АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫНЫҢ МЕХАНИЗІМІ ЖӘНЕ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
АҢДАТПА
Дипломдық жұмыс Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің ақша-несие саясатының ерекшеліктерін және механизімі мен құралдарының теориялық негіздерін қарастырады.
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкінің ақша-несие
Қазақстан Республикасының
экономикасының қазіргі
АННОТОАЦИЯ
Дипломная работа рассматривает
теоретические основы, механизмы
и особенности кредитно-
Цель кредитно-денежной политики Национального Банка Республики Казахстан – это стабильность национальной валюты и обеспечение его покупки по курсу зарубежной валюты.
Для дальнейшего развития и стабильности экономики Республики Казахстан рассматривается пути и проблемы кредитно-денежной политикию.
ANNOTATION
Diploma work considers the theory, mechanizms and features of the monetary politics of Republic of Kazakhstan.
The main purpose of monitory politics of National Bank of Republic of Kazakhstan is the national currency stability and exchange supporting.
There are considered the ways and problems of monitory politics for further development and stability of the economy of Rupublic of Kazakhstan.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ.......................
1 АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫНЫҢ МЕХАНИЗІМІ ЖӘНЕ
ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
- Ақша- несие саясатының экономикалық мазмұны және мәні.....................7
- Ақша-несие саясатының өзге экономикалық саясаттармен байланысы.....................
.............................. .............................. ......................12 - Ақша -несие саясатының механизмі және құралдары.....................
...........17
- ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУ НӘТИЖЕЛЕРІН ТАЛДАУ
- Казақстан Республикасының Ұлттық банкінің ақша-несие саясатын
жүргізуінің
экономикалық үрдістерін
талдау........................
2.2 Қазіргі кездегі ақша-несие саясатының жүзеге асырылуын
экономикалық талдау........................
3 ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ АҚША-
НЕСИЕ САЯСАТЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫНЫҢ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛДАУ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Экономикалық тұрақтылық
3.2.Ақша –несие саясатын жүзеге асырудағы мәселелерді жетілдіру
жолдары.......................
ҚОРЫТЫНДЫ.....................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ........................
КІРІСПЕ
Нарық экономикасы
жағдайында ақша айналымын
реттеудеудің ұлттық
Мұндай мақсаттарға
жету тек Ұлттық банктің ақша-
Банк жүйесінің
тұрақты қызметінің және оның
дамуының негізі, Орталық банкке,
қызмет белсенділігіне тиімді
ықпал етіп, несие институттарының
қызметін бақылап, ақша
Ұлттық банк
тарапынан ақша-несиелік
Орталық банк
шарушылық бәсекелестіктің
Ортылық банк ақша-несие саясатын жүзеге асыруда ішкі бағаның тұрақтылығын қадағалай отырып, дами түсетін экономиканың ұзақ мерзімді қажеттіліктеріне ықпал ететін, ақша массасы мен несиенің қажетті көлемін қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің ақша – несие саясатының мақсаты ұлттық валютаныңтұрақтылығын, оның сатып алу қабілетін және алдыңғы қатардағы шетел валюталарына қатысты бағамен қамтамасыз ету болып табылады. Оның негізгі құралдары: пайыз саясаты, ең төменгі резервтер нормасы мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алу және сатуға байланысты ашық нарықтағы операциялар, банктерге және Үкіметке берілетін несие, валюталық нарықтағы интервенция. Баға тұрақтылығын қамтамасыз ете отырып ақша-несие саясаты экономикалық өсімге ықпал етеді. Ақша –несие саясатын белсенді жүзеге асыру үшін, ақша-несие мекемелерінің басшылары бұл мақсатқа жетудің мақсаттары мен жолдарын анықтауы қажет.
Келесі өзекті
мақсаттарды құруда, оны дұрыс
бағалау үшін ақша-несие
Осы салаға
ықпалын тигізетін барлық
Талдау мен
зерттеу жүргізу барысында
Жұмыстың мақсаттары.
Жұмыстың мақсаты болып ақша-
Қойылған мақсат жұмыстың келесі міндеттерін анықтайды:
- Ақша-несие саясатын қалыптастырудың теориялық сұрақтарды оқып білу, олардың құрылымын анықтау;
- Ел экономикасында ақша-несие саясатын қалыптастыру барысында талдау жасап, оның себептері мен салдарын анықтау;
- Талдау нәтижелері бойынша қорытындыларды қалыптастыру және отандық банктер үшін депозиттік саясатты жүргізудегі практикалық ұсыныстарды өңдеп шығару.
Жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспеден, негізгі үш бөлімнен және қорытындыдан тұрады. Соңында қысқартылған сөздер тізімі мен пайдаланылған әдебиеттер тізімі келтірілген.
1 АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫНЫҢ МЕХАНИЗІМІ ЖӘНЕ
ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Ақша- несие
саясатының экономикалық
Нарық жағдайында
банк жүйесі екі деңгейде
Орталық банк ұлттық валютаны айналымға шығарады, мемлекеттің алтын резервтерін сақтайды, коммерциялық банктердің міндетті резервтері банктер арасындағы шот айыру ретінде пайдаланылады. Орталық банк халықаралық ақша нарығында сатушы мен сатып алушы қызметін орындайды және шет мемлекеттердің банктерінің істерін үйлестіреді. Барлық мемлекеттерде орталық банк ақша-несие саясатын қалыптастырады және жүзеге асырады, коммерциялық банктердің іс-әрекетін қадағалайды және ұйымдастырады. Орталық банк пен коммерциялық банк операцияларының және банктен тыс секторлардың шешімдері нәтижссінде экономикадағы ақша ұсынысының өзгеруіне ықпалын тигізеді.
Орталық банк
ақша ұсынысын ақша базасына
және мультипликаторға әсер
Қазақстан Ұлттық
банкі мемлекеттік ақша-несие
саясатын анықтайтын және
Ақша-несие саясаты
- бұл айналыстағы ақша жиынын,
несие көлемін, сыйақы
Шаруашылық жағдайына
байланысты ақша-несие
- рекстрикциялық ақша-несис саясаты;
- экспанциялық ақша-несие саясаты.
Рекстрикциялық ақша-несие саясаты екінші деңгейлі банктердің несиелік операциялар көлемін шектеуге және қатаң шарт белгілеуге, сондай-ақ сыйақы мөлшерлемесінің деңгейін арттыруға бағытталатын шаралар жиынтығы.
Экспанциялық ақша-несие саясаты — несие беру көлемін кеңейтумен, айналымдағы ақша жиынының өсуіне бақылаудың әлсіздігімен және сыйақы мөлшерлемесінің төмендеуіне байланысты сипатталады. Соңғы жылдардағы ақша-несие саясатының басты көздеген бағыты: инфляцияны төмендету және теңгенің тұрақтылығын қамтамасыз ету, ішкі нарықтық бағаны тұрақтандыру /19/.
Ақша массасының шамадан тыс артуы отандық және импорттық тауарларға шығындардың артуына, яғни бағанаң өсіміне әкеледі. Егер қысқа мерзім ішінде отандық тауар өндірісінің ұсынысына икемсіздікпен ерекшеленсе, онда экономикадағы өсімнің жоғарғы нәтижесінде, инфляциялық қысым туындайды. Отандық тауар өндірушілердің шектеулі ұсынысының нәтижесінде біршама ақша қаржаты импорттық тауарларға беріліп, төлем баласының жағдайы нашарлайды. Экономиканы жүйелі түрде өзгерту шаралары бойынша бағдарламаларды жүзеге асыратын елдер, сыртқы баланстың теңсіздігімен, төменгі экономикалық өсіммен және жоғарғы инфляциямен сипатталынады. Мұның барлығы ақша агрегатарының қолайсыз қозғалыстарының нәтижесі.
Ақша-несие саясатының мақсаты: төлем балансы, инфлция және экономикалық өсімге байланысты үкіметтің мақсаттарына елдің ішкі өтімділігінің өсімін сәйкестендіру. Кең мағынада алатын болсақ, қаржы саясатының мәні қаржы ресурстарының жинақталынуы және қолданылыуы процестеріне ықпалын тигізетін, экономиканың ресурстарды тиімді пайдалану дәрежесін анықтау болып табылады. Нарық экономикасы дамыған елдердің көптеген жылдардағы тәжірибесі тиімді экономикалық өсім және тұрақты баға деңгейін, тұрғындардың жұмыс бастылығына ықпалын тигізетін, айналымдағы ақша қаражатының іскерлік белсенділігінің көлемі үшін қажетті ,ақша ұсынысын қамтамсыз етуі қажет. Айналыстағы ақшанын саны К. Маркстің ашқан ақша айналасы заңымен реттеледі. Айналысқа қажетті ақша саны - айналыстағы ақша саны мен сатуға арналған тауарлар массасы және атауы бір ақша бірліктерінің айналыс жылдамдығы арасындағы белгілі бір сәйкестіктің болуын талап етеді. Айналысқа қажетті ақша санының формуласы төмендегідей: Монетаристер деп аталатын, ағылшын классикалық экономика мектебінің ғалымдары, келесідей тепе-тендікті белгіледі:
мұндағы:
Р - бағаның жалпы деңгейі;
Ү - өндіріс көлемі;
Т - ақша белгілерінің саны;
D - депозиттер
V және V1-ақшаның және депозиттің айналыс жылдамдығы.
1929 жылы ұлы депрессиядан кейін ақшаның сандық теориясы өзінің күшін жоғалта бастады, себебі кеинсиандық теория ақша массасын емес, нақты экономиканы басқаруға көп көніл бөлді.
Соңғы он жылдықта
етек ала бастаған инфляциялық
процестер ағылшын, американ эк
70-жылдардың басында көптеген елдерде жарияланған инфляцияға қарсы күрес қажеттілігі монетаризмнің жаңа ағынына әкелді және бұл өте қатаң ақша саясатының негізіне енді. Ол шынымен бірқатар елдерде инфляцияны тоқтатуға әсерін тигізді, бірақ бұл процесс жұмыссыздықтың қарқынды өсуімен қатар жургізілді. Ақшаның төлем құралы ретінде қызмет етуі айналысқа қажетті ақшаның жалпы көлемін қысқартады. Бұл, қарыз міндеттемелерінің көп бөлігі карыз талаптары мен міндеттемелерін өзара есептеу арқылы жабу жолымен түсіндіріледі. Сөйтіп, несиенің даму дәрежесі ақша санына кері әсер етеді. Неғұрлым тауарлардың көп бөлігі несиеге сатылса, соғұрлым айналыс үшін ақшаның аз саны қажет етіледі. Оған қоса, мынаны ұмытпаған жөн: айналыстан алынған ақшаның белгілі бір саны шаруашылықтағы және халықтың қолындағы тұрақты ақша резервін қалыптастырады. Осының нәтижесінде, айналыстағы ақша санын анықтайтын заң келесі түрдегі формуламен беріледі:
Тб.с –Нт.б.с+Тс-От.м.с
Ас= ------------------------------
А
Мұнда:
Ас - төлем құралы және айналыс құралы ретінде қажетті ақша саны; Тб.с.- тауар бағасынын сомасы;
Нт.б.с - несиеге сатылған тауар бағасынын сомасы;
Тс- қарыз және басқа міндеттемелер бойынша төлем сомасы;
От.м.с -өзара есептескен талаптар мен міндеттемелер сомасы;
АР - ақша резервтері;
А - ақшаның төлем және айналыс кұралдары ретіндегі айналымның орташа саны.
Теңдікте
көрсетілгендей экономикадағы
Орталық банк экономикалық айналымға онын қажеттіліктеріне сәйкес, несиелеу жолдары бойынша қажетті несие ақшаларының массасын беретін, өзінің эмиссиялық және несиенің қызметін атқарады. Ақша екі түрлі формада болады: қолма-қол (монеталар және банкноталар) және банктік айналымның ақшалары, яғни банктік шоттардағы қолма-қолсыз ақша қаражатының жазу формасындағы ақша белгілері. Ақшаның бүл екі формасы бір-бірімен тығыз байланысты. Банктік айналымның ақшалары әрдайым қолма-қол банкноталарға айналуы мүмкін. Бұл мынадай жағдайларда болады, егер банктік шоттағы ақшалай каражатгардың иесі банк клиенті бұл қаражаттарды шоттан қолма-қол ақша формасында алатын болса. Керісінше, банкке салынған әрбір ақша сомасы клиенттің шотына жазылған болса, онда ол банктік айналымның ақшасына айналады және қолма-қолсыз ақшаны білдіреді.
Ақша айналысының екі облысының бірлігі, яғни ақшаның қолма-қолсыз формасының қолма-қол ақшаға ауысуы және бұған керісініше болуы ақша массасының өзіне қандай компоненттерді қамтитынын анықтауды талап етеді.
Теориямен қатар бұл мәселенің тәжірибелік те маңызы бар. Оны дұрыс шешу ақша айналысынын екі облысы үшін қажетті ақша массасын реттеудің белгілі бір әдістерін анықтайды/19/. Ақша массасының кұрамы сол елдің несие-ақша жүйесімен анықталады.
М1 ақша агрегатына қатысты бірегей көзқарас бар, оған айналыстағы нақты ақшалар мен мерзімсіз депозиттерді жатқызады. Кейбір елдер бұған барлық ағымдағы салымдарды, мысалға, Ұлыбритания - тек олар бойынша пайызбен есептелемейтін депозиттерді ғана жаткызады. АҚШ-та, сондай-ақ, М1-ге банктік емес мекемелермен шығарылған аккредитивті, Жапонияда - 7 күн бұрын алдын ала хабарлауға жататын депозиттерді жатқызады.
М2 және М3 агрегаттарды анықтау барысында елдер арасында мәнді айырмашылықтар бар. Францияда М2-ге М1-мен қоса, 4 жылға дейінге мерзімсіз депозиттерді; АҚШ-та жинақ шоттарындағы қалдықтарды, ақша нарығы қорларының акцияларын, АҚШ-ғы банктерде және шетелдегі банктердегі АҚШ резидентгерінін еуродолларларын; Ұлыбританияда - чек шығаруға болатын депозиттерді, бір ай бұрын хабарлайтын депозиттерді жатқызады.
М3 агрегаты және М2-ден басқа Францияда резидент еместердің ақшалай активтерін: мерзімді депозиттерді, кассалық бондар және қаржы мекемелерінің депозиттік сертификаттарын; Германияда - жинақ депозиттерін; Ұлыбританияда - мерзімді депозиттік сертификаттарды, валютадағы депозиттер мен сертификаттарды жатқызады.
Сонымен әрбір келесі агрегат өзінен кейінгі элементті қосып отырады.
Біздің республикамыздағы айналыстағы ақша қаражаттарының құрылымына мән беретін болсақ, онда ол төмендегідей:
Мо - айналыстағы қолма-қол ақшалар;
М1 өзіне - М0-ді қосады, сонымен қатар шаруашылықтардың есеп айырысу немесе басқа депозиттік шоттарындағы қаражаттардың қалдықтары, капитал салымдарын қаржыландыру бойынша заңды тұлғалардың шоттарындағы, ұзақ мерзімді қаржыландыру мен несиелеу қорларының шоттарындағы, чектік және аккредитивтік шоттардағы қаражат қалдықтары, халықтың және заңды тұлғалардың талап еткенге дейінгі салымдары және т.б. жатады;
М2 - өзіне М1-ді қосады, сондай-ақ ,жеке және заңды тұлғалардың мерзімді салымдарын қамтиды;
М1 - М2-ге мемлекеттік займ облигацияларын қосу. Ақша агрегаттарының кұрылымы ақша нарығы құралдарынын дамуымен өзгереді.
Ақша массасының көбеюі бірнеше каналдар бойынша жүреді:
- Банкноттар мен монеталар эмиссиясы есебінен;
- Орталық банктен коммерциялық банктердің несие алуы жолымен;
- Орталық банктің ел үкіметіне мемлекеттік бюджет тапшылығын жабу үшін несие беруі арқылы;
- Орталық банктің бағалы металдарды, шетел валюталарын және мемлекеттік бағалы кағаздарды сатып алу жолымен;
- Коммерциялық банктердің салымдары жұмылдыру негізіңде чектер эмиссиясын шығару немесе займдар беру жолымен (депозиттер негізінде несиелік ақшаларды шығару);
Коммерциялық банктердің несиелік ақшаларды шығару интенсивтілігі депозиттерді міндетті түрде резервтер көмегімен реттеп отырады. Қаншалықты резервтеу нормасы жоғары болса, соғұрлым банктер несиелеу үшін аз қаражатты пайдаланады. Осыған сәйкес депозиттер негізінде несиелік ақшаларды жасау интенсивтігі артады және ол ақшаны мультипликациялау коэффициентімен анықталады.
Осыдан, ақша
массасының көлемі Орталық
- нақты бейнелеудегі ЖҰӨ-нің болжанатын өсімі;
- жоспарлы кезеңдегі ақша айналысының есептелетін (жылдық ЖҰӨ номиналдык шамасының орташа жылдық ақша массасына қатынасы, біздің жағдайымызда Д2-ге) жылдамдығы;
- жоспарланған кезеңдегі инфляцияның максималды рұқсат етілген деңгейі.
Ақша массасы
өсуінің бақылау көрсеткіштері
елдің экономикалық
- Ақша-несие саясатының өзге эк
ономикалық саясаттармен
байланысы
Орталық банк құралдары арқылы ақша-несие саясатының мақсаттарын жүзеге асырады:
- ақша жиының белгілі бір деңгейде ұстап тұру (қатаң монетарлық саясат);
- немесе пайыз мөлшерлемесін ұстап тұру (икемді монетарлық саясат).
Ақша саясатының
варианттары ақша нарығының
Ақша-несие саясатының вариантын таңдау көп жағдайда ақшаға сұраныспен байланыста болады. Егерде ақшаға сұраныстың өсуі инфляциялық үрдістермен байланысты болса, онда ақша жиының қалыпты ұстау үшін қатаң саясатты пайдаланған жөн, бұл жағдайда ақша ұсынысын вертикалды түрде бейнелейді. Егерде ақша айналымының күтпеген, кездейсоқ өзгерісі нақты айнымалылардың динамикасын сақтап қалса, онда пайыз мөлшерлемесін қалыпты деңгейде үстап тұратын саясат пайдаланылады. Бұл жағдайда ақша ұсынысы горизонталды болады. Р қисығының бұрыштық көлбеуіне байланысты ақшаға сұраныстың өзгерісі немесе ақша жиынына (сурет 2), пайыз мөлшерлемесіне (сурет 1) әсер етеді. Орталық банк бір мезгілде ақша жиыны мен пайыз мөлшерлемесін тіркей алмайды. Мысалы, ақшаға сұраныс өскен кезде тұрақты пайыз мөлшерлемесін ұстап тұру үшін, банк ақша ұсынысын кеңейтеді, оны сұраныстың өсуіне байланысты пайыз мөлшерлемесін өте тез өсірмеу үшін жасайды (Бұл құбылыс Р қисығын оңға қозалтады, тепе-тендік нүктеде өзгереді).
Мұндағы:
R — пайыз мөлшерлемесі.
М — ақша жиыны.
Сурет 1- Салыстырмалы түрде қарағанда қатаң ақша саясаты
Сурет 2 - Салыстырмалы түрдс қарағанда икемді ақша саясаты
Ақша-несие саясатының табыстау механизмі және оның салық-бюджет, валюта саясаттарымен байланысы. Монетарлық саясат өте күрделі табыстау механизмінен тұрады. Жалпы саясаттың тиімділігі, ол, бөліктің сапалы жұмысына тәуелді. Ақша-несие саясатының төрт түрлі табыстау механизмін қарастыруға болады:
- Орталық банк саясатының салдарынан нақты ақша ұсынысының - мәнінің өзгеруі;
- Ақша нарығындағы пайыз мөлшерлемесінің өзгеруі;
- Пайыз мөлшерлемесінің динамикасына байланысты жиынтық шығындардың (әсіресе инвестициялық шығындардың) реакциясы;
- Жиынтық сұраныстың өзгеруіне байланысты өнім көлемінің өзгерісі.
Ақша ұсынысының өзгерісі мен жиынтық ұсыныс реакциясының арасында тағы екі аралық баспалдақ жатыр, осы жағдайлар соңғы нәтижеге көп ықпал етеді.
Нарықтық пайыз мөлшерлемесінің өзгерісі экономикалық агенттердің
қоржын активтерінің
құрылымының өзгеруіне
Сурет 3 - Орталық банктің ақша саясатын кеңейтуінің салдары
Ақша нарығының реакциясы LD қисығының тікшелеу болуынан ақшаға сұраныстың сипатына, түріне тәуелді болады. Ақшаға сұраныс пайыз мөлшерлемесінің өзгеруіне байланысты сезімтал болса, онда ақша жиыныңың өсуіне, пайыз мөлшерлемесінің болымсыз өзгеруі әсер етеді. Және керісінше, ақшаға сұраныс пайыз мөлшерлемесінің өзгерісіне әлсіз әсер етсе, онда ақша ұсынысының өсуі пайыз мөлшерлемесінің едәуір төмендеуіне алып келеді. (суреттер 4,5).
Келесі қадам, пайыз мөлшерлемесінің өзгерісіне байланысты жиынтық сұранысты түзету болады. Әдетте пайыз мөлшерлемесінің динамикасына инвестициялық шығындар әсер етеді деп есептеледі. Егерде ақша нарығында пайыз мөлшерлемесінің едәуір өзгерісі болды деп жорамалдасақ, онда пайыз мөлшерлемесінің динамикасына инвестициялық сұраныстың сезімталдығы байқалады. Басқа жағдайлар тұрақты болса, онда осы шарттан жиынтық табыстың мультипликаторлық мәнінің қеңейуі пайда болады.

- Ақшаның пайда болуының теориялық негiзi
- Ақша саясаты
- АҚШ-тың қазіргі саясаттағы рөлі
- АҚ «Южполиметалл» құрылғысынан шлакты айдағаннан кейін түсті металдарды алу
- Алаш қозғалысы саяси және тарихи көзқарастары
- «Алаш» либералдық-демократиялық қозғалысы идеологиясының маңыздылығы
- «Алаш» либералдық-демократиялық қозғалысы идеологиясының маңыздылығы
- Ақша есебінің ұйымдастырылуын зерттеу
- Ақша қаражаттары
- Ақша қаражаттарының жалпы сипаттамасы
- Ақша қаражаты, құнды қағаздар, ақшалы құжаттар мен қатаң түрі
- Ақша қар есебі мен аудиті
- Ақша қаржаттар қозғалысының есебін талдау және аудиті
- Ақша-несие саясаты