Қазақстандағы туризм жағдайы мен даму перспективасы

 

Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті

 

 

 

 

 

 

 

 

Естурлина Б.

 

 

 

 

 

 

Қазақстандағы туризм жағдайы мен даму перспективасы

 

 

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

 

 

 

0509092 –  «Туризм»

 

 

      

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қарағанды 2010

 

 

Қазтұтынуодағы  Қарағанды экономикалық университеті

 

 

 

Қорғауға жіберіледі

кафедра меңгерушісі

э.ғ.д.,  профессор

З.Н. Борбасова

_________________

«_____»__________2010ж.

 

 

 

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

 

Тақырыбы: «Қазақстандағы туризм жағдайы мен даму перспективасы»

 

 

0509092 –  «Туризм» мамандығы бойынша

 

 

 

 

 

       Орындаған

       Тур-41к тобының студенті                                   Б. Естурлина

 

 

       Ғылыми жетекшісі                           

       э.ғ.к., доцент                                                           Б.Т. Матаева

 

 

 

 

 

 

Қарағанды 2010


 

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ………………………………………………………………………..

4

   

1 ТУРИЗМНІҢ ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ  АСПЕКТІЛЕРІ…………….

6

1.1 Туризм мәні. Туризмнің қызмет етуінің механизмі …………………….

6

1.2 Қызмет көрсету туризмдегі әлеуметтік – экономикалық фактор ретінде……….....................................................................................................

 

12

1.3 Туризмді дамытуда  маркетинг пен менеджментті қолдану  ерекшеліктері......................................................................................................

 

15

   

2  ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ТУРИЗМНІҢ ДАМУ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ…………………………............................................

 

20

2.1 Қазақстан Республикасында туризмнің дамуының қазіргі жағдайы……

20

2.2 Қазақстанда туризм индустриясын қалыптастырудың негіздері………

26

2.3 Туризмнің даму үрдісіне ықпал ету жағдайлары.....................................

34

2.4 Туризмді дамытуда мемлекеттік реттеу маңызы......................................

39

   

3 ҚАЗАҚСТАНДА ТУРИЗМНІҢ ДАМУ  ПЕРСПЕКТИВАСЫ…………

52

3.1 Мемлекеттік бағдарламаның туризмнің дамуына ықпалы..............................

52

3.2 Туризм саласында кластер құру маңызы..................................................

59

   

ҚОРЫТЫНДЫ ………………………………………………………………..

72

   

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……………...................................

74


 

КІРІСПЕ

 

 

Туризм көптеген мемлекеттердің экономикасы мен жаһандану жағдайына  ықпалды әсер ететін маңызды әлеуметтік және саяси құбылысқа айналып  отыр. Өңдеуші өнеркәсіпке, мұнай-газды  өндіруге және машина жасау салаларына инвестиция салудың тиімділігімен салыстырғанда, туризм саласы қолайлы және жоғары табысты сала болып табылады.

Дамыған елдердегі экономикалық саяси және әлеуметтік тұрақтылықты сақтауға негізделген әлемдік тәжірибе көрсеткендей, елдің географиялық орналасуы және оның табиғи-климаттық ресурстары мен көрікті жерлері тікелей туризмді дамытуға қолайлы құндылық ретінде саналады.

Ұлттық экономиканы  қайта реформалау, туристік ұйымдардың қызмет ету жүйесіндегі анау айтарлықтай  өзгерістері мен саланы басқару тетіктерінің өзгеруі, қазіргі уақыттағы жағдайымен байланысты бірқатар мәселелерді туындатты. Сонымен бірге, туризмнің дамуы тұрғындардың денсаулықтарын нығайту және қолайлы демалу жағдайларын қамтамасыз ету жағдайында маңызды әлеуметтік міндетті шешуге ықпал етеді.

Дүниежүзілік туристік ұйымның болжауы бойынша, әлемдік  дәстүрлі туристік нарықтардың рекреациялық сыйымдылықтары өзінің шегіне жеткен,  сондықтан жаңа туристік территориялардың есебінен, туризм саласының өсуі қамтамасыз етілуі керек деген. Осыған байланысты Қазақстан үшін әлемдік туристік қызметтер нарығынан өз сегментін иемденудің ерекше мүмкіндігі пайда болып отыр. Соңғы он жылдықта Қазақстан әлемдік туристік нарықтың белсенді қатысушысы ретінде танылуда, бірақ туризм индустриясын тиімді басқару сұрақтары мен саланы ұйымдастыру мәселесі қалыптасып отыр.

Қазақстанда туризмнің  тарихи даму алғышарттары, б.з. үшінші мыңжылдығында қалыптаса бастаған, Ұлы Жібек жолының дамуымен байланысты. Қазақстан экономикасындағы туризмнің рөлі әлі де болса төмен. Резидент және резидент еместердің жалпы санының туризмдегі үлесінің салмағы-3 %. Қазіргі кезеңдегі туристік сұранысты қанағаттандыруға қолайлы жағдайлардың Қазақстанда болуына қарамастан, қазақстанның жалпы ішкі өніміндегі туризмнен түсетін түсімнің үлестік салмағы 0,2%-ды құрайды.  Мемлекет территориясының әртүрлі бағытқа қолдануға қолайлы 80 негізгі ландшафтық-рекреациялық зонаға бөлінуі, ел аумағында туризмді дамытуға қолайлы жағдайлардың болуы, мемлекетте жыл бойы туристік-рекреациялық қызметтерді ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Республикада тарихтың әртүрлі даму кезеңдерін сипаттайтын 27 мыңға жуық ежелгі ескерткіштер бар. Олардың ішінде Қара хан (ХІғ) мавзолейі, Айша Бибі (ХІ-ХІІ ғғ) мавзолейі, Алаша  хан (ХІІ ғ), Жошы хан мавзолейлері сияқты ерекше архитектуралық нысандар бар.

Елбасы Н. Назарбаев  Қазақстан халқына Жолдауында ел экономикасының басымды бағыттарының бірі ретінде туризмді дамыту қажеттілігін ерекше атап өткен болатын. Осыған орай Қазақстан Республикасы Үкіметінің бастамасы бойынша Маркетингтік сараптамалық зерттелім орталығы, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі мен американдық консалтингтік компаниясы «Қазақстан экономикасының қызмет көрсетіп отырған бәсекеге қабілетті және потенциалды перспективті секторларына баға беру және олардың дамуы жөнінде үсыныс» жобасы іске асырылды. Жобаның мақсаты — Қазақстан экономикасының болашағы бар салаларының бәсекеге қабылеттілігін көтеру. Сарапшылардың қорытындысы бойынша Қазақстанның бәсекелестік басымдылығы оның таңғажайып мәдениетінде (мәдени-танымды), бай табиғи әлеуетіне (экологиялық туризм), қызмет белсенділігінің өсуіне байланысты қызмет туризмімен, сонымен қатар демалыстың белсенді түрімен, мысалы, спорт және сол сияқты басқа да туризм түрлерімен айналысуға болатындығымен ерекшеленеді. Туризм 2010 жылға дейінгі мемлекеттің экономикалық дамуының басым секторларының бірі деп атап көрсетілді. Тақырып өзектілігін жоғарыда айтылып кеткен мәліметтер айқындайды. Осыдан димпломдық  жұмыс мақсаты Қазақстан Республикасында туризмнің қазіргі жағдайына талдау жүргізе отырып, перспективті бағыттарын анықтау.

Қойылған мақсатқа жету үшін келесі міндеттер айқындалды:

- туризмнің қызмет етуінің экономикалық механизмін сипаттау;

- Қазақстан Республикасында туризмнің дамуының қазіргі жағдайын

талдау;

- Қазақстанда туризм индустриясын қалыптастырудың негіздерін анықтау;

- Қазақстанда туризмді дамытудың перспективті бағыттарын айқындау;

Дипломдық жұмысты  орындауда ғылыми зерттеудің теориялық және әдістемелік негізін қазіргі заманғы  отандық экономистердің еңбектері, алдыңғы қатарлы шетел әдебиеттері, туризм төңірегіндегі Қазақстан Республикасы үкіметінің шешімдері құрады.

 

 

  1 ТУРИЗМНІҢ ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ  АСПЕКТІЛЕРІ

 

1.1 Туризм мәні. Туризмнің қызмет етуінің  механизмі

 

 

Туризм әлемдік бірлестік үшін жалпы кірістің 10 % - ын құрайтын неғұрлым табысты және белсенді дамушы сала болып есепетеледі. Туристік бизнес 21 ғасырдың экономиканың жетекші секторы және экономикалық дамуда туризмнің салмақты үлесін статистикалық мәліметтер айқындайды.

ЖҰӨ туризм үлесі  экономикасы жоғары дамыған және диверсификацияланған  елдерде 2 % дан 10 % аралығында ауытқиды. Аралды мемлекеттерде  және аз дамыған елдерде оның үлесі 30-40 %.

 Автокөлік,  химиялық өнімдер, азық-түлік өнімдері, компьютер және отын экспорты бойынша алдыңғы орындағы ірі экспортер болғандықтан, туризм үлесіне тауарлар мен қызметтердің 8 % әлемдік экспортқа тиеді.

  БТҰ мүше  елдердің 83%-ы бес жетекші экспорт  категориясына кіреді, ал  38% - ы шетел валютасының негізгі кіріс көзі саналады.

Туризм кірісінің  өсуінің жоғары қарқынын келесі мәліметтерден  көруге болады: егер 1950 жылы әлемдік  туризм түсімі 2,1 млрд. АҚШ долл. құраса, 1998 жылы –  444,7 млрд. АҚШ долл. өсті.

Көптеген  елдерде туризм елдің «үштік»  жетекші саласына енеді, жоғары қарқынмен дамуда және экономикалық және әлеуметтік маңызға ие:

  • жергілікті кірісті ұлғайтады;
  • жаңа жұмыс орындарын жасайды;
  • туристік қызмет көрсетумен байланысты барлық салаларды байланыстырады;
  • туристік орталықтарда әлеуметтік және өндірістік инфрақұрылымдарды дамытады;
  • халық кәсіпшілігі орталықтары қызметтерін және мәдениетті дамытуды белсендетеді;
  • жергілікті халық өмірінің деңгейінің жоғарлауын қамтамасыз етеді;
  • валюталық түсімдерді ұлғайтады[1].

Туризм концепциясы  демалыс, іскер және басқа мақсаттармен бір жылдан аспайтын уақыт аралығында өз мекенінен басқа жерлерге саяхатқа шығатын тұлғалардың қызметі ретінде анықталады.

Мемлекеттік масштабта  статистикалық мақсаттар үшін туризмнің  келесі түрлері анықталған :

  • ішкі туризм, жергілікті халықтың өз елі ішінде саяхатқа шығуы;
  • кіру туризмі, ол елдің тұрғынына саналмай, басқа  бір елге саяхатқа келу;
  • шығу туризмі, бір елдің тұрғынының  басқа елге саяхатқа шығуы.
  • «ішкі туризм» және «кіру туризмінен» тұратын ел шеңберіндегі туризм;
  • «ішкі туризм» мен «шығу туризмін» қамтитын ұлттық туризм;
  • «шығу туризмі» мен «кіру туризмімен» анықталатын халықаралық туризм [2, 67 б].

Туризмнің негізгі  типтері үйлесе отырып, оның келесі категорияларын құрайды (сурет 1):

 

Сурет -1 Туризм түрлерінің кескіні (сұраным  бойынша)

 

Туризм категориясы  бір күннен астам тұрғылықты мекен  жайынан басқа орындарға келген тұлғаларды туристер деп қалыптасқан  түсініктен тұрады ( кесте 1). Сапарға шығу немесе басқа мекен-жайда болу ұзақтығы маңызды статистикалық көрсеткіш болып саналады, себебі ол кез-келген туризм түрінің маңызды өлшем бірлігі, туристердің келуінің (бір жыл) максималды шегін, сонымен қатар, бір күндік келуші мен туристер арасындағы айырмашылықты анықтауда елеулі көрсеткіш болып табылады.

   

Кесте 1

Келу немесе сапарға  шығу ұзақтығының жіктелуі [60].

Категориялар

Түнеп шығу саны(түндер)

0. Біркүндік келушілер

X

1 .    Туристер

1.1.

1-3

1.2

4-7

1.3

8-28

1.4

29-91

1.5

92-365

Е  с  к  е  р  т  у -  Балабанов И.Т., Балабанов А. И. Экономика туризма: Учебное пособие. М., 2003


Сапарға шығу мақсаты  туралы мәліметтер келушінің тұтынуы  мен шығындарын анықтайды, және бұл  туризм типтеріне байланысты болады. Келу мақсаттары келесі категориялар бойынша жіктеледі:

  1. бос уақыт, рекреация және демалыс;
  2. таныстары мен туысқандарға келу;
  3. іскерлік және кәсіби мақсаттар;
  4. діни/қажылық;
  5. емделу;
  6. басқа мақсаттар.

Келу мақсаттары нақты  туризм түрлеріне сай келетін  көлік түрлерімен де анықталады. Бұл қозғалыс жылдамдығына қатысты, яғни туристердің бағыты: демалыс, іскерлік келіссөздер, емделу немесе басқа мақсаттардың болуына байланысты. Кең қолданыстағы және қолайлы жергілікті көлік құралдары ( кесте 2).

 

Кесте 2

Көлік құралдары

Әуе көлігі

Кесте бойынша рейстер

Кестеге тәуелсіз рейстер

Басқа әуе тасымалдары

Су көлігі

Жолаушы тізбектері мен паромдар

Круиздер

Басқалар

Құрлық көлігі

Теміржол көлігі

Қалааралық және қалалық  автокөліктер және басқа қоғамдық автожол  көлігі

Жекеменшік автокөліктер (сыйымдылығы 8 адам)

Автокөлік құралдарын жалға  алу

Басқа да құрлық көлік құралдары

Е  с  к  е  р  т  у -  Балабанов И.Т., Балабанов А. И. Экономика туризма: Учебное пособие. М., 2003


 

Келушілерді орналастыру мақсаттарына байланысты түрлі әдістермен анықталады (кесте 3 ).

 

Кесте 3

Туристерді  орналастыру құралдары

Орналастыру-дың ұжымдық құралы

Туристерді  орналастырудың қонақжай орындары

Қонақүйлер

Қонақжай  орындары

 

Арнайы мекемелер

Сауықтыру мекемелері

Еңбек және демалыс лагерлері

Көліктің қоғамдық түрлері

Конгресс-орталықтары

 

Басқа ұжымдық мекемелер

Демалысқа арналған орындар

Кемпинг алаңдары

Басқа ұжымдық мекемелер

Орналастыру-дың жеке құралдары

Орналастырудың жеке құралдары

Жеке үйлер

Отбасылық үйлерде жалға  берілетін бөлмелер

Агенттіктерден жалға  алынатын орындар

Таныстар мен туысқандармен  тегін берілетін орындар

Жеке негізде басқа  да орналастырулар

Е  с  к  е  р  т  у -  Квартальнов В. А. Туризм: Учебник. М., 2000


 

Аймақта туризмнен  түсетін кірісті жоғарылату әдістері: көңіл көтеру және рекреация индустриясын, тамақтану индустриясын, жергілікті сувенир өнеркәсібін қалыптастыру. Туризмнің жергілікті индустриясын дамытудың шарттары берілген аймақтың ресурстарын толық жүзеге асыратын туристік-рекреация қызметтерінің эксклюзивті түрлерінің болуымен анықталады. Туризмді дамыту бойынша шараларды жүзеге асыру мен жобалаудың негізгі міндеті туристік қызметтен аймақтың кірісін қалыптастырудың маңызды механизмі және аймақтың туристік әлуетінің басты құрылымдық элементі болып есептелетін жоғары дамыған аймақтық туризм индустриясын жасау.

Туристік  индустрия – бұл орналастыру мен көлік құралдарының, тамақтану, көңіл көтеру, танымдық, іскерлік, сауықтыру, спорттық және басқа мақсаттағы объектілер, туристік қызметті жүзеге асырушы ұйымдар, сонымен бірге, экскурсиялық және аудармашы - гидтік  қызмет көрсететін ұйымдар жиынтығы.

Туризмнің ұйымдық  формалары болып халықаралық  және ішкі туризм болып саналады. Халықаралық  туризмге кіру және шығу туризмі жатады. Халықаралық туризмнен ішкі туризм ерекшелігі, Қазақстан азаматтарының  және  сол аймақта тұрақты мекендеуші тұлғалардың республика шегінде саяхатқа шығуынан тұрады. Туризм әлемдік экономикада маңызды роль атқарады. Бүкіл әлемдік туристік ұйым мәліметтері бойынша (БТҰ)  туризм әлемдік жалпы ұлттық өнімнің 1/10 бөлігін, халықаралық инвестициялардың 11%- ын және әлемдік өндірісте 9-шы жұмыс орнын қамтамсыз етеді [5, 78 б].

Туристік  индустрияны салааралық кешен ретінде  анықтауға болады [6, 121 б]:

а) техникалық бөлімдері тармақталған желілерімен  жолаушылар көлігі (әуе, су, автокөлік, теміржол);

б) аса кең  туристік сипатқа ие болмаған арнайы туристік мекемелер мен салалар кәсіпорындары (оның ішінде, автокөлік жасау мен көліктік машинақұрылысы, отын өнеркәсібі, күрделі жөндеу мен жол құрылысы, сувенир дайындау өндірісі, тамақ өнеркәсібі, ауыл шаруашылығының көптеген салалары және т.б.)

в) турист тұтынатын кең шеңбердегі қызмет саласы.

Туристік  индустрияның ұйымдық туризмді дамытуға негіз болатын материалды-техникалық базасы (МТБ) болуы тиіс. Туримзнің  материалды- техникалық базасына жататындар: туристік фирмалар (туроператорлар мен турагенттер), қонақүйлер, туристік базалар, тамақтану және сауда орындары және автокөліктік кәсіпорындар, туристік жабдықтар мен инвентарлар, туристік жолдамаларды өткізу бюросы, бақылау-сақтау бөлімдері, туристік клубтар, бекеттер және т.б.  МТБ объектілерін жіктеу негізіне үш негізгі белгі жатады: көрсетілетін қызметтер түрлері, экономикалық элементтер, шаруашылық субъектілерінің меншік түрлері.

Мемлекет экономикасына  туризмнің қолайлы ықпал жасауы, ел экономикасын қызмет көрсету экономикасына айналдырмай,  елде жан-жақты дамыған жағдайда орын алады. Басқаша айтқанда, туризмнің экономикалық тиімділігі оның елде  әлеуметтік – экономикалық кешендегі басқа салалармен өзара байланыста  болуымен және олармен қатарлас дамуына тәуелді. Халықаралық туристердің келуінің белсенді және тұрақты өсуі, туризмнің даму уақытынан бастап, оның кең қолданысқа ие болғандығын көрсетеді.

Туризмнің дамуы елдің  экономикасына және бәсекеге қабілеттілігіне  әсер етуімен байланысты [7, 58 б]. Мұндай әсер ету тікелей және жанама әсер ету әдістерімен анықталады. Елдің экономикалық көрсеткіштеріне тікелей әсер ету белгілі шекте ұлттық есептеу жүйесінде (ҰЕЖ) көрінеді. Жанама әдіс туризмнің экономикаға  және әлеуметтік аяға туризмнің жанама әсер ету коэффициенті болып саналатын, туристік мультипликаторды есептеуді меңзейді.

Бүкіләлемдік туристік ұйым мамандары 1990 жылдан бастап Доминикан  республикасын мысалға ала отырып, туризмнің жанама әсерін есепке алу  концепциясын өңдей бастады. 1998 жылы БТҰ Бас хатшысы Ф. Франжеалли туристік салада СИКТА стандарттық салалық жіктеуге енгізілген түрлі кәсіпорындар мен ұйымдардың қызмет ететінін атап өтті. Бұл жағдайда туризмнің жанама әсері тек қосалқы салаларда ғана емес, сонымен қатар, экономикаға толық әсері ескеріледі. Туристік мультипликатор туристердің шығындарына қарай, аймақтың (елдің)  кіріс деңгейінің ұлғайғанын көрсетеді. Түрлі салалар үшін Д. Кейнспен, П. Самуэльсонмен, С. Фишермен, Х. Рюттермен, И. Криппендорфпен, В. Арчермен, С. Оуенмен, Х. Клементпен және басқалармен өңделген талдап қорытылған мультипликаторды бағалау үлгілері мен әдістемелері бар. Дегенмен, туристік мультипликаторды есептеу және туризм үлесін нақты бағалау әдісі жоқ. Осыған байланысты жеке өңдеушілермен туризм үлесінің ел экономикасының келесі көрсеткіштерінде орын алатыны көрсетіледі [8, 111 б]:

- ЖҰӨ жасау;

- төлем балансының экспортының құрамында;

- қосымша жұмыс орындарын ашуда;

- аймақтық даму;

- туристерді қабылдайтын елдің жергілікті халқының кірісі;

- экономиканың қосалқы салаларының дамуы: көлік, байланыс, тұрмыстық қызмет көрсету, тамақтандыру, көңіл көтеру индустриясы, халықтың қолөнері, және басқалары.

Туроператорлар, туристік компаниялар, қонақ үй, жоғары оқу  орындарының өкілдері, шенеуніктер  қатысқан бірінші кластерлік кездесуде  республиканың туристік саласының бәсекеге қабілеттілігін және дамуын тежеп отырған проблемалық факторлар талқыланып, оның ішінде визаны алу проблемасы аталды.  Практика жүзінде туристік визаны Қазақстанға келгенге дейінгі уақыт аралығында алуға болады, ал көптеген елдерде виза мемлекет шекарасында беріледі. Шығу туризміне жұмыс істейтін туроператорлар мен туристік агенттіктердің қызметі халықаралық ережеге сай, шетел мемлекеттерінің заңдылықтарымен, келетін елдің дәстүрімен, лицензиялау, салық салу, еңбек қатынастары және басқа да проблемалық факторлармен байланысты мәселелерді шешумен байланысты.

 Көптеген  проблемаларды реттеу мемлекет  деңгейінде шешіледі: заңдылық базаларды  қарастыру, туристік салаға қатысушылардың  сыртқы экономикалық қызметінің  мәселелері бойынша үкіметаралық келісімдерге қол қою.  Әлеуметтік және саяси факторлар түрлі аядағы ішкі және сыртқы саясат пен экономиканың мемлекеттің заң шығару және атқару қызметтеріне үлкен тәуелділікте болады. Ішкі факторлардың бірі туристік фирмалардың қызметін лицензиялау мен салық салу. Айта кету керек, протекционизм и дотация саланың немесе кәсіпорынның дамуына ықпал тигізбеуі мүмкін, бірақ қызметтің барлық аясында парасатты салық салу мемлекетті тек туристер үшін ғана емес, сонымен бірге, инвесторлар, бизнесмендер, экспортерлер мен импортерлер үшін тартымды етеді, ал бұл өз кезегінде ел арасында адамдар мен жүктің қозғалысын ұлғайтады. Бұл мемлекеттен транзитпен өтетін жолаушылар мен жүк ағымдарының әлуетті тұтынушылардың қозғалысы болып табылады, яғни оларда орналасу, тамақтану объектілерін, көліктік қызмет көрсетулерді тұтына отырып, ақша төлейді, ол ішкі экономикада есептеледі.  Бұл жағдайда мемлекеттің міндеті құқық қорғау органдары мен барлық жергілікті халық күшімен трансферттік ағымдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етпеудің жағымсыз мысалына Қырғызстан, Кавказ, Ауғанстан, Африка мен Азияның кейбір елдерін, оның ішінде Таиланд, Индонезия, сонымен бірге АҚШ, Латын Америкасы және басқа да елдер мен аймақтарды жатқызуға болады. Таиланд пен Индонезия табиғат катаклизмі мен туристердің кетуі нәтижесінде үлкен шығындарға ұшырады.  Бұл жағдайда мемлекет рөлі тайфунның болу қаупін болжау мен тек туристер ғана емес, тұрғын халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету болатын. Бұған ұқсас жағдай АҚШ, Флорида штатында желдің қатты екпінінен адамдар қазасы мен көптеген шығындарға ұшырауы мемлекеттің дер уақытында шаралар қолданбауынан деген айыппен  ел президенті мен әкімшілігіне сенімсіздіктер жасалды (2004-2005 жж). 2001 жылы 11 қыркүйек айында болған жағдай АҚШ инвестициялар мен туристердің кетуіне әкелді.

Дербес шаруашылық субъектісі ретінде туристік фирмалардың  қазіргі заманғы қызметі күрделі.  Туристік фирмалардың қызметінің айрықша  ерекшелігі жоғары тәуелділік, яғни елде саяси, экономикалық, қаржылық, экологиялық өзгерістер туристер ағымын басқа аймақтарға бұруы мүмкін, сондықтан кәсіпкерлер стандарттық емес шешімдер тауып, рынокқа мүлдем жаңа өнімдер ұсыну арқылы туристерді тарту мүмкіндіктерін іздестіру қажет.

1.2 Туризмдегі қызмет көрсету әлеуметтік – экономикалық фактор ретінде

 

 

Туристік индустрияны зерттей келе сервистік қызмет көрсетуге тән экономикалық және әлеуметтік мәселелердің ерекшеліктеріне тоқталу бүгінгі күнгі өзекті мәселенің бірі екені анықталды. Туризмдегі сервистік қызмет көрсетуді карастыру, оның экономикалық өсу мен оның қоғамның даму бағытында атқаратын функциональды рөлімен түсіндіріледі.

Қызмет көрсету саласының  өсу қарқыны мен қызмет көрсетудің тиімділігі экономикалык базистің кеңеюіне септігін тигізіп, қоғамдық өндірістің нөтижелерін жетілдіруге әсер ететін еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының маңызды факторы болып табылады. Мұның барлығы қоғамның барлық мүшелерінің қоғамдық қажеттіліктерін толығырақ және жан-жақгы канағаттандырудың алғы шарты. Қызмет аясының бағдары табиғат және оның күштері емес, адамның өзі. Оның негізгі функциясы түлғаға, оның түйсігіне, қоғамдық өндіріс процесінде адамдардың қарым-қатынастарына әсер етуінен байқалады.

Қызметтер аясы дами түсе, адамдардың тұрмыс салтының калыптасуына әсер етеді.

Рухани өсу мен үйлесімді  даму жолында кең мүмкіндіктер беру, қызметтер аясының әлеуметтік бағыттылығын айқындаушы аспектілерінің бірін білдіреді. Сөйтіп, қызметтер аясы халықтың тұрмыс деңгейін көтере, халық шаруашылығының экономикалық өсуінің маңызды факторы ретінде көрінеді. Дегенмен де, кері байланыстың маңыздылығын төмендетпейміз, яғни экономикалық өсуді қамтамасыз ететін өндіріс, адам қажеттіліктерінің жиынтығын, даму деңгейін, өндірілетін өнім мен қызметтердің көлемі мен сапасы арқылы оларды қанағаттандыру дәрежесін, алатын табыстар көлемін анықтайды.

Казіргі кезендегі өндіргіш күштер дамуының заңдылықтарының бірі -өндірістік процестегі жеке тұтыну рөлінің белсенділігі.

Түпкі сұранымның негізгі құрамасы бола, халықтың шығындары көбіне экономикалык, өсудің динамикасы мен құрылымды параметрлерін анықтайды. Осымен бірге, әлеуметтік-экономикалық, демографиялық, әлеуметтік-мәдени және психологиялық факторларының күрделі кешенінің әсерімен, халықтың тапсырыстары мен қажеттіліктерінің үздіксіз кеңеюі және жаңартылуы орын алуда және де ол тұтыну шығындарының өзгермелі кұрылымында өз бейнесін алады.

Әртүрлі қызметтер мен затты игіліктерге деген сұраным динамикасы әрбір елдің өзіндік ерекшеліктерімен анықталады. Мұнымен қатар, экономистердің еңбектерінде жеке тұтыну қорын сипаттайтын және жалпы даму үстіндегі әлемге тән жалпылама мезеттер сөз етілген. Солардың ішіндегі негізгісі тұтыну қорының сандық және сапалық толықтырылуының жергілікті өндірісті-техникалық база мүмкіндіктерінен алға кетуі нәтижесінде индустриалды дамыған мемлекеттермен салыстырғанда, оның халық шаруашылық пропорцияларына белсенді әсер етуі.

Қазіргі кезде табиғи орта өндіріске ғана емес, сонымен қатар, тұтынуға да әсер ететіндігін дәлелдеу қажетігін туғызбайды. Және де жеке елдер, облыстар және тіптен тұрғылықгы жерлер арасында орын алатын тұрмыстық жағдайлардағы теңсіздікті мейлінше төмендету мақсатымен шараларды қолданғанымен, оларды толықтай жою мүмкін емес екендігін ескеру қажет. Халықтың тұрмыстық жағдайларындағы аймақтық ерекшеліктер сипатын айқындау, осы ерекшеліктерді қандай жолдармен қысқартуға болады және солайша, шаруашылықтанудың рыноктық реформаларын құру жағдайларында осы маңызды мәселені шешу жолдарын қалайша белгілеу қажет екендігін анықтауға мүмкіндік береді.

Қызмет көрсету саласы адамның денсаулығы, білім алуынан бастап, бос уақытты тиімді өткізуіне дейін өмірінің барлық жақтарына, қоғамның осы әрбір мүшелері үшін жағымды жағдайлар жасау арқылы әсер ететіндігі аян. Коммуналды-тұрмыстық жағдайлар адамның өмірлік қызметінің орасан уақыт пен энергияны талап ететін аясы болып қала бермек. Халық өзінің бос уақытын өзіндік қызмет жасау бойынша үй шаруасына, коммуналды-тұрмыстық мекемелерді аралауға, балаларды күтіп-тәрбиелеуге жұмсайды. Қызметтер аясының тұрмыс салтын қалыптастыру түрғысынан алғандағы маңыздылығы, бұдан басқа қызметтер аясының өзіндік жұмыскерлерінің тұрмыс салты мен оның бүтіндей қоғамға, оның барлық мүшелерінің тұрмыс салтына әсер етуімен толықтырыла түседі [9]. Қызметтер аясындағы жұмыскердің өндірістік өмірлік қызметі, оның кәсіби дайындық дәрежесімен, қоғамдық-саяси даму деңгейімен, біліктілікті үнемі жоғарылату мен өндірісті жетілдіру жайлы пәруай таныту секілділермен сипатталуы қажет. Жоғары білікті мамандардың, қызметті тұтынушылардың жеке тілектерін ескере, тапсырысты дұрыс қабылдау, еңбек пен қызмет көрсетуді ғылыми түрде ұйымдастыру және т.с.с. әрекеттерді қамтитын жоғары мәдени деңгейлі қылықгы танытулары бүгінгі күн талабы. Мұнда, рынокты экономикамен қалыптасатын тұрмыс салты, айқын байқалатын еңбек сипатына ие, яғни бұл қоғамның әрбір еңбекке қабілетті мүшесі үшін міндетті тұрмыстың еңбекті кейпі деп тұжырым жасай аламыз.

Мысалы, үй шаруасын жүргізудегі уақыт  шығынын қысқарта, адамды тартымсыз  және еңбек сыйымды жұмысты орындаудан босата, еңбек сыйымды жұмысты орындаудан босата, қызметтер аясы адамдардың бос уақытының шегін кеңейте отырып, олардың рухани және табиғи дамуына септігін тигізеді. Әсіресе әйелдердің, үй жұмысынан қолы босауы есебінен балаларға көп көңіл бөліп, тәрбиесі мен мәдени дамуында өз орнын алуынан, бос уақытының ұлғаюының әлеуметтік маңызын көреміз. Сөйтіп, қызметтер аясы уақыттың үнемделуі мен оның рационалды пайдалануына атсалысады.

Қазақстандағы туризм жағдайы мен даму перспективасы