Қазақстан тарихынан білім сапасы мен білікті жетілдірудегі жаңа технологиялар (орта ғасырлардағы мәдениет тарихы)
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ
Қазақстан тарихынан білім сапасы мен білікті жетілдірудегі
жаңа технологиялар (орта ғасырлардағы мәдениет тарихы)
13.00.02 - Оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі (бастауыш, орта және жоғары білім жүйесіндегі тарих)
Педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін
дайындалған диссертация
Алматы, 2013
МАЗМҰНЫ:
КІРІСПЕ 3
1 Қазақстанның орта ғасырлардағы мәдениеті тарихынан білім сапасы мен білікті жетілдірудің теориясы мен практикасы
1. 1 Зерттеу мәселесінің философиялық, тарихи, педагогикалық-психологиялық, әдістемелік әдебиеттердегі қарастырылуы 11
1. 2 Мемлекеттік
жалпыға міндетті білім беру стандартында,
бағдарламада,
оқулықта және оқу-әдістемелік кешенде
мәдениет тарихының
карастырылуы 28
1. 3
Мәдениет тарихы бойынша оқушылардың
білім сапасы мен білігінің
ләрежесі 47
Тркырымдар 65
2 Қазақстанның орта ғасырлардағы мәдениеті тарихынан жаңа технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың білім сапасы мен білігін жетілдірудің ғылыми-әдістемелік негіздері
2. 1 Мәдениет тарихын оқытуға тиімді жаңа технологияларды
іріктеу 67
2. 2 Жаңа технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың мәдениет
тарихы бойынша білім сапасы мен білігін жетілдірудің әдістемелік
гколдары 83
2. 3 Педагогикалық эксперименттің мақсаты, міндеттері,
іігымдастырылуы және оның нәтижелері 101
Тркырымдар 119
ҚОРЫТЫНДЫ 120
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 123
Қосымша
А. 1 Орта гасырлардагы Қазақстан мәдениеті
тарихының
7-сынып) багдарламага сәйкес келуі.
А.2 Қазақстан тарихы оқулыгындагы
~-сынып) мәдениет тарихы бойынша әдістемелік
аппаратты
жетілдіру 131
Қосымша Ә Тарих
пәнінің мұгалімдеріне арналган
:ауалнама 132
Қосымша Б 7-сынып
оқушыларына арналған
:ауалнама 134
Қосымша В.1 Орта
гасырлардагы Қазақстан мәдениеті тақырыбы
бойынша
оқушылардың дайындық деңгейлеріне қойылатын
талаптар 136
Қосымша Г 139
КосымшаҒ 141
Қосымша Д Орта гасырлардагы
қалалық мәдениет (тірек
конспект) 143
Косымша Е Үшінші
модуль - «XV-XVII гасырлардагы Қазақстан
мәдениеті» 144
Косьвппа Ж.1 >ё
3 бакылау жріысы бойынша оқушылардың
білімі мен
білік ленгейлеріне
?.~еме:ттт::< сараптама 149
КІРІСПЕ
Диплом жумысының өзектілігі. Мемлекетіміз білім беру жүйесін жаңаша қалыптастырып, оны бүкіл әлемдік білім кеңістігіне ұластыру бағытын ұстанып отырғаны белгілі. Соңғы кездегі қоғамдық және әлеуметтік өмірде болып жатқан елеулі өзгерістер, ғылыми-техникалық ақпараттар ағынының қарқыны, басқа да әлеуметтік-саяси жағдайлар білім беру саласының алдына көптеген жаңа міндеттер қойып отыр. Мұның мемлекет көлеміндегі маңызды мәселе екенін Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә. Назарбаевтың 2006 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауының мазмұны дәлелдей түседі: «Білім беру реформасы - Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі. Адамның өмір бойы білім алуы үшін жағдай туғызуымыз керек» [1].
Мектепте оқытылатын әрбір пәннің алдына қойылған айқын мақсат болмаса, оқу-тәрбие жұмысында толық нәтижеге жету мүмкін емес. Мұндай мақсат мемлекеттің мектептің алдына қандай міндеттер мен талаптар қойып отырғанына байланысты анықталады. Бұл жерде алдымен мемлекеттің, қоғамның келешекте дамуы, жастардың қандай ортада оқып, қызмет ететіндігі, кандай қоғамда өмір сүретіндігі, ал мемлекетке қандай мамандар, кадрлар қажеттігі, оның сыртқы елдермен қарым-қатынасы, т.б. ескеріледі.
Қазақстан тарихын оқытудың мақсаты - оқушыларға оның жерін ежелгі заманнан бастап осы күнге дейін мекендеп келген адамзаттың жүріп өткен тарихи жолын, ең алдымен адамдар жасаған құндылықтарды, өркениетті, мәдениетті, яғни олар жинаған тарихи тәжірибенің негізін оқытып үйрету. «Егер біз мемлекет болғымыз келсе, өзіміздің мемлекеттілігімізді ұзақ уақытқа меңзеп құрғымыз келсе, онда халық руханиятының бастауларын түсінгеніміз жөн» [2].
Енді білім беруде бірінші кезекке адамзат жинаған тәжірибедегі ең маңызды кұндылықтарды, өркениетті, мәдениеттануды оқытып үйрету шығып отыр. Бұл бағыт Қазақстан Республикасында тарихи сана қалыптасуының тұжырымдамасындағы
«... оқушының ойын тарихтағы соғыстарға, ұрыстарға бұрмай, қайта бейбіт өмірге, сауда, мәдениет байланыстарына аударған жөн» [3], - деген сөздермен нақтылана түседі. Осындай тұжырымға бірқатар ғалымдардың да келгені белгілі [4].
Қазақ халқының мәдениеті оның ұлттық тарихының өнімді өзегі, құрамдас бөлігі, маңызды саласы [5]. «... біз қазақ халқының санғасырлық дәстүрін, тілі мен мәдениетін сақтап, түлете береміз. Сонымен қатар ұлтаралық және мәдениетаралық келісімді, біртұтас Қазақстан халқының ілгері дамуын хамтамасыз етеміз» [1].
«Мәдени мұра» бағдарламасының басты мақсатын ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев, - ұлттық мәдениетімізді ұлықтап, бар мен жоғымызды түгендеп, жүйелеп, келер ұрпаққа аманаттау ретінде көрсеткен болатын. Сонымен бірге, «Мәдени мұра» бағдарламасының қазіргі кездегі маңыздылығын «Бұл өзімізді танудың, әрі тәрбиелеудің, ең бастысы, жас ұрпақтың бойына шынайы отаншылдық сезім дарытудың жолы» [6], - деп нақтылай түседі.
Мәдениет кез-келген ұлттың, халықтың, мемлекеттің бет-бейнесін айқындайды, құндылықтарын қалыптастырады. Сол себепті де, бағдарламаның жасалуы мен қабылдануы мемлекеттің мәдениет мәселелеріне деген қарым-катынасының стратегиялық сипатын анықтайды.
«Мәдени мұра» бағдарламасы - ұлттың мәдени, интеллектуалдық деңгейін көтеруге, өскелең ұрпақты туған халқымыздың салт-дәстүрі мен жалпы адамзаттық құндылықтар, идеалдар рухында тәрбиелеуге бағытталған. Өйткені, қоғамның рухани тірегі санатындағы тарихи-мәдени мұралардың халықтың өз болмысын жоғалтып алмауы мен отаншылдықты калыптастырудағы рөлі аса зор.
Мәдениет дегеніміз адамдардың ақылымен және қолымен жасаған материалдық-рухани құндылықтардың жиынтығы ғана емес, бірінші кезекте әрбір адамның, барша адамзат қауымдастығының есеюі, жетілуі, кемелденуі, ойындағы жасампаздық әлеуеттің, таным қабілетінің ашылуы, нақты жаңалықтар, нәтижелер түрінде жүзеге асуы, өмірге енуі. Сонымен бірге, әлемдік үрдіске араласуды қалаған Қазақстанға рухани-мәдени болмысымызды, тілімізді бұлдірмей, қолдан келсе мейлінше таза ұстау қажет. Өйткені, мемлекеттер тығыз қарым-қатынас жасап жатқан жаһандану кезеңінде ұлттан ұлттың, халықтан халықтың өзгешелігі, ерекшелігі, айырмашылығы тек мәдениет, руханият, тіл, діл салаларында қалып тұр және халық пен халықты, мемлекет пен мемлекетті теңестіретін құдірет білім, ғылым, мәдениет екеніне бүгінде ешкімнің дауы жоқ.
Қоғам ілгері дамыған сайын сол қоғамды құрып жатқан, оны ілгері дамытатын адамдарға білім, тәрбие беру, олардың интеллектуалдық дәрежесін арттыру мәселелері барған сайын ерекше маңызға ие болатыны белгілі.
Оқушыны жеке тұлға және қызмет субъектісі ретінде дамытуға, өмірлік құнды бағдарларын қалыптастыруға бағытталған болады» [7] - делінген. Мұның өзі бағдарламада атап көрсетілгендей «оқытуды ұйымдастыру қағидаларын және оқушының білім-білік, дағдыны енжар «алушы» рөлін танымдық үрдістің белсенді субъектісіне өзгерту жолдарын іздестіруді міндеттейді және соған талпыныс жасалған біздің зерттеу жұмысымыздың өзектілігін дәлелдейді.
Жоғарыда келтірілген тұжырымдар мектепте Қазақстан тарихы пәнін, оның ішінде мәдениет тарихын оқытудың маңыздылығын аша түседі. Әсіресе, орта ғасырлардағы Қазақстан мәдениеті тарихын оқытудың маңызы зор. Мұны «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жасалып жатқан іс-шаралардың көбінің осы кезеңге байланыстылығы дәлелдей түседі.
Бірқатар әдіскер-ғалымдардың (Т.Т. Тұрлығұл [8], Б.Қ. Әбдіғұлова [9], Е.В. Жевако [10], А.Р. Жұмақанов [11]) зерттеу еңбектерінде мектепте Қазақстан тарихын оқытудың теориясы мен әдістемесі мәселесі қарастырылады, сонымен бірге, оларда мектепте мәдениет тарихы тақырыптарын оқытудың маңыздылығы аталады. Ал, мәдениет тарихы тақырыптарын оқыту жайын арнайы зерттеген ғалымдар болғанымен К.М. Каменир [12], Н.А. Рудько [13], О.Б. Островский [14], Л.С. Трубникова [15]), олардың ішіндегі бір ғана К.М. Каменирдің зерттеу жұмысы КСРО тарихы курсындағы Қазақстанның мәдениеті тарихын оқытуға арналған. Бірақ ол, Қазақстан мәдениеті тарихын оқытудың әдістемелік жүйесін жасауда негізінен келесі әдіснамалық және әдістемелік ұстанымдарға сүйенеді: Қазақ халқының орыс және басқа халықтармен мәдени байланысы; Қазақстан мәдениеті тарихын оқытуда кеңестік кезеңдегі мәдениетке көбірек көңіл бөлу, ондағы республиканың мәдениетін көтерудегі лениндік ұлттық саясаттың маңызына ерекше тоқталу сияқтылар. Оқушыларда қалыптастырылатын негізгі ұғым-түсініктер жүйесін жасауда да жоғарыда көрсетілген ұстанымдарға сүйенеді. Олар: орыс емес халықтардың Ресейге қосылуының прогрессивтілігі; озық орыс мәдениетінің Ресейдің орыс емес халықтарының мәдениетіне тигізген оң ықпалы; КСРО-дағы мәдени революция; социалистік құрылыс барысындағы орыс емес халықтардың мәдени артта қалушылығын жою; кеңестік интернационалдық мәдениет; социалистік құрылыс барысында көшпелі тұрмыстың әдет-ғұрыптарын, ескі рулық және феодалдық идеологияны жою; Кеңестік Қазақстандағы мәдени прогресс. Соған қарамастан, КМ. Каменирдің зерттеу жұмысының КСРО тарихы курсындағы Қазақстанның мәдениеті тарихын оқытудағы рөлін атап өтпеске болмас. Ол Қазақстан мәдениеті мәселелеріне 7-10 сынып оқушыларының қызығушылығын оятудағы және білімдік-тәрбиелік мәнін күшейтудегі бірқатар әдіс-тәсілдерді көрсеткен.
Әдіскер-ғалым Т.Т.Тұрлығұл [16] өз еңбегінде Қазақстан тарихы пәнін мектепте оқытудың басты- теориялық, ғылыми-әдістемелік іргелі мәселелерін қарастырады. Сонымен бірге, онда білім беруде, оның ішінде Қазақстан тарихын оқытудың мақсатында құндылықтарды, өркениетті, мәдениетті оқыту мәселесі бірінші кезекке шығып отырғаны көрсетіледі. Казақстан тарихы пәнінің тәрбиелеушілік мүмкіндіктерін жүзеге асыру жолында да мәдениет тарихын оқытудың маңыздылығына айрықша тоқталады.
Мәдениет мәселелерін оқытуға арналған бірқатар әдістемелік еңбектер де бар [17-23].
Жоғарыда аталған еңбектерде біздің зерттеу тақырыбымыздың бірқатар мәселелері шешілмеген: біріншіден, Қазақстанның мәдениеті тарихын оқыту мәселесі қарастырылмайды; екіншіден, мәдениет тарихы тақырыптарын оқыту арқылы оқушылардың білім сапасы мен білігін жетілдірудің нақты жолдары көрсетілмейді; үшіншіден, мәдениет тарихы тақырыптарын оқытуда жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану жайы негізделмейді.
Қоғамда болып жатқан әлеуметтік өзгерістерге сай оқушылардың білім сапасы мен білігін жетілдіру - бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Білім оқытудың ғылыми мазмұнын құрайды және білім біліктерден белек жеке дара оқытудың толыққанды нәтижесі деп есептелінбейді, өйткені адам өмірлік мәселелерді шешуге дайын болмайды. Білім сапасы мен білік мәселелерін П.Я. Гальперин, Т.М. Давыденко, М.Ж. Жадрина, Н.И. Запорожец, Л.Я. Зорина, В.В. Краевский, А.Н. Леонтьев, И.Я. Лернер, В.Ф. Паламарчук, В.М. Полонский, М.Н. Скаткин, Т.И. Шамова, Н.Ф. Талызина, Т.Т. Тұрлығұл, А.В. Усова және т.б. көптеген ғалымдар өз еңбектерінде қарастырған.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында білім беру жүйесінің жай-күйі талданып, оқуылықтардың мәнін «Қазақстандық білім беру жүйесі оның әлемдік білім беру кеңістігінде лайықты орын алуына мүмкіндік бермейтін ескірген әдіснамалық базасы, құрылымы мен мазмұны жағдайында дамуын жалғастыруда. Білім беру мазмұны фактологиялық күйінде қалып отыр және оқитындарды қоғам өміріне құзіретті, жауапты әрі шығармашылық тұрғыдан қатыстыра отырып даярлауға бағдарланбаған», - деп түсіндіре келіп, орта білім беруде осы қиындықтардан шығудың бір жолы - ол, оқытудың жаңа педагогикалық, ақпараттық және денсаулық сақтайтын технологияларын енгізуде деп айқындайды [7].
Жаңа педагогикалық технологиялар жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуына, өздігінен шығармашылықпен жұмыс істей білу қабілетін және біліктері мен дағдыларын қалыптастыруға бағытталған, алға қойған мақсатқа жетудің тиімділігін, нәтижелілігін қамтамасыз етуді көздейтін, берілген материалды жедел әрі сапалы меңгертуге бағытталады.
Жалпы оқу үрдісін «технологияландыру» мәселесі XX ғасырда педагогика ғылымында әртүрлі қырынан зерттелді. Ол зерттеулердің нәтижесінде педагогикалық оқыту технологиялары сұрыпталды. Педагогикалық әдбиеттерге талдау жасап үңілсек, қазіргі кезде «оқытудың педагогикалық технологиясы» ұғымы ғылыми білім берудің теориясы мен практикасына кеңінен енгенін көреміз. Педагогикалық технология мәселесі В.П. Беспалько [24], В.В. Гузеев [25-27], В.К. Дьяченко [28-29], М.В. Кларин [30], Ғ.М.Құсайынов [31], В.М. Монахов [32-33], Г.К. Селевко [34], М.А. Чошанов [35], П.М. Әрдниев [36] және т.б. көптеген ғалымдардың еңбектерінде қарастырылады. Сұрыпталған жаңа технологиялардың әрқайсысы - білім стандартында көзделген оқыту нәтижелеріне қол жеткізу жолындағы мақсат, мазмұн, әдістер мен құралдардың біртұтастығын ұсынады. Қазақстанда да жаңа педагогикалық технологиялар мәселелерін зерттеген бірқатар ғалымдар (Ж.А. Қараев, З.А. Құттықұжанова, З.У. Имжарова, С.К. Исламгулова) бар. Ал, Казақстан тарихы пәнін оқытуда жаңа технологияларды пайдалану туралы арнайы зерттеу еңбектері жоқ.
Педагогикалық, психологиялық, әдістемелік әдебиеттерге жасаған талдауларымыз Қазақстанның мәдениеті тарихы бойынша оқушылардың білім сапасы мен білігінің теориялық негіздерінің айқындалмауы арасында; қазіргі кездегі білімін өздігінше толықтыру қажеттілігіне оқушылардың білік дәрежесінің сәйкес келмеуі арасында; оқушылардың білім сапасы мен білігін жетілдіруге тікелей әсер ететін жаңа технологиялардың мәдениет тарихы тақырыптарын оқытуға тиімді түрлері іріктелмеуі арасында; оларды пайдаланудың жүйелі әдістемесінің жоқтығы арасында қайшылықтар бар екендігі анықталды.
Бұл қайшылықтарды шешу үшін біз, Қазақстанның орта ғасырлардағы мәдениеті тарихынан оқушылардың білім сапасы мен білігін жетілдіру әдістемесін арнайы зерттеуді мақсат етіп, оның тақырыбын «Қазақстан тарихынан білім сапасы мен білікті жетілдірудегі жаңа технологиялар (орта ғасырлардағы мәдениет тарихы)» деп атауымызға себепші болды.
Зерттеудің мақсаты. Мәдениет тарихы бойынша оқушылардың білім сапасы мен білігін жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану арқылы жетілдіру әдістемесін ұсыну.
Зерттеу жұмысының міндеттері.
- Қазақстанның орта ғасырлардағы мәдениеті тарихынан оқушылардың білім сапасы мен білігінің теориялық негіздерін анықтау.
- Бағдарлама, оқулық, оқу-әдістемелік кешеннің және оқытылу жайының мәдениет тарихы бойынша оқушылардың білім сапасы мен білігін жетілдіруге бағытталу дәрежесін анықтау.
- Орта ғасырлардағы Қазақстан мәдениеті тарихы бойынша оқушылардың білім сапасы мен білігін жетілдіруге тиімді жаңа педагогикалық технологияларды іріктеу және оларды пайдаланудың өзіндік ерекшеліктері мен ұстанымдарын анықтау.
- Орта ғасырлардағы Қазақстан мәдениеті тарихы бойынша оқушылардың білім сапасы мен білігін жетілдірудегі жаңа педагогикалық технологияларды лайдаланудың тиімділігін эксперимент арқылы дәлелдеу.
Зерттеу жұмысының болжамы. Егер орта ғасырлардағы Қазақстан мәдениеті тарихы бойынша жаңа педагогикалық технологияларды үйлесімділікте, тиімді пайдаланса, онда оқушылардың білім сапасы мен білігін жетілдіруге қол жетеді, өйткені жаңа педагогикалық технологиялар жеке тұлғаның танымдық мүмкіндіктерін ескере отырып, басты мақсат - нәтижеге бағытталып құрылған.
Зерттеудің әдіснамалық негізі. Таным, білім, білік, жаңа педагогикалық тенологиялар туралы философиялық, педагогикалық, психологиялық, әдістемелік іргелі еңбектер; Қазақстан Республикасында гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы; Қазақстан Республикасында тарихи сана қалыптасуының тұжырымдамасы; Қазақстан Республикасындағы этникалық-мәдени білім тұжырымдамасы; Қазақстан Республикасының 2015 жылга дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы; Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы; Казақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде «Қазақстан тарихын» оқыту тұжырымдамасы; «Білім туралы» Заң.
Зерттеу әдістері. Философиялық, тарихи, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік еңбектермен танысу; оларға теориялық, ғылыми-әдістемелік талдау
жасау; оқу бағдарламаларына, оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдарға,
оқытылу жайына талдау жасау; оқушылардың білім мен білік дәрежесін тексеру; сауалнама жүргізу; оқу үрдісін бақылау; салыстыру, тәжірибеден
өткізу, педагогикалық экспериментті ұйымдастыру, жүргізу және оның
нәтижесін өңдеу, қорыту.
Зерттеудің негізгі кезеңдері.
Бірінші кезеңде (2002-2003 жылдары) зерттеу жұмысының көтерген мәселесі бойынша тарихи, философиялық, педагогикалық-психологиялық, әдістемелік әдебиеттерге, мемлекет құжаттарына, бағдарлама мен оқулық, оқу-үстемелік кешенге талдау жасалды, ғылыми аппарат айқындалып, зерттеу жұмысының негізгі ұғымдарының мәні мен мазмұны анықталды.
Екінші кезеңде (2003-2004 жылдары) жаңа педагогикалық тенологиялардың арасынан мәдениет тарихын оқытуға тиімді түрлері іріктелді. Мұғалімдермен, оқушылармен әңгімелесу, сауалнама жүргізу, сабақтарға қатысу, оқушылардың білімі мен білдік дәрежесін түрлі әдістердің көмегімен тексеру нәтижесінде оқытылу жайы мен оқушылардың білімі мен білік дәрежесіндегі кемшіліктер мен қиындықтар және олардың себептері анықталды.
Үшінші кезеңде (2004-2006 жылдары) оқыту эксперименті жүргізіліп, жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану арқылы Қазақстанның орта ғасырлардағы мәдениеті тарихы бойынша оқушылардың білім сапасы мен білігін жетілдіру әдістемесінің тиімділігі тексерілді. Зерттеу жұмысының нәтижелері жинақталып, эксперимент нәтижелері қорытындыланды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
1. Мектептік Қазақстан тарихы пәнінен тұңғыш рет мәдениет тарихы бойынша оқушылардың білім сапасы мен білігінің әдіснамалық, ғылыми-теориялық негіздері айқындалып, оларға берілген сипаттамалар бір жүйеге келтірілді және тарих пәні аясындағы «білім сапасы», «оқу біліктері», «интеллектуалдық біліктер», «пәндік біліктер», «танымдық-ұйымдастыру біліктер» ұғымдарының өзара байланысының мәні зерттеудің теорияльтқ базасы ретінде ашылды.
2. Қазақстан тарихы бағдарламасы, оқулығы
және оқу-әдістемелік
кешенінің мәдениет тарихы бойынша білім
сапасы мен білікті жетілдіруге
бағытталу дәрежесі айқындалды.
3. Мәдениет
тарихын оқытуда жаңа педагогикалық технологиялар
іріктеліп,
оларды пайдаланудың ғылыми-әдістемелік
негізі айқындалды.
4. Қазақстанның
орта ғасырлардағы мәдениеті тарихы бойынша
жаңа
педагогикалық технологияларды пайдалану
арқылы білім сапасы мен білікті
жетілдірудің ұтымды әдістемесі ұсынылып,
олардың тиімділігі негізделді.
Зерттеудің практикалық маңызы:
- Зерттеу нәтижелерін тарих пәні Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, оқу бағдарламаларын, оқулықтарын, оқу-әдістемелік кешендерін жасауда, оларды жетілдіру барысында пайдалануға болады.
- Қазақстанның орта ғасырлардағы мәдениеті тарихы материалы бойынша білім сапасы мен білікті жетілдірудегі жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланудың теориялық тұжырымдарын, әдістемесін, қорытындыларын мектеп практикасында пайдалануға болады.
3. Тарих
пәнінің басқа курстарында, жоғары оқу
орындарында маман
даярлауда, педагог кадрлардың білімін
жетілдіру институттарында, курстар мен
семинарларда осы саладан білім, білік,
дағдыларын жетілдіру мақсатында
пайдалануға болады.
4. Жаңа педагогикалық
технологияларды пайдаланудың теориялық
тұжырымдарын, әдістемесін, қорытындыларын
басқа гуманитарлық пәндерді, Дүние жүзі
тарихы, Қазақстан тарихы, қоғамдық пәндерді
оқытуда пайдалануға болады.
Қорғауға ұсынылған тұжырымдар:
1. Мәдениет
тарихы материалы бойынша білім сапасы
мен білікті
жетілдірудің қазіргі уақытта аса қажеттілігі
мен маңыздылығын айқындау.
2. Қазіргі уақытта Қазақстан мәдениеті тарихын оқытудағы басты мақсат –қоғамдық әлеуметтік сұранысқа жауап бере алатын, оқушыларға келешек өміріне қажетті оқу біліктері негізіндегі пәндік біліктерін қалыптастыру (тірек және негізгі біліктер негізінде).
3. Әрбір
тақырыпты оқыту мақсатында нақты көрсетілген
күтілетін
нәтижеге жетудің ғылыми-әдістемелік
жолдарын оқушылардың танымдық
мүкіндіктерін ескере отырып құру жүйесі. Бағдарлама, оқулық, оқу-әдістемелік кешендерде оқытудағы күтілетін нәтижеге жетудің ғылыми-әдістемелік жүйесін жоспарлау арқылы білім сапасы мен білікті жетілдіру.
4. Мәдениет
тарихы материалы бойынша білім сапасы
мен білікті
кетілдіруде жаңа педагогикалық технологияларды
үйлесімділікте
пайдаланудың тиімді әдістемелік жолдарын
жасау.
Зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі.
Әдіснамалық және теориялық тұрғыдан қарастырған проблема мәселесін -енгіздеумен, зерттеу пәніне сәйкес әдіс-тәсілдерді қолданумен, эксперимент бағдарламасының зерттеу мақсатымен сәйкестілігімен, оқу үрдісінде оларды қолдану тиімділігі тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар арқылы тексерумен қамтамасыз етілді.
Диплом жұмысы бойнынша жасалған тұжырымдар мен ой-пікірлер эксперимент жүргізу барысында іске асты. Бес халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларда жасалған баяндамалар мазмұнында, сондай-ақ Білім және ылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитетінің тізіміне енген г. рналдарда, мерзімді баспасөзде ғылыми-әдістемелік мақалалар жарық көріп, іыннан өткен. Диссертациялық жұмыс Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясының Орта жалпы білім беру ғылыми-зерттеу институтында ісындалып, талқыланды және қорғауға ұсынылды. Сонымен бірге, Абай ігындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Қазақстан тарихы іфедрасында талқыланып, қорғауға үхынылды.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
1. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОРТА ҒАСЫРЛАРДАҒЫ МӘДЕНИЕТІ ТАРИХЫНАН БІЛІМ САПАСЫ МЕН БІЛІКТІ ЖЕТІЛДІРУДІҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ПРАКТИКАСЫ
1. 1 Зерттеу мәселесінің философиялық, тарихи, педагогикалық-психологиялық, әдістемелік әдебиеттердегі қарастырылуы
Тәуелсіздікті туған жердің рухына айналдыру әр азаматтың сана-сезіміне, болмысына орнықтыру бүгінгі дәуір ұрпақтарының төл міндеті. Уақыт пен замана лебі қазақ халқының өркендеуіне тарихи мүмкіндіктерді беріп отырған кезеңде өзгелерге ұлт екенімізді таныту үшін ұрпақтан-ұрпаққа мирас етіп қалдыратын іргелі дүниелерді, ұлттық қазыналарды есепке алып, оларды жан-жақты дамытып, жаңа жағдайларға сай қайта түлетудің қажет екенін өмірдің өзі дәлелдеп отыр.
Қоғам қай заманда да өз азаматтарының нені меңгеріп және қалай оқып-біліп жетілгенін жіті қадағалап отырған. Өйткені, қоғам мүшелерінің өздерінің әл-ауқаты мен игілігі ғана емес, сонымен қатар бүкіл мемлекеттің қуаты мен игілігі де түптеп келгенде сол қоғам мүшелері алатын білімнің деңгейіне байланысты. Осынау ақиқатты терең сезінгендіктен Қазақстан Республикасы дамуының 2030 жылға дейінгі межелеген стратегиясында білім саласына -айрықша басымдықпен мемлекеттік мән берілген. Қазіргі кездегі білім беруді
мәдениеттің саласы ретіндегі көзқарас орнығып келеді, соған байланысты білім берудің жаңа парадигмасы білім беру саласына қатысты проблемаларды шешудің ғана емес, сонымен бірге әлемдік жалпы мәдени дағдарыстан шығудың кілті ретінде қарастырылады. Осымен байланысты белгілі «ғылым - өндіріс -білім» макромоделінің орнына «мәдениет - білім - тарих» еніп келеді. «Осы макромодельден туындайтын білім беруді мәдениет саласы ретінде қарастыратын көзқарас жалпы, білім беру үрдісін ізгілендірудің маңызын және гуманитарлық білім берудің рөлін күшейтеді» [37]. «Тарих пәнін оқытуды згілендіру тарихтағы адам рөлін кең, әрі тереңінен қарастыруды білдіреді» [38].
Адамзат үшінші мыңжылдыққа қадам басып отырған шақта, ең бастысы, тарихи танымның өзегінде ұлттық рухани құндылықтарды игеру арқылы жалпы адамзаттық тұрғыдан өрлеу қажет. Халықтың рухани құндылықтарының ақпараттар ағынына төтеп беруі және жан-жақтан еніп жатқан жат түсініктер тасқынына ілесіп кетпеуі үшін оқушылардың білім сапасы мен білігі заман талабына сай болуы қажет.
Оқу-тәрбие үрдісіндегі ең өзекті мәселе - оқушыларда тарихи сана қалыптастыру. Нақ осы тарихи сана этникалық та, жалпы мемлекеттік те сананың негізі болып табылады. «Тарихи сана, адамдардың өзінің өткеніне деген көзқарасы мен түсінігі сол қоғам дамуының айқын өлшеуіші болып табылады» [39].
Ұлттық менталитетті, этностың мыңдаған жылдық тарихында қалыптасқан аңыздарды, нышандарды, бейнелерді, ұғымдарды тек халық тарихын білу арқылы ғана тануға болады. Мұндай ауқымды сана әлемдік және отандық тарих үздіксіз соғыстардың, шапқыншылықтар мен жаугершіліктердің тарихы сипатында емес, сауда мен қолөнердің, қалалар мен жолдар құрылыстарының тарихы, этноаралық байланыстардың, мәдениеттер алмасуы, т.б. сипатында оқытылса пайда болады [40]. «Тарихи сананы қалыптастырып оқытуда
мәдениет тарихының айрықша рөлі басым екендігіне көңіл бөлу қажет» [41]. Бұл жан-жақты мәдениетті тұлғаны қалыптастыру міндеттеріне өте-мөте жоғары дәрежеде сай келеді.
Жалпы білім беретін мектепте Қазақстан тарихын оқыту ерекше маңызға ие.
Кез-келген мемлекеттің азаматы өз елінің, мемлекетінің тарихын білуге міндетті екендігі белгілі. «Өз халқының, елінің тарихын, мәдениетін сүйе білмеген адам, басқа халықты, оның мәдениетін сыйлай да, құрметтей де алмайды, оларды білуге ұмтылмайды. Қазақстан тарихының білімдік, тәрбиелік міндетін мектепте оқытылатын басқа пәндердің бірде-біреуі атқара алмайды». 16, 52 б.].
Сондықтан, мектеп курсында тарихи оқиғаларға баға бергенде абай болған абзал; қандай болсын оқиғаға белгілі-бір көзқарасты таңуға тырыспау керек. Гуманистік тұрғыдан бағамдауға үйрету керек, ұлттық өр көкіректікті болдырмауды ойлау қажет, оқушының ойын тарихтағы соғыстарға, ұрыстарға бұрмай, қайта бейбіт өмірге, сауда, мәдениет байланыстарына аударған жөн. Әсірссе тарихи жасампаздыққа ден қойылуға тиіс, өйткені тарих арқауы -соғыстың көптігі емес, қайта, бейбіт жасампаз өмірдің қымбаттығы, бізге өркениеттің небір інжу-маржандарын мирас еткен бабаларымыздың -кемеңгерлігі болуға тиіс [3]. Халық даналығының мерей-мақтанышы –мәдениеттің мыңдаған жылдық тарихы, бел-белестері, қалыптасу кезеңдері бар.Мәдениет - халқымыздың ұзақ жылдар ішіндегі сұрыпталып жинақталған асыл ардақты қазынасын құрайтын рухани игілігі, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, таным-сенімі, саналылық танытатын көзқарастар жүйесі, әлеуметтік топтың, ұлттың, халықтың өмірдегі бет-бейнесі, зиялылығы, біліктілігі, басқа бір ұлттан, халықтан, нәсілден ерекшелеп көрсететін, айырып ажырататын тыныс-тіршілігінің, ғұмыр нәрінің бұлағы. Ол әдебиетті, өнерді, адамның шығармашылдық, көркемдік, эстетикалық талғамдарын қалыптастырып дамытатын рухани өмірдің барлық салаларын қамтиды [5, 6 б.].
«Мәдениет» ұғымы кең мағынасында - адам мен жануарлардың арасындағы негізгі айырмашылықты білдіреді және адам әрекетінің барлық нәтижелерін қамтиды. Бұл тұрғыда мәдениет қоғам ұғымымен ұласып, астасып кетеді. «Ал, тар мағынасында мәдениет тек рухани сферамен, рухани құндылықтар аймағымен шектеледі» [42]. Мәдениетті осылайша түсіну Цицерон еңбектерінен бастау алады. Ол мәдениетті «Жанды жетілдіру» деп түсінген. Мәдениет сөзінің түпкі төркіні латынның cultura, яғни «жерді өңдеу», «баптау», «күту» дегенінен бастау алады. Қазақ тіліндегі «мәдениет» ұғымы арабтың «маданиат» қала, қалалық сөзінен алынған.

- Қазақстан территориясында орналасқан таулардың физикалық - географиялық ерекшеліктері
- Қазақстан Туркия қатынастары
- Қазақтың ұлттық ойындары Халқымыздың мәдени асыл мұрасы
- қазақ хандығы
- Қазіргі кездегі бухгалтерлік есепті және аудитті ұйымдастыру
- Қазіргі студенттердің құндылық бағыттануы
- Қаражыра кен орны қоңыр көмірінен алынған гумин қышқылының сорбциялық қасиеттерін зерттеу
- Қазақстан Республикасында діни экстремизм құбылыстарына қарсы күрес аясындағы криминологиялық, құқықтық және ұйымдастырушылық шаралары
- Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу
- Қазақстан Республикасының қолма-қолсыз есеп айырысуды ұйымдастыру тәжірибесін талдау
- Қазақстан Республикасының сот әділдігін жүзеге асыруындағы бәсекелестік қағидасының қолданылуы (азаматтық істер бойынша)
- Қазақстан республикасының шаруашылық бизнес жүйесі
- Қазақстан Республикасының этноұлттық географиясы
- Қазақстан Республикасы Президенті өкілеттіктерінің ерекшеліктері