2001 жылдың
мамыр айында АҚШ-тың арнайы ұл
АҚШ бұл бағытта Баку-Жейхун жоспарындағы қызығушылығын арттырып, аймақтағы өз ұстанымдарын күшейтіруді көздеп отыр. Әрине 2005 жылдын 10 сәуір айында АҚШ Президенті ДЖ.буштың Грузияға шеккен сапарын атап өткен жөн. Себебі АҚШ үшін маңызды рөлді ойнап отырған мәселе біріншіден, Каспий аймағындағы табиғи байлықтар болса, екіншіден Қазақстанның Кіндік Азияда орналасуы оның әскери-саяси мақсаттарына тиімды болып келеді.
Қазақстан Республикасы Үкіметі алдына қойған мақсаты Қазақстанның және онда тұратын халықтардың әрі қарай дамуы үшін елдің экономикалық потенциалын күшейту болып табылады. Сондықтан қалыптасу ұстіндегі елдің сыртқы саясатының стратегиясы елдін әлемдегі баска да мемлекеттермеи, соның ішінде маңызды болып табылатын АҚШ-пен әрі карайды сауда экономикалық байланыстарын кеңейтуге арналған.
АҚШ Қазақстан табиғи ресустарын импорттауға көп көңіл бөледі. Дамыған және ғылыми-техникалық прогреске жеткен дамушы елдердің шикізат көзіне айналған Қазақстан қазіргі танда әлсіз мемлекеттер сатысына жатқызылады. Бірақ көптеген кадрларды даярлау жүйесін қалыптастыруды қажет ететін сауатты халқы бар Қазақстан, бұл проблеманы шешуге қабілетті [29].
Қазақстанның әлемдік қауымдастыққа шығуының бірінші факторы эономика болып табылса, екінші факторы Қазақстанның ішкі және оның төңірегіндегі экологиялық жағдайы. Қазақстан мен АҚШ Арал теңізі ауданы мен Семей облысындағы қоршаған ортаны корғау саласындағы кең ауқымды ынтымақтастықты дамытуға кірісті. Американ тарапы Арал тенізі проблемасын шешуге және атап айтқанда Қызылдорда диагностикалык орталыкты медициналык, жабдықпен жабдықтауға, ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесін шешуге және аймақта су ресустарын басқаруға он бес миллион доллар берді. Арал аймағына тазарту құрылғылары жеткізіліп, құрастырылды.
Семейдегі полигон және көршілес елдердегі полигондар /Капустин Яр, Челябинск, Лоб-Нор/, Арал теңізіапаты, Каспийдің жағалауындағы аймақты су басуы, Байқоңыр ғарышайлағын рационалды пайдаланбау, елдің барлық әкімшілік бірліктеріндегі облыстар мен аймақтар-осының барлығы экологиялық дағдарысқа әкеліс соқтырды. Бір сөзбен айтқанда, қазақстанда дені сау бір аймақ қалған жоқ деуге болады [30]. Тәжірибе жүзінде АҚШ бүкіл дүниежүзіндегі экологиялық жобаларды іске асыруда жетекші рөл атқарады. Экологиялық тұрақтылыққа АҚШ әлеуметтік, техникалық және инженерлік көмек көрсетпеген бір де бір аймақ жоқ.
Атап өткендей Қазақстанның шет елдермен экономикалық және әсқери қарым-қатынастары мен қатар, ғылым, мәдениет және өнер саласындағы ынтымақтастықтағы маңызға ие. Ғылыми және мәдени байланыстар халықтардың бірін бірі рухаии құндылықтармен байытуға септігін тигізді. КСРО ыдырап, тәуелсіз мемлекеттер калыптасқан кезде Қазакстан халқына, соның ішіндс қазақ халкына, кеңестік дәуірде идерлогияға байланысты кол жетпестей көрінетін әлемдік құндылықтарға айқара есік ашылды.

- АҚ «Южполиметалл» құрылғысынан шлакты айдағаннан кейін түсті металдарды алу
- Алаш қозғалысы саяси және тарихи көзқарастары
- «Алаш» либералдық-демократиялық қозғалысы идеологиясының маңыздылығы
- «Алаш» либералдық-демократиялық қозғалысы идеологиясының маңыздылығы
- Алаяқтық құрамы үшін қылмыстық жауаптылық
- Алгебра Буля
- Алгебраические и частотные критерии устойчивости
- Ақша қаражаты, құнды қағаздар, ақшалы құжаттар мен қатаң түрі
- Ақша қар есебі мен аудиті
- Ақша қаржаттар қозғалысының есебін талдау және аудиті
- Ақша-несие саясаты
- АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫНЫҢ МЕХАНИЗІМІ ЖӘНЕ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
- Ақшаның пайда болуының теориялық негiзi
- Ақша саясаты