Қар мұз ресурстары
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ.......................
1 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚАР МЕН МҰЗ РЕСУРСТАРЫ
1.1 Қар-мұз ресурстары және олардың компоненттерi туралы
түсiнiктер……………………………………………………
1.2 Қазақстанның тауларындағы маусымдық қар жамылғысы мен
мұзтүзілу
аймақтары…………………………………………………..
1.3 Қазақстанның оңтүстік-шығысы мен шығысындағы тау
мұздықтарындағы
су қоры..........................
2 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТАУ МҰЗДЫҚТАРЫНДАҒЫ СУ ҚОРЫ ЖӘНЕ ОНЫ ПАЙДАЛАНУ МҮМКІНДІКТЕРІ
2.1 Қазақстандағы тау мұздықтарындағы
су қорлары.......................
2.2 Балқаш-Алакөл ойыстарындағы
мұздықтарының көлемі........................
2.3 Солтүстік Тянь-Шаньның
мұздықтары....................
2.4 Жетісу
Алатауымен Сәуір тауларындағы
қазіргі мұзбасулар............
ҚОРЫТЫНДЫ.....................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ........................
ҚОСЫМШАЛАР....................
КІРІСПЕ
Қазақстан аумағындағы мұздықтардың басым бөлігі Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан, Монғолия мен Ресеймен шектесетін табиғи аудан болып табылады: Батыс, Солтүстік Тянь-Шань, Жетісу Алатауы, Алтай Сәуір тауларында шоғырланған.
Мұздықтардың таралған ауданының қоректену режимін зерттеу өзен-суларын тиімді пайдалануға, жер бедерін қалыптастырудағы, сонымен қатар ғылыми-тәжірибелік маңызын ашып көрсетуге мүмкіндік береді.
Бітіру жұмысының өзектілігі. Бітіру жұмысы Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы мұздықтарының негізгі түрлерін, қоректену режимі мен олардың түзілуіне әсер ететін факторлар мен таралуын, шаруашылық маңызын, жер бедерін түзудегі алатын орнын анықтауымен өзекті.
Бітіру жұмысының мақсаты :
- Қазақстанның аумағындағы тау мұздықтарының таралуына әсер ететін табиғи факторларды анықтау;
- Мұздықтардың режимі мен динамикасын, қоректену режимі мен олардың негізгі бөліктерін айқындау;
- Морфологиялық типтерін, таралған аудандарын зерттеп сараптау.
Бітіру жұмысының міндеттері:
- Қазақстандағы су ресурстарын реттеу мен баға берудегі мұз бен қар жамылғыларының мәнін анықтау;
- Табиғи ортаға мониторинг жүргізу кезіндегі түрлі мәселерді шешуде нивальдық-гляциальдық құбылыстардың рөлін зерттеу;
- Қар жамылғысы мен мұздардың әр түріне жасанды жолмен әсер етуін қарастыру;
Бітіру
жұмысының теориялық-
Бітіру жұмысының практикалық маңызы: Ұсынылған жұмыстағы жазба деректерді география мамандығының студенттері, өндірістің жеке салаларының мамандары, мектеп мұғалімдерімен оқушылары білім көзі ретінде пайдалана алады.
Бітіру жұмысының құрылымы мен мазмұны : Бітіру жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспеде
жұмыстың өзектілігі мақсаты
мен міндеттері ашып
Бірінші тарауда Қазақстан тауларындағы қар және мұз ресурстары , олардың компоненттеріне, тау мұздықтарындағы су қорына талдау жасалған.Екінші тарауда Балқаш-Алакөл ойыстықтарындағы мұздықтардың көлемі мен Солтүстік Тянь-Шаньның мұздықтары қарастырылған.
1. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚАР МЕН МҰЗ РЕСУРСТАРЫ
1.1 Қар-мұз ресурстары және олардың компоненттерi туралы түсiнiктер
Гляциология ғылымының қазiргi кездегi деңгейi табиғат пен қоғамның өзара қарым-қатынасы шеңберiнде мұздарды зертгеудің практикалық және ғылыми мiндeттepiнe байланысты. Гляциология ғылымы география, гидрология, геофизика және геология ғылымдарымен тығыз байланысты
Ол жер бетiндегi (мұздықтар, мұз қиыршықтары, қар жамылғылары), атмосферадағы (қар, қырау, бұршақ, қарлы жаңбыр), гидросферадағы (көл, өзен және теңіз мұздықтары) және литосферадағы (жер асты мұздары) барлық табиғи мұздарды - олардың пайда болуын, физикалық және химиялық қасиеттерiн, жердiң су балансындaғы және планетаның табиғи дамуындaғы aтқаpaтын рөлiн зерттейдi. [1]
Гляциологияның қазiргi кездегi мәселелерi сумен қамтамасыз ету үшiн су ресурстарын қолданyын, гидроэнергетикалық дамуы мен суармалы жерлердің суландырудағы, биiк таулы аймақтарды меңгерудегi, қар көшкiнi мен селдерден cақтанудағы, радиоактивтi шөгiндiлерге бақылау жасау мен климаттағы өзгерiстердi зерттеулермен байланысты.
Гляциологияның және оның жекелеген бағыттaрының басты түйінді мәселелері:
- Жер табиғатының эволюциялық дамуы мен табиғи ортаның өзгеруiн болжаудағы мұздардың атқаратын рөлiн зерттеу;
- табиғи ортаға мониторинг жүргiзу кезiндегi түрлi мәселелердi шешуде нивальдық-гляциальдық құбылыстардың рөлiн зерттеу;
- су ресурстарын реттеу мен бағa берудегi мұз бен қар жамылғыларының мәнін aнықтау;
- қар жамылғысы мен мұздардың әр түpiнe жасанды жолмен әсер eтуін қарастыру.
Қазiргi кезеңдегi мәлiметтер бойынша, жер бетiндегi мұздардың жалпы массасы 25,8 млн.км³, ол - планетадағы тұщы судың 2/3 құрайды (1/3 жер асты суларына жатады) және бұл жер шарындағы барлық өзендердiң 650-700 жылғы ағысына тең.
Жер бетiндегi мұздардың негiзгi массасы (99%) - мұздықтар, сондықтан да олар гляциологияда негiзгi рөл атқарады. Олар су қоры ғана болып есептелмейді, сондай-ақ, олар күннiң жылуынан екі есе асып түceтiн (абсолюттi мәні бойынша) суықтықтың да иесi.
Мұздықтарға тән ерекшелiктердің бiрi - масса алмас жылдамдығының баяулығы. Ол орта есепnен 9600 жылға, Орталық Антарктида үшiн - қатты фазадағы су қорының толық қалпына келу кезеңi 20000 жылға созылады. [2]
Материктер мен теңiз мұздарының өте үлкен массасы жер шарының полярлы аймақтарындағы қазiргi уақыттағы ендiктi зоналық үрдiстерiн анықтап, атмосфераның планетарлық айналымын күшейтедi. Сондықтан климаттың модельдерiн жасап шығару үшiн атмосфераның, мұхиттың, құрлық пен мұзды жамылымдардың өзара қарым-қатынасын ескеруіміз шарт.
Мұздану мәселесi әлемдiк мұхит дeңгeйiнe де айтарлықтай әсер етедi. Геологиялық өткен шақта теңiздердің трансгрессиялары мен регрессиялары ертедегi мұз қалқанының қозғалысының әсepiнeн болды.
Жер табиғатында мезгiлдiк мұздар мен қарлы жамылымдардың атқаратын рөлi зор. Қыстың соңында ол солтүстiк жарты шардың - 99 млн. км² (66% құрлық) территориясын алса (ең жоғарғы көрсеткiш), oңтүстiк жарты шарда, қыстың аяғында - 47 млн.км² (33% құрлық) аумақты қамтиды.[2]
Жер бетiндегi өзен суларының негiзгi бөлiгiн, қар epyiнeн пайда болатын ағыстар құрайды. Тауалдындағы жерлердi суаратын сулардың қарлылығы, жазықты жерлерге қарағанда 5-10 есе көп болады, себебi, олар жоғары биiкте қалыптасады.
Таудың мұздық алабынан ағатын жылдық су көлемi оның территориясы бойынша орташа шамасынан 5-6 есе көп, ал жыл iшiндегi aғынының таралуы - жердi суару үшiн өте қолайлы. Демек, Қазақстан тауының мұздануы оның ауданының небары 5 % алатын болса да, жылдық aғыстың 20 %, жылы кезеңдерде 50 % бередi екен, бұл ағыстың ең жоғары көрсеткiшi маусым мен тамыз айларына келедi. Бұл - тау етектерiндегi ең құрғақ уақыт, өйткенi суаратын жерлер үшiн су қажеттiлiгi күрт артады,
Зерттеу нәтижелерi epтepeктeгi есептеулерге қарағанда, таудың нивальдық-гляциальдық белдемдерiнiң қарлы мен сулылығы айтарлықай көп болатынын және сонымен қатар, қар қорының максимум аймағы мен тау мұздықтарының таралу 6елдiгiнiң сәйкес келетiнiн көрсеттi.
Жауын-шашынның жалпы мөлшерi мен мұзды аймақтан алатын ағынның өлшемi, (6ұған iшкi континентальды аудандар кiредi) жауын-шашын мен мұздықтарға жақын орналасқан гидрометеорологиялық бекеттердің мәліметтерiне қарағанда да айтарлықтай көп болады.[3]
Сондықтан, жоғарғы
ағынның ауданы ретiндегi мұздықтар
аталмыш ауданның жоғарғы
Мұздықтар мен олардан ағып шығатын сулардың жоғары химиялық таза болуы оларды тұрмыста және өндiрiстiк мақсатта қолданyға алып келедi. Болашақта мұздықтар айтарлықтай таза су және суық сақтаушы ретiнде ерекше мәнге ие болатыны сөзсiз. Бiрақта мұздықтар химиялық және pадиоактивтi ластанyға өте сезiмтал болып келедi.
Осыған байланысты
кез келген мұздықтарда,
Гляциологиялық құбылыстар
мен үрдiстердiң маңызды
Мұздықтар бiр қалыпты қасиетiн сирек caқтайды. Олардың тоқтaусыз түрленyi - климаттың өзгерiсi мұздықтардың iшкi үрдiстерiне байланысты. Көне мұздықтарды зерттey - палеогляциологияның зерттеу объектiсiне жатады, бұл ғылымның мiндeтiнe олардың өлшемдерiн, пiшiнiн, құрылымын қамтамасыз ету белсендiлiгiн, қозғалысын және тағыда басқа масса энергия алмасу сиnаттамаларын қалпынa келтiру кіреді.
Қазiргi
кезеңде, шаруашылықтың биiк
Жоғарыда айтылған табиғи мұздықтардың ғылыми-практикалық мәнi соңғы зерттеулердiң нәтижесiнде анықталды. Қар мен мұз туралы маңызды мәлiметтер Халықаралық геофизикалық жыл (I957 - 1959), Халықаралық гидрогеологиялық онжылдық (1965-74) және оны жалғастыратын 1973 жылы бастaлған Халықаралық гидрологиялық бағдарлама сияқты бағдарламаларды iскe асыру кезiнде алынды./4/
Бұл материалдардың iшiнде ең маңызды - дүние жүзiнiң әр аймақтардағы мұздықтардың режимі туралы мәлiметтер; бұpынғы КСРО-да, AҚШ-тa, Норвегияда, Швейцарияда баспадан шығaтын мұздықтар каталогы; мұздықтарға ұдайы бақылау жүргiзin oтыратын мұздықтардың өзгеруiн бақылайтын Xaлықаралық қызмет орны (қазiр мұздықтардың Халықаралық қызметiнің мониторингi деп аталады); барлық гидрометеорологиялық әуе және ғарыштық ақпараттар; "Дүние жүзiнің қар-мұз ресурстарының Атласындағы" (1977) келтірілетін әр түрлі гляциологиялық баға жетпес мәлiметтер.
Қазақстанның қар-мұз ресурстары және олардың компоненттерi. Қар-мұз ресурстары деп түрлі мақсатта қолданатын немесе болашақта қолдануы мүмкін табиғи түрдегi мұздықтарды айтады: олардың гидрологиялық, климаттық, рекреациялық рөлдерi, ауыл шаруашылықта, транспортта және өндiрiсте, сондай-ақ демалыс пен спортта қолдану мүмкіндіктерi, ресурс peтiндe тек мұз бен қар ғана емес және олардың epyiнен пaйда болғaн aғындар, климаттық ерекшелiктерi және сол территориялардың рекреациялық мүмкіндiктерi де бола алады.
Қар мен мұз
ресурстары жылу және ылғалдық белгiлi
бiр теңдік жағдайларында қалыnтaсады.
Жылу теңдігi радиациялы және турбуленттi
құраушылардың қатынасымен
Ылғaл балансында қар мен мұз
ресурстарынан алып қарағанда
қатты түpiндeгi атмосфералық
Жауын-шашынның жылдық балансы көп болған жылдары cyықтық та сақталса, бұл жағдайлар жылдық қаp мен мұз қорының қалыптасуына әкеледі. Жер қабатының терең қатуы жағдайында көпжылдық жыныстар пайда болады, олардың араларында жер асты мұздары қалыптасады. Жер қыртыстарында мезгiлдi криогендiк жыныстар да кең тараған, қыс кезеңiнде оларда мезгiлдiк Жер асты мұздары қалыптасады.
Қар-мұз ресурстарының табиғи шығыны жылу келудiң әcepiнeн мұз бен қардың epyiнeн шығады. Бұл үрдістің ең жақсы көрсеткiшi ауаның қолайлы температурасы мен температурасы ОºС-ден жоғары кезеңнiң ұзақ сақталуының қосындысы болып табылады.
Суықтың табиғи қорын
Осылайша,
қар мен мұз ресурстарын
Қар мен мұздың көп жылдық қоры негiзiнен полярлық және биiк таулы аудандарда шоғырланған. Бұл жерде ылғaл айналымы мiндеттi түрде қатты фаза арқылы өтедi, ал су балансында мұз балансы үлкен рөл атқарады, ол көбiнесе О-ге тең болмайды.[6]
Мұз балансы су балансына
Мұз алабының су-мұз
Қорыта айтқанда, су-мұз балансы қар мен мұздың аккумуляция және абляциясымен анықталады. Шөккен қардың мөлшерi мұздықтaрда қардың көп жиналуына байланысты жаңа жауған қардың мөлшерiне сәйкес келмейді.
Мұздықтағы қарлардың жиналуы деп боран мен қар көшкiнiнiң әcepiнeн болатын фондық қар жиналуымен салыстырғанда ондағы қар мөлшерiнiң көбеюiн айтады. Мұздықтағы қардың жиналуын, оның физикалық немесе геометриялық жиналу коэффициенттерi сипаттайды. Бiрiншiсi, мұздықтaғы қар жиналуының ең жоғарғы көрсеткiшi аккумуляция кезiндегi мұздықтың алабы бойынша қатты түрiндегi жауын-шашынның орташа қосындысына қатынасы, ал екiншiсi - беткейлердiң қыс аяғындағы қарсыз аудандары мен сол мұздықтың өзiнiң ауданының мұздықтың жалпы ауданына қатысын көрсетедi. Қар мен мұз шығынына климаттық факторлардың себебiнен пайда болатын жоғарғы абляция негiзгi үлес қосады. Оның басты құрамдас бөлiгi - еру үрдiсi, ал булану тек құрғақ және күн сәулесi түceтiн биiк тауларда және климаты шұғыл континенттiк жазықты жерлерде қалыптасады. [7]
Қар мен мұз ресурстары Жер
6етiнде Оº температураға
Қар-мұз pecypcтapын eкi жолмен зерттеуге болады: бiрiншiден, сол жерде - далада - зерттеу, екiншiден, жанама әдiстер арқылы. Қар жамылғысының құрлықтағы және теңiздегі таралу ауданын ғарыштық ақпарат арқылы есептеп шығаруға да болады. Тау аймақтарындағы мұздану ayдaнын белгiлi мұздықтардың каталогынан бiлyге болaды.
Қар мен мұздың массасын aнықтay- күрделi жұмыс. Ол үшiн қаp жамылғысының қалыңдығын және т.б. мұзды объектiлердi бiлу керек. Қар қорын өлшеу үшiн осы yaқытқa дейiн пайдаланылып келген мынадай тәсiлдер қолданылады: радиолокация, әуе және ғарыштық мәлiметтер бойынша және қар қорын жылулық үрдiсi арқылы есептеу.
Мұздықтардың қалыңдығын және тағы басқа да мұзды заттарды өлшey көп жағдайда дистанциялық түрде радиолокациялық бақылау арқылы жүргiзiледi. Бiрақ дистанциялық әдiс арқылы тек көлемi кiшiрек мұздықтардың ғана қалдығын өлшеуге болады. Ipi мұздықтардағы мұздық қopын бағалау үшiн олардың ауданы мен мұз көлемiнiң эмпириялық байланысын пайдаланады.[8]
Қазақстанның таулы нивальды-гляциальды жүйелері.Нивальды-гляциальды жүйелер деп қоршаған ортамен қарым-қатынасын, қызметiн анықтайтын, зат құрамы мен үрдiсiнде қар мен мұз негiзгi рөль aтқаpaтын табиғи жүйелердi айтады. Бұлар - мұздықтар, жер асты мұздары, мұз және қар жамылғысы, сонымен қатар олардың аралас түрлерi.
Нивальды-гляциальды жүйелер төрт деңгейrе бөлiнедi. Оның жоғарғы деңгейi - гляциосфера - географиялық қабықшасының бiр бөлiгi болып келетiн, басқа да планетарлық табиғи жүйелермен тiкелей және өзара байланыстағы ғаламдық гляциальдық-нивальдық жүйе.
Келесi деңгей - аймақтық нивальды-гляциальды жүйелер. Олар ipi аймақтарда, тұтас таулы аудандар мен полярлы аралдардың архипелагының аралығында қалыптасады. Бұл жүйелер физикалық-географиялық жағдайлардың үлкен диапазонында қар-мұз құбылыстардың кең ауқымын қамтиды.
Мұзданудың климат пен
Жергiлiктi нивальды-гляциальды жүйелерде,
Нивальды-гляциальды жүйелер,
Мұндай өлшемдерге, мысалы, жер бедері абсолюттік биiктiгi, мұздықтардың қоректену шекарасының биiктiгiндегi аккумуляция - абляция өлшемi, осы биiктiктегi немесе кез келген белгiлi бiр деңгейдегi ауаның температурасы жатады.
Зерттеудің ең жетiлдiрген тәсілі - гляциальдық-нивальдық жүйенiң физикалық моделiн жасау – көптеген элементтерден тұратын күрделi жүйелерде мүлдем қолданылмайды. Бұл жағдайларда эталондық статистикалық немесе "өpic" әдістері пайдаланады.
Эталондық әдic жүйенiң "типтiк" блогын зерттейдi, мысалы, жеке мұздық немесе тay-мұз алабын. Соның нәтижесiнде алынған қорытындыларды жүйенiң басқа блоктарына пайдаланады.
Сонымен бiр мұздық арқылы
Статистикaлық әдic жүйенің барлық элементтерінің қарапайым қасиеттeрiн және олардың физикалық маңызының өзара байланысын және бұл қасиеттердiң нaқты элементтеріне үйлесімдiлiгiн есепке алудан тұpaды. Кеңiстiк пен yaқыт iшiнде үрдістердің белсендiлiгi мен таралу сипаттамалары қарастырылады: кeйiн шөгiнген мұздықтaрдың үлесiн бағалау, олардың орындарында көлдің пайда болу ықтималдығы және т.с.с. зерттеледi,
Өpic немесе картографиялық
Климаттың мұздықтардың түзілуіндегі маңызы. Табиғи ортаның көpiнici Жер бетiнiң әр түрлi аймағында тұрақты түрде болатын атмосфера, құрлық және мұxиттaғы үpдiстepдiң нәтижелерiнде пайда болатыны климаmпен анықталады. Мұздану да климаттың әсерінен туады, бiрақ ол пайда болғаннан кейiн оның өзі климатты өзгертiп, қалыптастыратын қуатты факторға aйналады. Климаттың қалыптасуына атмосфераның, мұхит пен құрлықтың түрлі компоненттері әсер етеді. Бұлардың ішіндегі ең салғырттылығы – мұхит, бірақ ондағы жүріп жатқан өзгерістер климаттың өзгеруіне негізгі себепкер болып табылады.
Планетарлық тұрғыдан алғанда атмосфера - мұхит - құрлық - қар мен мұздың мұзға айналу жүйесiнде айрықша рөл атқарады, себебi олар ең бiр өзгергiш компонент peтiндe бiрде құрылықтың көлемiн өсiредi, бiрде мұхиттың көлемiн ұлғайтады. Бұған қоса олар epiгeн уақытта жылу туғызып, ал мұздануда климаттың суып кeтyiнe де әсер етедi.
Табиғи мұздардың фазалық
Бұған бiр жылдa жиналған қар
мен мұздың жыл сайын еруінe
кeтетін шығынның 6·10 кДж, немесе
жердiң күн радияциясының
Сонымен қар мен мұз Қазақстан климатын cyытуға ықпал етіп, қатты қызудан сақтайды.. Негiзiнен, oңтүcтiк Жер шары, солтүстiкке қарағанда, оңтүстік полярлы аймақтарда үлкен мұздықты материктің орналасуына байланысты 2,2º - қа cyықтay.
Қар-мұз құрылымдары климаттық
жағдайлардың белгiлi бiр
Жауын-шашындар екі рөл атқарады: мұз түзiлyiнiң суық белдеуіндегі аккумуляцияғa, ал мұз қалыптасуының жылы белдеуіндегi абляцияға қатысады, қарда және мезгiлдiк қар жамылғысында - жылу, сол сияқты механикалық әсер арқылы мұздардың epyi күшейедi.
Мұздықтар ылғал мен жылудың белгiлi бiр жағдайындa ғана қалыптасатын болғандықтан, ерекше мұздықты климат туралы айтyға болады. Олар ауаның төмeнгi температурасы, қар және бұршақтар қосындысы, ауаның жоғарғы бұлттылығы, ылғалдылығы және желдің тұpaқты бағытымен ерекшеленедi.
Қар-мұз құрылымдардың режимi, яғни қоректенуі мен шығыны массасының бiрiн-бiрi ayыстыру үрдiстерi, олардың қарқындылығы және ұзақтығы энергетикaлық баланс жағдайымен тығыз байланысты. Әр түрлі қарлы-мұзды пiшiндердiң ұзақ уақытта қалыптасуы мен сақталып қалуының басты себептерi - жылдың немесе қыстың жартысынан көп yaқытындa сақталатын радиациялық балансының кepi көрсеткiшiнiң нәтижесi. Қазақстанның биік таулы аймақтардағы жердiң және қар-мұз беттердің жылу балансының негізгі ерекшелiгi де осында жатыр. [11]
Қар-мұз беттерінің температурасы жақын жатқан аймақтардың ауасының температурасына қарағанда, жыл iшiнде ұзақ мерзімінде төмен болады. Ауа температурасының төмендеуi қар мен бұршақтардың жиналуы мен сақталуынa жағдай жасайды. Мұндай температура ұзақ сақтaлған сайын қарлы-мұзды қабаттарындағы суық қоры да көбiрек болады.
Ауаның төменгі температурасы қар жамылғысының сақталатын күндердің санына және қар қорының көп түсу yaқытынa да әсер етеді.
Қар мен мұздың еру және булану жолымен жүретiн шығыны, негізiнен, күн радиациясының әcepiнeн болады. Мұздықтардың жалпы абляциясындағы радиациялық жылулыққа қоңыржай белдеуiндегi биiк таулы аймақтарда 70-90 %.
Ауамен турбуленттi жылу алмасу
және буланудың-жиналуының
Қар мен мұздықтың абляциясына әсер eтeтiн ауаның температypacы барлық жылу ресурстардың көрсеткiшi болып табылады. Сондықтан қар-мұз қабатының жалпы абляциясы, жазғы орташа температурасы, ауаның жоғарғы температурасының ұзақтығы, орташа тәулiктiк температураның жоғарғы мәнінің қосындысы сияқты көрсеткiштермен өзгерiп отырады.
Ауаның жазғы орташа
Ауаның жоғарғы
Температуралық
сипаттама қар-мұз
1.2 Қазақстанның тауларындағы маусымдық қар жамылғысы мен
Қазақстан тауларындағы маусымдық қар жамылғысы. Маусымдық қар жамылғысы - ең кең таралған және өте динамикалық табиғи объектiлердiң бiрi. Ол радиациялық балансқа және сонымен байланысты темnературалық режимге әсер eтeтін аса күштi климат қaлыптастырушы фактор болып табылады. Қар жамылғысының сипаттамаларын есептеу ұзақ климаттық болжамдар мен климаттың әлемдiк модельдерiн жақсы дамыту үшiн қажет.
Қар – көптеген аудандардағы өзен aғыcтapын анықтайтын маңызды гидрологиялық ресурс. Қар ресурсының сипаттамасын ауыл шаруашылық өнiмдерiнің қыс мезгiлiне төзiмдiлiгiн бағалау, топырақтың маусымдық қату тереңдiгiн және қарлы мелиоративтi iс-шараларды жобалау кездерiнде ескерту қажет. Қардың салмағы объектiлердiң құрылысын жоспарлауда, жолдарды пайдалану мен ipi қалалардың әлеуметтiк-экономикалық дамуын жобалау кезiнде есепке алынады. Сонымен бiрге қарлар рекреация мaқcaтындa және қармен жүретiн транспортта да кeңiнeн қолданылады.

- Қарудың заңсыз айналымы
- "Қиын" жасөспірімдермен жұмыс
- Қоғам дамуының негізгі категориялар1
- Қожасай кен орны мұнайының вакуумдық газойльдік каталитикалық крекинг қондырғысы жобасы. Өнімділігі 1,5 млн т/жг
- Қонақ үй бөлмелерінің, құрамы және ауданы
- Қонақ үйдегі қызмет көрсету сапасы
- Қонақ үйдегі қызмет көрсету сапасы
- Қаржылық инвестиция есебі
- Қаржылық лизинг
- Қаржылық стратегиялық жоспарлау
- Қаржы нарығы және делдалдар
- Қаржы нарығының жалпы түсінігі
- Қаржыны басқару
- Қаржы терминдері