Ақша айналысы
Мазмұны.
Кіріспе
1. Ақша нарығының мәні және оның теориялық аспектілері.
1.1.Ақша және оның түрлері. Ақша нарығының мәні.
1.2.Ақша нарығының кейнстік теориясы.
Ақша мультипликаторы.
1.3.Ақша нарығының неоклассикалық теориясы.
2. ҚР-ның ақша нарығының мәні және оның сипаты.
2.1.ҚР-сы Ұлттық банкі және коммерциялық банктері іс-әрекеттерінің ұымдастырылуы.
2.2.ҚР-сының ақша-несие банктік жүйесі.
3. ҚР-дағы ақша нарығын реттеу мәселелері.
3.1.ҚР-сы ақша нарығының мәселелері.
3.2.ҚР-сы ақша нарығындағы мәселелерді шешу жолдары және оның перспективалары.
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер.
Қосымшалар
Кіріспе
Әр мемлекетте өз ақша жүйесі және өз ақша бірліктері болады. Бұл арқылы мемлекеттің дербестік символы көрініс табады. Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізіп, нарықтық қатынастарға еңгеннен кейін, банктік жүйені реформалау қажеттілігі туды. 1990 жылы «Қазақ КСР банктері мен банктер жүйесі туралы» заң қабылданды. Бұл заң бойынша Қазақ КСР –інде мемлекеттік банктің негізгі мақсаттары мен функциялары орнатылды. Алғаш рет коммерциялық банктерді, басқа да несиелік мекемелерді (өзара несиелеу қоғамдары, несиелік кооперативтер, зейнетақы және инвестициялық қорлар, ломбардтар) құруға рұқсат етілді.
Сонымен қазіргі Қазақстан республикасының тәуелсіздіктегі жылдар ішінде жеткілікті, тұрақты ақша нарығы қалыптасты. 1993 жылы Қазақстан өзінің ұлттық валютасын еңгізу Ұлттық банкпен үкіметке валюталық спекуляцияларға бөгет қойып, айырбастау құралының қысқа мерзімдік тұрақсыздығымен байланысты шығындардан құтылу арқылы өзіндік экономикалық ақша –несие саясатын және валюталық саясатты жүргізуге қол жеткізді.
Қазіргі уақытта мемлекеттің төлеу балансын қатайтудың, Ұлттық валютаның тұрақтандырудың және ішкі валюталық нарық дамуының қамтамасыз етуі ретінде қисынға келтірілген валюталық реттеудің негізгі мақсаттарына жетуге салмақты қадамдар жасалды. Ұлттық банктің жүргізген валюталық саясаты теңгенің қатаюына себептесті, оған артқан сенімі оның халықаралық есептемелерде, әсіресе, Қазақстанмен шектесіп жатқан мемлекеттермен мәмілелердегі төлем валютасы ретінде қолдануға әсер етті.
Бүгінгі таңда ақша нарығында валюталық реттелу балансқа келтірілген және әлемдік нарықтағы және көрші елдер арасындағы Қазақстанның нақты позицияларына, оған қоса таңдап алынған даму концепциясына толығымен жауап береді.
1. Ақша нырығының мәні және оның теориялық аспектісі.
1.1. Ақша және оның түрлері. Ақша нырығының мәні.
Нарықтық экономиканың негізгі элементі-ақша. Ол халықшаруашылығының айналымының кіріс пен шығыстың үздіксіздігін қамтамасыз етеді. Ақша массасы бұл тауар мен қызмет көрсетудің белгілі уақыттағы мемлекет ішіндегі айналымын қамтамасыз ететін қолма-қол және қолма-қол емес қаражаттардың жиынтығы.
Ликвидтілік – құнның еш шығынсыз активтен қолма-қол ақшаға тез аударудың мүмкіндігі. Ақша (тиын, қағаз ақша) ең ликвидті актив болып табылады. Банктік дипозиттер талап еткенінше жоғарғы ликвидті актив болып табылады. Себебі иегер М1 агрегатына қосылатын ақша түрлері салыстырмалы түрде экономикадағы ең ликвидті активтер.
Қолма-қол ақшаның эмиссиясына тек мемлекеттің Орталық банкі ғана құқықты. Мемлекеттегі ақша мөлшері мемлекет пен Орталық банк арқылы қадағаланады. Ақша массасы айналымда ақша ұсынысы болып табылады. Ақша массасының жеке компоненттерінің ликвидтілігі әртүрлі. Көбінесе ақша массасы компоненттерінің ликвидтілік дәрежесіне қарай құрылады. Ликвидтілігі төмендеген сайын, ақша массасының компоненттер құрамына біртіндеп төлемақы функциясын нашар мүмкіндікпен орындайтын активтер қосылады. Несиеге орналасқан ақша агрегаттары арқылы ақша массасының құрылымы сипатталады (әр алдыңғы агрегат соңғысына кіреді). Түрлі мемлекеттегі ақша массысының агрегаттарының құрамы мен құрылымы әртүрлі және ол ұлттық ақша нарығының ерекшеліктері мен ақша саясатының жүргізетін сипатымен анықталады. Ақша массасын өлшеу үшін келесі ақша агрегаттары қолданылады: М0, М1, М2, М3.
М0 ақша агрегаты. Бұл айналымдағы қолма-қол (қағаз немесе металды ақша.) Қазақстанда нарықтық қарым-қатынас дамыған мемплекеттерге қарағанда жалпы ақша массасында қолма-қол ақшаның үлесі жоғары
М1 ақша агрегаты құрамына М0-ге қоса, мекемелердің есептік шоттағы және халықтың ағымдағы шоттардағы ақша, банктегі талап ету шоттардағы, жолдық чектер жатады. Ақша деп тұйық мағынада М1 агрегаты деп түсінеміз. Себебі оның көмегімен көптегшен айырбастау опирациялары жүргізіледі.
М2 ақша агрегаты құрамына М1 немесе оған қоса коммерциялық банктегі жылдам және жинақтау шоттерындағы ақша, маманданған қаржы мекемелеріндегі дипозиттер және кейбір басқа активтер кіреді.Осы агрегаттарға кіретін ақша қаражаттары бірінші жақтан екінші жаққа тасмалдана алмайды және келіссөз жүргізу үшін қолданыла алмайды. Олардың негізгі функциясы қаражаттарды жинақтау болып табылады. М2 ақша агрегаты кең мағынадағы ақша, ол көбінесе макроэкономикалық анализ үшін қолданылады.
М3 ақша агрегаты- ең ірі болып саналады. Оның құрамына М2 агрегатына қоса ірі жылдам дипозиттерді, келіскен бағамен кері сатып алуға болатындай бағалы қағаздардың саатып алынуы туралы келісімдер, банктердің дипозиттік сертификаттары, мемлекеттік облигациялар, коммерциялық қағаздар және т.б. жатады. Бұл агрегатқа мемлекеттік қысқа мерзімдік облигациялар (МҚМО), федеральді заемнің қарыз облигациялары (ФЗҚО), мемлекеттік жинақтау заемнің облигациялары (МЖЗО), мемлекеттік ішкі валюталық заемнің облигациялары (МІВЗО) кіреді. Кейбір шетел елдерінде (мысалға АҚШ) ірі ақша агрегат ретінде L агрегатты қолданады. Ақша массасының компоненттері Орталық банк пен Коммерциялық банктер тізбегінен тұратын банктер жүйесінің консолидирлендірілген баллансының пассивінде көрініс табады. Ақша агрегатының динамикасы пайыздық қойылым динамикасына тікелей тәуелді. Пайыздық қойылым өскен кезде құрамында активі бар кресті пайыз түрінде әкелетін М2 және М3 агрегаттары М1 агрегатынан жылдам өседі. Мемлекеттегі қаржы тұрақтылығы үшін ең қажетті пайыздық қойылымның тұрақтылығы және экономиканың шынайы қажеттіліктеріне адкватты ақша массасының бірқалыпты динамикасы.
1.2. Ақша нарығының неоклассикалық теориясы.Ақша мультипликаторы.
Ақша нарығы бұл ақша сұранысы мен ұсынысының өзара әсерлесуі нәтижесінде ақша мөлшерінің тепе-тең мәнімен пайыздық тепе-теңдік қойылымы тұрғызылатын ақша қаражаттарының нарығы.
Ақша сұранысы мен ұсынысының тепе-тең өзара әсерлесуі арнайы ақша –несие институттарын қамтамасыз етеді.
Ақша ұсынысы. Ақша ретінде нарықта қолданылатын түрлі қаржылық қаражаттардың жиынтығы ақша ұсынысын құрайды. Ақша ұсынысын негізінде Орталық банк қадағалайды, соған қоса кейбір кезде аз мөлшерде халықтың іс-әрекетіне және ірі коммерциялық қаржы құрылымдарына байланысты.
Ақша ұсынысы қисығы-ақша базасының өзгеріссіз кезіндегі пайыздық қойылым деңгейіне айналымдағы ақша мөлшерінің тәуелділігін көрсетеді. Ол қысқа және ұзақ мерзімді ақша ұсынысының қисықтары болып бөлінеді. М1 агрегаты үшін қысқа мерзімді ақша ұсынысының қисығы көлденең сызық болады, себебі ақшаның мултипликаторы тұрақты және пайыздық қойылымнан тәуелсіз басқа агрегаттары үшін (М2, М3)ол көлбеу сызық болып келеді.
Ұзақ мерзімді ақша ұсынысы. Ақша сұранысының өзгеру кезіндегі пайыздық қойылымның өзгеруіне ақша массасының тәуелділігін көрсетеді. Ақша ұсыныс қисығының түрі Орталық банктің жүргізетін ақша несие саясатының тактикалық мақсаттарына байланысты.
Орталық банк бірқалыпты деңгейдегі ақша мөлшерінің демеуін және сенімді түрде пайыздық қойылымның өзгермеулігінен ақша айналымының тәуелсіздігін қадағалау мақсатына жеткен кезде ғана, ұсыныс қисығы көлденең түрде болады (25.1а суреті) абцисса осінде ақша ұсынысының көлемі (МS), ал ордината осінде пайыздық қойылым (r) көрсетіледі. Мұндай жағдай инфляцияны болдырмауға бағытталған қатаң монетарлы саясат сипатталады. Бұл үшін міндетті норма өзгеруінің резерві және ашық нарықтағы операциялар сияқты құралдар қолданылады. Монетарлық саясаттың мақсаты ссудалық пайыздың номиналды мөлшерінің тұрақты болған кезде ақша ұсынысының қисығының түрі тігінен болады. Бұл Орталық банкке байланысты коммерциялық банктің қойылымдарын және өздік қойылымдарын тіркеу арқылы, оған қоса ашық нарықтағы операциялардың тіркелуі арқылы орындалады. Мұндай саясат жұмсақ (икемді) монетарлы саясат деп аталады. Ол мына кездерде қолданылады: мысалға айтсақ, ақша айналымының артуы ақша сұранысының өзгеруін тудырған кезде. Мұндайда төлемсіздік кризисінен құтылуға болады.
Орталық банк айналымдағы ақша мөлшерінің және сәйкесінше пайыздың номиналды қойылымының (25.1в сурет) белгілі түрде ұлғайуын қамтамасыз еткенде ақша ұсынысының қисығы көлбеу түрде болып келеді. Бұл,әрине, Орталық банктің ашық нарықта операциялар жүргізбей, міндетті резервтердің тұрақты нормасын сақтаған кезде ғана орын алады. Мұндай қосарланған (аралас) саясат көбінесе ішкі жалпы өнімнің ауытқуымен белгіленген ақша сұранысының өзгеруі кезінде қолданылады.
Ақша ұсынысы екі айнымалы арқылы сипатталады: нақты немесе мемлекеттегі ақшаның номиналды мөлшерімен. Біріншісін кейде нақты кассалық қалдықтар (Мр) деп те аталады. Олар ақшаның сатып алу мүмкіншілігін сипаттайды. Басқаша айтқанда, номиналды ақша массасы мен баға деңгейінің қатынасы.
Орталық банктің ақша ұсынысының толық бақылауы туралы, банктің жүйенің ролін ығыстырады (жақтырмайды- игнорирует).Тәжірибеде ақша ұсынысы тек саясаттан ғана емес, тағы үй шаруашылығының және ірі коммерциялық банктердің саяси іс-әрекеттеріне де байланысты. Соңғылары Орталық банк сияқты ақша жасай алады. Мұндай мүмкіндіктер міндетті банк резервтерінің мөлшерімен шектеледі. Олар – Орталық банкке пайызсыз салым түріндегі төменгі (мин) резервтік жабындылар (покрытия) банк кассасындағңы қолма-қол ақшаның резерві, жалпы суммадағы банк кредитеріндегі қолма-қол ақшаның үлесі.
Егер 100%- дық банктік резервлеу қолданылса, онда коммерциялық банктер ақша жасай алмайды және банктік жүйе ақша ұсынысына әсер етпейді.
Келесі белгілерді еңгіземіз:
Мs – ақша ұсынысы; Н- ақша базасы; С- қолма-қолдылық;
D-шектік (мерзімсіз) депозиттер; К- коммерциялық банктердің кредиттері;
R-банктік резервтер; m-ақша мультипликаторы; d- депозиттік мультипликатор;
k- кредиттік мультипликатор; Бұлардың арасында мынадай байланыстар болады:
Н= С+ R Мs= С+ D
m= Мs/ Н бұл жерде Мs= m*Н
Ақша мультипликаторы бұл ақша ұсынысының ақша массасына қатынасы. Ол ақша базасының бірлікке ұлғайған кездегі ақша ұсынысының (мемлекеттегі ақша мөлшері) қаншалықты өскенін көрсетеді.Ақша ұсынысы тікелей ақша базасының көлеміне және ақша мультипликаторына тәуелді:
Дипозиттік мультипликатор коммерциялық банктегі дипозиттер ақша базасы бірлікке ұлғайғандағы максимальды қаншалықты есейе алатынын көрсетеді.
Кредиттік мультипликатор халықтың банктегі кредиттердің суммасы ақша базасының бірлікке ұлғайғандағы максимальды қаншалықты есейе алатынын көрсетеді.
Ақшаның сатып алыну мүмкіндігін нарықтағы ақша массасы және тауар мен қызметтер массасының қатынасы анықтайды. Ақшаның сатып алыну мүмкіндігі бұл ақша бірлігіне сатып алуға болатын тауар мен қызметтердің мөлшері. Баға деңгейі өскен сайын ақшаның сатып алыну мүмкіндігі төмендейді және керісінше.
Қазіргі заманның банктік жүйесі- бұл бөлшекті резервтік жабындысы жүйе: депозиттерінің бір бөлігінің ғана банкте резерв түрінде сақтап, қалғандарын қарызға беру және басқа активті операциялар үшін қолданылады.
Басқа қаржылық институттарға қарағанда банктің ,ерекшелігі ақша ұсынысын ұлғайту мүмкіндігінің болуы («ақша жасау»).
Несиелік мультипликация-коммерциялық банк жүйесімен шектелген төлемақы қаражаттарының эмиссия процесі.
Банк 1-дің депозиттері 1000-ға дейін өсті деп алайық. Резервте 20%, яғни 200 қалады, ал қалғандары қарызға беріледі (резервтер нормасы- резервтердің депозиттерге қарым-қатынасы- берілген жағдайда 20% немесе 0,2 құрайды). Осылайша, банк1-дің ақша ұсынысын 800-ге көбейтіп, енді ол 800+1000=1800.
Салым салушылар бұрынғысынша қолында 1000 бірлікке тең суммалы депозиттері бар, бірақ қарыз алушыларда (Заемщик) 800 бірлік бар, басқаша айтқанда, бөлшектік резерв жабындысы бар банктік жүйе ақша ұсынысын арттыра алады.
Егер бұл 800 бірлік қайттан банкке түссе процесс қайта жүреді: 20% немесе 160 бірлікті банк2 өз резервінде қалдырады, қалған 640 бірлікті несиеге беруге қолданады. Осылайша ақша ұсынысын тағы да 640 бірлікке арттырады. Бұл ақша банк 3 түсетін болса, тағы 512 бірлік қосылады, сөйтіп процесс жүре береді.
Егер бұл процесс соңғы ақша бірлігінің қолдануына дейін созылса, онда жүйедегі ақша мөлшерін келесі тәсілмен анықтауға болады:
Алғашқы салым=1000
Банк1-дің қарызы (қосымша ақша ұсынысы)= (1-0,2)*1000=800
Банк2 қарызы =(1-0,2) [(1-0,2)*1000]=(1-0,2)^2 *1000=640
Банк3 қарызы =(1-0,2) [(1-0,2)^2*1000]=(1-0,2)^3*
..............................
Ақша ұсынысының қосындысы мынаған тең:
1000*[1+(1-0,2)+(1-0,2)^2+(1-
(шаршы жақшадағы бөлгіші (1-0,2), яғни бірліктен төмен болатын геометриялық прогрессия мүшелерінің қосындысы болып табылады. Анықтама бойынша бұл қосынды 1/(1-(1-0,2))=1/0,2 тең).
Жаңа депозиттің пайда болуы нәтижесінде жалпы түрде қосымша ақша ұсынысы мынаған тең Мs =1/rr*D
rr-банктік резервтер нормасы;
D- алғашқы салым;
1/rr - коэфициенті банктік мультипликатор немесе депозиттік мультипликатор деп аталынады.
Ақша ұсынысының жалпылау моделі Орталық банк ролін ескере отырып, банктік жүйелер депозиттерінің мүмкін қолма-қолдылық ағымына байланысты қарастырылады. Ол жаңа айнымалылар қатарынан тұрады.
Ақша базасы (жоғарғы қуаттылықтағы резервті ақша)- бұл банктік жүйеден тыс қолма-қолдылық және Орталық банкте сақталынған коммерциялық банктің резервтері. Қолма-қолдылық ақша ұсынысының тікелей бөлшегі болып табылады. Ол кезде банктік резервтер ақша ұсынысын арттыра отырып, банктің жаңа депозит шығару мүмкіндігіне әсер етеді. Ақша базасын МВ арқылы белгілейік. Ал банктік резервтерді R десек, онда МВ =C+ R
МВ –ақша базасы; С- қолма-қолдылық; R- резервтер;
Ms –ақша ұсынысы; С- қолма-қолдылық; D-талап еткенінше (сұрап алынатын) депозиттер;
Ақша мультипликаторы (m) – бұл ақша ұсынысы мен ақша базасының арасындағы қатынас.
Ақша мультипликаторының қолма-қолдылығы – депозиттер cr (депонирования коэф.) және резерв-депозиттер rr (резервілеу нормасы) арасындағы қатынас арқылы қарастырылады.
Теңдеудің оң жақтағы алымы мен бөлімін мүшелеп D – ға (депозиттерге) бөлеміз, содан келесі теңдеуді аламыз
бұл жерде cr = C/ D; rr= R/ D;
Қолма-қолдылық пен депозиттер қандай пропорцияда болатынын шешетін халықтың мінезімен cr мөлшері анықталады. rr қатынасы Орталық банкпен тағайындалатын міндетті резервтер нормасымен және коммерциялық банкттер қажетті суммадан артық ұстауды қалайтын артық резервтер мөлшеріне байланысты. Енді ақша ұсынысының келесі теңдеуін қарастыруға болады
Мs = (cr+1)/(cr+rr)* МВ
Орталық банк ақша ұсынысын бірігншіден ақша базасына әсер ету арпқылы қадағалайды. Өз кезегінде ақша базасының өзгеруі ақша ұсынысына мультипликативті күшті әсер етеді. Осылайша, ақша ұсыныс көлемінің өзгеру процесін екі кезеңге бөлуге болады:
1. Халық пен банктік система алдындағы орталық банктің міндеттерін өзгерту арқылы ақша базасының алғашқы модификациясы(қолма-қолдылық пен резервтің көлеміне әсер ету).
2. Коммерциялық банк жүйесінде «мультипликация» процесі арқылы жасалынатын ақша ұсынысының кейінгі өзгерістері.
Ақша базасына немесе мультипликаторға әсер ете, ақша саясатының құралдары ақша массасының мөлшерін түзетеді. Ақша саясатының үш маңызды құралын бөліп көрсетуге болады. Олардың көмегімен орталық банк ақша несие өрісінде жанама басқаруды қамтамасыз етеді.
1. Есеп қойылымының немесе реқаржылау қойылымының өзгеруі, яғни коммерциялық банктерді несиелейтін Орталық банк қойылымдарының өзгеруі.
2. Міндетті резервтер нормаларының өзгеруі, басқаша айтқанда, коммерциялық банктер резерв түрінде (пайызсыз салымдар) түрінде сақтайтын депозиттердің минимальді үлесінің өзгеруі.
3. Ашық нарықтағы операция. Орталық банктің мемлекеттік бағалы қағаздарын сатуы немесе сатып алуы (фондылық нарығы дамыған елдерде қолданылады).
Бұл операциялар банктік резервтер көлемінің, демек ақша базасының өзгеруімен байланысты.
Орталық банк ақша ұсынысын толығымен бақылай алмайды.Мысалы:
1.rr қатынасына сәйкесінше,мультипликаторға әсер ететін артық резервтердің (R құрамына кіретін) көлемін коммерциялық банктердің өздері анықтайды;
2. Орталық банк коммерциялық банктермен берілген несие мөлшерін нақты және дәл қамти алмайды немесе ескере алмайды;
3. Әрдайым Орталық банктің әрекеттерімен байланысты бола бермейтін халық мінез-құлқымен және басқа себептермен cr көлемі анықталады.
Ақша сұранысы шаруашылық агенттері төлеу қаражаты ретінде қолданғысы келетін ақшалы қаражаттың мөлшерімен анықталады.Ол экономикалық субъектілердің кірісінің қай бөлігін салыстырмалы ликвидті формада, қолма-қол ақша (ақша кассалары) ретінде сақтауды таңдайтынын көрсетеді. Ақша сұранысы белгілі сәтте өлшенген ақша қорының сұранысын білдіреді. Ақшаға сұраныс экономиканың барлық секторларында қалыптасады.
Ақша кассасын қолда ұстау альтернативті шығындармен байланысты. Оған қоса иеленуші басқа мүлік түрлері сатып алу нәтижесінде қолға түсетін кірістен айырылады. Экономикалық әдебиеттерде ақша ұсынысының екі негізгі концепциясын бөліп айтуға болады: классикалық (монетаристік) және кейнсиандық.
Неоклассикалық мектеп. Мөлшерлік ақша теориясымен шектеле отырып, ақшаның сұранысын И. Фишер теңдеуімен сәйкестендіріп анықтаған:
Мұндағы M-айналымдағы ақша мөлшері;
V-ақшаның айналым жылдамдығы;
Q-өндірудің нақты көлемі;
P-баға деңгейі;
Ақша айналымының жылдамдығы тауар мен қызметтерді сатып алу нәтижесінде ақша бірлігі шамамен жылына қаншалықты айналым жасайтынын білдіреді. Айналымдағы M – ақша мөлшерін Md – ға ақша сұранысының мөлшеріне ауыстырып, формуланы (1) түрлендіреміз. Нәтижесінде
Бұл теңдеуден мынаны көреміз, ақшаның сұраныс мөлшері баға деңгейі мен өндірудің нақты көлемімен тура қатынаста, ал ақша айналым жылдамдығымен кері қатынаста.
Егер барлық мәлімелерді номинальды жалпы ұлттық өнім (У) көлемінде қарастыратын болсақ, онда келесі мәндер шығады:
У= P*Q
Бұдан M*V= У және Md= У/ V.
Берілген жағдайларда ақша сұранысының мөлшері келесі факторларға байланысты: Өндірудің нақты көлемдік деңгейі мен ақша айналымының жылдамдығына, ақшаның мөлшерлік теориясының модификациясын Кембридж мектебінің белсенділері ұсынды. Кембридж теңдеуі келесі түрдегідей болады: M=k*P*Y, сонда Md= M/ P= k*Y
Бұл жердегі Y- кірістің нақты өлшемі;
k- коэффициенті ыңғайлылық үшін қолма-қол ақша түрінде сақталатын кірістің немесе ақша қаражатының бір бөлігі болып табылады.
Халық нақты кассалық қалдықтардың тұрақты сатып алыну мүмкіндігінің демеулі болуын қажет етеді. Нақты ақша қаражат қорларының сұранысы кіріске тура қатынаста. Ол үшін баға деңгейі ақша ұсынысының номинальды мөлшеріне тура пропорционалды түрде өзгеруі тиіс.
Ұзақ мерзімді тепе-теңдік кезінде ақша нейтральды барлық ақша ұсынысына номинальды өзгеруі нақты экономикалық айнымалыларға (өндіріс, ресурстардың орналасуы, жұмыспен қамтылу) әсер етпейді. Осының түбінде классикалық дихотомияның принципі жатыр. Оның ішінде нақты және номинальды айнымалылардың теориялық шекараландыру жатады. Біріншіге: сандыққа ЖҰӨ нақты көлемі, ұлттық табыс, нақты пайыздық мөлшерлеме сияқтылар жатса, екіншіге: баға деңгейі, номинальды табыс сәйкес.
Ақшаның сандық (мөлшерлік) теориясы қазіргі заманғы монетаризмнің өкілі М. Фридменнің еңбектерінде көрініс алады. Ол ақша және басқа да активтер сияқты «портфель ресурстарының» суммасымен шектелген жеке тұқлғаның ақша сұранысын қарастырады.
Мd=Pf (Rb, Re, P, h, y, u)
Мұндағы, Мd-ақша сұранысының мөлшері;
Pf - бағаның абсолюттік деңгейі;
Rb -пайыздың облигация бойынша номинальды нормасы;
Re -кірістің акция бойынша нарықтық құны;
P -пайызбен өлшенетін деңгейдің өзгеру қарқыны;
y -байлықтың жалпы көлемі;
u -мәнер мен артықшылықтардың мүмкін өзгерулерін өмірге көрсететін мөлшер;
h -адамдардың байлығы (еңбегі) мен барлық басқа байлық формалары арасындағы қатынас.
Монетаристер ақша сұранысының «портфельді» теориясын дайындаған. Ондағы ақша сұранысы экономикалық субъектілерінің активтерінің портфельді оптимизациялау міндетімен байланысты қарастырылады. Олардың ойлауынша, халық түрлі активтерді таңдау алдында тұр және ақшаның сұранысы ликвидтілік артықшылығының мотивімен байланысты.Экономикалық субъектілер белгілі тәуекелділікте мүлікті иеленуден пайдасын максимальды қанағаттандыруды қамтамасыз ететін барлық өз активтерінің портфель құрамын қалыптастырады. Нәтижесінде мүлік тәріздес ақша сұранысы спекулянтты мотивтерден емес ликвидтілік артықшылық мотивінен пайда болады. Портфельдік теорияларда жинақтау немесе мүлікті қалыптастыру қаражаты ретінде ақша функцияларына екпін жасалады.
1.3. Ақша сұранысының кейнсиандық теориясы.
Кейнстің ақша теориясында басты ролді пайыздық қойылым атқарады. Оның тұжырымындауынша, ақша бұл экономикалық агенттер активінің портфельдік құрылымындағы байлықтың бір түрі. Кейнстің ақшаға сұраныс теориясы ликвидтілікті артық көру теориясы деп аталады. Себебі бұл теорияның пайымдауынша, экономикалық субъектілердің ақша түрінде ұстағысы келетін актив портфелінің бір бөлігі (бөлшегі) ликвидтіліктің қасиеттерін бағалауына байланысты. Кейнс классикалық мектеп өкілдеріне қарағанда, негізгі көңілін трансакциялық ақша сұранысына бағыштамай, басқа да мотивтерді қарастырды. Кейнсиандық ликвидтілікті артық көру теориясына сәйкес, ақша түріндегі байлықтардың (актив портфелінің) бөліктерін экономикалық агенттердің басқаруында болатын үш басты қозғаушы сақтау мотивтері бар.
1. Трансакциялық мотив. Байлық бөлігін айналым қаражаты және төлеу қаражаты ретінде қолдану мақсатымен ақша түрінде сақтау.
2. Сақтандыру мотиві перспективада байлықтың ақша түріндегі бөлігінен басқару миүмкіндігінің бар болуымен байланысты. Бұл күтпеген қажеттіліктерді қанағаттандыру немесе күтпеген мүмкіндіктердің артықшылықтарын іске асыру үшін қажет.
3. Спекулятивтік мотив. Капиталды жоғалтудан, сақтандырудан туындайды. Яғни бұл оның бағалы қағаз түріндегі курстық құнының төмендеу кезеңінде сақтаумен байланысты.
Ликвидтілікті артық көру теориясында басты көңіл пайыздық қойылымға бөлінеді. Өз кезегінде ол белгілі кезеңге берілген қарызды орнына қарыз алушының кредиторға төлейтін пайыздың суммасын анықтайды.
Пайыздық қойылым нақты және номинальды болып бөлінеді. Пайыздың нақты қойылымы r ақша альтернативі ретінде сақтауға болатын активтер кірісі болып табылады. Пайыздың нақты қойылымы- бұл баға, иегерге пайыз әкелетін альтернативті активтер ретінде емес ақша кірісін әкелмейтін байлық бөлігін иеленгені үшін осы бағамен төленеді. Экономикадағы ақша рөлін баян етуде неоклассиктер мен кейнсиандықтар арасындағы негізгі ерекшеліктер мына төмендегіге саяды: Кейнсиандықтар ақшаға болмашы роль берсе, монитартстер атап айтқанда, ақша айналымы - өндіріс, баға мен жұмысбастылықтың деңгейін анықтайды. Олар ақша массасының айналым өзгешелігін түрліше баян етеді. Неоклассиктердің айтуынша, жылдамдық (V) - тұрақты болса, онда айналымның мөлшерлік теңдеуінен ( M*V = Y) ақша мөлшері мен ЖҰӨ арасында тікелей тәуелділік бар екенін көруге болады.

- Ақша есебінің ұйымдастырылуын зерттеу
- Ақша қаражаттары
- Ақша қаражаттарының жалпы сипаттамасы
- Ақша қаражаты, құнды қағаздар, ақшалы құжаттар мен қатаң түрі
- Ақша қар есебі мен аудиті
- Ақша қаржаттар қозғалысының есебін талдау және аудиті
- Ақша-несие саясаты
- Ақмола облысының халқының қоныстану жүйесі өзгерісінің экономикалық географиялық мәселелері
- Ақпарат компьютердің ішкі және сыртқы жадында сақталады
- Ақпараттар жүйесiн математикалық жабдықтау және басқару
- Ақпараттық желілерді оқу үрдесіне пайдалану
- Ақпараттың негізгі ұғымы, құрылымы, формасы, өлшемі
- Ақтөбе облысында 450Мвт МАЭС жобалау
- Ақша айналымын мемлекеттік реттеу жолдары