Қазақстандағы газ және мұнай қоймалары

МАЗМҰНЫ

 

  
КІРІСПЕ

 

Қазақстан Республикасындағы табиғи газбен қосалқы газдың бай қоры оны өндіру көлемін едәуір арттыруға береді. Мысалы, 1996 жылдан бері қарай газ өндіру көлемі екі еседен астам өсіп, 14,8 млрд м3 шамасына жетті. Жақын келешекте Каспий теңізі қойнауындағы кеніштердің ашылуына байланысты газ қорының 1,5-2 есеге дейін артуы мүмкін болып отыр. Өндірілетін газдың негізгі бөлігін қосалқы газ құрайтындықтан, мұнай өндіру артқан сайын, одан алынатын қосалқы газ мөлшері де арта бермек.

Бірақ магистралдық газ құбырларының республика территориясында біркелкі таралмағандығы себепті өндірілген қосалқы газдың ішкі рынокта ауқымды өткізу, сөйтіп елімізді толық газдандыру мүмкін болмай отыр. Міне осы мәселе, басқа мәселелермен қатар республика өкіметіне бекітілуге ұсынған 2004-2010 жылдарға арналған салаларды кешенді дамыту бағдарламасында ескерілген. Бұл бағдарлама қазіргі бар газ магистралдарының өнімділігін арттыру мен жаңаларын салуды, газды қайта өңдеуші зауыттардың қуатын арттыруды және жаңа ГПЗ құрылысын бастауды, газдық электроэнергетикасын дамытуды, сұйытылған газ өндірісін арттыруды көздеп отыр. Еліміздің газ саласындағы стратегиясында газды экспортқа шығару бірінші кезекте Батыс және Шығыс Еуропаға экспорттау бағыты аса маңызды орын тұтады. Газ саласындағы біркелікті жұмыс жасау туралы Ресеймен жасалған ұзақ мерзімді келісім бір қатар өзара тиімді жобаларды көздеп тұр. Бұл жобалар жүзеге асқан жағдайда Қазақстанның газ индустриясының дамуының негізгі мәселелерін шешуге қомақты үлес қосылған болар еді.

Қазақстан газының потенциалдық қоры 10,2 трлн м3 деп бағалануда, оның 9,2 трлн м3 бөлігі Каспий маңы ойпатында шоғырланған. Еркін және қосалқы газдың Қазақстандағы зерттелген қоры, Каспий теңізі шелфін есепке алмағанның өзінде 3 трлн м3 мөлшерді құрайды. Оның 1,8 трлн м3 бөлігі халықаралық квалификация бойынша “дәлелденген” деген түсінікке сәйкес келуші өндірістік категорияға жатады. Осы деректердің өзі дәлелденген газ қоры бойынша Қазақстан дүниеде 16 орын алатынын көрсетеді және Норвегиядан сәл-ақ артта болып, Канада мен Нидерланды сияқты мемлекеттермен бір категорияда екенін көрсетеді.

Дегенмен, Қазақстан газ өндірісінің аталған елдерден ерекшелігі бар, ол: Қазақстан газ қорының мұнай, мұнай-газ және мұнай-газ конденсаттар қорымен тұтасып жатқандығы. Қазіргі таңда өндірісте бір таза газ кеніштерін алатын болсақ, олардың саны оншақты, көлемдері шағын, бастапқы қоры республика газының бастапқы қорының 1,5 % тен сәл астам бөлігін құрайды.

Еркін және қосалқы газдардың өндірістік қоры 66 кеніштерде орналасқан, олардың басым көпшілігі еліміздің батысында, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарының территориясында жайласқан. Бұдан басқа газ қорлары Қызылорда (Құмкөл, Ақшабұлақ кеніштері), Жамбыл (Амангелді кеніші) және Оңтүстік Қазақстан (Придорожное кеніші) облыстарында да бар екені анықталды.

Дәлелденген ең ірі еркін газ қоры Қарашығанақ мұнай-газ конденсат кенішінде екені белгілі, оның көлемі 1,35 млрд м3 құрайды. Бұдан басқа да еркін газдың бай қорлары белгілі, олар: Имашевское, Жаңажол, Урихтау, Узень, Жетібай, Жетібай-Оңтүстік, Қаламқас мұнай-газ конденсат кеніштері, олардың барлығы Каспий маңы ойпатының жағалауында орналасқан.

Мұнай құрамында еріген зерттелген газ қорының ең ірі бөлігі қазіргі күнде игеріліп жатқан Тенгиз Өзен, Жетібай, Батыс Қазақстандағы Жаңажол және Құмкөл, Қызылорда облысындағы Ақшабұлақ мұнай кеніштерінде шоғырланған.

 

 

 

 

1. БАТЫС ҚАЗАҚСТАН - ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ МАГИСТРАЛДЫҚ ГАЗҚҰБЫРЫН ЖОБАЛАУДАҒЫ НЕГІЗДЕУ

 

 

1.1. Қазақстан өнеркәсібіндегі газ  секторын дамыту мәселесі

 

 

Соңғы жылдарда әлемдік энергетиканың аса маңызды тенденцияларының бірі – табиғи газдың абсолют тұтыну масштабының үздіксіз өсуі және оның әлемдік отын – энергетикалық балансындағы үлесінің артуы екендігі даусыз. ООН-ның берген бағасына сүйенсек бүгінгі таңда әлемде табиғи газды тұтыну мөлшері шамамен 2200 млрд текшеметрді құрайды, бұл дегеніміз әлемдегі барлық бірінші отын – энергетикалық ресурсының 2% іне жуық көрсеткіш.

Қазақстан Республикасы орасан зор энергетикалық ресурсқа ие. Бұл топтың ішінде ерекше орын тұтатыны көмірсутекті шикізат. Дәлелденген деректерге қарағанда жер қойнауынан алынатын шикізат тұрғысынан алғанда Қазақстан мұнай қоры бойынша дүниедегі он мемлекет қатарына, табиғи газ қоры бойынша он бес мемлекет қатарына кіреді.

"Транзиттік экономика" журналының  деректеріне қарағанда Қарашығанақ  кенішін игеру 10 млрд доллар жұмсалған, жоспарланған алынатын пайда 65 млрд доллар, соның ішінде Қазақстанның үлесі Қарашығанақты пайдалану кезеңінде 47-48 млрд долларды құрайды.

Осындай көп мөлшердегі газға ие болса да Қазақстан өзінің газға деген ішкі сұранысын қанағаттандыра алмай отыр. Қазіргі кездегі магистралдық газ тасымалдау жүйесі Қазақстанның барлық облыстарын газбен қамтамасыз етуге бейімделмеген, сондықтан инвестициялық модернизацияға мұқтаж.

Оның үстіне отандық газ шикізаты бірнеше ерекшеліктерге ие:

  • мұнай газ қорының игеріліп жатқан запасының ендігі қалғанының 50% ке жуығы алуға қиын жағдайларда. Оның басым бөлігінің өндірілу мөлшері кеміп бару кезеңінде;
  • мұнай мен газ ресурсының негізгі көлемі алынуы қиын болған тұзды қааттармен байланысты болып келеді. Каспий маңы ойпатының күрделі коллекторлық қасиеттерге ие болған кеніш орындарының құрамы күкіртті сутегі мен көмірқышқыл газының көптігімен сипатталады;
  • көптеген газ кеніштері майда кеніш санатына жатады, олардың жалпы қоры барлық қордың 1,5%-інен аспайды.

Бүкіл әлемдік банкінің есебінде көрсетілген табиғи газ өндірудің болжанған бағалауын келтіре кетуді мақұл деп таптық (1-кесте).

 

Кесте-1

Негізгі кеніштер бойынша табиғи газ өндіру болжамы (млрд. м3)

 

Кеніш алуы

2010ж

2015ж

Қарашығанақ

24 - 26

24 - 26

Теңіз

12,7 - 14,1

11,9 - 13,1

Қашаған

6,54 - 7,22

13,99 - 15,46

өзен

1,47 - 1,63

1,5 - 1,66

Амангелді тобы

0,66 - 0,74

0,66 - 0,74

Құмкөл

0,48 - 0,52

0,57 - 0,63

өріктау

0,47 - 0,53

0,57 - 0,63

Жаңажол

0,20 - 0,22

0,20 - 0,22

Жетібай

0,16 - 0,18

0,16 - 0,18


 

Сөйтіп, келтірілген деректер бойынша газ өндіру орташа алғанда 2010 жылы – 47млрд.м3, 2015 жылы – 52млрд.м3 құрайды.

Ал табиғи газ тұтыну қажеттігі жорамал бойынша 2010ж – 11,15млрд.м3, 2015ж – 15,83млрд.м3, яғни Қазақстан қажетінен артық газ қорына ие, ол 2015 жылға барып едәуір мөлшерді құрайды.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы өкіметінің алдында екі негізгі проблема тұр. Осы проблемалардың тиімді шешілуі валюталық пайданы арттыруға, саяси және сыртқы саяси емес байланыстарды кеңейтуге, энергетикалық қауіпсіздікті – газды экспорттау және Қазақстандық тұтынушыларды газбен тұрақты қамтамасыз ету мәселелерді шешуге тікелей ықпал етеді. Басқаша айтқанда, құдықтың басында отырып сусыз қалып қоймайтындай өзіңде бар байлықты тиімді пайдалана білу мәселесі көлденең тұрады.

Енді табиғи газдың экспортына келетін болсақ жағдай төмендегідей: бүгінгі таңдағы газтасымалданушы газқұбырының бағыттары мыналар:

Ресей – Батыс Еуропа: тасымалдау көлемі 125 – 130 млрд м3;

Алжир – Батыс Еуропа: тасымалдау көлемі 23 – 32 млрд м3;

Норвегия – Батыс Еуропа: тасымалдау көлемі 45 млрд м3;

Канада – АҚШ: Еуропа: тасымалдау көлемі 96 млрд м3;

 

Газ бойынша Қазақстанның аса ірі бәсекелесі Ресей болып табылады, негізгі бәсекелестер қатарына Түркменстан, Әзербайжан, Иран жатады. Сондай-ақ Өзбекстан, Сауд Арабиясы, Ирак, БАЭ, Кувейт, Катар, Оман, Нигерия, Алжир, Индонезия, Австралия және Малайзия сияқты мемлекеттерде бәсекелестер қатарына жатады.

Төлеуге қабілетті болған сұранысы бар елдерден географиялық тұрғыдан шалғай жатқандықтан және басқа елдердің үстімен транзит қажет болғандықтан Қазақстан газды экспорттау және халықаралық жеткізіп беру тұрғысынан, сондай-ақ басқа бәсекелестермен сайысқа түсу бойынша өте тиімсіз жағдайда қалып отыр. Қазақстан экспорт базарында өз орнын тауып алу үшін Түркменстанмен, Әзербайжанмен және Ресеймен бәсекелестікке түсуі қажет, ал бұл елдер болса Еуропа елдеріне әрі жақын әрі қолайлы орналасқан, сондықтан олардың бәсекелестік қабілеті жоғары.

Қазақстан негізгі табиғи газ қоры батыс бөлігінде шоғарланған, ал негізгі тұтынушылар болса оңтүстік бөлігінде орналасқан. Газқұбырының топологиялық тұрғыдан жеткіліксіз дамығандығынан газ тасымалдау республиканың 14 облысының тек қана 8-інен жүзеге асырылуда. Сондықтан бұл мәселеде Қазақстан Түркмения, Өзбекстан және Ресей импортына тәуелді болып отыр.

Еліміздің оңтүстік және солтүстік региондарын тұрақты газбен қамтамасыз етуге қол жеткізуге төмендегі факторлар ықпао етті:

  • Өзбекстаннан әкелінетін 1000м3 табиғи газдың бағасының 38,5 АҚШ долларынан 35 ке төмендеуі;
  • Қазақстан Республикасының өкіметінің газ өндіруші компанияларға қосымша құн салығын төлеуді Өзбекстаннан әкелінетін табиғи газ есебінен төлеуге болатын тәртіп еңгізу туралы қаулы қабылдауы;
  • Қазақстан және Ақтөбе облыстарының газ компанияларына ТМД елдерінен ірі газ жеткізушілер қатысуымен тендер өткізілуінің нәтижесінде сатып алынатын 1000м3 газ бағасының 42 АҚШ долларынан 32-ге төмендеуі;
  • Табиғи газ жеткізіп беруші компаниялармен бірге жұмыс істеу ауқымының кеңеюі.

Қрашығанақтан өндірілетін табиғи газ мөлшері Қазақстанның барлық аймағын газбен қамтамасыз етуге жеткілікті. Бірақ бұл жердегі негізгі қолға тұсау болатын фактор – Қарашығанақ кенішінің оңтүстік және солтүстік тұтынушылардан өте шалғайда орналасуы, оларды жалғаушы магистралдық газқұбырының болмауы және жергілікті газ тарату торабының дамығандығы болып отыр.

Қорыта айтқанда еліміздің газ өндіру саласында өзінің тиімді шешімін күткен осындай өткір мәселелер күн тәртібінде тұр.

 

1.2. Қазақстанның магистралдық газқұбыры

 

Қазақстан территориясы бойынша бұрынғы КСРО ның барлық аймағын газбен қамтамасыз етуге басты рөл атқарған ірі газ тасымалдау жүйесі шоғырланған. Бұл жүйе Орта Азияның газ өндіруші аудандарын Ресейдің Еуропалық аймағымен, Кавказ елдері, сондай-ақ ресей территориясы арқылы Украина және Еуропамен біріктіреді.

Газтасымалдау жүйесін басқарумен 2000жылы құрылған, 2002 жылдан "Қазмұнайгаз" ұлттық компания құрамына кіруші "Қазтрансгаз" компаниясы шұғылданады.

Негізгі магистралдық газ тасымалдау жүйесі болып табылатын екі газқұбыры бар, олар Қазақстанның батыс бөлігінен, оңтүстік азия республикаларынан Ресейге бағытталған: бесталалы Орта Азия – Центр (САЦ) жүйесі, ұзындығы 5 мың км және екіталалы Бұхара – Урал газқұбыры, ұзындығы 1278км. САЦ жүйесі қосымша газқұбырлары арқылы Кавказбен (Мақат – Солтүстік Кавказ) және Түркменстанның батыс аудандарымен (Окарем – Бейнеу) байланысқан. Бұхара – Урал жүйесінің солтүстік бөлігіне Жаңажол – Октябрьск – Ақтөбе және Қараталы – Рудный – Қостанай газқұырлары жалғанған.

Оңтүстік аймақта Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарының территориясымен Бұхара газды ауданы Ташкент – Бішкек – Алматы жүйесі өтеді (БГР – ТБА).

Қазақстан территориясының ең солтүстік-батыс аймағына "Союз" және "Орынбор - Новопсковск" газқұбырлары кіреді, бұл жүйеге бөлек бір тармақпен Қарашығанақ кеніші жалғанған.

Магистралдық жүйенің жалпы ұзындығы бірталалы өлшеммен алғанда 10 мың км ден асады. Олардың жылдық өнімділігі 190 млрд.м3 ке жетеді.

Аталған жүйенің басты кемшілігі – газқұбырларының желінгендік дәрежесі, ол 60-90% дейін жеткен (2-кестені қараңыз).

Күшінде тұрған нормативтер талабы бойынша магистралдық газқұбырының амортизациялық мерзімі шамамен 30 жылды құрайды. Бірақ Қазақстандағы газқұбырлары өте агрессивті болған тұзды топырақтар арқылы өтеді, сондықтан олардың тозу қарқыны жоғары.

Қазақстанда жаңа транзиттік – экспорттық мақсатқа арналған магистралдық газқұбырының іс жүзінде бүгінгі таңда екі жобасы бар.

Біріншісі Қашаған теңіз кенішін игерумен байланысты және көп мөлшерде бөлініп шығатын қосалқы газды утилизация жасау мәселесіне байланысты Адір – КСО консорциумының шешімімен байланысты. Бұл жобада Каспий Шелфі – САЦ газқұбырын салу көзделген, оның өнімділігі 9 млрд.м3 болмақ. Бұл құбыр бойынша жобаланған Қашаған ГПЗ-сында қайта өңделген қосалқы газ САЦ газ тасымалдау құбырына түседі.

Екіншісі – Қытайға тартылатын газқұбыры. Бұл бағыттағы газ жеткізу маршруты үш вариантта қарастырылады. Әрбір вариант республикада әртүрлі дәрежеде бар болған бірнеше ішкі газтасымалдау жобаларының түрлі сочетаниесі болып табылады.

Мысалы "Астананы газдандыру" жобасын алайық. Бұл жобаның ауқымы өз аталуынан әлдеқайда кең. Бұл жоба бойынша Ресейдің Омск облысындағы Ишим (Рудный) қаласынан газқұбырын құрып, оны Уренгой – Челябинск магистралдық газқұбырымен қосу көзделген. Одан әрі Қазақстан территориясы арқылы құбыр Петропавл – Көшетау – Астана маршруты бойынша өтеді де, астананы және облысты газдандырып, әрі қарай Қарағандыға өтеді. Қарағандыдан Балқашқа дейін жалғастырып, одан әрі "Достық" станциясына (Қытайдағы Алашонкоу) дейін апарсақ, Қазақстан – Қытай газқөұбыры жобасының бірінші вариантына ие боламыз. Бұл вариантта Қытайға Қазақстандық және Ресейлік газ берілуі мүмкін.

Қазақстан – Қытай газқұбырының екінші варианты Ақшабұлақ – Қызылорда жобасының жалғасы болып табылады. Бұл жоба Қызылорда қаласын газдандыру бағдарламасының шеңберінде жүргізілді. Оның бірінші кездегі іске қосылған. Қытайға газ тасымалдау тұрғысынан қарағанда бұл жобаны Қызылордадан Шымкентке дейін жалғастыру, одан әрі оны жұмыс істеп тұрған Газли-Алматы газқұбырымен жалғастырып, содан соң Қытай шегарасына жеткізу көзделген. Батыстан бұл құбыр Бұхара – Урал магистралы арқылы Қарашығанақ және Жаңажол газ кеніштерімен біріктіріледі. Толық күйде құбыр тартылған маршрут мынадай болады: Құлсары – Шалқар – Ленинск – Қызылорда – Шымкент – Газли – Алматы және 750 км Қытайға дейін жалғасады. Бұл құбыр арқылы тек қана Қазақстандық газ экспортқа шығарылады.

Үшінші вариант Қазақстан газымен қоса өзбек және түрікпен газын Алматыға дейін, одан әрі жаңа құбыр бойынша Қытайға жеткізу көздейді.

Сонымен дерлік барлық Қазақстан ішіндегі жобаланушы ірі газқұбырлары белгілі бір дәрежеде Қазақстан – Қытай жобасында қатысады. Қазірше бұл жобалар жобалаушылардың миында ғана бар нәрсе. Бұл жобаның іске асуына қарай басымдылық беруші күшті аргумент болып табылатын нәрсе – Қазіргі бар және іске қосылған Қытай территориясындағы Батыс – Шығыс газқұбыры, ол импорттық газды қабылдау мүмкіндігін ие.

Аталған варианттың бастапқы екеуін өміршең деп санауға болады, өйткені олар өз газымен мемлекеттің өз қажетін өтей отырып, артығын Қытайға экспортқа шығаруды көздейді.

Біздің дипломдық жобада Батыс Қазақстан – Оңтүстік Қазақстан облысы магистралдық газқұбырының Құлсары – Шалқар учаскесін жобалау мәселелері қарастырылады. Бұл тармақ істеп тұрған МГ "САЦ" және МГ "Бұхара – Урал" магистралдарын біріктіреді және Қарашығанақ, Қашаған, Жаңажол кеніштерінен өндірілетін Қазақстан газын пайдалану мүмкіндігін де көздейді.

 

2. ЖҰМЫС ЖҮРЕТІН  АЙМАҚТЫҢ МІНЕЗДЕМЕСІ

 

2.1. Физикалық – географиялық мінездемесі

 

Жобаланып жатқан Батыс Қазақстан – Оңтүстік Қазақстан облыстық магистралдық газ құбырының Құлсары – Бершоғыр участогы Атырау және Ақтөбе облыстары арқылы өтеді. Құбырдың бастапқы нөльдік пикеті Құлсары  елді мекенінде орналасқан.

Трассаның бағыты Құлсары поселкасынан солтүстік-шығысқа қарай бағытталып, көптеген бұрылыстармен жергілікті жердің жағдайларына бейімделе отырып өтеді.

Атырау облысында жер рельефі жазық болып келеді, деңгейі негізінен алғанда оң абсолюттік белгімен сипатталады. Көктемде су басып, жазға қарай толығымен құрғап қалатын тақырлар, солончактар, сорлар кездеседі.

Газ құбырының жобаланушы жобаланушы участогының өтетін аймағының географиясы Ембі өзенімен, сондай-ақ құбырды кесіп өтетін Есекжал суландыру жүйесімен айқындалады.

Жердің беткі өсімдік қабаты шөлде өсетін жантақ және тағы басқа олар көктемгі ылғалмен қаулап өсіп шығады да, шілде айына барып қурап қалады.

Жұмыс жүретін аймақтың батыс жағынан трассадан 1-3 километрдей қашықтықтан Ақтөбе-Атырау темір жолы өтеді. Жобаланушы газ құбыры желісі Аққыз тоғай-Құлсары асфальт жолын екі рет, сондай-ақ Мұнайлы- Аққызтоғай ауылдық жолын қиып өтеді.

Жобаланушы трассаның тікелей жанындағы елді мекендерге Құлсары және Аққыз тоғай поселкалары жатады.

Ақтөбе облысында жер рельефі төбешіктері бар жазық, жарлар және орлар кездеседі. Теңіз деңгейінен биіктігі яғни абсолюттік белгілері 110 метрден 294м аралығында өзгеріп отырады.

Ембі өзенінің жағалауында абсолюттік белгісі 10м шамасында болған “Көкжиде” деп аталатын, беті ажырықпен қапталған жазық құм массиві жазылып жатыр.

Жобаланушы газ құбыры өтетін аймақтың географиясы Ембі өзенімен айқындалады, мұнда көктемгі жаңбыр суларынан тасыған өзен арқылы ағаштар ағады.

Өсімдік қабаты – жартылай шөлейттік өсімдіктер, қысқа жусан, жантақ және тағы басқа шілденің ортасында толық қурап, күйіп қалатын өсімдіктер.

Жобаланушы құбыр аймағында жол торабы нашар дамыған: ең жақын Қызылорда-Ақтөбе темір жолы Қауылжыр станциясының жанында газ құбыры трассасын қиып өтеді де, одан әрі Шалқар қаласына дейін трассаға параллел жүреді.

Жобаланушы газ құбыры Қауылжыр станциясын елді мекендермен байланыстырушы бірнеше дала жолдарын қиып өтеді.

Трасса бойында кездесетін елді мекендер мыналар: жарқамыс поселкасы, Кемерші поселкасы, Қауылжыр поселкасы, газ құбырының ең соңғы нүктесі – Шалқар поселкесі.

Жұмыс жүретін аймақтың климаты қатаң континенталды болып келеді, қысы суық, жазы ыстық, құрғақ. Ауа температурасының өзгеру ауқымы Ақтөбе облысында қыста – 480С, қары қалың, жазда  +450С-қа жетеді, Атырау облысында қыста қары аз, температура – 380С-қа дейін, ал жазда + 450С-қа дейін жетеді.

Топырақтың ең үлкен мұздау қалыңдығы Ақтөбе облысында 205см, Атырау облысында – 148см. Дала жұмыстарын жүргізуге ең қолайлы уақыт 20 сәуірден 5 қарашаға дейінгі кезең болып табылады.

   

2.2. Аймақтың табиғи жағдайлары  мен геологиялық – гидрогеологиялық  мінездемесі

 

2.2.1. Орналасу орны

Ұзындығы 456,2км болған (мекен жайы) газ құбыры участогының жобаланушы трассасы “Құлсары” комперссорлық станциясынан бастау алады да, солтүстік-шығыс бағытта жүріп отырып Шалқар қаласына келеді.

Административтік тұрғыдан алғанда қарастырылып отырған территория Қазақстан Республикасы, Атырау облысының Жылыой ауданына және Ақтөбе облысының Байғанин, Мұғалжар және Шалқар аудандарына кіреді.

Жобаланушы трасса бойлап көлік қозғалысы негізінен тың жерлер арқылы ғана мүмкін, жаз күндері көтеріңкі өтімділіктегі көлікпен жүрген дұрыс. Көктемгі және күзгі жаңбыр-шашынды кезеңдерде және Көкжиденің құмды массивінің ауқымында, сондай-ақ жылдың құрғақ кезеңдерінде тек жоғары өнімділіктегі автокөлік құралдарымен ғана жүріп өту мүмкін.

Жалпы алғанда қарастырылып отырған территорияның басым бөлігі – жартылай тұзды, нашар игерілген, бос жатқан шөл далалар.

1993-1995 жылдарда “Каз НИПИ нефт”  және АО ГТЦ Каз ГИИЗ институттары  тарапынан Батыс Қазақстан –  Құмкөл магистралдық мұнай құбырының  құрылысын жобалау аясында қарастырылып отырған трассаның кейбір учаскелерінде инженерлік-геологиялық зерттеулер жүргізілген.

 

2.2.2. Климаттық мінездемесі

Қарастырылып отырған аймақтың климаты трассаның басынан аяғына дейін қатаң континенталды, бос жатқан жер болып табылады. Климаттың қатаң континенталды және аридты екендігі ауаның тәуліктік, орташа айлық және орташа жылдық температурасының амплитудасының қатаң өзгеруінен және жауын-шашын мөлшерінің мардымсыз екендігінен көрінеді. Рельефтің қалыптасуына жылдамдығы аса жоғары шамаға жететін және жиі соғып тұратын жел қатты әсер етеді. Осының нәтижесінде бірте – бірте көптеген су ағымдары мен көлдер кеуіп қалған, сөйтіп ЭОЛ-дық процесстердің белсенді дамуына алып келген. Трассаның басында ауаның орташа жылдық температурасы плюс 4,50С-тан трассаның соңында плюс 8,00С-қа дейінгі ауқымда өзгереді.

Бүкіл трасса бойлап қыс орташа суық, тұрақсыз, аз қарлы болып келеді. Күндіз кейде ауа жылынатын кездер де кездеседі, ондай кездер трасса басында – сиректеу, трасса соңында – жиірек және ұзақтау болады. Боранды күндер саны 25-35тен 15-20 аралығында. Тұрақты аяздар қарашадан басталады, трасса соңында – желтоқсан айының ортасынан басталады. Суық кезеңнің орташа температурасы -1200С-тан  -18,20С аралығында.

Көктемнің бастапқы жартысында күн салқын болады, температура -7,30С-тан -6,20С ауқымында өзгереді, сезонның соңында күн біршама жылынып, температура +8,90С-тан +160С-қа дейін жетеді. Трасса соңында мамыр айының өзінде түнде су қататындай аяз болуы әбден ықтимал.

Жазы құрғақ, ыстық, трасса басында үш айға, трасса соңында 5 айға дейін созылады. Жауын-шашын аз болады, көбінесе құйып жауатын өткінші нөсер жауын түрінде болады. Көбінесе құрғақшылық болады. Күндізгі температура +210С-тан +300С аралығында жатады.

Күздің бірінші жартысы, әдетте жылы, екінші жартысы салқын, жауын-шашынды. Күндізгі температура +50С-тан +160С-қа, ал түнде -100С-тан +20С-қа дейін өзгеріп тұрады.

Кесте-2

Қарастырылып отырған аймақтың негізгі климаттық параметрлері

 

Метеоэлементтер

Елді мекен атаулары

Құлсары

Аққыз тоғай

Жарқамыс

Кемерші

Қауылжыр

Шалқар

Ауаның орташа жылдық  t0C

7,60С

7,60С

7,60С

4,80С

4,80С

4,80С

Абсолюттік максимум t0C

-380С

-340С

-350С

-350С

-380С

-480С

Абсолюттік минимум t0C

+450С

+430С

+430С

+450С

+450С

+430С

Қаңтардың орташа t0C

-8,90С

-8,90С

-8,90С

-120С

-120С

-15,20С

Шілденің орташа t0C

+25,20С

+25,20С

+25,20С

+240С

+240С

+23,90С

Топырақтың нормативтік мұздау тереңдігі; м

саз балшық және суглинок үшін,

құмдақ және құмдар үшін

 

 

1,22

 

1,48

 

 

1,22

 

1,48

 

 

1,35

 

1,6

 

 

1,5

 

1,8

 

 

1,5

 

1,8

 

 

1,65

 

2,05

Орташа жылдық жауын-шашын мөлшері, мм

157

130

140

165

220

200

Желдің орташа жылдық жылдамдығы (<15м/с)

5,3

6,3

5,8

4,3

4,5

4,5

Күшті жел соғатын күндер саны

55

55

55

24

24

30

Шаңды боран соғатын күндер саны

12

12

10

8

8

5

Жел жылдамдық арыны бойынша аудан

ІІІ

ІІІ

ІІІ

ІІІ

ІІІ

ІІІ

Мұзтайғақ қалыңдығы бойынша аудан

ІІ

ІІ

ІІ

ІІІ

ІІІ

ІІІ

Жел соғу бағыты

            күз - қыс

 

ш, сш

 

ш, сш

 

ш, сш

 

ш, сш

 

ш, сш

 

ш, сш

         көктем - жаз 

Б, СБ

Б, СБ

Б, СБ

Б, О

ш, сш

Б, О


 

2.2.3. Гидрография

Аймақтың гидрографиялық торабы Каспий теңізінің бассейіне жатады және уақытынша су ағатын Ембі өзенімен айқындалады. Ембі жазығының территориясында орлар, балкалар, сай-салалар көптеп кездеседі, олар уақытынша аздаған сулармен жаңбыр суларын өткізуші ретінде қызмет атқарады.

Ембі өзені Мұғаджар тауының батыс шатқалдарынан бастау алып, Каспий теңізінен 60-70 км қашықтықта орналасқан Қамыскөл көліне барып құяды.

Өзеннің аңғары оның көптеген келіп құюшы тармақтарымен, болып келеді, көлденең қимасының пішіні – трапеция түрінде болады. Жағалау террасаланған, екі терраса бар екенін көруге болады.

Өзеннің екі жағалауы жазық, оның ені негізінен 1-1,5км, ең енді жерінде 7-9км, ең енсіз жерінде 0,5-0,7км.

Өзінің микрорельефі бойынша екі бөлікке бөлінеді: руслалық и террасалық.

Өзен арнасы қатты ирелеңдеген, миандирленген, тарамдалмаған, плесті-домалақты мінезге ие. Плестар мен перекаттар, көбінесе олар құрғақ келеді, үздіксіз алмасып отырады. Плестардың ені 3 тен 35м дейін, тереңдігі 1,0-1,5м аралығында. Су бетінің еністігі 0,3%шамасында.

Су деңгейінің көтерілуі көбінесе наурыз айының ортасында басталады да, әдетте екі пикі болады. Біріншісі 8-12 күнге созылып, су деңгейінің көтерілуі 1,5-2,0м-ге жетеді. Одан соң су қайтады. Сәуір-мамыр ішінде судың дерлік жылдық көлемі 95-99% ағып өтеді, оның орташа мөлшері 95млн м3. Өзеннің өнімділігі онша көп емес 3м3/с. Ембі өзенінің максималды өнімділігі аз сулар үшін 385м3/с, жаңбырлы сулар үшін 220м/с, науардың орташа модулі 1м2 бет үшін 0,15-1,0м/с ке тең.

Ағымның жылдамдағы плесте 0,1-0,2м/с, перекатта 0,2-0,4м/с, ал тасқын суда 0,8-0,9м/с ке жетеді.

Болжам бойынша ұлтанның максималдық эррозия мөлшері – 1,09м.

Су мол болған жылдары өзен жағалауын толығымен тереңдігі 0,2-1,0м-ге жететін су басады, су қайтқан соң тез арада кеуіп қалады.

Өзен бетінің мұзбен қапталуы әдетте желтоқсанның ортасында болады.

Көктемгі су ағыны кезінде су тұщы, лайланған, содан соң тез арада су тұздалып кетеді де, ішу түгіл малды суаруға да жарамсыз болып қалады.

Тасқын су кезеңінде минералдануы 0,7-0,9г/л, кейін 20г/л ге дейін және оданда көпке артып кетеді.

Жобаланушы газ құбыры трассасы Ембі өзенін екі жерде қиып өтеді:

  • I қиылысу – құрғақ ағым ПК 480+42 (48км)
  • II қиылысу – ПК 2510+39 (251км) русло V-тәрізді, жағасының биіктігі 6м-ге дейін жетеді, тереңдігі 1,0 м, ең узері – 16,0 м.

Тереңдігі 4 м-ге дейін жететін Ащысай балкасы трассаны ПК 2930+73 (293 км) қиып өтеді. Тереңдігі 3,5 м-лік Жайынды балкасы трассаны ПК 3010+86 (301 км) қиып өтеді. Тереңдігі 4 м-ге дейінгі Ақшолақ балкасы трассаны ПК 3250+17(325 км) қиып өтеді.

Қазақстандағы газ және мұнай қоймалары