Қарахан мемлекетінің мәдени мұрасы
Қазақстан
Республикасының
Білім және Ғылым
Министрлігі
Абай
атындағы Қазақ Ұлттық
педагогикалық университеті
Тарих факультеті
«Отан
тарихы» кафедрасы
Қарахан
мемлекетінің мәдени
мұрасы
/диплом
жұмысы/
Шағатаева Аида
Тарих -050114 мамандығы
сырттай
бөлім,4курс
Ғылыми жетекші:
т.ғ.к., доцент
Байдильдина С.Х.
Қорғауға жіберілді
___________ «Отан тарихы»
кафедрасының меңгерушісі,
профессор
Халидуллин Г.Х.
Алматы, 2008
МАЗМҰНЫ
|
КІРІСПЕ....................... 1.
Х–ХІІ ҒАСЫРЛАРДАҒЫ
ҚАРАХАНДАР МЕМЛЕКЕТІНІҢ
МӘДЕНИ МҰРАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
МЕН ТӘН ҚАСИЕТТЕРІ…………………………………………………… 1.1 Қарахандар
мәдениетіндегі Ұлы Жібек 1.2
Қарахан кезіндегі исламның таралуы 2.
ҚАРАХАНДАР МЕМЛЕКЕТІНІҢ
ҒЫЛЫМЫ МЕН ӘДЕБИЕТІ………………………………………………………. 2.1 Саманидтердің
Қарахан мемлекетінің 2.2 Қарахандар
кезеңіндегі рухани мәдениеттің ұлы
тұлғалары: Жүсіп Баласағұни және Махмұд
Қашғари ҚОРЫТЫНДЫ..................... ПАЙДАЛАНҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР МЕН СІЛТЕМЕЛЕР
ТІЗІМІ........................ |
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Қарахан мемлекеті ІХ ғасырдың екінші жартысынан ХІІІ ғасырдың алғашқы он жылдығы арасында өмір сүрген ең ірі ортағасырлық мемлекет. Қазіргі Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азияның Шығыс жартысында Амударияға дейінгі аумақты алып жатқан бұл мемлекеттік құрылым тарихы өте қызықты әрі күрделі. Қарахан мемлекетінің құрылуы қазіргі Қазақстан мен Орта Азия халықтарының тарихында маңызды орын алады. Қарахан мемлекетінің құрамына кірген қарлұқ, шігіл, яғма, тухси, т.б. тайпалар қазақ, өзбек, қырғыз т.б. халықтардың қалыптасу процесінде шешуші рольге ие болды десек қателеспейміз.
Қархандар әулеті мемлекеті дәуірі мәдени дамуы жағынан гүлдену процесін бастан өткізгені белгілі. Алайда осы мәдени гүлденуге ислам дінінің әсері, мәдени өрлеу процесін жүйелі түрде бағалау мәселесі де зерттей түсуді талап етеді. Себебі осы күнге дейін евроцентризм тұрғысынан Орта Азия мен Қазақстан халықтары осы кезеңде мұсылмандық ренессанс құбылысында бұл процеске толық қосылмайды тек, “Шағылысты Ренессанс” (конрат) түрінде мәдени дамуды бастарынан өткізді деген пікір қалыптасты. Бұл дегеніміз араб – мұсылман мәдениеті келгенге дейін аталған аймақта өзіндік мәдени даму үрдісі болмаған.
Республикамыздағы бетбұрыс кезеңінде орын алған өзгерістер тарих ғылымының алдына жаңаша міндеттер қойды. Плюрализм жағдайында түрлі әдебиеттер пайда болды. Тарих тақырыбына жазылған бұл еңбектер арасында этникалық, саяси, әлеуметтік тарихтың күрделі мәселелері кәсіби емес, әуесқой деңгейде шешілетіндері аз емес. Ал, мұндай ғылымнан алыс зерттеушілер шынайы тарихты бұрмалап, тарих ғылымының ғылыми негіздеріне де нұқсан келтіреді.
Қоғамның объективті тарих біліміне ынта-ықыласы мен қажеттері, Қазақстан тарихы үрдісінің үздіксіздігін, қазақ халқы тарихы мен мәдениетінің ежелден бастап қазіргі күнге дейінгі сабақтастығын жаңа айқындамалар тұрғысынан ашып көрсету үшін жаңа іргелі ғылыми еңбектер дайындалуы керек.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері. Бітіру жұмысымызды жазу барысындағы мақсат көшпелі түрік елдерінің арасындағы қарахан мәдениетінің биікке көтерілгенін дәлелдеу. Осы мақсатымызға жету үшін бітіруші мынандай міндеттерді шешуді көздейді:
- Қарахандар кезеңіндегі мәдени мұрасының ерекшеліктерімен тән қасиеттерін айқындау;
- Қарахан кезеңідегі исламның таралуы мен оның ерекшеліктерін көрсету;
- Қарахандар мәдениетіндегі Ұлы Жібек жолының орны анықтау;
- Х- ХІІІ ғғ. қалалар мен қала мәдениетінің дамуын беру;
-
Қарахандар кезеңіндегі
- Саманидтердің Қарахан мемлекетінің мәдениетіне ықпалын айқындау;
- Қарахандар кезеңіндегі рухани мәдениеттің ұлы тұлғалары : Жүсіп Баласағұни және Махмұд Қашғари еңбектеріне шолу жасау.
Мәселенің зерттелу деңгейі: Проблеманың нақтылы зерттелуі мен оның тарихнамасы өзара байланыста екендігі белгілі. Қарахандар әулеті құрған ортағасырлық осы мемлекет тарихы ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап зерттеле бастады. Әсіресе, орыс академиялық шығыстану мектебінің жетістіктерімен тығыз байланысты.
ХІХ ғасырдың зерттеушілерінің ішінде қарахандар тақырыбына қатысты мәселелермен айналысқан орыс және шетел тарихшылары П. С. Савельев, В. Г. Тизенгаузен, В. В. Григорьев, Г. В. Вамбери, Б. А. Дори, Г. Г. Хворс, Ф. Г. Скрайн, т.б. есімдерін атауға болады. Осы кезеңдегі зерттеушілердің еңбектеріне шолу, олардың көпшілігі қарахандар әулеті билеушілерінің шығу тегі, олардың титулатурасы, саяси тарихының кейбір мәселелері мен зерттеліп отырған династия билеушілерінің генеологиялық және хронологиялық кестесін жасау сияқты мәселелер шегінде зерттеулер жүргізгенін көреміз.
XX ғасырдағы зерттеушілердің ішінде қарахандар әулеті мемлекетінің зерттелу тарихы ірі шығыстанушы, атақты ғалым В. В. Бартольдты есімі ерекше тұрады. Қарахандар тарихының зерттелуінде В. В. Бартольд еңбектері тұтас бір мектеп тәрізді маңызды орын алады. Зерттеуші бірінші болып қарахандар әулеті тарихына қатысты шығыс авторларының мәліметтерін пайдалана отырып, олардың саяси тарихын мүмкіндігінше толықтай жазып шықты. В. В. Бартольд [2] кейбір деректерді ғылыми айналымға бірінші болып енгізді. Бұл туралы тиісті тарауларда сөз болады. Осы кезенде қарахандар тақырыбына қатысты кейбір мәселелер туралы А. Ю. Якубовский [3]., археологиялық жағынан М. Е. Массон [4] зерттеулер жүргізді. ХХ ғасырдың алғашқы жартысындағы зерттеушілер еңбегіне тән ерекшеліктер ретінде қарахан әулеті мемлекетінің тарихына қатысты жазба деректердің мәліметтері мен археологиялық, нумизматикалық деректерді кеңінен пайдалану тән. Осы кезеңде аталған мемлекеттің саяси тарихы біршама толықтай жазылды.
ХХ ғасырдың екінші жартысынан кейінгі зерттеулер көбінесе археолог ғалымдардың есімімен байланысты. Осы кезендегі Қазақстанмен Орталық Азия территориясындағы ортағасырлық қалалар мен қалалық қоныстарға жүргізілген археологиялық зерттеулер мәселенің көптеген қырларын жаңаша тұрғыдан түсінуге көмектесті. Әсіресе, қарахан әулеті мемлекеттінің әлеуметтік – экономикалық дамуы, саяси құрылымы мен мәдени өмірінің көптеген мәселелері ашыла түсті. Осы мәселеге қатысты зерттеушілердің еңбектеріне ембегіміздің ІІІ-тарауында кеңірек тоқталамыз.
1983 жылы Фрунзе қаласындағы қырғыз тарихшысы О. Қараевтың қарахандар әулеті мемлекетінің тарихына арналған монографиялық зерттеуі жарық қөрді. Бұл еңбекте қарахандар мемлекетінің осы уақытқа дейінгі зерттелу тарихына қатысты көптеген мәселелерді саралап берді.
Қарахандар әулеті тарихына қатысты еңбектерді ХХ ғасырдың соңында жарық көрген еңбектер құрайды. Бұл еңбектер әсіресе отандық тарихшылардың есімдерімен байланысты. Олар Қарахан әулетінің шығу тегіне, құрылу тарихына қатысты тың тұжырымдар ұсынады. Қарахандар әулеті билеушілерінің исламға шын берілген жандар екендігін дәлелдейтін «Қарахандар шежіресін» ғылыми айналым деп атаған. Зерттеушілер Қарахандар әулеті билеушілерінің исламға шын берілген жандар екендігін дәлелдейтін «Қарахандар шежіресін» ғылыми айналымға бірінші болып енгізді [5].
Диплом жұмысының деректік негізінде жарияланған Жүсіп Баласағұни мен Махмұт Қашғаридің еңбектерін пайдаландық. //5/. Қарахандар тұсындағы Шығыс Түркістандағы мұсылман иеліктерінің шекарасы туралы Махмұт Қашғари еңбегінде «Диуани лұғат ит түрік» - күллі түрік дүниесіндегі сан алуан ұлттар мен ұлыстардың мәдени тектестігін, рухани туыстығын, адамзат өркениетінің туыстығы туралы тарихи тұрғыдан мәлімет береді. Шығыс Түркістанда отырықшы аудандар басты екі жолдың бойында – Гучен мен Турфанға апаратын солтүстік жол мен Хотаннан Тарим өзені құятын Лобнорға баратын жолдар бойында жатқаны белгілі. Махмұт Қашғариден біз осыған байланысты мынадай мәлімет аламыз: Усми – Тарим – Ислам жерлерінен ұйғырларға қарай ағатын және сонда құмға сіңіп кеткен үлкен өзеннің аты» .
Зерттеудің хронологиялық шеңбері: Бітіру жұмысы X-XII ғасырларда Оңтүстік Қазақстан, Жетісу, Орта Азияның шығыс бөлігі аумағында Амударияға дейінгі аралықта құрылған Қарахан әулеті мәдениетіне арналған.
Бітіру
жұмысының құрылымы.
Бітіру жұмысы кіріспе, қорытынды бөлімдермен
қатар екі тараудан (II тарау екі бөлімнен)
және пайдаланған әдебиеттер мен сілтемелер
тізімінен тұрады.
1. Х–ХІІ ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАРАХАНДАР МЕМЛЕКЕТІНІҢ МӘДЕНИ МҰРАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН ТӘН ҚАСИЕТТЕРІ
1.1 Қарахандар мәдениетіндегі Ұлы Жібек жолының орны
Қарахан мемлекеті ІХ ғасырдың екінші жартысынан ХІІІ ғасырдың алғашқы он жылдығы арасында өмір сүрген ең ірі ортағасырлық мемлекет. Қазіргі Оңтүстік Қазақстан, Жетісу мен Орта Азияның Шығыс жартысында Амударияға дейінгі аумақты алып жатқан бұл мемлекеттік құрылым тарихы өте қызықты әрі күрделі. Қарахан мемлекетінің құрылуы қазіргі Қазақстан мен Орта Азия халықтарының тарихында маңызды орын алады. Қарахан мемлекетінің құрамына кірген қарлұқ, шігіл, яғма, тухси, т.б. тайпалар қазақ, өзбек, қырғыз т.б. халықтардың қалыптасу процесінде шешуші рөлге ие болды десек қателеспейміз.
Қарахан мемлекетінің құрылуында және алдыңғы тарихында қарлұқ конфедерациясының тайпалары зор роль атқарды, бұл конфедерацияға қарлұқтармен бірге Жетісуда, Нарыннан оңтүстікке таман мекендеген яғма, анағұрлым солтүстікке таман – Іле өзенінің алқабында Ыстықкөл өңірінің солтүстік аудандарынан көшіп келген жікілдер қоныстанды. Жікілдер Тараз маңында, Құяста, Барысхан сыртында, Жікіл мекенінде және т.б. өңірлерде шоғырлана қоныстанған бірнеше топ болды [9].
Қарахан мемлекетінің құрылуы Батыста Жетісудан Испиджабқа дейінгі және шығыста Қашғарға дейінгі ұлан – байтақ аумақта саяси оқиғалармен, сондай – ақ Қарлұқ қағанатының құлдырауымен байланысты. Жалпы, ІХ ғасырдан ХІІ ғасырдың басына дейінгі дәуір Орталық Азия үшін отырықшылық пен көшпенділіктің, егіншілік пен мал шаруашылығының біртұтас әлеуметтік – экономикалық және мәдени құрылым шеңберінде табиғи түрде өзара ықпалдастығының дәуірі болды. Бұл кезеңнің басты ерекшелігі – отырықшылық аумағы үздіксіз кеңеюмен болды, мұның өзі қоғамның жалпы прогресімен, егіншілік – мал шаруашылығы қорының, сауданың дамуымен және этникалық біртұтастықтың қалыптасуымен байланысты еді
“Ұлы Жібек жолы” - Жерорта теңізінен Қытайға дейін Еуразияны көктей өтіп жатқан керуен жолдарының тоғысқан тоқсан торабы, сонау ежелгі дәуірден бастап орта ғасырдағы осы аймақтардың сауда және мәдени байланыстарының тұсауын кескен аса маңызды қатынас жолы. Қазіргі жоба адамзат тарихы бойынша Шығыс пен Батыс халықтарының арасында қалыптасқан бейбіт қарым – қатынас сырын жан – жақты зерттеп білуді мақсат етіп отыр. Ол осы «Жібек жолы» көктей өтетін елдердің ғылымы және мәдени топтарының өзара пікір алысуына, мемлекеттер арасында мәмілеге келу байланыстарын орнатуға септігін тигізеді.
«Жібек жолы» тек біздің дәуірімізге дейінгі ІІ ғасырдың орта шенінен бастап қана тұрақты дипломатия мен сауданың күре тамырына айналды. Ал осының бәрі император У – Дидің көрмеген Батыс елдерінде жұмсаған князі Чжон – Цзян бастаған елші керуенінің Хань астанасынан шыққан кезінен, яғни 138 жылы басталды. Ол осы күнгі Ауғаныстанның шет аймақтарына жете алды және Қытайдың ішкі аудандарынан Орталық Азияға дейін тура жолмен тұңғыш рет жүріп өтті. Содан соң жібек тиелген керуен Батысқа соның ізімен аттанып, Қытайға Жерорта теңізінен, Таяу және Орта Шығыстан, Орта Азиядан тауарлар алып қайтты.
Қытайдан батысқа Ферғананың үстінен өтіп баратын бұрынғы қысқа да қолайлы жолға қарағанда Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан арқылы өтетін жаңа жол VІ – VІІ ғасырларда барынша жандана түсті. Жетісуда Орта Азия арқылы өтетін сауда жолдарын қадағалап отыратын түрік қағандары отырды. Екіншіден, Ферғанадан өтетін жол VІІ ғасырдағы өзара қырқысулар салдарынан қауіпті жолға айналды. Үшіншіден, түріктердің ауқатты қағандары теңіздің арғы бетінен әкелінетін тауарларға құштар ірі тұтынушыларға айналды.
Сөйтіп VІ - ХІV ғасырлардағы елшілер мен сауда керуендері негізінен осы жолмен ғана өтіп жүрді. Жібек жолының бұл бағыты да толық өзгеріссіз қала алмады. Жүздеген жылдар көлемінде оның жекелеген тармақтары жанданып, жоғарырақ мәнге ие болды. Ал кейбіреулері, керісінше мәнін жойып, жоғалып кетті де олардың бойындағы қалалар мен сауда бекеттері құлдырай бастады. Сөйтіп, VІ – VІІІ ғасырларда негізгі жол торабы Сирия – Иран – Орта Азия – Оңтүстік Қазақстан – Талас алқабы – Шу алқабы – Ыстықкөл қазан шұңқыры – Шығыс Түркістан арқылы тартылды. Бұл жолдың тармақталмаған бір бұтағы, дәлірек айтқанда тағы бір жол Византиядан Дербент арқылы шығып, Каспий жағалауын – Маңғыстауды – Арал жағалауын – Оңтүстік Қазақстанды кесіп өтіп, жоғарыда аталған негізгі жолға келіп қосылды. Батыс түрік қағанаты Византиямен сауда дипломатиялық одақ келісім жасасқан кезде бұл жол олардың қарсыласы Сасанидтік Иранды айналып өтеді. Дегенмен ІХ – ХІІ ғасырларда Орта Азия, Орта және Таяу Шығыс, Кіші Азия арқылы Сирияға, Египет пен Византияға баратын жолға қарағанда бұл жол тиімсіздеу болады.
Алайда, ол жол ХІІІ – ХІV ғасырларда қайта жанданды. Бұл құрлықтағы саяси жағдайларды дипломаттар (елшілер) мен ірі саудагерлердің және басқа саяхатшылардың талап – талғамдары реттеп отырды.
VI
ғасырдың ортасында Орта
Түріктер мен парсылар арасында саяси, экономикалық байланыстар болған. Сондай – ақ түркілер арасына, Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуда әсіресе, Иран әлемінің рухани мәдениетінің бір көрсеткіштері зороастра және манихей діндері таралды. Арабтар Иранды жаулап алғаннан кейін, парсылар арқылы Х ғасырларға таман ислам діні таралды.
Жібек жолының Орталық Азиядағы бөлігі Газгирдтен басталып, Испиджабқа, Таразға, одан соң Құланға, ары қарай Навакетке, Баласағұнға және Бедел мен Ақсу өткелдері арқылы Ферғана жазығына, ал Адахос және Дех Нуджикес қалалары арқылы қимақтарға баратын. Осы жерден сауда жолдары Енесейге, хакастарға әр үш жыл сайын жібек керуендері барып тұрған.
Испиджабтан керуендер Усбаникет, Кедер, Сығанақ арқылы Янкигентке бағыт алатын және Усбаникет, Кедер,Сығанақ керуен жолдары Қаратаудың солтүстік баурайындағы қалалар Балджа мен Созаққа, ол қалалардан бетпақдала арқылы Дешті Қыпшаққа барады. Янкигенттен қимақтарға қарай жол жатты. Ол Сарысуға Ұлытау бөктерлеріне және Есіл жағалауымен Ертіс жазығына апаратын. Х ғасырда Іле жазығы арқылы керуен жолдары салынды. Бұл жерге Шу жазығынан Қордай мен Қастек Санташ өткелдері арқылы өтуге болатын еді. Талхизде керуен жолдары бірнеше тармақтарға ажырады. Оңтүстік Іле жолы Есік, Шелек қалалары арқылы Кегенге, ары қарай Шығыс Түркістанға барды. Шелектен шығатын тағы бір жол қазіргі Жақсылық мекеніне, тамғалы – тас шатқалына, одан ары қарай Екі Өгіз және Қиялық арқылы Алакөл жағалауы мен Алмалыққа, Тарбағатай арқылы Ертіске, қимақтарға баратын.
Испиджаб, Кедер, Отырар, Янкикент, Тараз, Баласағұн, Талғар, Қиялық, Сығанақ сияқты қалалар орталықтары болды. Испиджабта базарлар және мата Отырар оазисі жайлы Х ғасырда араб деректерінде: “Фараб – бай аймақ, оның басты қаласы Кедер деп аталады. “Бұл көпестердің бас қосатын орны”, - деген мәліметтер бар. Кедерді (Құйрықтөбе) археологиялық жағынан зерттегенде сауда сәкілері – дүкендер көрсетілген.
Сырдарияның төменгі ағысында Янкигент (жаңа кент) белгілі сауда орталығы болды, онда Хорезм көпестерінің сауда қонысы болған.
Транзитті
сауданың ең ірі орталығы Тараз болды,
ол жөнінде деректерде: “мұсылмандардың
түріктермен сауда жүргізу
Жәрмеңке түріндегі сауда көшпелілер дүниесімен шекаралас қалалар – Сауран, Янкигент, Дех – Нуджикесте барынша қарқынды жүрді. Дех – Нуджикес арқылы мал және мал шаруашылығы өнімдері Испиджабқа түсіп отырған.
Сауран оғыздармен сауданың басты орталығы болды. Ибн Хаукаль: “оғыздар саудамен Сауранға келіп тұрды” [12].деп көрсетеді. Сондай – ақ оғыздар Янкигет арқылы Хорезммен сауда жасайтын.
Оазистер мен қалалардың тұрғындары дала халықтарынан жылқы, жүн, иленбеген тері, киіз, текемет, сүт өнімдері және құлдар алып тұрған. Кейбір қалалар көшпелілерден алынған тауарларды өңдеп сыртқа шығарумен айналысып отырған. Әл – Микдиси: “Шаштан жоғары сапалы игерген (былғарлары) ер тоқымдар, жебе қорамсақтары және шатырлар шетке шығарылды. Түркілерден тері әкелініп, иленеді... Ферғана мен Испиджабтан – түркі құлдары мен ақ маталар, қару – жарақ, қылыш және темір әкелінеді, Тараздан – ешкі терісі, Шельджиден – күміс, Түркістаннан бұл жерлерге жылқы мен қошқарлар әкелінеді”, - деп жазады [13]. Әсіресе, түрік жылқылары жоғары бағаланды. Қимақтар жылқыларын әр түрлі қалаларға апарып соғып отырған. Түрік қойлары аса жоғары бағаланды.
Көшпелілер саудасының маңызды саласының бірі – муснус (хош иісті зат) пен ақ терілер және сондай – ақ құлдар болды. Дала халықтары қалаларға металл да әкеліп тұрды. Металл өндірудің орталықтарының бірі – Орталық Қазақстан еді. Әл – Идриси қимақтардың темір, күміс пен алтын өндіріп отырғаны жайында айтады [15]. Өз тауарларының орнына көшпелілер қала орталықтарынан киім, мата, астық, қолөнер заттары мен сән – салтанат бұйымдарын алып отыратын үйлер болған. Бірқатар үзілістермен ІХ ғасырдың бірінші жартысына дейін Испиджабта теңге шығып тұрды. Отырарда да теңге шығарды. 1967 жылы аршылған Самарқанд көмбесінен 222 – 232 жылдарға жататын Брабтық саманилік теңгелері табылған. Осындай теңгелер Отырар мен Құйрықтөбе қалаларын қазғанда да табылды [16]. Бұл қаладағы теңге үйі өз жұмысын қарахандар мен хорезмшахтар тұсында да тоқтатпаған. Сондай – ақ Фарабтан 1164 – 1173 жылдарға жататын қарахан теңгесі табылды, ол зерттеушілердің пікірі бойынша 1210 – 1211 жылдарға дейін шығарылып тұрған. Бұған қоса 1210 – 1217 жылдары Отырарда соғылған Мұхаммед ибн Текештің теңгелері белгілі. Сонымен қатар Ясыдан Хорезмшахтар мемлекетінің теңгесі табылды. Талғар қаласынан табылған Сүлейман ибн Даудың теңгесі ХІ ғасырда Жетісу, Орта Азия және Таяу Шығыс қалалары арасында кең сауда байланысарының болғанын дәлелдейді [17].
ІХ – ХІІ ғасырдарда Батыс пен Шығысты байланыстырған Ұлы Жібек жолы бұрынғысынша әрекет етті. Бірақ енді одан көптеген жаңа тармақтары – Сырдария, Талас, Шу, Іле бойында орналасқан қалалар мен солтүстік – көшпелі халықтарға қарай жолдар тартылатын болды.
Сонымен, мұсылман дәуірінде (VIII–XIIIғғ.) Орталық Азия халықтарының тұрмысында айтарлықтай өзгерістер болған. Бұл өзгерістер негізінен отырықшылықтың маңыздылығының артуы мен қалалық өмірдің өрістеуінен, қалалар түрінің өзгеруімен, қалаларда алғаш рет қоғамдық моншаның пайда болуынан, сондай – ақ, саудаға деген оң көзқарастың қалыптасуынан, сауда жолдарының кеңеюінен және тауар–ақша қатынастарының өсуінен көрініс тапты. Орталық Азия халықтарының тұрмысында орын алған бұл өзгерістер араб–мұсылман мәдениетінің ықпалымен байланысты болды деген қорытынды жасауға болады.
Қарахандар әулетінің шығу тегі туралы шетелдік және отандық тарихшылардың көзқарастарында ортақ шешімге келген пікір жоқ.
Қарахандар мемлекетінің құрылу тарихына қатысты мәселеге тарихнамалық шолуымызды қарахандар династиясының шығу тегіне арналған дискуссиялар негізінен бастамақпыз. Себебі бұл қарахандар тарихын зерттеу барысында ең күрделі, әрі көп талас тудырған мәселелердің бірі болды. Мұның өзіндік себептерінің бірі қарахан билеушілерінің қандай түркі тайпасынан шыққандығы туралы нақты жазба деректердің болмауы деп түсіндіре аламыз. Сондықтан да болар тарих ғылымында бұл мәселе бойынша әртүрлі пікірлер орын алды. Шетелдік ғалымдарда Ж. Дегинь /7/ , ал орыс шығыстанушыларының арасынан алғашқылардың бірі болып Х. Д. Френ /8/ қарахандар династиясын ұйғыр билеушілерінен шықты деп есептеді. Х. Д. Френ шығыс монеталарын сыныптаушы ірі маман еді. Ол Ресейде ең алғашқылардың бірі болып XII ғасырдың алғашқы ширегінде соғылған қарахандар теңгесін жариялады.
Қарахандар династиясының шығу тегін түрікмендермен байланыстыратын пікірді шетелдік бірқатар авторлар, мәселен И.Кмер-Пурешталь, М.Г. Вейло т.б. ұсынды /10/.
Жоғарыда аталған авторлардың барлығы дерлік өз пікірлерін шығыс авторларының қате мәліметтеріне сүйеніп негіздегендері белгілі. Олар келтірген мәліметтердің бүгінде тарихи дерек ретінде жарамсыздығын басқа тарихи дерек көздерінің мәліметтерімен салыстыру анықтап отыр.
Қазіргі кездегі белгілі түрколог ғалым С.Г. Кляшторный қарахан билеушілерінің қарлұқтардан шыққандығы туралы О.Прицактың дәйектемелерін қолдай отырып, қарахандар династиясының негізін қолдаушы ретінде Білге Күл-Қадыр қағанды атайды /16/.
Заки Валиди Тоғал қарахандарды көк түріктерден таратады /17/. Автордың ойынша Алтай түркілерінің бір бөлігі Орталық Тянь-Шаньда қаған билігінде болған. 766 жылы Жетісудағы билік қарлұқтар қолына көшеді, ал Қашғар мен Қарашар түргештер мен тоғыз-оғыздардың қолында қалады. Сонымен қатар зерттеуші Тумын-қағанды қарахандар династиясының арғы атасы деп санайды.
Ірі шығыстанушы ғалым В. В. Бартольд қараханидтер династиясын Яғма тайпасынан шықты деген гипотеза ұсынған. Автор бірқатар жазба деректердің мәліметтеріне сүйене отырып, ІХ-Х ғасырлар шегінде тоғыз-оғыздардың бір тармағы яғмалар Нарынның Оңтүстігінен Шығыс Түркістан мен Қашқарға дейінгі аумақты алып жатты, ал олардың билеушісі қарахандар билеушісі сияқты Боғра-хан деген титулды иеленді деп есептейді /18/. Алайда соңғы зерттеулерінде В.В.Бартольд қарахандар династиясы шығуы мүмкін үш халықты атайды: қарлық, яғма, шігіл. Автор қарахандар династиясының қарлұқтық тегі туралы тезисті жақтай түскенімен, бұл мәселе әлі де болса тереңірек зерттеуді талап ететінін ескерткен /19/. О. Прицак В. В. Бартольдтың «Он екі лекциясының» немісше аудармасына сілтеме жасай отырып, қарахандар династиясының шігіл тайпасынынан шыққандығы туралы гипотезаны В. В. Бартольдқа телиді. Алайда соңғы жылдары орысша түпнұсқасынан жарияланған бүл еңбегінде зерттеуші мұндай түпкілікті шешім қабылдамаған. Келесі бір зерттеуші В. О. Минорский В. В. Бартольдтың яғмалар қарахан билеушілері сияқты Боғра-хан титулын иеленгендігін ескере отырып, олар қарахандар династиясының шыққан тегі деген пікірімен келіседі /20/.
Осылайша қарахандар династиясының шығу тегі туралы ғалымдар арасында ортақ пікір болмағанымен, олардың көпшілігі қарахандар билеушілерінің Орталық Тянь-Шань және оған жақын аумақтан шыққанын мойындағандарын көреміз. 1983 жылы Бішкек қаласында «Ілім» баспасынан жарық көрген белгілі қырғыз тарихшысы Ө.Қараевтың «История караханидского государства» монографиясы осы мемлекеттің тарихына арналған бірден бір толыққанды еңбек болғандығын айттық. Ө.Қараев өз
монографиясында қарахан билеушілерінің шығу тегі туралы шетелдік, отандық тарихшылардың пікірлерін саралай келе мынандай түйін жасайды: «Біз жоғарыда осы проблема бойынша қалам тартқан авторлардың көпшілігі қарахан билеушілерінің Орталық Тянь-Шань мен оның аумағынан шыққандығы туралы ортақ пікірге келгендігін айттық. Осыған байланысты зерттеуші Ө.Қараев ортағасырлық авторлар мен зерттеушілердің еңбектеріне сүйене отырып аталған аумаққа тарихи-географиялық шолу жасай отырып, осында өмір сүрген тайпалардың қарахандар династиясының шығу тегіндегі рөлін көрсетуге тырысқан. Ортағасырлық авторлардың қарахан билеушілерінің шығу тегі туралы нақты мәлеметтер қалдырмауын зерттеуші былай түсіндіреді. Жетісу мен Тянь-Шань тайпалары ұзақ уақыттар бойынша көрші ретінде әртүрлі мемлекеттік қүрылымдар аясында өмір сүрді. Мәселен, Батыс Түрік, Түргеш, Қарлұқ қағанаты. Бұл жағдайлардың барлығы б.з. бірінші мың жылдығының алғашқы жартысында Тянь-Шань мен Жетісу тайпаларының ассимиляцияға түсуінің айтылмас шарты болды. Сондықтан бұлар ортағасырлық авторлар туыстас тайпаларды басқарған қарахандар билеушілерінің шығу тегіне баса назар аудармаған /21/. Зерттеуші ғалым қарахандар мемлекетінің шығыс бөлігінде ІХ-Х ғасырларда өмір сүрген қарлұқ, яғма, шігіл, түргеш, оғыз-түркмендер, қыпшақ, қаңлы, арғу, соғды, қырғыз тайпалары туралы ортағасырлық авторлар мен зерттеушілердің еңбектеріне талдау жасай келе, Қарахан мемлекетінің құрамында қарлұқ, яғма, шігіл, түргештердің маңызды рөл атқарған, ал басқа аталған тайпалар екінші дәрежелі болды деп қорытындылайды. Осы негізде автор қарахандар билеушілерінің шығу тегі - шігілдер деген қорытынды ұсынады /22/.
Қарахандар династиясының шығу тегі туралы ғылыми пікірталастар бүгінгі таңда әлі де болса ортақ шешімін таппаған проблемалар қатарына жататынына көз жеткіздік.
Қарахандар династиясының шығу тегі мәселенің зерттелуіне XXI ғасыр басындағы қазақ ғалымдары да өз үлестерін қосты. Еліміздің тәуелсіздігін алуына байланысты жаңарған тарих ғылымының сұранысына жауап беру үшін тарихи тамырымызды жанталаса іздеген шақта ірі-ірі монографиялық зерттеулер жарық көрді. Солардың бірі зерттеуші-ғалым С.М. Сыздықовтың қарлық мемлекетінің тарихына арналған зерттеу еңбегінде (III тарауы) Х-ХІІІ ғасырлардағы қарлық мемлекеті және оның бөлшектелу мәселесіне арналған. Осында қарахандар әулеті мәселесіне арнайы тоқталған /23/.

- Қарашығанақ кен орнын тиімді пайдалану
- Қарашығанақ мұнай газ конденсат кен орны
- қаржы
- қаржы
- Қаржылық бақылаудың ерекшелігі
- Қаржылық есеп және ұйымның қаржылық жағдайын бағалау
- қаржылық жағдай
- Қазақстан Туркия қатынастары
- Қазақтың ұлттық ойындары Халқымыздың мәдени асыл мұрасы
- қазақ хандығы
- Қазіргі кездегі бухгалтерлік есепті және аудитті ұйымдастыру
- Қазіргі студенттердің құндылық бағыттануы
- Қаражыра кен орны қоңыр көмірінен алынған гумин қышқылының сорбциялық қасиеттерін зерттеу
- Қарахан мемлекеті