Бастауыш мектеп оқушыларының жас ерекшеліктері
1. Бастауыш мектеп оқушыларының жас ерекшеліктері
Жас кезеңдері :
1.Сәбилік (өмірдің алғашқы бір жылы).
2.Мектеп алды дейінгі жас (1жастан 3жасқа дейін ).
3.Мектепке дейінгі жас (3жастан 6жасқа дейін). Бұл аралықта а) кіші мектепке дейінгі жас(3-4жас),б)орта мектепке дейінгі жас (4-5жас), в) үлкен мектепке дейінгі жас (5-6жас).
4.Кіші мектеп жасы (6-10жас).
5.Орта мектеп жасы(10-15жас).
6.Жоғары мектеп жасы(15-18жас)
Жастық даму заңдылықтары :
1. Жастық шақта адамның тән – дене дамуы тез әрі қарқынды жүріп жатады.
2. Тән – дене дамуы біркелкі болмайды, бір кезеңде жылдам дамыса, екінші де – тым баяулап кетеді.
- Адам денесінің әр бір ағзасы өзіне тән қарқынмен дамып барады, тұтастай дене бөліктерінің дамуында теңдестік пен сәйкестік болмайды.
- Адам жасы мен оның рухани дамуы өзара кері тәуелділік байланыста.
- Адамның рухани дамуы бірде қарқынды, жедел болса, әлде бір жағдайда баяу халге түседі.
- Даму барысында кейбір психикалық сапа – қасиеттер мен мүмкіндіктердің қалыптасуы үшін тиімді жас кезеңдері болады.
Бастауыш мектеп оқушыларының психика – педагогикалық ерекшеліктері:
- Жүйке жүйесі жетіле түседі. Психикасы жедел дамуға келеді. Тежелу кемде де,қозуы күшті.
- Танымдық іс-әрекеті тікелей оқумен байланысты.
- Қабылдау тұрақсыз, ұйымдаспаған, көрнекі қызығушылық басым.
- Зейіні ырықсыз, тұрақтылығы кем, шектелген.
- Ойлауы бастапқыда көңіл шарпуы(эмоция) мен бейнелі негізде, кейін дерексіз – логикалық кейіпке келе бастайды, тіл дамуымен бірге жүреді.
- Есі қызықты, нақты, жарқын материалға бейімдеу, көрнекі - бейнелі сипатқа ие. Есін толығымен қажетіне пайдаланып, оқу міндеттерін атқаруға қолдана алмайды.
- Кіші мектеп жасы ізгілік, адамгершілік сапаларды баулуға ең қолайлы кезең.
- Өзін - өзі мақтау мен басқалар мадағын жақсы көреді.
- Ой – көңіл дүниесі сырттай әрекет – қылығынан анық көрінеді. 10.Бала еңбегін ойын үдерісімен байланыстыра ұйымдастырған ұтымды.
Жастық кезеңдер реті
Тән – дене, сондай – ақ ақыл дамуы адамның жастық кезеңдерімен тығыз байланыста екендігі ежелгі дәуірден белгілі болған. Бұл өзінен- өзі айқын шындық дәлелді қажет етпейді: адам неғұрлым ұзақ өмір сүрсе – бойы өседі, денесі қатаяды, жастың келуімен даналық қонады, тәжірибе топталады,білім қоры ұлғаяды. Әр жас кезеңінің өзіне тән дене,психикалық және әлеуметтік даму деңгейі болады. Әлбетте, бұл сәйкестік жалпы және тұтастай жас кезеңдеріне тура келеді, ал нақты адамның дамуы қандай да ауытқулармен қабаттаса жүруі мүмкін. Даму үдерісін дұрыс басқару үшін педагогтар ертеден – ақ, адам өмірінің кезеңдерін белгілі уақыт топтарына жіктеуге тырысқан. Бұл іспен өз замандарында ғалым – педагогтар: Коменский, Штрац, Бюллер, Горлок, Левитов, Эльконин, Пршигода, Ванек, Шванцара және т.б. айналысып, жастық кезеңдерге бөлістірудің бірнеше ондаған сұлбасын ұсынған. Солардың ішінде педагогтардың көпшілігінің қолдауын тапқан бір сұлбаға назар аударайық.
Кезеңге бөлістіру жас ерекшеліктеріне негізделеді. Жастық ерекшеліктер – деп нақты өмір дәуіріне тән анатомиялық, физиологиялық және психологиялық сапаларды атаймыз. Жастық ерекшеліктер мәні адамның тән дене дамуынан айқын көрінеді. Бойдың өсуі, салмақ қосылуы, алғашқы тістердің пайда болуы, кейін олардың түсіп, ауысуы, жыныстық жетілу және басқада биологиялық үдерістер елеусіз ауытқуларымен әртүрлі жас кезеңдерінде жүріп жатады. Адамның биологиялық және рухани дамуы өзара тығыз байланыста болғандықтан, психикалық аймақтағы өзгерістерде белгілі жас кезеңдеріне сәйкес келеді. Биологиялық өзгерістер сияқты қатаң белгілі бір жас кезеңіне сәйкес болмаса да,әлеуметтік пісіп – жетілу көрніс береді, тұлғаның рухани даму динамикасы да өз кезегімен орындалып жатады. Осылардың бәрі адам дамуы мен оның жастық кезеңдерін белгілі сатыларға бөлуде табиғи негіз қызыметін атқарады.
Дамудың толық кезеңдестігі адамның бүкіл өмірін белгілі дәуірлерімен қоса қамтиды. Ал шамалап сатыларға бөлу нақты ғылым саласын қызықтырған өмірдің бір бөлігін өз ішіне алады. Бастауыш мектеп педагогикасын баланың мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағы өмір және даму кезеңдері қызықтырады. Бұл баланың туылғанынан он,он бір жасқа дейінгі өмір аралығы. Психология аймағында да балалардың психикалық даму кезеңдерін айырады, бірақ психологиялық кезеңдерге бөлу педагогиклық жас кезеңдері мен бірдей сәйкес бола бермейді, себебі психика дамуы ананың жатырында басталады, ал бала тәрбиесі оның дүниеге келген мезетінен басталады. Бала дамуы ерекшеліктерін әр жас кезеңіне байланыстыра түсіну үшін төмендегі салыстырма кестеге назар аударыңыз:
Психологиялық кезеңдер |
Педагогикалық кезеңдер |
1.Ана жатырындағы кезең |
1.Сәбилік (өмірдің бірінші жылы) |
2.Дүниеге келу кезеңі (өмірдің алғашқы 6 аптасы) |
2.Бала – бақшаға дейінгі жас кезеңі (1 – ден 3 жасқа дейін) |
3.Емізу кезеңі (1 жасқа дейін) |
3.Мектепке дейінгі жас кезеңі (3 – 6 жасқа дейінгі) |
4.Еңбектеу кезеңі (1- 3 жасқа дейін) |
Кіші мектеп алды жас кезеңі (3 – 4 жас аралығы) |
5.Мектеп алды жас кезеңі (3 – 6 жасқа дейін) |
Орта мектеп алды жас кезеңі (4 – 5 жас аралығы) |
6.Кіші мектеп жасы (6 – 11 жас) |
Жоғары мектеп алды жас кезеңі (5 – 6 жас аралығы) |
7.Жыныстық жетілу кезеңі (11 – 15 жас) |
4.Кіші мектеп жас кезеңі (6 – 10 жас аралығы) |
8.Бозбалалық жас (15 -20жас) |
5.Орта мектеп жас кезеңі (10 – 15 жас аралығы) |
6.Жоғары жас кезеңі (15 – 18 жас аралығы). |
Педагогикалық кезеңдерге бөлудің негізін, бір жағынан, дене және психикалық даму сатылары құраса, екінші жағынан, бұл тәрбие жүріп жатқан жағдайларға байланысты келеді.
Жүйке – жүйесін және дене мүшелерін біріктірген ағзаның биологиялық пісіп жетілуі және онымен бірге жүретін танымдық қабілеттердің даму сатылары өз бетінше жасайтын шынайы, табиғи құбылыс болса, ал саналы құрылған тәрбие үдерісі жас кезеңдері ерекшеліктеріне икемдесуі және оларға негізделуі қажет. Педагогикада дамудың жастық сатыларын мойындамау әрекеттері де болған.Тіпті, орайлас әдістеме табылса, қалаған 3 – 4 жастағы баланы жоғары математикаға, басқа да дерексіз түсініктекрге үйретіп, кез -келген әлеуметтік тәжірибені, білімдерді, тәжірибелік ептіліктер мен дағдыларды игертуге болады деген теориялар да пайда болған. Бірақ бұл мүмкін емес.Бәлкім,бала өте күрделі сөздерді де дұрыс айтуға үйренер, бірақ оның мағынасын ұғуға оған әлі ерте. Жас кезеңдері шектеулерін осы күнгі балалардың шапшаң дамуымен олардың сөздік және түсінік қорының кеңдігімен шатастыруға болмайды. Бұл құбылыс әлеуметтік дамудың жеделдеуімен, әрқилы ақпраттық дерек көздеріне кең жол ашылуымен, балалардың көп нәрседен хабардар болуымен түсіндіріледі. Даму үдерісінің жеделдеу мүмкіндіктері кеңеюде, бірақ шексіз емес.Жас кезеңі дамуды мезгілінен тыс жаздырып жібермей, өз билігін таңады. Бұл саладағы ықпал жасаушы заңдылықтар даму мүмкіндіктерінің шама – шарқын белгілеп береді. Оқу – тәрбие жұмысында балалардың жас ерекшеліктерін ескеруді өз заманында Я.А.Коменский талап еткен.Әр нәрсенің табиғатта өз мезетінде болатынындай, тәрбие де өз кезегімен – уақытында және ретімен алып барылуы тиіс. Сол жағдайда ғана адамға ізгілік сапалар табиғи жұғысты келіп, ақыл есінің жетілуіне байланысты ол болмыс шындығын толық, мән - мағынасымен түсінеді. «Игерілуі қажет болғандардың бәрі жас сатыларына сәйкес бөлініп,әр жас кезеңіне түсініктілері ғана оқып – үйрену үшін ұсынылуы шарт » - деп жазған Я.А.Коменский.
Жас ерекшеліктерін ескеру іргелі педагогикалық принциптердің бірі.Оны арқау ете отырып,мұғалімдер оқу жүктемесін ретке келтіреді,әрқилы еңбек түрлерінің көлеміне негіздеме береді,даму үшін қолайлы күн тәртібін, еңбекпен айналысу және демалу уақыттарын белгілейді. Жас ерекшеліктері оқу пәндерінің және әр пәндегі оқу материалдарының іріктелуімен оқу бағдарламасында жайғасуына орай мәселелерді дұрыс шешуге міндеттейді. Оқу - тәрбие қызыметінің формалары мен әдістерін таңдауда осы принципке тәуелді.
Қазіргі дәуірде жас топтары арасындағы шектерді қайта қарастыруға себепші болатын және бір құбылыс педагогтарды толғандыруда.Бұл акселерация (лат.сөзі – жеделдеу ), - яғни балалық және жасөспірімдік шақта тән – дене, кей жағдайда психикалық дамудың ерекше жедел алуы.Акселерацияны биологтар ағзаның физиологиялық жетілуімен, психологтар – психикалық функциялардың іске қосылуымен байланыстырады, ал педагогтар тұлғаның рухани дамуы мен әлеуметтенуінен деп түсіндіреді. Педагогтардың пікірінше, акселерация физикалық дамудың салдары емес, ол ағзада жүріп жатқан физиологиялық жетілу үдерістері мен тұлғаның әлеуметтенуі арасындағы қайшылықтардан.
60 – 70 жылдарға дейін балалар
мен жасөспірімдердің тәндене
рухани даму тепе – теңдігі
бірқалыпта болды. Ал бұдан кейінгі
дәуірде пайда болған
Акселерацияның негізгі себептері - өмірдің қарқынды дамуы, материалдық жағдайлардың, тамақ және медициналық қызмет сапаларының көтерілуі, ерте жастан балалар күтімінің оң сипат алуы, көптеген бала сырқаттарының жойылуы. Бұл құбылыстың және де бір себептері бар: адамның тіршілік ету ортасының радиоактив ластануы алғашқы да бойды өсіріп, ал уақыт өтуімен, тәжірибелер көрсеткендей, адамзаттың жалпы тіршіліктің тектік қорын әлсіретеді, атмосферадағы оттегі көлемін азайтады, ал бұның ізімен адамның көкірек клеткасы шектен тыс кеңейіп,осыған сәйкес бүкіл ағза ұлғаяды.Дегенмен,шынына жүгінсек акселерация көптеген жағдаяаттардың тоғысынан келіп шығатын табиғи құбылыс.
80-жылдардың ортасынан бүкіл әлемде акселерация бір шама кеміп, физиологиялық даму қарқыны айтарлықтай төмендеді.
Акселерациямен бірқатарда
көрінетін құбылыс – ретрадация
Сонымен, әрбір жас кезеңіне сәйкес физикалық,психикалық және әлеуметтік өз дамуы болады. Педагогтар үшін балалар мүмкіндіктерін,оларды жас кезеңдерімен сәйкестендіруді жеңілдету үшін жастық кезеңдестіру сұлбасы жасалған.Ол сұлба жас ерекшеліктерін ажырата білуге негізделген.Жас ерекшеліктері-бұл нақты өмір жасына тән анатомиялық-физиологиялық және психикалық сапа қасиеттер. Саналы ұйымдастырылған тәрбие балалардың жас ерекшеліктеріне икемдестіріліп,оларға негізделуі тиіс.
Мектеп жасына дейінгі балалардың дамуы
3 жасынан 6 – 7 жасына
дейінгі дәуірде балада ой-
Мектеп
жасына дейінгі баланың
Баланың
ойлау қабілеті оның таным
– білімімен байланысты, неғұрлым
көп білген балада жаңа ойлар
құрастыруға қажет ұғымдар
Кіші жастағы бала өте қызыққыш, көп сұрақтар беріп, қәпелімде жауабын талап етеді. Бұл жаста ол шаршап, шалдығуды білмейтін зерттеушіге айналады. Педагогтардың көпшілігі мұндай жағдайда баланың талғамдарын қанағаттандырып, құмарын басу үшін ол неге қызықса, не жөнінде сұрап жатса, соған жауап беріп, үйрету, оқыту орынды болатынын алға тартады.
Бұл жаста баланың сөйлеу тілі жемісті дамуда болады. Сөздік қоры ұлғайып (4000 сөзге дейін), тілдің мағыналық тарапы өрістей бастайды. 6-7 жаста балалардың көпшілігі дұрыс дыбыстауды игереді.
Бірте –
бірте балалардың үлкендермен
қатынастар сипаты өзгере
Мектеп босағасын аттау кезеңіне баланың мотивациялық аймағында елеулі өзгерістер пайда болады.Егер 3 жасар бала көбіне жағдайға орай сезім мен ниет ықпалында болса, 5 – 6 жаср бала өз қылық әрекетін сана басқарымына келтіреді.Бұл жаста ол сәбилікте болмаған сеп түрткілерді өз басшылығына алады.Бұл сеп-түрткілердің арасында ересектер дүниесіне қызығу,соларға ұқсап – бағу- балалар үшін өте маңызды келеді.Ата-аналары мен тәрбиешілердің мадағын алуға ұмтылу,өз қатарларының сый құрметіне бөлену сияқты ұмтылыстар да бала үшін мәнді.Көп балалардың әрекеттерінің негізінде жеке табыстар,ар-намыс,өзін таныту ниеттері билік етеді.Бұлардың көбі ойындарда басшы рөлге таласу,сайыстарда жеңіске жету ұмтылыстарынан айқын көрінеді.
Балалар моральдық қалып талаптарды еліктеумен игереді. Шынына келсек, ересектер көп жағдайда оларға еліктеу үшін қажет болған үлгілерді бере алмайды. Әсіресе өсіп келе жатқан әлеуеттің адамгершілік сапаларының қалыптасуына өрескел зиянды болатын нәрсе – ересектердің арасындағы жанжалдар мен дау – дамайлар. Балалар қара күшті, әрі кімнің білегі жуан екенін сезе қояды. Оларды бұл тұрғыдан адастыру қиын. Үлкендер мінезіндегі күйбеңдік, намыс жаралаушы айқай, жасанды сөзбұйдалық пен үркіту-қорқыту – бұлардың бәрі үлкендердің бала кезінде сый құрметтен қалып, жағымсыз танылыуына себепші болады. Бала мұндай адамдарды еш уақыта да күшті деп мойындамайды. Нағыз күш – бұл бір қалыпты достық рай. Егер мұны тек тәрбиешілердің өздері ғана ұстанған күнде, салмақты да салихалы адам тәрбиесіне бір қадамда болса жақындағанымыз болар еді.
Жақсылық және жамандық қылық арасындағы бала таңдауына бағыт беру үшін жалғыз-ақ тәсіл орындалуы қажет моральдық талапты бала көңіл-күйіне сәйкестендіру. Басқаша атасақ, қалауы болмаған әрекеттер де қажеттілерімен ысырылып қалдырылмай, түсінік арқасында орынды болатындары мен ауыстырылғаны жөн. Бұл принцип тәрбиенің жалпы негізі ретінде қабылданған. Мектепке дейінгі жас балаларының жеке дара еркшеліктерінің арасында педагогтар темперамент және мінезге көп зейін аударады. И.П.Павлов жүйке жүйесінің үш негізгі қасиетін (күші,қозғалмалылығы, тепе-теңдігі) және осы қасиеттердің төрт негізгі бірігуін ажыратқан:
- күшті, қозғалмалы, ауыспалы – “ұстамсыз” тип;
- күшті, тұрақты, қозғалмалы – “тіршең,ұстамды” тип;
- күшті, тұрақты, жай қозғалысты – “байсалды” тип,
- “әлсіз” тип;
Әр тип нақты темперамент түріне сәйкес
келеді: “ұстамсыз” – холерик, “тіршең” –
сангвиник, “байсалды” – флегматик, “әлсіз”
– меланхолик. Әлбетте, ата-аналар да,
педагогтар да өз балалары мен оқушыларды
темпераменті бойынша таңдамайды, бәрін
де тәрбиелеу қажет, бірақ, әрқайсысы -
өз алдына. Мектепке дейінгі жаста темперамент
айқын көріне қоймайды. Бұл кезеңнің өзіне
тән ерекшелігі: қозу және тежелу үдерістерінің
әлсіз болуы; олардың тепе-теңдігінің
болуы; жоғары сезімталдығы; көңіл кейіптерінің
тез қайта орнығуы. Баланы дұрыс тәрбиелеу
үшін ата-аналар мен тәрбиешілер жүйке
үдерістерінің тіршілік қуат күштерін:
ұзаққа созылған ауыр жұмысты орындауда
жұмыс қабілетін сақтай білу, тұрақты
және жеткілікті дәрежеде ұнамды көңіл-күй
кейпін сақтау, таныс емес және қолайсыз
жағдайларда батылдық көрсете алу тыныш
немесе шулы жағдайларда да бірдей тұрақты
зейін ұстау, т.б есепке алып отыру қажет.
Баланың жүйке жүйесінің күші (не әлсіздігі)
жөнінде оның ұйқысынан (ұйқыға тез берілуі,ұйқы
тыныштығы, беріктігі), күш қуатын тез
(жай) жинақтауынан, аштыққа шыдамдылығынан(жылауы,
Бала тек өзі ғана басынан өткізген сезімдерді байқауға қабілетті. Басқаның көңіл толғанысы оған жат, белгісіз қорқыныш, ұят, тәуелділік, қуаныш, ауыртпалық – бәрі де бала өмірінің серігі, бірақ олардың не екенін өз басынан өткізгенде түсінеді. Жағымсыз жағдайлардан жасанды қорғаудың қажеті жоқ. Өмірді өзгертіп болмайды, сондықтан оған шынайы дайындалу керек.
Мектеп жасына
дейінгі балалардың тән-дене
Бұл жас кезеңінің
басты міндеті – баланы
Мектеп жасына
дейінгі аралық бала дамуының
қарқынды кезеңіне тұспа-тұс
Кіші мектеп жасындағы баланың дамуы
6 жасқа орайласқанда бала негізінен жүйелі мектептік оқуға дайын. Мектеп босағасынан аттайын деп тұрған кешегі сәби енді тұлғалық жетісті, себебі ол бұл кезеңде өз қылық - әрекетіне баға бере алады, өзін басқалармен салыстыра біледі.Мектепке дейнгі шақтың соңына онда бір неше жаңа психикалық қасиеттер қалыптасады:
- қоғамдық татымды іс-әрекетке ұмтылу;
- өз қылық - әрекетіне басшылық жасау;
- қарапайым қорытынды шығара білу;
- жетілген сөз бен тілді орынды қолдану;
- өз төңірегіндегі адамдар мен байланыс жасап, қызмет бабында араласу.
Бала 6-7 жасқа келгенде, оның алдында ең алғашқы үлкен өзгеріс туындайды. Мектеп жасы кезеңіне өту баланың іс-әрекетіне, басқа адамдармен қатынасына, тілдесу әрекеттеріне түбегейлі жаңалықтар әкеледі. Енді баланың басты қызметі – оқу, осыдан өмір барысы өзгереді, жаңа міндеттер пайда болады, баланың басқалармен қатынастары да жаңаланады.
Қазіргі кезеңдегі бірінші сынып оқушыларының ерекшелігі – мұғаліммен қатынасындағы шектен тыс “демократизм”, қылықтарының ырықсыздығы, өз әрекеттерін мектеп талаптарымен сәйкестендіре алмауы. Мұндай ебедейсіздіктер енді оқуға келген балалардың бәріне тән, бірақ, мұғалімдердің байқағанындай, тіпті бірінші сыныптың ақырына бүгінгі оқушыларда талаптарға деген қандай да қарсылықтар бой тіктеуде. “Қажет”, “болмайды”, “ақырына дейін бітір” – деген талаптар, ересектердің тыянақты зорлауынан соң ғана қабылданып жатады. Мұның өзі балалармен қатынас кейпін өзгерту олармен жұмсақтау адамилық байланыстарға келу қажеттігін туындатып тұрған жоқ па?
Бүгінгі бірінші сынып оқушысы, мұғалімдер айғақтағандай, бұдан он жыл бұрынғы өз қатарларынан көптеген мінез бітістерімен ажыратылады. Қоғамның әлеуметтік қарама – қарсылықтары асқынған, балалыққа симайтын теледидар жойқыны жаулаған имандылық пен инабаттылықтың кеміген, бұғаусыз еркіндік шарпыған кезең жағдайларында өскен бала бұл үдерістер астарында жатқан жақсы мен жамандықтың бәрін талғаусыз өз бойна сіңіреді. Шектен тыс түсініксіз және қажеті жоқ ақпараттармен бойын да, ойын да толтырған бала әлбетте жете дамыған,осыдан өз сезімдерін білдіруде үлкен еркіндікке құштар келеді. Адамдар арасында елеулі жік пайда болды. Ал балалар мұны көріп те, түсініп те жүр. Мектеп енді олардың ұлғая түскен талаптарын қанағаттандыруды елеулі қиыншылықтарға тап болуда. Тәрбие осы өзгерістер ізімен үлгеріп, өз міндеттерін қайта қарастыру қажет.
Кіші мектеп жасындағы балалар биологиялық тұрғыдан екінші даму кезеңіне өтеді: бой өсуі бәсеңдейді, салмағы қосыла бастайды, денесі сүйектенеді, бірақ үдеріс мұнымен аяқталмайды. Бұлшық еттер жүйесі қарқынды дамуда болады. Осыдан майда нәзік қимылдарды орындау қабілеттері пайда болып, бала тез жазу дағдыларына жетеді. Бала ағзасының барлық ұлпалары даму жағдайында болады.
Кіші мектеп жасында
жүйке жүйесі жетіліп барады,
бас миы үлкен жарым
тежелу үдерісі күшейе түседі, бірақ қозу үдерісі әлі де болса басымдау, осыдан – кіші мектеп оқушысының тұрақты шыдамдылығы кем, сабырлылық оған әлі тән емес. Сезім ағзаларының дәлдік қызметі көтеріледі.
Балалардың ойлау
қабілеті олардың тілімен
Балалардың даралық ерекшелікте
Қортындыласақ, әр балада оны басқалардан ерекшелейтін даралық болады.Мұндай даралық оқушылардың түйсігінде,қабылдауында, ойлауында, есінде, қиялында, қызығуларында, икемділігінде, қабілеттерінде, темпераментінде, мінезінде көрінеді.Даралық ерекшеліктер тұлға дамуына ықпал жасайды.
2. Бастауыш мектептегі сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру ерекшеліктері
Сыныптан тыс жұмыс оқушыларға тәрбие беру құралы, сабақтан тыс уақытта ұйымдастырылатын мақсатқа бағытталған іс болып табылады.Сыныптан тыс тәрбие жұмысына барлық оқушылар қамтылуы керек және оған ата-аналар, еңбек ұжымдарының өкілдері, өндіріс орындары, студенттік педагогикалық бөлімдер қатынасады.Негізгі мақсаты оқушылардың бастамалары мен өзіндік іс-әрекеттердің дамуы. Негізгі міндеті - сабақтан соңғы бос уақытты ұйымдастыру процесінде білімнің түрлі салаларына оқушылардың танымдық қызығуын қалыптастыру, әлеуметтік белсенділігін тәрбиелеу, іс-әрекет түрлеріне қажеттіктерін, дарыны мен қабілеттерін дамыту, мамандыққа бағдар беру, қоғамдық мәні жан-жақты дамыған оқушының сапаларын үздіксіз, бірізді тәрбиелеу.
Бастауыш
сыныптарға сыныптан тыс жұмыс,
көп жағдайда, қамқоршы ата-аналар
көмегімен сыныптың оқушылар
іс-әрекеті төңірегінде
Бастауыш мектеп жасындағы балаларды өздері қызығатын, ықыласпен орындайтын істер ғана қызықтырады.Бастауыш мектеп жасында жүріс-тұрыс тәжірибесі қарқынды жинақталады.Сондықтан бастауыш сынып мұғалімі сыныптан тыс жұмыстарда ынтымақтасу,өзара көмек, достық пен жолдастық қатынасын қажет ететіндей іс-әрекет түрлерін таңдап алуы керек.
Бастауыш мектеп жасындағы

- Бастауыш мектептегі оқу-тәрбие процесі
- Бастауыш мектепте математика пәнін деңгейлік дамыта оқытудың әдістері
- Бастауыш мектепте оқушылардың үй жұмысын орындатудың әдіс-тәсілдері
- Бастауыш мектепте сөз тіркестерін оқытудың әдістемесі
- Бастауыш мектептің математика сабағында оқушының ойлау қабілетін дамыту
- Бастауыш оқыту үдерісінде ұлттық ойындарды қолдану
- Бастауыш сынып мұғалімінің педагогикалық шеберлігі
- Бастакуыш сынып оқушыларының дене шынықтыру арқылы жетілдіру
- Бастакуыш сынып оқушыларының дене шынықтыру арқылы жетілдіру
- Бастауыш класс оқушыларының қарым-қатынас психологиялық тренингін ұйымдастырудың ерекшеліктері
- Бастауыш математика курсында қатынастарды оқыту
- Бастауыш мектеп оқушыларына сөз тіркесі туралы ұғым беру арқылы сөйлеу тілі мен ойын дамыту
- Бастауыш мектеп оқушыларын оқыту процесінде бағалауды психологиялық ерекшеліктері
- Бастауыш мектеп оқушыларының жаңа технологияны қолданып оқыту арқылы тілін дамыту