Қазақстан республикасындағы ұлттық банктің инфляцияға қарсы саясаты

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    КІРІСПЕ 

       Дипломдық жұмыстың тақырыбының  өзектілігі. Қазақстан егемендік алғаннан кейін мемлекеттік тілдің қоғам дамуының әр түрлі саларында ─ сыртқы дипломатиялық, ішкі әлеуметтік-экономикалық, педагогикалық және басқа көптеген бағыттарда білікті мамандарды даярлау ісінде кеңінен қолдану және тереңдете меңгерудің алғы шарттарын іргелі түрде жүргізу бүгінгі таңда кезек күттірмес мәселелердің бірі. Ақша, несие, банктер ─ қазіргі өркениеттіліктің өзінен ажырағысыз белгілері. Олардың қызметтері қоғамдық өнімді өндіруді, бөлуді, айырбастауды және тұтынуды бір-бірінен бөлінбейтін үздіксіз процеске айналдырады. Оларды пайдаланбай ешбір шаруашылық субъектісінің ісі тынбайды, ал кез-келген адам үнемі немесе анда-санда банк қызметін пайдаланады. Банктер уақытша қолданылмаған ақша қаражатын жинақтап, оларды салалар мен аймақтар, кәсіпорындар мен халықтар арасында қайта бөлумен қатар, экономиканы қосымша капиталмен қамтамасыз етіп, сайып келгенде қоғамдық байлықты көбейтуге негіз қалайды.

     Ұлттық  валютаның енгiзiлуi сәтiнен бастап, 1995 жылға дейiн Орталық банктiң  қызметiн атқару, жүйе қызметiн реттеп отыратын нормативтiк құжаттарды қарастыру  және қабылдау тұрғысындағы дәстүрлермен тәжiрибесi жоқ Ұлттық банк дербес түрде  ақшалай-несиелiк саясат жүргiзу тәжiрибесiн қолға алды. Бұл кезең, сондай-ақ ұлттық валютаның бағаларды ырықтандыру саясатына орай шарттасылған ақша-несие құралдарының және факторлардың әрекетiне бейiмделуi болатын. Сонымен бiр мезгiлде, 1995 жылы 15 ақпанда Қазақстан Республикасы Президентiнiң қаулысымен бекiтiлген, 1995жылына арналған Қазақстандағы банктiк жүйенi реформалаудың бiрiншi бағдарламасы жасалынды.

     Бұл бағдарламаның негізін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы 2006ж. 30 наурыздағы №2155 Қазақстан Республикасының Заңы құрады. Қазақстан Республикасының банк жүйесi екi деңгейден тұрады.

     Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi (Қазақстан  Ұлттық Банкi) Қазақстан Республикасының  орталық банкi болып табылады және Қазақстан Республикасы банк жүйесiнiң  жоғары (бiрiншi) деңгейiн бiлдiредi.

     Қазақстан Ұлттық Банкiнiң негiзгi мақсаты мен  мiндеттерi Қазақстан Республикасында  баға тұрақтылығын қамтамасыз ету болып  табылады.

     Дипломдық жұмыстың зерттеу  дәрежесі. Қазақстан Республикасының Ұлттық банктің инфляцияға қарсы саясатын жөнiнде баспасөз беттерiнде көптеген ғылыми еңбектерде жарық көрдi. Белгiлi экономист ғалымдарымыз: Дониязова А.К., Мырзабеков Ш, Мақыш С., Көшербаевтардың жазған еңбектерiн терең талқылай отырып, ғылыми-сараптамалық тұжырымдамалар ұсынылады. Ұлттық банк  екінші деңгейлі банктерге несиелiк қызмет көрсету бағдарламаларын салыстыратын экономикалық көрсеткiштерi бар кестелер келтiрiлген.

     Осыған  қарамастан, Ұлттық банктердің несиелеу проблемалары біраз уақыт өткенімен  елімізде, қазіргі стандартқа сай, қандай жетістіктерге қол жеткендігі жайында, туындаған мәселелерді ашып көрсетулері туралы жазылған фундаменталды монографиялар жеткіліксіз деп айтуға болады.

     Дипломдық жұмыстың мақсаты –Қазақстан Республикасындағы Ұлттық банктің инфляциға қарсы саясаты және оның тиімділігі.

     Осы мақсатқа қол жеткізу үшін дипломдық  жұмыста мынандай міндеттер орындалды:

  • Қазақстан Республикасындағы Ұлттық банктің инфляцияға қарсы саясатының экономикалық негіздері;
  • Қазақстан Республикасындағы Ұлттық банктің инфляцияға қарсы саясатының тиімділігін талдау;
  • Қазақстан Республикасындағы Ұлттық банктің инфляцияға қарсы саясатының тиімділігін арттыру жолдары.

         Зерттеу объектісі – Қазақстан Республикасында Ұлттық банктің міндеттері мен қызметтерінің тиімді жүргізілуі ұлттық экономиканың тұрақты дамуын, инфляция деңгейінің төмен шамасын қамтамасыз ету.

     Зерттеудің  пәні – Қазақстан Республикасындағы Ұлттық банктің инфляцияға қарсы саясатының тиімділігін талдау және жетілдіру жолдары.

     Дипломдық жұмыстағы  зерттеудің методологиялық және теориялық негіздері ретінде әдістемелік нұсқауға сай орындалған және отандық әдебиеттер қолданылған. Қазақстандағы Ұлттық банктерінің қызметінің қазіргі жағдайын, даму тенденцияларын мен проблемаларын талдау берілген.

     Зерттеу әдістері. Дипломдық жұмыстың тақырыбын зерттеу барысында жалпы диалектикалық, салыстырмалы – статистикалық, аналитикалық, логикалық, топтастыру сияқты әдістер қолданылды.

     Зерттеудің  ғылыми жаңашылдығы. Қазақстан Республикасының Ұлттық банктің инфляция деңгейін тұрақтандыру  проблемалары анықталып, оларды шешу жолдары ұсынылған.

     Дипломдық жұмыстың тәжірибелік  негізі. Ұлттық банктің міндеттері мен қызметтерінің тиімді жүргізілуі ұлттық экономиканың тұрақты дамуын, инфляция деңгейінің төмен шамасын қамтамасыз ету, валюталық операциялардың бір ізге түсуін, елдің жалпы қаржы жүйесінің дамуын жүзеге асыруы.

     Дипломдық жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспе, үш тарау, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

     Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, мақсаты мен  міндеттері, объектісі мен мәні, зеттеу әдістері қарастырылған.

     Бірінші тарауда  Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің инфляцияға қарсы саясатының мәні мен маңызы, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің инфляцияға қарсы саясатының негізгі әдістері.

     Екінші  тарауда Қазақстан Республикасындағы Ұлттық банктің инфляцияға қарсы саясатының тиімділігін талдау және оның әдістерін талдау жасалған.

     Үшінші  тарауда  Ұлттық банктердің несиелендіру мен олардың шешу жолдары зерттелген. Ұлттық банктердің кезіңдегі негізгі проблемалары қарастырылған және жетілдіру жолдарына көп көңіл бөлінген.

     Дипломдық жұмыстағы зерттеудің нәтижелері қорытындыда  жинақталған.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                      1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ  ҰЛТТЫҚ БАНКТІҢ    ИНФЛЯЦИЯҒА ҚАРСЫ САЯСАТЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 

1.1  Қазақстан  Республикасының Ұлттық банкінің  инфляцияға қарсы саясатының  мәні мен мағынасы

     1987 жылғы реформа қарсаңында бұрынғы  КСРО-да КСРО мемлекеттік банкінен, КСРО құрылыс банкінен және  КСРО сыртқы сауда банкінен  құралған орталықтандырылған банк жүйесі болды. Бұлар үш монополист банк, ірі конгломераттар еді.

      КСРО  Мембанкі елдің бас банкі, кредит жүйесінің методологиялық орталығы болды. Ол есеп айырысуларды, пайыздық саясат қағидаттарын, кредиттік жоспарлауды, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді кредиттеу талаптарын бақылады.

      Мембанкке эмиссиялық функцияларды, кредиттік  және есеп айырысу бойынша қызмет көрсету мәселелерінің бекітілуі  оны мемлекеттік басқару және бақылау органына айналдырды.

      КСРО  Құрылыс банкі КСРО Мембанкінің кредит саясаты, халық шаруашылығына күрделі салымдарды қаржыландыру жөніндегі  шешімдерін орындады.

      КСРО  Сыртқы сауда банкі экспорт-импорт операциялары бойынша  есеп айырысуларды ұйымдастыру және жүргізуді қамтамасыз етті, сондай-ақ сыртқы экономикалық операцияларды жүзеге асыратын кәсіпорындарды кредиттеді.

      Әкімшілік-әміршілдік жүйе жағдайында экономиканы басқару, кредиттік қарым-қатынастар жоспарлау-басқару  сипатында жүргізілді.

      КСРО  Мембанкінің билігінде кредиттік  ресурстарға арналған шектелмеген монополия болды.

      КПСС  ОК-нің және КСРО Министрлер Кеңесінің  «Елдегі банктер жүйесін жетілдіру  және олардың экономиканың тиімділігін  арттыруға ықпалдары туралы» 1987 жылғы 17 шілдедегі № 821 қаулысымен үкімет бірінші кезеңде басқарудың банктік  құрылымын жетілдіруге, банк жұмысының мазмұны мен әдістерін өзгертуге, банктердің рөлін арттыруға тырысты.

      Нәтижесінде арнайы банктер құрылды: КСРО Сыртэкономбанкі, КСРО Өнеркәсіпқұрылысбанкі, КСРО Агроөнеркәсіпбанкі, Тұрғын-үй әлеуметтік банкі және КСРО Жинақ банкі. Мұндай банктер одақтас республикалардың барлығында, оның ішінде Қазақстанда да құрылды.

      Банктердің  жаңа жүйесі келісілмеген нормативтік  құжаттар шығаруды, бөлімшелер үшін шамадан  тыс жүктеме,  басқару аппаратының  өсуін тудырды.  Бұл банк реформасының екінші кезеңі деп аталған теріс жақтарын жою жөнінде қосымша шаралар  қабылдауды талап етті[1].

      Банк  жүйесін бұдан әрі жетілдіру  экономиканы нарықтық басқару үлгісіне көшірумен тұспа-тұс келді. Осыны  есепке ала отырып, банк жүйесі де қайта  құрылды. Банктердің қызметін реттейтін заңдар шығарылды. Екі деңгейдегі банк жүйесі құрылды. Бірінші деңгейде – Ұлттық Банк, ал екіншіде – қалған барлық банктер.

      Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі аса маңызды екі құжат қабылдады  – «Қазақ КСР-індегі банктер және банк қызметі туралы» 1990 жылғы 7 желтоқсандағы Заң және  Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің «Қазақ КСР Ұлттық Мемлекеттік Банкінің Жарғысы туралы» 1991 жылғы 20 маусымдағы қаулысы. Ұлттық Мемлекеттік банк республиканың меншігіне көшті және Орталық банк болып табылды.

      «Қазақстан  Республикасының Ұлттық Банкі туралы»  Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 13 сәуірдегі Заңымен Қазақ КСР  Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының  Ұлттық Банкі болып қайта аталды.

      Осы заңда:

«Қазақстан  Республикасының банк жүйесi екi деңгейден тұрады. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының орталық банкi болып табылады және Қазақстан Республикасы банк жүйесiнiң жоғары деңгейiн бiлдiредi.» деп атап көрсетіледі.

      1993 жылғы 14 сәуірде «Қазақстан Республикасындағы банктер туралы» Заң қабылданды.

      Осылайша, Қазақстан Республикасының Конституциясына  сәйкес  тарихта тұңғыш рет дербес банк жүйесі құрылды. Заңда Ұлттық Банктің  басқарушы және атқарушы билік органдарынан  тәуелсіздігіне, оның Жоғарғы Кеңеске  және Қазақстан Республикасы Президентіне ғана есеп беретініне баса назар аударылды.

      Қазіргі кезде «Қазақстан Республикасының  Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан  Республикасының 1995 жылғы 30 наурыздағы № 2155 Заңы қолданыста. Өз егемендiгiн  алғанға дейiн Қазақстан Республикамызда  банк жүйесi болған жоқ.  Елде КСРО-ның орталықтанған банк-несие жүйесiнiң филиалдары мен бөлiмшелерi қызмет көрсеттi.  Сол себептен Қазақстанда банк жүйесiнiң қалыптасуы мен дамуы қазан төнкерiсiне дейiнгi патшалық Ресейдiң және КСРО-ның банк жүйесiмен тығыз байланысты. Осыған орай біз елiмiздiң банктiк жүйесi туралы өз егемендiгiн алған 1991 жылдан бастап қалыптасуы мен жүргiзiлiп жатқан реформаларға тоқталғымыз келедi.

     Қазақстан Республикасының экономикасы нарықтық қатынастарға көшу кезеңiнде несиенi басқарудың жүйесiн және шаруашылық қызметiне банктiк қызмет көрсету механизмiн құру, банктер мен кәсiпорындардың қызметiне жетекшiлiк етуде экономикалық әдiстердi қолдану; банк пен клиенттерi, сонымен қатар, банктiң өз жүйесi шеңберiндегi, оның жекелеген буындарының арасындағы өзара қарым-қатынастар жүйесiн қайта құру, яғни жаңадан пайда болған нарықтық құбылыстар мен процестердi ескере отырып, принциптi реформалаудың маңызы зор.

       Несие жүйесінің негізгі буыны –  банктер. Себебі масштабы және маңызы жөнінен несие қатынастарының басым көпшілігі банктер арқылы өтеді. Банктер мемлекет пен кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серістіктердің, мектеп пен ауруханалардың және халықтың уақытша бос ақшаларын шоғырландырып, оларды іс-жүзіндегі капиталға айналдырады. Сонымен қатар, банк төлем, есептеу, несие беру, сақтандыру және т.б. көптеген сан алуан операцияларды жүргізеді [1].

      Банк  деген ұғым не, ол қалай пайда  болды деген сұраққа жауап  іздестірейік. «Банк» деген ұғымы  италиян сөзі «bank» – орындық, «айырбас орындығы – айырбас орны» дегенді білдіреді.

     Қазақстан Республикасында банктiк жүйенi реформалаудың  қажеттiлiгi, дүниежүзiлiк банктiң  мамандарының пiкiрiнше, қысқа мерзiмдi мекемелер категориясының бар болуымен түсiндiрiледi және оларды өз кезегiнде макроэкономикалық реформасын жүргiзуде кедергi етуi мүмкiн деп санайды. Бiрiншi категорияға орталықтандырылған экономикадан мұра болып қалған мақсатты несие мен банктiк тәжiрибенi мемлекеттiк үлестiру жүйесiнiң ескi тәжiрибесiмен келiсiлген қаржылық ресурстарды дұрыс орналастырмау мәселесi;  екiншi категория мәселерiне банктердiң «сапасыз» қарыздары мен мемлекеттiк зиянды кәсiпорындарын жатқызады. Бұл мәселелер несие беруге қабiлеттi және жеке кәсiпорындардың қаржылық ресурстарға қол жеткiзуiне кедергi болып, банктiк қаржылық ресурстардың өмiршең емес кәсiпорындардың пайдасына кетуiне жол бередi.

     Қазақстан Республикасының қазiргi банк жүйесiнiң  құрылуы 1990 жылдың желтоқсанында ҚазКСР-нiң  Жоғары Кеңесi қабылдаған  «Банктер  және банк қызметi туралы» Заңынан бастау алады. Заңға сәйкес республикада екi деңгейлi банк жүйесi құрылды:  жоғары (бiрiншi) деңгейдегi банк – ҚазКСР-нiң Мемлекеттiк банкi және төменгi (екiншi) деңгейдегi банк – коммерциялық банктер жүйесi [2] .

     Қазақ Кеңес Социалистiк Республикасының территориясында жинақталған несие ресурстары осы Заң шыққан күннен бастап Республика меншiгi болып саналды. Мемлекеттiк банк республиканың меншiгi және оның Орталық банкi болып саналды. Оның айналымға монополиялы құқықпен ақша белгiлерiн эмиссиялауға, ақша-несие қатынастарын реттеуге, мемлекеттiк бюджеттiң кассалық жұмысын жүргiзуде, республика территориясында коммерциялық банктер ашуға рұқсат беретiн құқығы болды.

     Кәсiпорындардың, ұйымдардың, кооперативтер мен азаматтардың несие-есеп жұмыстарын жүргiзуі үшiн республика территориясында коммерциялық банктер мен басқа несие мекемелерi ұйымдастырылды. Коммерциялық банктер өз жұмысында осы Заңды және Қазақстан Мемлекеттiк банкiсiнiң нұсқаулары мен ережелерiн басшылыққа алды. Коммерциялық банктер мен басқа несие мекемелерi мемлекеттiк, ұжымдық, жеке және аралас (шетел капиталы қосылған) меншiкте болып бөлiндi. Қазақстан Заңдарына сәйкес Мемлекеттiк банк деп (Орталық – Ұлттық банктен басқа) капиталы толығынан үкiмет иелiгiне, немесе акционерлiк капиталдың басым бөлiгi мемлекеттiк құрылтайшылардың акциясы болғанда есептеледi.

     1991-1993 жылдары елiмiзде экономиканың  күрт құлдырауымен байланысты  инфляция қарқыны өте жоғары  болды. Оның тiптi кейбiр кездерде 1000%-ға дейiн жеткенi көрiндi. Нәтижесiнде банктерде несиелiк жұмсалымдар құрылымы әлдеқайда нашарлады, мерзiмi өтiп кеткен несиелер үлесi ұлғайды. 1992 жылы Республикада басталған төлемсiздiк дағдарысы кәсiпорындардың қаржылық жағдайына және жалпы экономикаға қатты әсер еттi. Көптеген кәсiпорындар өнiм өндiрудi төмендеттi, ал кейбiреулерi өндiрiстi тiптi тоқтатуға мәжбүр болдырды.

     Осылайша 1993 жылы өзiмiздiң төл ақшамыз теңгенi енгiзуге тура келдi. Осыдан бастап Ұлттық банкке ұлттық валютаның енуiмен  ақша-несие саясатын жүзеге асыру; бюджетпен, банктермен өзара қарым-қатынаста классикалық қағидаларды ендiру, банктердiң қызметтерiн реттеу жүйесiн нығайтуға қатысты толық жауапкершiлiк жүктелдi.

     Ұлттық  валютаның енгiзiлуi сәтiнен бастап, 1995 жылға дейiн Орталық банктiң  қызметiн атқару, жүйе қызметiн реттеп отыратын нормативтiк құжаттарды қарастыру және қабылдау тұрғысындағы дәстүрлермен тәжiрибесi жоқ Ұлттық банк дербес түрде ақшалай-несиелiк саясат жүргiзу тәжiрибесiн қолға алды. Бұл кезең, сондай-ақ ұлттық валютаның бағаларды ырықтандыру саясатына орай шарттасылған ақша-несие құралдарының және факторлардың әрекетiне бейiмделуi болатын. Сонымен бiр мезгiлде, 1995 жылы 15 ақпанда Қазақстан Республикасы Президентiнiң қаулысымен бекiтiлген, 1995ж. арналған Қазақстандағы банктiк жүйенi реформалаудың бiрiншi бағдарламасы жасалынды.

     Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi (Қазақстан  Ұлттық Банкi) Қазақстан Республикасының  орталық банкi болып табылады және Қазақстан Республикасы банк жүйесiнiң  жоғары (бiрiншi) деңгейiн бiлдiредi.

     Қазақстан Ұлттық Банкi басқа елдердiң орталық банктерiмен және басқа банктермен қарым-қатынаста, халықаралық банктер мен басқа да қаржы-кредит ұйымдарында өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының мүддесiн бiлдiредi.

     Қазақстан Ұлттық Банкi өз мiндеттерiн орындау  кезiнде пайда табу мақсатын басшылыққа алмауға тиiс. Екiншi деңгейдегi банктердiң түрлерi, құқықтық мәртебесi, оларды құрудың, қызметiнiң және таратудың тәртiбi Қазақстан Республикасының банк заңдарымен белгiленедi.

     Қазақстан Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерi Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасы Заңдарының негiзiнде және оны орындау мақсатында өз құзырына жататын мәселелер бойынша банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын барлық банктердiң, ұйымдардың, олардың клиенттерiнiң, Қазақстан Республикасының аумағында тұратын басқа да заңды және жеке тұлғалардың мiндеттi түрде орындауына жататын нормативтiк актiлер шығарады.

     Қазақстан Ұлттық Банкiнiң нормативтiк актiлерi – «Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Хабаршысы», «Вестник Национального Банка Республики Казахстан» ресми басылымдарында қазақ және орыс тiлдерiнде жарияланады. 

     Қазақстан Ұлттық Банкi – заңды тұлға. Қазақстан  Ұлттық Банкi мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып  табылады, оның дербес балансы болады және өзiнiң филиалдарымен, өкiлдiктерiмен және ұйымдарымен бiрге бiртұтас құрылым құрайды. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң орталық аппараты Алматы қаласында орналасады. Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде өз филиалдары мен өкiлдiктерiн аша алады.

     Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қазақстан  Ұлттық Банкi өз қызметiн Қазақстан  Республикасының Үкiметiмен үйлестiрiп  отырады. Қазақстан Ұлттық Банкi мен  Үкiмет жалпымемлекеттiк маңызы бар  болжалды iс-қимыл мен қол жеткен нәтижелер жөнiнде бiр-бiрiн хабардар етiп отыруға және ұдайы консультациялар алысып отыруға мiндеттi.

     Қазақстан Ұлттық Банкi өз жұмысында Үкiметтiң  экономикалық саясатын ескерiп отырады  және егер мұның өзi оның негiзгi функциясын атқаруына әрi ақша-кредит саясатын жүзеге асыруына қайшы келмесе, жүзеге асыруға жәрдемдеседi.

     Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы немесе оның орынбасарларының бiрi Үкiмет мәжiлiстерiне кеңесшi дауыс құқымен қатысуға хақылы.

     Үкiмет  Қазақстан Ұлттық Банкiнiң мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi, сол сияқты Қазақстан Ұлттық Банкi де осындай жауапкершiлiктi өзiне алатын кездердi қоспағанда Үкiметтiң мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi.

     Қазақстан Ұлттық Банкi – Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаржысын орналастырады. Қазақстан Ұлттық Банкi Үкiмет шоттары бойынша төлем жүргiзедi, өзге де операцияларды жүзеге асырады, сондай-ақ оған басқа да қызметтер көрсетедi.

     Қазақстан Ұлттық Банкiнiң жарғылық капиталы мемлекетке тиесiлi болады және бөлiнбеген таза кiрiстен аударымдар жасау жолымен, кемiнде 20 миллиард қазақстан теңгесi мөлшерiнде қалыптастырады.

   Қазақстан Ұлттық Банкiнiң құрылымы мен органдарына:

         1) Қазақстан Ұлттық Банкiне бағыныстағы схемасы бар бiртұтас орталықтандырылған құрылым.

          2) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң органдары Басқарма мен Директорлар кеңесi (Директорат) болып табылады.

          3) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң құрамына департаменттерден тұратын орталық аппарат пен басқа бөлiмшелер, филиалдар, өкiлдiктер және ұйымдар кiредi [2].

     Қазақстан Ұлттық Банкi өз балансындағы мүлiктi иелену, пайдалану мен билiк жүргiзу құқығын Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы белгiлеген тәртiппен дербес жүзеге асырады.

     Қазақстан Республикасының Үкiметi Қазақстан  Ұлттық Банкiнiң тiкелей қаржыландыруына  жол бермейдi.

     Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен келiсе отырып, Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң және жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттiк бағалы қағаздарының айналысын реттеудi жүзеге асырады.

     Ұлттық  Банктің құрылымына мыналар кіреді:

17 департаменттен (1 департамент Астана қаласында), 6 дербес басқармадан тұратын орталық аппарат; 16 аумақтық филиал және Алматы қаласындағы бір филиал - Кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығы.

Ұлттық  Банктің Ресей Федерациясындағы өкілдігі 4 есеп беретін ұйым:

           1) «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны;

          2) «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банктік сервис бюросы» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны;

3) «Қазақстан  Республикасы Ұлттық Банкінің  Қазақстан теңге сарайы» шаруашылық  жүргізу құқығы бар республикалық  мемлекеттік кәсіпорны;

          4) «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

           Қазақстан  Республикасы Ұлттық Банкінің «Q-BRO» резерві«Қазақстан  Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» акционерлік қоғамдарының құрылтайшысы болып табылады.

Ұлттық  Банк  «ГНПФ» жинақтаушы зейнетақы  қоры» акционерлік қоғамының  акционерлерінің бірі болып табылады. 
 

1.2  Қазақстан  Республикасының Ұлттық банкінің инфляцияға қарсы саясатының негізгі әдістері 

     Орталық банктер бүкiл елдiң несие жүйесiн  бақылаушы әрi реттеушi бас органның рөлiн атқара отырып, ерекше орынға иеленеді және экономикалық басқарудың мемлекеттiк органы болып табылады. Олардың басшылық рөлi мемлекет берген үлкен өкiлеттiктермен анықталады.

      Әлемдiк  тәжiрибе көрсеткенiндей, мемлекеттiң Орталық банкке кең өкiлеттiк беруi екiншi деңгейлi банк жүйесiнiң тиiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi. Орталық банк мемлекет берген эмиссиялық құқығы негiзiнде экономиканы жалпы мемлекеттiк тұрақтандыру саясатын, тауар – ақша тепе-теңдiк саясатын жүргiзедi.

     «Қазақстан  Республикасының Ұлттық банкi Заңы»  туралы бойынша Қазақстан Республикасының  Ұлттық банкi Қазақстан Республикасының Орталық банкi және Республикамыздағы  банк жүйесiнiң жоғары деңгейi болып табылады [4].

     Ұлттық  банк ақша резервтерiн, басқа да материалдық құндылықтардан тұратын жекеше мүлкi бар заңды тұлға. Мүлiктiң құралу көздерiне – банк iсiнен түскен табыстар, бағалы қағаздардан түскен табыстар және бюджеттерден түскен дотациялар жатады.

     Қазақстан Ұлттық Банкiнiң негiзгi мақсаты мен мiндеттерi Қазақстан Республикасында баға тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.

        Негiзгi мақсатты iске асыру үшiн Қазақстан Ұлттық банкiне инфляцияға қарсы саясаты мынадай мiндеттер жүктеледi:

  1. мемлекеттiң ақша-кредит саясатын әзiрлеу және жүргiзу;
  2. төлем жүйелерiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;
  3. валюталық реттеу мен валюталық бақылауды жүзеге асыру;
  4. қаржы жүйесiнiң тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу.

     Ұлттық  банктiң негiзгi тнфляцияға қарсы саясаттын мiдеттерi – ұлттық валютаның iшкi және сыртқы тұрлаулылығын қамтамасыз ету. Олар:

   1) Ақша айналымы, несие, банктiк  есеп айырысу мен валюталық  қатынастарды ұйымдастырады;

   2) ақша, несие және банк жүйелерiнiң тұрақты қызметiн қамтамасыз етедi;

      3) несие берушiлер мен салымшылардың, сондай-ақ шетел валютасын сатып алу – сату және айырбастау операцияларын жүргiзетiн банктiк және басқа ұйымдардың мүддесiн қорғау және олардың жұмысын бақылау сияқты мемлекеттiң экономикалық саясатын жүргiзедi.  

      «Қазақстан  Республикасының Ұлттық банкi Заңы»  туралы бойынша мынадай қызметтер мен операцияларды орындайды:

     1) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк ақша-кредит саясатын жүргiзедi, банкноттар мен тиындардың Қазақстан Республикасының аумағындағы бiрден-бiр эмитентi болып табылады, бағалы қағаздар эмиссиясын жасайды. Қазақстан Ұлттық Банкi эмиссия жасайтын бағалы қағаздар мемлекеттiк бағалы қағаздар болып табылады және олар жөнiнде Қазақстан Ұлттық Банкi мiндеттемелер алады.

     2) Қазақстан Республикасының Үкiметiмен  келiсiм бойынша Қазақстан Республикасы  Үкiметiнiң мемлекеттiк қарыздарына қызмет көрсетуге қатысады және Қазақстан Ұлттық Банкiнiң мемлекеттiк қарыздарына қызмет көрсетедi;

     3) Банктерге, сондай-ақ Қазақстан  Ұлттық Банкi Басқармасының шешiмi  бойынша Қазақстан Ұлттық Банкiнде  банк шоттарын ашқан заңды тұлғаларға кредит беруге құқылы. Банктер үшiн соңғы сатыдағы кредитор болып табылады. [6]

     Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы белгiлейтiн  тәртiппен және шартпен банктердiң  және басқа ұйымдардың алған кредиттерi бойынша Қазақстанның Ұлттық Банкi алдындағы борыштарын қайта құрылымдауға құқылы.

Қазақстан республикасындағы ұлттық банктің инфляцияға қарсы саясаты