Ақшаның пайда болуының теориялық негiзi
Мазмұны
Кiрiспе. ...………………………………………………………………..5
I. тарау. Ақшаның пайда болуының теориялық негiзi. ................
1.1 Ақшаның мәнi мен пайда болу тарихы. ...................
1.2 Ақшаның қызметтерi және олардың қазiргi
жағдайдағы
дамуы. .............................. ...........................
1.3 Ақша айналымын реттейтiн заңдылықтар. ..................
II. тарау. Ақша
реформаларын талдау. .............................. ............
2.1 Қазақстан Республикасындағы ақша реформалары
және оның ерекшелiктерi. ..............................
2.2 ТМД елдерiндегi ақша реформалары. ..........................
2.3 Қазақстан Республикасындағы ақша саясаты. ...........
III. тарау. Қазiргi кездегi ақша реформаларын жетiлдiру
мәселелерi. ..............................
3.1 Ақша–несие саясатының негiзгi көрсеткiштерiн
болжамдау. ..............................
3.2 Теңгенiң долларға шаққандағы валюталық
бағамы. ..............................
Қорытынды. ..............................
Қолданылған әдебиеттер
тiзiмi. ..............................
Кiрiспе.
Бүгiнгi таңда
егемендi елiмiздiң тұрақты экономикалық
өсуiн қамтамасыз ету дұрыс
ақша несие саясатын жүргiзуге
тiкелей байланысты екенiн уақытының
өзi дәлелдеп бердi. Оны ҚР Президентi
Н.Ә.Назарбаев өз жолдауында да
айтып өткен болатын. Ал осы
ақша несие саясатын дұрыс
жүргiзу барысында ақша айналымын
жақсарту, дұрыс жолға қою үшiн
бiрнеше реформалар жүргiзiлгенiн
тарихтан жақсы бiлемiз. Әрбiр реформаның
өзiндiк ерекшелiктерi мен осал
тұстары болғанын бiлемiз.
Әлемге танымал экономист А.Смит: “Ақша-бұл айырбас процесiн жеңiлдететiн техникалық дөңгелек, айырбас және сауда құралы”,-деп анықтама берген ақшаның бүгiнгi өмiрiмiзде алатын орны күшеймесе әлсiреген жоқ. Ол экономиканы тұрақтандырудың бiрден-бiр құралы болып отырғаны аян. Әрбiр мемлекет дағдарыс тұсында дұрыс ақша реформасын жұргiзiлуiнiң нәтижесiнде тығырықтан шыққаны белгiлi.
Дипломдық жұмыстың өзектiлiгi сол ақша реформаларының қоғам өмiрiндегi, ел экономикасындағы ролiне байланысты болып отырғаны анық. Осы тақырыпты ашу мақсатында дипломдық жұмыс келесiдей тараулардан құралды:
- Ақшаның пайда болуының теориялық негiздерi.
- Ақша реформаларына талдау жасау.
- Қазiргi кездегi ақша реформаларын жетiлдiру мәселелерi.
Бiрiншi тарауда ақшаның пайда болу тарихы, оның экономикалық мәнi, қызметтерi және ҚР-дағы ақша айналымын реттейтiн заңдылықтар қарастырылды. Өйткенi ақша реформасына талдау жүргiзбес бұрын, оның мәнiн ашу қажет деп таптық.
Келесi тарауда ақша реформаларына талдау жасалынды. Осы күнге дейiн жүргiзлген ақша реформаларының артықшылықтары, кемшiлiктер мен себептерiне тоқталды. Елiмiздегi ақша саясаты жайлы жазылды.
Соңғы тарау қазiргi жағдайдағы ақша реформаларын жетiлдiру мәселелерi туралы болмақ. Мұнда төл теңгемiздiң конвертациялау жолдары қарастырылып, оның долларға шаққандағы валюталық бағамен арттыру мен тұрақтандыру мәселелерi қамтылған.
Дипломдық жұмыстың мақсаты жүргiзiлген ақша реформаларына баға берiп, төл теңгемiздiң еркiн айналысқа түсуiне жол ашар ұсыныстар беру болып табылады, сонымен қатар ақша-несие саясатының негiзгi көрсеткiштерiне болжам жасау.
I. тарау. Ақшаның пада болуының теориялық негiзi.
1.1 Ақшаның мәнi мен пайда болу тарихы.
Ақша реформаларын қарастырмас бұрын, сол ақшаның не екенiн және оның шығу тегiн қарастырып алайық. Күнделiктi өмiрiмiзде кездесетiн, үнемi қолданыста болып жүрген ақшаға тұсiнiк бер десе, “жәй ғана қағаз ақша, монета” деп айта салатын едiк.Ақша-бұл қатысуымен қоғамдық қатынастар туындап пайда болатын экономикалық категория; ақша дербес формада құн өлшемi, айналыс төлем және жинақ құралы бола алады.Ақша ежелгi заманда пайда болды. Олар тауар өндiрiсiнiң дамуындағы бiрден-бiр шарт және өнiм болып табылады. Тауар- бұл сату мен айырбастау ұшiн жасалынған еңбек өiнiмi. Адам еңбегiнiң өнiмi (зат), оны өндiрушiлердiң белгiлi қоғамдық қатынастарын тудыра отырып, тауар фирмасын қабылдайды. Бiрақ кез-келген зат тауар бола алмайды. Егер тұтыну құны өз сатып алушысын таппаса немесе қоғам тарапынан мойныдалмаса, онда оны дайындауға кеткен уақыттыңң рәсуә болғаны, мұндай бұйым тауарлық формаға ие емес, өйткенi оның қоғамға қажетi шамалы. Сондықтанда әрбiр тауар қажеттi тұтыну құнын алу құралы бола отырып, өзiнiң өндiрушiсiне қатынасы бойынша айырбас құны ретiнде көрiнедi.Алғашқы қауымдық құрылыс, кезiнде бiр тауардың басқа бiр тауарға кезейсоқ айырбасталынуы барысында, айырбас құнының жай немесе кездейсоқ формалары қолданылады (1 балта=5 құмыра, 1 қыт=1 қап бидай және т.б.). Тауар өндiрiсiнiң өсуiне байланысты неғұрлым жиi айрбасталатын, тауар-барлық басқа тауарлардың бiр-бiрiмен өзара айырбасталу құралы бола бастады. Осыдан келiп, құнның толық немесе кең көлемдегi формасынан жалпы құндық формасына жасырын тұрде өту басталды. Бiрақ оның ролi тауарға нық бекiтiлмеген едi. Бiртiндеп жалпы құндық эквивалент ролiн белгiлi бiл тауарлар көптеп атқара бастады және осы тауарлар ақша деп аталынды. Құнның жалпы құндық формасы ақша формасына айналды. Тауар айналысының тарихи эволюциялық даму процесiнде жалпы құндық эквивалент немесе рәсiмделiнбеген ақша формасын әртүрлi тауарлар қабылдады.Әрбiр тауарлы-шаруашылық уклад өз эквивалентiн алға тартады. Бiр халықтың өзiнде әртүрлi уақыттарда және әртүрлi халықтарда бiр мезгiлде әртүрлi эквиваленттер болды. Сонымен, бiрiншi iрi еңбек бөлiнiсiнiң нәтижесiнде мал бағушылардың бөлiнiп шығуымен мал айырбас құралына айналды. Олардың белгiлi-бiр түрлерi табиғи климаттық жағдайларда нақты сол отарда айырбас құралы болды. Шалғынды аудандарда жылқы, сиыр және қой; ал шөл және шөлейiт аудандарда-тұйе; тундрада-бұғы жалпы құндық эквивалент қызметiн атқарды. Малды жалпы эквивалент ретiнде пайдаланғаны туралы нақты дәлелдер әртүрлi қолжазбаларда, қазба жұмыстарының нәтижелерiнде табылған заттарда кездеседi. Гомердiң көне Троя батырлары туралы поэмасында өгiздi құн өлшемi ретiнде пайдаланғаны жайлы айтылады. Осы уақыттарда металдан жасалынған ақшаларда “өгiз” деген атау ойып өрнектелiп жазылып жүрдi. Латынның сөзi ”пекуние” (ақша) ”пекус” (мал)сөзiнен шыққан. “Рупа” (мал) сөзi үндiлердiң ақша бiрлiгiнiң атауы ”рупия” негiзiнде жатыр. Ежелгi Русьтарда да ақша металл ақшаларға ауысқаннан кейiн де ”мал” деген атауға ие болды. Ярослав Мудрый 1018 былай деген: “бiздiң жинаған малдарымыз: ерлерден 4 кун, старостылардан-10 гривен және боярлардан 18 гривеннен тұрады”. Осы кездегi қазынашы “малшы”, қазына, қазына жинау орны-мал ұстайтын орын деп аталынды. “Капитал” сөзiнiң шығуы да малменен байланысты, өйткенi ескi герман тiлiнде бұл сөз мал басы санының көптiгiн бiлдiре отырып, меншiк иесiнiң байлығын көрсеттi. Солтүстiк халықтары ең бiрiншi тауар ретiнде айырбас үшiн, жүндi пайдаланды. Ежелгi скандинавтар көлемi бойынша әртүлi тауарлар сатып алу барысында құстардың, аңдардың жүндерiн пайдаланды (ұкi және т.б.). Құс жүндерi Солтүстiк Сiбiр халықтарында, ал аң жүндерi Солтүстiк Америка халықтарында жалпы құндық эквивалент ретiнде пайдаланылды. Жүн ақшалар Моңғолияда, Тибетте және Памир аудандарында кеңiнен таралды. Ежелгi Русьтардың арабтармен, хазарлармен, Византиямен сауда саттық жасауы барысында жүн ең басты құралдардың бiрi болды. Ежелгi русь елiнде жұн ақша жүйесiнiң бүгiнi болып саналды. 1610 жылы жаулап алынған орыстардың әскери кассасында 5450 руб. күмiс пен 7000 руб жүн табылған. Жылы теңiздердiң жағасын мекендеген тайпалар айналыс құралы ретiнде бақалшақ (раковиндi) ақшаларды пайдаланды. Тарихта бақалшақ ақшалардың келесi атаулары сақталынды бұлар: чангос, цимбис, бонгес, хайкве және т.б. Көлемi түймедей ақшыл-қызғылт бақалшақ Кари көптеп таралды. Безендiрулер түрiнде жiпке тiзiлгендерi Ежелгi Үндi елiнде, Қытайда, Үндiқытайда Африканың Шығыс жағалауларында, Цейлонда және Филиппин аралдарына алғашқы ақшалар қызметiн атқарды. Американдық үндiлердiң белдiктерiнде бақалшақ ақшалар құстардың, жыртқыш аңдар келбет-кескiнiн өрнектеп, былғары белдiктерге көрiк бердi. Бақалшақтарды Солтүстiк Американың Тынық мұхит жағалауларында, Полинезияда, Каролин және Соломон аралдарында аиырбас құралы ретiнде пайдаланылды. Кейiн келе металдардың арасында басты роль алтын мен күмiске өте бастады, өйткенi олар жалпы эквивалент үшiн аса қажеттi сапаға ие. Әрине металдар бұған дейiнгi ақша формаларын бiрден ығыстырып шығарып тастаған жоқ. ұзақ уақыт бойы металл ақшалар тауар формасын сақтап келдi. Темiр ақшалар күрес, таға, шеге, шынжыр және т.б. формаларды ұзақ уақыт бойына сақталынды. Грек ақшасының атауы “драхма” “бiр уыс шеге” деген мағынаны бiлдiредi. Мыс ақшалар қазандық құмыра қалқан түрлерiнде айналыста болды. Күмiс және алтын ақшалар жүзiп, сырға, бiлезiк түрiнде де пайдаланылды. Бiрақ б.э. дейiн ХIII ғасырда салмағы көрсетiлген құймалар пайда бола бастаған. Осындай себепке байланысты көптеген ақша бiрлiктерi фунт стерлинг, ливр (жарты фунт), марка (жарты фунт) салмақ бiрлiктерi атауымен аталады. Алғашқыдағы белгiлi массасы бар формасың металл ақшаларды кейiн келе әр түрлi массадағы бiркелкi формасы бар металл ақшалар ауыстыра бастады. Монеталардың пайда болуы – ақшаның құрылуындағы соңғы кезең болып табылады. “Ақша-зат емес, ол-қоғамдық қатынас”. Олар шындығында қоғамдық қатынастарды тудырушылар болып келедi. Бұл дегенiмiз қоғамнан бөлiнген адамдар үшiн ақша керек еместiгiн бiлдiредi. Робинзон Крузоға олар керек болмаған. Батып бара жатқан кемеден құтқарылып алынған заттар оған адам алғы баспайтын аралда қажет болған.
Ақша-өндiру мен бөлу процестерiнде адамдар арасындағы белгiлi бiр экономикалық қарым-қатынастарды көрсететiн, тарихи даму үстiндегi экономикалық категория болып табылады. Экономикалық категория ретiнде ақшаның, мәнi оның үш қажетiнiң бiрiгуiмен көрiнiс табады.
- алпыға тiкелей айырбасталу;
- айырбас құнының жеке формасы;
- еңбектiң сыртқы заттық өлшемi.
Жалпыға тiкелей айырбасталу формасында ақшаның айырбастау мүмкiншiлiгiнiң бар екенiн көрсетедi. Социализм жағдайында бұл мүмкiндiк елеулi қысқарды және тiк қоғамдық жиынтық өнiмдi пайдалану және бөлумен ғана шектелдi. Кәсiпорындар, жер, орман, жер асты байлықтары сатылмады және сатып алынбады. Қазiргi кезде тiкелей айырбастау формасында ақшаның пайдаланудың көлемi едәуiр кеңiдi.
Ақшаның айырбас құнының дербес формасы ретiнде пайдалану тауарларды тiкелей өткiзумен байланысты емес. Ақшаны бұл формада қолдану жағдайлары олар несие беру, бюджеттiң кiрiсiн қалыптастыру, өндiрiстiк және өндiрiстiк емес шығындарды басқа банктерге сатуы және т.б.
Еңбектiң сыртқы заттық өлшемi тауарды өндiруге жұмсалған еңбектiң, олардың ақша көмегiмен өлшенуi мүмкiн құнын анықтау арқылы көрiнедi.
Ғалым экономистердiң арасында алтынның ақшалай тауар ретiнгi ролi туралы әр түрлi көзқарас бар. Бiреулер алтынның демонетизациялануы аяқталып, ол жалпыға бiрдей эквивалент және ақша қызметтерiн атқару ролiн орындауды толығымен тоқтатты дейдi. Құнның ақшалай формасынан жалпылама немесе жайылыңқы формасына қайтып келдi. Несие ақшалар жалпыға бiрдей эквивалент ретiнде жүрдi. Алтын, ақшаның классикалық қызметтерiн атқаруды жалғастыруда дейдi екiншi бiреулер. Ал, ендi ұшiншi бiреулер алтынның жартылай демонетизациялануы жалғасуда және ол жалпыға бiрдей эквивалент ролiн орындаушы, ерекше тауар ретiндегi өзiнiң қасиеттерiн сақтап қалды дейдi.
Жекелеген елдердiң iшiнде алтын айналысы жоқ. Төлем, айналыс және қорлану құралы болып, алтын белгiлерi (қоғамдық белгiлерi) қағаз және несие ақшалар қызмет атқарады. Бiрақта алтын дүние жүзiлiк ақша болып қалып отыр десек, онда ол жалпыға бiрдей эквиваленттi бiлдiредi.
1.2 Ақшаның қызметтерi және олардың қазiргi
жағдайдағы дамуы.
Ақшаның әрбiр қызметi ақшаның тауар айырбастау процесiнен туындайтын тауар өндiрушiлердiң өзара байланысының формасы ретiндегi әлеуметтiк-экономикалық маңызының белгiлi-бiр жағын мiнездейдi. Ақша бес түрлi қызмет атқарады: құн өлшемi, айналыс құралы, дұниежүзiлiк ақша. Ақша құн өлшемi ретiнде. Құнның өлшем қызметi тауар өндiрiс жағдайында туындайды. Бұл ақшаның барлық тауарлар құнның өлшемi ретiндегi қабiлеттiлiгiн бiлдiредi, бағаны анықтауда делдал қызметiн атқарады. Өзiнiң жеке құны бар тауар ғана құн өлшемi бола алады. Бұндай тауар болып өнiм өндiруiне қоғамдық еңбекке жұмсалған, құнды қорғайтын алтын саналады. Яғни, бұл қызметтi толық құнды ақшалар атқарады. Ақша еңбек өлшемi-ол жұмыс уақытын емес, осы еңбекпен құрылған құнды көрсетедi. Ақша құн өлшемi қызметiн идеалды, оймен ойлау арқылы орындайды. Яғни тауардың құнын өлшеу ақшаға айырбасталғанына дейiн орындалады, сонымен құнның тауар формасынан ақша формасына айналуы үшiн тауардың бағасын белгiлесек жеткiлiктi. Тауар бағасын өлшеу ұшiн қолма-қол ақшаның болуы қажет емес, себебi еңбек өнiмiн теңестiру ойша орындалады. Тауарды ақшаның көмегiмен өлшеуге болады, өйткенi олар адам еңбегiнiң өнiмi. Ақша түрiнде көрiнетiн тауардың құны, оның бағасы болып табылады. Толық құнды ақша айналысы жағдайында алтынның бағасы болған жоқ. Ақшаның өз бағасы болмайды, олардың құны өздерiмен анықталуы мүмкiн емес. Бағаның орнына ақшалар, кез-келген тауарлар санын сатып алу мүмкiндiгi бар. Сатып алу қасиетiмен ерекшеленедi. Құн өлшеу қызметi жалпы эквивалент ретiндегi ақшаның тауарға деген қатынасын көрсетедi. Бiрақ тауардың бағасын анықтау үшiн баға масштабы қажет. Металл ақша (алтын, күмiс, мыс) айналасында мемлекет заңды түрде баға масштабын тұрақты етiп ұстады. Металдың салмақтық саны ақша бiрлiгiне бекiттi.
Алғаш
монеталар соғыла бастағанда
баға масштабы олардың
Құн өлшемi және баға масштабы ретiндегi ақша қызметтерiнiң арасында едәуiр айырмашылық бар. Құн өлшемi мемлекетке тәуелдi емес ақшаның экономикалық қызметi болып табылады. Ол құн заңымен анықталады. Баға масштабы заңды сипатқа ие бола отырып, мемлекет билiгiне тәуелдi және құнды емес тауар бағасын көрсету ұшiн қызмет етедi.
Алғашында баға масштабы АҚШ қазынашылығымен алтынның тромск унициясына (31,1г) 35 доллар есебiнде анықталып бекiтiлдi. Ол 1971 және 1973 жылдардағы долларды девалевациялануына дейiн сақталды және 1980 жылдың қаңтарында 850 долларға дейiн жеттi.
Арнайы баға масштабы алтын құны мен оның мемлекеттiк тұрақты бағасының арасы алшақ болып кетуiне байланысты өзiнiң экономикалық мағынасын жоғалтты.
Ямайка валюта реформасының (1976-1978 жж.), нәтижесiнде арнайы алтын бағасы және алтын паритетi жойылды. Құн өлшеу қызметi нарықтық баға масштабы негiзiнде орындалады.
Қазiргi уақытта алтын тауарға тiкелей айырбасталмайды және бағалар алтынмен көрсетiлмейдi. Алтынды айналыстан қазынаға қарай ығыстырып тастау жағдайында ақшалы тауар (алтын) тiкелей массасына емес, алтын нарығындағы несие ақшалармен операциялар жүргiзуге қарсы тұрады. Осыдан алтын қағаз және несие ақшалардың құнын өлшеу ретiнде көрiнедi. Несие ақшалар тауардың құнын өлшемейдi, өлшенген құнды көрсетедi, өйткенi өзiнiң құны жоқ.
Сонымен алтын белгiлерiнiң, яғни толық құнды емес және қорғау ақшалардың пайда болуы, ақша ажырауына алып келдi.
Ақшаның келесi қызметi бұл айналыс құралы ретiндегi қызметi. Ақша айналыс құралы қызметiнде тауарларды өткiзудегi делдал болып табылады.
Тауарлар бiр қолдан екiншi қолға ауыса отырып, өзiнiң тұтынушысын тапқанға дейiн ақша үздiксiз қозғалыста болады.
Тауар айналысы кезiнде, ақша делдал ролiн атқарады, ал бұл кездегi сатып алу мен сату актiсi ерекшеленедi уақытысы мен кеңiстiгi бойынша сай келмейдi. Сатушы тауарын сатқаннан кейiн, басқа тауарды сатып алуға әр уақытта асықпайды. Ол тауарды бiр нарықта сатуы, ал басқа нарықтан сатып алуы мүмкiн. Делдал ретiндегi ақшаның көмегiмен уақыт пен кеңiстiктегi өзара сай келмеушiлiк жойылды.
Өзiнiң құнын өткiзгеннен кейiн, айналыстан кететiн тауарларға қарағанда, ақшалар айналыс құралы ретiнде барлық уақытта осында қалып отырады және сату-сатып алу процесiнде қызмет етедi.
Бiздерге ақша айналыс құралы қызметiн негiзiнен мемлекеттiк, оперативтiк, коммерциялық сауда тұрғындардың тауарларды сатып алуы кезiнде орындайды. Шет елдерде мұндай шектеулер жоқ. Онда фирмалар мен корпорациялардың және т.б. қолма-қол ақшамен есептесуiне тиым салынбаған.
Айналыс құралы ретiнде ақша қызметтерiнiң ерекшелiктерi мыналар:
- тауар мен ақшаның қарама-қарсы қозғаллысы;
- оны идеалды ақшалар емес, нақты (қолма-қол) ақшалар орындайды;
- ақшаның бұл қызметiнде тауарларды айырбастау өте тез орындалатын болғандықтан, оны нағыз ақшалар емес (алтын), оны ауыстырушылар-ақша белгiлерi орындайды.
Бiрақ бұл, несие және қағаз ақшалар ақшалы тауармен (алтын) байланысты емес деген сөз емес. Бұл байланыс несие ақшалардың алтын нарығында жасырын айналыс болуымен түсiндiрiледi.
Ақша айналыс құралы қызметiн атқаратын болғандықтан, айналыс қажеттiлiгi олардың саны өткiзiлуi тиiс тауарлардың бағасы мен массасы негiзiнде, яғни өткiзiлуi тиiс тауарлар бағасының сомасымен анықталады. Қанша дегенмен бiр ақша бiрлiгi бiр-несие тауар мәмiлелерiне қызмет ететiн болғандықтан, ақша айналысы қанша көп болса, айналыс үшiн олардың қажетi сонша аз болады.
Егер ақшаның айналыстағы массасы тауар массасынан көп болса, бұл олардың құнсыздануы, яғни инфляцияға алып келедi.
Ақшаның келесi қызметi-төлем құралы. Тауар айналысы ақша қозғалысымен байланысты. Бiрақ ақша қозғалысы мiндеттi түрде тауар қозғалысымен бiр уақытта тоғысуы тиiс емес. Ақша құнның еркiн формасынан көрiнедi. Олар өткiзу процесiн еркiн аяқтайды. Ақшаның қозғалысы тауар қозғалысынан ерте немесе кем жүруi мүмкiн.
Егер тауар мен ақшаның қарама-қарсы қозғалысы болмаса, яғни тауар төлем ақы түскенге дейiн сатып алынған немесе керiсiнше болса, онда бұл жағдайда ақшалар төлем құралы қызметiн атқарады.
Ақшалар төлем құралы ретiнде тек қана тауар айналысында ғана емес, сонымен бiрге қаржы несие қатынастарына да қызмет етедi. Барлық ақшалай төлемдердi төмендегiдей етiп топтауға болады:
- тауарлар мен қызметтердi мiндеттемелер;
- еңбек ақы төлеуге байланысты мiндеттемелер;
- мемлекетке қатысты қаржылық мiндеттемелер;
- банктiк қарыз, мемлекеттiк және тұтыну несиесi бойынша борыштық мендеттеме;
- сақтандыру мiндеттемелерi;
- әкiмшiлiк-сот сипатындағы мiндеттемелер және басқалары.
Ақша төлем құралы ретiнде айналыс құралынан өзара айырмашылықтары бар. Бұл қызметте ақшалар делдал болып табылмайды, ол тек қана сатып алу мен сатуды аяқтайды. Нәтижесiнде тауарға қатынасты ақшаның өз бетiнше еркiн қозғалысы байқалады. Тауарды несиеге сатып ала отырып, сатып алушы сатушыға ақшаны берудiң орнына, борыштық мiндеттеменi жазып ұсынады. Бұл борыш өтелген кезде ақша төлем құралы ретiнде қызмет атқарады.
Төлем құралы қызметiн толық бағалы емес нақты ақшалар (қағаз немесе несие), ал борыштық мiндеттемелердi өзара өтеуде идеалды ақшалар атқарады.
Төлем құралы ретiндегi ақшаның, қызметi оның бұдан бұрын қарастырылған қызметтерiнен айырмашылығы болғанымен ол олармен берiк байланыста екенi анық. Ақшаның төлем құралы қызметi, оның құн өлшемi және айналыс құралы ретiнде қызмет етуi барысында көрiнуi мұмкiн. Ақшаның төлем құралы ретiнде қызмет етуiнiң дамуы резервтiк қор құрудың, яғни ақшаның қор және қазына жинау қызметтерiнiң туындауының қажет екенiн көрсетедi.
Ақшаның
төлем құралы қызметiн атқаруына
байланысты ақша айналысы заңы
өзiнiң неғұрлым толық көрiнiсiн
тапты. Егер тауарлар несиеге
сатылса, онда қолма-қол ақша қажет
емес. Бұл айналыстың қолма-қол
ақшаға деген қажеттiлiгiн азайтады.
Бiрақ төлем мерзiмi жақындаған
сайын борыштарды жабу үшiн
ақша айналымының қажетiлiгi артады.
өзара өтелетiн төлемдер сомасы
айналыс үшiн ақшаның санын
азайтады. Егер қандайда бiр бөлiмде
борыштық мiндеттеме бойынша төлем
түспейтiн болса, онда бұл өзiмен
бiрге басқа да төлемсiздiк тiзбесiн
тудырады.
Ақша қорлану
және қазына жинау құралы ретiнде.
Ақшаның төлем және айналыс
құралы қызметтерi ақшалай қорлардың
құрылуын талап етедi. Ақшаның қорлануының
қажеттiлiгi Т-А-Т айналымының екi актiлерге
Т-А және А-Т айырылуымен байланысты.
Капиталистiк қоғамдақ формацияға дейiнгiлер үшiн байлықты “таза қазына” формасында жинақтау, яғни ақшаның қарапайым қорлануы тән келедi. Бұл экономикалық дамуға ешқандай ықпал еткен жоқ. Себебi олар шын мәнiсiнде айналыстан тыс жатқан ақшалар болды. Капитализм тұсында бұл қазыналар несиелiп жұйе және қор биржалары арқылы пайда әкелiн капиталға (өнеркәсiптiк немесе сауда) айналады. Қазына жинау қызметiнiң қажеттiгi тауар өндiрiсiмен байланысты болды. Айналым капиталын немесе тұтыну заттарын алу үшiн ең бастысы ақша жинау қажет. Әрбiр тауар тек қана жекелеген қажеттiлiктi анықтайды және олар жалпы байлықты бiлдiрмейдi. Толық бағалы ақшалар (алтын) материалданған құнның формасы ретiнде байлықтың жалпы өкiлiн сипаттайды. Демек, қазына жинау құралы қызметiн тек толық бағалы немесе нағыз ақшалар орындауы мүмкiн. Қазыналарды қорландыру алтын монеталар мен алтын құймаларын жинақтау түрiнде жүзеге асады.
Металл ақшалар айналысы тұсында қазына жинау тек қана ақша айналысын реттеушi райы атқарған болатын. өндiрiстiң және тауар айналысының кеңеюi барысында немесе керiсiнше. Қазiргi жағдайда қазына жинау қызметi айналыстағы ақша массасын реттегiш қызметiн атқармайды. Қазына тек қана мемлекеттiң сақтандыру қоры ретiнде болады. Алтын резервтерi мемлекетке экономикалық тәуелдiлiктiң болуына кепiлдеме бередi. 1998 ж. 1 қаңтарда Қ.Р. Ұлттық банкiсiндегi монетарлық алтынның қолдығы 41781,1 млн теңгенi құрады.
Несиелiк және қағаз ақшалар қазына жинау құралы қызметiн атқара алмайды, себебi олардың меншiктi құны жоқ. Бiрақ та осы қызмет негiзiнде олар қорлану қызметiн жүзеге асырады.
Ақша айналыс саласынан уақытша шығып қалғаннан кейiн олар қорлана бастайды. Қорлану қызметiнде ақша өзiнiң құнын сол формада сақтай отырып, олар кез келген уақытта айналысқа төлем немесе айналым құралы ретiнде тұсе алады. Шынында да бұл елдегi ақша айналысының тұрақтылығы жағдайында, яғни инфляцияның болмауына байланысты ғана мүмкiн.
Тауар өндiрiс жағдайында қорлану екi формада жүредi;
- кәсiпорындар мен ұйымдардың есеп айырысу және депозиттiк шоттарындағы ақшалай қаражат қалдығы тұрiнде ұжымдық қорлану;
- банктердегi салымдар, мемлекеттiк облигациялар.
Несиелiк механизмнiң арқасында кәсiпорындар мен халықтың ақшалары банктен берiлетiн қарыздар түрiнде қайтадан айналыс процессiне түседi. Сөйтiп, ақшалар қайта бөлу процессiне дәнекер болады.
Дүние жүзiлiк ақша қызметi. Тауар шаруашылығының кеңеюi, шаруашылық байланыстардың интернационалднауы дүние жүзiлiк ақшалар интернационалдық құн өлшемi, халықаралық төлем және сатып алу құралы ретiнде қызмет етедi. Бұл қызметтi бастапқыда толық бағалы ақшалар (алтын), ал кейiннен нағыз ақшалар (шетел валютасы) атқарды. 1867 жылы Париж келiсiмi дүние жүзiлiк ақша қызметiн алтынға балап бекiттi. Егерде елдiң iшiнде ақша ұлттық ақша бiрлiктерi формасында қызмет етiп жүрер болса, ал одан тысқоры жерде К. Маркстiң айтуынша: “ақшалар өзiнiң ұлттық киiмдерiн шешiп, бастапқы қымбат бағалы металл формасын киедi.”, яғни жалпыға бiрдей эквивалент формасына өтедi. Бiрақ алтын айналысы тұсында да ағымдық халықаралық есеп айырысуларға алдыңғы елдердiң ұлттық валюталары қызмет еттi. 1913 ж. халықаралық есеп айырысулардың 80%-зы ағылшын фунт стерлингiнде бейнеленген аударым вексельдер көмегiмен жүзеге асырылды, ал алтын халықаралық есеп айырысулардың қалдығын жабуға ғана қызмет еттi. Бретон-Вудстағы (1944 ж) мемлекетаралық келiсiмге келу, доллар мен фунт стерлингке резервтiк валюталар мәртебесiн бердi. Кейiннен дүние жүзiлiк ақшалардың жаңа формалары: СДР – арнайы қарыз алу құқығы; ӘКЮ – еуропалық есепке алу бiрлiгi пайда болды. Ал 1999 ж. 1 қантарынан бастап Еуропаға ынтымақтастық елдердiң ортақ ақша бiрлiгi “еуро” айналысқа шықты.
Қазiргi уақытта дүние жүзiлiк несиелiк ақшалардың жобаларын жасалуда, бiрақ одан әлi нәтиже жоқ. Енгiзiлген шартты есептесу бiрлiктерiнiң өзiндiк сменшiктi құндары жоқ. Сондықтан олар толыққанды түрде дүние жүзiлiк ақшаның қызметiн атқара алмайды. Бұл қызметтi тек қана алтын нарығындағы оперциялар арқылы алтын атқарады.
- Ақша айналымын реттейтiн заңдылықтар.
Ақша жүйесiн
реттейтiн нақты заңдылықтар
Ал ендi
елiмiздегi ақша жүйесiне келер
болсақ ҚР-дағы ақша жүйесi 1995
жылы 30 наурыздағы, Қазақстан Республикасы
µлттық банк туралы Қазақстан
Республикасы Президентiнiң
ҚР-да орталық
Банк-µлттық банк болып
Сонымен қатар
Қазақстан Республикасының
экономикаға интеграциялануы мақсаттарына жетуiне көмектесiп, ақша айналысы, несие, банктiк есептеулердi және валюталық қатынастар саласындағы мемлекеттiк саясатты жасау және жүзеге асыру;
Ақша-несие және банк жүйесiнiң тұрақтылығын қамтамасыз етуге кҚазақстанның экономикасының дамуы және оның дүниежүзiлiк өмектесу;
Банктiң және басқа несиелiк мекемелердiң қызметiн реттейтiн ережелердi жасау және орындалуына бақылау жасау негiзiнде банк несие берушiлердiң, салымшылардың мүдделерiн қорғау.
Ұлттық банктiң жұмыстарының негiзгi
бағыттары.
елдегi несиелiк ресурстарды және ақша айналысын басқару;
өзiне бағынышты мекемелер арқылы ақшалай түсiмдi инкассациялауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
халық шаруашылығындағы несиелiк, есеп айырысу және кассалық операцияларды жүзеге асыру;
халық шаруашылығындағы несиелiк, есеп айырысу және кассалық операцияларды жүзеге асыру ережелердi, әдiстемелiк инструкциялық нормативтiк актiлердi шығару (барлық банктерге мiндеттi) есеп жүргiзу және банктердiң есеп беруiн ұйымдастыру;
банк iсiн лицензиялау, ақша-несиелiк реттеудiң әдiстерiнiң формаларын талдау;
банк iсiн бақылау және қадағалау;
елдiң банк жүйесiнiң тәуелсiз балансын жасау;
ғылыми зерттеу және аналитикалық жұмыстар жүргiзу;
валюталық операцияларды жүргiзу ережелерiн және тәртiбiн жасау, бiркелкi валюталық саясатын жүргiзу және т.б.
Валютаны
өзгертуге тек қана Қазақстан
Республикасының Парламентiнiң құқы
бар. ұлттық валютаның қызмет
ету шарттарын, мерзiмiн, тәртiбiн
анықтау құқығы Қазақстан республикасының
Президентiне жүктеледi.
Ұлттық банк ҚР-сының
валютасын шетел мемлекеттерiнiң
ақша белгiлерiне айрбастау тәртiбiн
белгiлейдi.
II. тарау. Ақша реформаларын талдау.
2.1 Қазақстан Республикасындағы ақша реформалары
және оның ерекшелiктерi.
ҚР-дағы ақша айналымның өзiндiк тарихы бар. Ол бiрнеше стаылардан өтiп, бiрнеше реформаларды бастан кешiрдi. Соның алғашқысы ретiнде 1922-1924 жж. Ақша реформасын қарастырайық. Алдымен осы ақша реформасын жүргiзу қажеттiлiгiне тоқталайық. Революцияға дейiнгi Қазақстанда жүргiзiлген 1895-1897 жж. Ақша реформалары нәтижесiнде алтын монета айналысы бар алтын монометализм жүйесi енгiзiлдi.
Айналыста алтын, күмiс, мыс монеталар жүргiзiлдi. Негiзгi ақша белгiлерiне 92% алтынмен қамтамасыз етiлген мемлекеттiк банктiң несиелiк билеттерi жатты. Ақша массасының басты бөлiгiн алтын монеталарға ауыстырылатын айналыс құралдары құрады, сондықтанда оларға деген халықтың сенiмi болды. 1917 ж. кезде уақытша ұкiмет 20 және 40 рубльдiк ақша белгiлерiн шығарды, олар шынының бетiне жабыстырылған этикеткаларға ұқсас, бұны халық арасында “кренки” деп атады. Несиелiк ақша мен ”кренкилерден” басқа уақытша ұкiмет сурогаттардың әртүрiн енгiздi: мемлекеттiк қазынаның қысқа мерзiмдi мiндеттемесi, заим купондары. Мемлекеттiк шығыстарды жабу мақсатында ұкiмет iрi купюра қағаз ақшаларды шығарды. ұсақ ақшалар ролiн чектер, бондар, маркалар және басқа да ақшалай сурогаттар атқарды. Ресейде ақша жүйесiнiң жалпы құлдырауы басталып, оның Қазақстанға да өзiндiк ықпалы болды. Қазан революциясынан кейiн ақша айналысының жағдайы, бiршама нашарлай түстi. үш жыл iшiнде (1917-1920) айналыстағы қағаз ақшалардың массасы 48 есеге дейiн өсiп кеттi. Ақша 10 мың есеге құнсызданды. 1919 ж. алғаш рет кеңестiк мемлекеттiк билеттер, кейiннен РСФСР-дiң есеп айырысу белгiлерi айналысқа шығарылды. Түркiстанда, Солтүстiк Кавказда, Кавказда, Қиыр Шығыста және басқа жерлерде жергiлiктi ақша белгiлерiн шығаруға рұқсат берiлдi. Ақша массасы сан алуан түрлi болды. Жергiлiктi ақша белгiлерi Жетiсуда, Верный қаласында (Алматы) шығарылды. Жетiсулық несиелiк билеттер Мемлекеттiк банкте апиынмен сақталған және Жетiсу облысының барлық байлығымен қамтамасыз етiлдi. Бұл туралы несиелiк билеттiң бет жағында көрсетiлген жазу куәландырылады. Дұниежұзiлiк тәжiрибеде мұндай жағдайлар болған емес. Жергiлiктi билiк органдарының иелiгiнде мұндай бағалы дәрiлiк шикiзаттың 275 пуды болды, олар елдiң байлығы болып саналды. Бiрақ бұлар қаржылық жағдайды нығайта алмады. ”Верненск рублi” күн сайын құнсыздана бастады. Азамат соғысы мен шетел интервенциясы жағдайында интервенттер, шетелдiк және ақ гвардия “үкiметi” өздерiнiң ақшаларын басып шығарды. Олардың бағамдары әртүрлi болды және олар тезiрек құнсызданды. Ақшаның қатты құнсыздануының нәтижесi: шаруашылық қатынастардың натуралануы мен ақшаның айналыстап шығарылуы болып табылды. 1920 ж. соңынан бастап “еңбек поягын” ақысыз беру басталды. Келесi жылдарда пәтер ақы мен коммуналдық қызметер үшiн төлем алынып тасталды. Оқушыларға тегiн киiм берiлдi. Базалардың өзiнде, азық-түлiктермен алмасу ақшасыз, яғни кездейсоқ айырбас эквивалент (мысалы етiк жұбы 30 фунт крупаға, немесе 1 пуд қара ұнға, немесе 3 фунт махоркаға және т.б.) түрiнде жүзеге асырылды. 1921 ж. наурызда болғанРКП (б)-ның Х съезiнде жаңа экономикалық саясат (ЖЭС) қабылданды. Шаруалар өнiм салықтарын мемлекетке төгеннен кейiн, артық өнiмдерiн базарға сатуға мүмкiндiк туды. Қала мен ауыл арасында нарықтық қатынас дами бастады. Жеке меншiк капиталдық саудаға және ұсақ өнеркәсiпке араласуына жол берiлдi. Бiртiндеп еңбекақыны ақшамен төлеу қалпына келтiрiлдi. Егер 1921 ж. көктемiнде ақшалай еңбек ақыны төлеу тек 10% құраса, онда 1923 ж. бiрiншi тоқсанында, ол 80%-дан астамын құрады. Бұл ақша реформасының арқасында ғана мүмкiн болды. 1921 ж. қазанда Ресей кеңестiк Федеративтiк Социалистiк Республикасында Мемлекеттiк банк ұйымдастырылып, ол елдiң басты эмиссиялық орталғы ақша реформасын жүргiзуге дайындық жасау болды. Ақша реформасын өткiзудiң экономикалық алғы шарттарына жЭС жүргiзудiң нәтижесiнде шаруашылық жағдайдың бiршама жақсаруы: әртұрлi өнеркәсiп салаларындағы өнiмдер көлемiнiң өсуi, еңбек өнiмдiлiгiнiң артуы, ауыл шаруашылығының басты өнiмдерiнiң өсуi (бидай, мақта) тауар айналымының артуы жатады. Тауар шаруашылығындағы ақша айналысының бiрқалыпты болуының екiншi бiр алғы шарты-бұл ақшаның алтынмен қамтамасыз етiлуi. 1.01.1922 жылдан 1.01.1923 жылдар аралығында Мемлекеттiк банктiң алтын валюта резервi 6,7 млн-нан 31 млн рубльге дейiн өстi. 1922 ж. сәуiрде бағалы металдарда және тастарды еркiн түрде иеленуге рұқсат бердi, оған дейiн халық оларды мемлекетке тапсыруға мiндеттi болатын. Бағалы металдан жасалынған монеталар мен шетел валюталары сатып алу мен сатуда Мемлекеттiк банктiң өзi ғана жүргiзуге монополиялық құқығы болды. Ақша айналысын қалыпқа келтiрудiң басты бiр қадамына 1922 ж. мемлекеттiк ақша белгiлерiн шығару жатты. Мұндағы 1 рубль бұрынғы шығарылған 10 мың рубльге теңестi. Ақашаларды қайта есептеу олардың төрт көлiк сызып тастау (деноминазациялау әдiсi) арқылы жүрiзiлдi. 1922 ж. 1 мамырынан бастап, барлық есептесулер жаңа ақшалармен жұзеге асты. Айналыстағы ескi ақша белгiлерiн 1923 ж. 1 қаңтарына дейiн кассаларда қабылдады. Екiншi рет деноминациялау барысында 1923 жылғы үлкендiгi 1 рубль 1922 жылы 100 рубльге немесе бұрынғы кеңестiк ақша белгiлерiнiң бiр миллионына теңестi. Деноминациялар ақшаны есепке алуды, оңайлатты ақша айналысын бiрқалыпқа келтiру жөнiндегi ұмтылысты куәландырды. Әйтседе рубльдi тұрақтандыру мүмкiн болмады. Мемлекеттiк бюджеттiң тапшылығы жағдайында жаңа ақшалар үстi-үстiне шығарыла бергендiктен де, олар тезiрек құнсыздануға ұшырады.
Аталған ақша реформасы екi кезеңде жүргiзiлдi. 1922 ж. 25 шiлде және 11 қазанда Кеңхалком декретiмен Мембанкке 1,2,3,5,10,25, және 50 червонец тұрғысындағы банктiк билеттердi шығару туралы құқық берiлдi. Бұл червонец соғысқа дейiнгi алтын монетадағы (7,74234 алтын 10 рубльге теңестi). Мембанк червонецтердi кәсiпорындарды вексельдiк және тауармен қамтамасыз етiлген қарыздар беру арқылы шығарып отырды. Бұл тауар айналысының қажеттiлiгiмен байланысты червонецтердi шығаруға мүмкiндiк бердi.
Червонецтердi
эмиссиялардың несиелiк сипаты
олардың қарызды өтеу
Сауда-саттықтың және
банктiк несиелердiң ұлғаюына
қарай червонецтерде айналыста
қолданыла бастады. Олар айналыстағы
барлық ақша массасының нақты
құнының 1.04.1923 ж-15%, 1.07.1923-37% және барлық
ақшалай есеп айырусылар, мемлекеттiң
кiрiстерi мен шығыстары және басқа
да төлемдер червонецтармен
Червонецтер iрi ақша
болғандықтан да олар көбiне
көтерме шаруашылық айналымына
қызмет еттi. Кеңестiк ақша белгiлерi
өздерiнiң ұсақ құндылығына
Екi валютаның
қосарлы айналысы-халық пен
1.05.24 жылы
айналыстағы ақша массасы
Кеңестiк ақша
бiрлiктерiнiң құнсыздану
Кеңестiк ақша
бiрлiктерiнiң құнсыздануы

- Ақша саясаты
- АҚШ-тың қазіргі саясаттағы рөлі
- АҚ «Южполиметалл» құрылғысынан шлакты айдағаннан кейін түсті металдарды алу
- Алаш қозғалысы саяси және тарихи көзқарастары
- «Алаш» либералдық-демократиялық қозғалысы идеологиясының маңыздылығы
- «Алаш» либералдық-демократиялық қозғалысы идеологиясының маңыздылығы
- Алаяқтық құрамы үшін қылмыстық жауаптылық
- Ақша қаражаттары
- Ақша қаражаттарының жалпы сипаттамасы
- Ақша қаражаты, құнды қағаздар, ақшалы құжаттар мен қатаң түрі
- Ақша қар есебі мен аудиті
- Ақша қаржаттар қозғалысының есебін талдау және аудиті
- Ақша-несие саясаты
- АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫНЫҢ МЕХАНИЗІМІ ЖӘНЕ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ