Қор нарығындағы брокер фирма қызметтің мәні, құрылымы мен ерекшеліктері
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмыстың өзектілігі. Қазіргі таңда жеке тұлғалар қор нарығына реттелген екі жолмен шыға алады: біріншісі брокер арқылы жұмыс істеу, келесісі жарналық инвестициялық қорлар арқылы бағалы қағаздар нарығына шығу.
Бірінші тәсілге келсек, алдымен брокердің кім екенін ашып алайық. Анықтамаларда, брокер-табыс табу мақсатында, яғни дүниежүзілік валюталар, бағалы қағаздар және т.б. бағамдарының өзгерісініне табыс табатын, қаржы нарығында операциялар жасайтын кәсіпқой делдалды айтамыз. Брокер өз клиенттерінің атынан және шоты арқылы қаржылық құралдармен алып-сатарлықпен айналысады. Бірақ та, бағалы қағаздың иесі ол емес, сіз болып табыласыз. Ең бастысы нарықта мықты беделге ие немесе жеке өзіңіз сенетін брокерді табу.
Алматы
қаласының өңірлік қаржы орталы
Бұл тәсілдің ерекшелігі, сізге қор нарығының дамуы, болып жатқан өзгерістері жайында көп ақпаратты білуге және мерзімді қадағалап тұруды үйретеді. Яғни, сіз бағалы қағаздар нарығының белсенді ойыншысына айнала аласыз. Сондықтан бұл жолдың тиімділігі – өз кезегіңізде нарық жайында көп ақпарат жинап, өзіңіздің инвестициялық портфеліңізді құруға және келешек табысыңызды уақыт өтісімен өзгертіп тұруға септігін тигізеді.
Еліміздің қарқындап дамуы, халықтың әл-ауқатының жоғарылауы, мемлекет тарапынан әлеуметтік мәселелерді тиімді шешуі тұрғындардың жинақталған бос қаражаттарын банкетрдегі депозиттерге салуға не болмаса жылжымайтын мүлік нарығында пайда табу мақсатында алып-сатарлықпен көптеп айналысуына алып келді. Бұл өз кезегінде, әсіресе еліміздің ірі қалаларында, тұрғын үй бағамының күрт өсуіне септігін тигізді. Алайда, ақшаны бұл тәсілдермен инвестициялаудың біршама кемшіліктері бар.
Зерттеу жұмыстың мақсаты - Қазақстандағы брокерлерлік фирма қызмет жағдайы және әлемдік тәжірибе тұрғысынан даму болашағының теориялық және тәжірибелік аспектілерін зерттеу болып табылады.
Зерттеу мақсатынан туындайтын негізгі міндеттемелер:
- брокерлерқызмет етуінің теориялық және тәжірибелік негізін қарастыру;
- брокерлер қызметінің қор нарығын дамытудағы рөлін айқындау;
- қазақстанның брокерлер қызметінің ағымдағы жағдайын талдап, тиімділігін анықтау;
- ҚР брокерлерлік фирма қызмет жағдайына талдау жүргізу;
- әлемдік
қаржы нарықтарындағы
- ҚР брокерлер-дилерлердің қызметтің дамуындағы өзекті мәселелерді шешу жолдарын ұсыну.
Зерттеу жұмыстың теориялық және әдістемелік негізі ретінде әлемдік экономикалық ғалымдардың еңбектері, отандық және шетелдік ғалымдар монографиялары мен мақалалары, бағалы қағаздар нарық қатынастарын реттейтін заңнамалық және нормативтік-құқықтық құжаттар алынды.
Жұмысты
жазу барысында ақпараттық база ретінде
Қазақстан Республикасының
Жұмыстың құрылымы және көлемі зерттеу жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
1 ҚОР НАРЫҒЫНДАҒЫ БРОКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Қор нарығындағы брокер фирма қызметтің мәні, құрылымы мен ерекшеліктері
Қор нарығындағы биржалық сауданың ерекшілігі биржада сауданы сатушы мен сатып алушы жүргізбейді және олар бір-бірімен тікелей кездеспейді. Сауданы олардың өкілдері, яғни биржадағы делдалдар жүргізеді. Делдалдар брокер және дилер деп бөлінеді.
Брокерлік қызмет. Брокер – биржаның кәсіби делдалы. Ол биржалық саудада клиенттің (не сатушы, не сатып алушы) өкілі ретінде клиенттің атынан және клиент есебінен, немесе клиент атынан, бірақ өз есебінен, өз атынан, бірақ клиент мүддесі үшін және клиент есебінен мәміле жасайды. Биржадағы делдалдық қызметі үшін клиент брокерге комиссиялық сыйақы төлейді.
Биржада ойдағыдай жұмыс істеу үшін брокер бірсыпыра жағдайларды білуі тиіс:
Біріншіден, сауда объектісін,яғни биржалық активті жан-жақты талдай білуі керек;
Екіншіден, өзі жұмыс істейтін биржаның ішкі тәртібін білуі керек;
Үшіншіден, биржалық сауда жүргізе білуі керек;
Төртіншіден, биржада өкілі болатын клиентімен дұрыс тіл таба білуі керек;
Бесіншіден, өзінің ұсынысы бойынша жасалған мәміленің табысын айыра білуі керек.
Брокер – биржалық саудаға кәсіби қатынасушы. Ол ұйымдасқан нарықта клиентке сатып алу-сату процесінде қызмет көрсетеді. Клиентті саудаға брокерлік фирма ақпараттық хабарландыру арқылы тартады. Биржа мен биржаны реттеуші органдар брокерлік фирмаға:
- қаржылық (яғни лицензия алған кездегі өз капиталы талаптарға сай болуы керек);
- басшылары мен мамандары кәсіпкерлік талаптарға сай (маман) болуы қажет;
- ұйымдық-техникалық;
- арнаулы талаптар қояды.
Бағалы қағаздар нарығында брокер өз қызметін лицензия алғаннан кейін бастайды. Лицензияны Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды қадағалау және реттеу Агенттігі береді. Биржада қызмет ететін брокерлік фирма аккредитациядан өтеді, яғни фирманың көрсететін қызметі биржа талаптарына сай келуі тиіс. Аккредитациядан өткен брокерлік фирма биржаның реестріне енгізіліп, оған мәміле жасасқанда қажетті номер (код, шифр) беріледі. Кейбір биржаларда брокерлік фирманың сандық кодын әріптік кодпен алмастыруы немесе сандық кодқа әріпті қосып көрсетуі мүмкін. Әдетте, әріптік код төрттен алтыға дейінгі әріптермен белгіленеді.
Брокерлік
фирма клиенттің тапсырысы
Биржада қызмет көрсететін брокерлік фирмалар мен брокерлер биржалық сауда ережелеріне сай өзара мәміле жасасады:
- биржа сатылуға ұсынылатын барлық өнімдер мен көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат жинақтайды;
- белгіленген тәртіп бойынша биржа қызметшілерінің жұмысын пайдаланады;
- арбитраждық комиссияның жұмысына қатысады.
Дилерлік қызмет. Дилер – ол мәмілені өз атынан және өз есебінен жасайтын биржалық саудаға кәсіби қатысушы. Дилер – ол заңды тұлға. Бағалы қағаздар нарығында дилер болу үшін лицензия алу керек.
Бағалы қағаздар нарығындағы дилердің міндеттері:
- сату және сатып алу бағасын; сатылатын және сатып алынатын бағалы қағаздардың ең аз және ең көп мөлшерін; сонымен қоса мәлімденген бағаның мерзімін хабарлау;
- дилердің өз ұсынысы болмаған жағдайда клиенттің ұсынысы бойынша мәміле жасасу;
- эмитенттің бағалы қағаздарымен операция жүргізгенде өзінде бар ақпаратты мәлімдеу немесе ондай ақпараттың өзінде жоқ екенін хабарлау;
- Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау Агенттігіне өз қызметі туралы есеп беру;
- бағалы қағаздармен жүргізілген операциялардың ішкі есебін ұйымдастыру.
Дилердің құқықтары:
- бағалы қағаздарды сатып алу-сату шартын жасасу;
- эмиссиялық бағалы қағаздарды алғашқы орналастырғанда андеррайтер қызметін атқару;
- бағалы қағаздарды сатып алу мәселесі бойынша клиентке кеңес беру;
- бағалы қағаздарды сатып алу үшін өз клиентіне займ шарты бойынша және берілетін ақша кепілдігіне қаражат беру;
- клиенттің өз қаржы жағдайын хабарлайтын (төлем қабілеттігі туралы) мәлімет алу.
Биржалық операцияларды ұтымды жүргізу үшін әрбір биржа өзіне биржалық сауданың ережесін алдын ала бекітіп алады. Биржаның жұмысы тек өзі бекіткен ережемен ғана реттеліп қоймай, сонымен бірге мемлекеттік мекемелердің ұсыныстарын да ескереді. Әрине ол саудаға қатысушылардан арнайы білімді талап етеді.
Қазақстан «Тауар биржалары туралы» заңына сай биржалық сауда жан-жақты реттелуі қажет.
Атап айтқанда, биржалық сауданы жүргізу тәртібі:
- биржалық мәміленің түрлері;
- биржаның құрылымдық бөлімдері;
- биржалық саудаға қатысушыларға алдыңғы өткен биржалық саудадағы мәмілелер туралы және биржалық баға кесу туралы ақпарат беру тәртібі;
- биржалық мәміле жасасқанда биржа мүшелерімен және басқа да қатысушылармен өзара есеп айырысу тәртібі;
- бағаны өзгерту мақсатында тәуліктік кенеттен ауытқуды болдырмау үшін баға белгілеуді бақылау шаралары және т.б. мәселелер биржаның ережесінде көрсетіледі.
Биржалық саудаға биржа мүшелері және заңдар мен биржа ережесіне сәйкес саудаға қатысуға құқығы бар жақтар қатысушы бола алады. Биржалық саудаға қатысушылардың құрамы биржаның түріне (қор биржасы немесе тауар биржасы) және қабылданған заң актілеріне байланысты анықталады. Биржалық залдағы қатысушыларды шамамен мынадай топтарға бөлуге болады:
- мәміле жасаушылар;
- мәміле жасауды ұйымдастырушылар;
- биржалық сауда барысын бақылаушылар;
- сауда жүргізуді қадағалаушылар.
Саудаға тұрақты және бір рет қатысушылардың биржа мүшелерімен және олардың өкілдерімен салыстырғанда құқығы шектеулі. Біріншіден, заң бойынша тұрақты қатысушының саудаға қатысуға үш жылдан аспайтын құқығы бар. Екіншіден, тұрақты қатысушылар саны биржа мүшелерінің жалпы санының 30 процентінен аспауы тиіс. Одан басқа, тұрақты қатысушылар жарғылық капиталды қалыптастыруға және биржаны басқаруға қатыспайды.Тұрақты қатысушылардың биржада делдал болуға құқығы болса, ал бір рет қатысушылардың ондай құқығы жоқ. Себебі, олар өз атынан және өз есебінен нақты тауар сатып алуға құқылы.
Қор биржасының тауар биржасынан елеулі ерекшеліктері бар. Оның мүшесі болып бағалы қағаздар нарығының тек кәсіби қатысушылары ғана саналады. Қор биржасына мүше болып кіру тәртібі және оның саны қор биржасының ережесінде айқындалады.
Биржалық саудаға қатысушы-делдалдардың саны және құрамы,олардың клиенттерімен қарым-қатынас кестелері елдегі биржалық сауданың даму деңгейіне және қалыптасқан дәстүрге сай әртүрлі болуы мүмкін. Мыс., АҚШ биржаларындағы операциялық залдағы сауда жүргізушілер бірнеше категорияға бөлінеді. Нью-Йорк қор биржасында олардың төрт категориясы бар:
- комиссиялық брокерлер – олар тек клиенттердің тапсырмасын орындайды, өз есебінен операция жүргізуге тиым салынған;
- сауда залының брокері немесе «екі долларлы брокерлер» – олар комиссиялық брокерлер өз тапсырмасын үлгере алмаған жағдайда солардың тапсырмасын орындайды;
- тіркелген трейдерлер – олар да дилерлер, бірақ дилерлерден айырмашылығы белгілі бір акцияға кесінді жауап бермейді.
Ресейде сауданың жүру барысын мемлекеттік комиссар мен биржа өкілінен тұратын топ бақылайды. Биржадағы мемлекеттік комиссар биржаның және биржалық делдалдардың заңнамаларды орындалуын тікелей бақылайды. Сондықтан комиссардың:
- биржалық саудаға қатысуға;
- биржа мүшелерінің жалпы жиналысына және биржа секцияларының (бөлімдер, бөлімшелер) жалпы жиналысына кеңесші дауыспен қатысуға;
- биржа қызметтері туралы ақпараттармен танысуға, яғни барлық жиналыстардың және биржаның басшы органдарының мәжілісінің хаттамасымен, олардың шешімімен, оның ішінде құпия сипаттағыларымен танысуға;
- ұсыныс жасауға құқығы бар.
Мемлекеттік
комиссардан басқа сауданың жүру
барысын биржалық комитеттің және тексеру
комиссиясының мүшелері, аға маклер
және сауданы ұйымдастыру бөлімінің
бастығы бақылауы мүмкін. Сондай-ақ,
Ресейде сауданы жүргізу барысы
Қорыта айтқанда, кез-келген елде биржалық саудаға қатысушылардың құқықтары мен міндеттері биржаның ішкі нормативтік құжаттарымен, ең бірінші кезекте биржаның жарғысымен және биржалық сауданың ережесімен айқындалады. Мыс., Қазақстанда ол құжаттар «Тауар биржалары туралы» және «Бағалы қағаздар нарығы туралы» заңдардың негізінде шығарылған.
Биржа – ол делдалдар әлемі, сондықтан сатып алу-сату бұйрығын іс жүзіне асыру барысы екі кезеңде өтеді.
Біріншіден, брокердің шарттасу негізінде клиенттердің тапсырмасын орындау жөнінде бұйрық алуы және оны орындауы.
Екіншіден, брокердің мәлімдемені биржалық саудаға енгізуі.
Биржалық нарықта сауда жүргізу үшін сатып алу тапсырмасын және сату тапсырысын саудаға енгізу механизмі болуы шарт. Биржалық нарықта ондай құжаттарды рәсімдеудің белгілі бір стандарттары бар. Бағалы қағаздар саудасының технологиясы бойынша сатып алуға сұраныс сатып алу тапсырмасымен, ал бағалы қағазды сатуға ұсыныс сату тапсырысымен рәсімделеді. Сауда тапсырмасын я биржалық саудаға дейін, я болмаса сауда барысында беруге болады.
Брокер тапсырманы орындауы үшін клиент төлем кепілдігін беру керек. Ондай кепілдік ретінде брокерге мәміленің барлық сомасына жазылған жай вексель беруге немесе мәміле сомасының белгілі-бір процентін брокердің шотына аударуға да болады. Сондай-ақ, брокерге мәміленің толық сомасы жазылған аккредитив немесе сақтандыру полисін де беруге болады. Алайда есеп айырысудың ең тиімді құралы – банктік кепілдік, ол – брокердің алғашқы талабы бойынша барлық қарызды төлеу жөніндегі міндеттемесі. Есеп айырысудың бұндай формасы мәміле жасау мерзімі мен төлем уақытын бір-біріне жақындатады.
Биржалық сауда тапсырмасын беру техникасы сан-алуан. Ол үшін курьердің (қағаз тасушы) қызметін пайдалануға, ақылы хатты почта арқылы жіберуге, куәландырылған жедел хат немесе телекс жіберуге, телефаксты пайдалануға болады. Сөйтіп, брокер өз клиенттерінен тапсырыстарды алғаннан кейін сауда тапсырмасын тіркеуден өткізіп (қабылдап), оларды биржалық саудаға енгізеді.
Тапсырысты тіркеу (қабылдау) кезі – сауданың алдыңғы фазасы. Оны кәсіби тілде «маманданған тапсырыстармен ойын» деп атайды. Брокер бұл уақытта нарықта қалыптасқан жағдайларды талдап, түскен тапсырыстарды қайта қарап, оларға кез-келген параметрі бойынша қажетті деген өзгертулерді енгізіп, ашық бұйрықтың құрамын анықтайды. Алайда ескеретін жәйт, бағалы қағаздарды сатып алу-сатуға түскен тапсырмалар мен тапсырыстарды клиенттердің бұйрығы негізінде дұрыс құрумен брокер шұғылданады. Берілген тапсырыстардың тапсырмаға сәйкес болуына брокер жауап береді. Сөйтіп, тапсырыстардың орындалуы биржалық сауда кезінде жүзеге асырылады.
Ғылыми-техникалық прогресс, биржа ісінің дамуы биржалық сауданы ұйымдастыру негіздерін өзгерткен жоқ. Оған мәміле тек белгілі бір орында, яғни биржа залында өту керек деген қатаң талаптың орындалуының нәтижесі жатады. Биржалық сауда өтетін операциялық залға ерекше талаптар қойылады.
1.2 Брокерлік қызметтің түрлері мен жіктелінуі
Қор нарығында кәсіби делдалдық қызметтердің келесі түрлерімен ерекшеленіп көрсетіледі:
Брокерлік – бұл қызмет бағалы қағаздар нарығындағы делдалдық операцияларды клиенттің атынан соның тапсыруымен сатып – алу сату операцияларын және сол көрсеткен қызметі үшін комиссиялық сыйақы алатын заңды немесе жеке тұлға. Қор нарығын құрар алдында ең басты мәселе білікті мамандандырылған брокерлік топты жасақтау міндетті. Өйткені қор нарығын қалыптастыруда делдалдық қызметтің маңызы өте зор. Брокерлер стандартқа сай міндетті түрде рұқсаттандырылған (лицензированный) болуы шарт. Бағалы қағаздар нарығындағы жасалатын келісім шарт басқа нарықтардағы секілді әр түрлі формада болуы мүмкін. Егер сатып алу жоғарғы дәрежеде болатын болса онда әлбетте ұйымдастырылған нарық өз қызметін көрсетеді. Ірі копаниялардың акциялары тек ғана биржада сатылады. Осы акцияларды иемденуде немесе сатуда кәсіби делдал “брокердің” қызметінсіз мүмкін емес. Брокер ұйымдастырылған нарықта әрекет етуші және бағалы қағаздарға қаражатты орналастыруда жекелеген, сондай –ақ инститционалды инвесторларға қызмет көрсетуші тұлға. Брокер мен инвестор арасындағы қатынас соңғысының басымдығы бойынша, басқаша айтқанда оның шешімінсіз ешкімде қаражат салуды іске асырмайды. Брокер еш уақытта күтіп отырмау керек. Брокерлік фирмалардың инвесторларды бірлесіп жұмыс атқаруға тартудағы басты каналы қызметін жарнамалық хабарландырулар болып табылады. Осылайша жарнамалық хабарландырулардан кейін брокерлік фирмалар компаниялардың жұмыс саясатының тәсіліндегі операцияларға сәйкестендірілген түрінде инвестиция салуға қызығушылық танытқан тұлғаларды тарту жолын қарастырады. Осы жерде жалпыға ортақ бір проблема туындайды – бұл елдегі азаматтарды жеке инвесторлар тұрғысынан көру.
Брокер мен инвестор арасындағы қарым қатынасты дәлірек айтатын болсақ онда брокерлік фирманың құрылымына тоқталып кетке жөн болады. Биржадағы қызмет көрсететін брокерлік фирмалардың құрылымында ішкі қызметті бөлу орын алған. Басқа фирмалардағы секілді мұнда менеджерлер және биржадағы мәмлені өздері жасайтын адамдар тобы шоғырланған. Бұл тұлғалардың қарым қатынасын инвесторлар жай брокерлік деп айтса ал клиенттермен тек қатаң құпиялық мінезде болады. Банктердегі секілді мысалы: салымның құпиялығының кепілдендіріледі, ақпараттың құпиялығы,өзін инвестордың брокері екндігін хабарламау, брокерлік фирманың алғы шарттары болып табылады. Брокер нақты немесе жорамалданған баға белгілеуді бере алады. Жорамалдап баға белгілеуде бағалы қағаздардың баға белгілену бағасы келесі өкімдерде қарастырылады. Брокер белгіленген баға мен сатып ала алады немесе сата алады және бас тарта алады. Ал қатаң баға белгілеу кезінде ұсынылған бағалы қағаздар түрлерінің нақты сату немесе сатып –алу бағасы қойылады.
Брокердің қызметі жоғарыда аталғандай инвестор мен кеңесу керек, қандай бағалы қағаздарды сатып –алу немесе сату және өз клиенттері атынан таңдалған мәмлені атқаруға негізделген. Брокерлік фирмалардың барлығы бірдей бәсәкелестік жағдайда болады, еш қайсысы биржада бағаны қадағалй алмайды. Кейбір фирмалар өздерінің клиенттеріне жіті зерттелген кеңес бере алады және инвестор үшін қай жағдайда сол қарқынды компанияның бағалы қағаздары қаншалықты беделді болатынын, инвестор сол компанияға қаржы салған жағдайда қаржысының қаншалықты сақталып, қандай табыс әкелетінін қысқа уақыт аралығында жорамалдап айта алады.
Қор нарығындағы бағалы қағаздар мен жасалынатын мәмлелердің барлығы бірдей қолма -қол есеп айырысу мен орындалмайды. Көбінесе қарыз қаражаттары қолданылады. Мұндай мәмле қор нарығында несиеге алу деп, ал бұны пайдаланудың бір ғана мақсаты – табыс көлемін ұлғайту. Несие құралын пайдалану инвесторға өзінің жеке капиталының аз шығындалуына мүмкіндік береді. Бұл мәмленің сипаты болатын басты элемент – инвестор мен салынған жеке капиталының мөлшерін орнату, яғни ол несиеге ала алмайтын ақша сомасын анықтау. Несиеге алу брокердің мақұлдауын талап етеді, себебі бұл жағдайда брокерлік фирма инвесторға жетпей тұрған соманы несиеге беріп, сатып алынған бағалы қағаздарды кепіл ретінде ұстайды. Кейбір брокерлік фирмалар өздерінің ішкі үлестерін Федералды резервтік жүйеденде қатал бекітеді. Бір кездері Федералды резервтік жүйенің көрсеткіштері 50% -ды құраған. Есте сақтайтын жайт бағалы қағаздарды несиеге алған тұлғалар белгілі бір сомадағы алған несиесі не тұрақты мөлшерде пайыз төлейтінін. Бұл негізінен 1-3% прайм –рейт мөлшерлемесі (Сенімді төлеушілерге белгіленетін ең төменгі пайыздық мөлшерлеме). Қор нарығындағы несиегі сатып алулардың негізгі қағидаларын қарапайым мысалдар мне келтіруге болады.
Қор нарығында несиеге алудың басты артықшылығы –бұл инвестордың кірісінің мөлшерін ұлғайтады. Бағалы қағаздады несиеге алудың тағы бір аса маңызды артықшылығы ол инвестордың жеке капиталын басқада табыс әкелетін қаржылық құралдарға әртараптандыруына мүмкіндік туады. Бұл мәмленің басты жетіспеушілігі болып несиеге сатып алынған бағалы қағаздар өздерін инвестор ойлағандай дәрәжеде көрсете алмауы және жоғары табыс күтілгенде оның орнына орны толмас шығын әкелуі ықтимал. Еекінші бір жетіспеушілігі –несиеге алынған қаржының шығындары. Брокерлік ссуда –бұл ресми құралдың көмегімен қор нарығындағы несиеге сатып алудың қол жетімсіз құралы; бұл ссудалар бағалы қағаздардың несиемен жасалынатын барлық мәмлелеріне тек “өтелмеген ”сатылым мен қажылық тауарлық фючерстерден басқасының барлығына пайдаланылады. Барлық брокерлік ссудалар пайыздық қойылымы жарияланғаннан кейін беріледі. Ол өз кезегінде ақша нарығындағы берілетін ссуданың мөлшерімен пайыздық қойылымының деңгейіне байланысты. Бұл пайыздық шығындар табыс көлемін азайтып күннен күнге өсе түседі (немесе сәйкесінше шығынды арттырады).
Клиенттің шотындағы жеке капиталының абсолютті ең төменгі шамасы бұл – брокер билікті қолына алып клиенттің бағалы қағаздарының жеткілікті мөлшерін сату арқылы шоттың құрылымына сәйкес стандарттардың орнын толтыру. Шоттағы жеке капиталдың сомасы жеткіліксіз болған кезде брокер инвесторға қосымша қамтамасыз етуді білдіретін және жағдайды өзгертуде шараларды қолдауын талап етуді ұсынады. Осы жолмен брокерлер клиенттерінің шамадан тыс шығындарының алдын алады, ал клиенттер болса брокерлік фирма мен нарықтан тыс қалып қалмауға мүмкіндік туады. Қазіргі уақытта акция бойынша мәмледе қолдаудағы жарна мөлшері 25%-дан өзгертілген жоқ.
Бағалы
қағаздар нарығында бастапқы кезде
өздеріне дилелердің функциясын жүктейтін
делдалдар болмайды. Сондықтан ең
алдымен делдалдық қызметтің
алдыңғы сатысында брокерлерге
Брокерлердің клиентері тек қана сол елдің азаматары ғана болып қоймайды, сонымен қатар сол елдің резидент еместері де олардың клиентері бола алады. Брокерлердің клиентері тек жекелеген тұлғалардан басқа ірі - ірі кәсіпорындар, банктер, холдингтер, акционерлік қоғамдар, транс ұлтық компаниялар бола алады.
Мүдделер қақтығысы туындаған жағдайда брокер мәмлені өз мүддесіне клиенттің мүддесі басым екендігін негізге ала отырып жасауға міндетті.
Брокер мен дилердің айырмашылығы –брокер клиентің қаржысына және соның бұйрығымен жұмыс жасайды, ал дилер өз қаражатымен өзінің қалауымен операцияларын жасайды. Брокер немесе дилер болып жұмыс атқаруға болады, бірақ келісім шарт жасасқанда бір ғана тұлғалық қызметті атқаруы шарт. Брокерлік немесе дилерлік қызметті атқаруға екі түрлі санаттағы рұқсат (лицензия) беріледі: Біріншісі – клиентің есеп шотын жүргізуде номиналды ұстаушы құқығына, Екіншісі – клиентің есеп шотын жүргізуге құқысыз.
Айналысқа жаңа түскен бағалы қағазды дилер сатып алып оны инвесторға қайта сататын болса онда бұл тілхат, ал дилер болса тілхатты беруші болып табылады. Нарықта бағалы қағаздарға дилер сатып алушыны жай табатын болса онда ол брокердің рольін орындайды, ал оның көрсеткен қызметі агенттік операция деп аталады. Кейде дилер опционға тілхатты алады,басқаша айтқанда эмитенттен сатып алу құқығын алады.
1.3 Биржадағы мәмілелерді жүргізудегі брокерлер – дилерлік қызметтердің ролі
Биржалық мәміле деген биржалық саудада оған қатысушылардың тауарды сатып алу және сату барысында биржалық тауарларға құқығы мен міндеттерін біріне-бірі беру туралы жасасқан келісім шарты. Шарт бекітілген тәртіп бойынша биржада тіркеуден өткізіледі.
Мәмілеге келгенде оның төрт жағын ескеру керек:
1. Ұйымдастыру жағы – ол мәмілеге қажет құжаттар мен оны пайдаланудың тәртібін көрсетеді;
2. Экономикалық жағы – ол мәміле жасасқанда ескеретін оның мәнін, нәтижесін және тәуекелін көрсетеді;
3. Құқықтық жағы – ол мәміле бойынша екі жақтың құқығы мен міндетін және мүліктік жауапкершілігін көрсетеді;
4. Этикалық жағы – ол мәмілелерге қоғамдық көзқарасты көрсетеді. Осы тұрғыдан алғанда мәміле жасасқанда белгілі бір нормалардың болуы және олардың сақталуы қажет. Мәміленің этикалық жағы биржалық тауарларға сенімі мен жеке инвестордың өз жинағын соған салуға деген ынтасын көрсетеді.
Мәміленің мазмұнын бағалы қағаздармен жасалған мәміле мысалында қарап өтелік.
Мәміле жасау тәсіліне қарай бағалы қағаздармен мәміле бекітілген және бекітілмеген болып екіге бөлінеді. Бекітілген мәмілеге мәміле жағдайларын қосымша келісудің қажеті жоқ. Сондықтан ондай мәміленің қозғалыс циклы:
- бекіту, клиринг және есеп айырысу;
- мәмілені орындау фазаларынан тұрады.
Мәміленің қозғалысындағы бекіту циклы сатушы мен сатып алушы арасында тікелей немесе делдал арқылы бекіту болып екіге бөлінеді. Егер биржалық тауар мәмілесі сатып алушы мен сатушы арасында жасалса, ол мәміле тікелей бекітуге жатады, ал екі жақтың арасында брокер жүрсе, ол мәміле делдал арқылы бекітуге жатады. Мәмілені тікелей бекіту «көшедегі» нарықта, биржадан тыс компьютерлік саудада болуы мүмкін.
Егер мәміле делдалдар арқылы жасалса, онда клиент (не сатушы, не сатып алушы) делдалмен я тапсырма шартын, я комиссиялық ақы шартын бекітеді.
Әдетте клиенттің қоғамдағы статусына қарай мәміле екі түрге бөлінеді. Егер мәміле институциональдық инвестордың тапсырысы бойынша жасалса, онда ол көтерме мәміле деп, ал жеке инвестор үшін жасалса, бөлшек мәміле деп аталады. Көтерме мәмілеге келгенде институционалдық инвесторларға қойылатын кейбір шектеулерді ескеру қажет. Мысалы, бюджеттен тыс қорлар үшін мәміле тек мемлекеттік бағалы қағаздармен ғана жасалуы тиіс, инвестициялық қорлар бір эмитенттің бағалы қағаздарын сатып алуға өз жарғылық капиталының 5 процентінен артық жұмсауға болмайды және т.с.с. шектеулер болады.
Мәмілеге келуді ұйымдастыруға байланысты мәміле биржалық және биржадан тыс деп те бөлінеді. Бұл мәмілелер – дереу орындалатын немесе мерзімді мәміле болуы мүмкін.
Тауар, қор және валюта биржаларында жасалған мәмілелердің барлығына тән жалпы белгілері болуымен қатар, әрбір биржа мәмілелерінің өзіне тән ерекшеліктері де бар.

- Қоршаған ортаны қорғауда мемлекеттің экономикалық реттеу құралдары
- ҚР 2015 жылға білім беруді дамыту тұжырымдамасы
- ҚР – дағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту проблемалары
- ҚР-да инвестициялық саясаттың проблемалары мен жетілдіру көздері және даму перспективалары
- ҚР Жер заңдары
- ҚР қылмыстық құқық негізінде жаза белгілеудің ерекшеліктері
- ҚР-ң бюджет жүйесінің әлеуметтік экономикалық мазмұны мен құрылымы
- "Қиын" жасөспірімдермен жұмыс
- Қоғам дамуының негізгі категориялар1
- Қожасай кен орны мұнайының вакуумдық газойльдік каталитикалық крекинг қондырғысы жобасы. Өнімділігі 1,5 млн т/жг
- Қонақ үй бөлмелерінің, құрамы және ауданы
- Қонақ үйдегі қызмет көрсету сапасы
- Қонақ үйдегі қызмет көрсету сапасы
- Қор нарығы