Автомобиль көлігі кәсіпорындарының жағдайы мен жетілдіру жолдарының құрылымы. 2
Мазмұны
Бет | |
Кіріспе |
7 |
|
8 |
|
8 |
|
16 |
|
16 |
|
19 |
|
22 |
|
22 |
|
24 |
|
26 |
|
27 |
|
29 |
|
32 |
|
35 |
|
37 |
|
39 |
|
40 |
|
41 |
|
42 |
|
44 |
|
45 |
|
48 |
|
53 |
|
53 |
|
57 |
|
59 |
|
59 |
|
61 |
|
64 |
|
66 |
|
67 |
|
68 |
|
68 |
|
69 |
|
71 |
|
71 |
Қолданылған әдебиеттер |
74 |
Қосымша |
Кіріспе
Біздің елімізде автомобиль
көлігі сапасы және саны жағынан қарқынды
екпінмен дамуда. Отандық автомобиль
нарығында тек Рессейлік
Әр түрлі елдердің жеңіл автомобильдермен қамтылуының орташа деңгейі 1000 адамға 50-ден 200-ге дейін барады. Кез келген елдің автомобильденуінің шекті деңгейін болжау қиын, алайда халықтың моторлагну дәрежесі өсуде.
Жеңіл автомобильмен қамтылу деңгейі бірқатар факторлармен анықталады, соның ішінде, халықтың тұрмыстық жағдайының деңгейі, елдің немесе ауданның климаттық ерекшелігі, қоғамдық көлік түрінің дамуы, қалалардағы көшелік-жолдық желінің жоспарлық ерекшелігі, гараж және тұрақтармен қамтылуы.
1. Автомобиль көлігі кәсіпорындарының жағдайы мен жетілдіру жолдарының құрылымы
- Автомобиль көлігі кәсіпорындарының жалпы сипаттамасы
Автомобиль көлігі кәсіпорындарының түрі мен қызметі
Атқаратын қызметіне байланысты жылжымалы құрамның жұмыс жасау қабілеттілігі кәсіпорындардың келесідей түрлерін қамтамасыз етеді: автокөліктік, автожөндеулік, автоқызмет көрсетушілік.
Автокөлік кәсіпорындары (АКК) жүктер мен жолаушыларды тасымалдауға, сонымен қатар ТҚК және жөндеу жұмыстарын орындауға, жылжымалы құрамның сақталуы мен материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі үшін арналған. Тасымалдың сипатына және жылжымалы құрамның түріне байланысты автокөлік кәсіпорындары жеңіл таксомоторлы, қызмет көрсетуіне байланысты жеңіл мекемелі және ұйымдық, автобустық, жүк таситын, аралас (жүк тасымалы мен қоса жолаушылар тасымалын жүргізеді) және арнайы, сонымен қатар жедел көмек көрсету, коммуналдық қызмет және т.б. болып бөлінеді. Нысаналы пайдалану, өндірістік-тұрмыстық қызмет сипатына, бағыныштылық және меншік формаларына байланысты АКК : мемлекеттік, муниципальды, ведомстволық, акционерлік, жеке және т.б. болуы мүмкін.АКК өндірістік қызметті ұйымдастыруда автономиялы және қауымдық болып бөлінеді. Автономиялы АКК көлік жұмыстарын, жылжымалы құрамды сақтау және ТҚК мен жөндеудің барлық түрлерін орындайды. Бірлескен АКК қызметі көлік жұмыстарын орталықтандыру негізінде, сонымен қатар жылжымалы құрамды ТК мен жөндеу өндірісін толық немесе жарым-жартылай мамандандыру мен кооперациялау арқылы жүзеге асады.
Автокөлік жөндеу кәсіпорындары
негізінен агрегаттар мен түйіндерге
күрделі жөндеу, сирек кездері
автомобильдерді толық жөндеу, сонымен
қатар бөлшектерді қалыпқа
Көлікке қызмет көрсетуші кәсіпорындар ең көп кәсіпорындар тобын құрайды. Оларға келесі кәсіпорындар жатады.
Қалалық кешенді ТКС мен автоорталықтар
Бұл кәсіпорындар автосервис саласында негізгілері болып табылады, олар жеңіл автомобильдерге қызмет көрсету мен жөндеудің барлық кешенді жұмыстарын жүргізеді: жинау-жуу жұмыстары ; түйіндерді, агрегаттарды және жүйені реттеу мен диагностикалау; кепілдік және одан кейінгі мерзімде автомобильдеоді ТК мен жөндеу; кузовты жөндеу, сырлау және коррозияға қарсы өңдеу; автомобильді техникалық байқауға дайындау; сату алдындағы дайындық пен автомобильдерді сату; қосымша бөлшектерді, автоэксплуатациялық материалдарды және автожабдықтарды сату; жолда техникалық қызметтер көрсету; автомобильдерді техникалық пайдалану жөніндегі сұрақтарға кеңес беру (телефон арқылы да).
Қалалық кешенді станциялардың бір бөлігі автозаводтар (ВАЗ, ГАЗ және т.б.) мен автомобильдерді жасап шығарушы (БМВ, Опель, Вольво, Реко және т.б.) немесе олармен тығыз қаржылай байланысы бар шетелдік фирмаларға тиесілі. Дегенмен станциялардың көп бөлігі (шетелдік тәжірибеге сүйенсек 50-70%) тәуелсіз болып келеді.
ОСАГО жағдайына өтуге байланысты кешенді қалалық ТКС шоғырында автомобильдерді ЖКО кейін қалыпқа келтіру мен айналысатын сақтандыру мекемелерінің станциялары шығуда. Қазіргі таңда Ресейде бұл компаниялар өз тапсырыстарының көп мөлшерін әзірге қолданыстағы тәуелсіз және фирмалық ТКС орналастыруда, бірақ шетелдік тәжірибе көрсеткендей, көптеген ірі сақтандыру компаниялары авариялық автомобильдерді жөндейтін жеке кәсіпорындарының болғанын қалайды.
Автомобильдерді,
қосалқы бөлшектерді және автоқажеттіліктерді
сатумен айналысатын
Әлемдік тәжірибеде автомобильдер саудасын ұйымдастырудың екі формасы қалыптасқан: өндіруші фирмамен және делдал арқылы.
Ыңғайлы тәртіппен автомобильдер мен қосалқы бөлшектердің саудасын жүргізу үшін оларға сақтау орындары, сату алдындағы дайындық үшін өндірістік орындар, автосалондар, дүкендер іспеттес едәуір өндірістік техникалық база (ӨТБ) қажет. Бұл жағынан автомобиль фирмалары өз диллерларына айтарлықтай қатаң тәртіп қояды. Мысалы, «Фльксваген» компаниясы өз дилерларын таңдау кезінде ӨТБ орындарына байланысты келесідей талаптарын алға тартады:
- сервистік зона үшін 500-800 м²;
- қосалқы бөлшектер қоймасы үшін 200-300 м²;
- демонстрация жасау залы үшін 250-500 м².
Сонымен қоса офис үшін орын және 1000-1600 м² аудан мен бос орын болуы шарт.
Автомобильдер паркін
қосалқы бөлшектермен
Қосалқы бөлшектер мен
автоқажеттіліктерді сататын
Қорды қоймаларда ұстаудың
бағасы жоғары және жыл сайын өсуде,
сондықтан да қосалқы бөлшектерді
сатумен айналысатын
Қосалқы бөлшектер өтінімімен айналысатын кәсіпорындар үшін келесідей операциялар мен процесстер сипатты:
- қосалқы бөлшектер мен автоқажеттіліктерді иелену мен жеткізу;
- қоймалық өңдеу (қабылдау, жүк түсіру, орналастыру, орау, есепке алу, жүкті тиеп қою, тұтынушыларға беру үшін комплектация жасау);
- автомобиль техникасы иелерінің қаржылық іске асуы;
- өтінімдерді қабылдау мен өңдеу, клиенттарға кеңес беру;
- сұранысқа байланысты статистикалық мәліметтердің анализі және қосалқы бөлшектерді иеленуге арналған тапсырмаларды түзету;
- бәсекелестік баға анализі, баға есебі;
- есептік және басқа да қаржылық құжаттарды басқару.
Тікелей клиенттармен жұмыс жасайтын төмендегі кәсіпорындар тапсырыс берушілердің өздеріне қызмет көрсетуде қосымша көмек көрсете алады.
Гараж-тұрақтар
Автомобильді сақтау—
оның иесінің алғашқы
Жеңіл автомобильдердің
сыртқы күтімімен айналысатын
Кәсіпорындардың берілген түріне
жуу станциялары мен
Автомобильдің сыртқы күтімінің жұмысы технологиялық жағдайда қиын емес, еңбек сиымдылығы төмен; оларды жылдам сервистер қатарына жатқызуға болады. Автомобиль қожайындары мұндай операцияларды толығымен өз күшіне сүйене отырып жасай алады, алайда кей жағдайлар оларды маманданған кәсіпорындардың қызметіне сүйенуге мәжбүр етеді. Мұндай жағдайларға жуу орындарына қойылатын қатаң экологиялық талаптар, арнайы материалдарды қолданудағы , қорапты полировкалау процесіндегі және тотығуға қарсы өңдеудегі технологиялық қиындық, қалталы көлік қожайындарының онша таза емес жұмысты атқаруға ықыласының болмауын жатқызуға болады.
Автомобиль құрылымдары
мен жүйелерін
Автомобильді диагностикалау
станциялары шет елдерде 60-шы жылдарда
пайда болды, алайда көлік иелерінен
жеке диагностикалауға сұраныс түспегендіктен,
олар шығынды деп табылып, кейінгі
кезде мүлдем жоғалып кетті. Олардың
негізінде диагностикалаудан
Біздің елімізде бұндай қызметті атқаратын станциялар 90-шы жылдың басына дейін мүлдем болмады. Қазіргі заман жағдайында кәсіпорынның бұл түрі жаңа өрлеуді бастан кешіруде.
Автомобильдің техникалық жағдайының міндетті құрал-саймандық бақылауымен техникалық байқау пункті
Міндетті құрал-саймандық
бақылауды енгізу амалсыз қолданылған
шара болып келеді, себебі соңғы
жылдары ЖКО саны техникалық жағдайларға
байланысты үздіксіз өсуде; Ресейдің ірі
қалаларындағы экологиялық
Бұндай бақылауды енгізудің бірінші кезеңінде автомобиль иелері кем дегенде екі жағымсыз проблемаға тап болды. Олардың біріншісі — өндірістік қуаттың жетіспеушілігі, өйткені көлік иелері 15-30 минуттік техникалық байқау шарасына үш тәуліктей уақыт өткізуге мәжбүр болды. Қазіргі жағдайда бұл мәселе өз шешімін тапты. Мәскеуде 2000 жылдың өзінде Hoffman фирмасының 30 дай Sun құрал-саймандық бақылаудың автоматталған желісі компьютермен жұмыс жасады. Ал екінші проблема шетелдің баға жетпесэлектроникасы біздің онжылдық «Лада» және «Москвич» автомобильдеріне бұндай сынақтан өту мүмкіншілігін бермеген.
Сонымен қатар, техникалық байқаудан 2-3 рет өткеннің өзінде табысты болуы екіталай, себебі қазіргі таңда аспаптық бақылауда ақаулы түйіндер мен жүйелердің жұмысының сапасы, технологиясы және жабдығы сәйкес келіп жұмыс жасаушылары әлі де аз. Жоғарыда қабылданған қаулыдан техникалық байқау пунктерінің өздеріне анықталған ақауларды реттеу мен жою жұмыстарын жүргізу тиым салынған. Отандық жабдықпен қызмет атқарушы кешенді ТКС техникалық байқау кезінде табысқа кепілдік беретіндей құрал-саймандық тексеріс алдындағы және сапалы реттеу жүргізе алмайды. Бұл міндетті өзіне алатындай қабілетті мамандандырылған диагностикалық орталықтар және ТКС қажет.
Тегіс қамти алатын аспаптық бақылауды енгізу үшін миллиардтаған қаражат қажет. Бұл ауыртпалықты жарым-жартылай мемлекеттен алу үшін 31.07.1998 бастап №880 Үкімет қаулысы конкурстық негізде мемлекеттік техникалық байқауға заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің автомобильдерін тартуға рұқсат етеді.
Сондай-ақ, аспаптық бақылау
орындарын автосервис кәсіпорындарына
жатқызуға болады, себебі олар белгіленген
бағамен қызмет көрсетеді. Бұл қызмет
міндетті болып табылады. Аспаптық
бақылауға ГОСТ Р 51709-2001 параметрімен
қаралатын , қозғалыс пен экология қауіпсіздігіне
әсер етуші автомобильдің
Демек, жақын арада жеңіл автомобильдердің тетіктері мен жүйелерін диагностикалау мен реттеуде келесідей кәсіпорындар құрылымы қалыптасуы мүмкін:
- аспаптық бақылау орны (АБО) мен автомобильдің техникалық жағдайы;
- мамандандырылған бақылаушы-диагностикалық реттеуші ТКС, ұқсас АБО;
- электрондық жіберіспен қоректендіру жүйесін диагностикалау мен реттеу орындары,
- басқарылған дөңгелектерді құру бұрыштарын диагностикалайтын және реттейтін орындар;
- подвескаларды диагностикалау мен жөндеу станциялары;
- автомобильдің ауыр-экономикалық және экологиялық (СО,СН) көрсеткіштерін диагностикалау мен реттеу станциялары.
Шина мен доңғалақтарды жөндейтін орындар
Шиналар автомобиль құрылысындағы
қымбатқа түсетін элементтердің
бірі болып табылады. Автомобиль қызмет
атқарған уақытта оларға кететін
шығынның мөлшері автомобильдің
өз құнының 20%-не дейін жетеді. Сонымен
қатар шиналарды жөндеу мен қалыпқа
келтіру әдістерінің
Шиналар мен дөңгелектерді жөндеу орындары мамандандырылған автосервис кәсіпорындарының ішіндегі 90-шы жылдардың басында пайда болған алғашқылары болып табылады. Олардың саны мен қуаты сұранысты толықтай қанағаттандырарлық деңгейге тез көтерілді. Бастапқы уақытта олар АЗС мен ақылы тұрақтардың жанынан пайда болды, ал кейіннен —жеке кәсіпорындар ретінде.
Жөндеу-зарядтау станциялары
Аккумуляторларға техникалық қызмет көрсету операциялары айтарлықтай ерекше болғандықтан, оларды орындау барысында агрессивті заттектермен (Н₂SO₄) жұмыс жасалынатындықтан, оларға жоғары техникалық қауыпсіздік талаптары қойылады, сондықтан да жеңіл автомобиль қожайындарының көпшілігі өздігінен бұл жұмысты атқара алмайды. Бұның барлығы оларды автосервис кәсіпорындарының көмегіне жүйенуге итермелейді. Аккумуляторларды зарядтау мен ТК ақылы тұрақтар мен кешенді ТКС қосымша қызмет ретінде орындауы мүмкін, жоғары сапалы аккумуляторларды жөндеу мен ТК жұмыстарының барлық түрін жөндеу-зарядтау станциялары типтес маманданған автосервис кәсіпорындары жүргізеді.
Ал жөндеуге келсек, қазіргі
таңда аккумуляторға қатысты
қызмет көрсетумен айналысатын автосервис
кәсіпорындарының көпшілігінде ол жүргізілмейді.
Бұл қазіргі таңда
Қорапты бояу мен жөндеу жұмыстарымен айналысатын кәсіпорындар
Жеңіл автомобильдер қорабын бояу мен жөндеу автосервис қызметі нарығында тұрақты сұранысқа ие. Олар ең қымбат қызмет түрлерінің бірі болғандықтан, әлдеқайда табысты, сондықтан да шанақты және бояйтын станциялар айтарлықтай тез өтеледі.
Шанақты ТКС жұмыстың толықтай кезеңі төрт бөлімшеден құралады: шанақты, бояу бөлімшесі, коррозияға қарсы өңдеу және жапсырма. Бұндай бөлімшелер кешенді ТКС да болады. Соңғы уақытта бұл бағыттарда кәсіпорындар көптеп пайда болуда.
Автомобильді отынмен, майлау материалдарымен және арнайы сұйықтықпен қамтамасыз ететін кәсіпорындар
Автомобильді отынмен, майлау
материалдарымен салқындату сұйықтықтарымен
және басқада арнайы сұйықпен және
автоэксплуатациялық
Газ толтырғыш компрессорлық станциялары газомоторлық отынды өндірудегі, сақтаудағы және бөлудегі технологиялық процесске сәйкес келесідей құрылымнан тұрады:
- аккумуляторлар —газды сақтау ыдыстары;
- газ желілеріне жалғаушы газөткізгіш;
- газды дайындайтын сыртқы жабдықтар ( сепараторлар мен фильтрлар);
- өндірістік-техникалық корпус.
Негізгі технологиялық құрылғылар:
компрессорлық бөлімдер, ауа компрессорлар,
суды немесе антифризді салқындату бөлімшесі,
сорғы, трансформаторлық станция,желдеткіш
камерасы, реттеуші арматура бөлімшесі,
тұрмыстық бөлмелер мен операторлық
өндірістік-технологиялық
АЗС, АГНС және АГНКС оларға
қойылатын техникалық,
Жол кешеніндегі автосервис кәсіпорындары
Автосервистің басты бөлімінің
бірі жүргізушілерге, жолаушыларға және
автомобильдерге жол үстінде
қызмет көрсету болып табылады. Бұндай
қызмет көрсететін кәсіпорындар желісінің
қажеттілігі жолаушылар мен жүргізушілердің
ұзақ жолда демалуы мен
Қызмет көрсетудің қарапайым
жүйесі жолдағы демалыс орындарынан
құралады. Әдетте олар көлеңкелі жерлерде
орналасып, туалетпен, жаңбыр мен күннен
қорғайтын орындармен жабдықталады,
олардың кейбіреулерінде
Жүргізушілермен олардың автомобильдеріне дамыған жолдағы қызмет көрсету жүйесі жолдық ТКС, АЗС, мотельдер мен кемпингтардан тұрады.
Мотель—автомобильшілерге арналған арнайы қонақ үй. Кәдімгі қонақ үйден оның айырмашылығы құрамында автомобильдер үшін гараж-тұрақтар біріктірілген. Сақтаумен қоса автомобильдерге қызмет көрсетудің басқада азын-аулақ қызметтерін көрсетеді, мысалы көлік жуу.
Өзіне-өзі қызмет көрсету кісіпорындары
25%-ке дейін, ал
Өзіне-өзі қызмет көрсету
принципі болып, клиентке белгілі бір
бағаға автомобилін өз күшімен ТК
және жөндеуге жұмыс орны мен құрал-жабдық
беріледі. Бұл жағдайда жұмыс құны
станция қызметкерлері
Жұмысты ұйымдастыру мен
клиентті және оның көмекшілерін қадағалауды
белгіленген тәртіппен кеңесші-
Жұмыстың алдында клиент
техникалық қауыпсіздік нұсқаулығымен
танысады, техникке төленген талон
мен автомобильдің техникалық күәлігін
тапсырады (құрал-жабдықты тапсырғаннан
кейін жұмыс аяғында
Кеңесші-техник жұмыс барысын қадағалайды және қажетті жағдайда техникалық кеңес береді.
ТКС өзіне-өзі қызмет көрсететін орындар мен бөлімшелерді құру кәсіпкерлердің қызмет көлемін үлкейтеді, соған орай табысты да, ал көлік иелерінің жеке уақытын үнемдейді және шығынды азайтады.
Пайдаланылғаннан кейін автомобиль құрылымындағы элементтерді пайдаға асыратын кәсіпорындар
Жыл сайын дүние жүзінде 27 млн-ға дейін автомобильдер өз қызметін аяқтап, утилизацияға түседі. Автомобиль күрделі техникалық бұйым болып табылады, оның бөлшектері мен элементтері ондаған түрлі материалдардан жасалынады, пластика мен резеңке-техникалық бұйымдардан бастап, түрлі-түсті және де қымбат металдарға дейін. Сондықтан да оны пайдаланғаннан кейін утилизация жасау тиімді.
Соған орай өз қызметін аяқтаған автомобиль құрылымындағы бөлшектер мен элементтарды пайдаға асыруға дайындау және жинау үшін кәсіпорындар жүйесі қажет. Соның ішінде автомобильді тұтастан бөлшектеуге қабылдайтын кешенді кәсіпорындар қажет.
Автомобильді утилизацияға дайындау мен бөлшектеу барысындағы қызмет түрлерінің үлгісі:
- бөлшектеу орнына жеткізу;
- оның бағасын анықтау мен көлік иесіне құнын төлеу;
- агрегаттар мен жүйелерден майлар мен арнайы сұйықтықтарды құйып алу,
- автомобильді бөлшектеу,бөлшектерді материал түрлеріне байланысты сорттау;
- пайдаға жарамды бөлшектерді анықтау;
- көлемді бөлшектерді пресстеу;
- материалдардың әр түрлерін сәйкесінше қажетті кәсіпорындарға тапсыру (сату);
- орынды бағаға ұсталған бөлшектерді сату.
- Автомобильге техникалық қызмет көрсету станциялары
- ТКС қызметі мен жіктелуі
Автомобильге техникалық
қызмет көрсету станциялары (ТКС) автомобиль
сервисіндегі кәсіпорындардың басты
үлгісі болып табылады. Қазіргі заманғы
ТКС келесідей қызмет түрлерін көрсетеді:
автомобильді сату мен жаңа және ұсталған
автомобильдерге сату алдындағы
қызмет көрсету; қосалқы бөлшектерді,
пайдаланылған материалдарды
- Автомобильная промышленность Российской Федерации
- Автомобильная промышленность США
- Автомобильный кран
- Автомобильный транспорт в России
- Автомобиль «Урал-4320» грузоподъемностью 5тонн с разработкой раздаточной коробки
- Автономия в государственном устройстве: теория и практика реализации в современном мире
- Автономна система запису телефонних розмов на МК AVR
- Автомобили
- Автомобили АЗЛК
- Автомобилизация в России как индикатор благосостояния общества
- Автомобильдерге ТҚ көрсету
- Автомобильдің багытын баскару
- Автомобильдің рульмен басқару жүйесі
- Автомобиль көлігі кәсіпорындарының жағдайы мен жетілдіру жолдарының құрылымы