Алматы облысының әлеуметтік-экономикалық даму жолдарын зерттеу
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Алматы облысының әлеуметтік-экономикалық даму жолдарын зерттеу
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
мамандығы 050510 – Мемлекеттік және жергілікті басқару
Алматы 2010
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
______________________________
______________________________
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:_____________________
Орындаған_____________________
20___ ж. «____» ____________________
Кафедра меңгерушісі____________
______________________________
Жетекші
___________ ______________________________
Арнайы тараулар кеңесшілері:
________________ ___________
______________________________
(тарау)
(қолы)
________________ ___________ ______________________________
(тарау)
(қолы)
Норма бақылау ___________
______________________________
Сарапшы
___________ ______________________________
______________________________
мамандығы ______________________________
______________________________
Дипломдық жұмысты орындау
ТАПСЫРМАСЫ
Студент ______________________________
(аты-жөні)
Жұмыс тақырыбы ______________________________
______________________________
Университет бойынша 200__ ж «___»_______________№___ бұйрығымен бекітілген
Дайын жұмысты тапсыру мерзімі 200__ж «___» _____________________________
Жұмыстың бастапқы деректері
______________________________
Дипломдық жұмыста
______________________________
Графикалық материалдардың тізімі
(қажетті жағдайда) ______________________________
______________________________
Ұсынылатын негізгі әдебиеттер
______________________________
______________________________
Жұмыстың арнайы тараулары
Тарау |
Кеңесші |
Мерзімі |
Қолы |
Кафедра меңгерушісі______________
______________________________
Жұмыс жетекшісі ______________
______________________________
Тапсырманы орындауға
қабылдадым, студент ______________
______________________________
Дипломдық жұмысты орындау
ГРАФИГІ
Рет саны |
Тараулар және қарастырылатын сұрақтар тізімі |
Жетекшіге ұсыну мерзімі |
Ескертулер |
Кафедра меңгерушісі______________
______________________________
(қолы)
Жұмыс жетекшісі ______________
______________________________
Тапсырманы орындауға
қабылдадым, студент ______________
______________________________
Мазмұны
КІРІСПЕ....................... |
6 | |
1 |
ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ
ДАМУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ .. |
8 |
1.1 |
Әлеуметтік-экономикалық даму көрсетікштері................. |
8 |
1.2 |
Әлеуметтік-экономикалық жоспарлау..................... |
10 |
1.3 |
Әлеуметтік-экономикалық дамудың бірі – стратегиялық
жоспарлау..................... |
14 |
2 |
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК
- ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ КӨРСЕТКІШТЕРІН
ТАЛДАУ........................ |
19 |
2.1 |
Алматы облысының табиғи- |
19 |
2.2 |
Алматы облысының негізгі әлеуметтік-экономикалық
көрсеткіштерін талдау........................ |
20 |
2.3 |
Алматы облысының негізгі
салаларының бірі -ауыл шаруашылығының
көрсеткіштерін талдау........................ |
28 |
2.4 |
Алматы облысының |
37 |
3 |
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК- |
42 |
3.1 |
Алматы облысының әлеуметтік- |
42 |
3.2 |
Ауыл шаруашылығында маркетингтік стратегия жолдары............ |
53 |
3.3 |
Алматы облысының ауыл шаруашылық жағдайын дамыту
– Еркін экономикалық кеңістікке кіру
ретінде....................... |
59 |
ҚОРЫТЫНДЫ..................... |
62 | |
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ........................ |
65 |
КІРІСПЕ
Бүгінгі күні ауылдың әлуеметтік-экономикалық жағдайы күрделі өзгерістермен сипатталады. Еліміздің даму болашағы ең алдымен ауыл шаруашылығының дамуына байланысты болып отыр. Оның маңыздылығы – ең алдымен халықты азық-түлік өнімдерімен, өңдеуші өнеркәсіпті қажетті ауыл шаруашылық шикізатымен қамтамасыз ету. Баршымызға белгілі - ауыл шаруашылығының еліміздің экономикалық, әлеуметтік өмірінде айрықша орын алатын. Ауыл шаруашылығы дамуының деңгейі елдің экономикалық қауіпсіздігін анықтайды. Елімізде ауыл шаруашылығында қолайлы жерлері көп, сондықтан әлем нарығында бәсекелестікке төзімді агроөнеркәсіп кещенін дамытуға барлық мүмкіндіктер бар. Бұған қоса, халықтың жартысына жуығының әлеуметтік жағдайы ауыл аймақтарымен тығыз байланыста. Ауыл шаруашылығы республика экономикасы дамуындағы маңызды фактор болса, ауыл халқы еліміздіқ қоғамдық – саяси тұрақтылығының да шешуші факторы болып есептеледі. Республика халқының қырық төрт пайызы бүгінде ауылдық жерлерде тұрады. 2003-2005 жылдары Елбасы Н.Ә.Назарбаевтің шешімімен Ауыл жылдары деп жарияланған. Осыған сәйкес, агроөнеркәсіптік секторды мемлекеттік қолдаудың 3 жылдық бағдарламасы қабылданғаны белгілі. Ауыл шаруашылығы Ұлттық экономикамыздың негізін қалаушы. Ауылдың әлеуметтік жағдайын, тұрғындардың тұрмысын түзеу үшін, қатарынан үш жылды ауылға арнау елімізге үлкен өзгерістер әкелді. Ауылдық жерді дамыту ұғымы тек қана, ауыл шаруашылығын дамытудан әлдеқайда үлкен нәрсені көздейді. Бұл ауылдық қауымдастықты қамтитын бүкіл қатынастар кешенінің дамуы болып табылады. Демек, бүгінгі таңда ауылды жандандыру ауылдағы саяси, әлеуметтік әрі әкономикалық байланыстарды қалпына келтірудің біртұтас құрамдас бөлігі ретінде қарастыруымызға болады. Ауыл дегеніміз – сайып келгенде, халықтың тұрмыс салты, мәдениетіміздің, дәстүріміздің, әдет ғұрпымыз бен рухани тіршілігіміздің қайнары [1]. Бұл саяси-моральдык және әлеуметтік факторлардың өзі бізден ауылға толығымен байсалды қарауды сұрайды.
Зерттеу жұмысында қазіргі Қазақстандағы аграрлық қатынастар өзектілігі, ауыл шаруашылығы саласының нарықтық қатынастарға көшуге байланысты оның жаңа құралған мазмұны, ауылдың әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі қарастырылады.
1 ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Әлеуметтік-экономикалық даму көрсетікштері
Сексенінші жылдардың ортасының ХХ жүзжылдығында экономикалық-әлеуметтік даму экономикалық шеңберінде ұлттық бағдарламалардың және халықаралық бірлестік жобаларында үлкен қолдауын тапты. [2]
Әлеуметтік-экономикалық даму көрсетікштері: өнеркәсіп өнімінің көлемі; ауыл шаруашылығының өндірілген өнім көлемі; негізгі капиталға инвестициялар; жұмыссыздық деңгейі; нақты қолда бар ақшалай табыстар; аймақ бойынша бір қызметкердің орташа жалақы; минималды жалақы көлемі; барлық меншік формалары тұрғын үй құрылысы; көлік және байланыс; сауда және өзгеде қызметтерден түскен табыс көлемі; негізгі азық-түліктің және азық-түлікке жатпайтын өнімдердің орташа бағалары, ең төменгі күнкөріс деңгейі. Яғни, экономикалық даму көрсеткіштеріне экономикалық өсу индикаторлары кіреді: ішкі өнімнің өсуі, тұрғындардың табысының нақты өсуі, инфляция деңгейі, мемлекеттік бюджеттің дефициті, сыртқы қарыздар, экспорт, импорт және тауарлық сальдо, экономикағы инвестиция көлемінің нақты өсуі, экономика мен экономикалық іс-әрекеттің салалар бойынша тауар және қызметтер өндірісінің өсу темптері [2].
Экономикалық өсу экстенсивті және интенсивті екі негізгі түрі болады.
Экстенсивті өсу (латын тілінен Extensivus- кеңейтетін) типі кезінде экономикалық өсу 3 фактор есебінен жоғарлайды: негізгі капитал, жұмыс күші, материалдық шығындар (табиғи шикізат, материалдар, қуаттытасымалдаушылар). Бұл түрінде экономикалық өсу жұмыскерлердің көлемдік және кәсіби біліктілік көлемінің өсуі сандық өсуі арқылы және кәсіпорын қуатыттылығының күші арқылы жүзеге асады. Нәтижесінде өнім көлемінің бір жұмысшыға шаққандағы көлемі сол қалпы қалады [4].
Роберт Солоу (АҚШ) экономикалық өсудің келесі моделін анықтады, егер техникалық прогресстің жоқтығы болса (немесе өндірістің экстенсивті кеңейуі), онда факторлардың өсу масшатбынан тұрақты қайтарым қасиетімен анықталынады:
мұнда
Y – өнім шығарылуы
F – сандық байланыстылығы
K – негізгі капитал
L - еңбек
N – табиғи, материалдық ресурстар
Берілген формула келесі функционалды байланыстылықты береді. Егер капитал, еңбек және материалдық шығындар Z көлеміне жоғарлайтын болса, онда өндіріс көлемі де, сол Z есе көбейеді. Осы қасиет өндірістің экстенсивті өсуімен мінезделеді: бұл кеткен өндірістік фаткорлар көлеміне тура пропорционалды болады.
Өндірістің экстенситвті өсуі – кеңейтілген қайта өндірудің ең қарапайым және тарихи жолы болып табылады. Оның өзіндік артықшылықтары бар. Бұл шаруашылықтың дамуының ең оңай жолы. Оның көмегімен табиғи ресурстарды тез игеруге және жұмыссыздықты тез арада төмендетуге болады.
Бірақ мұндай өндірістің өсу түрінде күрделі кемшіліктер бар. Оған техникалық құлдырау тән, бұл кезде техникалық-эконоикалық прогресс байқалмайды. Бұның себебі, зейін тек еңбек өнімділігі, материалдық сиымдылық, негізгі қор қайтарымына ғана бөлінеді, оның нәтижесінде материалдық және моральдық тозу пайда болады.
Техниканың тозуы нәтижесінде әр өнім көлемін өсіру үшін еңбек ресурстарын көбірек шығындайды. Нәтижесінде экстенсивті өсу көп шығындалу сипатына ие болады.
Ал енді, экономикалық өсудің әлде-қайда күрделі түрі – интенсивті (фр. Intensif – үдетiлi). Экономикалық өсудің бұл түрі шығарылған өнімнің масштабының өсуімен сипатталады, бұл өндірістің жетілген және тиімді сапалы факторларды кең қолданумен мінезделеді. Өндіріс масштабтарының өсуі, әдетте жетілген техниканы пайдаланумен, алдыңғы-қатарлы технологияларды, ғылым жетістіктерін пайдаланумен және жұмысшылардың кәсіби біліктілігін көтерумен сипатталады. Осы факторлардың есебінен еңбек өнімділігінің өсуі, ресурстарды сақтау және т.б жүзеге асырылады. Экономикалық өсудің бұл түрі ең бастысы – техникалық прогресс негізінде өндіріс факторларының тиімділігін көтеру.
Кеңейтілген қайта өндірудің бұл түрінде, экономикалық өсудің жаңа фаткоры пайда болады. Оның ең қарапайым мәні келесідей:
мұнда А – факторлардың жиынтық өнімділігі.
Бұл формуладан көреміз: егер өндіріс факторларының шығын көлемі А 1 %-ға өссе, онда өндіріс көлемі 1 %-ға өседі.
Өндірістің интенсивті жоғарлауы экономикалық өсудің бөгеттерін жеңеді, бұл табиғи ресурстардың шектелуінен туындаған.
1.2 Әлеуметтік-экономикалық жоспарлау
Жоспарлау – экономиканың объективтi заңдары мен заңдылықтарын зерттеп түсуiне бiлу және оларды саналы түрде пайдалану арқылы әлеуметтiк-экономикалық дамудың жоспарларын ғылыми негiзде дайындау мен олардың орындалуын ұйымдастыру процессi. Жоспарлаудың негiзгi мақсаты – экономикада баланстық үйлесiм мен макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшiн белгiлi бiр пропорциялар мен пропорционалдыққа қол жеткiзу. [2]
Шаруашылық субъектінің даму жоспарының аса маңызды бөлімі - өндірісткі бағдарлама немесе өнімді өндіру жоспары. Өндірістік бағдарламаның көрсеткіштері: товарлы (жалпы) өнімді өндірудің өсу қарқыны, натуралды түрдегі өнімнің маңызды түрлерін өндіру, оның ішінде өнім сапасының көрсеткішетері. Жоспардың құнды өлшемдегі өнім көлемін анықтауда өнім өндіру жоспарының натуралды өлшемі оған негіз болады.
Натуралды түрдегі өнімді өндіру тапсырмалары өнімнің жеке түрлерінің тұтыну ерекшеліктерін ескеретін өлшем бірлігімен белгіленеді.Мұндай өлшем бірліктері, мысалы тонна,дана және басқа да болуы мүмкін. Барлық жағдайда өлшем бірліктерінде өнімнің әртүрін өндіру мен тұтыну ерекшеліктері көрініс табуы керек. Аса тиімді және жоғары сапалы өнім өндіруді ынталандыру , сол сияқты материалды, еңбек және қаржы ресурстарын пайдалануға мүмкіндік туғызуы керек.
Жоспарда белгіленген
өнімнің өлшем бірлігі
Келешекте өнім сапасын арттыру тапсырмасы натуралды түрдегі өнім өндіруу жоспарының ажырамас бөлігі болып табылады. Өнімнің маңызды түрлерінің сапасы өзінің техникалық, технологиялық және кономикалық көрсеткіштері бойынша өнімді жобалау мен дайындаудың барлық сатыларында отандық және шетелдік ғылымнығ жоғарғы жетістіктеріне сәйкес келулері керек. Осы талаптарға сәйкес ескірген өнімдерді өндірістен алып тастау жәжәне айырбастау , шығарылатын өнімнің негізгі технологиялық сипаттамаларын жақсарту, стандарт, технологиялық және басқа да құжаттар талаптарын сақтау қарастырылады.
Әлеуметтік экономикалық жоспарлау - қоғамдағы әлеуметтік экономикалық құбылыстарды ғылыми түрде негіздей отырып, алдын ала болжам жасау. Жоспарлау 2 түрлі болады:
- мүмкін болатын жағдайларды алдын ала көре білу;
- нақты құбылысты жетілдіру мақсатында қолда бар ақпараттарды пайдалана отырып алдын ала болжау.
Осы құбылыстарға байланысты жоспарлау 2 аспектіден тұрады:
1 теориялық таным;
2.басқару (құбылыстарды басқар
Экономикалық жоспарлау – белгілі бір нысанды негізге ала отырып оның болашақтағы дамуын және ұлғайуын көздейтін жоспарлау.
Алдын – ала жоспарлау 3 түрлі болады:
- Гипотеза – жалпы теориялық тұжырымды негізге ала отырып, алдын-ала көре білу.
- Болжау – сандық және сипаттық көрсеткіштерді негізге ала отырып , алдын-ала көре білу.
- Жоспарлау – белгілі бір объектіні ала отырып, белгілі бір мақсатқа жету үшін алдын-ала көре білу.
Болжамның негізгі әдістері:
- Тарихи - өркенді зерттеу;
- Жүйелі құбылыс – қарапайым құбылысты ескере отырып, күрделі құбылысқа ауысуы;
- Кешенді әдіс – (комплексный) құбылыстардың бір-бірімен байланысын ескере отырып жоспарлай.
- Жоспарлау – экономиканың объективтi заңдары мен заңдылықтарын зерттеп түсуiне бiлу және оларды саналы түрде пайдалану арқылы әлеуметтiк-экономикалық дамудың жоспарларын ғылыми негiзде дайындау мен олардың орындалуын ұйымдастыру процессi. Жоспарлаудың негiзгi мақсаты – экономикада баланстық үйлесiм мен макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшiн белгiлi бiр пропорциялар мен пропорционалдыққа қол жеткiзу.
Экономикалық пропорциялар дегенiмiз өндiрiстiң әр түрлi элементтерi (машиналар, құрал-саймандар, шикiзат және материалдық қорлар, жұмыс күшi) арасындағы, әр түрлi өндiрiс салаларының өнiм көлемдерi арасындағы, түптеп келгенде өндiрiс құрылымдары мен өндiру көлемдерi және тұтыну құрылымдары мен тұтыну көлемдерi арасындағы белгiлi сандық қатынастар.
Экономикалық пропорциялар өздiгiнен (стихиялық) және адамның мақсатты түрде жүргiзген әрекеттерi нәтижесiнде құрылуы мүмкiн. Бүгінгі таңда аймақ ресурстарының құндылығы маңызды емес, нарық экономикасының талаптарына сай ресурстарды бейімдейтін және қайтадан қалыптастырушы аймақтық басшылық пен бизнестің мүмкіншіліктері маңызды болып отыр. Аймақ экономикасының бағасы 1 суретке сәйкес экономикалық, әлеуметтік, технологиялық факторларға, бизнес-ортасы мен институтционалдық дамуға негізделген. Бүгінгі таңда аймақтардың экономикалық даму нәтижелері олардың жедел өзгермелі халықаралық және ұлттық деңгейдегі нарықтық қатынастарға тезірек бейімделу қабілетіне байланысты болып отыр.
Аймақтардың келешектегі
экономикалық жағдайын
1сурет. Аймақтық дамуға әсер етуші факторлар
Ескерту: Әлеуметтік-экономикалық жоспарлау пәнінен дәрістер жинағы, Қасенов Қ.Р. [2]
Жергілікті экономикалық даму (ЖЭД) аймақтың (қаланың) экономикалық потенциалын қалыптастыра отырып, аймақтың болашақтағы экономикалық дамуын жетілдіріп, халықтың тұрмыс деңгейін көтеруді көздеп отыр.
Қазақстан Республикасының экономика мен бюджетті жоспарлау министрлігінің аймақтарды бәсекелестік даму стратегиясының Әдістемесі мен Дүние жүзілік банктің территориялық стратегиялық даму жобасы бойынша Стратегия– болжау, мақсат, міндет, бағдарламалар мен жобалар деген бес компоненттен тұрады.
Әлеуметтік-экономикалық даму индикаторлары ретінде экономиканың динамикасын,оның құрылымы мен тиімділігін,қаржылық жағдайын,ақша айналымын, товарлар мен бағалы қағаздар нарығын,баға қозғалысын,тұрғындардың еңбекпен қамтылуы мен өмір сүру деңгейін,сыртқы экономикалық қатынастарын сипаттайтын және т.б. көрсеткіштерді пайдалану мүмкін. Осы көрсеткіштердің өзара байланыстылығы мен ішкі тепе-тендік жүйесі реттеудің барлық шаралары бағытталған мемлекеттің әлеуметтік – экономикалық саясатына сандық сипаттама беруі керек. Оның ішінде орталықтандырылған қаржылық және валюталық қаражаттар мен несиелер, салықтық тұтқалар, амортизациялық жүйелер, кеден бажы, лицензиялар мен квоталар, мемлекеттік қажеттілік үшін жеткізілетін өнімдер көлемі, мемлекеттік кәсіпорындардың іс-әрекеттерінің жағдайын анықтау.
1.3 Әлеуметтік-экономикалық дамудың бірі –стратегиялық жоспарлау
Стратегиялық жоспарлау – «
Бiздiң алға қарай тұрақты жылжуымыздың басты шарты – бiздiң қоғамымыздың алға қойылған мақсаттарға қол жеткiзудегi бiртұтастығы, халықтың барлық жiктерi мен топтарының ортақ мiндеттердi шешуге бағытталған стратегия айналасындағы топтасуы. Сондықтан стратегиялық жоспарлау мен стратегиялық бақылау, есептiлiк пен жауапкершiлiк жүйесi қажет.
Экономикалық тiрлiгiмiздiң мiндеттерiн шеше отырып, Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi дамуының Стратегиясында келешекке деген көзқарасын Елбасы Нұрсултан Назарбаев баян еткен болатын. Онда қоғамымыздың болашағы ен мемлекетiмiздiң мұратын iске асыруға, өзiмiздiң басым мақсаттарымызды дұрыс айқындауға, тиiстi стратегияларымызға таңдау жасап, осы жолмен жүру үстiнде ерiк-жiгер мен төзiмдiлiк таныта отырып, күш-қуатымызды, уақытымыз бен ресурстарымызды жөнсiз зая кетiруден сақтандыру үшiн қажеттi бағыттары айқын көрсетiлген. Мемлекетiмiз бен қоғамымызды құрудың дұрыс стратегиясын таңдап алужың өмiршең мәнi бар. Екшеле талданып жасалған стратегиялық жоспар назарды жинайқтайды, тәртiпке жұмылдырады. Бiздiң әлiмiз осы айтылған перспективаларға қол жеткiзуi үшiн мынадай ұзақ мерзiмдi 7 басымдықты iске асыру қажет:
1. Ұлттық қауiпсiздiк.
Аумақтық тұтастықын толық сақтай отырып, Қазақстанның тәуелсiз егемен мемлекет ретiнде дамуын қамтамасыз ету.
2. Ішкi саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуы
Қазақстанға бүгiе және алдағы ондаған жылдар iшiнде ұлттық стратегиясын жүзеге асыруға мүмкiндiк беретiн iшкi саяси тұрақтылық пен ұлттық бiртұтастықты сақтап, нығайта беру.
3. Шетел инвестицияларының деңгейi жоқары, дамыған нарықтық экономикаға негiзделгеен экономикалық өсу.
Экономикалық өрлеудiң нақтылы, тұрлауы және барған сайын арта түсетiн қарқынына қол жеткiзу.
4. Қазақстан азаматтарының денсаулығы, бiлiмi мен әл-ауқаты.
Барлық қазақстандықтардың өмiр сүру жағдайларын, денсаулығын, бiлiмi мен мүмкiндiктерiн ұдайы жақсарту, экологиялық ортаны жақсарту.
5. Энергетика ресурстары.
Мұнай мен газ өндiрудi және экспорттауды қалыпты экономикалық өрлеу мен халықтың тұрмысын жақсартуға жәрдемдесетiн табыс алу мақсатында жедел арттыру жолымен Қазақстанның энергетикалық ресурстарын тиiмдi пайдалану.
6. Инфрақұрылым, әсiресе көлiк және байланыс.
Осы шешушi секторларды ұлттық қауiпсiздiктi нығайтуға, саяси тұрақтылық пен экономикалық өрлеуге жәрдемдесетiндей етiп дамыту.
7. Негiзгi мiндеттермен ғана шектелетiн кәсiпқой мемлекет.
Ісiне адал әрi бiздiң басты мақаттарымызға қол жеткiзуге халықтың өкiлдерi болуға қабiлеттi Қазақстанның мемлекеттiк қызметшiлерiнiң ықпалды және осы заманға корпусын жасақтау.
Сонымен, ұзақ, орта және ағымды мерзiмге әлеуметтiк-экономикалық саясатты жоспарлау және этап бойынша стратегиялық мақсаттарға жету – кез-келген мемлекеттiң, аумақтың немесе мекеменiң табысты және өркендi дамуының кепiлi.
Осы қарастырылатын пәнде аумақтың әлеуметтiк-экономикалық дамуының индикативтiк жоспары мәселелерiне, жоспардың тәсiлдерiне, республикамызда және облысымызда қалыптасқан әлеуметтiк-экономикалық жағдайына сараптама жасалынады. Соның негiзiнде келешекте күтiлетiн нәтижелер айқындалады.
Бұның мақсаты:
- нарықты экономика жағдайында жоспарлау қажеттiлiгiн негiздеу;
- аймақ экономикасының күштi және әлсiз жақтарын, мүмкiндiктерiн ескерiп, облыстың әлеуметтiк-экономикалық дамуын жоспарлау;
- экономикалық өсiмдi қамту арқылы, облыс тұрғындарының өмiр сүру деңгейiн болжау.
Әлеуметтік экономикалық жоспарлау - қоғамдағы әлеуметтік экономикалық құбылыстарды ғылыми түрде негіздей отырып, алдын ала болжам жасау.
Жоспарлаудың ең маңыздысы, негізгі мақсатты, яғни ұйымның миссиясын білдіретін басты жоспар – стратегиялық жоспарлау. Стратегия лық жоспар өзгертуге, толықтыруға ыңғайлы әрі қолайлы болуы тиіс.
Стратегияның негізгі екі типі болады -
- тікелей стратегия - ұйымның негізгі мақсатын анықтайтын бағдарлама
- жанама стратегия
- жұмыс барысында кездескен
жағдайларға, сыртқы ортаның
Тікелей стратегия ұйымның институционалды деңгейінде дайындалады (алқа кеңесі, төрағалар кеңесі т.б). Әр бөлімдер өз стратегиясын ортаңғы басқару буынында қарастырады. Төменгі буында өздеріне тиісті міндеттер орындалады. Ұйымның негізгі мақсатына жету үшін басқару құрылымының үш деңгейінде де әрбір менеджер өзінің жеке стратегиясын, яғни корпоративтік стратегияны орындау көзделген. Корпоративтік стратегия 4-ке бөлінеді
1.Өсу стратегиясы –
сату көлемінің өсуі, өндіріс
қуатының ұлғаюы, бұл жағдайда
өсудің проценттік шамасы

- Алматы облысының туристік рекреациялық географиясы
- Алфавитный каталог как составная часть справочно–библиографического аппарата библиотеки
- Альтернативная гражданская служба
- Альтернативная теория фирмы
- Альтернативні джерела технічного водопостачання підприємства в умовах підтоплення території ґрунтовими водами
- Альтернативные источники энергии
- Альтернативные источники энергии
- Аллокационные инновации как средство повышения конкурентоспособности предприятия (на примере ОАО «АвтоВаз-Renault-Nissan»)
- Алматы қаласында 4G технологиясын ұйымдастыру
- Алматы қаласының агломерациясын қалыптастырудың экологиялық ерекшеліктері
- Алматы қаласының агломерациясын қалыптастырудың экологиялық ерекшеліктері
- Алматы қаласының санитарлық эпидемиялық сараптау орталығындағы ет өнімдерінің санитарлық гигиеналық нормалары бойынша сапасын және қау
- Алматы облысы Балқаш ауданының Тамшыбұлақ ЖШС-де күріш дақылын өсірудің экологиялық маңызы
- Алматы облысы Іле ауданы «Анжела» ЖШС ірі-қара фермасын, қорадағы кәдеге жарамсыз ауа жылуын жылу сорғыш қондырғысын пайдалану арқылы ғим