Бастауыш класс оқушыларының қарым-қатынас психологиялық тренингін ұйымдастырудың ерекшеліктері
Мазмұны
Кіріспе
..............................
I
– Тарау Бастауыш
класс оқушыларының
қарым-қатынасын жетілдірудің
теориялық мәселелері
I.1 Бастауыш класс оқушыларының қарым-қатынасының
психологиялық
негіздері ..............................
I.2 Әлеуметтік – психологиялық тренингтің түрлері,
оны қолдану
ерекшеліктері.................
I.3 Қазақтың ұлттық ойындарының, әдептілік және мәдени
құндылықтарының оқушылар қарым-қатынасын
дамытудағы
ролі ..............................
II
– Тарау Бастауыш
класс оқушыларының
ұйымдастырылған қарым-қатынас
тренингінің нәтижелері
II.1 6-7 жастағы балалардың қарым-қатынасын зерттеу
әдістері
мен ұйымдастыру барысы ..............................
II.2 Бастауыш класс оқушыларының қарым-қатынасын
зерттеу
нәтижелері ..............................
Қорытынды
..............................
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі ..............................
3
Кіріспе.
Өзектілігі. Әлеуметтік-экономикалық дамудың қазіргі кезеңінде, оқу тәрбие жұмысының жаңару заманнында ағарту саласының мектеп жасына дейінгі жасына дейінгі тәрбиелеу, білім беру барысында шешуін күткен келелі мәселелер тұр. Атап айтқанда, ол балалардың жеке басына дамыту, психикалық дамуын, даралық ерекшеліктерін, ішкі потенциалын анықтап, жан-жақты зерттеу негізінде оқу-тәрбие жұмысын балалардың жақын арадаға даму аймағына бағыттау. Ал балалар тәрбиесіне, бастауыш сынып оқушыларының кездің ықпалы аса зор екені белгілі.
Мектеп жасындағы балалар тәрбиесі, оқуы және дамуы жайлы теория мен тәжірибе қарым-қатынас мәселесінде қиылысады. Ал балардың психикалық қасиеттерін, танымдық үрдістерін, және психикалық қалып-кейіптерін тұтас қамтитын, балалар психикасының дамуындағы басты көрсеткіш әрі фактор болатын, әмбебап ерекшелік – балалардың қарым-қатынас саласы.
Мектеп жасындағы балалар қарым-қатынастың балалардың жеке тұлға ретінде дамуында алатын орнына, рөліне және қарым-қатынастың даму ерекшелігін анықтауға арналған зерттеулер ғылыми қорда аз емес. Аталмыш кеңістікте Д.Б.Эльконин /1/, Л.И.Божович /2/ және т.б. ғылыми зерттеулері кеңінен таралған. Қарым-қатынас негізінде балалардың барлық жеке басының қасиеттері дамып, психикалық кейіптері қалыптасады. Сонымен қатар қарым-қатынас балалардың танымдық үрдістерінің жетілуін қамтамасыз ететін бірден-бір фактор және жағдай болды. Ал балалардың өзін-өзі дамытып, жетілдіруі, реттей алуы, олай болса, өзіндік бағаның дұрыс болуын қамтамасыз ететін де балалардың ересектермен және басқа балалармен жасайтын өзара әрекеттестігі, өзара қатынасы және өзара ақпарат алмасуында болады. Ғылымдағы балалар қарым-қатынасының мәнділігі әркімге – психологтарға, педагогтарға, ата-аналарға аян, және ол әртүрлі балалардың әлеуметтенуіне қатысты зерттеулерден белгілі болғанымен, балалар қарым-қатынасында шешілмеген мәселелер жеткілікті.
Мектеп жасындағы балалардың қарым-қатынас генезисіндегі негізгі заңдылықтар ашылған. Алайда, балалардың жеке басының қалыптасу заңдылықтары өз халқының тарихына, экономикасына, мәдениетіне тікелей байланысты болып келеді. Осыған орай қазіргі кезең жағдайында ұлттық құндылықтарды балалар тәрбиесі мен дамуында пайдалану белсенділігі артып, ұлттық мәдениеттің өзекті педагогткалық, психологиялық мәселелерін шешу, оны дамсыту жолдарына деген қызығушылық арта түсуде. (Қ.Жарықбаев /3/, Ә.Алдамұратов /4/).
Мектеп
жасындғы балалардың қарым-қатынасын
зерттеп, сол арқылы баланың психикалық
тұрғыдағы дамыту және түзету мәселелерінің
шешімі әлі күнге дейін жүйелі табылмаған.
Қазақ баларының тәрбие, оқыту үрдістерін
психологиялық, педагогикалық жағынан
қамтамасыз ететін мамандардың арсеналында
арнайы контингентке бейімделген зерттеу
әдістері
4
жоқтың қасы. Осы контксте ұлттық ойындар, құндылықтар баланың жеке басын дамыту үрдісінде таптырмайтын әмбебап құрал және әдіс болуы керек. Себебі ұлттық ойындардың, жаңылтпаштар мен жұмбақтардың халықтық педагогика тақырыбын қамтымайтыны бомайды. Алайда ұлттық ойындардың, құндылықтардың балалардың жеке басын дамытудағы мәні белгілі болғанымен, психодиагностикалық мүмкіндігі бүгінгі күнге дейін ғылыми зерттеу мәселесіне айналған жоқ.
6-7 жастағы балаларды оқыту, тәрбиелеу мекемелері өз функцияларының тізгінін босатып жіберуі, ересектердің қоғамдық дағдарыстан әрқалай күй кешуі-бір жағынан, екіншіден – экологиялық, медициналық мәселелердің бала дамуында орын алуы, үшіншіден – қазақ баларының мектеп жасына дейінгі кезеңдегі қарым-қатынас ерекшеліктерін ескеру негізінде оқыту, тәрбиелеу және дамытудың назардан тыс қалуы, ғылымда бала қарым-қатынасын жетілдіру жолдарының бір жүйеге келмеуіне әкелді.
Соңғы 30-40 жыл ішінде қарым-қатынас механизмдерін дамытудың белсенді, жедел әдісі-тренингтер ұйымдастырылып, қолданылуда. Олар топтық жұмысқа негізделіп, тиімділігі дәлелденген (Л.А.Петровская /5/, Н.И. Хрящева /6/, А.Г. Ковалев /7/ т.б.).
Әлеуметтік-
Сонымен зерттеу жұмысының тақырыбы: «Бастауыш класс оқушыларының қарым-қатынас психологиялық тренингін ұйымдастырудың ерекшеліктері» деп аталады.
Зерттеу мақсаты – Бастауыш класс оқушылармен қарым-қатынасын жетілдіретін тренингнті ұйымдастыру.
Зерттеу міндеттері:
- Бастауыш класс оқушыларының психикалық дамуындағы қарым-қатынас мәселелерінің теориялық негіздерін қарастыру.
- Бастауыш класс оқушыларының қарым-қатынасын жетілдірудегі қазақтың ұлттық ойындарының, мәдени және әдептілік құндылықтарының мүмкіндіктерін анықтау.
- Оқушылардың қарым-қатынас жасау ерекшеліктерін жетілдіретін тренингтік сабақтарды модификациялау және оларды ұйымдастырудың тиімді жолдары мен әдістерін айқындау.
- Мектеп жасындағы оқушылардың оқу-тәрбие үрдісіне тренингтік сабақтарды енгізу және оның апробациясы.
Зерттеу
болжамы – Бастауыш класс оқушыларының
қарым-қатынасын жетілдіру, қазақтың ұлттық
ойындарын, мәдени, әдептілік құндылықтарын
5
қамтитын арнайы құрастырылған тренингтік сабақтарды ұйымдастырумен байланысты болуы мүмкін.
Зерттеу пәні – Бастауыш класс оқушыларының қарым-қатынасын жетілдіру үшін қазақ тілінде тренингтік сабақтарды қолдану мүмкіндіктері.
Зерттеу объектісі – Бастауыш класс оқушыларының қарым-қатынасын жетілдіру үрдісі. Зерттеу базасы Ақтөбе облысы, Айтеке би ауданының Комсомол ауылының № 1 қазақ орта мектебінің бастауыш класстары болып табылады.
Зерттеу әдістері. Эксперимент барысында балалардың қарым-қатынасын зерттеуге арналған Г.А.Урунтаева, Т.А.Репина /8/, К.Т.Шерьязданова /9/, т.б. әдістемелері, эксперименттік баға, бақылау әдістері қолданылды. Эксперименттен алынған нәтижелерге статистикалық өңдеу әдістері қолданылып, мәнділігі анықталды.
Дипломдық
жұмыстың құрылымы
кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан
және әдебиеттер тізімінен тұрады.
6
I – Тарау Бастауыш класс оқушыларының қарым-қатынасын жетілдірудің теориялық мәселелері
I.1 Бастауыш класс оқушыларының қарым-қатынасының
психологиялық
негіздері
XX ғасырдың ортасында дүниенің әр түкпірінде қарым-қатынас мәселесіне арналған зерттеулер шамамен бір уақытта пайда болып, тарала бастайды.
Мұндай зерттеулердің ішінде балалардың қарым-қатынас сферасына қатысты еңбектер ерекше орын алады. Ғылымда мектеп жасына дейінгі балалар психикасының дамуындағы қарым-қатынас аса маңызды фактор ретінде тағайындалған.
Қарым-қатынас адамның өзара әрекеттестік және өзара қатынас жасауының ерекше формасы.
Қарым-қатынас мәселесін психологиялық, педагогикалық тұрғыдан зерттеу әлемдік ғылымда Екінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі кезеңде өзекті мәселе болып көтерілді. Осы уақыттан бастап қарым-қатынасқа анықтамалар беріліп, оны зерттеуде бағыттар пайда болды.
«Қарым-қатынас» ұғымының көп анықтамаларының арасында біз «коммуникативті іс-әрекет» ұғымымен синоним деп қарастыратын (А.Н.Леонтьев/9/, М.И.Лисина /10/, Х.Т.Шерьязданова, Т.И.Суркова/11/, Д.А.Исмаилова, Ж.А. Абишева /12/ және т.б.) позицияларына жүгініп, М.И. Лисинаның /10,22/ анықтамасын арқау етеміз. Сонымен қарым-қатынас деп – екі (немесе одан да көп) адамның қатынастарын жасап, реттеуі мен ортақ нәтиже алуды мақсат етіп, келісім мен бірлестікке бағытталған өзара әрекеттерін айтамыз. Олай болса, біз зерттеуімізде қарым-қатынастың мазмұнды жағына, іс-әрекет жүйесіндегі қарым-қатынастың орнына, 5-6 жастағы балалардың психикалық дамуының қарым-қатынас байланысын анықтауға баса назар аудардық. А.Н. Леонтьев /9/ іс-әрекеттің қай түрін болмасын қарым-қатынаспен қабаттас болады деп түсіндіреді. Ол іс-әрекетті қарым-қатынастың қажетті шарты ретінде қарастырады.А.Н.Леонтьевтің қарым-қатынасты іс-әрекеттің өзгеше түрі деп талдау концепциясы, Б.Г. Ананьевтің /13/ А.А.Бодалевтің /14/ коммуникативтік әрекет жайлы ілімдер біздің зерттеуіміздің әдіснамалық негізі болды.
Балалардың ересектермен және басқа балалармен қарым-қатынас жасауы әр-түрлі ғылыми позициядан түсіндіріледі. Сол кезден бүгінгі күнге дейін «бала (лар) мен ересек (тер)» жүйесіндегі қарым-қатынас «бала – бала (лар)» жүйесіндегі зерттелген көне ілгері және жан-жақты қарастырылған.
Психология мен оған салалас ғылымдарда қарым-қатынас құралдарының сипаттамалары, жүйелері келтіріледі. (А.А.Леонтьев).
М.И.Лисинаның
(10,70-87) қарым-қатынас құралдарының үш
тобын экспрессивті-мимикалық, заттық-әрекеттік
және тілдік құралдарына бөліп қарастыруы
біздің зерттеуіміз үшін де маңызды.
7
Қарым-қатынас құралдарын қолданып, жалпы нәтиже алу тәсіліне де талдау жасалық. Қарым-қатынас тәсілі оның бірлігі деп танылады (М.И. Лисина, Д.А.Исмаилова т.б.) әдебиеттерде қарым-қатынас тәсілі әрекеттік формада «коммуникациялық біліктілік» (Т.В. Антонова /15/) десе, ал А.А. Бодалев/14/ қарым-қатынас әсер ету тәсілдерін интеллектуалдық, эмоционалдық және еріктік деп үшке бөледі. Біздің зерттеу аспектімізде қарым-қатынас тәсілдерін жетілдіру ең негізгі мәселе болып табылады.
Әдебиеттерге талдау жасай отырып қарым-қатынас механизмдерін қарым-қатынастың тиімділігін анықтайтын, өзара түсінікті сипаттайтын күрделі психологиялық құрылым деп түсінеміз. Осы орайда В.С. Агеев /16/, А.А. Бодалев/14/ қарым-қатынастың механизмдерін көрсетіп, оларға эмпатия, идентификация, децентрация, рефлексия, стереотипизацияны жатқызады.
Біздің зерттеу жұмысымызда 6-7 жастағы балалардың қарым-қатынас сферасындағы стиль ұғымын, ересектердің, ата-аналардың, педагогиканың балаларға психологиялық әсері, ықпалы деп тағайындаймыз.
Қарым-қатынастың қажеттіліктері, мотивтері, тәсілдері, құралдары, формалары, стильдері... мектеп жасына дейінгі балалардың қарым-қатынастарын жетілдіру, коррекциялау мәселері үшін аса мәнді деп санаймыз.
Оқушылармен жүргізілетін зерттеу, әсересе диагностикалық жұмыс, олармен қарым-қатынас саласында профилактикаға және коррекцияға негіз болатындығымен маңызды.
Осыған
орай психологиялық әдебиеттерде балалардың
қарым-қатынасын анықтау
- Әр – түрлі қарым-қатынас жағдайларын талдауға негізделген зерттеу тәсілдерінің тобы белгілі. Мұнда қарым-қатынас жағдайы экспериментатор вербалды түрде немесе көрнекі құралдар көмегімен жасайды. Қарым-қатынас жағдайын талдау әдістемелері оқушылардың жас және даралық ерекшелігін, әлеуметтік ортасын және қарым-қатынас сферасын ескеруге мүмкіндік береді.
- Қазіргі кезде нақты қарым-қатынас жағдайын талдау әдістерін диагностикалық мақсатта қолданудың өрісі кеңейген. Мұнда қарым-қатынас субъектілерінің коммуникативтілік біліктіліктерін тиімді қолдана алуын анықтау мүмкіндігі бар.
Осы тұжырымдар негізінен зерттеу жұмыстарға арқау болады. Біздің зерттеулер үшін айрықша маңызды жайт, ол жоғарыдағы қарым-қатынас себептілігін, яғни адам психикасын дұрыс қалыптастыру және реабилитациялау міндеттерін шешуде қарым-қатынастың әрі құралы, әрі мақсаты болып табылатындығы. 6-7 жастағы балалардың қарым-қатынас сферасы, екі жазықтықты қамтиды:
8
1) оқушылардың ата-анасымен, педагогтармен және басқа ересектермен қарым-қатынас жасауы, 2) оқушылардың басқа балалармен өз қатарластырымен, өзінен кіші және ересектеу балалармен қарым-қатынас жасауы. Бұл аспектілер негізіндегі зерттеуді ең алғаш рет 1945-1952 жылдары Рене Спитц, Анна Фрейд/17/ жүргізілген. Олар оқушының анасымен қарым-қатынас жасауындағы кемшіліктер баланың психикалық және физикалық дамуына кедергі болатындығын көрсеткен.
Балалардың
қарым-қатынасын зерттеуге
Сонымен қатар мектеп жасындағы балалармен жүргізілетін диагностикалық жұмыстың коррекциялық, дамытушы әсері де оған пареллель болуы керек деп санаймыз. Ал 6-7 жас кезеңдегі «бала-бала» жүйесі В.С.Мухина /19/ еңбектерінде сипатталынады. Ғалым баланың басқа балалармен қарым-қатынас құруы оның психикалық дамуына жағдай жасайтынын тағайындайды.
Онда негізгі 3 жағдай баса көрсетіледі:
- оқушылардың өзге балалар тобымен қарым-қатынас құруында ерекше, ересектермен жасалған қарым-қатынастан айрықша қатынас тағайындалады;
- «бала-бала» жүйесінде ғана кейбір іс-әрекет түрлерін меңгеруге болады, яғни балалар топпен ғана ересек адамдардың қатынасын бірлесіп қайта жаңғыртуға алады.
- Бастауыш класс мінез-құлық, жүріс-тұрыс нормалары мен
адамгершілік қасиеттерді қолданып, жаттығуға мүмкін болады.
9
И.А.Бойкова 6 жастағы балалардың ересек адамдармен қарым-қатынас құруы жеткіліксіз болса, олардың қатарластарымен контакт жасау мүмкіндіктері де шекті болатындығын көрсетеді. Ал Д.Б.Годовикова /20/ балалардың ересек адамдармен құрған қарым-қатынасы қатарластармен арадағы қарым-қатынасқа проекцияланатындығын тағайындаған.
Балалардың өз қатарластарымен қарым-қатынас құруы осы қарым-қатынасты қажетсінуімен анықталады. (М.И.Лисина /10/). Бұл қажеттілік 3-жасқа келген балаларда қалыптаса бастайды (Л.Н.Галигузова /21/.
6-7 жастағы балалардың басқа балалармен қарым-қатынасты қажетсінуін А.И.Фукин 3 топқа бөледі.
1-ші
топқа қарым-қатынаста
2-ші топқа қарым-қатынаста енжар балалар жатады. Олар өздерін топ ішінде ұстай алмай, беймаза күй кешеді, жағымсыз эмоция танытады.
3-ші
топ қарым-қатынаста аумалы
Сонымен баланың басқа балалармен қарым-қатынас құруында әрбір баланың ересектермен байланыс жасауындағы психологиялық жас ерекшеліктері айқын көрінеді. (М.И.Лисина /10/).
Олай болса, ұлттық салт-сана, біздің жағдайымызда қазақ отбасындағы әлеуметтік роль мен жыныстық ерекшеліктер, қазақ халқының адамгершілік құндылықтарын қарым-қатынаста ескерілуі қажет деп пайымдаймыз. Алайда, қарым-қатынас әсіресе мектеп жасындағы балалардың коммуникативтік іс-әрекеттік мәселелерінде қатысты зерттеулерде балалардың әлеуметтік ортасындағы этно-мәдениеттік факторлар әлі күнге қарастырылмауда. Сондықтан біздің жұмысымыз қазақ балаларының қарым-қатынас сферасын зерттеп, дамытуды (тренинг әдісімен) басты максат етіп отыр.
Біздің зерттеу болжамымызға сәйкес 6-7 жастағы балалар ересектермен, басқа балалармен тиімді қарым-қатынас құруға жаттығулары қажет, ал, бұл жаттығулар балалар тобында ерекше ұйымдастырылған үрдіс болса ғана, қарым-қатынасты балалардың қажетсінуі, оған мотивтері пайда болып, жағдайдан тыс –жеке бастық қарым-қатынас формасының қалыптасуы жүзеге асырылады, қарым-қатынастың жалпы нәтижесін алуға мүмкіндік болады. Мұндай ерекше ұйымдастырылатын үрдіс-топтың іс-әрекетке негізделеді (біздің жағдайымызда, ол –тренинг әдісі).
Сонымен, қорытынды жасайық:
- 6-7 жастағы балалардың психикалық дамуының басты факторы
10
қарым-қатынас болады. Балалар бұл кезеңде қарым-қатынасты ересек адамдармен және өз қатарластарымен құра алады.
- «Қарым-қатынас» ұғымы психология, педагогика және олармен сала -
лас ғылымдарда қарастырылады. Педагогикалық-психологиялық ғылымдарда қарым-қатынастың құрамдас компоненттері нақтыланған. Оларды анықтау арқылы ғана балалардың қарым-қатынас сферасына қатыыты қажеттіліктер, мотивтер, тәсілдер, формалар, әрекет-актілер, жеке-дара стильдер, яғни жалпынәтиже белгілі болады.
- 6-7 жастағы балалардың қарым-қатынасы жағдайдан тыс жеке бастық
формамен (М.И.Лисина /10,106-114/ бойынша) сипатталады. Бұл кезеңде балалардың басқа адамдарды, қарым-қатынас жасауда өзара түсінісумен әрекеттестікті қажетсінуі, вербалды, вербалды емес қарым-қатынас тәсілдері дамиды. Айтылған форма негізінде балалар моральдық, адамгершілік құндылықтарын меңгереді, дискусивті ойлана алады, эмоциялық жағымды реакциялар қалыптасады, өз-өзін аффективті – когнитивті тұрғыдан тани алады. Мектепте оқуға мотивациялық, интеллектуалдық және коммуникативтік тұрғыдан даяр болады. Олай болса, балалардың 6-7 жасар кезеңінде қарым-қатынасты жетілдіруге баса назар аударылуы қажет.
4) Ғылыми зерттеулерді талдай отырып, 6-7 жас балалардың қарым-қатынас сферасын дамыту, кеңейту үшін ең қолайлы кезең екенін анықтадық.
5) 6-7 жастағы балалардың қарым-қатынас сферасына арналған зерттеулерде әлеуметтік орта ерекшеліктері, ұлттық құндылықтар аспектісі ескерілмейді.
6) Жанұядағы тәрбиеге ересек адамдар позициясына, жалпы балалардың қарым-қатынасты қажетсінуіне байланысты жоғарыдағы қарым-қатынас формасы қалыптаспай, оқушылардың мектепке келетіндіктері, олардың қарым-қатынас сферасындағы кемістіктері, дамусыз қалған жақтары Х.Т.Шерьязданова /4/ зерттеулерінде тіркелген. Сондықтан 6-7 жастағы балалардың қарым-қатынасты қажет етуін, коммуникативтік мотивтерінің болуын, қарым-қатынас тәсілдерін меңгеруді, қарым-қатынас құралдарын (вербалды және вербалды емес) жетілдіруді, қарым-қатынастан жалпы нәтиже алуды қамтамасыз ету қажет болады. Ол үшін ересектің жетекшілігімен, балалардың бір-біріне әсері болатындай ерекше топтық жағдай ұйымдастыруды тиімді педагогикалық, психологиялық әсер деп санаймыз.
Енді
келесі тармақта мектеп жасындағы балаларға
психологиялық әсер етудегі тренингтерді
қолдану негіздері мен ерекшеліктеріне
талдау жасаймыз.
11
1.2 Әлеуметтік-психологиялық тренингтің түрлері, оны қолдану
ерекшеліктері
Мектеп жасындағы балалардың психикасындағы жаңа құрылым мотивтердің бір-біріне бағыныштылығы, ерікті әрекеттерінің негізгі түрлерінің бірлесе жүзеге асуы болады. Сондықтан да белгілі бір принціптерді қатаң сақтауды қажет ететін тренингтердің тиімділігі сөзсіз жүзеге асады.
Әр-түрлі топтық психологиялық жұмыстардың формаларын сипаттап, негіздегенде бірнеше ұғымдар қолданылады: топтық психотеропия, коррекциялық топ, тренингтік топ, топтық жұмыс, тренингтік жұмыс, топтық әдіс, белсенді топтық әдіс және т.б. Жағдайдың бұлай болуы , психологиялық әсері бар топтық жұмыстың психологиялық, педагогикалық теория мен тәжірибеде жан-жақты қарастырылуымен анықталады. Сонымен қатар, зертеушілердің ғылыми позициясы да әр түрлі терминдерді пайдалануға себеп болады.
Алайда, жоғарыдағы ұғымдардың барлығы да бір негізде: психологиялық әсердің тиімділігі топ феномепологиясымен, ал топтық жұмысты ұйымдастыру басты үш аспектілердің оқыту психотерапия және психокоррекция қилысуымен анықталады.
Біз
«тренингтік сабақтар» «
Әлеуметтік-
Тренинг басқа адамдарды терең түсінуге көмектеседі; өз бейнессін басқалар қалай көретіндігімен салыстыруға мүмкіндік береді; өз мүмкіндіктерін байқауға, өзіндік санасын жетілдіруге жағдай жасайды.
Тренинг жеке адамға басқаларды, қоршаған ортаны тануға көмектеседі, оны түсінуге, ойдағыны айтуға, бөлісуге жағдай жасайды, әркімнің өзіне сенімділікті туғызады, ашық болуға, өзі-өзін түсінуге, комлекстерден құтылуға, өзінің бойындағы қасиеттерді көруге мүмкіндік береді. Тренинг өз-өзінді бақылауға, байқағыштықты дамытуға жол ашады.
Сонымен қатар тренингтердің барысында жеке адам, топ дамуының
әлеуметтік-психологиялық заңдылықтарғы негізделген үш сатысы:
12
- бастапқы –«жұмсару»,
- жұмыс – «өзгеріс»
- ақырғы – «бекіту» болады (А.Г.Ковалев) /7/
Л.А.Петровская /5/, В.В.Синдоренко /23/ т.б. еңбектерінде тренингтің әртүрімен қоса, тиімділігі де оны ұйымдастырып жүзеге асырушының психологиялық әсер ету позициясымен, жеке бас ерекшеліктерімен, бағыттылығымен және стилімен байланыстырылады. Қазіргі кезде әртүрлі теорияға негізделген нақты топтық әдістер өте көп. Бұл зерттеу аясында олардың баршасына талдау жасау мүмкін емес. Алайды қарастырылыған мәселені анықтау үшін ғылым мен тәжірибеде бар бағыттарға сипаттама берелік.
Неміс-американдық психолог К.Левин /24;15/ адамдарды жекелей өзгертекннен де, топ арқылы әсер етудің жөн болатындығын психологиялық әсер етудің тәжірибелерімен дәлелдеген. Алайда бұл жайттың тиімділігі ертеден-ақ халыққа белгілі болған. Бақсылық көріністер науқасқа әсер етудің етудің дәстүрлік, ритуалдық жолдары көпшілік топ ішінде ұсталынған-ды. Мұнда топ ішіндегі эмоциялық қозуды күшейтіп, оның бір адамнан екіншіге, одан басқаларға берілу, таралу өрісін кеңейту арқылы психологиялық әсер ету басты мақсат болады. Иландыру, сендіру әрекетінің топ арасында еселеніп, күшейетіндігін бақсылық ұстаушылар жақсы игерген. Соның арқасында бақсылық әрекеттер топта санасыз қабылданып, түсініксіз қылықтарға илана берілу психологиялық әсердің нәтижелі болуын қамтамасыз етеді.
Топ ішіндегі психологиялық әсерді ең алғаш ғылыми түсіндіруге XVIII ғасырдың соңғы жылдарында Париждік дәрігер Ф.А. Месмер ниеттенген. Сол топ ішінде ерекше, мистикалық атмосфера жасап, дәрігер мен науқастардың өзара әрекеттестігінің әлеуметтік-психологиялық ықпалының әсерінен топтық емдеу эффектісін көрсеткенді. Ал XIX ғасырдың орта кезінен бастап Европадағы психиатриялық мекемелер гетеросуггестиялық, яғни бір адамның басқа адам психикасы мен мінез-құлқына әсер ету, сендіру механизмдерін психологиялық әсерде қолданып, топ ішінде гипноздың күшін пайдаланған.

- Бастауыш математика курсында қатынастарды оқыту
- Бастауыш мектеп оқушыларына сөз тіркесі туралы ұғым беру арқылы сөйлеу тілі мен ойын дамыту
- Бастауыш мектеп оқушыларын оқыту процесінде бағалауды психологиялық ерекшеліктері
- Бастауыш мектеп оқушыларының жаңа технологияны қолданып оқыту арқылы тілін дамыту
- Бастауыш мектеп оқушыларының жас ерекшеліктері
- Бастауыш мектептегі оқу-тәрбие процесі
- Бастауыш мектепте математика пәнін деңгейлік дамыта оқытудың әдістері
- Баннерная реклама
- Басенное творчество русских поэтов XVIII-XIX вв. на уроках в 5-8 классах (на примере творчества И.А.Крылова)
- Баскетбол как средство комплексного развития физических качеств старшеклассников
- Баскетбол как средство комплексного развития физических качеств старшеклассников
- Басқарудың ұйымдастыру құрылымы мен басқару нормасы
- Бастакуыш сынып оқушыларының дене шынықтыру арқылы жетілдіру
- Бастакуыш сынып оқушыларының дене шынықтыру арқылы жетілдіру