Кылмыс істерін тергеу
2
М А З М Ұ Н Ы
КІРІСПЕ.......................
1-тарау. Қылмыстық істі бастапқы тергеу
1.1. Оқиға жерін қарастыру……………………………………………..……
1.2. Оқиға болған жердің түсінігі………………………………………..………..
1.3. Оқиға болған жерде криминалистикалық зерттеудің түсінігі………….….17
2-тарау Қылмыстық істі бастапқы тергеудегі сезікті түсінігі
және жауап алу
2.1. Бастапқы тергеу ұғымы, сезікті түсінігі және сезіктіден жауап алу…….…19
2.2. Бастапқы тергеудегі сезікті түсінігі және оның құқықтары………22
2.3. Қылмыстық істегі бастапқы тергеуде сезіктіден, айыпталушыдан жауап алу……………………………………………………….……………
3- тарау. Кылмыстық іс жүргізу сатыларының жалпы сипаттамасы
3.1. Қылмыстық іс жүргізу сатыларының түсінігі......................
3.2. Қылмыстық іс жүргізу сатыларының түрлері және олардың мақсаттары ……………………………….......……………………………
4- Тарау. Қылмыстық іс қозғау және алдын-ала тергеу жүргізу сатысы
4.1. Қылмыстық іс қозғау және оның негіздері.....................
4.2. Алдын-ала тергеу жүргізу тәртібі және оны жүргізу барысындағы
алдын-ала тергеу амалдары.................……………
5- Тарау. Бірінші сатыдағы сотта, аппеляциялық және қадағалау
сатысындағы іс жүргізу.
5.1. Бірінші сатыдағы сотта іс жүргізу тәртібі және сот тергеуі………………...45
5.2. Аппеляциялық сатыдағы іс жүргізу.......................
5.3. Қадағалау сатысындағы іс жүргізу.......................
ҚОРЫТЫНДЫ.....................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................
К І Р І С П Е
Соңғы жылдардағы әлеуметтік-саяси және экономикалық өзгерістер заңдарды батыл түрде өзгерту қажеттігін туғызды. Ұлттық құқықты қалыптастыру жағдайында социалистік түсініктегі категориялар мен институттардың және олардың осы заманға лайық мазмұнмен толығуының арасындағы қарама-қайшылық анық көзге түсе бастады.
Қазақстан Республикасы өз егемдігін алып, егеменді, тәуелсіз мемлекет болғанан кейін әлеуметтік - саяси және экономикалық заңдарды өзгерту қажеттігі туындайды. 1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасы Конституциясында Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, әлеуметтік зайырлы жөне құқықтық мемлекет қүру жолына түскенін мәлімдеді.
Сондықтан бұрынғы Кеңестер Одағының қылмыстың іс жүргізу заңын толық түрде қабылдау мүмкін емес еді, және бүл біздің мемлекет бағыт алған қүқықтық саясатқа да сай келмейтін еді. Сондықтан қылмыстық іс жүргізу заңында қажетті реформалар, яғни өзгертулер қабылдауы қажеттігі туындады. Осы себептерге байланысты 1997 жылы 13 желтоксанда Қазақстан Республикасының қылмыстық іс-жүргізу кодексі қабылдап, ол 1998 жылғы 01 ңаңтардан бастап өз күшіне енгізілді.
Қылмыстық іс-жүргізу құқығын жаңа кезенге сай дамыту және қалыптастыру біраз уақытты талап етеді және Қазаңстан Республикасы Конституциясында көрсетілген Конституциялық қүқықтарды сақтау белгілі бір талаптар жүйесін қалыптастыруды ңажет етеді: Мұндай талаптарға мына төмендегілер жатқызуға болады:
1/ Қылмыстық іс жүргізу заңдарын Конституцияға сәйкес пайымдау және творчествовалық сипатта дамыту.
2/ Қазақстан Республикасында адам ңүқығын барынша сақтауды жүзеге асыру, қылмыстық іс - жүргізу заңдарына сәикес заңдылықты сақтай отырып, ол қүқыңтарды қорғалуын қамтамассыз ету.
3/ Қылмыстық іс-жүргізудегі жеке, жеке
жариялы, жариялы айыптау институттарын дамыта отырып, олардың қаралу мерзімдерін бұзуға жол бермеу және прокуратура органдарының қадағалау функциясын жүзеген асыруына ықпал ету.
4/ Қылмыстық іс жүргізу қүқығы саласында, басқа қүқық салаларымен қатар демократизм, ңінәсіздік презумпциясы, азаматтардың заң алдындағы теңдігі және тағы да басқа принциптерді өз деңгейінде дамыту.
5/ Жіберілген қателіктерді болашақта қайталамау және болдырмау мақсатында оларға зерттеу жүргізіп, оларды қолдану тәжірибелерін кең көлемінде іс насихаттап, жинақталған тәжірибелер арқылы қылмыстық іс жүргізу заңдарын бұзуға жол бермеуді іске асыру.
Дипломдық жұмыста қарастырылып отырған «Қылмыстық істегі бастапқы тергеуде» тақырыбы қылмыстық іс жүргізу саласындағы өзекті мәселелердін бірі болып табылады.
Құқықты реформалау қажеттігі кенеттен және ҚСРО-ның ыдырауына байланысты пайда бола қалған жоқ. 80-ші жылдардың алдында теоретиктер де, практиктер де 1959-1961 жылдарда қабылданған заңдар құқықтығы осы заманғы тенденцияларды объективті түрде бейнелей алмады, ең жоғарғы байлық ретінде адамның, қалыптасып келе жатқан қатынастар жүйесіндегі оның орнын, мемлекеттің рөлін және адам мен мемлекеттің өзара қатынасының сипатын белгілейтін, құқықтық мемлекеттегі басым бағыттарын белгілейтін әлемдік үлгілерге жауап бермейді деген ойға келді.
Бұрын қолданылып жүрген заңдарға енгізілген толып жатқан толықтырулар мен өзгертулер қарама-қайшылық өткірлігін белгілі бір деңгейде жамап-жасырғанымен социалистік түсініктегі құқықтың бағыты мен мазмұнының негіздеріне оған ықпал еткен жоқ.
Қылмыстық іс жүргізу құқығының сол күйі туралы айта келіп, профессор В.М.Савицкий: «Қылмыстық іс жүргізу кодексін жамап-жасқан одан әрі жетілдіру енді тиімді бола алмады. Жаңа қылмыстық іс жүргізу заңын жасайтын уақыт келді, онда ҚСРОдағы мен одақтас республикалардың құқықтық шығырмашылық пен құқық қолдану тәжірибесіндегі барлық бағалы құндылықтар ескерілуі, заңдардың аралас салаларындағы жетістіктер пайдаланылуы, шетел мемлекеттердің іс жүргізу институттары біздің болмысымызға орай түзертіліп пайымдалуы және жүзеге асырылуы тиіс» деп жазған.
ҚСРО-ның ыдырауы теоретиктердің қорытындыларын расқа шығарады, өйткені ол біпқатар жанама түрдегі факторлармен қатар негізінен заңдылықтың сақталуына нақты кепілдіктер жоқ ережелерге құрылған құқық саясатының жарамсыздығын әйгілеп берді.
Сонымен, қылмыстық іс жүргізу құқығының жалғасып отырған қалыптасу процессі объективті түрде себепші болатын мынадай құбылыстармен қатар жүріп отырады:
социалистік ұғымдағы құқықтан бас тарту;
жалпы адамзаттың жетістік болып табылатын құқық институттарын сақтау;
құқықтық мемлекет құрылысының міндеттеріне жауап беретін жаңа құқықтық институттарды құру мен қабылдау.
Құқықтық мемлекетті қалыптастыру процесінің жалпы жүйесінде өтпелі кезең ретінде түсіндірілетін қазіргі уақыт құқық қызметінің кез келген саласында көрініс тауып отырған серпінмен сипатталады. Осы серпінді процестердің бәрі де өзара байланыста бола отырып, нормаларды қалыптастыру процесіне ықпал етеді.
Біздің көзқарасымыз бойынша экономиканы қайта құрылымдау, басты институттарын қайта құру (бұрын қолданылып жүрген құрылымдардағы бағыныштылық сипатты өзгертудің өзі заңдарды жақсартуды таоап ететін қосымша жағдайлар туғызады); заңдардың тұрақтылығына ықпал ететін жаңа құрылымдарды құру (мәселең, қаржы полициясын құру, анықтау органдарына жататын субъектілер тізбегәндегі өзгерістерге объективтік түрде әкеліп соқты).
Кылмыстық іс жүргізу бірнеше бір-бірімен байланысты сатыландан құралған. Бұл сатылардың өз мақсаттары мен міндеттері бар. Біз жұмысымызда, қылмыстық іс жүргізудің әр сатысына түсініктеме және мінездеме беруге, қылмыстық іс жүргізудің әр сатысында өткізілетін шаралардың түрін, тәртібін анықтауға арнаймыз.
1-тарау. Қылмыстық істі бастапқы тергеу
1.1. Оқиға жерін қарастыру
Оқиға жерін қарастыру дегеніміз – оқиға жеріндегі жағдайды анықтау,
кабылдау, зерттеу және бекітуден, материалды объект қасиетінен және белгілерінен тұратын тергеудің жедел әрекеттері. Оның мақсаты – болған жағдайдың сипатын, қылмыскер тұлғасын, қылмыс себебін және қылмысты шешу барысында қарастыруды қажет ететін басқа жағдайларды анықтау.
Оқиға жерін қарастыру, әдетте тергеудің басқа әрекеттерімен, сонымен қатар жедел және ұйымдастырушылық шараларымен үйлеседі, онымен параллельді немесе ол аяқталғаннан кейін тез арада жүзеге асырылады.
Ол әрекеттер мен шаралардың қатарына жатқызуға болады:
полиция қызметкерлеріне тапсырма және нұсқау беруді;
алкогольді улану жағдайын, денсаулық жағдайын анықтау үшін
азаматтарды медициналық мекемелерге жолдауды;
қылмысты ашу және қылмыскерді тұтқындау үшін көпшілікті
араластыруды;
«ізін суытпай» қылмыскерлерді іздеуді;
криминалдық тіркеуді қолдану және жүргізу шегінде зерттеу
жүргізуді;
мәйітті медициналық зерттеуге жіберуді;
тергеу эксперименттерін жүргізуді;
куәләндіруді;
тінту және алу жүргізуді;
куәларды, жәбірленушіні, күдіктілерді және айыптыларды
сұрастыруды;
Әділет Министрлігінің Сот сараптау орталығында әртүрлі
сараптауларды тағайындау мен жүргізуді;
Оқиға жерін қарастырудың негізгі принциптеріне жатады: заңдылығы, дер кездегі, толықтығы, жоспарлығы, объективтілігі.
Заңдылығы, қарастырылатын әрекет қылмыстық процестік кодекстің негізінде және соған сәйкес жүргізілуді талап етеді.
Дер кездігін, тергеуші және қараудың басқа қатысушылары оқиға болған жерге кейінге қалдырмай шыққанда қарастырғанды жүзеге асырады. Тек осы жағдайда ғана заттай дәлелдердің жойылуына жол бермей, іздердің және заттардың максимальді санын айқындап, зерттеп және бекітуге болады.
Оқиға жерін толық қарастыру дегеніміз тергеу қылмысына қатысты, оқиға болған жердегі барлық іздер мен заттардың айқындалуы, зерттелуі және қарау протоколында және хаттамасында бекітілуі.
Қараудың жоспарлығы дегеніміз оқиға жеріндегі тергеушінің танымдық әрекеттерінің ретін дұрыс анықтау.
Оқиға жерін қараудың объективтілігі дегеніміз тергеуші анықтаған болжамға сай немесе сай болмауына байланыссыз іздер мен заттарды зерттеу.
Оқиға болған жерді қарастыруды ұйымдастыру.
Оқиға болған жерді қарастыру үшін шығуға дайындықты қамтамасыз ету.
Оқиға болған жерді қарастырудың іс шалалыған және оны жүргізудің нәтижелігінін қамтамасыз ету үшін, кезекшілікке түсетін тергеушіге қажет:
1. аудандығы (қала, облыстаға) тергеушелердің, полицияның шұғыл
қызметкерлерінің экспрерт-криминалистердің, сот-медицина эксперттерінің кезекшілігін ұйымдастыру жүйесімен танысу;
2. Ішкі істер органдардың аудандық бөлімінде немесе қаланың
(облыс) сәйкес кезекші бөліміндегі шұғыл қызметкерлердің қайсысымен оқиға болған жерді қарастыру үшін шығу керектігін, осы әрекетті жүргізу үшін олардың дайындығын айқындау қажет;
3. Қарау кезінде қажет болатын әртүрлі мамандар тізімін
(кезекшілік жүргізіп жатқан жерде), олардың мекен-жайын және телефон нөмірін, сонымен қатар аймақтың картысын (қала жоспарын)тексеру қажет.
4. Алыс жерлерге шыққанда және түңгі уақытта қарау
кезінде айғақтаушы ретінде кімді шақыруға болатындығын алдын-ала анықтау шұғыл қызметкерлерге тапсырылады;
5. Оқиға болған жерді қарастыру кезінде қолданылатын негізгі
ғылыми-техникалық заттардың жағдайын тексеру керек;
а) тергеу портфелінің (чемоданының) жинақталуын;
б) тергеу портфеліндегі химиялық реактивтердің және оған қосымша арнайы жиынтықтын жағдайын (қол іздерін анықтау үшін арналған ұнтақтар мен гипстің құрғақтығы, оқталған йод түтігі);
в) фото – видео – кинотехниканың бүтіндігін және кешенділігін;
г) жарықтандырғыштардың болуы және бүтіндігін;
д) табылған заттарды, іздерді, басқа да заттай дәлелдеулерді орап-буу үшін арналған заттардың болуын (полиэтиленті қаптар және сүлгілер, тығыз қағаз, шпагат, қақпағы бар шыны банкалар, арнайы заттар).
6. Лас жағдайларда жұмыс жүргізу үшін арнайы киімнің
(кезекшілік жүргізіліп жатқан жерде) болуы (комбинезон; плащ, жеңге киетін, резеңке етік, клеенкалы алжапқыш, резеңке қолғаптар).
Оқиға болған жерге шығу үшін арналған көліктің болуы және оның дайындығын тексеру, арнайы жылжымалы криминалистикалық лабораторияны шақыру мүмкіндігін анықтау.
Шығуды қажет ететін оқиға туралы ақпаратты қабылдағаннан кейін, тергеушінің міндеті:
1. Хабарлаған адамнан білу керек: не болғанын, оқиға болған жерде
полиция қызметкерінің қайсысы бар екенін,орналасқан жерін, тергеушінің тез арада келуі қажет па екенін;
2. Оқиға болған жерді қорғау бойынша шаралар қолданды ма екенін
анықтау, болмаса оқиға болған жердегі немесе аудандағы міндетті тұлғаларға қорғауды ұйымдастыру бойынша нұсқау беру;
3. Қарауға қатысу үшін қажетті шұғыл қызметкерлерді, сонымен
қатар басқа мамандарды (сот медицинасы жағынан маман, ІІМ шұғыл-криминалистика бөлімшесінің қызметкерлері) шақыру.
4. Егер оқиға жері тұрғыны аз ауылда орналасса немесе шығу
қажеттілігі түнгі уақытта болса (соған байланысты айқындаушыларды табу қиын) айқындауышыларға қойылатын талаптарға сәйкес айқындаушыны тергеушінің кезекшілік орнына жақын тұратын жерден табу керек.
5. Тергеу бөлімінің бастығына оқиға болған жерді қарастыратыны
туралы хабарлап, қылмыстық іс қозған жағдайда оны кім қабылдайтыны туралы мүмкіндігінше анықтау қажет.
6. Оқиға болған жерге шығу барысында міндетті түрде тергеу
портфелін (чемодан) және фотокомплект алу керек.
Тергеуші оқиға болған жерге келгендегі әрекеті:
1. Оқиға жеріне келген уақыты тіркеу;
2. Жәбірленушіге көмек көрсету үшін шаралар қолдану
3. Соңғы оқиғаларды жою бойынша жедел шараларды қабылдауға
қатысу (өрт сөндіру, құнды мүлікті сақтау);
4. Оқиға жері күзетімтінін тексеру. Қажет болса күзетті ұйымдастыру,
оның жүзеге асырылуы бойынша қосымша нұсқауларды күту;
5. Оқиға жерінен барлық бөтен адамдарды шектеу;
6. Тергеушімен бірге келмеген болса айғақтаушыны шақырту, оның
анықтаушыға койылатын талаптарға сай екендігін тексеру;
7. Қажет жағдайда оқиға жеріне қарастыру барысында алынған
мәліметтерді таратуға болмайтыныдығы туралы айғақтаушыға ескерту керек;
8. Оқиға жеріндегі полиция қызметкерлерінің мәліметіне және анық
көргендердің (жеке-жеке)айтуына негіздеге отырып оқиға туралы және оған қатысқан тұлғалар туралы қысқаша мәлімет алу керек;
Анық көргендерді жеке-жеке сұрастырғанда диктофон қолдануға болады.
Оқиға жерін қарастырудың алдында айғақтаушылардың қатысуын қамтамасыз ету керек.
Айғақтаушы ретінде шақыртуға болмайды:
1. Кәмелет жасына толмағандарды;
2. Заң қорғаушы ұйымдарының қызметкерлерін және тергеушінің қоғамдық көмекшілерін;
3. Табиғи кемшілігі бар адамдарды, яғни айғақтаушы міндетін
атқаруға кедергі болса (көруі, естуі нашар);
4. Психикалық сапасы бойынша жарамсыздарда (эмоциональді турақсыз);
5. Сауаты аз адамдарды;
6. Айыбын өтеушілерді (мысалы, бұзақылық, алып-сатарлық);
7. Берілген аймақта турақты турмайтындарды (қажет болған жағдайда сотқа шақыру қиындайды).
Қарау кезінде айғақтаушылар әркезде тергеушінің қасында болу керек және тергеу әрекеті кезінде анықталғашының барлығын зерттеу керек.
Қажет болса, айғақтаушылар оқиға жерін қарау барысында анықталған мәліметтерді таратпауына міндетті ететін қолхатпен алдын ала танысып қол қояды. Осы кезде мәліметтерді таратқаны үшін 355 УК РК бойынша қылмыстық жауапкершілік туралы ескертіледі.
Қарау барысында маман:
1. Өз білімін және тәжірибесін қолдана отырып дәлелдерді табу,
тіркеу және айғақтау үшін тергеушіге көмектеседі.
2. Дәлелдерді анықтаумен, табумен және тіркеумен байланысты жағдайларға тергеушінің нащарын әрекетін түсіндіреді.
Жоғарыда аталған дайындық шараларын жүзеге асырғаннан кейін тергеуші оқиға жерін жалпы қарайды, оның мақсаты:
1. Қаралатын территорияның шекараларын анықтау;
2. Қараудың басты нүктесі туралы сұрақты шешу;
3. Оқиға жағдайын зерттеудің ретті әдісін анықтау;
4. Оқиға жерін қарауға қатысатын шұғыл қызметкерлердің санын өсіру қажеттілігін анықтауң (олардын келуі үшін шаралар қолдану);
5. Үлкен территорияны зерттеу туралы сұрақты шешу және қажет болса қоғам өкілдерін шақыру (жоғары оқу орны және техникумда оқиғандарды, жоғарғы сынып оқушыларын).
Оқиға жерін қарау барысында бағдарлаушы және шолушы съемка жасайды. Жалпы шолу процесі кезінде алынған мәліметтерге байланысты тағайындалады:
1.
территорияларын қарайтын жағдайда өкілдерді шақырту;
2.
тергеушімен бірге келмесе арнайы мамандарды шақыру үшін шаралар қолдану.
Заңға сәйкес, оқиға жеріндегі мәйіттің сыртқы қараулына сот медицинасы аймағындағы арнайы дәрігер маман қатысады, ал оның қатысуы мүмкін емес болса – міндетті түрде басқа дәрігер қатысуы қажет. Одан басқа әрдайым мына саладағы мамандар шақырылады:
а) Көлік, темір жол және әуе жол оқиғалары бойынша қарайтын
маман;
б) Техника қауіпсіздігі ережелерін бұзу қылмысын қарау бойынша
маман;
в) Көлік заттары, сындыру қаруы, аяқ іздерінің (аяқ киім) саны көп
болған оқиға жерін қарау маманы;
г) Киноға түсіру және видеозапись жасау, іздеу заттарын қолдану, заттай
дәлелдерге алдын-ала зерттеу жүргізу.
3.
сұрақтарды шешу қажет болса, кеңес және техникалық көмек көрсету үшін криминалистті шақыру;
4.
жеткізу үшін шаралар қолдану;
5.
шаралар қабылдау (қол хатты қайда және неде жазатыны, қарауға қатысатындардын жеке заттарын және анықталған объекттерді қайда орналастыратына, жеткілікті жарықтанумен қамтамасыз ету, қол жуу үшін арналған су және т.б.). Оқиға жерінде темекі тартуға жол бермеу. Темекі тартуға, қоқыстарға (қажет емес парақтар, қалдықтар) арналған орынды белгілеу.
6.
оны қолдану мүмкіндігін анықтау (бұл сұрақ қарау алдында шешіледі);
7.
Тергеушінің нұсқауы бойынша полиция қызметкерлері орындауға міндетті тапсырмалар
Тергеушінің тапсыруымен полиция қызметкерлері келесі әрекеттерді орындайды:
а) оқиға жерін күзету, бөтен адамдарды қатыстырмау;
б) жәбірленушіге көмек көрсету және оқиға салдарын жою;
в) «ізін суытпай» қылмыскерлерді аңду және тұтқындау, шектеу шараларын жүргізу;
г) қызметтік іздестіру итін қолдану;
д) азаматтармен әнгімелесу, көргендерді және басқа қуәларді оқиға туралы сұрастыру жолымен алғашқы ақпаратты алу;
е) тергеушіге қажетті мәліметтерді алу үшін қылмсыстық тіркеу берілгендерін қолдану;
ж) жасалған қылмыс және қылмыскерлердін белгілері туралы полицияның басқа бөлімшелеріне, қажет жағдайда Ұлттық қауіпсіздік комитетіне кеден бекеттеріне ақпарат беру;
з) жасырылған қылмыскерлерді іздестіру;
и) танымаған мәйіттін танылуы үшін шаралар қолдану;
к) оқиға жерін қарау кезінде тергеушіге басқұа көмек көрсету;
Оқиға жерін қарастыру барысында куәларды анықтау
Оқиға жеріндегі полицияның оперативті қызметкеріне тапсырылатын бастапқы маңызды әрекеттердің бірі – куәларды табу;
а) оқиға жеріндегі;
б) оқиға жерінен кеткен;
в) оқиға берілгендеріне байланысты куз бола алатын тулғалар;
Оқиға жерінің қаралатың шаралары
Оқиға жерінің қаралатын шекаралары алғашқұы кезде шолу барысында анықталады, кейінен оларды бекітеді және кеңейтеді. Шекараларын бекітіп, тергеуші жоспарға сай, маңызды заттарды және іздерді анықтау мақсатында барлық жерлерді және бөлмелерді зерттейді.
Оқиға жерінің қаралатын шекараларына жатады:
1. Зерттелініп жатқан жағдай болған немесе заттай дәлел сипатты бар
іздер мен заттарды анықтаумен байланысты жер.
2. Қылмыс жасаудың алдында қылмыскер болған аймақ немесе бөлме
(мысалы, құрбанын күткенде);
3. Қылмыскердің оқиға жеріне келу және кету жолдары;
4. Зерттелініп жатқан қылмысқа қатысы бар іздермен заттар бола алатын басқа бөлмелер мен аймақтар. (Мысалы, нәтижесінде жұмысшы қайтыс болған электрді қасқан басқару пульті)
Қаралған кезде тергеу жұмысы үшін мәні бар бірде-бір мекенді немесе бөлмені, бірде-бір затты немесе ізді көру алаңынан қалдырмау керек.
Оқиға жеріндегі объекттерді қарау кезеңі
Қарауды орталықтан бастайды, яғни тергеу жұмысы үшін мәні бар заттар мен іздердің ең көп саны жинақталған жер (мәйіт, бұзу жері және т.б.)
Қарауды шеттен бастайды егерде:
1.
немесе өлтіру әрекеті кезінде жәбірленушіні ауруғанаға жібергенде, оқиға жерінің әртүрлі орнында күрес, қан іздері, сынған мүлік және т.б. анықталады)
2.
орналасқан іздердің жойылу мүлкіндігі болса. (мысалы, дүкенді тонау кезінде орталық ретінде бүтіндікті бұзу орны, күзетшілердің іздері, орталықта орналасқан заттар сақталып, шеткеріде – дүкен айналасында орналасқан – аяқ іздері, көліктер, киімдер және т.б. заттай дәлелдер кез-келген уакытта жоғалуы мүмкін).
3.
орналасқан іздер жойылуы мүмкін болса (мысалы, мәйіт тар коридордын соңында жатса, ал коридор басының еденіндеәртүрлі іздер мен заттар болса)
Қарау кезінде тергеуші оқиға жеріне келгенге дейін өзгертілген жағдайларды ескеруі қажет.
Бұл өзгерістер мыналардың нәтижесінде пайда болуы мүмкін:
а) қылмыскер және басқа да қызығушылық танытқандар;
б) оқиға жерінде бола қалған тасқа түлғалар;
в) оқиға жеріне тергеушіден бұрын келген оперативті қызметкерлер (мысалы, полиция қызметкерлері, өрт сөндірушілер)
Өзгерістер сонымен қатар табиғи күштердің (жаңбыр, жел) немесе жануар, кептер, шіркейлердің әсерінен болуы мүмкін.
Оқиға жерін қарастыру кезінде болжамдарды шығару және тексеру
Оқиға жеріне қарастыру кезінде тергеуші куәлардың айтқанына, қоғам өкілдерінің ақпараттарына және анықтау органдарының берілгендеріне сүйене отырып, ненің болғаны туралы өз болжамын шығарады:
- оқиға (мысалы, кісі өлтіру, өзін-өзі өлтіру, төтенше жағдай).
- қылмыс жасаған адамдар.
Оқиға жерін қарастырған кезде анықталған келеңсіз жағдайлар
Келеңсіз жағдайлар дегеніміз тергеу кезінде анықталған, тергеушінің болжағаны немесе нақты тұлғалардың түсіндірген болжауларына қарсы болатын жағдайлар.
Оқиға жерін қарастыру кезінде анықталатын бұл жағдайлар кісі өлтіруде (мәйіт орналасуы мен оныңң денесі және киімдеріндегі қайталанған жерлердің бағыты сәйкес келмеуі, лас жерде жатқан мәйіт аяқ киімінің табанының лас болмауы), тонауда (бөлменің ішінен жасалған бұзып-сындыру), көлік қылмыстарында (дененің зақымдалуы көп болса да мәйіт астында қанның болмауы), зорлауда (зорлаушыға қарсы күш көрсетседе жәбірленушіде күресу іздерінің болмауы).

- Кылмыстың субъективтік жағы
- Кыргызская фондовая биржа
- Кыргызстан точка соприкосновения интересов России, Китая и США
- Кэширующий прокси-сервер
- Қaзaқстaндaғы зейнеткеpлеpдi әлеyметтiк қоpғay жүйесiн жетiлдipy жолдapы
- Қазакстандаfы азаматтык коfамнын калыптасуы
- Қазақстандағы бағалы қағаздардың инвестициялық портфелін бағалаудың нарықтық экономикадағы жағдайын жетілдіру
- Курсовое проектирование
- Курс проектирования
- Кучное выщелачивание
- Күрделі әлеуметтік патологиясы бар адамдар мәселелерін шешудегі әлеуметтік-медициналық жұмыстың рөлі
- Кызметкерлермен еңбек ақы бойынша есеп айырысу
- Кызылорда қаласындағы ЖШС «Автомобиль Жол Басқармасы
- Кызылорда облысының сарқынды суын әкету