Қазіргі студенттердің құндылық бағыттануы

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚАЗІРГІ СТУДЕНТТЕРДІҢ  ҚҰНДЫЛЫҚ БАҒЫТТАНУЫ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мазмұны

 

 

Кіріспе-----------------------------------------------------------------------------------------3

 

1. Жалпы адамзаттық құндылықтар  мен құндылықты бағыт-бағдарлар.

1.1 «Құндылық» ұғымының анықтамалары--------------------------------------------6

1.2 Білім жалпыадамзаттық құндылық  ретінде---------------------------------------15

 

2.Психология ғылымындағы құндылықтар мәселесі.

2.1 Студенттердің құндылықтарының дамуы-----------------------------------------23

2.2 Құндылықтар  және олардың қоғаммен мен адам өміріндегі рөлі-------------31

2.3Студенттердің мәдени құндылық бағыттануы ------------------------------------38

 

 

3. Студенттердің кәсіби құндылықтарының дамуын эксперименттік

 Зерттеу-----------------------------------------------------------------------------------------46

 

Қорытынды------------------------------------------------------------------------------------56

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі---------------------------------------------------------58

Қосымшалар-----------------------------------------------------------------------------------60

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

           

Қазақстан Республикасының нарықтық қатынастары мен бәсекелестіктің  өсуіне байланысты болып жатқан әртүрлі  өзгерістер білім беру жүйесіне қойылатын  талаптарды өзгертеді. Біздің мемлекетіміздің  дамуының негізгі бағыттары «Қазақстан-2030»стратегиясында сипатталған. Ол стратегияның жүзеге асуы үшін білімді, шыншыл, ақылды, дені сау, адами қасиеттері жоғары мамандар керек. Қазақстан Президенті Н.А. Назарбаев «Қазақстанның артықшылығы - халық сапасы, адам ресурстары... Біз өзіміздегі баға жетпес капиталды дамытып және сол дамуға жаңа да, өркениеттік жағдайлар туғызуымыз қажет», -деп тұжырымдайды. Қазіргі таңда Білім беру мәселелері жалпы әлемдік қоғамдастықтың өзекті мәселелердің бірі болуы өркениет дамуының білім беру сапасымен байланысында болып отыр. ҚР «Білім беру» мемлекеттік бағдарламасында білім беруді жетілдіру мен оқыту процесіне жаңа ақпараттық технологияларын енгізу арқылы сапалы кәсіби мамандарды даярлауды қамтамасыз ету мәселесі қарастырылған.

  Қазіргі жағдайда жоғары мектеп дамуында уақыт талабына сай жоғары білікті маман даярлайтын оқыту әдістерін өңдеу, болашақ кәсіп иелерін тәрбиелеу  маңызды жағдайлардың бірі болып отыр. Болашақ  мамандарға қойылатын мақсат-міндеттердің күннен-күнге өсуі жоғарғы оқу орнындағы оқу процесінің тиімділігін арттыру үшін  үлкен ізденіс пен шығармашылық қалыптасу жолын талап етеді. Сондықтан да, студенттердің жоғарғы оқу орнына бейімделуі мен кәсіби құндылықтарының дамуы процесіндегі қиындықтарға көп көңіл бөлу, оған мейлінше үлкен мән беру студенттің маман ретінде қалыптасуына, дамуына, болашақ іс-әрекетінің тиімділігіне ықпал етеді. Сол үшін кәсіби құндылықтары процесінің жалпы және нақты сұрақтарын шешу ғылыми дәлелдеуді қажет етеді. Осы ғылыми дәлелдеу кезінде кәсіпке бейімделу процесінде тұлғаның кәсіби мәнді құндылықтықтарының дамуын зерттеу қажеттілігі туындайды.

Адам өміріндегі кәсіп таңдау, мамандықты меңгеру, кәсіпке бейімделу мәселесі үлкен орын алады. Кәсіпке бейімделу  мәселесін Т.Н. Вершина,             И.К. Кряжева, М.П. Будякова, А.А. Русалина, Л.М. Митина және т.б көптеген ғалымдар қарастырған. Олардың айтуынша, кәсіпке бейімделуге дайындық, яғни оқу процесі кезінде кәсіпті меңгеру кезеңі мен жас маманның жұмыс ортасына қосылуы, өндірістік практика кезіндегі іс-әрекеті негіз болады. Студент кәсібін меңгеру, кәсіби қалыптасуы кезінде өмірлік, кәсіби жоспарларды өзгертеді, жетекші іс-әрекеттері ауысады, тұлға құрылымының қайта құрылу процесі жүреді. Сонымен қатар, Т.А. Кухарева, И. Калайкова,                                     Ю.А. Александровский, М.И Дьяченко және П.А. Кандыбович еңбектері жоғарғы оқу орындарында кәсіпке бейімделу себептері мен қиындықтарын зерттеуде ерекше орын алады.

       Болашақ мамандардың тұлғалық қасиеттерінің дамуында құндылықтық бағдарлардың тигізетін әсерін бір сөзбен айту қиын. Сондай-ақ, құндылық бағдарлар ең алдымен кәсіпке бейімделумен тығыз байланысты. Жалпы алғанда, құндылықтық бағдарлар белгілі бір кәсіпке бейімделуге оң және теріс ықпалын тигізеді. Студенттердің ұмтылған құндылықтары мен оның кәсіпке бейімделуі арасында үйлесімділік, байланыс болуы керек.

       Бұл мәселені зерттеген В.А. Ядов, Г.М. Андреева, Г. Хайду, Б.С. Круглов, А.В. Петровский, С.Г. Якобсон және т.б. ғалымдарды ерекше атап кетсек болады. Олардың айтуынша, кәсіпке бейімделудегі құндылықтық бағдарларды қалыптастыру мақсатында оқытушылардың біліктілігі мен тәжірбесіне зор мән беру қажет деп тұжырымдайды. Кәсіби бейімделу мәселесін қарастырған С.М. Жақыпов, Ж.Ж. Бейсенова, Э.Қ. Қалымбетованың және т.б. қазақстандық ғалымдарымыздың еңбектерін атап өткеніміз жөн.

       Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазіргі кезде кез-келген кәсіп орасан зор әлеуметтік мәнге ие, болашақ маман иелеріне қойылатын мемлекеттік дамуын қамтамасыз ететін мамандықты игеру кезіндегі жауапкершілік әрқашан бірінші орынға шығады. Зерттеу тақырыбының өзектілігі болашақ мамандардың кәсіпке бейімделуіндегі құндылықтарының дамуы мәселелерінің жүйелік сипатымен негізделеді. Студенттердің құндылықтарын зерттеуде кәсіпке бейімделуді қарастыру жағдайы өте маңызды, себебі ол тұлғаның өмір бойы қалыптасатын негізгі жағдайларының бірі, әрі тұлғаның өмірлік даму жолдарына әсер етеді. Психология ғылымында кәсіби бейімделу процесін, кәсіби құндылықтарының дамуындағы студенттердің тұлғалық ерекшеліктерін, жоғарғы оқу орнындағы оқу процесінің спецификасын зерттеу ерекше мәнге ие бола тұрса да, бұл мәселе әлі күнге дейін толық қанды зерттелінбеген. Сондықтан, студенттердің кәсіпке бейімделуіндегі кәсіби мәнді құндылықтықтарының дамуын заман талабына сай зерттеуді, жүйелеуді қажет етеді. Осыған байланысты, біздің зерттеуіміздің негізгі мәселесі туындайды. Студенттердің кәсіпке бейімделуіндегі кәсіби құндылықтарының дамуын зерттеу жастық  динамиканы тереңірек түсінуге және жастық, кәсіби дағдарыстардың болу критерийлерін анықтауға әсер етеді. Қоғам тарапынан болашақ мамандарға қойылатын талаптардың өсуімен тақырыптың өзектілігін тығыз байланыстыруға болады.

       Студенттердің кәсіпке бейімделуі кезіндегі аса маңызды құндылықтардың мамандықты игеру кезінде қандай орын алады деген сұрақтарға жауап беру теориялық- эксперименттік тұрғыдан зерттеу қажеттілігін тудыра отырып, бұл мәселенің өзектілігін анықтайды.

       Зерттеу мақсаты - студенттердің құндылықтарының дамуын анықтау және зерттеу.

Зерттеу мақсатына сәйкес, келесі міндеттер қойылады:

  • тұлғаның құндылықтықтары дамуынының ерекшеліктерін теориялық тұрғыда зерттеу;
    • кәсіби құндылықтық бағдарлардың даму шарттарын талдау;
    • кәсіби құндылықтық бағдарлар дамуын айқындайтын әдістемелік кешен жасау;
  • студенттердің кәсіби құндылықтықтары дамуын диагностикалық тұрғыда зерттеу нәтижелерін анықтау;                                                                                                                                                                                                                            

       Зерттеу пәні – студенттердің құндылықтарының дамуы.

      Зерттеу обьектісі – студенттердің құндылықтары.

       Зерттеудің жаңалығы: студенттердің құндылықтық бағдарларының дамуы теориялық талдау негізінде зерттелінді; кәсіби мәнді құндылықтар дамуының критерийлері мен көрсеткіштері нақтыланды; кәсіби құндылықтардың даму ерекшеліктерін айқындайтын әдістемелік кешен беріліп, эксперименттік зерттеу негізінде тиімділігі дәленденді; 

       Зерттеудің болжамы: егер, жоғарғы оқу орнындағы болашақ мамандардың кәсіби мәнді құндылықтарының дамуы анықталса, онда кәсіби іс-әрекет ерекшеліктерінің мәні мен жеке даралық кәсіби өсуі жүзеге асады. 

       Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері. Зерттеуде                     П.С.Кузнецовтың әлеуметтік-психологиялық бейімделу факторларын қарастыру идеясы, Д.А. Леонтьев, Е.В. Шелобанованың кәсіпті таңдау мәселесі туралы ойлары, М.И. Дьяченко, П.А. Кандыбовичтің оқу процесінде кәсіби қызығушылықтарды қалыптастыру идеясы, Е.А. Климовтың кәсіпке бейімделу кезеңдерінің ерекшеліктерін сипаттайтын идеясы және С.М. Жақыповтың бірлескен-диалогтық танымдық іс-әрекет жөніндегі идеясы басшылыққа алынды.

       Зерттеуде қолданылған әдістер. Қойылған мақсаттарға байланысты зерттеу әдістерінің жүйесіне студенттердің кәсіби құндылықтық бағыттарын анықтау үшін психологиялық және педагогикалық әдебиеттер және әдістемелік құралдарды теориялық талдау; модификацияланған мамандыққа қатынас сұрақтамасы; құндылықтық бағдарларға арналған М. Рокичтің құндылықтық бағдарлар әдісі; студенттердің кәсіби іс-әрекеттегі қызығушылықтарының құндылық компоненттерін зерттеуге бағытталған бірнеше позициядан тұратын сауалнама әдістер қатары кірді.

       Зерттеудің теориялық маңыздылығы. Зерттеу барысында жасалынған студенттердің кәсіби мәнді  құндылықтарының даму ерекшеліктері туралы тұжырымдамалар психологиялық білімдерді толықтырады. Кәсіби  құндылықтық бағдарлардың дамуы ұйымдасқан-нормативті, әлеуметтік-психологиялық шарттармен қамтамасыз етілген білім беру ортасында жүзеге асады. Осы ерекшеліктердің есепке алынуы жоғарғы оқу орнындағы даярлану процесін ұйымдастырудың мәні мен мазмұнын ашады. Кәсіби мәнді құндылықтық бағдарлар тұтастық тұрғыда зерттелініп, теориялық ережелерді толықтырды.

Зерттеудің практикалық маңыздылығы. Алынған теориялық қортындылар мен практикалық нұсқауларды кәсіби бағдар, оқу-тәрбие жұмыстарында, психодиагностикалық, кеңес беруде қолдануға болады.

Зерттеу базасы. Семей мемлекеттік педагогикалық институты  және «Қайнар Семей университетінің «Педагогика және психология» мамандығының 1;3 курс студенттері.

Жұмыстың құрылымы: жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды, пайдаланылған әдебиет тізімі және қосымшадан тұрады.

 

1. Жалпы адамзаттық  құндылықтар мен құндылықты бағыт-бағдарлар 

1.1 «Құндылық» ұғымының анықтамалары

 

Тұлға мəдениетінің негізі оның жалпы  адамзаттық құндылықтарға қатынасынан  көрінеді. «Құндылық» термині болмыстың  белгілі құбылыстарының адами, əлеуметтік жəне мəдени мəн-мағынасын білдіру  үшін қолданылады. Адам қызметіндегі заттар, қоғамдық қатынастар жəне олар қамтыған табиғат құбылыстары құндылықты қатынастар нысандары ретінде танылған бағалы заттар сипатында іс-əрекетке қосылады, яғни бұлардың бəрі де жақсылық пен жамандық, шындық пен жалғандық, əсемдік пен ұсқынсыздық, əділдік пен əділетсіздік жəне т.б. тұрғысынан пайымдалады. Белгілі құбылыстарды бағалауға негіз болған тəсілдер мен өлшем-шектер субъектив баға түрінде қоғамдық сана мен мəдениетте бекиді де адам əрекетін бағыттаушы құралдарға айналады. Қалыпты тəртіптік ұғым формасына енген мұндай құралдар түрі: ұстанымдар жəне бағалар, бұйрықтар мен шектеулер, мақсаттар мен жобалар.

Адам өмірінің өзегі –  құндылықтар, ал басқа мақсаттар оған жеткізетін баспалдақтар ғана. Осы қағидаға сүйенсек, қоғамның жаңару кезіндегі жаңаша көзқарастардың бірі – құндылық бағдар.

           Қазіргі таңда ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық мәдениет пен тарихымыздың дамып, өркендеуі, халқымыздың рухани бай мұрасын және салт-дәстүрлерін қастерлеу – еліміздің дүниежүзілік өркениеттегі егемендігін, дербестігін дәлелдейді. Осы өркениетті елдер қатарына қосылуға ықпал ететін болмыс – адам болып саналады.

      Болашақтың адамы – парасатты, иманды, елгезек те, қаракетшіл адам; ол адамның мәндік күшінің шын бірлігінің мұратын, оның рухани және тәндік кемелдігінің мұратын бейнелейтін салиқалы, жан-жақты дамыған тұлға.     Құндылықтар  мәселесі қазақ халқының сонау көне замандағы сақтардың, ғұндардың, түркілердің ұрпағы екенін бүгінгі Қазақстан жерінен табылған археологиялық байлықтар, көне мәдени жазбаларынан өзінің бастауын алып, шығыстың ұлы ойшылдары Қорқыт ата,  Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Қожа Ахмет Ясауи, Мұхамед Хайдар Дулати, Қадырғали Жалайыри және т.б. шығармаларында орын алған, тәлім-тәрбиелік тағылымдарымен ұштасып, мәңгі сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа рухани мұра ретінде жалғасып келеді. Осыған орай, бүгінгі таңда салауатты өмір салты ұлттық идеяға да айналуы тиіс мәселе. Өйткені қазақ халқында бұл идеяға негіз болатындай Қазақ хандығы тұсында өмір сүрген белгілі ойшыл Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баяны», Құртқа Сұлтанқожаұлының тәлімдік мұрасы, ұлттың генетикалық тазалығын сақтау үшін жеті атаға дейін қыз алыспауға тиым салған «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» заңдары және Тәуке ханның «Жеті жарғысы». [16]

       Біздің зерттеуімізге қажетті ұғымның бірі – құндылық. Қазақстан Ұлттық энциклопедиясында: «құндылық» - обьектінің жағымды немесе жағымсыз жақтарын білдіретін философиялық-социологиялық ұғым. Құндылық ұғымына тұңғыш философиялық анықтаманы Р.Лотце мен Г.Коген берді. Ежелгі философиялық көзқарастарда құндылықтың әртүрлі көріністеріне жататын және табиғи, қоғамдық құбылыстарды, адамның іс-әрекетін бағалауда пайдаланылатын сұлулық, қайырымдылық, мейірімділік секілді этикалық және эстетикалық ұғымдар қолданылды.

   Психологиялық сөздікте: «құндылық» түсінігі коғам үшін әлеуметтік-тарихи маңызы бар, «жеке адам» өмірінің болмысын анықтайтын құбылыс. Басқа жағынан, психологияда құндылық - қоғамдағы моральдық қарым-қатынас. [32]

    Философтар, әлеуметтанушылардың зерттеу объектісі – адам болғандықтан, олар осы мәселені зерттеумен айналысуға үлкен мән беруде. Мәселен, философ Қ.Әбішев «адам – жоғары құндылық,  ол  өздігінен-ақ дербес өзіндік құндылық бола алады,   өйткені, адам құндылығы өзінде ғана ұсталады. Бұл мүмкіндік тек қана адамда бар. Адам осы мүмкіндікті іс-әрекет арқылы жүзеге асырады»-дейді. Әлеуметтанушы Б.Ерасов – «құндылықтардың пайда болуы, адамның қажеттілігін қанағаттандыратын іс-әрекет, бұл белгілі бір мақсатта жүреді»  - дейді. [1]

«Құндылық» дегеніміз – адамның өмір тіршілігі барысында жеке қызығушылығы мен қажеттілігінен туындайтын, яғни оны жоғары қоятын бағалы, құнды нәрселер жиынтығы (жеке және әлеуметтік қызығушылығы). 

Заттай жəне субъективті  құндылықтар адамның өзін қоршаған дүниеге болған құндылықты қатынастарының екі қарама-қарсы  шегін аңдатады. Адам іс-əрекеті құрылымындағы құндылықты тараптар танымдық жəне еріктік құндылықтармен өзара тығыз байланысқан.

Əрбір тарихи нақты қоғамдық құрылым  өзіне тəн құндылықтар жиынтығымен  ажыралады. Ал одан түзілген жүйе əлеуметтік реттеудің аса жоғары деңгейі сипатында көрінеді. Бұл жүйеде қоғам не əлеуметтік топ мойындаған өлшем-шек, талаптар белгіленеді. Тұлғалық деңгейде меңгерілген бұл талаптар тұлға қалыптастырудың негізіне алынып, қоғамды қалыпты тəртіпте ұстауға жəрдемдеседі.

Қоғам өмірінің кезеңдерінде құндылықтар  жүйесі өзгеріске түсіп, ауысып барады. Құндылықтар өзіне тəн ерекшеліктерге ие. Олардың кейбірі тарихтың қай  кезеңінде де өз маңызын жоймайды. Мысалы, ежелгі дүниенің тарих сахнасында өшкенімен, онда мұрат етілген эстетикалық құндылықтар əлі күнге дейін өз маңызын жоғалтқан жоқ. Ортағасырлық ағару  дəуіріндегі гуманистік, демократиялық идеялар бүгінгі заман қызметіне жарауда.

Қоғамдағы құндылықты қатынастардың  аса маңызды элементтерінің бірі – құндылықты бағыт-бағдар.

Құндылықты бағыт-бағдар – бұл  стратегиялық өмір мұраттары жəне жалпы  дүниетанымдық алғы шарт ретінде  танылған құндылықтардың адам санасында  бейнеленуі. Қалыптасқан, тұрақты құндылықтар  бағыттарының жиынтығы тұлға тұрақтылығын, қажеттер мен қызығулар бағдарында көрінген əрекет-қылық жəне іс-əрекет типтерінің өзара байланыса, ұштасуын қамтамасыз етеді. Осыдан, құндылықты бағыт тұлға себеп-түрткілеріне себепші, реттеуші маңызды фактор ретінде іске қосылады. Құндылықты бағыт-бағдарлардың негізгі мазмұны – адамның саяси, дүниетанымдық, адамгершілік наным-сенімдері, терең əрі тұрақты бейімділіктері, қылық-əрекет, мінез принциптері. Осыдан, қай қоғамда да тұлғаның құндылықты бағыт-бағдары тəрбие жəне мақсатты ықпал жасау нысаны ретінде қарастырылады. Олар арқылы еріктік күш салу, зейін, ой-өріс бағдарлары анықталады.

Құндылықты бағдардың дамуы - тұлға  кемелінің белгісі, оның əлеуметтенуінің  көрсеткіші, құндылықты бағыттардың  тұрақты бірлігі тұлғаның келесідей  сапаларының дамып, орнығуына себерші болады: тұлғаның тұтастығы мен сенімділігі, белгілі мұраттар мен принциптерге адалдық, осы мұраттар мен принциптерді іске асыру жолында ерік күшін аямауға қабілеттілік, өмірлік ұстанымдарға орай белсенділік, мақсатқа жетуде табандылық пен өжеттік.

Құндылықты бағыттар арасындағы қайшылықтар  əрекет-қылық пен мінездегі тұрақсыздықты  туындатады. Құндылықты бағыт-бағдардың  мешеуленуі адамның селқостығы мен  енжарлығына себепші болады.

Бүгінгі күнде əлем елдерінде  əрқилы құндылықтар жүйесі қабылданған. Осы заманғы гуманистік педагогика олардың арасында жалпы адамзаттық келесідей құндылықтарды аса маңыздылар қатарында алға тартады: адам құқы, адамды ең жоғары құндылық ретінде тану, бала тұлғасы мен оның қадіріне құрмет; бала еркіндігі мен даму құқын қорғау; білім жəне тəрбиедегі демократиялық принциптерді берік ұстану.

Адам құқы жəне еркі – жалпы  адамзаттық құндылық, себебі олар адамзаттың жалпы мүдделерін танытады, əрқилы халықтардың, діндер мен дəуірлердің  рухани мұраттарын жақындатады əрі  туыстырады. Барша халықтар туындыларын сыйлауға, бағалау мен қорғауға үйрену – бұл ұлттық жəне ұлтаралық ынтымақтың белгісі ретінде қабылданған жалпы адамзаттық құндылықтарды сезіну жəне қабылдау нышаны.

Бүгінгі Қазақстандық қоғамда құндылықты бағыттар қатарында ұлтжандылық, отаншылдық сезімдері, яғни өз халқымызды, оның салт-дəстүрін, тілін, мəдениетін, əдеттерін, туған ел табиғатын құрметтеп білу- жоғары маңызға ие болып отыр. Сонымен бірге əрбір адам үшін жоғары құндылық – бұл өмір, тіршілікке болған қамқорлық, гуманистік қатынастар негізі - əр адамның өз басын сыйлауы, өз адамгершілік сапаларына болған құндылықты қатынас; ата-ананы, туған-туысқанды, отбасы, бала-шағаны ардақ тұту, табиғатты аялау жəне ең жоғары инабатты құндылық ретінде еңбекті қадір ету.

Жалпы адамзаттық құндылықтар арасында ұлттық құндылықтар шегерілмейді. Керісінше, осы ұлттық құндылықтар арқылы көрінеді. Алғашқыда осы ұлттық формада көзге түскен қайталанбас соны жетістіктер уақыт өте жалпы адамзаттық құндылыққа өтеді. 

Қоғамдағы азаматтық, гуманистік құндылықтардың бекуі, өз міндеттері мен құқықтарының өзара тəуелділігін сезінуші əрі азаматтық ұстанымы бар ерікті тұлғаны қалыптастыру көбіне тəрбие жəне оқу жүйесіне байланысты. Заман ерекшелігін ескерумен түзілген құндылықты бағыттардың дамуынан əр адам өзін планета азаматы, əлем адамы санатында сезінуге мүмкіндік алады.

Жалпы адамзаттық құндылықтарды  түсіне танудың негізі қоғамға бағытталған  идеялардың, сезімдердің, ұғымдардың қалыптасуына; ұлттық жəне жалпыадамзаттық құндылықтарды  байланыстыра білуге; қоғамға жəне басқа адамдарға болған қатынастарға орай құқы мен міндеттерін зерттеп тануға; азамат құқы мен міндеттерінің бірлігін түсінуге; азаматтық мінез-құлық пен сезімдерді тəрбиелеуге; пікір жүргізу еркіндігінің дамуы мен көңіл-күй ортақтығын сезінуге жəне т.б. орайлас келеді.

Жалпы адамзаттық құндылықтарға  бағыт-бағдар тəрбие мазмұнының ажыралмас  бір бөлігі.

Соңғы педагогикалық зерттеулерде «тұлғаның базалық мəдениеті» түсінігі қабылданған. Адамның іс-əрекеті  барысында жүзеге келетін білімдер, ептіліктер, дағдылар, ой-өріс, адамгершілік жəне эстетикалық даму деңгейі, ортақтасу əдістері мен формалары - бəрі қосылып, «тұлғаның базалық мəдениетін» құрайды.

Тəрбие тұлғаның аталған мəдениетін дамытушы əрі қалыптастырушы бірден бір құрал. Соңғы педагогикалық əдебиеттерде тұлғаның базалық мəдениетін түзуге көмектесетін бірнеше жеке элементтер аталады:

- табиғатқа бағытталған  құндылықтар (адамгершілік тəрбиесі, тұлға сапасы ретінде танылған  дұрыс та тұрақты қатынастар  жасау);

- өмір, тіршілікке бағытталған құндылықтар (адам құқын жəне оның құндылық мəнін дəріптеу; бақыт, еркіндік, ар-намыс, əділдік-теңдік, туысқандық жəне т.б. сынды құндылықты категорияларды қалыптастыру);

- қоғамға бағытталған  құндылықтар (қоғамның құқықтық  негізі жəне оның саяси құрылымымен танысу; қоғамдағы жеке адам проблемасын зерттеу: «Мен» жəне қоғам, отаншылдық тəрбиесі);

- еңбекке бағытталған  құндылықтар (еңбектік дағдыларға  үйрету).

Дəстүрлі педагогикада тұлғаның базалық мəдениетін қалыптастыруға орай жүргізілетін тəрбиелік іс-əрекеттердің бірқанша бағыттары аталады. Ғалымдардың көбі тəрбиелік істердің келесідей бағыттарын ұстанады (Б.Лихачев, В.А.Сластенин, М.П.Подласый, т.б.): [37]

- ғылыми дүниетаным  қалыптастыру;

- азаматтық тəрбие;

- еңбек тəрбиесі;

- адамгершілік тəрбиесі;

- эстетикалық тəрбие;

- дене тəрбиесі.

Ғылыми дүниетаным тəрбиесі. Дүниетаным негізі – əлемді түсіну, яғни қоршаған болмыс жөніндегі білімдер тобын  меңгеру. Бұл білімдер мен ұғымдар  ертеңге де, бүгінге де, алыс болашаққа  да қатысты. Олардың бəрі адамдардың рухани дүниесінің кəусар көзі. Дүниетаным құрамы күнделікті өмір барысында, өнерде, əдебиетте, ғылым мен дінде қалыптасатын белгілі мұраттар мен шындық бейнелерінде көрінген болмыстық қабылдаулардан құралады.

Дүниетаным наным, сеніммен байланысты. Дүниетаным көзқарастары адамның ұзақ уақыт айналысқан күрделі ақыл-ой жұмыстарының негізінде орнығады. Бұл көзқарастар тұлғаның рухани өмірінің тұғырына, оның «Мен» мəніне айналып, өмірлік ұстанымын айқындауға негіз болады.

Дүниетанымның қалыптасуы кездейсоқ жай, тұрмыстық тəжірибеден не əрқилы дүниетанымдық ұстанымдар тоғысынан, немесе саналы, тұғырлы идеялар, мұраттар мен принциптердің теориялық зерттеулері арқасында болуы мүмкін.

Адам дүниетанымында əрқашан белгілі  уақыт, заман белгілері көрініс береді. Əлем жөніндегі бүгінгі ұғым, дүниетаным бүкілдей ғылым жетістіктерінің негізінде қаланды. Біздің қазіргі дəуірімізге тəн дүниетанымдық көзқарастар: демократия құндылықтары жəне адам құқын, оның экономикалық жəне саяси еркіндіктерін, ар-намыс жəне дүниетанымдық еркіндікті бүкіл əлем болып қолдап-қуаттау жəне қорғау. Күннен күнге білім құндылығы артуда. Қоғам болашағы да осы білімге иек артады, стратегиялық əлеуметтік бағдарламалар да көбіне білімді негізге алып түзетілетін болды.

Ғылыми дүниетаным қалыптастырудағы басты мақсат –мына күрделі де қайшылықты өмірде адамға өз бетінше дербес іс-əрекет жасаудың бағдарын беру.

Азаматтық тəрбие мəні – кемелденудегі  ұрпақты отаншылдық, құқықтық, адамгершілік сезімдеріне баулып, өз қадірін, тұлғалық еркіндігін, тəртіптілікті, басқа азаматтар мен мемлекеттік билікті сыйлауды үйрету, сонымен бірге жүктелген міндеттерді орындау, отаншылдық, ұлтжандылық жəне ұлтаралық сыйластық сезімдерін үйлесімді байланыстыра білу қабілетін дамыту.

Азаматтық тəрбие мақсаты – əр адамда қоғамның адамгершілік мұраттарын, Отанға деген сүйіспеншілік, бейбітшілікке ат салысу ықылас –ниеттерін қалыптастыру. Азаматтықтың негізгі элементтері – мемлекет жəне басқа азаматтарды құрметтеуге байланысты өз міндеттерін орындауға мүмкіндік беретін адамгершілік жəне құқықтық мəдениет. Кемелденген азаматтықтың белгісі – сөз бен істің бірлігі. Адам тұлғасының дамуына бағытталған гуманистік қадамдар да – осы азаматтық сезімдердің деңгейімен бағаланады.

Азаматтық тəрбиеге байланысты іс-əрекеттер  мазмұны: əрекет- қылықтың конституциялық жəне құқықтық талаптарын зерттеу, үйрену; бейбітшілікке, зорлау күшін жұмсамауға тəрбиелеу; қоғам жəне тұлға мүддесін танытушы қоғамдық сананың бір формасы азаматтың сезімін, ұлтаралық ортақтасу жəне құқықтық қатынастар мəдениетін, еліміздің жетістіктері жөніндегі білімдер жүйесін, адамның қоғамда өз мүмкіндіктерін іске асыруға себепші азаматтық тəжірибесін қалыптастыру.

Азаматтық тəрбие тиімділігін көтерудің  арқасында төмендегідей жетістіктерді  қолға түсіруіміз мүмкін:

- азаматшылдық идеяларын  қабылдаудың психологиялық кейіп  жағдайлары жасалады;

- азаматтар өз араларындағы  міндеттерді мойындайтын болады;

- бірлікті өмір сүруге  дағдыланады; 

- өз талаптарында, əрекет-қылықтарында, əдеттері мен əрекеттерінде, ниеттері мен қалауларында астамдылыққа бармауға үйренеді;

- басқалар мүддесін  де ескерудің қажеттігін сезінетін  болады;

- қоғамдағы бейбітшілік,  өзара түсіністік, ымырашылдық пен  тəртіптілік сақтау үшін қажет  азаматтық ортақтасудың басты  шарты өзіндік бақылау мен қадағалау жүргізуге бейімделеді.

Отаншылдық тəрбиесі. Бұл тəрбиенің  мақсаты – оқушыда өз Отанына  деген сүйіспеншілік сезімін  оятып, оған адал қызмет жасауға, оны  қорғауға баулу; туған ел тарихы жəне өз халқы мен басқа да ұлыстардың мəдени мұрасын, салттары мен дəстүрлерін қастерлеу қатынасын қалыптастыру;

Отаншылдық тəрбиесінің мазмұны:

- Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік рəміздерін (Ел таңба,  Ту, Əнұран) зерттеп, тану. Сонымен  бірге басқа елдердің де мемлекеттік  белгілерін білу;

- отаншылдық (өз Отаныңа болған сүйіспеншілік) пен интернационализмнің (басқа ұлт адамдарына, елдерге, мемлекеттерге бағытталып қалыптасқан достық, қатынастар сезімі) əрқилы тұстарын түсініп, қайта қарастыруға мүмкіндік беретін білімдер шеңберін кеңейту;

- туған өлке табиғаты мен тарихын зерттеу;

- елімізбен байланысқан  өзге мемлекеттер тілін, тарихын,  ондағы халықтар салты мен  дəстүрлерін білу;

- халқымыздың жауынгерлік  даңқы мен қаhармандығына байланысты  нақты дерек көздерін іздеу  жəне зерттеу. 

Құқықтық тəрбие. Құқықтық тəрбие мақсаты – оқушыларда құқықтық мəдениет пен құқықтық əрекет-қылық қалыптастырып, оларды құқықтық заңдылық талаптарын түсінуге əрі мойындауға баулу. Құқықтық тəрбие жүйесі мемлекет сипаты жəне саясатымен белгіленеді.

Қазіргі студенттердің құндылық бағыттануы