Қазақстан Республикасындағы тұтыну несиесінің дамуы
Мазмұны
Кіріспе .............................. .............................. .............................. .....................
3
Тұтыну несиесінің экономикалық мәні
1.1 Тұтыну несиесіне жалпы түсінік , оның қажеттілігі мен мәні ............... 5-8
1.2 Тұтыну несиесінің
түрлері .............................. .............................. ........... 9-17
1.3 Шетел мемлекеттеріндегі
тұтыну несиесінің даму ерекшеліктері...... 17-25
- Қазақстан Республикасындағы тұтыну несиесінің дамуы
2.1 Қазақстан Халық Жинақ Банкінің экономикалық сипаттамасы2010
-2012жж. қаржылық жағдайына сиппаттама. ..............................
2.2 Қазақстан Республикасы бойынша 2004-2006жж
берілген тұтыну
несиесінің даму қарқыны ..............................
- Тұтыну несиесінің проблемелеры мен жетілдіру жолдары
3.1 Тұтыну несиесінің
қазіргі проблемалары.........
3.2 Тұтыну несиесін жетілдіру
жолдару.......................
Қорытынды ..............................
Қолданылған
әдебиеттер тізімі ..............................
Кіріспе
Банктік жүйе нарықтық экономиканың негізгі бір құрылымдық бөліктерінің бірі болып табылады. Тұтыну несиесі банктік жүйенің дамуында ролі орасан зор. Сондықтан тұтыну несиесіне талдау жасау банктің басқа да қаржылық көрсеткіштеріне және қызметтеріне талдауынан кем түспейді. Бүгінгі күнде тұтыну несиесі банктер қызметінің бірінші орнында тұрады. Өйткені банктер табысның негізгі көзін несие операциялары құрайды. Сондықтан тұтыну несиесіне талдау жасау арқылы банктердің табысын және бәсекелес банктердің арасында, жалпы нарықтағы позициясын анықтауға көмектеседі.
Кейінгі жылдары Қазақстан Республикасында тұтыну несиесінің даму қарқыны жоғары болып отыр. Бүгінгі күні тұтыну несиесімен тек қоғамның жоғарғы сатысы ғана емес, сонымен қатар орташа тұратын жеке тұлғалар қолдана алады. Тұтыну несиесін басында алу біршама күрделі болған. Ал бүгінгі күні бұл несие түрін алу кез келген тұтынушының қолынан келеді және несиені алу үшін минималды құжаттар тізімі керек. Қазақстан Республикасында банк жүйесінің дамуы, тұтыну несиесінің дамуына әкеледі. Өйткені тұтыну несиесін беретін банктер саны бүгінгі күні көп.
Ақырғы жылдары несиелендіру нарығының қатысушылар саны айтарлықтай көбейген. Алдымен бұл өзгерістерді нарықтағы потенциалды тұтынушылардың көбейгенімен, нәтижесінде банктер табысының ұлғаюымен байланыстыруға болады. Соған байланысты тұтыну нарығындағы әр түрлі мәселелердің пайда болуына әкелді. Тұтыну несиесін беруде банктер мен клиенттердің арасында туындайтын мәселелер банктердің позициясын төмендетеді. Нарықтағы тұтынушылардың көбеюімен байланысты тұтыну несиесінің берілу шарттары жеңілдеді. Бірақ ол банктерді үлкен тәуекелге апарады.
Соңғы жылдары несие нарығы, қаржы нарығының ең дамыған сегменті болып табылады, соған байланысты банктердің несиелік саясаты болып, тұрғындардың несиеленуі болып табылады. Негізінен банк секторын бірлескен клиенттер қамтып отырғандықтан. Енді банктер өздерінің клиенттік базасын кеңейту үшін бөлшек бизнеске ауыса бастады. Бұл қаржы секторының тұрақтылығы, экономикалық өсу, тұрғындардың кіріс дәрежелерінің жоғарылауымен қамтамасыз етіледі.
Сонымен қатар жеке қарыз алушыларды несиелеуге байланысты әр қилы заңдар қолданылады, алайда, олардың бәрін баршаға ортақ нұсқаманың біріктіруі тұтынушылардың өмір сүру деңгейін арттыруға қажетті мөлшерінде несиеге қол жеткізеді. Тұтынушы құқықтары және оны қорғау туралы заңдар тұтыну несиесінде тұтынушы құқықтарын қорғайтын нормалар заңнаманың түрлі саласын қамтиды, сондықтан тұтыну құқықтары туралы мәселелер өзекті болып табылады.
Курстық жұмыстың негізгі мақсаты тұтыну несиесінің дамуна талдау жасау және туындаған мәселерге шешу жолдарын қарастыру.
Курстық жұмыста қойылған міндеттері келесідей:
- Тұтыну несиесінің теориялық негізін білу, оның ішінде: тұтыну несиесіне жалпылама сипаттама беру, оның мәні мен қажеттілігіне талдау жасау.
- Тұтыну несиесінің түрлерін талдау және оларға сипаттама беру.
- Тұтыну несиесінің шетел мемлекеттеріндегі даму қарқынын анықтау және олардың тұтыну несие нарығындағы туындайтын мәселерге қолданатын әдістерін талдау, ол әдістерді отандық нарықта қолдану тәжірибесін талдау;
- Тұтыну несие нарығында туындаған мәселелерін анықтап көрсету.
- Тұтыну несиесінің мәселелеріне шешу жолдарын қарастыру.
Курстық жұмыстың обьектісі тұтыну несиесінің дамуы мен мен оның мәселелері болып табылады. Ал куртсық жұмыстың ақпараттық базасы негізінде өндірістік тәжірибе өткен, Қазақстан Халық Жинақ Банкісі болды.
Шетел мемлекеттерінде тұтыну несиесінің ерекшеліктерін анықтауға сонымен қатар елімізде тұтыну несиесінің дамуын, банктің жалпы мемлекеттің жағдайына әсері қызықтырғандықтан бұл тақырыпты таңдадық. Қойылған сұрақтарға біз бұл еңбекте Қазақстан Республикасының қаржылық нарығының жағдайын есепке ала отырып жауап беруге тырыстық.
Бірінші бөлімді тұтыну несиесіне оның түрлеріне түсінік беруге, шетелдегі тұтыну несиесі нарығының дамун анықтауға арнадық.
Жұмыстың екінші бөлімі Қазақстан Республикасындағы 2004-2006 жылдарындағы тұтыну несиесінің даму деңгейін анықтауға, соның ішінде Қазақстан Халық Жинақ Банкісінің қаржылық жағдайын анықтауға, соның ішінде берілген тұтыну несиесінің үлесі мен жалпы жағдайын анықтауға арналған.
Жұмыстың үшінші бөлімінде тұтыну несиесінің мәселелерін олардың пайда болу себебі, тұтыну несиесінің жағдайын жетілдіру жолдары қарастырылған.
1 Тұтыну несиесінің экономикалық мәні
1.1 Тұтыну несиесіне жалпы түсінік , оның қажеттілігі мен мәні
Банктер өз саясатын қайта қарастыра отырып және несиенің берілуі мен қызметтің басқа түрлері арасындағы қолайлы арақатынасты табуға тырысады. Мысалы, қаржылық инженеринг жүйесі әр түрлі экономикалық кеңес беруді қоса алғандағы, қаржылай қызмет көрсетулердің толық комплектісін ұсыну дамытып отыр.
Несие беруші ретінде банктердің рөлі біршама төмендегеніне қарамастан , ол едәуір шамада қысқаруын мүмкін деп есептеуге негіз жоқ. Өйткені көптеген кәсіпорынның қосымша қаражаттарға деген қажеттіліктері , бірінші кезекте, банктік несие есебінен қанағаттандырылуы мүмкін, ол өнеркәсіп компаниялары үшін, жеке тұлғалар үшін де қарыз қаражаттарын алудың анағұрлым ыңғайлы формасы болып келеді. Осылайша, несиелік жүйенің негізін ірі банктер құрайды, ал банктік несие өзінің басымдық жағдайында қалады.
Несие тұтынушыға келесілерді береді:
- Мүмкіндік - несие арқылы кез келген тауарды сатып алу;
- Икемділігі - қолда нақты ақшаның болмаған жағдайында кез келген уақытта, кез келген жерде ұтымды шарттармен тауар сатып алу;
- Көмек – несие көзделмеген шығындарды өтеуге көмектеседі (мысалы, көлік апатынан кейінгі көлікті жөндеу жұмыстары)
Тұтыну несиесі – бұл тұрғындарға тұтыну тауарларын сатып алу және тұрмыстық қызметтерді төлеу үшін коммерциялық (бөлшек сауда орындары арқылы төлемді кейінге қалдыра отырып, тауарды сату) және банктік (тұтыну мақсатындағы қарыздар) формада берілетін несие. Тұтыну несиесінің негізгі міндеті – тұрғындарға тауарларды сатуға қолдау көрсету. Бұл несие бөлшек саудамен тығыз байланысты: бір жағынан – тауар айналымының ұлғаюымен несиенің көлемі де өседі, өйткені тауарларға болған сұраныс несиеге де сұраныс тудырады; екінші жағынан тұрғындарды несиелеудің өсуі төлем қабілетіне сұранысты күшейтеді. Бұл тәуелділік, әсіресе, қазіргі уақытта нарықтың тауарлармен толығу жағдайынан көрінеді. Тұтыну несиесінің негізгі қызметі – халықтың әр түрлі тұтынушылық қажетіліктерін қанағаттандыру. Тұтыну несиесінде қарыз алушыға жеке тұлға, ал несие берушіге несие мекемесі, сондай-ақ, әр түрлі меншік формасындағы кәсіпорындар мен ұйымдар жатады. Экономикасы дамыған елдерде халыққа қызмет көрсетудің қолайлы әрі пайдалы формасы ретінде тұтыну несиесі экономикада үлкен рөл ойнайды. Содықтан да ол мемлекет тарапынан белсенді түрде реттеледі. Реттеу несие берудің және оны пайдаланудың деңгейінде жүзеге асырылады әрі бұл реттеу несиеленетін операцияға өзіндік қаражатпен бастапқы қатысу, несие мерзімі, пайыз мөлшерлемесі арқылы түпкілікті тұтынушының несиеленуін мақұлдаудан немесе несиелеу режимін қатайтудан көрінеді Біздің елімізде қайта құру процесіне дейін (1987 жылға дейін) экономикада екі түрлі тұтыну несиесі басымдылыққа ие болды:
ұзақ уақыт пайдалануға жарамды тауарларды сатып алуға
арналған несие;
тұрғын үй құрылысының ( жеке және кооперативті) несиесі.
Ұзақ уақыт пайдалануға жарамды тауарларды сатып алуға
арналған несие жанама сипатта
болады, өйткені оны Мемлекеттік
банктің делдалдығымен арқылы
әр түрлі сауда ұйымдары беріп
келеді.
Тұрғын үй құрылысының ( жеке және кооперативті) несиесін несие мекемелері (Мемлекеттік банк және Құрылыс банкі) тікелей береді.
Басқа несие формаларына қарағанда тұтыну несиесінің обьектісі - ақша да, тауар да бола алады. Мемлекет экономикасында несие келесі қызметтерді атқарады:
Еңбек тиімділігін арттырады;
- Тауар сауда нарығын кеңейтеді;
- Тауар өтімділік процесі мен пайда алуды жылдамдатады ;
- Капитал концентрациясы мен қорлану процесін жылдамдатады;
- Тауар мен ақша айналысымен байланысты шығындардың қысқаруын қамтамасыз етеді;
- Шаруашылық салаларының арасында капиталдарды қайта орналастыра отырып, пайданың орташа мөлшерінің қалыптасуына негіз болады.
Тұтыну несиесі тауардың сақталуы мен қапталуымен байланысты шығындарды, тауар өтімділігін жылдамдатады. Соған байланысты, несие металл ақша мен тауар айналысымен байланысты шығындарды азайтуда ролі өте зор.
Әр түрлі елдерде жеке қарыз алушыларды несиелеуге байланысты әр қилы заңдар қолданылады, алайда, олардың бәрін баршаға ортақ нұсқама біріктіреді: тұтынушылардың өмір деңгейін арттыруға қажетті мөлшерінде несиеге қол жеткізу. Тұтынушы құқықтары және оны қорғау туралы заңдар тұтынушы құқықтарын қорғайтын нормалар заңнаманың түрлі саласын қамтиды. Аталмыш нормативтік актілер Конститутциядан бастау алып, Азаматтық кодекс, Қазақстан Республикасының “Тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы” заңынан (бұдан әрі “Тұтынушылар туралы” заң) және өзге де нормативтік актілерден жалғасын тапқан. Осы нормативтік актілерде көрсетілген тұтынушылардың құқықтары түрлі себептермен (мысалы: сатушының тұтынушы алдындағы өз міндетін білмеу, олардың құқықтық білместікті пайдалануы, тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша қабылданған заңдарды елемеуі салдарынан) жиі бұзылуда. Бірақ, бұларды субьективтік сипаттағы себептерге жатқызуға болады. Тұтынушы құқықтатының бұзылуына обьективті себептер де болуы мүмкін. Мұндай обьективті себеп екеу. Біріншіден, біздің нарықтық экономикамыздың “қожайыны” әзірге монополист. Қатаң бәсеке болмағандықтан әрбір тұтынушының игілігі үшін күрес жүргізудің қажеті жоқ, сондықтан ол нарықта өз билігін жүргізуде.
Екіншіден, халқымыздың құқықтық санасы төмен. Егер, біз яғни тұтынушылар, қандай құқықтарымыз бар екендігін білмек түгілі, “Тұтынушылар туралы” заңның бар екендігін білмесек, сатушы бізбен қалай “санаспақ”.
Негізінен, “Тұтынушылар туралы” заң тұтынушылардың тауар туралы ақпарат алу, сапалы өнім алу, ол тауардың айырбастап алу құқықтарын, сондай-ақ тұтынушыларға сапасыз тауар сатқан жағдайда өз құқықтарын жүзеге асыру, тұтынушы оның өмірі мен денсаулығына кенетін қауіпқатерден қорғау саласындағы құқықтық қатынастарды реттейді.“Тұтынушылар туралы” заң, осы заңмен реттелетін құқықтық қатынас туындауын мүмкін қатысушы тұлғалардың түсінігін ашып көрсеткенімен, нақты қандай қатынастар реттеуге жататынын белгілемеген. Бұған қоса, Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының 1996 жылғы 25 шілдедегі “Тұтынушылар құқығын қорғау туралы заңдарды соттардың қолдану тәжірибесі туралы №7 нормативтік қаулысында тек “Тұтынушылар туралы” заңмен реттелетін құқықтық қатынастардың белгілері ғана атап көрсетілген.
Аталған нормаларға сараптама жасасақ, тұтынушылардың құқықтарын қорғау қатынастары, осы қатынасқа қатысушы тұлғалардың ( тұтынушы, сатушы, жабдықтаушы, орындаушы) әр түрлі саладағы қызметтерінде туындауы мүмкін деген қорытындыға келуге болады. Бірақ, бұл олардың сауда саласындағы кез келген құқығының бұзылуы жоғарыда аталған заң нормалары арқылы қорғалады деген сөз емес. Алайда, сот тәжірибесінде соттардың “Тұтынушылар туралы” заң нормасымен реттелмейтін қатынастардың, осы заң ережелері арқылы шешкен жағдайлар жеткілікті.
Сонымен бірге, еліміз тәуелсіздік алғаннан бергі осы салада жүргізілген мемлекеттік саясатты сараласақ, бұл мәселеге мемлекет тарапынан жеткілікті назар аударылмағандығы байқалады.
Мысалы, 1991жылғы бұрынғы Қазақ ССР Сауда министрлігінің тұтынушылардың құқықтарын қорғау бөлімі ”Қазақстан Тұтынушылар одағы” ұйымы болып қайта құрылып, бұл органның негізгі міндетіне сауда қызметін көрсету саласындағы тексертулерді жүргізу жатты. Яғни, қайта құрылғанына қарамастан, оның атқаратын қызметі өзгерген жоқ. 1994жылы Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігінде тұтынушылардың құқықтарын қорғау бөлімі құрылды.
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау ұйымдары арқылы тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың тағы бір тиімділігі сонда, олардың сотқа берген талап-арыздарына мемлекеттік баж салығы салынбайды ( Қазақстан Республикасының “ Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы” заңы).
Экономикалық
жағынан тұтынушылар
“Тұтынушылар туралы” заңға, осы ұйымдардың өкілеттігіне қатысты да өзгерістер негізу керек. Мысалы, “Тұтынушылар туралы” заңның 22-бабы 3-тармағына сәйкес, тұтынушылардың құқықтарын орғау ұйымдарына өзге құқықтарымен бірге төмендегі құқықтар берілген: тауарларға, жұмыстар мен қызметтерге, олардың бағалары мен тарифтеріне сараптама жүргізу; қызмет көрсетудің әр түрлі салаларында тұтынушылардың құқықтарының сақталуын тексеру; өнімге, бағалар мен тарифтерге тәуелсіз сараптама жүргізу. Бұл нормалардан тұтынушылардың құқықтарын қорғау қадағалау құзыреті, яғни оларға мемлекеттік органдардың атқаратын қызметі берілгендігін көріп отырмыз. Бірақ, Қазақстан Республикасындағы “Қоғамдық ұйымдар туралы” заңына сәйкес, қоғамдық ұйымдарға мұндай өкілетік берілмеген.
Сонымен
бірге, кәсіпкердің жұмысына
таусылмайтын тексерулер кедергі
келтірмеуі тиіс, әрі заң
бойынша мемлекеттік бақылау
органдары кәсіпкердің
Негізінен, тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мәселелердің негізгі бөлігі азаматтардың өзінің тұтынушы ретіндегі әрекеті саласындағы сауатсыздығынан туындайды. Егер, олар қарапайым қателіктер жібермегенде көптеген түсінбеушіліктер де орын алмас еді.
Бұған қоса, азаматтардың тұтыну саласындағы сауатын ашуға, мемлекет көлемінде жете мән берілмей отыр. Мысалы, осы тақырыпқа арналған құқықтық әдебиеттер жоқтың қасы.
Сондықтан, азаматтардың осы саладағы құқықтық білімін арттыру үшін нақты шаралар қолдану керек. Нақтырақ айтсақ, бұқаралық ақпарат құралдарынан тұтынушы мәселелерін қозғайтын материалдар жиі берілуі керек, тіпті тұтынушыларға арналған жеке газет-журналдар болса да артық емес. Тұтынушылардың білімін арттыратын кітаптар, кітапшалар шығару керек.
Бұл жерде алға қойылатын мақсат – әрбір адамға өзін нарықтық экономиканың басты тұлғасы – тұтынушы ретінде сезіну үйрету болып табылады. Өйткені құқықты қорғау сол құқықты білуден басталады.
1.2. Тұтыну несиесінің түрлері
Тұрғылықты халықтың тұтынушылық қажеттіліктерін несиелендіруді Қазақстан Республикасының Жинақ Халық Банкі заңды тұлғаларды несиелендіру қағидалары, яғни қайтарымдылық, мерзімділік, мақсатты бағытталуы, төлемділігі мен қамтамасыз етілуі негізінде жүзеге асырады.
Бүгінгі күні Қазақстан банкілері тұтыну несиесінің түрлерін келесі мақсаттарға ұсынады:
- ағымдық мақсаттарға ( “кейінге қалдырылмайтын қажеттіліктерге” берілетін несиесі);
- капиталдық шығындарға арналған несиесі;
- Ипотекалық несие;
- Экспресс несиесі (тауарларды несиеге сатып алу);
- Ломбард несиесі;
- Микронесие;
Кейінге қалдырылмайтын қажеттіліктерге берілетін несие (орта мерзімді несие) Қазақстан Халық Банкінің бөлімшесімен жеке тұлғалардың тұрақты табыстары бар ( соның ішінде зейнеткерлерге де), тұру мекеніне байланысты беріледі. Бүгінгі күні бұл несие түрі бойынша қарыз көлемінің өсуі келесі жағдайлармен байланысты:
- жұмысыздықтың өсуі;
- ай сайынғы төлемдердің артуы;
- кәсіпорын бухгалтерінің несиені өтеуге арналған төлемдерді аударудан бас тартуы;
Жоғарыда аталған жайдайларға байланысты банктер мұндай несие түрін беруді азайтады. Бірақ, бүгінгі күні көптеген екінші деңгейлі банктер тұрғылықты халықтың тұтынушылық қажеттіліктерін қанағаттандырумен айналысады. Жеке тұлғалардың бос қаражаттарын тарту коммерциялық банктер үшін өздерінің несие ресурстарын көбейтудің тиімді және оңай жолы болып табылады. Кейбір коммерциялық банк акционерлеріне банктік акциялармен және басқа да бағалы қағаздармен қамтамсыз етілген несиелерді ұсынады. Несиенің мөлшері несие келісімшартының әрекет етуі және несиелеу мерзімі басталған сәттегі иесінің қолындағы акцияның нарықтық құнына қарай белгіленеді. Несиенің ең көп шамадағы мөлшері акцияның нарықтық құнының 85% - ін құрайды.
Тұтыну несиесінің екінші түрі – капиталды шығындарға арнаалған несие (ұзақ мерзімді несие) . Тұтынушылық қажеттіліктерді несиелендіру түріне қарағанда бұл несиені алу үшін банкке міндетті түрде алынған несиенің мақсатты жұмсалуы туралы есеп берілу керек.
Азаматтардың құрылыс салуына (қайта қалыптастыру) және тұрғын үй сатып алуына көмек көрсету мақсатында банктер тұрғын үй несиесінің үш түрін ұсынады:
- алдағы тұрғын үй құрылысына жерді сатып алуға және жайғастыруға арналған қысқа және ұзақ мерзімді несиелер;
- тұрғын үй құрылысына (қайта құру) яғни, құрылыс жұмыстарын тікелей қаржыландыруға арналған қысқа мерзімді несие;
- тұрғын үй сатып алуға арналған ұзақ мерзімді несие;
Бүгінгі күні Қазақстан экономикасының даму жолында ипотекалық несиенің ролі халық жағдайын жақсарту мақсатында артуда. Ипотекалық несие тұтыну несиенің бүр түрі болып табылады.
Ипотека – жылжымайтын мүлікті кепілдікке қою арқылы несие алуды қарастырады. Оған келесі жылжмайтын мүліктерді қоюға болады:
Ипотека кепілдік берушінің сатуына болатын немесе басқаша жолмен шеттете алатын кез келген жылжымайтын мүлкіне қойылуына мүмкін. Ипотекаға мына мүлікткр қойылуы ықтимал:
- жер учаскесі;
- кәсіпорын, үй- ғимарат, құрылғы және кәсіпкерлік қызметте пайдалатын кез келген жылжымайтын мүлік;
- тұрғын үйлер мен пәтерлер;
- саяжай, бау-бақша үйі, гараж және тұтынылатын өзге құрылыстар;
- басқадай жылжымайтын мүліктер; ипотека заттары кепілдік берушінің меншігі болуы керек немесе толық шаруашыпық жүргізуде пайдаланатын жалпы меншіктегі мүлік (әрбір меншіктеушінің ондағы үлесі белгілі болмайды.)
Барлық меншік иелерінің жазбаша келісім болмаса мүлік кепілдікке қойылмайды.
Меншіктің жалпы үлесіне қатысушы иелерінің келісімінсіз баршаға ортақ мүліктің құқығына сала алады. Жылжымайтын мүлікті кепілге салу туралы негізгі ереже ипотека жөніндегі келісімшарттың кепілхат түрінде бекітілуін қарастырады. Мұндай келісімшарттың нақты заңды күші болуы үшін тиісті дәрежеде рәсімдеп ( яғни , ол реквизиттердің қажетті тізбесін қамтуы тиіс), нотариалдық тұрғыдан растау қажет.
Ипотека туралы келісімшарт мемлекеттік тіркеуден өткен сәтінен бастап күшіне енеді.
Ипотека мемлекеттік тіркеуден өтуі үшін кепілзатты ұстаушының мемлекеттік бажды төлегенін растайтын кепілхат пен құжаттар ұсынылған жағдайда оның ( кепілзат ұстаушының) өтінішті негізінде жүзеге асырылады.
Ипотека тіркеуден жүзеге асыратын органға осыған қажетті құжаттар түскен күннен бастап, Тауарларды несиеге сатуды барлық күннің ішінде тіркелуі күніне құжаттардың тіркелуіне түскен күні жатады. Тіркеу жазбасы мына мәліметтерді қамтиды:
- Кепілдік беруші жөніндегі мәлімет;
- Ипотеканың заты туралы мәлімет, өткен ипотеканың болғанын және міндеттеменің әрекет міндеттеменің әрекет ету мерзімін көрсету;
Ипотеканың тіркелгені жөніндегі мәлімет кепілхатқа енгізіледі. Онда ипотеканы тіркелген органның толық атауы, ипотеканың тіркелген күні мен орны, тіркеу номері көрсетіледі. Бұл мәліметтері тіркеу жүзеге асырған ұйымның лауазымды қызметкерлерінің қол қоюымен және мөрімен расталады.
Ипотека тіркеуі міндетті шарт болып табылады: кез келген тұлға тіркеуді ипотека туралы анықтаманың жазбаша көшірмесін (немесе одан расталған үзінді көшірмені) алуға құқылы.
Ипотека жөніндегі тіркеу жазбасы кепілдік берушінің және кепілзат ұстаушының өтінішімен бірге кепілхатты ұстаушының өтінішті бойынша немесе ипотеканы тоқтату туралы сот шешімі бойынша өшіріледі.
Кепілзат ұстаушы кепілхат бойынша өзінің құқығын басқа тұлғаға бере алады, алайда құқықты бұлайша беру сол тұлғаның несие келісімшартымен (немесе басқадай негізгі міндеттемемен) қамтамасыз етіген ипотека бойынша құқықты бір мезгілде табыс ету жүзеге асырылады.
Кепілхат бойынша құқықты кепілзат ұстаушы жаңа кепілзат ұстаушының пайдасына оған кепілхатты нотариалдық тұрғыдан расталған атаулы табыстама жазбаны орындау жолымен табыс етеді. Кепілзатты ұстаушы ипотекамен қамтамасыз етілген несие келісімшарты бойынша борышқорға кепілхат жөніндегі құқықты табыс еткені жөнінде жазбаша түрде хабарлауы қажет. Борышқор осының негізінде жаңа кепілзат ұстаушының алдында өзінің келісімшартын орындауға міндетті. Кепілзат ұстаушы өзінің кепілхатты басқа тұлғаға онымен бекітілген несие келісімшартын қамтамасыз етілген несие келісімшарты орындалмаған жағдайда ипотекалық кепілзатты ұстаушы кепілхатты кепілге ұстаушының талабы бойынша өз құқығын ипотекалық кепілзатты берушіге табыс етуге міндетті.
Бұл құқықты қайта табыстаудан бас тартқан жағдайда кепілхатты кепідге ұстаушы бұл құқықты сот тәртібімен өзіне аударуын талап ете алады.
Кепілзат беруші кепілзат ұстаушымен келісе отырып, ипотека затын басқа тұлғаға, оның меншігіне (толық шаруашылық жүргізуіне), жалға немесе өтеісіз негізде уақытша пайдалануына құқылы.
Бұл жағдайда ипотека өз күшін жоғалтпайды, тек ипотека келісім шарты бойынша барлық міндеттеме ипотека затының құқығын алған тұлғаға өтеді.
Кепілзат беруші ипотекамен қамтамасыз етілген міндеттемені (несие келісімшартын) орындамаған жағдайда кепілзат ұстаушының талабы кепілге салынған мүліктің құнына сот шешімі және төрелік сот бойынша қанағатандырылды.Бұл, әсіресе, мына жағдайларға–тұтас кәсіпорын, тұрғын үй, пәтер ипотека заты ретінде алға шыққан жағдайда немесе ипотека келісімшартын бекіту үшін басқа тұлғалардың немесе басқару органының келісімі қажет болған жағдайда қатысты болады.
Ипотека затын өндіріп алу Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің лицензиясына ие мамандырылған ұйымдардың көшілікке арналған сауда – саттығындағы кепілге салынған мүлікті сату жолымен жүзеге асырылады.
Ипотека затын көпшілікке арналған сатуды жүзеге асыратын ұйымды сот орындаушысы таңдайды және оны өткізудің уақытын да сот орындаушысы белгілейді.

- Қазақстан республикасындағы ұлттық банктің инфляцияға қарсы саясаты
- Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнесті қолдау
- Қазақстан Республикасындағы Шағын кәсіпкерліктің экономикалық мәні
- Қазақстан Республикасында діни экстремизм құбылыстарына қарсы күрес аясындағы криминологиялық, құқықтық және ұйымдастырушылық шаралары
- Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу
- Қазақстан Республикасының қолма-қолсыз есеп айырысуды ұйымдастыру тәжірибесін талдау
- Қазақстан Республикасының сот әділдігін жүзеге асыруындағы бәсекелестік қағидасының қолданылуы (азаматтық істер бойынша)
- Қазақстандық және халықаралық құқықтағы салық міндеттемесінің орындалуы
- Қазақстан мемлекетіндегі шағын және орта бизнестің дамуы және шешу жолдары
- Қазақстаннның алтын нарығы
- Қазақстанның қар және мұз ресурстарының географиясы
- Қазақстанның құнды металдар нарығындағы рөлін нығайту
- Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің дамуын мемлекеттік реттеуді жетілдіру
- Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі және оны жетілдіру жолдары