Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі және оны жетілдіру жолдары
Мазмұны
Кіріспе……………………………………………………………
1
Қазақстан Республикасындағы
салық жүйесінің мәні
мен мазмұны және оның
қалыптасуы……………………………………………………
1.1 Салық
жүйесінің қалыптасуы мен дамуы және
құрылуының теориялық негіздері………………………………………………………
1.2 Салық жүйесінің
негізгі элементі ретіндегі салық қызметі
органдарының қалыптасуы……………………………………………………
1.3 Салық
жүйесінің қызмет етуінің шет
елдік тәжірибесі……………………..19
2
Қазақстан Республикасындағы
салық жүйесінің қазіргі
кездегі даму жағдайы (Есіл
аудандық салық басармасы
мысалында)……..………….…24
2.1. Қазақстан
Республикасының салық жүйесінің бүгінгі
күнгі қызмет ету механизмі………………………………………………………
2.2
Есіл аудандық салық басқармасы бойынша
салық жүйесінің қызмет ету жағдайына
талдау…………………………………………………….………
2.3 Есіл аудандық салық басқармасы бойынша салықтық түсімдерге талдау....37
3 Қазақстан Республикасындағы
салық жүйесі және оны
жетілдіру жолдары……………………………………………………………
3.1 Қазіргі кездегі салық жүйесінің мәселелері және оның даму
перспективасы……………..…………………………
3.2 Қазақстан
Республикасының салық жүйесін дамытудың
стратегиялық жоспары……………………………………………………………
Қорытынды
………………………………..…………………………………….
Пайдаланылған әдебеиттер....................
Кіріспе
Қазақстан өз тәуелсізідігін алғалы бері нарықтық механизмді белсенді түрде енгізуге күш салды, сондықтан салық жүйесі ең маңызды мәселенің біріне айналып отыр.
Кез-келген мемелекетке өзінің толыққанды тәуелсіздігін алуы үшін және өзін өзі жан-жақты қамтамасыз ету барысында мықты да тұрақты қаржы базасы қажет. Дамыған елдер тәжірибесі көрсетіп отырғанындай мемлекеттің негізгі қаржылық тірегі болып халықтар мен шаруашылық жүргізуші субъектілерден жиналатын салықтар болып табылады[1].
Салықтар тек қана мемелкеттің қаржылық базасы ғана емес, сонымен қатар экономиканы мемлекеттік реттеудің күшті құралы болып табылады. Салықтар ұдайы өндірістік процесстерге әсер ете отырып, экономикалық өсуді қамтамасыз ететін маңызды фактор ретінде әрекет етеді.
Әр бір мемлекеттің салықтарының жиынтығы, басқа да элементтермен қоса, оның салық жүйесін қалыптастырады. Экономикалық өсуді қамтамасыз ету, халықтың әлеуметтік қамтамасыз етілу деңгейін көтеру, орта және шағын бизнес субъектлерін ынталандыру, бюджеттік тапшылықты төмендету сияқты республиканың негізгі деген кезек күттірмес өзекті мәселелерін шешуге оның салық жүйесінің қызмет етуін жетілдіру арқылы ғана қол жеткізуге болады.
Қазіргі кездегі өтпелі кезең ел экономикасының елеулі де шешуші мүдделері үшін қызмет етуде.
Нарықтық қатынастардың қалыптасуы жағдайында еліміздің экономикасының еңсесін көтеруіне ықпал ететін, бюджеттің кіріс көзінің негізі болып табылатын салықтар, оның ішінде меншікке салынатын салықтардың экономикалық мәні мен маңызы өте зор.
Кез келген мемлекеттің қалыптасып дамуымен қатар қоғамда кез -келген салықтың өз орны, өзіне тән атқаратын қызметі, әсер ету ортасы бар. Бүгінгі күні әлемдегі барлық мемлекеттердің экономикалық саласындағы қандай уақыт немесе қандай да бір жүйеде болмасын өзекті мәселенің бірі, ол- салық. Себебі, ол елді қаражат көзімен қамтамасыз ететін күре тамыр, бюджетке түсетін түсімнің маңызды бөлігін құрайды.
Кез келген мемлекеттің нарықтық экономикасының қалыптасуы мен дамуы мемлекеттің негізгі жақтарын, әсіресе экономикасын реттеу құралы ретінде салықтық саясатты кеңінен қолдануына тікелей байланысты болмақ. Отандық және шет ел тәжірибелерінен көріп отырғанымыздай салықтар және салық жүйесі экономиканы реттеудің және салықтарды бюджетке жұмылдыра отырып, оның өз қызметтерін атқаруға мүмкіндік беретін негізгі қаржылық құралы болып табылады.
Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастардың қалыптасуына орай тиімді салық саясатын құрудың маңызы зор.
Өйткені, бюджет пен шаруашылық субъектілерінің арасында қарым қатынасты қалыптастыруда фискалды және реттеушілік қызметті жүзеге асыратын салықтық реттеуді жетілдіру бағыттары өзекті мәселелердің біріне айналып отыр.
Салық салудың нәтижелілігі олардың атқаратын роліне тікелей байланысты болады. Өйткені, егер салық салу тәжірибе жүзінде максимальды мүмкіндікке ие болатын болса және олардың атқаратын қызметтері арасында үйлесімді тепе-теңдік сақталатын болса бұл роль жағымды болып келеді. Шаруашылықта тепе-теңдіктің қалыптасуын өзі реттейтін таза нарықтық экономиканы қалыптастырып, дамытуда өзіндік тәжірибенің аздығынан шет елдік тәжірибеге көбірек сүйеніп келген Қазақстан Республикасы қазіргі кезде аз да болса экономиканың әр саласы мен бөліктерін дамыту барысында тәжірибе жинақтап қалды.
Салықтардың көмегімен инвестициялық процесске экономикалық әсер етуді қамтамасыз етуге, сондай-ақ өндіріс салаларындағы техника мен технологияларды жаңартуға, бюджетті баланстауға, салықтық аударымдарды реттеуге мүмкіндік туындайды. Ал, мұндай шаралардың дамушы жас мемлекеттердің аяғынан тұрып кетуіне қаншалықты қажет екені баршамызға белгілі. Осыдан барып аталған тақырыптың өзектілігі туындайды.
Диплом жұмысының негізгі мақсаты Қазақстан Республикасындағы салық жүйесінің қазіргі кездегі жағдайына сипаттама беру және даму перспективасына анықтау болып табылады.
Аталған мақсатқа жетуде төмендегі мәселелерді қарастыруды жөн көрдік:
- Нарықтық қатынастардың қалыптасып, дамуы кезіндегі салық жүйесінің экономикалық мәні мен мазмұны және атқаратын рөлі;
- Салық жүйесінің жүзеге асырылу механизмі мен мақсаттық бағыттарын қарастыру;
- Қазіргі кездегі салық салу жүйесінің қызмет ету механизміне сипаттама беру;
- Мемлекеттің тұрақты дамуының негізі болатын мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігін қамтамасыз етудегі салықтардың алатын орны;
- Бюджетке салықтардың толықтай және уақытылы түсуіне салық әкімшілігінің тигізетін әсерін пайымдау;
- еліміздің салық салу саясатын болашақта оңтайландыру жолдарын қарастыру.
Зерттеу объектісі болып Астана қаласы Есіл аудандық салық басқармасының қызметі болып табылады.
Жұмыстың фактілік негізі болып Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджеті және Астана қаласы Есіл аудандық салық комитетінің сандық мәліметтері табылады.
Жұмыстың теориялық және
1 Қазақстан Республикасындағы
салық жүйесінің мәні
мен мазмұны және оның
қалыптасуы
1.1
Қазақстан Республикасында
салық салу жүйесін
ұйымдастыру және оның
қалыптасуы мен даму
кезеңдері
Қазақстан Республикасының салық саясатын ұйымдастыру, оған әсер етуші негізгі механизм, фактор ретінде Қазақстан Республикасының салық жүйесін ұйымдастыру деңгейіне әу бастан тәуелді. Мемлекеттегі салық жүйесі құрылымы мен мәртебесін ұйымдастыру, тәуелсіздік алған сәттен бастап, әртүрлі деңгейде республиканың қоғамдық шаруашылығында салық саясатын жүргізудің формасы мен түрін анықтайды.
Мемлекет қоғам өмірінің барлық жақтарында оның қызығушылықтарын қорғау мақсатымен экономикалық, әлеуметтік, экологиялық, демографиялық және басқа да саясаттарды жүзеге асырады. Бұл жерде мемлекет әлеуметтік-экномикалық процесстерді ретту барысында қаржы-бюджет және бағалық механизмдерді пайдаланылады.
Қаржы-несие жүйесі мемлекеттің қаржы ресурстарын қалыптастыру мен пайдалану қатынастарын, яғни, мемлекеттік бюджет пен бюджеттен тыс қорларды қамтиды. Ол мемлекеттің әлеуметтік, экономикалық, саяси, қорғаныс функцияларын тиімді жүзеге асыруға бағытталған. Қаржы-бюджет жүйесінің маңызды артериясы-салықтар болып саналады.
Салықтар тауарлы өндірістің пайда болуымен, қоғамның класстарға бөлінуі мен мемлекеттің пайда болуымен бірге пайда болды. К.Маркс: «Салықтарда мемленкеттің өмір сүруінің экономикалық негізі қаланған»,-деп атап көрсетеді.
Қазіргі күні біздің мемлекетеміз үшін де салық жүйесі, оны реформалау мәселесі үлкен мәнге ие. Егемендік алған 20 жыл ішінде Қазақстан Республикасының салық жүйесі бірнеше өзгеріске түсті. Бұл мәселеге тоқталмастан бұрын салық жүйесіне түсінік беру қажет. Яғни, салық жүйесі (грек тілінен аударғанда бөліктерден құралған бүтін деген ұғымды білдіреді) - бұл салық белгілі бір біртұтастық немесе кешен, ол салықтөлеуші мен мемлекеттің мүддесін қорғау мақсатында бір-бірімен өзара байланыстағы салықтардың жиынтығынан тұрады. Бұл жүйенің құрамына мыналар кіреді:
- салық қатынасын реттейтін құқықтық және нормативті база (салық кодексі, жарлық, инструкциялар т.с.с);
- салықты және басқада міндетті төлемдерді жинау және құрау тәсілі. Олардың әртүрлілігі, салық салу принципі, салық элементтері;
- салық бақылауын жүргізудің түрлері мен формалары (салық есебінің камеральды бақылау, салық төлеушінің мониторингі, құжаттық және рейдтік салықты тексеру және т.б);
- Салықты және басқа міндетті төлемдерді жинау қызметі кіретін, ұйымдар атап айтқанда, ҚР МКМ, салық органдары, қаржы полициясы[2].
Салық салу - әлеуметтік-саяси проблема, ол мемлекет таңдап алған ұзақ мерзімдік даму стратегиясына тікелей байланысты.
Сурет
1 Қазақстан Республикасының
Қазақстандағы
салық жүйесінің ерекшелігі сонда,
ол негізінен шаруашылықтың
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін, ТМД –ның басқа мемлекеттері сияқты аз уақыт ішінде мемлекеттің салық жүйесінің заңдық негізін құру керек болды. Салық реформасының тұжырымы 1992 жылы жасалды. Онда екі кезең көрсетілген: бірінші (1993 – 1995ж.ж) жаңа салық жүйесін дайындап, әрекет етуге енгізу, және екіншісі (1996-2002 ж.ж) нарықтық экономика талаптарына жауап беретін салық жүйесін құруды аяқтауды мақсат еткен.
Бірінші кезең 1995 жылдың сәуірінде ҚР «Салық және басқада міндетті төлемдер туралы» заңның қабылдануымен аяқталды. Бірақ бұл заңның қатаң талаптары болмады, керісінше бұл заңға нарықтық реформаларды тездетіп жүргізуге бағытталған толықтырулар мен өзгертулер ҚР-ның Президентіның Жалығымен және ҚР-ның 1999 жылға дейін енгізілді.
2001жылы
16 сәуірде ҚР-ның Сенаты «Салық
және басқа да міндетті
ҚР-да 1995-2001 жылдағы 6 жыл көлемінде жүргізілген салық жүйесі кәсіпкерлердің, экономистердің, депудаттардың, мемлекеттік шенеуніктердің, журналистердің және қарапайым салық төлеушілердің тарапынан көптеген наразылықтар тудырды. Әрбір кезекті сайлау өткен сайын, сайланбалы билік органына барған жаңға адамдардың алғашқы қадамы салық саласында түбірімен өзгерту енгізуге бағытталатын болар деген әсер бар еді. Біршама уақыт өткеннен кейін, бұл үміт ақталмады, өйткені бұл салады жаңа заң актілері оны жетілдіргеннен гөрі, құлдырата берді, ал қарама- қайшылықтар сол қалпында қалды. Әртүрлі көзқарастарды сараптай келе, сыншылардың қандай да бір ортақ негізі жоқ екенін көруге болады. Көпшілігіне салық ставкасының тым жоғарлылығы ұнамайды. Кейбіреулері нарық жағдайында мемлекет төмен салық бекітеді деп есептеген. Өзгелерінің пікірінше, еркін кәсіпкерлік салыққа да әсерін тигізеді: “Қаласам-төлеймін, қаламасам төлемеймін” деген қағидаға сүйенуі мүмкін. Бірақ, сөйте тұра, бюджеттік мекеме қызметкерлеріне еңбекақы төлемі, зейнетақы, кешіктіргенде, мемлекеттік тапсырыс дер кезінде төленбегенде, барлығы үкіметті кінәлайды. Осы жерде бәрі анықталады: төменгі салық мемлекеттік шығындардың барлығын үздіксіз қаржылық қамтамасыз етумен сәйкес келуі керек екен.
Тағы сынауға түрткі болатын: салық жүйесінің артық фискальды сипаты; отандық өндірушілерге қажетті ынталандырудың басым болмауы; табысқа салынатын салықтың көптігі; мүлік салығының төмендігі; батыс елдерімен салыстырғанда, еңбекке аз ақша төлей отырып, жеке тұлғаларға салынатын салықтың көптігі; жеке тұлға салығының төмендігі, ал басқа мемлекеттерде ол жоғары; бұрын естіп те білмеген қосылған құнға салынатын салық; салықтан жалтарғандарға қолданылатын тым қатаң қаржылық санкция; бюджет жетіспеушілігін жоюда қолданылатын шаралардың жетіспеушлігі; жеке салықтардың жиі өзгеруі; табиғи ресурстарға салынатын салықтың төмендігі; Бұл тізімді бұдан әрі де ұзақ жалғастыра беруге болады.
Осы көзқарастарды жалпылап, біріктіру мүмкін емес. Бірақ, кейбір айтылған сыни көзқарастар мен ұсыныстарда шындық бар. Салық жүйесі әрине жетілдіруді қажет етеді. Бірақ, батыс елдерінің тәжірибесінен алынған кездейсоқ идеялардың негізінде емес. Қазақстанға салық салу саласында қазіргі салық жүйесін жетілдіріп қана қоймай, өмірге әкелінген қандайда бір кешенді шаралардың барлық экономикалық және әлеуметтік салдарларын болжап, алдын-ала байқайтын, өзінің ғылыми немесе бірнеше мектетер мүлде жетіспейді.
Өткен жылдарға баға бере отырып, есте ұстайтын жайт, ҚР салық жүйесі бірінші күннен бастап экономикалық дағдарыс кезеңінде пайда болып, дамып келеді. Қиын көздерде бюджет тапшылығының өсуін тоқтатады, елдің барлық шаруашылық аппаратын қамтамассыз етедіүздіксіз болмаса да кейінге қалдыруға болмайтын мемлекеттік қажеттіліктерді қамтамасыз етуге жол береді, негізінен ол нарықтық экономика жағдайына көшудің сол уақыттағы міндеттеріне жауап береді. ҚР-ның салық жүйесін қалыптастыруда дамыған шет елдердің тәжірибесі кеңінен қолданылды.
Мұндай баға жалпы шындықты әділ түрде таразылауға мүмкіндік береді, бірақ, экономикалық саясаттың сол уақыттық проблемаларымен сәйкес үнемі келтіріліп отырған, салық жүйесін жақсарту міндетін сызып тастамайды.
Көптеген сыншылардың келісетін пікірі, салық ауыртпалығының болу мүмкіндігі. Бірақ белгілі бір мөлшерде ғана. Салық қандай болу керек- жоғары немесе төмен – бұл әлемдік салық салу ілімі мен тәжірибесіндегі мәңгілік проблема.
Тұрғындардың салық мөлшерін
төмендетуге деген тілегі
Бірақ, салықтарды мөлшерден тыс төмендетуге болмайды. Салықттар тек ынталандырушы ғана емес шектеуші де рөл атқарады. Тым төмен деңгейдегі салық кәсіпкерлік белсенділіктің бірден дамуына алып келеді, ал оның бірқатар жағымсыз салдары бар.
Бірақ, бүгінгі таңда салық жүйесі артта қалмайды. Салық реформасы барлық экономикалық реформаларға сәкес, оның бір бөлігі болып табылады. Соның өзінде мемлекеттің қаржы жағдайы шиеленіскен түрде қала береді. Экономиканың тұрақтылығы инфляцияның және өндірістің төмендеуінің жалғасы болып қала береді. Салық жүйесі экономикалық және қаржы тоқырауына қарсы тұрады. Осының барлығы салық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.
ҚР-ның салық жүйесі 24 сәуірде 1995 жылы «салық және бюджетке басқада міндетті төлемдерді төлеу туралы» заңы салық жүйесінің негізі болып есептелінеді. Тиімді салық жүйесіне негізгі кедергі болатын экономикалық тоқырау болып табылады.
1995 жылы қабылданған салық заңы
өміршең болды. Бірақ, салық
саясатының алдына қойған
Ең басты назар “ҚР бюджет
жүйесі туралы” заңына енген
ҚР Президентінің 1998 жылы 1 сәуірдегі
“Бюджетке төленетін салық
Қазіргі кездегі Қазақстанның салық жүйесінің дамуының ең маңызды кезеңі – 1999 жыл. 1998 жылы құрылған Мемлекеттік Кіріс Министрлігі салық заңының және қазіргі кездегі жұмыс істеп тұрған салық механизмін қайта құруды одан әрі жетілдіруге ілгері қадамдар жасады. Оларға мыналар жатады:
- 1999 жылы тамызда ҚР Президентінің “Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” Жарлығы Парламентте қабылданып, заңға айналды;
- 1999 жылы 1 қыркүйекте ҚҚС-ты бөлу механизміне бірнеше өзгертулер енгізілді. Дәлірек айтатын болсақ, нольдік ставканы қолдану сферасы кеңейтілді және ол тоқыма өнеркәсібі, тігін және былғары аяқ киім тігу өнеркәсібі, халықаралық тасымалдау тауарларын өткізу бойынша жұмыс істей бастады; ең бірінші қажетті азық түлік, мал және құс, т.б. азық-түлікке – 10%-тік ҚҚС салынды; электроэнергия, газ, су, жылу өндіру және тасымалдау кезіндегі салық салу айналымын анықтау механизмі жақсарды, сонымен қатар машина жасау, пластмасса бұйымдарын өткізуде де кассалық әдіске уақытша өту және салық салу айналымының мерзімін 50 және 90 күнге ұзарту арқылы салық салынатын айналымын анықтау механизмі жақсарды; ҚҚС айналымынан қосылған құн жасамайтын акциз, кедендік төлемдер сияқты элементтер алынып тасталды;
- фермер қожалықтары үшін жалпыға бірдей жер салығы енгізілген.
2001 жылдың 1 шілдесінен бастап, 2001 жылдың
3 мамырындағы “ҚР заңына
Бұл өзгерістер экономикалық
әдебиеттердегі, баспасөздегі, ғылымдағы
көпжылдық пікір сайыстан
Қазақстанның салық жүйесінің
дамуы мен құрылуының саяси-
І
кезең – салық жүйесінің
ІІ
кезең – салық жүйесінің
ІІІ кезең – нарықтық экономиканың барлық талаптарына сай жаңа сапалық жүйесін құру әрекеті – белсенді салықтық реформалар кезеңі (1995-2000жж).
Қазіргі кезде де салық
Салықтың реттеушілік маңызын ұлғайтумен және мемлекетпен шешілетін мәселелерге байланысты салық салудың реформалары тәжірибе жүзінде өткізілуде. Қазақстан Республикасы алдында үлкен мақсат тұр – ол экономиканы жақсарту ғана емес, сонымен қатар бұл процестерді жандандыру факторы болып табылатын салық жүйесін құру.
Салық салу бойынша
Өте маңызды өзгерістер
Бірақ,
қазіргі кезде қалыптасқан Қазақстан
Республикасындағы салық жүйесінің жағымды
жақтарын айтуға болады. Бұл туралы келесі
тарауларда қарастыратын боламыз.
1.2
Салық жүйесінің негізгі
элементі ретіндегі
салық қызметі органдарының
қалыптасуы
Салық
салудың көп ғасырлық тәжірибесінің
негізінде салықты жинауды
Алғашқыда мұндай органдар тәртіпке келтірілген жүйе болған жоқ, салық жинаушылардың түрлі өкілеттілігі мен статустары болды, ерікті түрде тағайындалды, салықтық қызметті орындауды өзге де мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерды атқарумен араластырып отырды. Арнайы қаржы мекемесі болмаған кезде салық төлемдерін өндіріп алу үнемі болған жоқ, билеушінің жеке тапсырмасы бойынша жүргізілді. Көптеген мемлекеттерде барлық немесе бірқатар салық түрлерін жинау жергілікті өзін-өзі басқару орындарына тапсырылды. Мысалы, аталған ману Заңдарында табиғи алым-салықтарды жинау жөніндегі міндет ауыл старостасына жүктелді.
Рим империясында салықты жинаумен қауымдар айналысатын, магистраттар мен қауымдық кеңестің мүшелері қазынаға салық төлемдерінің түсуіне жеке түрде жауап беретін. Алтын Орда қол астындағы жерлерден алым-салықты басында хан арнайы тағайындаған-басқақтардың көмегімен жинаған, кейіннен оны жергілікті билік орындарына тапсырды: орыстың жеке князьдары өз аумақтарында алым-салық жинап, кейіннен оны Ордаға жөнелту үшін Ұлы князьға беріп жіберетін. Алым-салықты жинау қызметі кейде дін қызметкерлеріне тапсырылатын: ежелгі еврейлік шіркеулік мемлекеттің бірінші дінбасы талап етілген соманы Рим империясының пайдасы үшін төлейтін, кейіннен оны жеке салықтөлеушілерден жинап алатын.

- Қазақстан Республикасындағы тұтыну несиесінің дамуы
- Қазақстан республикасындағы ұлттық банктің инфляцияға қарсы саясаты
- Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнесті қолдау
- Қазақстан Республикасындағы Шағын кәсіпкерліктің экономикалық мәні
- Қазақстан Республикасында діни экстремизм құбылыстарына қарсы күрес аясындағы криминологиялық, құқықтық және ұйымдастырушылық шаралары
- Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу
- Қазақстан Республикасының қолма-қолсыз есеп айырысуды ұйымдастыру тәжірибесін талдау
- Қазақстандағы туризм жағдайы мен даму перспективасы
- Қазақстандық және халықаралық құқықтағы салық міндеттемесінің орындалуы
- Қазақстан мемлекетіндегі шағын және орта бизнестің дамуы және шешу жолдары
- Қазақстаннның алтын нарығы
- Қазақстанның қар және мұз ресурстарының географиясы
- Қазақстанның құнды металдар нарығындағы рөлін нығайту
- Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің дамуын мемлекеттік реттеуді жетілдіру