Қонақ үйдегі қызмет көрсету сапасы
Қазақстан Республикасы
Статистика агенттігі төрағасы
міндетін атқарушысының
2010 жылғы __30 желтоқсандағы__
№_356_бұйрығына қосымша
Туризм статистикасы көрсеткіштерін қалыптастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар
Туризм статистикасы көрсеткіштерін қалыптастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар (бұдан әрі – Әдістемелік ұсынымдар) Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспарының «Статистикалық әдіснама мен статистикалық құралдарды жетілдіру» стратегиялық бағытын жүзеге асыру шеңберінде әзірленді.
Осы әзірлеменің әдістемелік негізі Дүниежұзілік туристік ұйыммен (ДТҰ), Біріккен Ұлттар Ұйымының Статистика бөлімімен, Халықаралық еңбек ұйымымен (ХЕҰ), Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен (ЭЫДҰ), Еуростатпен, Халықаралық валюта қорымен (ХВҚ), Дүниежүзілік сауда ұйымымен (ДСҰ) ынтымақтастықта әзірленген 2008 жылғы туризм статистикасы бойынша халықаралық ұсынымдар болып табылады.
Әзірленген
әдістемелік ұсынымдар
Осы әдістемелік ұсынымдар
туризм статистикасы көрсеткіштерін қалыптастыру
бойынша статистикалық
Мазмұны
1. |
Жалпы ережелер ……………………………………………………..… |
4 |
2. |
Туризм статистикасы көрсеткіштерін қалыптастыру ......………........ |
9 |
2.1 |
Туристік қызметтің
негізгі статистикалық |
10 |
2.1.1 |
Туристік сапарлардың сипаттамалары………………………………… |
12 |
2.2 |
Орналастыру орындарының негізі статистикалық көрсіткіштері ...... |
16 |
2.3 |
Туристік шығындар………………………………… |
18 |
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі……………………………………… |
22 |
- Жалпы ережелер
1. Туризм соңғы уақытта экономикалық және әлеуметтік құбылыс ретінде ауқымы айтарлықтай кеңейген қызмет түрі болып табылады. Қазіргі уақытта туризмнің экономикада тікелей немесе қосылған құнды құру, жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуде, жеке табыста, мемлекеттік кірісте және т.с.с. әсер ету жолымен алып тұрған немесе алатын рөліне көп назар аударылуда.
2. 2008 жылғы Туризм
статистикасының халықаралық
2008 жылғы Туризм
статистикасының халықаралық
3. Туризм статистикасы бойынша қолданыстағы әдістемелік ұсынымдарға жаңа стандартпен келістілігін арттыру үшін өзгерістер енгізілді. Нәтижесінде 2008 жылғы туризм статистикасы бойынша ұсынымдарымен сыйысатын және Қазақстанның нақты талаптары мен шарттарына бейімделген туризм статистикасы көрсеткіштерін анықтау және қалыптастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірленді.
Әдістемелік ұсынымдарды әзірлеу үшін 2008 жылғы туризм статистикас бойынша халықаралық ұсынымдардың тұжырымдамалық негіздері пайдаланылды.
Осы әдістемелік
ұсынымдарда келтірілген
4. Әдістемелік ұсынымдарда келесі түсініктер пайдаланлады:
- туризм - жеке тұлғалардың уақытша болатын елде (жерде) жиырма төрт сағаттан бiр жылға дейiн не жиырма төрт сағаттан аз уақытқа созылатын, бiрақ түнейтiн, ақылы қызметпен байланысты емес мақсаттағы саяхаты;
- ішкі туризм – қарастырылып жатқан ел шегінде тұрақты тұрып жатқан келушінің ішкі туристік сапар немесе шығу туристік сапар шеңберіндегі қызметі;
- келу туризмі – қарастырылып жатқан елде тұрмайиын келушінің келу туристік сапары кезінде осы ел шегіндегі қызметі;
- шығу туризмі – қарастырылып жатқан ел шегінде тұрақты тұрып жатқан келушінің шығу туристік сапар немесе ішкі туристік сапар шеңберіндегі қызметі;
- қызмет түрі – сапарға дайындық кезінде және сапар барасында тутынушылар ретінде адамдардың іс-әрекеті мен жүріс тұрысы;
- турист - уақытша болатын елге (жерге) жиырма төрт сағаттан бiр жылға дейiнгi кезеңге келетiн және ақылы қызметпен айналыспай, сол елде (жерде) сауықтыру, танымдық, кәсiби-iскерлiк, спорттық, дiни және өзге де мақсаттарда кемiнде бiр рет түнейтiн жеке тұлға;
- саяхатшы – әр түрлі мақсатта және қандай да бір мерзім ішінде әртүрлі географиялық мекендер арасында орын ауыстыратын қандай да бір тұлға;
- келуші – елде немесе бару орнында тіркелген кәсіпорынға жұмысқа орналасу мақсатын қоспағанда кез-келген басты мақсатпен (іскерлік сапар, демалу, немесе басқа да жеке мақсат) бір жылдан кем мерзімге оның әдеттегі ортасынан тыс орналасқан қандай да бір негізгі мақсатты орынға сапар шегетін саяхатшы;
- халықаралық келуші – туристік сапарда жүрген және қарастырылып отырған саяхаттап жүрген ел тұрғыны болып табылмайтын немесе қарастырылып отырған ел тұрғыны, одан тыс жерде саяхаттаушы болып табылатын келуші;
- ішкі келуші – туристік сапарда жүрген және қарастырылып отырған ел тұрғыны болып табылатын келуші;
- түнейтін келуші – сапарына түнеу кіретін келуші (ішкі, келу немесе шығу);
- бір күндік келуші (немесе экскурсант) – келуші (ішкі, келу немесе шығу) егер оның сапары түнеуді қосса немесе түнеуші келуші деп немесе басқа жағдайларда бір күндік келуші (немесе экскурсант) деп жіктеледі;
- саяхаттаушы бірлестік – шығындары біріктірілетін бірлесіп сапар шегуші келушілер;
- туристiк сала - негiзгi қызмет саласы туристiк қызмет көрсету, туристiк өнiм жасау, оларды iшкi және халықаралық нарықтарда ұсыну мен өткiзу болып табылатын экономика саласы;
- туристiк қызмет көрсету – туристiң саяхаты кезеңiнде және осы саяхатқа байланысты оның қажеттiлiктерiн қанағаттандыру үшiн ұсынылатын қажеттi қызмет көрсетулер (орналастыру, тасымалдау, тамақтандыру, экскурсиялар, туризм нұсқаушыларының, гидтердiң (гид-аудармашылардың) қызмет көрсетулерi және сапар мақсатына байланысты көрсетiлетiн басқа да қызметтер);
- туристік өнім – туристің саяхаттау барысында қажеттілігін қанағаттандыруына жеткілікті туристік қызметтердің жиынтығы;
- туристiк ресурстар - туристiк көрсету объектiлерiн қамтитын табиғи-климаттық, тарихи, әлеуметтiк-мәдени, сауықтыру объектiлерi, сондай-ақ туристердiң рухани қажеттiлiктерiн қанағаттандыра алатын, олардың дене күшiн қалпына келтiрiп, дамытуға жәрдемдесетiн өзге де объектiлер;
- туристік индустрия – туристерді орналастыру құралдарының, көліктің, қоғамдық тамақтану объектілерінің, көңіл-көтеруобъектілері мен құралдарының, танымдық, сауықтыру, іскерлік, спорттық және басқа да мақсаттағы нысандардың жиынтығы; туристік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар, сондай-ақ экскурсиялық қызметтер мен гидтер (гидтер-аудармашылар) қызметтерін ұсынатын ұйымдар;
- туристік шығындар – тұтыну тауарлары мен қызметтерін, сондай-ақ жеке қолдануға немесе туристік сапарға дайындалу кезінде немесе сапар барысында басқа тұлғаларға беруге арналған басқа да құндылықтарды сатып алуға жұмсалатын сома. Оларға келушілердің өздері төлейтін шығындар, сондай-ақ басқа тұлғалармен төленетін немесе өтейтін шығындар кіреді;
- ішкі туризмге кіретін шығындар – бұл келушінің өзі резиденті болып табылатын қарастырылып отырған экономика шеңберіндегі туристік шығындары;
- келу туризміне жататын шығындар - бұл келушінің өзі резиденті болып табылмайтын қарастырылып отырған экономика шеңберіндегі туристік шығындары;
- шығу туризміне жататын шығындар – бұл келушінің өзі резиденті болып табылатын қарастырылып отырған экономика шегінен тыс туристік шығындары;
- туристік келу – туристік сапар кезінде баратын орында болу;
- туристік сапар – бұл саяхатшының келген жерінде тіркелген кәсіпорынға жұмысқа орналасу мақсатын қоспағанда қандай да бір мақсатпен (іскерлік сапар, демалу немесе басқа де жеке мақсат) бір жылдан кем уақытқа оның әдеттегі ортасынан тыс жердегі қандай да бір негізгі мақсатты орынға сапары. Туристік сапардаға саяхатшы келуші деп аталады;
- келу немесе шығу сапары – бұл негізгі мақсатты орны келушінің тұрақты тұру орнынан тыс жердегі сапар;
- ішкі сапар – бұл негізгі мақсатты орны келушінің тұрақты тұру орны шегіндегі сапар;
- туристік қызмет – жеке немесе заңды тұлғалардың туристік қызметтерді ұсыну бойынша кәсіпкерлік қызметі;
- туристiк операторлық қызмет (туроператорлық қызмет) – қызметтiң осы түрiне лицензиясы бар жеке және (немесе) заңды тұлғалардың (бұдан әрi – туроператор) өздерiнiң туристiк өнiмдерiн қалыптастыру, ұсыну және туристiк агенттер мен туристерге өткiзу жөнiндегi кәсiпкерлiк қызметi;
- туристiк агенттiк қызмет (турагенттiк қызмет) – қызметтiң осы түрiне лицензиясы бар жеке және (немесе) заңды тұлғалардың (бұдан әрi – турагент) туристiк өнiмдi ұсыну және өткiзу жөнiндегi кәсiпкерлiк қызметi;
- экскурсиялық қызмет – уақытша болатын елдегi (жердегi) туристiк ресурстарға танымдық мақсатта келудi ұйымдастыру жөнiндегi кәсiпкерлiк қызмет, ол туристердi орналастыру (түнету) жөнiндегi қызметтi көздемейдi және жиырма төрт сағаттан аспайтын мерзiмдi қамтиды;
- экскурсиялық қызмет – уақытша болатын елдегi (жердегi) туристiк ресурстар азаматтарына танымдық мақсатта келудi ұйымдастыру жөнiндегi кәсiпкерлiк қызмет. Туристердi орналастыру (түнету) жөнiндегi қызметтi көздемейдi және жиырма төрт сағаттан аспайтын мерзiмдi қамтиды;
- мекеме - бұл кәсіпорын немесе оның өндірістік қызметтің тек бір түрі ғана жүзеге асырылатын немесе қызметінің негізгі түріне қосылған құнның көп бөлігі келетін бөлігі;
- қонақ үй – қонақ үйлік қызметпен қамтамасыз ететін, нөмірлік қоры, қабылдау қызметі, басқа да қызметтері бар орналастыру құралдары;
- санатсыз қонақ үй – келушілерді орналастырудан басқа қызмет түрлерін ұсынбайтын, қызметі шектеулі кішігірім мекемелер;
- «1 жұлдызды» санатындағы қонақ үй – тұрғындарды орналастыру үшін ең қажет деген қызмет түрлері ғана қарастырылған шағын мекемелер, мекеменің өз күшімен ұйымдастырылған, келушілерді орналастыру мен тамақтандыру сияқты базалық қызмет түрлерін ұсынады;
- «2 жұлдызды» санатындағы қонақ үй – тұрғындарға қонақ үй аумағында қызмет көрсетудің стандартталған жиынтығын көрсететін соның ішінде мейрамханалар немесе кафелерде тамақтандырумен қоса шағын және орташа мекемелер;
- «3 жұлдызды» санатындағы қонақ үй – тұрғындарға (соның ішінде қонақ үйде орналасқан меймандардан басқа да тұтынушыларға ұсынады) кең ауқымды дәрежеде қызметтердің жиынтығын көрсететін оның ішінде мейрамхана мен бар, бизнес-орталық қызметтерін көрсетумен қатар дербес телефон желілерімен және дәретхана жабдықтарын ұсынумен, тәуелсіз кәріздермен бөлмелерді тазалау қызметтерін көрсетеді;
- «4 жұлдызды» санатындағы қонақ үй – жоғары деңгейде келесі қызмет түрлерін көрсететін орташа және ірі мекемелер: бөлмелерге тәулік бойы қызмет көрсету, бөлмелер сапалы жиһазбен жабдықталып, бірыңғай заманауи сәнде безендірілген; жатын бөлмелері кең әрі жайлы; химиялық тазарту мен такси қызметін көрсететін; мейрамхананың аспаздық бөлімі жоғары деңгейде ас әзірлейді;
- «5 жұлдызды» санатындағы қонақ үй – озық халықаралық стандарттар деңгейінде қызмет көрсететін бөлмелерімен, жайлы жағдайда тұруға толығымен жасақталған, жаттығу залы, жүзу бассейні, жеке кабинеттер мен банкет және конференц-залдар қызмет көрсетеді, арнайы дайындықтан өткен қызметкерлер болатын, құрамы іркіліссіз қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді және мейрамхана жұмысы жоғары деңгейде ұйымдастырылған орташа және ірі мекемелер;
- жайлылығы жоқ бөлмелер – тұру бойынша ең төмен қызмет пакеттерін ұсынатын, жайлылығы төмен денгейдегі бөлмелер;
- қонақ үйде тұру ұзақтығы – бір және одан көп уақыт түнеу саны;
- төсек тәуліктің орташа құны – бұл санаттар бойынша әрбір нөмірдің санаттар бойынша нөмірлердің санына қатынасы;
- бос уақыт және демалыс – көз тартарлық жерлерді қарау, табиғи және жасанды объектілерге бару, спорттық немесе мәдени іс-шараларда болу, спортпен кәсіби емес айналысу (шаңғы, атқа салт міну, гольф, теннис, су асты жүзу, серфинг, жаяу сапарлар, бағдарлау, альпинизм және т.с.с.); жағажайда демалу, жүзу бассейндерін және басқа да демалыс және көңіл көтеру орындарын пайдалану, круиздер, құмар ойындары, жастар жазғы лагерьлеріне шығу, демалыс үйлері, бал айын өткізу;
- таныстар мен туыстарға бару – таныстар мен туыстарға бару, үйлену тойларына, жерлеу немесе кез-келген отбасылық іс-шараларға бару, науқастарды немесе қарттарды қысқамерзімді күту;
- емделу және сауықтыру рәсімдері – ауруханадан кейінгі емдеуді аяқтау үшін және медициналық және әлеуметтік мекемелердің неғұрлым жалпы спектры үшін аурухана, клиника, санаторийлер қызметтерін алу, медициналық жабдықтар мен қызметтерді қолдану арқылы косметологиялық хирургияны қоса, медициналық кеңес беруге негізделген, медициналық қызмет көрсетулерді алу үшін теңіз, -спа, және басқа курорттарға, сондай-ақ басқа да мамандандырылған мекемлерге бару. Емдеу мекемесінде бір жыл немесе одан көп болуды талап ететін ұзақ емделу туризм саласына жатпайтындықтан бұл санат тек қысқа мерзімді емделуді қамтиды.
- дін/қажылық – діни жиындар мен іс-шараларға қатысу, қажылық және тағы сол сияқты;
- дүкендерге бару – қайта сату немесе қандай да бір өндірістік процесте пайдалану үшін (бұл жағдайда іскерлік және кәсіби мақсаттар айтылып отыр) тауарларын сатып алуды қоспағанда сатып алынатын жеке тұтыну немесе сыйлықтар үшін тұтыну тауарларын сатып алу және т.с.с.
- транзит – басқа мақсатты орынға бару жалғасынан басқа, қандай да белгілі бір мақсатсыз қандай да бір орында тоқтау;
- сапарлардың басқа да мақсаттары – еріктілер ретінде (басқа санаттарға қосылмаған) жұмыс, иммиграцияның жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін игеру, басқа санаттарға қосылмаған төленбейтін уақытша қызметтердің кез-келген басқа да түрлерін жүзеге асыру;
- іскерлік және кәсіби мақсаттар – егер келген елінде немесе орнында өндіруші-резидентпен анық немесе тұспалданатын еңбек жалгерлік қатынастар белгілері болмаса, өз бетінше жұмыспен қамтылған тұлғалардың және жлдамалы жұмыскерлердің қызметі, инвесторлардың, бизнесмендердің және т.т. қызметі. Бұл санат сондай-ақ мысалы: кеңестерде, конференцияларда немесе конгресстерде, сауда жәрмеңкелерінде, көрмелерде қатысу; лекциялар оқу, концерттер, қойылымдар мен спектакльдер қою; өндіруші-резидент еместер (елге немесе орынға келген) атынан тауарлар мен қызметтерді жарнамалау, сатып алып қою, сату немесе сатып алу; олардың келген елінде ұзақ мерзімді іс-сапарларда болған жағдайларды қоспағанда шетел үкіметінің арнаулы уәкілдігінде дипломаттар, әскери қызметшілер немесе халықаралық ұйымдар қызметкерлері ретінде қатысу; үкіметтік емес ұйымдардың арнаулы уәкілдігінде қатысу; ғылыми қолданбалы немесе іргелі зерттеулерде қатысу; туристік саяхаттар бағдарламаларын жасау, орналастыру және көліктік қызметтер бойынша қызмет көрсетулер ұсынуға келісім-шарттар жасау, резидент емес агенттіктер мүддесінде (келген елінің немесе орынның) гидтердің немесе туризм саласының басқа қызметкерлері ретіндегі жұмыс; кәсіби спорт іс-шараларында қатысу; формалдық немесе формалды емес кәсіби дайындық курстарын өндірістен алыстамай бару; жеке көлік құралымен (корпоративті ұшақ, яхта және т.б.) экипаж/команда құрамында жұмыс және т.б. қосады.
Бір жолғы сыйымдылық – барлық бөлмелердегі қойылған тұрақты төсек саны бойынша анықталады. Бөлмелердегі уақытша (қосымша) қойылған төсек орындар және тікелей мақсатта үнемі пайдаланылмайтын орындар есепке алынбайды.
Мына формула бойынша пайызбен анықталатын қонақ үйлердің толтырылуы есепті кезең соңына коэффициенті ретінде есептеледі:
Толтырылу коэффициенті (%-бен) = (тәулік-төсек ұсыну/бір жолғы сыйымдылық х есепті кезеңдегі күндер саны) х 100%
Туристің болуының адам-күні қызмет көрсетілген туристер санын сапардың орташа ұзақтығына көбейту жолымен есептеледі.
- Туризм статистикасы көрсеткіштерін қалыптастыру
5. Туризм статистикасының
басты мақсаты нарықпен
6. Туризм статистикасының негізгі міндеттері туристердің ағындарына, оларды орналастыру орындарына, сапарлардың сипаттамасына, халықаралық ережелер мен стандарттарға сәйкес келетін бірыңғай ғылыми әдіснама негізінде туризммен байланысты көтерме және бөлшек саудаға, көлікке, құрылысқа, еңбекпен қамтуға, қаржылық делдалдыққа, кірістер мен шығыстарға статистикалық байқауды ұйымдастыру болып табылады.
2.1. Туристік қызметтің негізгі статистикалық көрсеткіштері
7. Туризмді статистикалық зерттеу қажеттілігі туризм саласының жағдайы мен дамуы туралы объективті және дәйекті ақпарат алуға қажеттілік және оның жалпы ішкі өнімнің жалпы көлеміне салымын бағалау, сондай-ақ туристік ағындарды бағалауды, туристік инфрақұрылымға түсетін жүктемені, туристік сұранысты қанағаттандыру мен тұтыну үміттерінің туристік қызметтердің нарықтағы ұсыныстарына сәйкестігін игеруге негізделген.
8. Тоқсан сайынғы және жылдық негізде «Туристік қызмет туралы есеп» индексі – 1-туризм жалпымемлекеттік статистикалық байқау статистикалық нысаны бойынша туристік ұйымдардың қызметін сипаттайтын келесі көрсеткіштер қалыптастырылады:
туристік фирмалармен қызмет көрсетілетін келушілердің саны (сапарлардың мақсаты бойынша, туризмнің түрі бойынша және көлік түрлері бойынша);
туристік қызметпен айналысатын кәсіпорындар саны;
орындалған жұмыстар мен қызметтер саны;
қызметкерлердің тізімдік саны;
бір күндік келушілерге қызмет көрсетілді;
келудің адам-күні;
өткізілген жолдамалар саны;
сатылған жолдамалар саны;
туристік қызметтің толық кешенін қамтитын жолдамалар;
жекелеген қызмет түрлерін қамтитын жолдамалар.
9. Халықаралық ұсынымдарға сәйкес туристік сапарлар келу, кету, ішкі сапарлар болып бөлінеді.
Кету сапары келу сапары келушінің тұрақты тұру елі шегінен тыс орындарда болуын қамти алатынындай тұрақты тұру елі шегіндегі орындарда болуын қамти алады.
Келу сапары тек көзделген ел шегіндегі орындарда болуын ғана қамтиды.
10. Келушілер ағынын халықаралық тәжірибемен анықтау үшін деректердің әртүрлі көздерін араластырып немесе оларды үйлестіру ұсынылады: мәселен, келу/кету кәртішкелерін қолдану және зерттеу нәтижелері бойынша осындай тұлғаларды байқауды ұйымдастыру. Ал Қазақстан Республикасының келу және кету туризмі бойынша туристік ағынын қалыптастыру үшін тоқсан сайынғы және жылдық негіздегі өткізілген зерттеулер нәтижелері қолданылады, онда Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің коды - 79 (бұдан әрі - ЭҚЖЖ) «Туристік қызмет туралы есеп» (1-туризм) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны бойынша және «Тұруды ұйымдастыру бойынша қызмет көрсету» (ЭҚЖЖ-55) «Орналастыру объектілерінің қызметі туралы есеп» (2-туризм) жалпымемлекеттік статистикпалық байқаудың статистикалық нысаны бойынша «Туризм саласында қызмет көрсететін туроператорлардың, турагенттердің және өзге де ұйымдардың қызметтері» экономикалық қызмет түрімен кәсіпорындар (заңды тұлғалар) мен жеке кәсіпкерлер (жеке тұлғалар) зерттеледі. Зерттеудің статистикалық бірліктерінің жиынтығын анықтау үшін ақпарат көзі болып кәсіпорындар мен жеке кәсіпкерлер бойынша статистикалық бизнес тіркелім қызмет етеді.
Жалпы туристік ағынды қалыптастыру кезінде сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Қазақстан Республикасына келуші және Қазақстан Республикасынан кетуші азаматтар туралы деректері пайдаланылады. Келетін келушілер ағынын есепке алу кезінде ұсынылған деректерден тұрақты тұру орнына (ТТО) келгендер алынып тасталады.
Туризм индустриясының
дамуы туралы толық ақпарат алу
үшін статистиканың басқа
1) жылдық және тоқсандық кезеңділікпен «Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметі туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (1-ӨҚ) мен «Шағын кәсіпорын қызметі туралы есеп» (2-ШК) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанынан келесі көрсеткіштер пайдаланылады:
өнімді (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден табыс;
салықтар мен бюджетке өзге міндетті төлемдер;
кәсіпорынның шығыстары;
өндірілген өнім көлемі.
2) жылдық кезеңділіктегі «Денсаулық сақтау ұйымының (әлеуметтік қызметтің) қаржы-шаруашылық қызметінің негізгі көрсеткіштері туралы есеп» (Әлеуметтік қаржы (денсаулықсақтау)) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанынан санаториялық-курорттық мекемелер бойынша деректер пайдланылады:
ағымдағы табыстар;
туристік қызметтен табыстарға салық салғанға дейінгі пайда (шығын);
ағымдағы шығыстар;
салықтар;
басқа да міндетті төлемдер;
орындалған жұмыстар мен қызметтердің көлемі;
олардың ішінде: демалысты, мәдени және спорттық шараларды ұйымдастыру бойынша қызметтер;
3) «Негізгі капиталға инвестициялар туралы есеп» (1-Инвест) жалпы мемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанынан экономикалық қызметтің төменде санамаланған түрлері бойынша негізгі капиталға инвестициялар бойынша деректер пайдаланылады:
туроператорлардың, турагенттердің және туризм саласында қызмет көрсететін өзге де ұйымдардың қызметі (ЭҚЖЖ 79);
тұруды ұйымдастыру
бойынша қызметтер ұсыну (ЭҚЖЖ-
азық-түлік заттары мен сусындарды ұсыну бойынша қызметтер ұсыну (ЭҚЖЖ-56);
санаториялық-курорттық мекемелер қызметтері (ЭҚЖЖ-86.10.3);
жолдар мен тасжолдар құрылысы (ЭҚЖЖ-42.11);
темір жолдар мен метролар құрылысы (ЭҚЖЖ-42.12);
басқа топтастыруларға қосылмаған
өзге азаматтық құрылыс
ЭҚЖЖ-4950 (құбырлар арқылы тасымалдау) басқа құрлықтық көлік және құбырлар арқылы тасымалдау;
су көлігі (ЭҚЖЖ-50), ЭҚЖЖ-50.40.2 (орман құймасы) басқа;
әуе көлігі (ЭҚЖЖ-51).
қызмет көрсету
Жалпымемлекеттік
2.1.1.
Туристік сапарлардың
11. Туризм статистикасында
«сапар» немесе «қатынау»
Сапарды келушінің әлеуметтік-экономикалық сипаттамасы бойынша немесе сапардың нақты белгілері бойынша жіктеуге болады. Туристік сапар өзге ерекшеліктер қатарында (мысалы негізгі мақсат) негізгі мақсатты орынмен сипатталады.
Туристік сапардың негізгі мақсатты орны сапарды жүзеге асыру туралы шешім қабылдау негізінде жатқан бару орны ретінде анықталады. Алайда егер мұндай орынды келуші атала алмаса, онда негізгі мақсатты орын тұрақты тұру орнынан яғни әдеттегі ортасынан неғұрлым алыс орналасқан орын ретінде анықталады. Халықаралық ұсынымдарға сәйкес саяжайлық үйлер «әдеттегі орта» түсінігінің қамтуы аясынан алынып тасталады.
12. Сапарлардың мақсаты. Сапардың негізгі мақсаты ол болмаған жағдайда осы сапар болмауы мүмкін болған мақсат ретінде анықталады. Туристік сапар мақсаты туралы ақпарат туристік шығындардың сипаттық үлгілерін анықтау үшін пайдалы. Бұл ақпарат сондай-ақ туристік сұраныстың негізгі сегменттерін шығару үшін маңызды. Егер сапардың негізгі мақсаты жұмысқа орналасу және табыс табу болса, онда мұндай сапар туристік деп есептелмейді, ал бұл тұлға келуші деп есептелмейді.
Туризммен байланысты сапарлар мақсатын жіктеуді қайта қараумен байланысты 2008 жылғы халықаралық ұсынымдарға сәйкес туристік сапарлар олардың келесі негізгі мақсаттары бойынша жіктеледі:
- Жеке мақсаттар:
еңбек демалысы, бос уақыт және демалу
достарына және туысқандарына бару
білім беру және уәсіби дайындық
дін/қажылық
дүкендерге бару
транзит
өзге де мақсаттар
- Іскерлік және кәсіби мақсаттар.
Сапарды оның негізгі
мақсаты бойынша жіктеу сапар
барысында жүзеге асырылатын қызметтің
негізгі түрлерімен байланысты болуы
тиіс. Әрбір туристік сапар қандай
да бір келуші сапарда бола тұрып қызметтің
Келушілер санатының қамтуы шеңберінен құқықтық және экономикалық аумаққа келмейтін келушілер және құқықтық және экономикалық аумаққа келетін, бірақ түнеуге қалатындар ғана алынып тасталады. Транзиттік жолаушылардан қамтуға тым болмаса бір түнге қалатын тұлғалар жатады.
Қатынау оны туристік келу деп жіктеуге болатындай міндетті түрде түнеумен болу шарт емес. Солай бола тұра келіп кету деге түсінік тоқтауды ұйғарады. Қандай да бір географиялық аймаққа онда тоқтаусыз ену осы аймаққа келу болып есептелмейді.
Туристік сапарлар мен қатынауларды байқау – бұл байқау кезінде бір тұлға біреуден көп сапар немесе қатынау жасай алатындықтан келушілердің ағынын байқау деген емес.
13. Туризм түрлері. Туризмнің үш түрі туризмнің басқа түрлерін жасай отырып әртүрлі араласып келуі мүмкін:
1) ішкі және кету туризмін қамтитын ел шегіндегі туризм, яғни қарастырылып отырған елдегі, осы ел шегіндегі ішкі немесе халықаралық туристік сапарлар шеңберінде тұрып жатқан және тұрмайтын келушілердің қызметі;
2) ішкі және кету туризмін қамтитын ұлттық туризм, яғни қарастырылып отырған елде, осы ел шегінде және одан тыс ішкі немесе кету туристік сапарлар шеңберінде тұрақты тұратын келушілердің қызметі;
3) келу және
кету туризмін қамтитын
Туризмнің басқа түрлеріне сәйкес келушілер былайша жіктеледі:
- Халықаралық келушілер:
туристер (түнейтін келушілер);
бір күндік кедушілер.
- Ішкі келушілер:
туристер (түнейтін келушілер);
бір күндік кедушілер.
Халықаралық саяхаттар кету әрі келу саяхаттарын қамтиды және саяқатшының тұратын елі барған елден немесе елдерден ерекшеленетін жағдайларға жатады. Халықаралық саяхат жасаған тұлғалар халықаралық саяхатшылар болып саналады. Қарастырылып отырған ел тұрғысынан қарағанда халықаралық саяхатшылар не келу не кету саяхатшылары болып табылады.
Шекараға келуші халықаралық саяхатшыларды екі санатқа бөлуге болады: халықаралық келушілер (ел тұрғындарына қатысты қайтып оралушы кетуші келушілер немесе осы елде тұрмайтын тұлғаларға қатысты келетін келуші келушілер) және туризм саласына қосылмаған өзге де халықаралық саяхатшылар. Халықаралық келушілер олардың сапарларының негізгі мақсаттары бойынша айырмашылықтанады.
Ішкі саяхатшы егер:
туристік сапарда болса;
қарастырылып отырған, саяхаттап жүрген елінің тұрғыны болып табылса, қарастырылып отырған ел тұрғысынан ішкі келуші ретінде жіктеледі.
Келушілер жалғыз әрі олардың сапарларымен байланысты қызмет, келіп-кету мен шығындар түрлерінің барлығын не бір бөлігін бірлесіп жүзеге асыратын бірлестіктермен де саяхаттайды.
Саяхаттаушы бірлестіктер шығындары біріктірілетін, бірлескен сапар жасаушы келіп кетушілер ретінде анықталады. Солай бола тұра келушілердің көптеген сипаттамаларын саяхаттаушы бірлестіктердің әрбір мүшесі үшін жеке анықтауға болады, олардың кейбіреулерін кейде анықтау мүмкін болмайды. Келушілер сондай-ақ жекелеген тұлғалардан немесе саяхаттаушы бірлестіктерден тұратын топтың (саяхаттаушы) құрамында да саяхаттауы мүмкін: оған мысал ретінде толық қызмет көрсетілулермен топтасқан туристік сапар немесе жазғы лагерьге шығатын жастар тобы қызмет атқарады. Осылайша Халықаралық ұсынымдарға сәйкес саяхаттаушы компания топ байқаудың бір бірлігі болып табылады.
14. Көлік түрлері.
Туристік қызметтердің бірі
сапар кезінде арақашықтықтың көп мөлшері мильде/километрде қандай көлікпен жүріп өтілді;
ең жоғарғы уақыт көліктің қандай түрінде өткізілді;
жалпы көлік шығындарының көп үлесі қандай көлік түріне тиеді.
Халықаралық саяхаттарға
қатысты көліктің негізгі түрі жиі
негізгі жүріп өткен
Көлік түрі стандартты жіктеуге ие:
- Әуе көлігі
- Кестеге бағынатын сапарлар
- Кестеге бағынбайтын сапарлар
- Жеке әуе кемелері
- Әуе көлігінің өзге де түрлері
- Су көлігі
- Жолаушылар жолағы мен паромдар
- Круиздік кемелер
- Яхталар
- Су көлігінің өзге де түрлері
- Құрлық көліктері
- Темір жол көлігі
- Қалааралық және қалалық автобустар және қоғамдық көліктердің өзге де түрлері
- Жүргізушісімен автокөлік құралдарын жалдау
такси, лимузиндер мен жеке автокөлік құралдарын жүргізушісімен жалдау;
бұлшық ет және жануар күшімен көлік құралдарын жалдау
- Меншіктегі көлік құралы (8 адамға дейін сыйымдылығымен)
- Жүргізушісіз жалға алынған көлік құралы (8 адамға дейін сыйымдылығымен)
- Құрлық көлігінің өзге де түрлері: салт аттар, велосипедтер, мотоциклдер және т.с.с.
- Жаяу орын ауыстыру
15. Кез келген мемлекеттің немесе аумақтың жергілікті билігінің туризмі мәселесінде басты қамқорлық мемлекет қазынасының негізгі және сенімді табыс көзі ретінде өздерінің қонақ үйлері мен отельдерін туристермен толтыру болып табылады. Орналастыру – туризмнің ең маңызды элементі және орналастыруға шығыстар сапарға жалпы шығыстың айрықша үлесін құрайды.
Туристер олардың әдеттегі ортасынан тыс түнейтін болғандықтан, оларға түнеу үшін нақты орын талап етіледі.
16. Сапар немесе
келу ұзақтығы түнеумен орналастыру
қызметтері сияқты туристік
17. Өздерінің сапарларын жоспарлау немесе ұйымдастыру барысында келіп кетушілер сапарлардың түрлі нұсқалары туралы ақпарат алу үшін және брондау мақсатында (не пакетте не жеке сатып алынатын көліктік қызметтер, орналастыру, рекреациялық шаралар) турагенттік және туроператорлық қызметтермен айналысатын туристік ұйымдар қызметін жиі пайдаланады. Турагенттік функциясы негізінен белгілі бір уақыт кезінде және белгіленген шарттарда басқа ұйымдар көрсететін белгілі бір қызметті пайдалануға құқықты сатуда жатыр. Олардың рөлдері келіп кетушіге ақпаратты және басқа да қызметтерлі көрсетуде жатыр және олар экскурсия барысында сүйемелдеу, гидтер қызметтері және т.б. сияқты қосымша қызметтерді дербес көрсете алатын болса да, кейбір қызметтерді сатып алу кезінде делдал болып табылады.
Туроператорлар – бір немесе одан жоғары туристік қызметтерді (мәселен, тасымалдаулар, орналастыру, қоректендіру, көңіл көтеру, экскурсиялар) қиыстыратын және оларды турагенттіктер арқылы немесе тікелей соңғы тұтынушыға бірыңғай бағаға бірыңғай өнім ретінде (кешенді тур деп аталатын) сататын кәсіпорындар. Кешенді тур элементтері алдын ала анықталуы мүмкін немесе келіп кетуші алдын ала белгіленген тізімнен сатып алғысы келетін қызметтер комбинацияны таңдайтын «тапсырыс» рәсімі арқылы анықталады.

- Қор нарығы
- Қор нарығындағы брокер фирма қызметтің мәні, құрылымы мен ерекшеліктері
- Қоршаған ортаны қорғауда мемлекеттің экономикалық реттеу құралдары
- ҚР 2015 жылға білім беруді дамыту тұжырымдамасы
- ҚР – дағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту проблемалары
- ҚР-да инвестициялық саясаттың проблемалары мен жетілдіру көздері және даму перспективалары
- ҚР Жер заңдары
- Қар мұз ресурстары
- Қарудың заңсыз айналымы
- "Қиын" жасөспірімдермен жұмыс
- Қоғам дамуының негізгі категориялар1
- Қожасай кен орны мұнайының вакуумдық газойльдік каталитикалық крекинг қондырғысы жобасы. Өнімділігі 1,5 млн т/жг
- Қонақ үй бөлмелерінің, құрамы және ауданы
- Қонақ үйдегі қызмет көрсету сапасы