Қазіргі кездегі бухгалтерлік есепті және аудитті ұйымдастыру



Кіріспе

 

Бүгінгі таңда Елбасы Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру жөнінде қойған мәселелері шеңберінде Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету қажеттілігі көбірек маңызға ие болуда. Қазақстанда нарықтық қатынастардың енгізілуімен бірге экономикалық субъектілердің қаржылық қорытынды есебінің дұрыстығын дәлелдеп, пайдаланушылардың қажеттіліктерін керекті ақпарат түрімен қамтамасыз етуші тәуелсіз бақылау жүйесі өркендеп дамып келеді.

Қазақстанның халықаралық стандарттарға бағдарлануы оң әлемдік тәжірибені зерттеуге және оны пайдалануға мәжбүрлейді. Континенттер мен елдердің географиялық жақындығы, тығыз экономикалық байланыстар, шетел компанияларының Қазақстанның инвестициялық қызметіне белсенді қатысуы есепке алу жүйесіне, тұтастай алғанда, жаңадан қарауға мәжбүрлейді. Есепке алу тәжірибесі түрлі елдерде әр алуан, бірақ оның бастауы мен философиясы ортақ және бұл Қазақстанның есепке алу практикасына оң тәжірибе енгізу мақсатында бухгалтерлік есепке алудың және аудиттің маңызды ерекшеліктері мен жаңа бағыттарын зерттеу қажеттілігін растайды. Халықаралық зерттеу көзқарасы жағынан ҚЕҰС және АХС қолданудың әлемдік тәжірибесі бухгалтерлерге, аудиторларға және қызметкерлердің басқа санаттарына қазіргі заман бизнесінің осы немесе өзге операциясын дұрыс бағалауға және тиісінше оң және тиімді шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Бухгалегрлік есеп пен қаржылық қорытынды есспті, Халықаралық қаржылық есеп стандарттарының ҚЕҰС негізінде дүниежүзілік тәжірибеге енгізу, заманауилық нарықтық экономика жүйесіндегі бухгалтерлік есепке жаңаша көзқараспен қарауды талап етеді.

Әу баста меншік иелері бухгалтерлік есепті кәсіпорынның мүлкін түгендеп, сақталуын қадағалау үшін, ал кейіннен салық төлемдерін дұрыс есептеу үшін пайдаланған. Уақыт өте келе бухгалтерлік есеп одан да кеңірек функцияларды орындап, экономикалық көрсеткештерді бағалау мен зерделеу бағытында қолданыла бастады.

Бухгалтерлік есептің тәжірибесі, счеттардың кұрамы мен типтері, көрсеткіштерді корытындылап, салыстыру тәсілдері, есепті жүргізу формалары, екінші кезектегі мәселе болып саналады, себебі олар әр мемлекетте, салаларда, ұйымдарда әртүрлі болуы мүмкін. Сонымен қатар, бухгалтерлік есептің әдіснамасы, ұйымдар қызметі нәтижесінің қаржылық жағдайын бағалайтын стандарттарға сай қалыптасқан қаржылық қорытынды есептер бойынша анықталады.

«Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» ҚР Заңына сәйкес, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне арнап қаржылық есептің Ұлттық стандарттары белгіленген. Мемлекеттік ұжымдар мен ірі кәсіпкерлік субъектілері және аса ірі занды тұлғалар, жариялы кәсіпорындар ҚЕҰС міндетті түрде қолдануға тиісті.

Кәсіпкерліктің дамуына орай, бухгалтерлік ақпараттың басқару мен бақылау саласында және кәсіпкерлік қызметті талдаудағы рөлі арта түседі. Ондай ақпараттардың дер кезінде, сапалы және жоғарғы деңгейде дайындалуы, бухгалтерлердің кәсіби шеберлігіне тікелей байланысты.

Нарық жағдайында ұйымдардың қызметінің нәтижесі және қаржы жағдайы туралы ақпарат әртүрлі пайдаланушылардың көңіл қоятын мәселесі болып табылады. Барлық келісім-шарт жасаушылар негізделген шешім қабылдау үшін өз серіктері туралы дұрыс ақпарат алуға және пайдалануға тырысады. Сонымен қатар, ұйымдардың қызметінің нәтижесі туралы ақпаратты және олармен заңдылықтардың сақталуын тәуелсіз растау мемлекетке экономика және салық салу саласында шешім қабылдау үшін қажет. Аудиттің ақпараттық негізі де бухгалтерлік есеп боғандықтан әртүрлі ұйымдарды тексеретін аудиторлар қаржылық есеп берудің дұрыстығына аудиторлық дәлелдер және кепілдемелер, бизнес-жоспарлардың жобаларын, өндірісті жетілдіру, шығындар, қаржы жоспарларын жасау және қызметті басқарудың тиімділігін арттыру мақсатында басқа іс-шараларды жүзеге асыру тиянақты ақпаратын алу үшін тексерудің арнайы әдістері мен тәсілдерін қолдана білуі керек. Ол үшін бухгалтерлік есеп пен аудитті дамыту қажет.

Дипломдық жұмыстың мақсаты: қазіргі кездегі бухгалтерлік есеп және аудитті дамыту мәселелерін қарастыру және оны жетілдіру бойынша ұныныстар құрастыру.

Мақсатқа сәйкес мынадай міндеттер қойылды:

            бәсекеге қабілеттілік жағдайында өндірісті ұйымдастыру және оның келешектегі даму жолдарын қарастыру;

            кәсіпорын ресурстарының интенсивті және тиімді пайдалануын талдау және оларды бағалау;

            есеп және аудиттің халықаралық стандарттарын енгізу жағдайында бухгалтерлік есеп және аудитті ұйымдастырудың теориялық және методологиялық аспектілеріне шолу жасау;

            қазіргі кездегі бухгалтерлік есепті дамыту мәселелерін қарастыру және оқып-үйрену;

            аудитті халықаралық стандарттарға көшіруді ұйымдастыру негіздерін қарастыру және ұсыныстар беру.

Зерттеу объектісі болып ««Технические Масла - Қазақстан» Сауда үйі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бухгалтерлік есебі мен аудитін ҚЕ 2 ҰС жағдайында қарастыру болып табылады.

Теориялық және әдістемелік зерттеу негізі. Зертттеу барысында жұмыстың негізгі тұжырымдарын дәлелдеу құралы ретінде келесі ғылыми зерртеу әдістері алынды: ғылыми абстракция әдісі; талдау және синтез әдістері; индукция және дедукцияға байланысты себеп-салдар әдісі; салыстыру және модельдеу әдісі. Автордың көзқарасын дәлелдеу үшін әлеуметтік зерртеулерді түсіндіру үшін статистикалық әдістердің элементтері қолданды. Тәжірибе негізінде жинақталған зерртеулер қорытындылары, есеп беру қиыншылықтарын шешу үшін жасалған ұсыныстарда пайдаланды.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Ақпараттың бұрмалалануын төмендету мақсатында, БЕХС және ХАС сәйкес бухгалтерлік есептің тиімділігін арттыру үшін теореялық және әдістемелік нұскаулар кешенін ұсыну.

Зерттеуден алынған нәтижелердің тәжірибелік маңызы. Зерттеуден алынған нәтижелердің тәжірибелік мәні оның негізгі тұжырымы, нәтижелері және ұсыныстары бюджетпен түрлі салықтар және салықтық төлемдер бойын-ша есептесулер кезінде кеңінен қолдануға бағытталған.

Зерттеу нәтижесі дипломдық жұмыстың зерттеудегі біртұтас ұсыныстары және кепілдемелері оперативтік шешімдерін дайындау және өткізу жайында байланыс желісінің барлық дәрежелерінде басқару қызметкерлерге, бас бухгалтер және қаржыгерлер үшін тәжірибелік қызығушылығын білдіреді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. Бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың қазіргі кездегі жағдайы және кәсіпорынның шаруашылық қызметінің тиімділігін талдау

1.1 Бәсекеге қабілеттілік жағдайында өндірісті ұйымдастыру және оның келешектегі даму жолдары

 

Қазақстанның әлемнің барынша бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына ену стратегиясын жүзеге асырудың бірден-бір жолы бухгалтерлік есеп беру мен аудитті халықаралық стандарттарына көшіру және оны дамыту мәселелері. ««Технические Масла - Қазақстан» Сауда үйі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі осы стратегияны жүзеге асырушы қазақстандағы компаниялардың бірі. Компания өз қызметін 27.12.1994ж, Қазақстан Республикасының Азаматтык Кодексі (жалпы бөлімі), «Шаруашылык серіктестіктері туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 2 мамырдағы № 2255 Заңымен, 22.04.1998ж. «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен, «Қазақстан Респубдикасының кейбір заңнамалық актілеріне миноритарлық инвесторлардың құқыктарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикаеының 2007 жылғы               19 ақпандағы № 230 Заңымен жүзеге асырады.

Серіктестіктің жарғылық капиталы: 51 000 000 (елу бір миллнон) теңгеден тұрады. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылык капиталына салым ақша, бағалы кағаздар, заттар, мүліктік құқықтар, оның ішінде жер пайдалану құқығу мен интеллектуалдық кызмет нәтижелеріне кұқық және өзге де мүлік болу мүмкін.

««Технические Масла - Қазақстан» Сауда үйі» ЖШС 2005 жылы құрылғаннан бастап компанияның негізгі мақсаты Қазақстан Республикасының қалаларында дистребьютерлік сауда жүйесін дамыту. Яғни республикамыздың барлық қалаларындағы сауда орталықтарын өз өнімдерімен қамтамасыз ету.

Ұйымның серіктестіктері Финляндия  (Teboil), Ресей Федерациясы - ООО «ЛЛК –Интернешнл» (Лукойл), ААҚ «ГазпромНефть» Ресей Федерациясы, Украина (ААҚ АЗМОЛ), Узбекистан (Фергана) сияқты ірі мұнай компаниялары мен зауыттары.

««Технические Масла - Қазақстан» Сауда үйі» ЖШС Қазақстаннның Атырау, Қызылорда, Көкшетау, Сары-Ағаш, Тараз, Түркістан, Өскемен және Шымкент сияқты ірі қалаларында филиалдары бар республикадағы жалғыз компания. Әр филиал өнімді шығару мен өткізуге өзіндік ерекше әсерін тигізеді және ұйымның болашақта өркендеп дамуына өз үлестерін қосады.

Ұйымның әр филиалында көлемі 2000 тоннадан асатын, тауарды қабылдау - жіберу мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін сыйымдылығы әр түрлі цилиндрлер мен насостық жүйелер орналастырылған. Сұйық майларды сақтау және сату үшін арналған компанияның цилиндрлер паркінің көлемі – 5 286 текше метр. Қоймалардың алатын ауданы – 9 600 шаршы метр. Автопаркте 25 техника бар.

Компаниның өткізетін негізгі өнімдері:

            моторлы және трансмиссионды майлар;

            гидравликалы, индустриальды және энергетикалық майлар;

            пластикалық жаққыштар мен техникалық сұйықтықтар;

            мұнайхимия және жаққыш-салқындатқыш сұйықтықтар.

Ұйым сатып алушыларынан жіберілген тауарларды қабылдап алып, қоймада сақтауға мүмкіндігі бар және бұл іс-әрекет басқа компаниялар алдындағы даусыз артықшылықты білдіреді. Компанияның негізгі капиталы ««Технические Масла - Қазақстан» Сауда үйі» ЖШС жұмыс жасайтын қызметкерлер. Ұйым барлық қызметкерлері өздерінің компанияның жетістіктерімен бөлісіп, корпорациялық құндылықтарға өз үлестерін қосқандарын және ««Технические Масла - Қазақстан» Сауда үйі» ЖШС командасының бір бөлігі екенін мақтан тұтуына тырысады.

Компания басшылары әрбір қызметкердің жеке табыстарын мақұлдап қадірлейді, әрекетті және творчествалық жетістікерін мадақтайды. Компанияның кадырлық саясаты қызметкердің ұзақ перспективалы дамуына және жетілдіруіне есептелген. ««Технические Масла - Қазақстан» Сауда үйі» ЖШС кәсіпкерлікті жүргізу қағидасы негізінің бірі – қызметкерлерді тиімді басқару. Қазіргі таңда ««Технические Масла - Қазақстан» Сауда үйі» ЖШС – де Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарында ескерілген барлық әлеуметтік кепілдіктер көрсетілетін 90-нан астам адам қызмет етеді.

Компанияның бас кеңсесі Алматы қаласы, Фурманова көшесі, «Саркенд» бизнес орталығында орналасқан. Басқару құрылымы 1.1 сурете көрсетілген.

Ұйымның экономикасын жүргізуде шешімді қажет ететін сұрақтар туындайды. Олар:

             кәсіпорынның экономикасы қалай жұмыс жасауы қажет;

             тұтынушылармен және жабдықтаушылармен қалай жұмыс жасауы қажет;

             өз өнімін сату үшін делдалды араластыру қажет пе;

             жоғары өнімді еңбекті қалай ынталандыру керек;

             бәсекелес ортада қандай факторлар табысқа жетуге әсер етеді;

             өндірісті басқару жүйесі қандай болу керек және тағы сол сияқты.

Қателер мен байқау әдісі негізінде осынау көптеген сұрақтарға жауап табу қазіргі кезеңде тек кәсіпорынға ғана емес, сонымен бірге жалпы алғанда қоғамға да кері әсерін тигізеді және ол қымбатқа түседі.

Кәсіпорын экономикасын ары қарай көтеру мәселелерін табысты шешу үшін ресурстарды тиімді пайдалану қажеттігі; резервтер ашып, өндірісте пайдаланылмаған резервтерді өндірістік қызметте пайдалануы; интенсивті технологиялар енгізу арқылы, өндіріс басқаруының экономикалық әдістерін жетілдіру, техникалық прогрессінің дамуымен өндірістің негізгі құралдарының жағдайы және пайдаланылу деңгейіне және кәсіпорынның қажетті енбек ресурстарымен қамтамасыз етілуіне тәуелділігі күшейді. Кәсіпорынның жеткілікті еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуі олардың тиімді пайдаланылуын, еңбек өнімділігінің жоғары деңгейін, өнім көлемін жоғарылату және өндіріс тиімділігін көтеру үшін маңызды болып табылады. Кәсіпорын экономикасын көтерудің басты звеноларының бірі есеп болып табылады. Бухгалтерлік есеп әртүрлі басқару функцияларын орындау үшін ақпараттар дайындау.

Өндірістің бухгалтерия бөлімі есеп және талдау жұмыстарымен айналысады. Бухгалтерия жұмысын бас бухгалтер басқарады және ұйымдастырады.

Кәсіпорын бухгалтерлік есептің автоматтандырылған түрін қолданады. Орындалатын операциялар алғашқы құжаттармен хатталады. Олардың түрлері бір ізге салынған, стандартталған және автоматты өңдеуге бейімделген. Құжаттардың бухгалтерлік есептің журнал-ордерлік және автоматтандырылған регистрларының түрлері белгіленген тәртібі бойынша бекітілген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2 Кәсіпорын ресурстарының интенсивті және тиімді пайдалануын талдау және оларды бағалау

 

Шаруашылық субъектісінің қаржылық жағдайы – бұл оның қаржы бәсекелестік қабілеттігінің  сипаттамасын (яғни төлем қабілеттілігі), қаржы ресурстары мен капиталды пайдалану, мемлекет алдында және және басқа да шаруашылық субъектілерінің алдында өз міндеттемелерін орындау. Шаруашылық субъектісінің қаржылық жағдайын талдаудың келесі түрлерін жүргізеді: табыстылық пен рентабельділік; қаржылық тұрақтылық; несие қабілеттілігі; капиталды пайдалану; валюталық өзін-өзі өтеу. Осы берілген түсініктерге сүйене отырып, біз бұл ұғымды былай анықтауды ұсынамыз: Кәсіпорының қаржы жағдайы осы кәсіпорынның белгілі бір кезендегі қаржылық тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізу мен өзінің қарыз міндеттемелерін уақтылы өтеуі үшін қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуін көрсетеді. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы – бұл тәуелділіктің мүмкін болатан деңгейінде төлем қабілеттігі мен несие қабілеттігін сақтай отырып, табысты өсіру негізінде қаржыны тарату мен пайдалану арқылы кәсіпорынның дамуын көрсететін қаржы ресурсының жағдайы. В.Г. Артеменко бұл ұғымды былай түсіндіреді: «Қаржылық тұрақтылық – бұл табыстың шығыннан тұрақты дәрежеде артуы [1].

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылық жағдайына көптеген факторлар әсер етеді:

            пайда болу орнына байланысты – ішкі және сыртқы;

            нәтижесінің маңыздылығына байланысты – негізгі және негізгі емес;

            құрылысы бойынша – қарапайым және күрделі;

            әрекет ету уақыты бойынша – тұрақты және уақытша;

Ішкі факторлар кәіпорының өзінің жұмысын ұйымдастыруына байланысты болады, ал сыртқы факторлар кәсіпорын еркіне бағынышты емес. Кәсіпорының қаржылық тұрақтылығына әсер ететін мынадай ішкі факторларды атап көрсетуге болады:

            кәсіпорының салалық топқа жатуы;

            шығарылатын өнімнің (жұмыс, қызмет) құрылымы және оның төлем қабілеттілігі бар сұраныстағы үлесі;

            төленген жарғылық капиталдың мөлшері;

            шығындардың көлемі, оладың ақшалай табыспен салыстырғандағы динамикасы;

            қорлар мен резервтерді, олардың құрамы мен құрылымын қоса алғандағы мүлік пен қаржы ресурстарының жағдайы;

            кәсіпорындарды басқару тиімділігі.

Сонымен қатар, кәсіпорынның өндірілетін өнім және өндіріс технологиясымен тығыз байланысқан қаржылық жағдайының маңызды факторларының бірі – активтердің құрамы мен құрылымы, сондай-ақ кәсіпорынның басқару стратегиясын дұрыс таңдап алуы болып табылады. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі қаржылық есеп беру болып табылады. Кәсіпорынның негізгі қаржы және экономикалық көрсеткіштерін бағалау, талдау жүргізу үшін аналитикалық 1.1 кестені құрамыз, ол үшін 2008-2009 жылдардағы жылдық есеп беру мәліметтерін пайдаланамыз.

Кесте 1.1

2008-2009жж. ««Технические Масла - Қазақстан» Сауда үйі» ЖШС

қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері

 

Р/с

Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

Іс жүзінде

Ауытқу

(+;-)

2008ж.

2009ж.

1.

Өткізілген өнімнен (қызмет, жұмысы) түскен табыс

мың тг.

1813802,2

1824529,2

+10727,0

2.

Өткізілген өнімнің өзіндік құны

мың тг.

1588265,7

1657216,4

+68950,7

3.

Жалпы пайда

мың тг.

225536,5

167312,8

-58223,7

4.

Өзге кірістер

мың тг.

11770,5

7210,0

-4560,5

5.

Мерзімдік шығындар, оның ішінде:

мың тг.

250681,7

252587,4

+1905,7

5.1

Жалпы және әкімшілік

мың тг.

172311,4

190525,7

+18214,3

5.2

Өнімді өткізу бойынша

мың тг.

78370,3

62061,7

-16308,6

6.

Салық салынғанға дейінгі пайда

мың тг.

-13375,2

-78064,6

+91439,8

7.

Бөлінбеген пайда (жабылмаған зиян)

мың тг.

-14405,4

-78064,6

+91439,8

8.

Еңбек ақы қоры

мың тг.

6399,4

6439,8

+40,4

9.

Қызметшілердің орташа тізімдік саны

адам

95

93

-2

10.

Бір қызметкердің орташа жылдық жалақысы

мың тг.

67,4

69,3

+1,9

11.

Негізгі құралдардың орташа жылдық құны

мың тг.

45698,0

31342,2

-14355,8

12.

Қор қайтарымы

теңге

39,7

58,2

+18,5

13.

Қор сыйымдылығы

теңге

0,025

0,017

-0,008

14.

Қормен қарулану

теңге

481

337

-144

 

1.1 кестеде көріп отырғандай, ««Технические Масла - Қазақстан» Сауда үйі» ЖШС 2009 жылғы көрсеткіштерді 2008 жылмен салыстырғанда өткізілген өнімнен (қызметтен, жұмыстан) түскен табыс 10 727,0 мың теңгеге (18 24 529,2 – 1 813 802,2) артқан. Бұдан, өткізілген өнімнің өзіндік құны 68 950,7 мың теңгеге (1 657 216,4 – 1 588 265,7) артты. Бұған қарамастан, жалпы пайда         58 223,7 мың теңгеге (167 312,8 – 225 536,5) төмендеді. Оған себеп болған, мерзімдік шығындардың 1 905,7 мың теңгеге (252 587,4-250 681,7) артуы, әсіресе оның ішінде жалпы және әкімшілік шығындардың 18214,3 мың теңгеге (190 525,7-172 311,4) артуы өз әсерін тигізді. Өзге кірістер осы жылы өткен жылмен салыстырғанда 4 560,5 мың теңгеге төмендеген. Салық салынғанға дейінгі пайда зиян көрді – 85 274,6 мың теңге.

Еңбек ақы қоры 40,4 мың теңгеге (6 439,8 – 6 399,4) өскен. Себебі, бұл көрсеткіш біріншіден, тікелей өткізген өнім көлеміне байланысты, ал екіншіден 2009 жылы орташа тізімдік саны 2 адамға азайған. Бұл көрсеткіш сонымен қатар, орташа жылдық жалақының 1,9 мың теңгеге көбеюіне өз әсерін тигізді.

Негізгі құралдардың орташа жылдық құны 2009 жылды 2008 жылмен салыстырғанда 14 355 мың теңгеге (31 342,2-45 698,0) төмендеген, бұл негізгі құралдардың тозуымен байланысты.

Қор қайтарымы, қор сиымдылығы және қормен қарулану – бұл негізгі құралдардың тиімді пайдалануын көрсететін басты көрсеткіштер. Қор қайтарымы 2008 жылы 39,7 теңге (1 813 801,2:45 698,0), ал 2009 жылы          58,2 теңге (1 824 529,2:331 342,2), яғни 18,5 теңгеге артты. Қор сиымдылығы өткен жылмен салыстырғанда 0,008 теңгеге төмендеген, осыған байланысты қормен қарулану да 144 теңгеге төмендеген.

Негізгі құралдардың қор қайтарымдылығы мен айналым жылдамдығы неғұрлым жоғары болса, өнімнің 1 теңгесіне шаққандағы шығындар мен экономикалық элементтері бойынша өндірістік құралдардың табыстылық деңгейі де соғұрлым жоғары болады.

Қызмет көрсетуден түскен кіріске әсер ететін факторларды үш топқа бөлуге болады:

            еңбек ресурстарының тиімді пайдалануы;

            материал ресурстары және оларды тиімді пайдалану;

            негізгі құралдардың тиімді пайдалануы.

Еңбек ресурстарының тиімді пайдалануын талдау келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:

            кәсіпорынның еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуіне және жұмыс күшінің қозғалысына баға беру;

            жұмыс уақытының тиімді пайдалануына баға беру;

            еңбек өнімділігі көрсеткіштерін қарастыру;

            еңбек ақы қорын талдау.

Өндірістік процесстің үздіксіздігін қамтамасыз ететін негізгі шарт -еңбек ресурстарын ұтымды пайдалану.

Негізгі қызметтің персоналы екіге бөлінеді:

            қызметкерлер, оның өзі үшке бөлінеді: басшылар; мамандар; басқа да қызметкерлер.

            жұмысшылар.

Қызмет көрсетуден түскен кірістің өзгеруіне әсер еткен бірінші топ факторларын, яғни еңбек ресурстарының тиімді пайдалануын қарастырамыз. Ол үшін 1.2 кестені құрамыз.

Кесте 1.2

2008-2009жж. ««Технические Масла - Қазақстан» Сауда үйі» ЖШС

еңбек ресурстарының тиімді пайдалануын талдау

 

Р/с

Көрсеткіш

Өлшем бірлігі

Іс жүзінде

Ауытқу (+;-)

2008ж.

2009ж.

1.

Өнім өткізуден түскен кіріс

мың тг.

1813802,2

1824529,2

+10727,0

2.

Қызметшілер саны

адам

95

93

-2

3.

Бір қызметшінің орташа жылдық еңбек өнімділігі

мың тг.

19092,7

19618,6

+525,9

 

1.2 кестеде көріп отырғандай, ««Технические Масла - Қазақстан» Сауда үйі» ЖШС 2009 жылғы көрсеткіштерді 2008 жылмен салыстырғанда бір қызметшінің орташа жылдық еңбек өнімділігі 525,9 мың теңгеге (19 618,6-19 092,7) артты. Себебі, өткізілген өнімнен (қызметтен, жұмыстан) түскен табыс 10 727,0 мың теңгеге (1 824 529,2 – 1 813 802,2) артқан.

Кәсіпорында материалды пайдаланудың ішкі және сыртқы жолдары қолданылады. Ішкі фактор материалдық ресурстардың жабдықтаушылардан келіп тусуі, шикізат қалдығын анықтау, материалдарды өз өндірісінде қолдануды қарастырады. Сыртқы факторлар материалдық ресурстар қорларының өзгеріп отыруына байланысты қалыптасады.

Матераилдық ресурстарды талдау барысында:

            материалдық ресурстарды жабдықтау бойынша келісім шарттардың болуын талдау;

            матераилдық ресурстар қалдығын талдау;

            материалдық ресурстарды тиімді пайдалану болып табылады.

Материал ресурстарының тиімді пайдалануын сипаттайтын көрсеткіштер, ол материал сиымдылығы, материал қайтарымдылығы. Материал сиымдылығы, материал қайтарымына, олардың динамика бойынша өзгеруіне әсер етуіне баға беру үшін 1.3 кестені құрастырамыз.

Кесте 1.3

2008-2009жж. ««Технические Масла - Қазақстан» Сауда үйі» ЖШС

материал ресурстарын тиімді пайдалануын талдау

 

р/с

Көрсеткіштер

Өлш. бірлігі

Іс жүзінде

Ауытқу

(+;-)

2008ж.

2009ж.

1.

Өнім өткізуден түскен кіріс

мың тг.

1813802,3

1824529,2

10726,9

2.

Материал шығындары

мың тг.

1588265,7

1657216,4

68950,7

3.

Материал қайтарымы

тг.

1,14

1,1

-0,04

4.

Материал сыйымдылығы

тг.

0,87

0,9

0,03

Қазіргі кездегі бухгалтерлік есепті және аудитті ұйымдастыру