Қазақстан Республикасының этноұлттық географиясы
Ф.4-78
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігі
Павлодар мемлекеттік педагогикалық институт
Қазақстан Республикасының этноұлттық географиясы
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Павлодар
2009
АҢДАТПА
Бұл дипломдық жұмыста Қазақстан Республикасының этноұлттық географиясы қарастырылған.
Жұмыстың негізгі мақсаты:
этникалық топтар географиясын анықтай-
тын географиялық ерекшеліктер анализі
негізінде Қазақстан
Дипломдық жұмыс кіріспеден, 3 тараудан, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімінен және қосымша материалдардан құралған. Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, мақсаты, міндеттері белгіленген. Бірінші тарауда Қазақстан Республикасындағы ұлттар мен ұлыстардың қалыптасуы, екінші тарауда еліміздегі ұлттардың қалыптасу ерекшеліктері және де үшінші тарауда этноұлтаралық қарым-қатынас мәселелері сипатталып, қорытынды бөлімінде жеткен нәтижелері және ұсыныстары баяндалған.
Бұл жұмыстағы мәліметтерді жоғарғы оқу орындарында, колледж, лицей, гимназияларда, орта білім беру мектептерінде Қазақстан Республикасының география курсын оқыған кезде пайдалануға болады.
АННОТАЦИЯ
В данной дипломной работе рассматривается национальный состав Республики Казахстан.
Цель дипломной работы: На основе географических особенностей формирования и размещения народов Республики Казахстан выявить факторы, определяющие географию этнических групп.
Дипломная работа состоит из введения, из трех глав, заключения и списка использованных литератур.
Введений рассматривается актуальность, цели и задачи дипломной работы. В первой главе рассматривается формирования нации и национальностей, во второй главе - особенности размещения нации, в третей главе этнонациональные отношения, а в заключении выводится мысль по дипломной работе в целом.
Данные дипломной работы можно использовать в высших учебных заведениях, в колледжах, в лицеях, в гимназиях и в средних учебных заведениях Республики Казахстан на курсах географии.
THE SUMMARY
In the given degree work the national structure of Republic Kazakhstan is considered.
The Purpose of degree work: On the basis of geographical features of formation and accommodation of people of Republic Kazakhstan to reveal the factors defining geography of ethnic groups.
Degree work consists of introduction, from three chapters, the conclusion and the list of the used literatures.
Introductions the urgency, the purposes and problems of degree work is considered. In the first chapter it is considered formations of the nation and nationalities, in the second chapter - features of accommodation of the nation, in thirds to chapter ethno national attitudes, and in the conclusion the idea on degree work as a whole is deduced.
Data of degree work it is possible to use in higher educational institutions, in colleges, in lice, in grammar schools and in average educational institutions of Republic Kazakhstan on rates of geography.
Мазмұны
Кіріспе ….............................
1 Қазақстандағы ұлттар мен ұлыстардың
қалыптасуы ..............................
1.1 Этнос, ұлт, ұлыс
пен диаспора түсініктері ..............................
1.2 Қазіргі Қазақстан
аумағындағы этникалық
тарихы ..............................
1.3 Ежелгі, орта, жаңа және қазіргі кезеңдегі
көші - қон ..............................
2.Қазақстан Республикасындағы
ұлттардың таралу
2.1 Ел халықтары демографиялық
көрсеткіштерінің
2.2 Қазақстан халқының ұлттық және діни
құрамы ..............................
2.3 Республика аумағындағы
ұлттардың қоныстану
3 Этноұлтаралық қарым-қатынас
мәселелері....................
3.1 Қазақстан Республикасындағы ассамблеялардың қазіргі ахуалы..............29
3.2 Ұлттар арасындағы
келіспеушілік жағдайларының
3.3 Қазақстанның ұлттық
ішкі саясаты .................
Қорытынды.....................
Пайдаланғанған әдебиеттер
тізімі ..............................
Қосымша А ........ ..............................
НОРМАТИВТІ СІЛТЕМЕЛЕР
Берілген дипломдық жұмыста келесі стандарттарға сәйкес сілтемелер қолданылған:
ГОСТ 2.105-95 ЕСКД. Общие требования к текстовым документам;
ГОСТ 2.301-68 Формат
ГОСТ 7.1-84 Библиографическое описание документов;
ГОСТ 7.32-2000 Отчет о
НИР. Структура и правила
ГОСТ 8.417-81 Единиы физических величин;
ГОСТ 7.9-95 (ИСО 214-76) и ГОСТ 7.32-91 «Реферат и аннотация»;
ГОСТ 2.106-96 «Текстовые документы»
Қысқартылған сөздер
Жж.- жылдар
Қ.Р. – Қазақстан Республикасы
ғ.ғ. – ғасырлар
ш.ш. шаршы шақырым
б.з. – біздің заманымызға
б.э.б.- біздің эрамыздан бұрынғы
КІРІСПЕ
Қазіргі кездегі Қазақстандағы жағдайдың ерекшелігі, оның территориясында бейбітшілікте 130-дан астам ұлт өкілдерінің өмір сүріп жатқандығында. Мемлекетіміздегі негізгі саны жағынан көп этностар: қазақтар, орыстар, украиндар, өзбектер, немістер, татарлар, ұйғырлар. Бүгінгі күні жергілікті ұлт саны өсуде, мұның басты себебі, табиғи өсіммен қатар, өзге этностардың өкілдерінің өз тарихи отандарына көшіп кетуімен да байланысты. Мұндай әралуандылық рухани-адамгершiлiк құндылықтар- дың қайнар көзi бола отырып, белгiлі бiр мәселелерді туындатады. Үйлесiмдi этносаралық өзара қатынастарды дамыту Қазақстанның ішкі және де сыртқы саясатымен тығыз байланысты. Егеменді мемлекеттердің саяси тәуелсіздігін және этникалық бірегейлігін сақтау арқылы халықтардың бірлесу — Еуроазиялық кеңістікте бейбіт дамудың бірден-бір парасатты және өркениетті жолы болып табылады.
Қазақстан Республикасы
Президентi Н.Ә.Назарбаев белгiледi:
"...Ұлтаралық бiрлiк
Дипломдық жұмыстың мақсаты: Қазақстан Республикасы халықтарының орналасуымен қалыптасуының географиялық ерекшеліктерінің анализі негізінде этникалық топтар георафиясын анықтайтын факторларды айқындау.
Дипломдық жұмыстың міндеттері:
- Қазақстан Республикасында ұлттардың қалыптасу тарихын зерттеу;
- Халықтың қоныстануы мен таралуын талдау;
- Этноұлтаралық қарым-қатынас мәселелерін зерттеу;
Дипломдық жұмыстың өзектілігі: Қазiргi таңда, жаһандану кезеңiнде әр түрлi нәсiлдердiң, этностардың және ұлттардың адамдары арасындағы өзара қарым-қатынас мәселесi аса өткiр мәселелердің бірі болып табылады. Нәсiлдiк, этникалық, ұлттық кемсiтушiлiк мәселесi ешқашан жоғалмай, қандайда бiр тарихи уақыт кезеңiнде қалыптасқан саяси, әлеуметтiк-экономикалық жағдайына байланысты белгiлi бiр дәрежеде әрқашанда болған. Ұлттардың аймақтар бойынша әркелкі орналасуы.
Дипломдық жұмыстың практикалық ғылыми мәні: Дипломдық жұмыс Қазақстаннның этноұлттық географиясы жайында, бұл жұмыста алынған мәліметтерді, карталарды, диаграммаларды, кестелерді мектептерде, лицейлерде, жоғарғы оқу орындарының география мамандығы студентеріне ұсынуға болады.
Тақырыптың жаңалығы:Қазақстан Республикасы ұлттарының қоныстану ерекшеліктерін, ұлттық құрамын және ұлттардың аймақтар бойынша әркелкі таралу факторларын анықтау.
Зерттеу нысаны:
- Қазақстан республикасы ұлттарының қоныстану ерекшеліктері бойынша зерттеу.
Дипломдық жұмыстың зерттеу әдістері: Барлық экономикалық – географиялық зерттеулерде уақытша талдау қолданылады. Дипломдық жұмыс барысында негізгі қолданылған әдістер келесілер:
Тарихи әдіс халықтың пайда болуы, құрылуы, дамуынан тұрады. Бұл әдістің көмегімен географиялық ортаның, шаруашылықтың, халықтың қоныстануының және территорияның өзгерістерін қарастыруға мүмкіндік туады. Сондықтан әлеуметтік географиялық зерттеулерде дамудың тарихынан, яғни пайда болуынан басталады.
Географияда кеңінен қолданылатын келесі әдісі, ол салыстырмалы әдіс. Елдердің, аудандардың, шаруашылығының және де халықтың дамуын зерттейді. Зерттеу объектілеріне әсер етуші факторларды анықтайды.
Әдеби әдіс географияда кеңінен қолданыс тапты. Бұл әдіспен кез келген зерттеуші жұмыс жасайды. Себебі өзінің тақырыбын зерттеу барысында әдебиеттерді толығымен пайдалану қажет.
Математикалық әдіс экономикалық географияда жиі қолданылады. Стаистикалық мәліметтерді пайдалану, оларды өңдеу осы әдіске жатады.
Картографиялық әдіс зерттеу объектіне карталарды пайдаланумен сипатталады. Бұл әдіс келесі кезеңдерден тұрады. Біріншісі мәліметттерді өңдеу және карталарды жасау; алынған мәліметтерді қорытыдыда, ұсыныстарда және болжамдарда пайдалану.
1 Қазақстандағы ұлттар мен ұлыстардың қалыптасуы
- Этнос, ұлт, ұлыс пен диаспора түсініктері
Этнос гректің «etnos» - тайпа, халық деген сөзінен шыққан. Бұл термин этностың негізгі тарихи түрі – «тайпа», «ұлыс», «ұлт» ұғымын түгел қамтиды. Оның үстіне, «халық» сөзінің «бір топ адам» деген мағынасы бар екені белгілі. Көрнекті тарихшы –этнограф Лев Гумилев: «Этнос дегеніміз – жер бетіндегі белгілі бір тіршілік аймағы мен әлеуметтік ортаның бірлігінде жатқан салт-дәстүрі,тұрмыс-тіршілігі, шаруашылық кәсібі, мінез-құлқы, тілі мен мәдени мұрасы бір халықтар тобы» деген анықтама берген.[1;2]
Этнос термин ретінде б.з.б. Грекияда қалыптасып, алғашқыда «тайпа, шығу тегі грек емес халық» деген мағына берді. Қазіргі таңда этносқа өзіндік жалпы белгілерімен ерекше мәдениеті, психологиясы, тілі, сонымен қатар өз қауымы мен атауын сезінетін белгілі бір аумақта тарихи тұрғыдан қалыптасқан адамдардың тұрақты био-әлеуметтік қауымдастығы ретінде баға берілген.
Диаспора (грек сөзі – «diaspora» шашырау, бытырау) деп ұлттың атажұрты болып табылатын елден тысқары өмір сүретін бір бөлігін айтады. Осылайша басқа жаққа кетіп, шашыранды жүргендердің немесе шоғыр болып отырғандардың өз атамекеніне қайтып оралғандарын репатрианттар деп атайды.
Диаспора термині алғаш рет еврейлердің Палестинадан тысқары жерлерде тұруына қатысты ІІ Навиходоносордің, одан соң б.з. І-ІІ ғасырда римдіктердің қудалауына байланысты қоныс аударғаннан кейін қолданыла бастаған. Диаспора өзі тұрып жатқан елде аз этникалық рухани топ болып табылады да әрдайым өзінің тегі шыққан елмен рухани және шаруашылықтық байланыста болуға тырысады.
Ұлт – ортақ тілі, қалыптасқан мәдениеті, біріктіруші салт-дәстүрлері мен діні бар адамдардың әлеуметтік бірлестігі. Сонымен бірге көптеген ұлттардың ортақ аумағы, ортақ экономикасы, сол ұлт өкілдерін біріктіретін мемлекеті болады.
Ұлт және этнос ұғымдары біріне – бірі өте жақын, екіншісі біріншісінің туып, қалыптасуына негіз болады. Ұлттың этностан айырмашылығы, ұлттар этностық белгілеріне қоса саяси, экономикалық және әлеуметтік белгілерге ие болады. Дегенмен, әлі де философиялық және саяси әлеуметтік ой-пікірде «ұлт», «этнос» категориялары туралы бір арнаға тоғысқан түсінік қалыптаспаған. Ұлт дегеніміз «этнос» негізінде пайда болатын әлеуметтік қауымдастық. Ұлттық белгілер этнос белгілерінен туындайды.
Ұлыс – мекен, аймақ, әкімшілік мағынасын беретін көне түркі сөзі.
Көші-қон — адамдардың тұрғылықты мекенінен әр түрлі себептермен басқа жерге қоныс аударуы, көшіп-қонуы. Көші-қон адамдардың белгілі бір аумақтың шекарасынан асып, тұрақты немесе уақытша түрғылықты мекенге қоныс аударуы арқылы жүзеге асады. Халықтың әлеуметтік, экономикалық, экологиялық, саяси, діни, әскери және басқа да себептермен ұйымдасқан (мемлекеттің және басқа да қоғамдық құрылымдардың қатысуымен) және ұйымдаспаған түрде (көшіп келуші-лердің ездерінің күшімен) көшіп-қонуы мүмкін. Қазіргі кезде көші-қонды туғызатын себептердің ішіндегі ең бастысы экономикалық себеп болып отыр. Қазақстанда бұған экологиялық апат аймактарына байланысты себепті де қосуға болады. Халыктың көшіп-қонуы ежелгі заманнан бері бар. Көші–қон алғашқы қоғамдық еңбек бөлінісімен (бақташылар тайпасының бөлініп шығуымен), егінішліктің дамуымен, егін-шіліктен қолөнердің бөлінуімен, халықтардың ұлы қоныс аударуымен, ұлы географиялық ашылымдармен, индустрияның дамуымен (19 ғ-дың басында) байланысты болды. 20 ғ-да көші-қонға соғыстар зор әсерін тигізді. Көші-қон адамзаттың дамуында, аумақтардың халықтар арасында қайта бөліске түсуінде зор рөл атқарды. Көші-қонға тұрғылықты халықтың да, көшіп кетушілердің де тұрмыс деңгейіне, халықтың демографиялық және әлеуметтік құрылымына, қоныстануына, этникалық құрамының өзгеруіне елеулі ықпал етеді.
1.2 Қазіргі Қазақстан аумағындағы этникалық топтардың қоныстану тарихы
Егеменді еліміздің тарихи-
1920 жылы сәуірде алғашқы
кеңестік санақ өткен, бұл
ХІХ ғасырдың 70 жылдары қоныс аударушылардың ұлғаюы Қазақстанның ұлттық құрамының өзгеруіне қатты әсер етті. 70-ші жылдарға дейін негізгі қоныс аударушылар Украина мен Ресей қазақтары болса, 90-шы жылдары және ХХ ғасырдың басында Ресейден крестьяндардың көшіп келуі жылдары ұлғайды. Сонымен қатар, бағдарламада ұлты және ұлттық құрылымы туралы сұрақтар қарастырылмағандықтан, 1897 жылы жүргізілген санақта көп кемшіліктер болды. Сонымен, украин, белорус, еврей, мордва халықтары орыс тілін өздерінің ана тілі деп санағандықтан, санақ барысында оларды орыс ұлтына жатқызды. Бұл санақтың көрсеткіштері бойынша қазақ халқының саны 4 млн.333 мың адам болды, оның 7 %-ы қала тұрғыны болып есептелді. Жергілікті халықтың (қазақтардың) саны 3,9 млн., яғни барлық аймақтарда басым болды. Қазақтардың саны қалаларда аз болды, оның себебі, көпке дейін ауыл шаруашылығына көңіл бөлгендіктен, қалалар өте баяу дамыды. Қазақ халқының 1897 жылы 6,7 % ғана қалаларда тұрды. Оның көпшілігі орыстар мен татарлар, ал қазақтар бар болғаны 1,2 %-ды ғана Ресей империясында 1897 жылы жүргізілген санақ бойынша, қазақтар бар болғаны 1,2% -ғана құрады.
Алғашқы санақтан бастап, ХХ ғ. бірнеше халық санағы 1926, 1939, 1959, 1970, 1979, 1989 жж. 1989 жылы халық санағы бойынша, қазақтың саны 2314 мыңға, үлесі 57,1 % (1926) 37,9% (1989) азайды. Яғни жергілікті ұлт абсолюттік және салыстырмалы саны жағынан өз Отанына екінші орынға ауысты. (Сурет 1-4;)
Қазақстан халқының ұлттық құрамы 1926-2008жж. бойынша (%).
Сурет 1 1 Қазақстандағы ұлттар мен ұлыстардың қалыптасуы
Сурет 2 1 Қазақстандағы ұлттар мен ұлыстардың қалыптасуы
Сурет 3 Қазақстандағы ұлттар мен ұлыстардың қалыптасуы
Сурет 4 Қазақстандағы ұлттар мен ұлыстардың қалыптасуы
1.2 Қазіргі Қазақстан аумағындағы этникалық топтардың қоныстану тарихы
Қазақстанда халықтың табиғи өсуі 1926-1959 жылдары жалпы КСРО деңгейіне қарағанда, едәуір жоғары болғанын көреміз. Мысалы, 1940 жылы КСРО көлемінде табиғи өсу 13,2 промилле (1000 адамға шаққанда) болса, Қазақстанда 19,4 промиллеге жетіп, 6,2 промиллеге Одақтың табиғи өсім көрсеткіштерінен асып түскен. Соғыс жылдарынан соң бұл көрсеткіш өсті: 1950-1954 жылдары Одақ бойынша табиғи коэффициенті 17,0 промилле болса, Қазақстанда 26,4 промиллеге, 1955-1959 жылдары Одақта 17,6 промилле, ал Қазақстанда 29,1 промиллеге жеткен. Яғни бұл екі кезеңде табиғи өсім 11,5 промиллеге артық болған. Одақта Қазақстан табиғи өсу жөнінен төртінші және бесінші орындарды тұрақты алып отырған. Дегенмен, зерттеліп отырған кезеңнің алғашқы он бесінші, жиырмасыншы жылдарында қазақтардың табиғи өсу деңгейі, республикадағы басқа ұлт өкілдерімен салыстырғанда төмен болды. Жоғарғы өсім,1960 жылы қазақ ұлтының демографиясының күрт дамуына негіз болады. 1992жылғы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі төрағасының осы мәселелерді зерттеуге байланысты комиссиясының қорытындысы 1992 жылы 22 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланып, онда қазақ елі аштықтан және соған байланысты міндеттерден, сондай-ақ, өлім деңгейі үнемі жоғары болуынан 2200000 адамнан, яғни барлық қазақ халқының 49 %-нан айырылған деп атап көрсетілді.
Сонымен этностардың Қазақстан жерін ерте кезеңнен бастап қоныстан -ғанына көзіміз жетті. Негізгі Қазақстанның ұлттық құрамының өзгеруіне Украина және Ресейден келген қазақтар болған.
1.3 Ежелгі, орта, жаңа және қазіргі кезеңдегі көші қон
Қазақ халқының ежелгі замандардан бері келе жатқан көшпелі, жартылай көшпелі тұрмыс-тіршілігі, мал шаруашылығының дамуына байланысты жайылым жаңғыртып отыруы, жазда жайлауға, қыста қыстауға көшіп-қонуы, айталық, малға өріс іздеудің ыңғайымен көктем, жаз айла-рында қырға көшіп, қыста Сырға құлауы қазақ жерінде маусымдық көші-қонның дамығандығын көрсетеді. Қазақ халқының қалыптасуының этникалық процесінің келесі кезеңі біздің дәуірімізге дейінгі соңғы мыңжылдықта Қазақстан аумағын мекендеген сақ тайпаларымен тікелей байланысты. Орасан зор аумақты мекендеген сақ тайпалары туралы зерттеулер қазақ халқының бұдан былайғы қалыптасу процесінде сақтардың ата-бабалық негіз қалағанын дәлелдеп отыр. Антропологиялық зерттеулер олардың бет пішінінде еуропалық белгінің басым болғандығын және аз да болса моңғолоидтық белгілердің біліне бастағанын анықтады және бұл моңғолоидтық белгі бірте-бірте өсіп көбейіп отырған. Сақ заманы тайпаларының этникалық бірлестігінің орнын басқан жаңа тайпалық одақ үйсіндер де негізінен еуропоидтық нәсілге жатады, бірақ олардың антропологиялық белгілерінде моңғолоидтық элементтер көбейе түседі. Дегенмен олардың тілі жөніндегі пікірталас аяқталған жоқ. Сақтардың тілі сияқты үйсіндердің де иран және түрік тілдес болғаны туралы болжамдар бар. Оңтүстік және Оңтүстік-батыс Қазақстан аумағында өмір сүрген қаңлы тайпалары туралы да осыны айтуға болады.
Қазақстан аумағындағы этникалық процестің келесі және шешуші кезеңі біздің заманымыздың бірінші мың жылдығының орта кезінен түрік тайпаларының батысқа қарай жылжуынан күшейе түсті. Солтүстік Моңғолиядан Амударияның төменгі ағысына дейінгі кең-байтақ аумақта орналасқан түрік тайпалары осы аудандарды мекендеген, олардың ежелгі тұрғындары сақтардың, сарматтардың, үйсіндердің және қаңлылардың ұрпақтарымен араласып сіңісіп кетті. Түріктер далаларға ғана емес, қалалар мен елді мекендерге де орнықты. Жаңа әлеуметтік қатынастардың құрылуы, Түрік қағанатының, одан кейін Батыс түрік қағанатының ұйымдасуы түркі тілдес тайпалардың батысқа қарай көшуін тездетті. Түрік тілі басым бола түсті, антропологиялық түрдің моңғолдануы тездей түсті. Түркеш, қарлұқ мемлекеттері өмір сүрген дәуірде Қазақстан аумағындағы этникалық процестерде бірігу әрекеті одан әрі белсенді жүрді.
IX—XI ғасырлардағы оғыздар
мемлекеті мен VIII—XIII ғасырлардың
басындағы қимақ, қыпшақ
Мемлекеттердің орта кезеңдегі көші-қоны жайында да деректер жеткілікті. Үйсін, қаңлы, найман, керей, арғын, алшын т.б. тайпалар әрқайсы 500 мыңнан 800 мыңға дейін адамды құрап, әр тайпа 100 мыңнан әскер жасақтаған деген деректер бар. Ортағасырлық қыпшақтар Алтын Орда мемлекетінің этникалық тобын және салық төлейтін адамдардың есебін білу мақсатында өз арасында санақ жүргізген. 1456-1465 жылдары Қазақ хандығы құрылған кезеңінде Жәнібек пен Керей төңірегіне 200 мыңдай адам жиналғаны белгілі. 1523 жылы Қасым хан билік құрған кезінде Қазақ хандығының құрамында миллион адам болған дейді. А.И.Левшин «Описание киргиз-казачьих или киргиз-кайсацких орд и степей» атты еңбегінде берген мәлімет бойынша ХІХ ғасыр кезінде Ұлы жүзде 210000, Кіші жүзде 190000 шаңырақ болса, Орынбор генерал –губернаторы болған Г.Волконскийдің дерегі бойынша 1803 жылы Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз қазақтары 395 100 шаңырақты құраған. Ал Б.А.Куфтин «Киргиз-қазақи.Культура и быт. (М.,1926) атты еңбегінде «ХХ ғ.-ң басында Еділден Алтайға дейін, Ертіс өзінен Әмударияға дейін 4 000 000 қазақ мекендеген, Орта жүз және Кіші жүз қазақтары Қазақстан халқының 61%-н жылдың»,деп көрсетті. Оңтүстік Қазақстандағы Шу өзені мен Талас маңына 1459 жылы орналасқан мемлекетті «Қазақ хандығы» деп атаған. Мемлекетті басқарушылар өздерінің қарауындағы адам санын немесе өздерінің әскер санын әртүрлі әдістермен (әр рудағы және тайпадағы қазақ үйлердің саны бойынша немесе соғыс алаңына шыққан адам саны бойынша) есептеген. Мысалы: тарих мәліметі бойынша халық 200 мың адамды ғана құраса, ал ХV –ғасырдың аяғында миллионға жеткені айтылады.
15 — 18 ғ. жоңғар шапқыншылығы
кезінде қазақ халқы «ақтабан
шұбырынды, алқакөл сұламаға»
ұшырап, ата мекенінен үдере көшіп,
мәжбүрліктен қоныс аударып

- Қазақстан Республикасы Президенті өкілеттіктерінің ерекшеліктері
- Қазақстан тарихынан білім сапасы мен білікті жетілдірудегі жаңа технологиялар (орта ғасырлардағы мәдениет тарихы)
- Қазақстан территориясында орналасқан таулардың физикалық - географиялық ерекшеліктері
- Қазақстан Туркия қатынастары
- Қазақтың ұлттық ойындары Халқымыздың мәдени асыл мұрасы
- қазақ хандығы
- Қазіргі кездегі бухгалтерлік есепті және аудитті ұйымдастыру
- Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнесті қолдау
- Қазақстан Республикасындағы Шағын кәсіпкерліктің экономикалық мәні
- Қазақстан Республикасында діни экстремизм құбылыстарына қарсы күрес аясындағы криминологиялық, құқықтық және ұйымдастырушылық шаралары
- Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу
- Қазақстан Республикасының қолма-қолсыз есеп айырысуды ұйымдастыру тәжірибесін талдау
- Қазақстан Республикасының сот әділдігін жүзеге асыруындағы бәсекелестік қағидасының қолданылуы (азаматтық істер бойынша)
- Қазақстан республикасының шаруашылық бизнес жүйесі