Қазақстандағы бағалы қағаздардың инвестициялық портфелін бағалаудың нарықтық экономикадағы жағдайын жетілдіру

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

 

Қ.И. Сəтбаев  атындағы қазақ ұлттық техникалық университеті

 

Экономика және бизнес институты

 

Бағалау, есеп және аудит кафедрасы

                                                                    

             

                                                                           

                                                                                           ҚОРҒАУҒА  ЖІБЕРІЛДІ

                                                                                          Кафедра меңгерушісі

                                                                                             экон.ғыл.канд., доцент                                                                                              

                                                                                                 ________ А.К.Ержанов

                                                                                                 «___» ________ 2011ж.                                                                                              

 

 

 

ДИПЛОМДЫҚ  ЖҰМЫС

 

Тақырыбы: «Қазақстандағы бағалы қағаздардың инвестициялық портфелін бағалаудың нарықтық экономикадағы жағдайын жетілдіру»

 

 

050908 – «Бағалау

Орындаған:                                                                     

 

 

 

 

 

 

 

Пікір беруші:

             Ғылыми жетекші:

экон.ғыл.канд., доцент

             Аға оқытушы

________ Р.Н.Нургазин

             _______Ж.Т.Дильбебаева

«____» ________2011ж.

             «____» _________ 2011ж.


 

 

 

 

 

 

 

Алматы 2011

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

 

Қ.И. Сəтбаев  атындағы қазақ ұлттық техникалық университеті

 

Экономика және бизнес институты

 

Бағалау, есеп және аудит кафедрасы

                                                                    

                                                                                         

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ДИПЛОМДЫҚ  ЖҰМЫС

 

Тақырыбы: «Қазақстандағы бағалы қағаздардың инвестициялық портфелін бағалаудың нарықтық экономикадағы жағдайын жетілдіру»

 

 

050908 – «Бағалау»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы 2011

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

 

Қ.И. Сəтбаев  атындағы қазақ ұлттық техникалық университеті

 

Экономика және бизнес институты

 

Бағалау, есеп және аудит кафедрасы

 

050908 - Бағалау

                                                                                  

                                                                              БЕКІТЕМІН

                                                                                           Кафедра меңгерушісі

                                                                                              экон.ғыл.канд., доцент                                                                                              

                                                                                              _______ А.К.Ержанов

                                                                                               «___» _______ 2011ж.                                                                                              

 

 

Дипломдық жұмысты даярлауға

ТАПСЫРМА

 

Білім алушыға 

Жұмыстың  тақырыбы: Қазақстандағы бағалы қағаздардың инвестициялық портфелін бағалаудың нарықтық экономикадағы жағдайын жетілдіру                   

ЭжБ Институттың  №____ «___» _______Кафедра менгеруші  шешімімен бекітілген

Орындалған  жұмыстың өткізу мерзімі «       »                   2011ж

Дипломдық  жұмыстың бастапқы мəліметтері: Қоғамның бағалы қағаздарын бағалаудың теориялық, әдістемелік және тәжірибелік аспектілерінің жиынтығы

Есеп–түсініктеме  жазбаның  талқылауға  берілген  сұрақтарының  тізімі  мен

қысқаша диплом жұмысының мазмұны:

а) Бағалы қағаздар және оны бағалаудың нарықтық экономикадағы      алатын орны;

б) «Қазақстан Халық Банкі» АҚ инвестициялық  портфелінің бағалы қағаздарын бағалау;                                                                                           

в) Қазақстандағы бағалы қағаздардың  инвестициялық портфелін бағалаудың нарықтық экономикадағы жағдайын жетілдіру.                   

Графикалық  материалдардың  тізімі (міндетті  түрде  қажет  сызбалар

көрсетілген): 4 кесте, 11 сурет.

Ұсынылған негізгі  əдебиеттер: Идрисов А. Б. Планирование и анализ эффективности инвестиций. – М., 1994; Беренс В., Хавранек П.М. Руководство по оценке эффективности инвестиций/Пер. c англ. – 2-е изд., перераб. И доп. – М.:Интерэксперт –М, 1995; Бочаров В.В. Методы  финансирования инвестиционной деятельности предприятий. – М.: Финансы и статистика, 1998; Арсланова Р., Лившиц В. Принципы оценки инвестиционных проектов в разных системах хозяйствования // Инвестиции в России , 1995, № 1-2.

            жалғасы

Дипломдық жұмысты  даярлау

КЕСТЕСІ

 

Бөлім атаулары,

дайындалатын

сұрақтардың тізімі

Ғылыми жетекшіге,

кеңесшілерге өткізу

мерзімі

 

Ескерту

 

11.03.2011

 
 

25.03.2011

 
 

07.04.2011

 

 

Аяқталған дипломдық  жұмыстың жəне оларға

қатысты диплом жұмысының бөлімдерінің

кеңесшілері мен нормалық бақылаушының

қолтаңбалары 

 

 

Бөлімдердің

атауы

Ғылыми жетекші,

кеңесшілер

(аты-жөні, тегі,

ғылыми дəрежесі,

атағы)

Қолтаңба

қойылған мерзімі

 

Қолы

 

аға оқытушы Сейткожаева А.Т.  

   
 

экон.ғыл.канд., доцент Жанкубаев Б.А.

   
 

   экон.ғыл.канд., доцент

Дильбебаева Ж.Т.

   

Нормалық

бақылаушы

Маликова Р.М.

аға оқытушы 

   

 

Ғылыми жетекшісі _______________ Ж.Т.Дильбебаева

Тапсырманы орындауға білім  алушы  алды      

Күні «___» ______________ 2011ж.

 

 

 

 

 

АҢДАТПА

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АННОТАЦИЯ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

THE ABSTRACT

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

МАЗМҰНЫ

 

 

Кіріспе

9

1 Инвестиция  және инвестициялық жоба теориясы мен методологиясы

 

1.1 Инвестицияның мәні мен экономикалық мағынасы

 

1.2 Кәсіпорынның инвестициялық ұстанатын бағыты мен қызметі                       

 

1.3 Инвестициялық жобаларды бағалау  критерийлері

 

1.4 Инвестициялық жобада әлеуметтік  тиімділікті бағалау

 

2 Инвестициялық бағдарламалардың аймаққа әлеуметтік әсерін бағалау

 

2.1 Коммерциялық жылжымайтын мүлік  нарығына талдау

 

2.1.1 Жылжымайтын сауда алаңдарына  талдау

 

2.1.2 Кеңселер нарығына талдау

 

2.1.3 Қоймалар нарығына талдау

 

3 Инвестициялық бағдарламаның аймаққа  әлеуметтік әсерін  эконометрикалық  модельдеу арқылы бағалау

 

3.1 Әлеуметтік-экономикалық процесстерді  эконометрикалық модельдеу

 

3.2 Әлеуметтік процессті модельдеу  және болжау

 

Қорытынды

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 
   
   
   
   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

 

Қазақстан үлкен қарқынмен дамып келе жатқан жас мемлекеттер санатынан. Бүкіл  әлем назарында отырған еліміз абыроймен  OSCE халықаралық саммитын және жетінші қысқы олимпиада Азиада ойындарын өткізуіміз шет ел азаматтарының Қазақстанға көп келуінің себебі болды. Алдағы уақытта осындай еліміз үшін маңызды шаралар мемлекетімізде әлі де өтеетініне кәміл сенемін. Еліміздің қалаларының кқркін заманауи талаптарға сай ғимараттар келтіріп, ел қонақтарының да, халықымыздың да сауда жасау, жиналыс, демалу, уақыт өткізулеріне және сапалы өмір сүрулеріне барлық жағдайды жасауымыз керек.         

Қазіргі кезде Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан инвестициялық процесс әлеуметтік – экономикалық дамуымыздың негізгі  алғы шартына айналып, еліміздегі реформаларды табысты іске асырудың басты себебі болып отыр. Инвестициялар кез  – келген ұлттық экономиканың маңызды  да қажетті қоры болып саналады.

  Дүние  жүзінің экономикасын туралатқан  жаһандық дағдарыс дауылы әлі басыла қойған жоқ. Алайда ол өзінің алғашқы алапат қуатынан айырылды. Біз тастүйін  дайын болғандықтан, оның салдары біздің еліміз үшін соншалықты ауырға соққан жоқ. Әлемдік ғалымдардың зерттеулері бойынша  қай ел ең бірінші болып дағдарыстан шығады деген сұраққа сыншылардың жауабы болып  Қазақстан мен Ресей елдері қабылданды. Сонымен қатар, олардың пайымдаулары бойынша бұл екі ел нарығына деген  инвесторлардың қызығушылығы  мол және әлемдік дағдарыс аяқтала бере инвесторлар бұл екі елге қайтып келетіні сөзсіз.

Дегенмен  де,  шетел инвесторлары  біздің елге толықтай   ат  басын бұра қойған жоқ. Оларды  біздің кең байтақ  жерімізге жайылған жер асты байлығымыз қызықтыратыны  даусыз, бірақ   біздің тарапымыздан қойылатын аз ғана талаптар    оларға тиімсіз  болып көрінеді.

Шетелдік  инвесторлардың кезекті кеңесіндегі  Елбасымыздың сөзі мынадай болатын: «Он тоғыз жыл ішінде  мемлекетіміздің  экономикасы дамып, аяғына нық тұрды  және бәсекеге қабілеттілігі артты. Отандық компанияларымыз шетелдік  инвесторлардың қажеттілігінің маңызды  бөлігімен қамтамасыз ете алатын жағдайға жетті. Қазақстандық үлес 10–15% аспай отыр. Әрине, бұл  цифрлар  отандық  өнім өндірушілердің қызығушылығын  тудырмасы анық. Бразилияның, Малайзияның, Норвегияның, Ұлыбританияның   жергілікті үлесі орта есеппен 50 - 80% - ды, Германияда  - 90%,  АҚШ – 77%  Нигерияның  өзінде де  - 30% құрайды.»  

 Ал инвесторлардың бұл талаптармен  келісе қоймайтыны анық. Өйткені,  олардың айтуынша, бұл жобаларды  іске асыру үшін  жергілікті  бизнесте қаржылық, технологиялық   және жұмысшылар ресурсының аздығынан  болып отыр. Және де арзан электр  энергиясының, білімді жұмысшылардың  аздығы, транспорт жолына көп  шығын жұмсалуы, пайыздық мөлшерлемесі  аз несие алу мүмкіндігінің жоқтығы, отандық нарықтағы бәсекеге қабілетті компаниялардың аздығы және т.б. кемшіліктер  инвесторлардың себептері болып отыр.

Бұндай  кемшіліктердің қазіргі уақытта  әлі де  кездесуі  біздің елімізге тартылатын инвесторлардың қызығушылығын  бәсеңдетеді. Бұл инвестициялық  жобаның тиімділігіне, яғни елімізге әкелетін  әлеуметтік, экономикалық, ғылыми, технологиялық салалардың өркендеуіне  және тағы да басқа орасан зор пайдаға  көз жұма қарау деп білем. Бұл  дегеніміз, әрбір инвестициялық  жобаның тиімділігін  дұрыс бағалай  алмағанымыз, яғни  біз инвестициялық  жобаның елімізге әкелетін пайдасының көлемін түсінер болсақ,  оған кері әсер ететін кемшіліктерді жоюға  тырысар  едік. Әдетте инвестициялық  жобалардың тиімділігін  бағалауда, капитал құнын белгілеп немесе инвесторға ғана тиімді қаржылық жағдайын қарастырады. Ал, инвестициялық жобаның аймаққа  қалай ықпал етіп, халықтың әлеуметтік жағдайына қалай әсер ететіні  ескерілмей қалады.

Кез келген нарық өзінің дамуында 4 негізгі  кезеңді бастан өткізеді: пайда болу, қалыптасу, жетілу және тұрақтану (бәсеңдеу). Нарыққа соңғы екі кезеңде  ену инвесторларда қызығушылық  тудырмайды.  Сондықтан да қызық  көрінгенімен дамыған елдер нарығы даму кезеңін бастан өткізіп отырған  Қазақстан нарығы секілді емес, олар капитал салу үшін қызығушылық тудырмайды.

Қазақстан – Каспий аумағындағы инвестицияға тартымды ең үлкен динамикамен өсіп келе жатқан мемлекет. Қазақстанның нарығы ЖІӨ тұрақты өсуімен, шетелдік инвестициялардың молдығымен және саяси тұрақтылығымен ерекшеленеді, яғни жылжымайтын мүлік  нарығындағы коммерциялық сегментін  жетілдіруге керемет мүмкіндік  береді.

Нарық эксперттерінің пікірінше, Қазақстанда бүгінгі  таңда бар сауда алаңдары жеткіліксіз, яғни бұл сектор Ресейдің сауда алаңдарымен  салыстырғанда әлдеқайда дамымаған  және өсуге үлкен потенциал бар  сегмент.

Коммерциялық  нарықта кенжелеп қалған сегмент  – қоймалар. Қоймалар нарығының  да экономикамыздың маңызды бір  бөлшегі деп қабылдап, бұл нарыққа  өзінше көңіл аудару қажет болып  тұр. Қоймалардың талаптарға сай  салынуы, олардың көптігі тауарайналымды жақсартатыны сөзсіз. Тауарайналымның  жақсаруы ЖІӨ өсуіне, яғни халықтың әлеуметтік жағдайының жақсаруына жол  ашады. Сол себепті, осы дипломдық  жұмыстың өзектілігі инвестициялық  жобалардың аймаққа әлеуметтік әсерін бағалау.

Дипломдық жұмыстың мақсаты Қазақстанның коммерциялық жылжымайтын мүлік нарығына инвестиция салу тиімді екенін көрсету.

  Бұл  мақсатқа жету үшін мынадай  міндеттер қойылды: 

- инвестиция және оның экономикалық мағынасы жайлы  жалпы түсінік алу;

- коммерциялық жылжымайтын мүлік нарығына талдау;

- инвестициялық бағдарламаның аймаққа әлеуметтік әсерін анықтау;

- әлеуметтік-экономикалық процесстерді анықтау.

Зерттеу аймағы Қазақстанның коммерциялық жылжымайтын  мүлік нарығы болып табылады (Eurasia Redкомпаниясының мәліметтері, DTZ зерттеу орталығының мәліметтері, «Курсив» газетіндегі басылымдар мен ҚР Статистикалық Агенттігінің мәліметтері).

Теоретикалық  және методологиялық негізі еліміздің  нарық экперттерінің пікірлері  мен тұжырымдары және статистикалық  көрсеткіштер негізінде жасалған талдаулар  мен болжамдар.

Теоретикалық  және тәжірибелік маңыздылығы сол, жұмыстың нәтижелерін еліміздің  инвесторлары, жеке кәсіпкерлер, тәуелсіз бағалаушылар және барша оқырман  қауымы қолдана алады.

Құрылымы  мен көлемі. Дипломдық жұмыс компьютермен терілген _____ беттен тұрады. Құрамында 7 кестелер, 11 суреттер және 8 пайдаланылған әдебиеттер тізімі бар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 Инвестиция және инвестициялық жоба теориясы мен методологиясы

 

1.1 Инвестицияның мәні мен экономикалық мағынасы

 

 

Инвестиция - Қазақстан экономикасының нарықтық экономикаға өтуі кезінде пайда болған жаңа термин. Орталықтандырылған жоспарлау жүйесінің шеңберінде «жалпы капиталдық салынымдар» деген түсінік қолданылатын, осы түсінік бойынша жаңа құрылыс пен қайта өңдеуге, шаруашылық жүргізіп отырған кәсіпорындарының кеңеюі мен техникалық қайта қамтамасыздандырылуына (өндірістік капиталдық салымдар), тұрғын үй мен тұрмыстық - мәдени құрылысқа (өндірістік емес капиталдық салынымдар) жұмсалатын барлық қаржылық құралдар түсіндірілетін.

Инвестициялар ақша құралдары, мақсатты банкілік салымдар, пайлар, акциялар және де басқа құнды қағаздар, технологиялар, машиналар, қондырғылар, лицензиялар, соның ішінде тауар белгісіне, пайда табу мақсатында кәсіпкерлік қызмет объектісіне салынатын интеллектуалды бағалықтар, несиелер, кез келген мүлік немесе мүліктік құқықтар ретінде анықталады және осының бәрі - пайда табу мен әлеуметтік жақсы әсерлерге жету мақсатында.

 «Инвестиция» термині латын тілінен - «жұмылдыру» сөзінен алынған. Бұл термин ғылыми және публицистикалық әдебиеттерде кеңінен қолданылады. Ғылыми әдебиеттерде инвестицияны анықтаудың әр түрлі тәсілдері бар. Пол Самуэльсон инвестицияландыру туралы былай жазады: «Біз қоғамның нақты капиталының таза өсімін білдіретін нәрселерді (ғимараттар, қондырғылар өндіріс-материалдық запастар және т.б.) «Таза инвестицияландыру» немесе капитал қалыптасуы деп атаймыз. Тұрғындар үшін жерді, қолданыста жүрген құнды қағаздарды немесе меншіктің кез келген түрін сатып алу инвестицияландыру болып табылады. Экономистер үшін бұл тек таза трансферттік операциялар. Яғни біреуі инвестицияландырса, басқа біреуі дезинвестицияландырады. Таза инвестицияландыру тек жаңа нақты капитал қалыптасқан кезде ғана орын алады.

У. Шарп инвестицияны былайша анықтайды: «Нақты инвестицияларға әдетте қандай да бір материалдық-көрнекті активтер түріне инвестициялау кіреді, мысалы, жер, қондырғылар, зауыттар сияқты. Қаржылық инвестициялар қағазда жазылған келісім-шарттарды, мысалы, кәдімгі акциялар мен облигацияларды білдіреді. Қарапайым экономикаларда инвестициялардың негізгі бөлігі нақтыға жатқызылса, қазіргі дәуірдің экономикасында инвестициялардың үлкен бөлігі қаржылық инвестициялар болып табылады. Қаржылық инвестицияландыру институттарының жоғары дамуы нақты инвестицияның өсуіне едәуір дәрежеде ықпал етеді. Әдетте, бұл екі форма бәсекелес емес, бір-бірін толықтырушы болып табылады. В.Бочаров инвестицияны табыстың тұтынуға жұмсала алмайтын бөлігі деп түсінеді. Инвестициялық ресурстар инвестициялық іскерліктің капиталдық құнның табыс немесе әлеуметтік әсер түріндегі өсімі алынатын нақты объектілеріне трансформацияланады.

Экономикалық және қаржылық тұрғыдан инвестицияландыру экономикалық ресурстарды болашақта таза пайдаға жету және бұл пайданы бастапқы салынған капиталдан асырып түсіру мақсатымен ұзақ мерзімді капиталдық салым ретінде  анықталады. Капиталдық салым процесінің жалпы анықтамасы: инвестицияландыру дегеніміз бүгінгі қажеттіліктерін қанағаттандыруды оны келешекте инвестициялық игіліктердің көмегімен қанағаттандыру үмітіне айырбастауды білдіреді.

Инвестиция - бұл ақшаны, оның сақталуына немесе құнының артуына және табыстың оң шамасын қамтамасыз етуге үміт арта отырып, орналастыруға болатын кез келген құрал. Бос ақша құралдары инвестиция болып табылмайды, себебі қолма-қол ақшаның құнын инфляция жеп қоюы мүмкін және ол ешқандай да табыс әкелмейді. Капиталды орналастырудың түрлі факторлармен айрықшаланатын әр түрлі нысандары бар: құнды қағаздар мен жылжымайтын мүлікке; қарыздық міндеттемелерге; опциондар мен акцияларға; шағын немесе үлкен тәуекелмен; қысқа немесе ұзақ мерзімге; тікелей және жанама.

Инвестициялардың экономикалық табиғатын оны жіктеу толығырақ түсіндіреді. Инвестицияның жіктелуі келесідей орындалады:

  • инвестициялардың түрлері;
  • ақша құралдарын салу объектілері;
  • инвестицияландыруға қатысу сипаты;
  • инвестицияландыру кезеңі;
  • меншік түрлері;
  • инвестордың қатысу түрлері;
  • тәуекел дәрежесі;

-    ұдайы өндіріс түрлері.

1) Инвестициялардың түрлерін былайша топтайды:

-  ақша құралдары, салымдар, пайлар, акциялар және басқа да құнды қағаздар;

  -   жылжымайтын және жылжымалы мүлік;

  - авторлық құқықпен, тәжірибемен және басқа да интеллектуалды құндылықтармен байланысты мүліктік құқықтар;

  -  жерді, суды, ресурстарды, үйлерді пайдалану құқығы және басқа да мүліктік құқықтар;

  - қандай да бір өндірісті (бірақ патенттелген «ноу-хау» емес) ұйымдастыруға қажетті техникалық құжат, дағды, өндірістік тәжірибе ретінде рәсімделген техникалық, технологиялық, коммерциялық сауаттылық.

2) Қаражаттардың салыну объектілері бойынша инвестициялар былайша бөлінеді:

- нақты инвестициялар немесе қаражаттың материалды активтерге салынуы, яғни нақты инвестициялар кәсіпорынның негізгі және айналым капиталын қалыптастыратын материалды және материалды емес активтерге салынатын салым. Материалды активтер - ғимараттарға, станоктарга, қосымша материалдық бұйымдарға, дайын өнімдерге айналдырылған құралдар;

- материалды емес активтер - лицензиялардың, патенттердің, тауар белгісінің құны, жарнамаға және кадрларды дайындауға кеткен шығындар;

- қаржылық инвестициялар немесе түрлі қаржылық құралдарға ақша қаражатының салынуы - депозиттер, құнды қағаздар, банктық салынымдар.

3) Инвестициялық процестерге қатысу сипаты бойынша инвестициялар келесі түрлерге бөлінеді:

- тікелей инвестициялар, мұндай инвестицияландыру және ақша қаражатын салу объектісін таңдауда инвестордың тікелей қатысуы қажет етіледі. Сонымен қатар инвестор инвестициялық циклдердің барлық кезеңдеріне тартылады, оның ішінде алдын ала жүретін инвестициялық зерттеулерге, инвестицияландыру объектілерін жобалау мен тұрғызуға, дайын өнім өндірісіне;

- жанама, бұл ақша құралдарын өз қалауынша, неғұрлым тиімді орналастыратын және аккумуляцияландыратын түрлі қаржылық делдалдар арқылы (инвестициялық қорлар және компаниялар) жүзеге асады. Мұндай делдалдар инвестицияландыру объектілерін басқаруға қатысады, ала алатын табыстарын клиенттері арасында бөледі. Тұтас басқарылатын құнды қағаздарға салынатын салынымдарды портфельдік деп те атайды.

4) Инвестицияландырудың кезеңдері бойынша инвестицияларды мына түрлерге бөледі:

- қысқа мерзімді, ұзақтылығы бір жылдан аспайды (қысқа мерзімді депозиттік салымдар, жинақ сертификаттар);

- ұзақ мерзімді, бұның ұзақтылығы бір жылдан көп.

5) Меншік түрлері бойынша инвестициялар мыналарға бөлінеді:

- азаматтардың, мемлекеттік емес меншік нысанындағы кәсіпорындардың, үкіметтік емес ұйымдардың жеке ақша қаражаттары;

- мемлекеттік, ол түрлі деңгейдегі кәсіпорындар мен мекемелердің бюджет көздерінен қаржыландырылады.

6) Инвестордьң қатысу түріне байланысты:

- қайта құрылып жатқан кәсіпорындарға жартылай қатысу немесе шаруашылық жүргізіп отырған кәсіпорындардың бір бөлігін иелену (шектеулі меншік қоғамына үлестік қатынас);

- инвестор толық иеленетін кәсіпорындарды құру немесе шаруашылық жүргізіп жатқан кәсіпорындарды өз меншігіне алу;

- жылжымалы немесе жылжымайтын мүлікті акция, облигациялар арқылы немесе басқа да құнды қағаздар түрінде алу;

- табиғат ресурстарын пайдалануға, жерді пайдалану құқығына, басқа да мүліктік құқықтарға концессия алу.

Тәуекел дәрежесі бойынша инвестициялар келесі түрлерге бөлінеді:

- тәуекелсіз инвестициялар. Мысалы, бірқатар мемлекеттерде қысқа мерзімді мемлекеттік облигацияларға салымдар салу қауіпсіз деп саналады, ал олар бойынша алынған табыс қауіпсіз қойылымды анықтайды, бұл қауіпсіз қойылым инвестициялық тәуекел нүктесін анықтау ретіндегі салымдарды бағалау ретінде қолданылады;

- тәуекелді инвестициялар. Инвестициялармен байланысты тәуекел немесе белгісіздік дәрежесі, мысалы, уақыт, салыным объектісі сияқты факторларға тәуелді. Инвестицияландыру аяқталғаннан кейінгі кәсіпорынның жұмыс істеу нәтижесінің өзгеруі инвестицияландырудың мерзіміне және жобаның масштабы мен оның мақсаттарына тәуелді, сондықтан қауіптіліктің дәрежесі нарықтың мүмкін болатын әрекетін шеше   алмау болып табылады (жаңа өнім түрін құру, өндіріс шығындарын төмендету, сату көлемін кеңейту, мемлекеттік тапсырыстарды орындау және т.б.). Дәрежені бағалау критерийлері мыналар болуы мүмкін:

  • барлық пайда сомасын жоғалту мүмкіндігі. Тәуекелдің орын алуы мүмкін;
  • жоба іске асқаннан кейін пайданы ғана емес, жалпы есептемелік табысты жоғалту мүмкіндігі. Тәуекел дағдарысты болып табылады;
  • барлық активтерді жоғалту мүмкіндігі және инвестордың банкротқа ұшырауы немесе апаттық тәуекел.

8)      Ұдайы өндіріс инвестицияның келесі түрлерінің бірінде жүзеге асуы мүмкін:

- жаңа алаңдарда және бастапқыда бекітілген жоба бойынша іске асып жатқан жаңа құрылыстар немесе кәсіпорындардың, ғимараттардың салынуы;

- шаруашылық жүргізіп отырған кәсіпорындардың кеңеюі - өндіріс қуаттылығын арттыру мақсатымен шаруашылық жүргізіп отырған кәсіпорындардың екінші және келесі кезектерін, қосымша өндіріс кешендерін және өндірістерді, жаңа кәсіпорындарды салу немесе қызмет етіп жүрген кәсіпорындарды кеңейту;

- шаруашылық жүргізіп отырған кәсіпорынды қайта құру - моральды ескірген және физикалық жағынан тозған қондырғыларды ауыстыру арқылы жаңа өнімнің шығарылу профилін өзгерту мақсатымен өндірісті толық немесе жартылай қайта жабдықтауды ортақ жоба бойынша жүзеге асыру;

- техникалық қайта қамтамасыздандыру - жекелеген цехтардың, өндірістердің, учаскелердің өндірісінің техникалық-экономикалық деңгейлерін арттыруға бағытталған шара кешендерін жүргізу.

Қазақстандағы бағалы қағаздардың инвестициялық портфелін бағалаудың нарықтық экономикадағы жағдайын жетілдіру